Күріш жармасының сапасын бағалау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Аргобиология факультеті
Агрономия кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Күріш дәнінің жармалық қасиеттері және оларды бағалау

Орындаған: Сапарова Нағима АГ- 402Қ
Қабылдаған: Ауыл шаруашылығы кандидаты профессор
Досжанова Айнұр Серікбайқызы

Алматы 2021 ж
Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Күріш дәнінің жармалық қасиеті
2. Күріш дәнінің сапасына әсер ететін факторлар
3. Күріш жармасының сапасын бағалау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Дүние жүзіне ең көп тараған мәдени дакылдың бірі күріш дақылы. Күріш өте құнды дақыл болып дүние жүзінің 110-ға жуық елінде 150 млн. га жерге егіліп, оның 90%-ы Азияда, 4%-ы Америкада, 2%-ы, Африкада, 4%-ы басқа кұрлықтарда өсіріледі.Күріш егіс көлемі жөнінен бидайдан кейін екінші, ал өнімділігі бойынша бірінші орын алады.Кебегі мал азығына пайдаланылса, ақұсағынан спирт, крахмал алынып, парфюмерияда қолданылады.Сабанынан жоғары сортты қағаз, картон, жіп, қап, қалпақ, төсеніштер мен тағы басқа да тұрмысқа қажетті заттар жасалынады.Сонымен қатар тұзданып, батпақтанған жерлерді жақсартып, ауыл шаруашылық пайдаланымға енгізуде күріштің агромелиоративтік маңызы зор.
Қазақстанда күріш Қызылорда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары 130 мың га көлемге дейін егіліп, одан 519 мың тоннаға дейін жалпы өнім алынды. [1]
Қазіргі таңда елімізде күрішт дақылының жармасы халық ішінде үлкен сұранысқа ие. Қазақстандықтардың ас мәзірінде жарма түрлері басымдық алуда.Сарапшылар бұл өнімді "дағдарыстық тамақ" деп бағалайды. Себебі, күйзелісті кезең туындағанда, халық ең алдымен азық-түліктің осы түрінен қор жасайтыны мәлім. Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің дерегінше, азаматтар бұл қорларын арттыруда.Тиісінше, жармалар өндірісі Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда, бірден 17%-ға ұлғайды.Ең қымбат күріш те қазіргі кезде бас қаланың еншісінде (әр келісі 435 теңге). Ең арзан күріш "ақмаржанның астанасы" Қызылордада (216 теңге) және Түркістан облысында (220 теңге). Жыл басынан бері Қазақстанда 46,2 мың тонна жарма және 103,4 мың тонна күріш өндірілгенЖыл басынан бері Қазақстанда 46,2 мың тонна жарма және 103,4 мың тонна күріш өндірілген. [2]
Елімізде жарманың негізгі өндірушілері Павлодар облысы (барлық өндірістің 40,7%-ы соған тиесілі), ШҚО (23,2%) және Астана (16,3%) болып табылады. Ал қазақстандықтар жыл басынан бері 75 мың 150,1 тонна жарма ботқасын жеген. Салыстыру үшін келтірсек, былтыр тек 68 мың 32,5 тоннасын тұтынған болатын. [2]
Барлық мәліметтерге қарай отырып жарма өндірісінің қаншалықты маңызды екенін,қазіргі таңда жарма өндірісі қарқынды дамып келе жатқанын байқауға болады. Ал осы жарма өндірісінде жарманың жоғары сапада,жоғары азықтық құрамының бай болуы,тұтынушыға сапалы өнім болып жетуі ,барлығы ең алғаш дәннің жармалық қасиетін дұрыс бағалап,жарма дайындау технологиясын дұрыс қолдануға байланысты болып кледі.Ол үшін жарма өндірілетін дақылдың дәнінің ерекшелігіне баса мән беруіміз керек.

1. Күріш дәнінің жармалық қасиеті
Күріш көп таралған тағамдық дақыл. Жер шарында азық үшін еглетін дәнді дақылдар ішінде ол өзінің егіс көлемі жағынан бидайдан соң екінші орын алса,өнімділігі жағынан бірінші орын алады. Күріш дүние жүзін мекендеген халықтардың жартысына дерлігінің негізгі азықтық қорегі болып табылады. Жан басына шаққанда күріш тұтыну, әсіресе Азия елдерінде жоғары. Күріш - сіңімділігі жоғары азық. Кәдімгі күріш - біржылдық өсімдік. Тамыр жүйесі шашақты, тереңге бойламайды (0,2-0,25 м терендікке ғана), тамыр талшықтары әлсіз дамыған, бірақ көп - 300-ге дейін. Тамырда арнайы ауа өткізгіш ұлпалар (аэренхима) барлығының арқасында күріш үнемі су жайылған жағдайда өсіп-жетілуге бейімделген. Ондай тканьдар сабағында және жапырағында да болады.
Сабағы - биіктігі 0,8-1,2 м қуыс, түйін аралықтардан (9-дан 20-ға дейін) тұратын сабан. Сабақтар күшті түптенеді, 3-5 өнімді сабақ қалыптастырады.
Жапырақтары-сызықты-ланцетті, қырлы жүйкеленген, шеттері үшкірленіп біткен, ұзындығы 20-25 см, ені 1,5-2,0 см. Негізгі түсі - жасыл, алайда қызыл, қызғылт, қоңыр-күлгін де болады. Жапырақ саны - 10-1З дана. [3]
Күріш - дән құрамында дәрумендер, липидтер (шикі майлар), көмірсу,ақ- уыздар және т.б. сияқты түрлі пайдалы жұғымды заттар болатындықтан,дәнді дақылдардың анағұрлым құндыларының бірі.Құнды сапаларына құрамында онкологиялық және басқа да ауруларды емдеу үшін қолданылатын оризанол болатын күріш майы ие, ал күріш дәнінің құрамына кіретін рибофлавин (В6 дәрумені) фосфор қышқылымен қосылғанда өсімдіктер мен адам ағзасындағы көптеген маңызды биохимиялық процестерге енетін флавинды ферменттер құрамына кіреді.[5]

Күріш дақылының морфологиялық ерекшеліктері

Күрішті липидтерінің негізгі майлы қышқылдарына жататын : пальмитинді
олеинді және линольді (қанда холестерин азайтуда қызмет етеді).Ал қауызы аршылған дәндегі май қышқылдарының жалпы мөлшері 0,3-0,6 % жетеді. [6]
Күріш дақылы оны дәнге өңдеу процесіндегі өзінің бастапқы салмағының
35 % жоғалтады, сонымен қатар В, РР кешенінің дәрумендер құрамының азая-тындығы байқалды.Тағам дайындау алдында күріш дәнін жуу В дәрумені құра-мын 60%-ға, асу кезінде тағы 25%-ға азайтумен ілесе жүреді.[7]
Елімізде күрішті бағалы жармалық дақыл ретінде өндірудің жылдан жылға ұлғайуының бірнеше себептері бар.Біріншіден күріштің жармасы жоғары калориялы диетикалық азық, оның 1 килограмы 3590 калорияға тең. Жарманың абсолютті құрғақ зат құрамында 88% крахмал, 6-8% ақуыз, 0,5% май, 0,5% қант бар.Адам ағзасына сіңімділігі (96%) мен қорытылымдылығы (98%) бойынша әсіресе диетикалық және балалар тағамы ретінде азық-түліктік дақылдардың ішінде өте жоғары бағаланады.[8]

Ұзын дәнді күріш.Орташа дәнді күріш.Дөңгелек дәнді күріш.

Күріш дәнінің пішінң және ұзындығы жарма алу барысында оны өңдеуде және тағамдық құндылығы жағынан маңызды рөл атқарады.

Жарма деп - жарамсыз (адам ағзасына сіңбейтін) бөлігіне ажыратылған ұнтақ немесе бүтін дәнді айтады. Ол өзінің тағамдық құндылығымен, жақсы сіңімділігімен және басқа өнімдерге қарағанда сату бағасының төмендігімен ерекшеленеді және тағам ретінде жиі пайдаланалады. Жармалар пайдаланылған астықтың түріне (қарақұмық, күріш, тары, сұлы, арпа, бидай т.б.), өндеу тәсіліне (жонылған, жонылмаған, тегістелген, тегістелмеген, ұнтақталған, ұнтақталмаған т.б.), дән типіне (маркаға және ұнтақ ірілігіне (нөмірге) байланысты бөлінеді. Жарманың өзінің органалептикалық белгілер бойынша стандарт талаптарына сай болуы тиіс.
Жарманың халық шаруашылығында маңызы зор, себебі оның тамақтық құндылығы жоғары. Егер жарманың тамақтық құндылығын артырғымыз келсе, онда оны жеміс шырынында (уыт, қант, тұз және т.б. құрауыштар) қайнатып, кейін қуыру керек.Мұндай жарма - үлпек аспаздық өндеуді керек етпейді. Оларды құрғақ күйінде немесе сүтпен, какаомен, кофемен, кисельмен, сорпамен т.с.с. тағамдармен жеуге болады. Жарманың сіңімділігін арттырудың бір тәсілі қысыммен өндеуге негізделмеген.Көлемі алты-сегіз есе өскен бидайдың, күріштің, жүгерінің күтпей (ісініп жарылған) дәндерін осылай дайындайды. Ең жақсы күтпей дәндерді күріштің, бидайдың шынылы және кремнийлі сорттарынан (әсіресе күрішті) алуға болады.[4]
Жармалық дақылдардың дәндері пішіні, мөлшері және құрылысы бойынша ерекшелінеді.Оны екі бөліктен тұрады деп қарастыру қабылданған: ядро (эндосперм және ұрық) және сыртқы қабығы (қабықшасы).Ядроны қаптап тұратын қабықшалары гүлдік (тары, күріш, арпа, сұлы), жемістік (қарақұмық, бидай, жүгері) және тұқымдық (асбұршақ) қабықшалы болады.
Жарманың шығымы мен сапасына астықтың көптеген көрсеткіштері әсер етеді:қабықшақтылығы, ірілігі, орындалуы (ірілігі бойынша біртектілігі), ылғалдылығы, ластануы және т.б. [4]
1 - кесте. Жарманың ассортименті

Дақыл
Жарма
Тары
Тегістелген тары
Қарақұмық
Ядрица, жылдам пісетін ядрица, продел, жылдам пісетін продел
Күріш
Тегістелген күріш, ұсақталған тегіселген күріш
Сұлы
Ұсақталмаған күріш жарамасы, Геркулес және Экстра сұлы қауызы, толокно
Арпа
Перловка жармасы, арпа жарма
Бидай
Полтавская, Артек
Асбұршақ
Қауызданған бүтін асбұршақ, қауызданған жарылған асбұршақ
Жүгері
Тегістелген жарма, қауызға арналған ірі жарма, таяқшаларға арналған ұсақ жарма

Ұзын дәнді күріш - ұзындығы 0,6 мм-ден асады.дөңгелек дәнді сорттардан айырмашылығы, бұл сорт дайын түрінде бір-біріне жабыспайды, ол сынғыш болады. Ұзын дәнді күріш сортты палау жән салаттар, гарнирдайындау үшін қолданылады .

Дөңгелек дәнді күріш-ұзындығының еніне қатынасы 23 болатын күріш. Дөңгелек дәнді күріштің көптеген түрлері жұмсақ сорттарға жатады, олар пісіргеннен кейін қайнатылып, жабысқақ болып, үздіксіз масса түзеді. Дәнді дақылдар, пудингтер, суши жасау үшін қолданылады.

2. Күріш дәнінің т сапасына әсер ететін факторлар

Күріш дәнінің сапасы күріштен алатын барлы өнімнің сапасының жоғары сапалы болуына әлде жылбойғы еңбектің еш кетіп, сапасыз өнім алуға сонымен қоса халықтың сұранысын қанағаттандыруға да үлкен әсерін тигізеді.Ал күріш дәнінің сасының қалыптасуына мынадай факторлар әсер етеді : күріш сорттары және олардың генетикалық,биологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КҮРІШ ДАҚЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Өндірістік бағдарламаны жасау және негіздеу
Күріш жармасы технологиясы
Суыққа төзімділік селекциясына молекулалық маркерлерді пайдалану
Жарма дақылдары және олардың сапасын анықтау жолдары
Жаншылған сұлы жармасы
Жарма дақылдарын ақтау
Жарма
Жарма сапасына қойылатын талаптар
Жарманың физикалық-химиялық көрсеткіштері және оларды анықтаудын тәсілдері
Пәндер