Қоғамтану


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Оңтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы

Кентау көпсалалы колледжі

Қоғамтану

(Оқу құралы)

Кентау 2011ж

Оқу құралын құрастырған тарих пәнінің оқытушысы:

Байкенжеева. Э. Ш.

Оқу құралы ғылыми әдістемелік кеңес пен жалпы білім беру пәндер бірлестігінің отырысында бекітілген.

Хаттама № 02. 26 қазан 2011 жыл.

Қолдануға Кентау көпсалалы колледжінің педагогикалық Кеңесімен ұсынылған

Рецензент:

Кіріспе

Қазақстан Республикасының құқықтық, әлеуметтік зайырлы және демократиялық қоғамда өмір сүріп, оны ары қарай дамытуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Осы мақсат жолында әр азамат, әсіресе келешек жас ұрпақ өкілдерінің саяси сауатының, демократиялық мәдениетінің деңгейі жоғары болуы шарт. Ал осы аталған құндылықтар ең алдымен қоғам мүшелерінің жаппай қоғамдық білімдерді заман талабына сай меңгеруіне байланысты болмақ.

Қоғамтану оқу құралы-қазіргі Қазақстанда және дүниежүзілік адамзат қауымдастығында болып жатқан үдерістер мен жеке адам өмірінің мәні туралы. Мағлұмат береді кез келген қоғамдық ортада адам өмір сүреді.

Ол қоғамның жігерлі субъектісі, қоғамдық құрылымының бірлігінде, институттарда, ұйымдарында әрекет ететін шешуші тұлға . Ол -белгілі бір ортадағы субъектілер. Оның іс-әрекеті мәнді ашу байлығы мен күрделілігін ешбір қоғаммен теңеуге болмайды. Осы концтуцияларды басшылықа ала отырып, біз бұл еңбекте қоғамның біртұтас әлеуметтік жүйе екендігіне, табиғат пен қоғамның қарым-қатыныасына, құрылымына, бірлігі мен байланысына, адамның мәртебесі мен құқығына, мүдделері мен қажеттеріне, іс-қимылына, адамгершілігі мен өмір сүру мәніне талдау жасалған. Сонымен қатар, қоғамның саяси, эканомикалық, әлеуметтік және рухани салаларына, мәдениет, өркениет, демократия, демография, дін, отбасы олардағы адамның орны мен басқа да қатынастары жан-жақты қамтылады.

Философияны зерттеу әдісі мен объектісі

«Философия» сөзі грек тілінен алынған яғни даналықты сүю деген ұғымды білдіреді. Философия дүниеге жалпылама көзқарастар ретінде көрініс береді. Өзі пайда болғанынан бастап, философия дүниені тұтастай және бірлікте ала отырып зерттелуде. Оның зерттеу объектісі-бүкіл әлем тұтас универсум. Былайша айтқанда «философия» дегеніміз- ойлау жалпыламаға жету жолы. Соңдықтан ол жалпылама нәрселер туралы ой кешу болып табылады. Философияның шешетін бірқатар маңызды мәселелері бар. Философияның негізгі мәселелері деп аталатын олардың кейбіреулері мыналар:

─Дүниенің алғашқы іргетастық негізі не?

─Бізді қоршаған дүние табылама?

─Адам өмірінің шынайы мағынасы неде?

─Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай?

Философияның бұл мәселелері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан негізгі мәселе ретінде олардың біреуін алдыңғы орыңға шығаруға болмайды. Философияда сонымен қоса бірнеше бағыттар бар: Мысалы, материализм және идеализм. Неміс философы В. Шегел алғаш рет оларға классикалық баға берді. Материализм-деп жазды ол бәрін материамен түсіндіреді. Ал материаны алғашқы бастама ретінде барлық нәрсенің қайнар көзі деп қабылдайды. «Материаны рухтан пайда болған» деп түсіндіреді немесе оған материаны бағындырады. Философияның негізгі әдістері. Философияда екі түрлі әдіс қолданылады. Бірі диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, өзгерісте, дамуда деп түсінеді. Екіншісі мемафизикалық әдіс. Бұл-біріншіге қарама-қарсы, дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым. Диалектикалық әдісті ертедегі гректерден Гераклит пен Аристотель қолдаса, жаңа дәуірден Г. Геккель қолдап, ілгері дамытты. Бірақ Геккель идеалистік диалектик болды. Оның пікірінше, диалектикалық тұрғыдан дамитын объективтік шындық емес, тек идеия, қиял, ой, ғажайып. Оның түйіндеуінше, обьективтік шындық дамымайды. Бұл ғылымға қайшы келетін пікір болатын. К. Марксте диалектик болды. Бірақ, оның диалектикасы Геккель диалектикасына қарама-қарсы материалистік диалектика еді. К. Маркс бұл туралы пікірін өзінің еңбегі капиталдың 1ші томының 2ші басылуына арналған соңғы сөзінде сипаттап берді. К. Маркстың пікірінше табиғатта, қоғамда, санада диалектикалық тұрғыда ұдайы өзгерісте, дамуда. Қорыта айтқанда философия адамзаттың рухани табысы. Ол ғасырдан ғасырға бір халықтан бір халық үйреніп, біліп, ұғу арқылы ойдан өрнек құрал, рухани дами береді. Сондықтан қазақ халқының философиялық пікірін ұлттық томаға-тұйықтықпен шектемей, қайта оны қазіргі адамзат ой-санасының жетістіктерімен байыту керек. Тек сол арқылы біз халқымыздың рухани мәдениетін қазіргі заман талабына сай етіп биікке көтере аламыз. Философия-бүкіл адамзаттың даналық ой-пікірі, талғамы, дүниетанымы, көзқарасы. Философия адамға:

─Өзінің дүниедегі орнын түсінуге, өз өмірінің мақсатын ажыратуға;

─Дүниежүзінің жалпылама заңдары мен ұстанымдарын тануға;

─Философиялық даналықты өзін-өзі жетілдіру үшін оны тұтастай, жан-жақты көре білуге,

─Шынайы құндылықтар мен бағдарларды таңдап алуға, қалай болғанда да дұрыс (адаспай, елеске ермей, азапсыз) өмір сүруге үйретеді. Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің бастауы б. з. д. VI-V ғасырлардағы құлиеленуші мемлекеттерде -Қытайда, Үндістанда, Грекцияда болғаны айқын көрінеді. “Философия” сөзін алғаш қолданған Грекциядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды.

Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай қарап босқа қарап тұрған Пифагордан : “Сен кімсің?”- деп сұраған. Пифагор: “Мен философпын”, -деп жауап беріпті. Бұл сөз билеушіге таныс болмағандықтан, Пифагор былай түсіндіріпті : “Өмір дегеніміз-олимпиадалық ойындар сияқты:біреулер оған жарысқа түсуге, екіншілері сауда жасауға ал ең бақыттылары көруге келеді. Кәдімгі өмірдегідей, біреулер-даңқ құмар, енді біреулер-жемқор, ашкөз. Бұлардың арасында тек философтар ақиқат үшін өмір сүреді”.

“Философия” сөзі ежелгі грек тілінен алынған, яғни “даналықты сүю” ( phileo- любить , sophia - даналық ) деген ұғымды білдіреді. Ал даналық ұғымы білімге және ақиқатқа ризасыз қызмет ете отырып, дүниені тастай және бірлікте тануға тырысу.

“Философия” дүниеге жалпылама көзқарастар ретінде көрініс береді. Өзі пайда болғанан бастап, философия дүниені тастай және бірлікте ала отырып зерделеуде. Оның зерттеу объектісі-бүкіләлем, тұтас универсум . Былайша айтқанда, “философия” дегеніміз-ойлау, жалпыламаға жету жолы. Сондықтан ол жалпылама нәрселер туралы ой кешу болып табылады. Философия ғылымының зерттейтін нәрсесін туындайтын айырмашылығы-жалпылама сипатта болуы. Оның негізгі заңары мен ұғымдары табиғатқа, қоғамға, адамға және ойлау қатысты жүреді. Философияның ерекше белгісі-дүниенің тұтастығын, қоршаған дүниенің бірлігін пайымдау. Бұлар кез келген саланың маманы үшін өте маңызды. Өйткені жеке әрқашанда жалпымен тұтаспен байланыста ғана дұрыс түсіндіріледі. Өйтпегенде, халық айтқандай, адам ағаштың қалқасында тұрып, орманды көрмей қалуы мүмкін. “Материалист” және “идеалист” терминдерінің философиялық мағнасын жұтаң санада келтірілгендерімен шатастыруға болмайды. Онда “материалист”деп материялдық игілікке қол жеткізуге тырысатын адамды, ал “идеалист”деп көтеріңкі рухани идеалдармен сипаталатын инведитті айтады.

Философия адамға:

-өзінің дүниедегі орнын түсінуге, өз өмірінің мақсатын ажыратуға;

-дүниежүзілімнің жалпылама заңдары мен ұстанымдарын тануға;

-шынайы құндылықтар мен бағдарларды таңдап алуға, қалай болғанда да дұрыс (адаспай, елеске ермей, азапсыз, . . ) өмір сүруге;

-кез келген мәселені терең зерделеп, дұрыс шешу үшін оны тұтастай, жан-жақты көре білуге;

-философиялық даналықты өзін -өзі жетілдіру үшін пайдалануға;

-өзінің ішкі рухани арқауын шыңдау және өмірде кездесетін қиындықтарды мойымай жеңе білуге үйретеді.

Адам мәселесіндегі көзқарастарға тоқталу

Жаңа заман ойшылдары адамға мынадай анықтама береді. «Адам-ақыл иесі», «Адам-сана иесі», «Адам-мораль және бостандық иесі». Ақыл, сана және бостандық адамнан адамдық жігерлілігінің абстрактсы сипаттамасы. Олардың негізгі заттық-материалдық іс-әрекетте, міндеттерде болуы керек. Адамдар өзін қалайша аңнан ажыратқан? Маркстың сипаттауы бойынша адамдар аңнаң санасына, дініне, жалпы басқада сапасына қарай ажыратылады. Олар өздерінің өміріне қажетті заттарды шығарысымен-ақ өздерін аңдардан ажырата бастайды. Өмірлік қажеттілікті шығара бастап-ақ, адамдар жанама түрде өздерінің материалдық өмірін туғызады. Материалдық өмірді жасау өндіріссіз мүмкін емес. Өндіріс шексіз қайталанып отыратын еңбек процесі бар жерді адамдардың әлеуметтік, мәдени бірлігі-қоғам бар. Еңбек арқылы пайда болған тіл ойлау мен сөйлеуді тудырды. Тілден негізінде сөз жасалады. Адамның жануардан ең басты айырмашылығы сөйлей білуі. Сөз-еңбек әрекеті. Адамның қоғамда өмір сүруіне байланысты пайда болған. Адамның есі жаңуарлардан сөз және сөйлеу қасиеттерімен ерекшеленеді. Сөз және сөйлеу арқылы адам ес құбылысына әсер етеді және басқара алады. Сөз арқылы, сөйлеудің нәтижесінде адамдардың өзара қатынасы жоғары тиімділікке ие. Адамдар тіл арқылы өздерінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені түсінуге, оның мәнін ұғынуға ұмтылады. Тіл арқылы тек өзара ұғыну процесі ғана емес, сонымен бірге басқаның да ойын қабылдау, өзіндік жеке түсінікті жеткізу мүмкіндігі пайда болады. Сөйтіп, адамдардың күнделікті, өте күрделі ақпараттық хабарларды қабылдай отырып талдап, қорытынды шығаруына жағдай туады. Тілдің материалдық негізі адамды қоршаған дүниеде. Адамдардың табиғаттан бөлініп шығуды да тілдің пайда болуына байланысты. Адам жаратылысынан іс-әрекет етуші, оның барлық ерекше қажеттері еңбектің нәтижесінде, тарихи дамуымен қалыптасқан. Бұл жағынан адам еңбекке қарыздар. Еңбек адам қажеттілігін жай қанағаттандырып қана қоймайды, оны ардақты етеді. ХIХғасырдың бас кезінде француз ғалымы Ж. Б. Ламарк адамның жерде жүруге бейімделген маймыл тектес ата-тектен шыққандығын айтты. Ағылшын ғалымы Ч. Дарвин 1871жылы «Адам-тіршіліктің тарихи даму сатысындағы ең жоғарғы әрі соңғы буын деп көрсетті. Ол: «Адам мен адам тәрізді маймылдардың арғы ата-тегі бір», - деген тұжырым жасады. Кез келген адамның ерекше биологиялық және психологиялық сипаты болады. Ол оның тәртібін анықтамайды, ол жеке, даралық сипат береді. Адамның тумысынан физиологиялық құрылымы болады, яғни ол-жеке биологиялық организм. Сондықтан кез келген адамның жеке биологиялық сипаты:нерв жүйесі, зат алмасуы, даму ерекшелігі болады. Сонымен қатар адамның туысынан қалыптасқан психологиялық сапалары бар. Олар: ерік, мінез-құлық, ойлау, бақылау, сенім, қабілет құштарлық, темперамент және т. б. жатады. Адам тумысынан бүкіл адамзаттық сапаларға ие болып тумайды, биологиялық құрылым болып туады. Кең көлемде алғанда, адам мәдениетті қабылдау барысында адамның табиғатында мәдениетті қабылдайтын, қоғамға ене алатын әлеуметтік сапа қалыптасады. Адамның адам болып қалыптасуына шешуші әсер ететін жағдай бірліктегі ұсақ әлеуметтік топтар: отбасы, достары, мектеп және еңбек ұжымы т. б. Отбасы, мектеп, достар адамның мәдени құндылық жүйесін қалыптастырады. Адамды адам етіп қалыптастыру екі кезеңнен тұрады: кәмелетке жеткенге дейінгі және кәмелетке жеткеннен кейінгі. Әрбір жеке адамның өзінің идеясы және мақсаты, ойы мен сезімі болады. Бұл оның тәртібінің мазмұнын, дараланған сапасын анықтайды. Адамдардың материалдық-өндірістік қызыметінің нәтижесінен туған ақыл- ой адамзат іс-әрекетінің таным процесінің еркін әрі творчестволық сипатта екенін көрсетеді. Өйткені тек ақыл- ойдағы еркіндік, бостандық қана дүниені танып, оның заңдылықтарын ашумен қатар, оны ақылға сиымды етіп қайта өзгертуге бастайды. Сондықтан да жеке адамда ақылдың, өмірден алған өз тәжірибесінің болуы заңды нәрсе. Адам өмірінің мәні Құдайға құлшылық етуде деп есептеледі.

Сезімдік таным мен рационалдық

Таным дегеніміз- қоршаған дүниені тануға және бұл дүниедегі өзін-өзі тануға бағытталған адам қызметінің арнайы түрі. Соның ішіндегі сезімдік таным - адамның сыртқы дүниемен байланыстыратын бес түрлі сезім органдары арқылы ақпараттар алумен жүзеге асырылады. Сезімдік танымның негізгі формаларына:түйсік, қабылдау және түсінік жатады. Сезімнің әр қилы түсінігі мен мағынасы бар. Мысалы қарастырар болсақ сезім дегеніміз алдын ала болатын оқиғаларды сезу және де ғашықтық сезім басқада түрлі түсінігі бар. Түйсік дегеніміз - заттың белгілі бір сапалық жағын алдыға қойып көрсетуден тұрады. Ол сырттағы заттың сезім органдарына әсер етуінің негізінде пайда болады. Көру түйсігі бізге заттың формасы, оның түсі, ашықтығы туралы мағлұматтар береді. Есту түйсігі қоршаған ортадағы дыбыстық тербелістердің түрлерін адамға жеткізеді. Тері арқылы біз қоршаған ортадағы температураны, денеге түрлі материалдық факторлардың әсерін, олардың қысымын сезінеміз. Ал иіс және дәм қоршаған ортадағы химиялық қосылыстар мен тамақтың құрамы туралы мағлұматтар береді. Қабылдау дегеніміз- зерттелінетін объектінің тұтас бейнесі, ол бірнеше сезім органдарының бірлесіп жұмыс атқаруынан пайда болады. Түсінік дегеніміз- өткен уақытта сезім органдарына әсер етіп, қазіргі сәтте қабылданбайтын заттың талданып, қорытылған бейнесі. Рационалды таным деп- тану құралдарының заңдылықтары арқылы заңдардың ішкі мәніне және олардың болмысына үңілуінен көрініс беретін адамның ойлауын айтамыз. Рационалды танымның формаларына: ұғым, пікір және ой қорыту жатады. Ұғым дегеніміз- құбылыстардың айқындамаларында бекітілген жалпылама байланыстағы заңдылықтарын, жақтарын, белгілерін көрсететін адам ойының формасы. Ұғым тілдік формада жекленген сөздермен, терминдермен, мысалы: молекула, сутек немесе объектінің дәрежесін көрсететін бірнеше сөз тіркесімен беріледі. Ұғымның қалыптасуы күрделі үдеріс. Онда салыстыру, талдай қорыту, абстракциялау кезінде заттың белгілі бір мәнді жақтары екінші қатардағы мәнді емес белгілерінен бөліп алып қарастырылады. Түсініктің қалыптасуы кезінде осы логикалық амалдар бір- бірімен тығыз байланыста болады. Әр ғылымның өзінің кең ұғымдар жүйесі болады. Оларды түсінік апараты деп атайды. Қоғамдық ғылымдардың негізін-өндіріс, мемлекет, құқық, саясат қоғам және басқа ұғымдар құрайды. Адамның дүниені тану арсеналында жалпылама ұғымдар философиялық категориялар делінеді. Оларға: сапа, сан, материя, кеңістік, уақыт т. б. жатады.

Логика-адамның ойлау қабілетін

зерттейтін жеке ғылым

Логика ғылымы -адамның ойлау процесін ең алдымен дүниені танып-білудің нәтижесі, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың ой-санада бейнелеуі деп қарап, сол бейнелеудің дұрыс формалары мен заңдарын, ережелерін қарастырады.

Логика дегеніміз- ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары, ережелері туралы философиялық ғылым. Ойлау дегеніміз-шындық дүниенің адам миында бейнелеуі болып табылады. Ол біріншіден, дүниетанудың нәтижесі болса, екіншіден, дүниені тереңірек, толығырақ танып-білудің құралы. Ойлаудың логикалық формасы деп- оның құрылысын, яғни құрамдас бөліктерінің байланысу тәсілін айтады. Семантикалық жағынан алғанда, ойлаудың негізгі формаларына ұғым, пікір және ой қорытынды жатады. Түрлі заттарада адам ойлауында бірдей тәсілмен-мәнді белгілердің белгілі бір байланысын көрсететін ұғым формасында бейнеленеді. Шындық дүниедегі заттар мен олардың қасиеттері арасындағы немесе бірнеше заттар арасындағы түрлі қатынастар пікір формасында бейнеленеді. Ойқорытынды дегеніміз-бірнеше пікірлердің логикалық байланысынан жаңа пікір-қорытынды шығарудың қортындылардың бәріне ортақ жалпылық-алғаш берілген пікірлердің арасындағы байланыс тәсілі. Ойлау заңы дегеніміз-пайымдау процесіндегі бірнеше ұғым, пікір, ойқорытынды сияқты ойлау формаларына тән қажетті, ішкі мәнді байланыстар. Логика ғылымы -адамның ойлау қабілетін зерттейтін пән. Логика дегеніміз- адамның ойлауы топтасатын формалар мен олар бағынатын заңдар туралы философиялық ұғым. Формалды логика ой формаларын-ұғымды, пікірді, ой қорытуды, дәлелдеуді логикалық құрылымдық жағын, яғни ойдың нақты мазмұнына мән бермей және осы мазмұн бөліктері байланысының тек жалпы тәсілін жіктей отырып зерттейтін ғылым. Логикалық форма немесе ойлау формасы дегеніміз- ой мазмұнының өмір сүру және оны объективті дүниені бейнелеу мүмкінлігіне жеткізетін ой элементтерінің байланыс тәсілі, оның құрылымы. Ойлаудың негізгі формалары-ұғым, пікір және ой қорытынды. Логиканың негізгі ұстанымы- пікірдің дұрыстығы тек оның логикалық формасы немесе құрылымы арқылы анықталады және қорытылып шығарылған нақты мазмұнның тұжырымдарына тәуелді болмайды. Логикалық форма- бұл мазмұнды тұжырымдардың байланыс әдісі. Логика- адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жету үшін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логикалық зерттеулердің бастамасы Ежелгі Қытай, Үнді және Греция елдерінде біздің жыл санауымыздан бұрын V-Ivғасырларды бір-бірінен тәуелсіз басталғаны жайында мәліметтер бар. Логиканың ғылым ретінде дүниеге келіп, қалыптасқан отаны Ежелгі Греция деп саналады, ал оның негізін салушы ұлы ғалым Аристотель болды. Ежелгі Грецияда логика саласындағы ғылыми зерттеулерді алғаш бастаған атомдық ілімнің негізін салған Демокрит еді. Логика мәселелерімен Ежелгі Греция идеалистері Сократ пен Плотон да айналысты. Бірақ олардың ешқайсысы дәйекті де дербес логика ғылымын жасай алмады. Бұл міндетті Ежелгі Грецияның әйгілі философы Аристотель (384-322жж) іске асырды. Сондықтан ол логиканың атасы деп саналады. Аристотель ойлаудың формалары туралы өзіне дейін жинақталған азды-көпті білімдерді талдай отырып, логика ғылымының барлық дерлік проблемаларын жан-жақты зерттеді. Өзі жасаған бұл ғылымды Аристотель логика демей, «Аналитика» деп атады. Бұл еңбегінде ол өзі ашқан ойқортындының ерекше формасы-силлогизмді жан-жақты зерттеп, логикалық дәлелдеудің мәнін, ұғымдарды анықтау және бөлу әдістерін т. б. ашып берді. «Софистикалық терістеулер жайында» деген еңбегінде ойқорытынды мен дәлелдеуде кететін логикалық қателіктердің себептерін, оларды ашу жолдарын қарастырды. «Метафизика» деп аталатын басты филослфиялық шығармасында өзі ашқан ойлаудың негізгі логикалық заңдарын:тепе-теңдік, қайшылық, үшіншісі шешімі жоқ заңдарды тұжырымдап берді.

Этика құрылымы. Ежелгі грек және орта

ғасырдағы этика

Этиканың философиялық, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласында тиесілі екендігі оның өзіндік табиғатынан туындайды. Этиканың мораль философиясы немесе адамгершілік құлық нормаларын зертеуші ғылым деп анықтайды “Этика” терминінің этималогиясы латын тілінің “ethos” деген сөзіне барып тіреледі ол бастапқыда “хайуанның үңгірі”, “құстың ұясы”, “аңның апаны” сынды мағнада пайдаланылған сөз. Бір сөзбен айтсақ, тірі жанның өзіне тиесілі өмір сүру мекені дегенді аңдатқан. Бірте-бірте ол сөзбен “ бірлесе тіршілік етуші адамдар тобының орналасқан орны, мекен жайы ” дегенді де белгілейтін болды.

Сол сияқты “этос”ұғымы да бірте-бірте бастапқы мағнасына алшақтап, ортақтаса өмір сүрушілердің мекен -жайы ғана емес сонымен қатар бірге өмір сүру барысында олардың боында қалыптасқан мінез-құлық, іс-әрекет ұқсастықтарын білдіруші әдет, ғұрып деген мағыналарға ие болады. Сонымен, терминің шығу төркінінен орналасу аймағына, тіршілік салтына, өмір сүру дағдылаоына байланысты әр түрлі мінез -құлық ережелері, олардың өз ортасына лайықты жүріс-тұрысы, тыныс-тіршілігі қалыптасатындығын байқаған халық даналығын көреміз.

Этика ” терминін филосфия аясына тұңғыш енгізген әрі осы тақырыпта қаламын көсілте жазған адам адамзаттың ұлы ұстаздарының бірі-Аристотеь (б. з. д. 384-322 жж. ) Ол “этика” деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтады. Бұл тұста еске сала кететін бір жайт -Аристотельдің ізгіліктер туралы негізгі қағидалары. Ол бойынша, адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады: этикалық және дианоэтикалық. Егер этикалық ізгіліктер адамның мінез құлқына, күш-қуатына жататын болса, дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл-парасатына тиесілі дүниелер. Сөйтіп, Аристотель этикалық ізгіліктер құрамына: жомарттық, батылдық, шыншылдық, ал дианоэтикалық ізгіліктерге: ақыл, парасатты жатқызады. Этика үш бөліктен тұрады:а) теориалық этика; ә) нормативті этика; б) эмпириалдық этика;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамтану пәнін оқыту әдістері
Қоғамтану пәнін оқытудың тиімді жолдары
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Ғылым
Ғылымның қажеттілігі
Шетелдік білім беру жүйесі
Социология ғылым ретінде
Шет елдегі мектеп жүйесі
Дамыған және дамушы елдердегі білім берудің экономикалық нәтижелігі
Тарихи -өлкетану жұ мыстарының формалары және әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz