Педагог - тәрбиеші


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Білім беру кеңістігіндегі педагог тұлғасы
Орындаған: Даулетқанқызы Д.
Тобы: ДЯ-101
Тексерген: Акпаров М. Л.
Мұғалім - өзінің әлеуметтік қызметі жағынан бірден-бір қоғамдық тұлға. Ол - белгілі бір әлеуметтік қауымның мұраттарын жүзеге асырушы, соныболашақ адамдардың негізгі қасиеттеріне айналдыру жолында еңбек ететін адам. Оқытушы қоғамның тәрбиелік функцияларын орындаумен қатар осы қоғамның әлеуметтік функцияларын орындайды, яғни оның қызметі тек қана белгілі бір білімдер қосындысын жас буынға берумен ғана тынбайды. Ол сонымен қатар өзі қызмет ететін қоғамның әлеуметтік мәнін, оның рухани байлығын өзінің барлық іс-әрекеттері, мінез-құлқы, өнегесі арқылы жастарға жеткізеді. Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
Педагогикалық шеберліктің негізі - балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу - тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Мұғалім - өзінің әлеуметтік қызметі жағынан бірден-бір қоғамдық тұлға. Ол - белгілі бір әлеуметтік қауымның мұраттарын жүзеге асырушы, соны болашақ адамдардың негізгі қасиеттеріне айналдыру жолында еңбек ететін адам. Оқытушы қоғамның тәрбиелік функцияларын орындаумен қатар осы қоғамның әлеуметтік функцияларын орындайды, яғни оның қызметі тек қана белгілі бір білімдер қосындысын жас буынға берумен ғана тынбайды. Ол сонымен қатар өзі қызмет ететін қоғамның әлеуметтік мәнін, оның рухани байлығын өзінің барлық іс-әрекеттері, мінез-құлқы, өнегесі арқылы жастарға жеткізеді.
Қандай да бір әдістермен педагогикалық технологияны пайдаланбасын, баланың рухани жан дүниесіне әсер етуде мұғалімнің өз тұлғасының әсері ерекше. Оқушылардың мұғалім бойындағы ең бағалы деп есептейтін қасиеттері: баланы жақсы көруі, мейірімділік, сезімталдық, әділеттілік, талап қойғыштық, әзіл айта білуі, келешекке сенімділік, іске шығармашылықпен қарау болып табылады. Ал, мұндай қасиеттерге ие болу үшін мұғалім рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет. К. Д. Ушинский: «Оқу орнының талабына көп нәрсе байланысты, ең бастысы тәрбиешінің тұлғасының рөлі ерекше, жас ұрпаққа беретін әсерін оқулықпен, жазалау және мадақтаумен алмастыруға болмайды», - деп жазған. Әрқайсымыз, студент не жас мұғалім болайық «мұғалім» деген сөзді естігенде өзінің ең сүйікті мұғалімдерін кәсіби шеберліктермен қоса, тұтастай тұлға ретінде есіне алады. Мұғалімнің тұлғасын тұтастай алып қарау, әрқайсысының жеке ерекшеліктерін де қоса қарастырады. Сонымен ХХІ ғасыр мұғалімнің тұлғасы қандай болу керек деген сұрақтың төңірегінде ой толғау. Педагог - зиялы тұлға. Өзін жинақы, сүйкімді ұстайды. Прогрессивті көзқарастарды алға тартады. Сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарайды. Жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлекция жасап отырады: мәдениеті, эрудициясы жоғары, эстетикалық, көркемдік талғамы бар. Саясатқа, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылық танытады. Шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отырады. Педагог - рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы балаға деген махаббатынан, жоғары адамгершілік және ұят сезімінен көрінеді. Ол өзінің оқушылары және әріптестерінің пікірімен санасады. Тұлғаның рухани байлығы өмірдің мәнін және өмір сүру мақсатын, өзінің кәсіби шеберлігін айқындауына ұмтылуында болып табылады. Педагог адамдардың қарым - қатынасына, әлем сұлулығына ерекше мән береді. Онда эмпатия мен рефлексия жоғары дамыған. Ол жаңа өсіп келе жатқан баланың рухани әлемінің байлығын түсінуге тырысады, сондықтан да өзінің планетарлық, тіпті космостық ойлау үрдісін дамытады. Педагог - шығармашыл тұлға. Ол бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жүзеге асыру - оның қалыпты кәсіби үлгісі. Мұғалім - еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірде және кәсіби қызметте мәдениет әлемінде өз орнын табуынан көрінеді. Оның еркін ой - пікірі және кәсіби жауапкершілікті сезінуімен тұтастықта. Өзін - өзі бағалай алады, алайда менмендікке жол бермейді. Ол материалдық және рухани құндылықтар әлемінде өз бағытын еркін айыра алады, педагогикалық догмалардан аулақ. Ол батыл шешім қабылдайды, өзінің өмірлік позициясы бар, яғни айналадағы ортаға, адамдарға, өзіне деген қарым - қатынастың берік жүйесі бар. Педагог - адамгершілігі мол, мейірімді тұлға. Бүкіл тіршілік атаулыға, әсіресе балаға үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Өзімен көз қарасы сәйкес келмейтін адамдарға төзімділік танытады. Әр ұлт өкілдеріне және халықтың салт - дәстүрлеріне сыйластықпен қарайды. Педагог - бәсекелестікті тұлға. Жоғары кәсіби шеберлікті меңгеру үшін рынок жағдайында өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, мықты жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын жетілдіріп отыру керек. Озық педогогикалық тәжірибелерді оқып, танып өз ой елегінен өткізе отырып, шығармашылықпен қолдана білу керек. Кәсіби мәні бар басылымдарды қадағалап, үздіксіз білім жетілдіру курстарынан өтіп отырған жөн. Бәсекелестікті тұлға болу үшін тек өз елімізде емес, білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болады, жоғары еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылады. Педагог мәдениет адамы. Ол белгілі бір мәдени кеңістік пен әлеуметтік - мәдени ситуацияларды ескере отырып, ең жаңа ғылым, өнер жетістіктерін бойына сіңіреді. Өз халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін бағалайды, біледі. Көркем және кәсіби әдебиеттерге қызығушылық танытады, өнердің алуан түріне мән береді, ең бастысы өзінің шәкірттеріне қызықтыра біледі. Педагог - тәрбиеші. Педагог қандай бір бағытты қаламасын, қандай міндеттерді шешпесін, негізгі қызметі - тәрбиешілік. Тәрбие үрдісі тәрбиеленушілердің алуан түрлі іс - әрекеттерін (ойын, оқу, еңбек, жеке, ұжымдық) педагогикалық басқару негізінде жүзеге асады. Қазіргі кезеңде тәрбиеші - педагогтың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы ретінде нақты тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған білім, білік қабілеттеріне талдау жасау керек. Мұғалім - тәрбиеші үшін ең маңызды, ең шешуші құндылықтарға назар аударған жөн. Құндылықтар жүйесі қазіргі мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің мазмұнын айқындайды. Негізгі құндылықтардың ең бастысы - бала, оның рухани - адамгершілік әлемі. Мұғалім үшін ең маңыздысы, оның іскерлігі болып есептеледі, сонымен қатар, психологиялық мәдениеттің де рөлі ерекше. Бала психологиясының дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтарды түсіну үшін қажет. П. П. Блонский мұғалімдерді «практикалық психолог» болуға шақырады. Тәрбиеленушілердің жан - дүниесін түсініп, сезініп, олардың жеке - психологиялық қасиеттерін бағалаған жағдайда ғана табысқа жете алады. Педагог тәрбиеленушінің сеніміне, сүйіспеншілігіне әділетті болғанда ғана бөлене алады. Сондықтан ұжымдағы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы адамгершілік - психологиялық ахуал шешуші рөл атқарады. Балаларды қызықтыру, білім алудың қажет екенін сезіндірудің маңыздылығына нақты іс - шараға қатысуын қамтамасыз ету арқылы көз жеткізеді, бұл табысқа жетудің алғашқы қадамы болып саналады. Жұмыстың келесі кезеңі - тәрбие ісін жүзеге асыру барысында балаларды ұйымдастырып, топтық ұжымдық, ұжымдық ынтымақтасуы мен шығармашылық іс - әрекетін жүзеге асыру. Педагог тәрбиеші жобалай, болжай білу керек. Бір күн, бір апта, бір ай, бір жылды жобалап, болжай білген жөн. Сонымен бірге, тәрбиешінің тәрбиеленушімен белсенді қарым-қатынас құра білу тыңдай да, тыңдата да білу керек. Дер кезінде батыл шешім қабылдай алуы да маңызды. Жоғары рухани деңгейі, зиялылық, жұмсақ жымиыс, жайлы дауыс, жеңіл әзіл ең кішкентай балалардан бастап, ересектерге де ұнайды. Жеңіл әзіл арқылы шиеленісті жағдайдың бетін қайтаруға болады. Педагог - тәрбиеші үздіксіз даңқ пен табысқа кенеле бермейді. Қиын жағдайларда тығырықтан шығу үшін жеңіл әзіл (юмор) керек - ақ. Педагог - тәрбиеші өзін - өзі бақылап, педагогикалық іс - әрекетін дер кезінде түзете білген жөн. Педагог тәрбиеші оқушы тұлғасына тәрбиелік ықпал етуді біріктіре, кіріктіре білгені дұрыс. Отбасы, мектеп, достарын қамтып, мезгілінде көмекке келе білу керек. Педагог кейбір шиеленісті жағдайдан өзінің интуициясы және шығармашылығы арқылы ғана шыға алады. Психолог, педагог П. П Блонский « Нағыз мұғалім энциклопедиялық сөздік емес, алайда ол Сократ»- деп жазған еді. Нағыз педагог ең алдымен шығармашыл және кәсіби ойлайтын адам екені анық. Бақытты педагог қана оқушыларын бақытқа кенелте алады. Тек мейірімді мұғалім ғана оқушыға мейірім дәнін себе алады. Өзін - өзі дамыта алатын педагог оқушыларын өзін - өзі дамытуға ынталандыра алады. Тақырыптық жоспар, сабақ жоспарын жасағанда оқытушы тек өзінің жұмысын ғана емес, оқушылардың іс - әрекетінің сол пәнге деген жеке көз қарасымен білім деңгейін, қызығуы мен қабілетін ескере отыру қажет. Оқушылардың алуан түрлі іс - әрекеттерін жобалаған кезде оқытушы ұжымдық және жекелік шешім қабылдау үшін жан - жақты міндеттер мен тапсырмаларды іріктеу керек: репродуктивті және шығармашылық, оқытушылық, дамытушылық және жаттығушылықты ескерген жөн. Қазіргі оқытушылар оқу материалын проблемалы түсіндіру, эвристикалық әңгіме жүргізе білу, дискуссиялық жағдай жасай алуы, интеллектуалды - шығармашыл ахуал жасау, студенттердің оқу - зерттеушілік қызметін ұйымдастыруы қажет. Шәкірт тұлғасы өз пәнін жетік білуге оқыту арқылы тәрбиеленеді. Концепция мен технологияларды оқыту мен тәрбиелеу, жұмыс түрлерін жинақтау педагогикалық қызметті тиімді етеді. Әрбір оқытушының өзінің шығармашылық лабораториясы болу керек, дидактикалық материалдар комплексі, аудио, видео, техникалық құралдар, компьютерлік техниканы меңгеру және пайдалану ғана қалыпты жағдайы болуы тиіс. Оқытушы бүкіл әдіс - тәсілдерін біріктіріп, кіріктіріп пайдаланғанда жоғары көрсеткіштерге жетеді. Педагог - әдіскер. Қазіргі жағдайда педагог қызметінің ауқымы кең және алуан түрлі. Оның негізгі бағыттарының бірі - әдіскерлік мәдениетін өзін - өзі дамытуы, кәсіби шеберлігін үздіксіз арттырып отыруы. Әдіскер - педагог өзінің жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп қана қоймай, басқаларға өз тәжірибелерді тауып, танып
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz