Қазақстанға қоныс аударушылардын орналастыруы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Қазақстанға қоныс аударушылардын орналастыру: мақсаты, әдісі,салдары

Мамандығы: Электроэнергетика

Орындаған: Асан Елжан

Тобы: ЭЭк 21-16

Тексерген: доцент Байдильдина Сауле Хайрулловна
(Аты-жөні, атағы, қызметі)

Алматы, 2021

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1Қазақстанға қоныс аударушылардын орналастыруы және себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
2Қоныс аудару бағдарламасы Столыпинің реформасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
3Қоныс аударудың мақсаты ... ... ... ... ... ... ...
4Қоныс аударудың қарқынының күшейе түсуі..
5Қоныс аударудың салдары ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылынған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды. Артта қалған елдерді басып алып, отарға ай - нал - дыру, осы елдердің бүкіл байлығын тонау - пат - шалық Ресейдің негізгі саясаты болды.Яғни экономикасы төмен халық сауаты төмен мемлекеттерді басып алу болды. Солардың қатарында қазақтада болды. Оның шет - кі аймақтардағы халықтарға деген саясаты тек тонау - шылық және қанаумен ғана емес, әскери-отаршылдық тәртіппен де сипатталды. Реакциялық патша үкіметі орыс тұрғындарын ұлттық облыстардағы халықтарға төменгі нәсіл ретінде өктемшілдікпен қарауға тәр - биеледі. Қазақ жеріндегі көші-қон саясатының жүргізілуінің себептері,салдары,мақсатын айқындау. Неліктен Қазақстанның құнарлы жайылым жерлерін тартып алу жоспары жөнінде толық ақпарат қарастыру. 1889 ж. қоныс аудару туралы заң шықпастан бұрын, оған үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Бұл мәселе жөнінде бірнеше комиссиялар құрылып, мәселе жалпы кеңестерде талқылануы. Бұл орайда Столыпиннің аграрлық реформасы жөнінде айта өтуге де болады. Реформа 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды.

1Қазақстанға қоныс аударушылардын орналастыруы?
Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды.
Мұның бірқатар себептері болды:
Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады.
Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті.
Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді.
Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын.
Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.

2Қоныс аудару бағдарламасы Столыпинің реформасы.
Бұл реформа патшалық Ресейдің шаруалар үлесіндегі жерге иелік жасауға арналған реформа. Реформа 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлік Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин еді. Содан болар реформа да осы Столыпиннің есімімен аталады.
Стольпиннің аграрлық реформасының нәтижесінде Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығы мәселесін шешіп, шалғайдағы отар аймақтарды игеру үшін орыс шаруаларын көшіру көзделді.
Қоныс аудару басқармасы шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсететін болып шешілді. Қоныс аударушыларға шет аймақтардан жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906-1915 жылдары аралығында Қазақстанға көшіп келушілердің иелігіне қазақтардың 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, ал тұрғылықты халық қазақтар болса шөлейт, тастақты жерлерге қоныстана бастады.
Жиырмасыншы ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен тарихта калды. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар көшіп келді.
Отарлық саясат, әсіресе аграрлық, яғни ауылшаруашылығына қатысты салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатымен тығыз байланысты еді.
Столыпин реформасының нәтижесінде қазақ даласы бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді. Олар: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі Қоныс аудару қорын құру үшін Қазақ өлкесінен артық жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір казак, украин, орыс отбасына 15 сотық жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіліп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болып шешілді. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Қоныс аудару қорына қазақтардан жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу жерлеріне казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасырдың басына қарай қазақтардың ең шұрайлы деген жеріне көшіп келген өзге ұлттардың саны, казактардың саны 1 миллион 11 мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге қоныстанып, иесі атанды. Патшалық Ресейде аграрлық саладағы езгерістерінің жаңа кезеңі Столыпин реформаларымен тығыз байланысты болды.

3 Қоныс аударудың мақсаты
1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Шаруаларды өз еріктерімен көшу қазақтарды орыстандыру,отырықшы халыққа айналдырып жері шүйгін құнарлы жерлерін алу болды. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады.
Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп қайтушыларды (ходоқтарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі. Жердің құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды.
Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен Жетісуга шаруалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғасырдағы жат мекен немесе жаңа өлке
Шешен мен ингуштардың Қазақстанға депортациясы процессі
Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау
Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры
Қазақстанға қоныс аударушыларды орналастыру: мақсаты, әдісі, салдары
МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ: КӨШІ-ҚОН ЖӘНЕ БЕЙІМДЕЛУІ
Басқа ұлттардың көбейгеніне қарамастан қазақ ұлтының жағдайы
Әскери-казактық отарлау
Патша өкіметінің көші-қон саясаты туралы
Қазақстанға қоныс аударушыларды орналастыру:мақсаты, әдісі, салдары
Пәндер