Криминалистиканың әдістері


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі
І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Құқық және экономика факультеті
Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
Реферат
Тақырып: Криминалистика түсінігі, тәсілдері және жүйесі
Орындаған: Жубайбекова Э. М.
Топ:ЮҚ-413
Тексерген:Серикова Лаура
Талдықорған қаласы
2020жыл
Жоспары:
1. . Криминалистиканың жалпы теориясы. Криминалистиканың жүйесі.
2. Криминалистиканың әдістері. Криминалистика міндеттері мен функциялары.
Негізгі бөлім:
Бірінші рет “Криминалистика” деген сөзді 21 ғасырда Австриялық ғалым Ганс Гросс пайдаланған, яғни “қылмыстарды ашатын ғылым” деген. Кримимналистика пәні қылмыстармен күресу проблемасын шешуде үлкен роль атқарады. Кримимналистика айғақтарды, айғақ заттарды, дәлелді жинау, зерттеп баға беру, оларды пайдалану және қылмыстардың алдын алу туралы ғылым.
Криминалистика дегеніміз - қылмысты жасау әдістері туралы, тергеуді жүргізу техникасы, тактикасы және методикасы туралы ғылым. Қылмыстарды тергеудің құқықты негізіне- қылмыстық процессуалдық құқықтардың нормасына жатады. Қылмыстың жеке түрлерінде болатын себептері мен жағдайларын анықтап, оларды болдырмайтын шаралар қолданған криминалистика қылмыстылықта қалай тергеу жүргізуді үйретсе, криминоглогия пәні қылмыстылықты қалай болдырмастын, алдын алуды үйретеді. Криминалистика философиямен, этикамен де тығыз байланысты. Психология, логика, физика, химия, математика, биология, тарихпен- басқа ғылымдармен. Құқықтық пәндермен- азамттық құқық, қылмыстық құқық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу, сот медицина, сот экспертология, криминология, жедел іздестіру қызметі
Криминалистика - қылмысты ашуға және тергеуге керекті заттай дәлелдемелерді процессуальдық заңға сүйене отырып, іздеп табу, бекіту, алу, зерттеу үшін пайдаланатын техникалық құралдар, тактикалық тәсілдер мен тергеу әдістемелері жөніндегі ғылым.
Криминалистика ең алдымен Қылмыстық іс жүргізу заңымен тығыз байланысты. Себебі криминалистиканың зерттеп дайындаған тәсілдері мен әдістері кылмысты ашуға, тергеу әрекеттерін тиімді жүргізуге негізделсе, Қылмыстық іс жүргізу заңы тергеу әрекетгерінің жүргізілу тәртібін занды түрде реттейді. Атап айтқанда екі пәннін, де зерттейтіні бір объект - тергеу әрекеті.
Криминалистиканың қылмыстық құқық ғылымымен де тығыз байланысы бар. Қылмыстық құқық ғылымында қоғамға қауіпті қандай әрекеттердің қылмыс қатарына жататынын керсетіп, әр қылмыстын кұрамындағы белгісін талдап баяндайды.
Криминологияның кағидаларын негізге ала отырып, криминалистика тергеушінің жеке істерді жүргізгенде қылмыстың болуына ықпал еткен жағдайларды толық тауып, бұл себептер мен жағдайларды жою жөнінде қандай әрекеттер жүргізу керектігін айтады.
Криминалистикада колданылатын тәсілдер мен әдістер, заттай дәлелдемелерді іздеп табу, оларды бекіту, алу және зертеуге бағытталады. Сондықтан криминалистикада жиі қолданылатын іздеп табу, бекіту, алу және зертгеу деген ұғымдардың мазмұнын талдап оларға түсінік беру қажет.
Криминалистиканың арнаулы міндеттері мыналар:
- криминалистика пәнінің негізін құрайтын обьективтік заңдылықтардың одан әрі кеңейтіп оқып зерттеу, осы ғылымның жалпы және жеке теорияларын дамыту, олардың жалпы әдістемелік негіздерін жасау;
- Заттай жәлелдемелерді, іздерді тауып алу, бекіту, зерттеу үшін керекті жаңа криминалистік әдістер мен тәсілдерді одан әрі өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты жаңа техникалық құралдарды жасап шығару;
- Алдын ала тергеу, сот тергеуінің және криминалистік сараптаманың ұйымдастырушылық, тактикалық және әдістемелік негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекеттерінің тактикалық әдістерін өңдеу арқылы олардың нәтижелігін арттыру;
- Қылмыстардың жекелеген түлерін тергеудің әдістемесін өңдеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу;
- Қылмысты азайту үшін криминалистік сақтық шараларын құқық қорғау органдарына ұсыну;
- Шет елдердегі криминалистика ғылымы жетістіктері мен тәжірибелерін қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін пайдалану.
Криминалистиканың нақты міндеттері тез уақыт аралығында орындалатын сипатта болып келеді; мәселен, осы ғылым алдында өзінің кейбір кезеңінде қылмыстың жаңа түрлерін немесе топтарын тергеу әдістемесін шығару міндеті қойылады.
Криминалистика ғылым ретінде 4 бөлімнен тұрады:
- Криминалистиканың жалпы теориясы
- Криминалистік техника
- Криминалистік тактика
- Криминалистикалық методика
1. Криминалистиканың жалпы теориясы криминалистиканың методикалық негізі болып табылады және жеке теориялар мен ілімдер, криминалистік құралдар, әдістер кіреді. Жеке криминалистік теорияға криминалистикалық идентификация мен диагностика, іздердің пайда болу механизімдері, тергеуді жоспрлау, тергеу болжамдарын құру т. б. жатады.
2. Криминалистік техника - дәлелдерді, техникалық заттарды, іздерді тауып, жинап, қылмыстың алдын алуда, қылмысты ашуда пайдаланылатын құралдарды, әдістерді, әдістемелерді, тәсілдердің ғылыми жиынтығын айтады .
Криминалистиканың техника жүйесі төмендегі тараулардын тұрады:
1) криминалистикалық суретке түсіру және бейнежазу;
2) трасология;
3) сот- балистикасы;
4) қолжазбаларды (таңбаларды) техникалық-криминалистік зерттеу;
5) құжаттарды техникалық криминалистік зерттеу;
6) сырт келбетіне қарай адамды идентификациялау, криминалистік зерттеу;
7) криминалистік тіркеу және есепке алу;
3. Криминалистік тактика дегеніміз ол тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелігін арттарып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, терегеуді ұйымдастыруды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелер жиынтығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz