Минералды тыңайтқыштармен және өсімдік қорғау құралдарымен қамтамасыз ету



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Аргобиология факультеті
Агрономия кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Күріш егісіне тыңайтқыш енгізу жүйелері

Орындаған: Әділ Сара АГ- 402
Қабылдаған: Ауыл шаруашылығы кандидаты профессор
Досжанова Айнұр Серікбайқызы

Алматы 2021 ж
Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Тыңайтқыштардың маңызы және түрлері
2. Күріш егісінде тыңайтқыштардың алатын орны және маңызы
3. Күріш егісіне тыңайтқыш енгізу жүйесі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиетте

Кіріспе

Тыңайтқыш дегеніміз -- өсімдіктің қоректенуін жақсартып, жердің құнарлылығын арттыру нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жоғарылату мақсатымен жерге берілетін зат. Топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштар беру оның физикалық, физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартады, жоғары сапалы өнім алуға көмектеседі. Тыңайтқыш ауыл шаруашылығы дақылдарының ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болуына (үсік, құрғақшылық), өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы тұруына көмектеседі. Тыңайтқышты пайдаланудың басты мақсаты -- топырақ құнарлылығын жоғарылату, соның нәтижесінде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім жинау. Тіпті бір фермерлік шаруашылықтың өзінде топырақтың табиғи құнарлылығы әр түрлі. Сондықтан қоректік элементтерінің мөлшері жағынан олардың айырмашылығы болады. Сол себепті, тыңайтқышты топырақтың агрохимиялық қасиетін ескере отырып бермесе, одан қажетті нәтиже күтуге болмайды, керісінше, мұндай жағдайда ол тек ауыл шаруашылығына ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға да үлкен зиян келтіреді. [1]
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған -- ҚР АШМ жолдауда ауылшаруашылығындағы тыңайтқыштар-дың да маңызы мен қолдану үлесі жөнінде мәселе қарастырылды.
Минералды тыңайтқыштармен және өсімдік қорғау құралдарымен қамтамасыз ету.Ауыл шаруашылығы министірі Сапархан Омаровтың айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылатуға әсер ететін факторлардың бірі -- минералды тыңайтқыштарды ғылыми ұсыныстарға сәйкес енгізу. Бірақ, өкінішке орай, бүгінде 2,5 млн тонна қажеттілік кезінде республикада шамамен 500 мың тонна минералдық тыңайтқыштар салынды.
Тыңайтқыштарды енгізу көлемін ұлғайту мақсатында 2020 жылы 26,2 млрд теңге сомасында субсидия қарастырылған, бұл ретте осы жылы республикалық бюджеттен бөлінген 23,3 млрд теңгеге қоса 2,8 млрд теңге қосымша қаражат бөлінді, бұл шамамен 522 мың тонна минералды тыңайтқыштарды сатып алуды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 120 мың тоннаға артық, -- деді С. Омаров.
26 мамырдағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 395 мың тонна тыңайтқыш (жоспардың 76%-ы) жеткізілді, өңірлердегі сақтау қоймаларында қосымша шамамен 31,8 мың тонна тыңайтқыш бар. Бұл бағыт бойынша жұмыс жалғасатын болады. Тыңайтқыштарды енгізудің жоспарға сай серпіні Қызылорда облысында байқалады, онда енгізілетін минералды тыңайтқыштардың көлемі ғылыми негізделген норманың 93%-ын, Солтүстік Қазақстанда 36%-ды және Түркістан облысында 27% құрады. [2]

1. Тыңайтқыштардың маңызы және түрлері
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін, топырақта оларға қажетті минералдық және органикалық заттар жеткілікті мөлшерде болуы керек, ал, топырақтағы қоректік заттардың мөлшері шексіз емес, олар жыл сайын өсімдіктің өніміне қарай жұмсалып, белгілі бір шамасы кемиді. Сондықтан егістік жерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін ол жерлерге қосымша тыңайтқыш енгізу агротехникалық маңызды шара болып саналады. Дүниежүзілік егіншілік тәжірибесі көрсеткендей, өнім деңгейі қолданылатын тыңайтқыштың мөлшеріне тәуелді (1-кесте). Мамандардың есептеуі бойынша, өнімнің өсуінің 45-50 пайызы тыңайтқыш үлесіне, ал қалған 50-55 пайызы агротехника, сорт‚ мелиорация т.б. шаралардың үлесіне тиеді. (1-кесте).

1-кесте. Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде бір гектар егістікке қолданылған минералдық тыңайтқыш мөлшері мен дақылдан алынған өнім.

Мемлекеттер
Бір гектарға
берілген
тыңайтқыш, кг
(әсерлі зат)
Бір гектардан алынған өнім, ц

Астық дақылдары
Бидай
Дәндік жүгері
Картоп
Дүние жүзі бойынша
87,1
25,7
23,1
36,3
151,5
Нидерланды
798,5
-
81,2
-
429,6
Германия
428,0
53,1
63,1
67,3
364,4
Жапония
428,4
59,3
37,1
-
-
Франция
302,7
52,5
54,8
57,6
342,4
Ұлыбритания
359,9
60,6
69,5
-
391,4
ТМД
118,1
18,0
17,4
29,5
116,9
АҚШ
93,8
47,3
23,1
74,8
333,4

Д.Н.Прянишников ауыл шаруашылығы дақылдарына минералдық тыңайтқыштарды қолдануды және олардың түсімді арттыруға тигізетін әсерін егіншілікте "жаңа континенттердің ашылуы" деп бағалады. [3]
Дақыл өнімін арттыруда органикалық тыңайтқыштарды қолдану да маңызды рөл атқарады. Тыңайтқыштарды қолдану дақылдың өнімін арттырып қана қоймай, оның сапасына да елеулі әсер етеді. Мысалы, фосфор мен калий тыңайтқыштары қант қызылшасының тамырындағы қант мөлшерін шамамен 0,5 пайыздан 1,2 пайызға дейін арттырады. Азот тыңайтқышы бидай дәнінің құрамындағы белокты көбейтеді. Қазақстанда 1996 жылғы мәлімет бойынша бір гектар егістік жерге орта есеппен 15,6 кг минералдық (әсерлі зат бойынша) және 0,5 т. органикалық тыңайтқыш еңгізілді.
Жоғары сапалы өнім алу үшін өсімдіктердің өсіп дамуының әрбір кезеңінде онда болатын ерекшеліктерді есепке ала отырып, қажетті қоректік заттармен тиісінше қамтамасыз етіп отыруды қажет етеді. Өсімдікті аса құнды қоректі заттармен қамтамасыз ету үшін мынадай жағдайларды жете білген жөн. Біріншіден, өсімдіктің өсіпжетіліп дамуының әрбір кезеңінде оның қандай қоректік заттарды қажет ететінін жақсы білу керек, екіншіден, өсімдіктің кейпіне (сыртқы пішініне) қарап, қолда бар қоректік заттар оның қажетін өтей алатын немесе алмайтынын тез анықтап білген жөн, үшіншіден, өсімдіктің өнім құрауына қолайлы жағдай жасау үшін оған қажетті қоректік заттар жеткізіп беруге дер кезінде шара қолдану қажет
Азот - барлық өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер клеткаларының негізі ақуыздың құрамында үнемі болады. Азот фотосинтез жасауға қатысатын хлорофиллдің, протоплазма мен клеткалар ядросының аса маңызды бөлігі нуклеин қышқылының құрамына кіреді.Өсімдіктің вегетативтік органдарындағы ақуызсыз органикалық азот мөлшері өсімдіктегі жалпы азот қорынан 20 - 25 пайыз артық болады Топырақта азот жеткіліксіз болса өсімдіктің өсуі бөгеледі, жапырағының жасыл болуы өзгереді, биохимиялық процестер жиынтығы бұзылады, егіннің өнімі күрт кемиді. Өсімдікке оның жетіспейтінін оп-оңай аңғаруға болады. Атап айтқанда хлорофилл немесе өсімдік жапырағының түсі сарғаяды. Өсімдік жапырағы сарғайып кеткен соң, ондағы азот мөлшерін қайтадан тиісті 39 мөлшерге жеткізуге мүмкіндік болмай қалады.
Фосфор - жеткіліксіз болып, өсімдіктің азот корегі шамадан тыс көп болса, онда ол керісінше өсімдікке кері әсер етеді, яғни өсімдіктің пісуі кешеуілдейді және бәрі бір мезгілде тегіс піспейді, өсімдік масағы, жапырақтары жығыла бастайды, ауа райының қолайсыз жағдайына қарсыласуы кемиді. Күзде астық дақылдары егісіне сапалы фосфор тыңайтқышы еңгізілсе, олардың қысқы суыққа төзімділігі артады, өсімдік қынабының түсуі азаяды, сөйтіп, сабағының бойлап өсуіне жағдай жасалады.
Калий - де өсімдіктер тіршілігінде аса маңызды физиологиялық рөл атқарады.Ол өсімдіктердің жас, балғын органдарында, протоплазмаға бай клеткаларында, әсіресе өсімдіктердің ұрығында, жеміс түзілетін органдарында көп кездеседі. Ал өсімдіктердің жоғарыда аталған бөліктерінде заттар күштірек алмасады, клеткалар түзіледі, өсуі де жоғары қарқынды болады. Калий жетіспесе плазма коллоидтарының ылғалды сақтап тұру қабілеті кемиді. Өсімдіктер жазғы 41 қуаңшылық кезеңдерінде су тез буға айналатындықтан калийдің жетіспеуінен көбірек зәру шегеді.
Кальций өсімдіктердің ескі сабақтарында әсіресе астық тұқымдастарының жапырақтарында кездеседі. Ол ақуыздың түзілуіне, өсімдіктегі органикалық қышқылдарды бейтараптауға және өсімдіктердің тамыр жүйелерінің дамуына көмектеседі.Кальций өсімдіктегі зат алмасу, көмірсулардың жылжу, азотты заттардың өзгеру процестеріне қатысады.Ауылшаруашылық дақылдары кальцийді әр түрлі мөлшерде пайдаланады.Мысалы, дәнді дақылдардың 20-30 ц өнімі 20-40 кг, 200-400 ц тамыр жемістілер 60-120 кг, 500-700 ц капуста 300-500 кг кальций пайдаланған.
Тыңайтқышты қолданудағы мақсат осындай өсімдік өсуіне қажетті элемен-ттерді уақтылы топыраққа сіңіру арқылы мол өнім алу және топырақтың құнарлылығын сақтьау. [3]

Әр элементтің дақылдың өсіп - жетілу кезіндегі маңызы және әсері

Тыңайтқыштар -- құрамында қоректік элементтер болатын заттар. Өсімдіктердің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементті қоректік элемент дейді. Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі үшін қажет қоректік элементтердің маңызы ерекше. Фотосинтез кезінде өсімдіктердің жапырағы арқылы және топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 шақты.Оларды минералды, органикалық және бактериялы деп бөледі.
Минералды тыңайтқыштар.
Минералды тыңайтқыштарда қоректік заттар минералдық тұздар түрінде болады. Фосфорлы және калийлі тыңайтқыштар химия өнеркәсібінде табиғи қазбаларды өңдеу арқылы алынады, ал азотты тыңайтқыштардың өндірілуі негізінен ауа азотының сутегімен әрекеттесуінен аммиактың түзілуіне негізделген. Барлық минералды тыңайтқыштарды шартты түрде тікелей және жанама әсер етушілер деп бөледі. Алғашқысында қоректік заттар болады, ал кейінгісі топырақтың қасиетін өзгертіп, өсімдіктердің қоректену жағдайын жақсартады әк, ғаныш. Сонымен бірге тікелей әсер ететін тыңайтқыштар, мысалы, аммиак селитрасы, суперфосфат жанама әсер етеді: топырақты қышқылдандырады, ал фосфорит ұны топырақты бейтараптандырады. Әк, ғаныш топырақ реакциясын өзгертумен қатар өсімдікті маңызды қоректік элемент -- кальциймен қамтамасыз етеді. Химиялық құрамы бойынша минералды тыңайтқыштар қарапайым бір ғана коректік элементі бар және кешенді 2-3 элементі бар болады. Физикалық күйі бойынша минералдық тыңайтқыштар сұйық және қатты түрде шығарылады, соңғылары кристалды, ұнтақ және түйіршікті болады.
Араластырылған қоспа тыңайтқыштар
Ал араластырылған тыңайтқыштардың маңызы ауылшаруашылық дақылдарын қарқынды технологиямен өсіргенде арта түседі. Кең таралған қоспаларға аммиак селитрасының суперфосфатпен және хлорлы калиймен, мочевинаның сульфат аммониймен түйіршікті, мочевинаның аммофоспен және диаммофоспен араластырылғандары жатады.Қоспаларды топырақтың қоректік заттармен қамтамасыз етілгендігін және мәдени дақылдардың қажет етуін ескеріп жасайды. Күрделі тыңайтңыштарға аммофос, диаммофос, калий селитрасы және т.б. жатады. Аммофоста 10-12% азот, 40-60% фосфор болады. Жақсы физикалық-химиялық және механикалық. [4]
Құрама тыңайтқыштар.
Бұлардан кең тарағандарға нитрофоска, нитрофос, нитроаммофоска және т.б. жатады. Нитрофоскада үш қоректік элемент азот, фосфор, калий бар. Нитрофоста екі элемент -- азот пен фосфор 20% -дан болады. Нитроаммосфада 17,5% азот, 52%-дан фосфор мен калий бар.

Дақыл егілерден алдын және піскенге дейін тыңайтқыштрарды қажет етеді

Органикалық тыңайтқыштар
Көң барлық коректік заттар, оның ішінде микроэлементтер де бар, негізгі және ең тиімді органикалық тыңайтқыш.Оны жүйелі түрде енгізгенде топырақтың физикалық-химиялық сіңіру сыйымдылыры артады, қышқылдылығы төмендейді, ауысу катиондарының құрамы жақсарады және т.б. және биологиялық қасиеттері жақсарады. Көң садрасында орта есеппен 0,25% азот, 0,5% калий, 0,01% фосфор болады. Ірі қара малдан қорада тұрған кезде 2 т дейін садра жиналады. Құс саңрығы -- бағалы, тез әсер ететін тыңайтқыш. Макроэлементтермен бірге микроэлементтер де марганец, кобальт, мыс болады.Негізгі тыңайтқыш ретінде отамалы дақылдар плантациясына енгізеді. Компостар кордалар.Көктемде, жазда дайындағанда көңнің бір бөлігіне торфтың үш бөлігі, ал қыста дайындағанда торфтың бір бөлігі алынады. Дайындаудың кең тараған тәсілі -- қабаттардың кезекпен салынуы: бір қабат 20-30 см көң, бір қабат торф. Ертөленің штабель көлденеңі 4-5 м, биіктігі 1,5-2 м болады. Компостың танапқа енгізу мөлшері таза көңдей 20-40 тга.
Жасыл тыңайтқыш сидерат.
Бұлай деп, өскеннен кейін белгілі бір кезеңінде топыраққа жыртып араластыратын өсімдік-сидераттарды атайды. Сидерат ретінде бұршақ тұқымдас өсімдіктерді көп біржылдық бөрі бұршақтар, сераделла, түйе жоңышқа және т.б. сондай-ақ, қыша, қарақұмық, күздік және жаздық рапс, күздік қара бидай, фацелия қолданылады. Жасыл тыңайтқыш топыраққа кешенді әсер етеді: азот пен қара шіріктің жиналуына, минералды заттардың жуылмауына және жауын-шашынды тиімді пайдалануға, эрозияның болмауына, топырақтың физикалық қасиеттерінің жақсаруына, танаптың арамшөппен ластанбауына, саңырауқұлақ ауруларының зияндығын кемітеді. [4]

Көң. Барлық коректік заттар, оның ішінде микроэлементтер де бар, негізгі және ең тиімді органикалық тыңайтқыш
Көң. Барлық коректік заттар, оның ішінде микроэлементтер де бар, негізгі және ең тиімді органикалық тыңайтқыш

Құс саңрығы -- бағалы, тез әсер ететін тыңайтқыш. Макроэлементтермен бірге микроэлементтер де марганец, кобальт, мыс болады.Негізгі тыңайтқыш ретінде отамалы дақылдар плантациясына енгізеді. Компостар кордалар.
Құс саңрығы -- бағалы, тез әсер ететін тыңайтқыш. Макроэлементтермен бірге микроэлементтер де марганец, кобальт, мыс болады.Негізгі тыңайтқыш ретінде отамалы дақылдар плантациясына енгізеді. Компостар кордалар.

3. Күріш егісінде тыңайтқыштардың алатын орны және маңызы

Суармалы жерлерде егілетін астық дақылдарының ішінде күріш қоректік заттарға ерекше талап қояды. Тыңайтқыш колдану басқа дакылдардан гөрі күріштің өнімінің артуына көбірек әсерін тигізеді Бір тонна астығы мен сәйкес мөлшерде сабан өнімін түзу үшін күріш 22-25 кг азот, 10-15 кг фосфор және 30-35 кг калий пайдаланады.
Күріш қоректену үшін минералды элементтер топырақта жетіспесе оның өнімі азаяды, әсіресе азоттың жетіспеуі күрішке көп әсер етеді: фотосинтез процесінің өнімділігі төмендейді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚО Төлеби ауданы Зертас ауылы жағдайында сұлы дақылынан жоғары өнім алудың технологиясын жасау
Жүгеріні өсіру технологиясы
Топырақ құнарлылығының категориялары және түрлері
Майлы зығырды өсіру технологиясы
Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі егіншілігінде биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің күздік бидайдың өнім құрылымына әсері
Жеміс ағаштарын күтіп баптау
Қырыққабат дақылының зиянкестері және олармен күресу шаралары
Тұқымды себуге дайындау және себу
Қырыққабат - құнарлы мал азығы
Шаруашылықтың топырақты-климаттық жағдайы. Астықжан ЖШС-нің қызмет нәтижелері
Пәндер