Орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

№ 1 дәріс

Тақырыбы : Қазақ тілін оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері

Мақсаты : Қазақ тілінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық - теориялық негіздері туралы мағлұмат беру. Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны талдау әдістері туралы түсінік беру

Қаралатын мәселелер :

  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
  • Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері
  • Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
  • Қазақ тілі және пәнаралық байланыс.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаныҚазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?) ; 2) мазмұны (нені оқыту керек?) ; 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?) ; 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?) ; 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.

Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері. Зерттеудің теориялық әдістері. Ең алдымен назар зерттелетін құбылыстардың, процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады. Соңғы жылдары оқыту әдістемесінде жүйелі құрылымдық әдіс қолдана бастады. Оның мәнісі - зерттеу өзара байланысты элементтерден құрылған біртұтас жүйелерінде қаралады, элементтер арасындағы өзара байланыстылық пен қарым-қатынасқа басты назар аударылады. Осыған сәйкес оқыту әдістемесінде мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты анықтау қажеттілігі туады (яғни оқыту мен білім алу), оқытудың мақсаттарымен, мазмұнымен, әдістері, құралдарымен, оқушылардың білімді қабылдауы, дамуы және тәрбиелену арасындағы байланыстарды анықтау қажет болады Оқытудағы жүйелі- құрылымдық әдіс сабақтың мақсатын анықтауды, осы мақсаттарға байланысты оқытудың мазмұнын, әдістері мен құралдарын сұрыптап ала білуді, сабақтың тиімділігін бағалауды көздейді. Жүйелілік әдіс мұғалімнің бағдарлама бойынша бірнеше сабақты жоспарлап, дайындалуына мүмкіндік береді, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары, мазмұны, оқыту әдістері жағынан, оқушылардың танымдық әрекетінің сипаты жағынан өзара байланыстылығы сақталады.

Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.

Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар¬дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.

Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан- жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.

Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.

Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Қазақ тілі және пәнаралық байланысы.

Қазақ тілі мен басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шетел тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т. б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б. ) жол ашылады. Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі.

№ 2 дәріс

Тақырыбы : Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары

Қаралатын мәселелер :

  • Қазақ тілі пәнінің алғашқы бағдарламаға дейінгі оқытылу жайы;
  • Әдістемелік мұра және оны танып-талдау әдістері мен жолдары
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесінің классиктері (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы, Т. Шонанұлы, Қ. Жұбанов, Қ. Басымов т. б. )
  • Қазақ тілі пәнінің бағдарламалық - окулықтық құрылымының жасалуы

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары. Біздің дәуірімізге дейінгі заманда-ақ ұлы Конфуций (б. д. д. 551-479) былай деген екен: «Өткенді әспеттей отырып, жаңаның мәнісін түсінген кісі ғана, мұғалім бола алады». Ұлы философтың бұл тұжырымы қашанда өзекті деп ойлаймыз. Себебі, әдістеме ғылымының даму тарихында, оның ғылыми тереңдігін ашуда ғалым - әдіскерлердің алатын орны ерекше. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымын дамытуда, оның ғылыми тереңдігін, мән-маңызын айқындауда, қазіргі күні де өзекті мәселелерін көрсетуде, тың теориялардың негізін қалауда жеке тұлғалардың - ұстаздардың қосқан үлесі айрықша. Елімізде қазақ тілін оқыту мәселелері Ы. Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Ы. Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясы” және “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бстауыш құралы” оқулықтарын жазды. Қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашу жұмыстарын тұңғыш рет дыбыстық әдіс бойынша ұйымдастырды. Оқулыққа жазылған алғы сөзінде мынадай түсінік береді: “Сегіз бөлімге бөлініп берілген зат аттарын оқушылар жаттап алғаннан кейін, әрбір бөлімнің соңында берілген грамматикалық ережелерге “Құралда” берілгеннен де молырақ тоқталу қажет және келтірілген үзінділерге сәйкес оқушыларға сәйкес оқушыларға жаңа сұрақтар қойып, теориялық мәліметтерді олар игеріп алғаннан кейін соған сәйкес мысалдарды көрсетіп беру керек ”, - деп, сабақтағы баланың дағдысын қалыптастыратын ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарына, ойын дұрыс жеткізіп, еркін сөйлеп, сауатты жаза білуге үлке мән берді.

Халықтың сауатын ашу мақсатында ең өзекті мәселе оқулық жазу мәселесі және оны жазудың әдістемесі алдыңғы қатарды тұрды. 20-30 жылдарда тіл мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары (грамматикалық), сөздіктер және басқа құралдар жасаудың жолында еңбек етті.

Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап көтерілген оқу -ағарту мәселесі қазақ қоғамы үшін әлеуметтік мәнәндегі үлкен проблема болса, оны іс жүзінде қолға алған тұңғыш ағартушы Ы. Алтынсарин болса, оны жалғастырушы А. Байтұрсынов болды. А. Байтұрсынов қазақ мәдениетінде жалаң ағартушы ғана емес, ғалым ағартушы. 1929 жылы 5 мамырда А. Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген “газет және журналдарда жарияланғаннан бстап ғылыми, ғылыми - методкалық еңбектердің тізімі” деген құжат ҚазПҰУ - дың архивінде сақталған Олар мыналар:

Тіл құрал (1- бөлім. Фоентика) . 2. Тіл құрал (2 - бөлім. Морфология) . 3. Тіл құрал (3- бөлім. Синтаксис) . 4. Әдебиеттанытқыш. 5. Баяншы (методикалық жазбалар) . 6. Тіл жұмсар. (1- бөлім. Практикалық грамматика) . 7. Тіл жұмсар. (2- бөлім. Практикалық грамматика) . 8. Оқу құрал (Балалар әліппесі) . 9. Әліппе. 10. Сауат ашқыш (ересктер әліппесі) . 11. Әліппе - астар (әліппеге методикалық нұсқау) . 12. Қырық мысал. 13. Маса. 14. Оқу құрал (Хрестоматия) .

Ол қазақ тілі мен әдебеитін пән ретінде қазақ тілінде тұңғыш баяндаушы адам. Осы күнгі қолданылып жүрген терминдердің баршасы, сөз таптары лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтыкі.

Қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты 1910 жылдардан бастап, 1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жариялаған. Жазу таңбаларын (әріптерді) түсіндіретін “Баяншы” атты кітапшасы 1912 жылы жарық көреді. Бұл еңбегінің 1920 жылы Қазанда шыққан басылымында автор бұл құралды 14 жыл бойы бала оқытқан 1895 - 1909 жылдар тәжірибесінен шығарып жазғандығын айтады. Бұл көлемі жағынан өте шағын небары он бес -ақ беттен тұратын, бірақ мазмұны жағынан енді -енді ғана қалыптасып келе жатқан әдістеме үшін баға жетпес құрал болды.

А. Байтұрсынов 1927-1928 жылдары “Жаңа мектеп” журналында “Ана тілінің әдісі”, “Зерттеу мен суретшілік әдісі туралы”, “Жалқылаулы - жалпылаулы әдісі”, “Қай әдіс жақсы?” “Ана тілінің әдісі” деген методика мәселелерін сөз ететін мақала жариялайды.

Мектеп балаларына арналған оқулқтарында болсын, “Сауат ашқыш” та болсын А. Байтұрсыновтың иллюстративтік материалдарды ұсынуда үлкен тәрбиелік әрі тіл ұстарту мүддесін көздегені байқалады. Автор жалпы оқулықққа тән “жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге” деген принципті ұсынғандықтан, бірінші басқыш мектеп балаларына арналған материалды аса түсінікті етіп беруді көздейді. Сондықтан мысалдарды қазақ баласына таныс мақал - мәтелдерден, нақыл сөздерден, мысалдардан алады. Олардың барлығы дерлік адамгершілікті, адалдықты, еңбек сүйгіштікті, т. б. сол сияқты игі қасиеттерді уағыздайтын дидактикалық мәні зор мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, өлең жыр жолдары болып келеді.

“Баяншы” (Қазақ мұғалімдері үшін) Қазан, 1920 жыл 8600 тиражбен жарық көреді.

Сөз басы.

Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды. Оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады. Үйретушінің де жігері құм болмай ісі ілгері оңай жылжыған сайын оқуға жағады, зорайып шабыттанады. Оқу барысында қиын болса балалар миға (ұйыққа) түскен мал секілді малтығып жылжи алмай қиналады. Екі жақтың да жігері кеміп, шабыты болмайды. Шабыттанып істемеген іс оңды да болмайды.

Сондықтан әліппе кітабы оңай болып, оқытқанда балаларды аз қинаса соғұрлым жақсы болмақшы. Әліппені балалар жақсы оқып шықса, онан әрі оқуға ықыластанып, талаптары қанат байлағандай көтеріліп, зораймақшы. Осыны ойлап, әліппе оңай болмағын көздеп, бірінші, әліппенің басынан аяғына дейін оңай һәм қысқа сөздерді алдым.

Адамның өзінде кәмілдік болмаған соң ісінде де кәмілдік жоқ. Сондықтан, 14 жыл бала оқытып, аңғарған, сезген, білген, іс көргендігім болса да, әліппе мінсіз болмайды. Ұнамсыз мінсіз жерін аңғарған адамдар көрсетсе, көп -көп алғыс айтамын. Автор.

Қай әдіс жақсы?

Жалғыз әліп би үйретудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Сол әдістердің әр әдісқой өзінше өзгертіп, қолданған түрлерін сөз қылмақ, әдіс түрлерін түгесе алмас едік. Бұған дейін сөз болған әліп үйрету әдістердің ішіндегі әдістердің негігі түрлерін алып, солардың қайсысы жақсы деп сауал қоймақ болсақ, оған ешкім мынасы жақсы, мынасы жаман деп кесіп айтып, тура жауап бере алмайды.

Орыс данасы Лев Толстой (бала оқытып тәжірибе жасаған адам) : “Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтың белгісі бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі түрлі әдісті білу, керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тиісті. Оларды өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек. ”Әдіс - керешіліктен шығатын нәрсе. әдістің жақсы - жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау ісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды.

Сауаттау әдісі - жаза біліп, оқи білмейтін адам бола ма?

Жоқ. Жаза білетіндер оқи да біледі. Олай болса сауаттылық негізі оқу бола ма, жазу бола ма?

Әрине, жазу болады.

Сауаттау әдістерін сынағанда оларға оқу үйрететін әдіс деп қарамай, жазу үйрететін әдіс деп қарау керек деген болады, жаза білдіруге қолайлы әдіс оқи білдіруге де қолайлы болады. Сауаттау әдісі дегеніміз - соны білдіруге жұмсалатын түрлі әдістердің шумағы болады. Жазу - әріптердің сүгіретін сала тізу, жазу әріптердің дыбыстарын айта тізу. Әдісін алғанша қай істе болсын қиын болады. Әдісін алған соң қай әдіс болмасын, оңайланады.

Жалқылау (айырыңқы) әдіс

Жалқылау әдіс - жалпылау әдіске қарсы жөіндегі әдіс. Жалқылау әдістің жалпылау әдістен артықшылығын қуаттайтын пікір 18 ғасырдың аяғында Франция елінде дүниеге келген. Бұл әдіс негізінде баланы бір нәрсемен таныстырғанда оның бөлімдерінен бастап таныстырмаймыз, тұтас тұрған тұлғасында таныстырамыз.

Ал, жалпылау әдісінде ірі материал алынып, содан соң ғана бөліктерге бөлініп түсіндіріледі. Мысалы, бір сөйлем беріліп, содан соң оны құрауға негіз болған сөздің әрқайсысына оқушының назарын аударамыз.

Жалқылаулы - жалпылаулы әдіс, екі әдістің бірігуі негізінде топтастырылған. Бұл әдістің өзі қолдану жүзіндегі баспалдақтарына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

1. Шағын сөзді деген түрі. Мұның негізі балаларға шағындап алынған әрбір сөздің оқуы мен жазуын білдіру.

Суреттер болмақ.

Суреттегі нәрселердің атын көрсететін баспа да, жазба да сөздер болмақ.

Сол сөздерге ұқсас басқа да сөздер болмақ.

Үйретілген әңгімелерден жасалған қысқа - қысқа әңгімелер болмақ.

Түгел күйінде әліп - би ретімен жазылған әріптер болмақ.

2. Жазу -оқу деген түрі.

Біреулер оқуды жазу арқылы үйретуді айтады. Негізінде жазудан оқуды бастаған дұрыс. Мұны былай дәлелдейміз. Жазу жоқ кезде оқу жоқ. Оқудан жазу бұрын дүниеген келген. Оқуды жазу тудырған дейді. Оқу білмейтін адамды үйреткенде жазу мен оқудың пайда болған жолымен жүру керек дейді. Бұрын оқу алда жүріп, жазу артта жүретін. Жазу - оқу әдісі шыққаннан кейін екеуі қатар жүретін болды.

3 . Дыбысты әдіс.

Дыбысты әдіспен үйреткендегі істелетін істің негізгі бес түрі:

Әңгімелесу. Бұл балалардың бойын үйрету үшін істеледі. Әңгімелескенннен кейін балалар оқытушыға үйір болады. Оқытушы балалар жайын біледі. Әңгіме арқылы мектептің жүру - тұру тәртібімен танысады.

Оқуға даярлайтын істер. Бұл әуелі сөз деген ұғым мен дыбыс деген не нәрсе екенін білдіру.

Сөзден дыбыстарды айыртып шығарту. Дыбысты айырту үшін мұғалім ең алдымен бір сөзді алады. Оны буынға, дыбысқа бөледі. Дыбыстарды айыра білу - соңына жазуға керегі бар нәрсе, дыбыстарды құрастырып сөз қыла білу.

Әріптермен таныстыру. Дыбыстарды айыра білгеннен кейін әріп таныстыруға кіріседі. Әріптермен әліп - бидің реті бойынша таныстырады. Дыбыс таңбасын әріп деп аталатынын көрсету.

Білген әріптермен сөз құрау, соны оқыту. Әрине, бала әріпті танып, жазлған сөзді оқыса, ол енді сөздердің басын біріктіріп сөз құрай алады. Жазылған сөздерді оқи да алады.

Сейіл Жиенбайұлының көрнекті ғалым әдіскер ретінде қалыптасуына, орта мектепке, арнаулы орта және жоғары оқу орындары үшін оқулықтар мен оқу құралдарын кешенді түрде жазуына қазақтың ұлы ұстаздары Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлының еңбектері мен тәжірибелік мол ықпалын тигізді. Сейіл Жиенбайұлы - Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектеріне алғаш әдістемелік тұрғыда талдау жасап, өз тұжырымдамаларын түзеген ғалым - әдіскер.

Сейіл Жиенбайұлының ғылыми - шығармашылық кезеңі - 1930 - 1950 жылдары қазақ тіл білімінің, қазақ тілін оқыту әдістемесінің өрлеу кезеңі болды. Сейіл Жиенбайұлы осы кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымында мол да жемісті еңбек еткен ғалымдардың бірі. Сейіл Жиенбайұлы өзіне дейінгі қазақ, орыс, шетел ұстаздарының еңбектерін оқып, зерделеп, өз сыни объективті тұжырымдарын түзеген, олардың үздік ой - пікірлерін үлгі ете білген, дамыта білген.

Сейіл Жиенбайұлының ғылым-әдістемелік мұраларын былайша саралауға болады:

I. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі.

1. Бастауыш мектепте кітап оқыту әдістемесі.

2. Хат таныту әдістемесі.

а) бастауыш мектеп жасындағы балаларды сауаттандыру;

ә) Үлкендерге хат (сауаттандырау) таныту әдістемесі;

3. Бастауыш мектепте тіл дамыту әдістемесі

а) Ауызша тіл дамыту;

ә) жазбаша тіл дамыту;

II. Орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі.

1. қазақ тілінің грамматикасын оқыту әдістемесі.

2. Тіл дамыту әдістемесі.

III. Арнаулы орта және жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту әдістемесі. Осы салада қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымында Сейіл Жиенбайұлы алғаш арнайы оқулық жазған ғалым-әдіскер екенін дәлелденеді. Бұған дейін мұндай оқулық болмаған.

IV. Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесі.

а) Өзге ұлт өкілдеріне екінші тіл үйренудегі психологиялық заңдылықтардың (оқу, жазу, тыңдау, грамматикалық ережелерді меңгеру) компоненттерін жаңаша дамытуды, өзіндік нақышта жетілдіруі. Ғалым бұл компоненттердің түпкі мақсаты-оқу мәдениетін, жазу мәдениетін, тыңдау мәдениетін, сөйлеу мәдениетін, грамматикалық білім алу мәдениетін қалыптастыру деп түсінеді де, осының барлығы сайып келгенде, жалпы білім алу мәдениетін құрауы тиіс деген тұжырым жасайды.

Сейіл Жиенбайұлының еңбегі - «Қазақ тілі методикасы» оқулығы қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихында осы арнадағы алғашқы еңбек. Бұл оқулық тұңғыш рет Қазақстан Мемлекеттік Біріккен баспасынан 1941 жылы жарық көрді. Жауапты редакторы - әдіскер Әлішер Садуақасов. Кейінен жаңа алфавиттік (кириллициаға) көшкеннен кейін 1946 жылы екінші рет басылым көрді. (Осы жөнінде екінші басылымның редакторы болған Ғали Бегалиев кітаптың алғы сөзінде былай деген: «Қазақ тілінің методикасы» жаңа алфавитке көшуден бұрын баспаға дайындалып, 1941 жылы латын алфавитімен басылып шыққан. Түрлі себептермен кітап екінші рет басыла алмай келді. Мектептерде қазақ тілін оқытқандар үшін де, педагогика институттарының студенттері үшін де кітап аса құнды, сонымен қатар, бірден- бір методикалық құрал болып табылады. Осы жағын ескеріп, авторы Сейіл Жиенбаевтың қайтыс болуымен байланысты, соған ескерткіш ретінде Оқу Министрлігі кітапты екінші рет бастырып шығаруға ұйғарған болатын . . . Кітап ана тілі методикасының толық курсы болмағанымен, методиканың бірсыпыра басты мәселелері тиянақты түрде талданып, қазақ тілінің өзіне тән ерекшеліктері ұсынған методикалық әдістерінде еленіп, дұрыс шешілген. Бұл жөнінен кітапқа өзгеріс я қосымша енгізілген жоқ») .

Оқулық Сейіл Жиенбайұлының Абай атындағы Алматы педагогикалық институтында және мұғалімдер институтында оқыған дәрістердің коспектілерінен тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, бұл - монографиялық еңбек. Мұнда қазіргі ана тілін оқыту әдістемесінде, шетел тілдерін оқыту әдістемесінде жаңалық (инновациялық) аталып жүрген әдістемелік бағыттардың қайнары бары байқалады.

Сейіл Жиенбайұлының «Қазақ тілі методикасында» өткеннің ізі, болашақтың белгісі бар. Бұл оқулықты оқу курсының сәтті шыққан инварианты деуімізге әбден болады. Дегенмен, ол кезеңде лингвистика, социопсихолингвистика, психология, педагогика сияқты «корпоративті» ғылымдардың енді-енді ғана қарқын алып келе жатқандығын ескеруіміз қажет. Ол кезде, редактордың айтуынша, оқытушылардың қолында әдістемелік құралдар жоқтың қасында еді. Оның үстіне Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектеріне тиым салынған кезең екенін ескерсек, бұл кітапқа зәруліктің қандай болғанын түсіну онша қиынға соқпайды.

Кітаптың мазмұны мынадай бөлімдерден тұрады:

- Кіріспе

- Ана тілі методикасының педагогикалық негіздері

- Грамматика оқыту методикасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні ғылым және оқу пәні ретінд
Қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін басып келген ғалымдар
Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері
Қазақ тілін оқытудың зерттеуі
Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz