Физиканы оқыту әдістемесі


Лекция 1 Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі - педагогикалық ғылым.
Жоспар:
Кіріспе
1. Физиканы оқыту әдістемесі, оның зерттейтін мәселелері мен зерттеу әдістері.
2. Физиканы оқыту әдістемесінің физикамен, философиямен, психологиямен және педагогикамен байланысы.
3. Мектеп білім дамуының қазіргі заманғы кезеңдегі физика әдістемесінің өзекті мәселелері және міндеттері.
Дәріс мақсаты: Физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері жайында мағұлымат беру. Орта мектептің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері мен өзекті мәселелерін көрсету.
Дәрістің мазмұны.
Кіріспе. Болашақ мұғалімдерге физиканы оқыту әдістемесін меңгерудің маңызы. Физиканы оқыту әдістемесі пәнінің құрылымы. Пәнді оқытудағы ұйымдастырылушылық мәселелер.
1. Физиканы оқыту әдістемесі, оның зерттейтін мәселелері мен зерттеу әдістері.
Физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір бөлімі болып табылады. Бұл ғылымның пайда болуы, бас көтеріп дамуы, оның қоғам өміріне тигізетін әсерімен анықталады. Ғылыми білімдердің жинақталу процесі оқу пәндерінің және олардың мазмұнының қөбейуіне алып келеді. Осыған байланысты оқыту мақсаттарын, мазмұнын және әдістерін ғылыми тұрғыдан негіздеу мәселесі пайда болады; педагогиканың жаңа бөлімдері туындайды - жеке пәндерді оқыту әдістемесі. Бұлар оқытудың жалпы заңдылықтарын жеке оқу пәндерін оқыту іс-тәжірибесінде қолдану ерекшеліктерін зерттейді.
Барлық әдістер оқытудың жалпы теориясы болып табылатын дидактикаға негізделеді. Жеке дидактикалар немесе пәнді оқыту әдістемесі оқыту заңдылықтарын ашумен, жеке пәндерді оқытуды ұйымдастыру әдістері және формаларын, мазмұнын анықтаумен айналысады. Сонымен қатар, оқыту барысында тәрбиелік міндеттерді атқарады. Сонымен, физиканы оқыту әдістемесінің зерттеу пәні физиканы оқыту үдерісі болып табылады. Физиканы оқыту әдістемесі үш негізгі функцияны (міндетді) атқарады - білімділік, дамытушылық және тәрбиелік.
Білімділік функция негізгі және шешуші болып табылады; бұл функция іске асырылғанда оқушылар физикалық білім негіздерін меңгереді, білімді іс-тәжірибеде қолдану икемділік пен дағдыларға ие болады.
Дамытушылық функциясы оқушыларда танымдық мүмкіншіліктерін дамытуды көздейді, оларға өз бетінше білімді игеру дағдыларын дарытады, ғылыми және білімдік ақпараттардың үздіксіз және үдетпелі ағынында бағдарлана білуді үйретеді.
Тәрбиелік функция - оқытуға кешендік көзқарастың ажырамас компоненті, басқаша айтқанда, оқыта отырып тәрбиелеу. Физиканы оқыту бірінші кезекте оқушылардың ғылыми көзқарастарының, олардың идеялық сенімдері мен жеке тұлғалық сипаттарының қалыптасуына негіз болады.
Физикаға оқыту процесі мұғалім мен оқушының ретті және өзара байланыстағы әрекеттер жиынтығы болып табылады. Бұл әрекеттер оқушылардың физика негіздерін саналы және берік меңгеруіне, практикалық дағдыларының калыптасуына, білімдерін өмірде қолдана білуге және өз бетінше шығармашылық тұрғыдан ойлау және бақылау қабылеттерін дамытуға, диалектика-материалистікк көзқарасты қалыптастыруына бағытталған болады.
Физиканы оқыту процесі білім берудің мақсатымен және оның келесі компонентердің өзара әрекеттесуімен анықталады:
Оқытудың мазмұны - физика негіздері;
Оқыту - мұғалімнің іс-әрекеті;
Оқу - оқушының оқуға арналған жан-жақты іс-әрекеті;
Оқытуға арналған құралдар және материалды-техникалық база - оқулықтар, есептер жинақтары, әдістемелік құралдар, физикалық оқу приборлар мен құрылғылар, арнайы бағдарламалармен қамтамасыздандырылған қазіргі заманғы техникалық оқыту құралдары, дидактикалық материалдар т. б.
Физиканы оқыту әдістемесінің мазмұны пәнді оқытудың жалпы мәселелерінен (теориялық сұрақтар), физика курсының жеке тақырыптарын оқыту мәселелерінен (жеке әдістеме), физикалық оқу экспериментінің әдістемесі мен техникасынан тұрады.
Жалпы мәселелерге мыналар жатады: физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері, курстың мазмұны және құрылымы, әдіснамалық және психологиялық мәселелер, ойлау және шығармашылық қабылеттерінің дамуы, дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасуы, оқыту әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары, есептер шығару әдістемесі, физикалық эксперимент жүйесі т. б. Жеке мәселелерде физика курсындағы жеке тақырыптардың мазмұны, сабақ өткізу жолдары, оқу экспериментін қолдану мәселелері, нақты тақырыптарды оқыту әдістемесі.
Физиканы оқыту процесінде мына сұрақтарға жауап іздейміз: Физиканы не үшін оқытамыз? Нені оқытамыз? Қалай оқытамыз?
Зерттеу әдістері: педагогикалық бақылау, мектеп құжаттарын зерделеу, анкеталар жүргізу, тестілеу, педагогикалық эксперимент, теориялық талдау.
Физиканы оқыту әдістемесінен бірінші оқулықтың авторы - Ф. Н. Шведов (1840-1905) . Кеңес дәуіріндегі физиканы оқыту әдістемесінің негізін қалаушы П. А. Знаменский: «Физиканы оқыту әдістемесі пәні - физика негіздерін оқытудың теориясы және практикасы» деген анықтама берген.
2. Физиканы оқыту әдістемесінің физикамен, философиямен, психологиямен және педагогикамен байланысы.
Физиканы оқыту әдістемесі пәнінің әдіснамалық негізі философия және оқыту мен тәрбие беру туралы ілім болып табылады. Физикалық білімді жүйелеу және ғылыми тұрғыдан іріктеу тек ғылым логикасына, оның даму тарихына, сонымен қатар, дидактика принциптеріне, жас өспірімдер физиологиясына қатысты мәліметтерге және педагогикалық психологияға терең талдау жасау арқылы жасалады.
Физиканы оқыту әдістемесінің міндеттерін талдау оның физикамен және дидактикамен тығыз байланысымен қатар, олардан айырмашылығын да көрсетеді.
Физика материя қозғалысының қасиеттері мен заңдары туралы ғылым ретінде оқыту мәселелерін алдына қоймайды және шешпейді, оның зерттеу нысаны және әдістері басқа; табиғатты зерттеп тану мен оқыту барысындағы танымдық іс-әрекеттер (жас ұрпаққа белгілі білімді үйрету процесі) арасында елеулі айырмашылықтар бар.
Физика - табиғат жайлы адам білімінің сарқылмайтын кені, ол ұдайы толықтырылады. Мектеп физика курсында ол білімнің тек кішкене бір бөлігі көрініс аліы мүмкін. Ғылымда оқыту мазмұнын анықтау принциптері берілмеген. Мұндай критерийлер физиканы оқыту әдістемесінің құзырында: түрлі жас категориядағы оқушыларға оқыту мазмұны түсінікті болуы керек; оқушыларға қазіргі заман физикасы туралы түсінік беретін, сонымен бірге олардың ойлау қабылетінің дамуына негіз болатын физикалық білім жүйесін түзу қажет. Физикаға оқытудың мазмұны және ғылым әдісманасы ретінде оның тәрбиелік әсері кеңінен қолданылады. Физиканың мазмұны, әдістері, тарихы білім алушылардың зияткерлік және моральдік күштері мен қасиеттерін дамытудың қуатты құралы болып табылады.
Мектепте физиканы оқытудың қажетті (бірақ жеткіліксіз) шарттары - мұғалімнің өз пәнін терең білуі. Физика пәнін оқытудың тағы бір шарты - оқытудың тиімді әдістері мен әдістемелік әрекеттерді мұғалімнің білуі және қолдануы. Мұндай біліммен мұғалімді физиканы оқыту әдістемесі пәні қаруландырады. Физиканы оқыту әдістемесі пәні тек оқу-тәрбие процесінің теориясын ғана емес, сонымен қатар, оқытудың педагогикалық технологиясын жасайды.
Физика мен педагогикадан басқа физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық психологиямен тызыз байланыста. Педагогикалық психология оқушылардың психикалық іс-әрекеттерінің заңдылықтарын ашады; олар қоршаған әлемді қалай қабылдайтынын, ойлайтынын, білімді, икемділікті және дағдыларды меңгеретінін көрсетеді; олардың қызығушылықтары мен бейімделуі қалай қалыптасатынын көрсетеді. Педагогикалық психологияның деректері мектеп физика курсын құрғанда, оқытудың әр кезеңіне лайық оқыту әдістерін таңдағанда, физикалық эксперименттің, теорияның орнын және қатынасын анықтағанда т. б жағдайларда қолданылады.
3. Орта мектептің қазіргі кездегі даму кезеңінде физиканы оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері мен міндеттері.
Физиканы оқытудың өзекті мәселелері қазіргі кездегі білім берудің даму ерекшкліктеріне байланысты болады. Олар:
- Білім берудің компьютрленуі;
- Жаңа педагогикалық технологиялардың еңгізілуі;
- Физикалық оқу экспериментінің проблемалары;
- 12-жылдық білім беруге көшу;
- Өз бетінше білім алу проблемалары.
- Физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері
- Физикадан оқу бағдарламалар мен оқулықтардың мазмұнын анықтау және жетілдіру;
- Берік білім алуды және білік пен дағдылардың қалыптасуына жағдай жасауды камтамасыз ететін, оқытудың тиімді әдістерін және педагогикалық технологияларды жасақтау;
- Қазіргі қоғамның өмірінде физиканың ролін көрсету.
Қазіргі кезде физиканы оқытуда бірінші орында оқушыларды өз бетінше білім алуға және білімді табуға үйрету, критериалдық ойлауды және танымдық қабылеттерін дамыту мәселелері тұр.
Бақылау сұрақтары:
- Физиканы оқыту әдістемесі.
- Физиканы оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері.
- Орта жалпы білім беретін мекемелердегі оқу процесін реттейтін құжаттар.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Акитай Б. Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет.
2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6.
- «Основы методики преподавания физики», В. Г. Разумовский, А. Н. Бугаев, Ю. Н. Дик и др. -М, «Просвещение», 1984г., 397с.
- «Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В. П., Усова А. В. Алматы, «Мектеп», 1978ж.
- Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010.
- «Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж.
- Анциферов Л. И., Пищиков И. М., Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г.
- Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. Под ред. С. Е. Каменецкого, Л. А. Ивановой-М. : Просвещение, 1987. -336 с.
Лекция 2 Физика пәнін мектепте оқытудың негізгі міндеттері.
Жоспар:
1. Физика ғылымының негіздерін оқып-үйрену.
2. Оқушылардың ойлау және танымдық қабылеттерін дамыту.
3. Ғылыми дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру.
4. Политехникалық білім алу.
Дәріс мақсаты: Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін көрсету. Политехникалық оқыту және кәсіби бағыт беру жайында мағұлыматтар беру.
Дәріс мазмұны.
1. Физика ғылымының негіздерін оқып-үйрену.
Физикалық білімсіз қазіргі толық отра білімді елестету мүмкін емес. Физиканы тереңдетіп оқыту мақсатында қазіргі кезде орта мектептерде бейіндік оқыту енгізілуде. Мектепте физиканы оқытудың бірінші кезектегі міндеттері мыналар: оқушыларға қазіргі деңгейдегі физика негіздерін қамтитын білім жүйесін беру - физикалық құбылыстар; материя қозғалысының түрлі формаларына қатысты маңызды заңдар; негізгі физикалық теориялар; ірлелі тәжірибелер мен фактілер; ғылыми көзқарастардың дамуы және негізгі жетістіктер жайлы физика тарихынан мәліметтер; физикалық құбылыстарды зерттеу әдістері; қарастырылатын заңдылықтардың практикалық қолданылуы.
Физика негіздерін оқып-үйрену деңгейі мектеп бағдарламасымен анықталады. Оқу бағдарламасында жалпыламалаудың түрлі деңгейлері белгіленген: тәжірибелік фактілер, түсініктер, физикалық шамалар, заңдар мен принциптер, теориялар, қазіргі кездегі әлемнің физикалық көрінісі. Мектеп физика курсында келесі іргелі теориялар оқытылады: механика, молекула-кинетикалық теория, электродинамика арнайы салыстырмалық теория негіздерімен және кванттық физика.
2. Оқушылардың ойлау және танымдық қабылеттерінің дамуы.
Физиканы оқытудағы негізгі міндеттердің бірі оқушылардың ойлау және танымдық қабылеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың миын қозғап жұмыс істету үшін оларға дұрыс және ойды дамытатын логикалық сұрақтар қою керек. Бұған дифференсациялап оқыту тура келеді.
Танымдық қабылеттің дамуы көп жағдайда, физиканы оқып-үйрену мақсаттарын түсінуге, пәнге қызығуға және оқытудың мотивациясына байланысты болады. Әр жас адамда танымға талпыныс бар болатынын ескере отырып мүғалім танымдық қабылеттерін оятып оқушыны қызықтыру керек. Оқушылардың ойлау және танымдық қабылеттерін дамытуға бағытталған оқытудың түрлі әдістері бар.
3. Ғылыми дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру.
Физиканы оқу барысында оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру процесі мына негізгі элементтерді қамтиды: физикалық құбылыстардың материалдылығын анықтау; құбылыстар арасындағы байланысты және физикалық заңдардың объективтік сипатын, табиғат заңдарын зерттеп тануға болатындығын ұғыну; қазіргі кездегі әлемнің физикалық көрінісі туралы оқушыларда көзқарас қалыптастыру.
Оқушыларда ғылыми дүниетанымдық көзқарас қалыптастыруда физикалық түсініктерді қалыптастырудың әдістемесінің маңызы өте зор. Бұл мәселенің шешімі оқу үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады. Оқу процесі ғылыми таным цикліне сәйкес болуы кажет: ғылыми фактілерді жинақтап жалпыламалаудан проблеманы анықтауға, одан гипотеза (болжам) құру, құбылыстың абстракциялық моделін құру және заңдылықтарды анықтау, сонан соң - теориялық қорытындылар жасап іс-тәжірибеде тексеруге немесе алынған нәтижелерді практикалық қолданысқа. Мұнда оқушыларға қоғамдық іс-тәжірибенің маңызын таным көзі ретінде, моделдердің ролін, қолданыс шекарасындағы теория қорытындаларының дұрыстығын және практиканың маңыздылығын білім ақиқаты категориясы ретінде көрсету керек.
4. Политехникалық білім алу.
Физиканы оқытудың тағы да бір негізгі міндеттерінің бірі - оқушылардығ политехникалық білім алуы, қоғамға пайдалы жұмыс атқаруға және саналы түрде болашақ мамандығын таңдауға дайындау.
Физика табиғат туралы барлық ғылымдармен, философиямен тығыз байланысты және техниканың теориялық фундаменті болып келеді. Оның теориялары мен әдістері химияда, астрономияда, биологияда, геологияда және көптеген техника салаларында кеңінен қолданылады. Мұның бәрі физиканы политехникалық білім беруге міндеттейді.
Физикалық құбылыстарды жан-жақты және терең оқып-үйрену, оларды тұрмыста және техникада, адамдардың практиалық іс-әрекеттерінде қолдануды қарастыру болып табылады. Сондықтан, физиканы оқыту барысында, оқушылардың политехникалық білімінің болмысын құрайтын, заманауи техниканың физикалық негіздері ашылады,
Оқушылардың политехникалық білімдерін жетілдірудің және оларды еңбекке баулудың маңызды құралы - қолданбалы физика мәселелерін оқып-үйрену. Оларға физикалық приборлардың, машиналар мен механизмдердің, электрондық құрылғылардың жұмыс істеу прициптері, материалдардың қасиеттерін олардың құрылымының негізінде түсіндіру, түрлі технологиялық процесстердің физикасы, физикалық құбылыстарды түрлі салаларда қолдану жатады. Мұндай матералдарды жүйелеу үшін ғылыми-техникалық прогрестің түрлі бағыттарымен байланыстырып жалпыламалау сабақтарын өткізу керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Физикалық ойлау дегенді қалай түсінісіңдер.
2. Оқушылардың ғылыми-техикалық ойлауы дегенді қалай түсінесіңдер.
3. Оқушылардың ойлауын дамыту қалай жүзеге асады?
4. Политехникалық оқыту және кәсіптік бағыт беру қалай жүзеге асады?
5. Физиканы оқытудың негізгі міндеттерін көрсетіңдер.
6. Физиканы оқыту әдістемесін түсіндіріңдер.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Акитай Б. Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет.
2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6.
3. «Основы методики преподавания физики», В. Г. Разумовский, А. Н. Бугаев, Ю. Н. Дик и др. -М, «Просвещение», 1984г., 397с.
4. «Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В. П., Усова А. В. Алматы, «Мектеп», 1978ж.
5. Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010.
6. «Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж.
7. Анциферов Л. И., Пищиков И. М., Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г.
8. Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. Под ред. С. Е. Каменецкого, Л. А. Ивановой-М. : Просвещение, 1987. -336 с.
Лекция 3. Қазіргі кездегі физиканы оқыту тұжырымдымасы
Жоспар:
1. Мектеп физика курсын оқытудың бірінші және екінші басқыштардағы мазмұны мен құрылымы.
2. Физиканың пропедевтикалық курсы.
3. Мектеп физика курсының даму перспективасы.
4. Физика курсының химиямен, биологиямен, математикамен, жаратылыстанумен және оқушыларды еңбекке баулу пәндерімен байланысы.
5. Пәнаралық байланыстың әдістемелік және дидактикалық маңызы.
Дәріс мақсаты: Пәнаралық байланыс, пәнаралық байланыс түрлері жайында мағлұмат беру.
Дәрістің мазмұны.
Мектеп физика курсын оқытудың бірінші және екінші басқыштардағы мазмұны мен құрылымы.
Орта мектепте физиканы оқытудың үш түрі болуы мүмкін: радиалдық, концентрлік және басқыштық.
Физика курсын оқытудың радиалдық құрылуында оқу материалын оқыту реттілігі мынандай болады - бағдарламаның әр бөлімі, тақырыбы және сұрағы курсты оқу бойында бір-ақ рет өтіледі. Физиканы оқытуда оқу материалының қиындығы бірқалыпсыз өзгеруі, оқушылардың даму дәрежесіне сәйкес келмеуі радиалдық құрылудың негізгі кемшілігі болып табылады.
Концентрлік құрылуда оқуға берілген барлық материал екіге бөлінеді: барлық бөлімдердегі жеңіл сұрақтарды бірінші өтіп алады да, сонан соң сол бөлімдердегі қүрделірек сұрақтарды өтеді. Мұнда бір концентрдің мазмұны келесі концентрді оқығанда қайталады.
Қазіргі мектепте физика курсын құрудың үшінші тәсілі қолданылады - басқыштық. Курстың басқыштық құрылуы мынандай: оқу материалы қиындығына қарай екіге бөлінеді, кейбір бөлімдер мен тақырыптар, екінші басқышта қайталанбастан, тек бірінші басқышқа енеді; басқалары тек екінші басқышта өтіледі, бірақ екі басқышта да кездесетін бөлімдер мен тақырыптар бар.
Физиканы оқыту деңгейлеріне сәйкес бірінші және екінші басқыштарды ажыратады. Қазіргі мектепте бірінші басқышта 7-9 сыныптарда интеграцияланған «Физика және астрономия» курсы оқытылады. Екінші басқышта 10-11 сыныптарда физика курсы жүйелі турде өтіледі. «Физика және астрономия» пәні негізгі мектепте оқытылады және барлығына міндетті пән болып табылады. Физика пәнін жоғары сыныптарда оқиды.
Екінші басқыштағы физика пәнінің құрылымы: І. Механика ІІ. Молекулалық физика ІІІ. Электродинамика ІV. Кванттық физика.
Бірінші және екінші басқыштарда физиканың әр бөлімінің мазмұны ҚР БҒМ бекіткен үлгілік бағдарламамен анықталады.
2. Физиканың пропедевтикалық курсы.
Физика курсы жүйелі оқыту екінші басқыштан басталады. Оның алдында өтілетін «Физика және астрономия» курсы жоғары сыныптарда оқытылатын физика курсына қатысты пропедевтикалық болып табылады. «Пропедевтикалық» деген сөз дайындық деген мағынаны білдіреді. «Физика және астрономия» курсы үшін төменгі сыныптарда «Қоршаған әлем», «География», «Жаратылыстану» пәндерін оқығанда өтілетін оқу материалдары пропедевтикалық болып табылады.
3. Мектеп физика курсының даму перспективасы.
Мектепте физика курсын оқытудың дамуы физика ғылымының дамуына, қоғам өміріндегі оның маңыздылығына байланысты. Қазіргі кезде адам өмірінде физиканың алатын орнына баға берудің өзі қиын. Осыған байланысты мектепте физика негіздерін оқып-үйренудің бүкіл адамзат үшін мағынасы өте зор болып тұр.
Мектеп физика курсының мазмұны, нақты оқытылатын оқу материалдары көп жылдар бойы өзгермейді, өйткені физика - фундаменталды ғылым. Әдістемелік тұрғыдан құрылымдық өзгерістер болуы мүмкін - орта мектепте физиканы оқытудың формалары, әдістері, реті өзгереді.
2015 жылдан бері 12-жылдық білім беру жүйесіне көшу басталады. Физика пәнін оқуға бөлінген уақыттың ұлғайуына байланысты кешекте физика курсы кеңірек және тереңірек оқытылатын болады. Оқу процесіне физика пәнін бейін алды және бейіндік оқыту іске асырылуда. Бейіндік оқыту жоғары сыныптарда жүргізіледі, оның алдында бейін алды оқыту жүргізілуі тиіс. Бейіндік оқытудың негізін оқушылардың таңдауы бойынша жүргізілетін элективті курстар құрайды. Элективті курстар оқушыларға келешек мамандығын таңдауға себін тигізеді. Оқушыларды өзінің жеке білім алу траекториясын таңдауға мүмкіндік пайда болады.
Жастар мектеп жасында физика негіздерін саналы түрде менгеретіндігіне нлкен үміт артылуда. Физика курсын өз бетінше меңгеру мәселесіне үлкен назар аударылуда. Оқыту процесі өзіндік оқу әрекеттерін және сын тұрғысынан ойлау қабылеттерін дамытуғабағытталуы тиіс, оқушыларды өз бетінше білім алуға үйрету қажет.
Орта мектепте физика курсын оқыту оқушының жан-жақты дамуына әсер ететін интербелсенді әдістерді кеңінен қолдануды көздейді. Телекоммуникациялық ақпараттық технологияларды тиімді қолдану физиканы оқыту процесінің міндетті құрамдық бөлігі болып табылады.
4. Физика курсының химиямен, биологиямен, математикамен, жаратылыстанумен және оқушыларды еңбекке баулу пәндерімен байланысы.
Физика және химия курстарының байланысы. Физикалық және химиялық ғылымдар өзара тығыз байланыста болып келеді. М. В. Ломоносовтың айтуынша, «химия мен физика біреуі екіншісіз жетілген күйде бола алмайтындай өзара байланған». Бұл ғылымдардың қазіргі жағдайы бұлай айтуға негіз бола алады.
Мектеп тегі физика және химия курстары үшін байланыстың келесі аспекттері маңызды - түсініктерді оқып-үйренудің уақыт бойынша үйлесілуі және түсіндірілуі, бұл пәндерге ортақ түсініктер мен заңдардың жаймен қалыптасуы, оқу материалдарын меңгергенде қайталануды болдырмау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz