Сауын сиырларының гигиенасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫНЫҢ AУЫЛ
ШAРУAШЫЛЫҒЫ МИНИCТPЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

__________________________________к афедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы : ___________________________________ ____

Орындаған: _________________
_______

Тексерген:___________________

АЛМАТЫ 2021
Жоспары

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Ветеринариялық-санитариялық нысандарды орналасуына, салуға және пайдалануға қойылатын санитариялық гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ...
2.3 Қоралардың бөліктерін зоогигиеналық тұрғыдан бағалау ... ... ... ... ... ..
2.4 Ірі қара шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5 Ірі қара гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.6 Ірі қараны азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.7 Сауын сиырларына, ірі қараға арналған қора-жайларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.8 Сауын сиырларының гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
IV Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Көп жағдайда, әсіресе Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарында күннің суық кезеңінде мал басын сақтап көбейтуге, оларды бағып-күтуге, қораларының жылылығына, оның микроклиматының қолайлылығына көо байланысты. Ал, қолайлы микроклимат қора құрылысын салғанда технологиялық жобалаудың нормаларын (ТЖН) сақтау ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан жер таңдап, қора-жайларды дұрыс орналастыру, құрылыс материалдарын таңдау, қора бөліктерінің талапқа сай болуы, желдету және қи шығару жүйелерінің жұмыс істеу реті және тағы басқа тығыз байланысты екендігі мәлім.
Ауылшаруашылық кәсіпорынның негізін белгілі бір өнім өндірудің технологиясы құрайды. Оның маңызды элементтері: малды ұстау жағдайы, толық сапалы азықтандыру және суару режимі, малдың тұқымын жақсарту үшін белгілі бағыттағы селекциялық жұмыстар жүргізу, микроклиматпен қамтамасыз ету, зоотехникалық талаптарды орындау, ветеринариялық жұмыс жүргізу жүйесі.
Технология табиғи-климаттық және экономикалық жағдайларға сай, сондай-ақ шаруашылықтың бағына қарай жасалады. Әрине, оның бәрі мақсат-белгілі бір өнім алуға бағытталады: мал бордақылау шаруашылықтарында арзан ет, сауын фермаларында-сүт, құс шаруашылығында-арзан жұмыртқа алу. Алайда, осы шаруашылықтың тиімділігін арттыру үшін малға жоғары өнім беретіндей ыңғайлы әрі тиімді технология қажет.
Мал қорасын салу технологиясы алдын ала жасалған жобаға, әсіресе оның жануарлар органдарының биологиялық талаптарын қанағаттандыра алатындай түрлеріне бейімделуі тиіс.
Қазіргі уақытта әр жеке шаруашылықтар малға арналған құрылыстарын өз қаражатымен жүргізеді. Мал қораны салу ең алдымен тапсырыс берушінің ұсынысымен жоба жасауға арналған тапсырмасын жасаудан басталады. Жоболауға тапсырма жасау-ол жұмыстың алғашқы кезеңі. Онда негізгі технологиялық міндеттер мен санитариялық-гигиеналық талаптар атап көрсетіледі. Жобаға ұсыныстар мен тапсырмаларды жасауға жеке шаруашылықтың немесе өндіріс кооперативтерінің басшылары және мамандары қатысады. Жобалық тапсырманы малдың жасы, жынысы, тобына қарай ұстаудың зоогигиеналық талаптарын қатаң сақтау, олардың ауруға шалдығуын азайтады.
Жобалық ұсыныстар мен тапсырмаларды жасауға мал мамандары белсенді араласуы қажет. Сонымен қатар олар технологиялық процестерді жақсы меңгерген, малға керекті ережелерді сақтауға қатаң болуы керек.
Негізгі бөлім
Ветеринариялық-санитариялық нысандарды орналасуына, салуға және пайдалануға қойылатын санитариялық гигиеналық талаптар

Мал шаруашылығы нысандатын тұрғызуға арналған жерді таңдау кезінде комиссия құрады, оның құрамына: жобаға тапсырыс беруші өкілдері, жобалау ұйымының, территориалдық және жергілікті мемлекеттік мүшелер өкілдері, сонымен қатар, зооветеринариялық және санитариялы-эпидемиологиялық қызметкерлер кіреді.
Таңдап алынған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң су батпайтынболуы тиіс. Жер қыртысының құрамы ауа және су өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, көк-желек отырғызуға жарамды болуы тиіс.
Жер асты сулары 0,5м тереңдікте, су қабаттары 5м артық тереңдікте орналаксуы тиіс.
Жерге қойылатын басты талап оның топырақтық инфекциялардан таза болуы.
Құрылыс материалдарына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар.
Мал шаруашылығы нысандарын тұрғызу үшін сан түрлі құрылыс материалдары пайдаланылады. Құрылыс материалдарын келесі топтарға бөледі:
oo табиғи тасты материалдар.
oo керамикалық бұйымдар.
oo бейорганикалық байланыстырғыш (минералды) заттар: бетон, железобетон, т.б.
oo ағаштан жасалған материалдар.
oo жылуды изоляциялайтын материалдар.
oo битумды материалдар.
oo гидроизоляциялаушы материалдар.
oo пластмасс, полимер және олардың бұйымдары.
oo металдар.
oo әйнек.
Лак, бояу материалдары.
Беріктік-қоршаған орта әсерінен бұзылу мен деформациялауға қарсы тұру қасиеті.
Тұрақтылығы-үлгіден салмақты алып тастағаннан кейін деформацияның қалпына келуі.
Иілгіштігі-салмақты алғаннан кейін материалдың пішіні мен көлемін өзгертіп, қалпына келмеуі.
Қаттылық-бөгде қатты заттың енуіне материалдық қарсы тұру қасиеті.
Тығыздығы-материал массасының оның алатын көлеміне қатынасы.
Қуыстылығы-Материал көлемінің қуыстармен толтырылу дәрежесі.
Гигроскопиялық-материалдың ылғалды ауадан су буын сіңіре алу қабілеті.

Ылғалдылық-Материалдағы судың мөлшері.
Су өткізгіштік-қысымның әсерінен материалдың суды өткізу қабілеті.
Жылу өткізгіштік-беткейлердегі температуралардың айырмашылықтарына байланысты бір беткейден екінші беткейге өзінің қалыңдығы арқылы материалдың жылуды өткізе алу қабілеті.

2.3 Қоралардың бөліктерін зоогигиеналық тұрғыдан бағалау
Мал, құс және аң шаруашылықтары үшін көп жағдайда бір қабатты қора-жайлар салынады. Олар тік бұрышты, түзу болып келеді және бір-біріне өзара байланысты жекелей құрылымдықық элементтерден тұрады.
Олар тіректі және қорғаушы болып бөлінеді. Қораның негізгі тіректі элементтеріне ғимараттың ірге тасы, қабырғалары, едені мен төбелері жатады. Оларға ауырлық, температуралық, көлденең және тік салмақтар түседі.
Ғимараттарды құрылымдық типтері бойынша каркасты және каркассыз деп бөлеміз. Қорғаушы құрылымдық элементтер сыртқы және ішкі қабырғалар, төбесі, едені, қоршаулары, терезе мен есік саңылауларын толтыратын материалдар, т.б. көмегімен қоралар сыртқы атмосфералық әсерлерден қорғалып, ғимараттың іші қажетті температуралық-ылғалдылық және акустикалық жағдайлар сақталады. Қора қабырғасы. Қора қабырғасының жылу және дымқыл өткізбеуі мақсатында қабырғаның қалыңдығы мен ол жасалатын материал ескеріледі. Жылуға берік жәнеауаны орташа деңгейде өткізіп тұратын болғаны жөн. Төбе жапқыштар. Барынша жеңіл, берік, жылуды аз жіберетін, құрғақ, теп-тегіс, су өткізбейтін, қатты, ұзаққа шыдайтын болуы тиіс. Қора төбесі. Қора ғимаратты не басқа құрылыстарды сыртқы табиғи әсерлерден қорғайтын конструкция. Ол тіректі бөлімдерден және сыртқы жапқыштардан тұрады. Төбені шатырлы және шатырсыз етіп алады. Қақпа, есік, тамбуралар. Бұлардың бәрі ғимарат пен оларды қорғайтын, қоршаған орта мен жылу алмасып тұратын бөліктері. Қақпа арқылы жылу алмасады, сондықтан оны тығыз, суық күндері қайтпайтындай етіп жасау керек. Қақпаның бетін ағаштан, ал ішін жылу өткізбейтін заттар салынған тақтайдан жасайды. Терезелер мен жарықтандыру. Терезелредің саны мен мөлшері ғимаратқа сай және сәулеттік шешімге сай болуы керек. Терезе қимасы қораптардан, жақтаулардан, алдына төселген тақтайшалардан, сыртқы су аққыштардан тұрады. Терезелер бітеу, ашылмалы-жаппалы, бір немесе екі қабат әйнектелген болып жасалуы мүмкін.Ағаш жақьаулы бір қабат терезелердің жылу өткізгіштік коэффициенті 5,8 Вт(м² х С), ал қос қабат терезенікі 2,67 Вт(м² х С)
Мал қора жайларындағы желдету жүйелері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар .
Қораларда қажетті микроклиматты сақтап тұру үшін дұрыс ауа алмасуды қамтамасыз етудің, яғни таза ауаның біркелкі таралып, ластанған ауаны алмастырудың маңызы үлкен. Ауа алмасу дұрыс жүрмейтін қораларда желдетілмейтін қора бөліктері байқалып, онда ылғал мен зиянды газдардың мөлшері артады немесе керісінше, ауа қозғалысы жоғарылап жануарларға теріс әсер ететін жел өті пайда болады. Жалюзді ауа алмасу жүйесі

Қиды шығару және канализация жүйелері
Мал қоралары ішіндегі канализация қоймалжың қиды, қораның ішін тазалағаннан кейінгі су қалдықтарын, малдарды санитариялық тазалықтан өткізгеннен кейін шайынды суларды шығару үшін керек. Канализация құрамына кіретін жабдықтар: қоймалжың қи ағатын науа, (тік бұрышты, ені 30 см, тереңдігі 20 см), ал оны қи қабылдаушы траптарға қарай орналасу еңкіштігі кемдегенде 1 пайыз, қи қабылдайтын және қи ағатын құбырларға қосатын траптар, қи ағатын құбырлар, гидравликалық қақпа, бақылау құдықтары, қидың сұйық бөлігі жиналатын жинағыш.
Қорадан қиды шығарудың бірнеше тәсілдері бар: механикалық әдіс, гидравликалық әдіс.
Қазіргі уақытта Европа мен Солтүстік Америка мемлекеттерінде бетон ванналарын пайдалана отырып, қиды өздігінен ағып кету жүйесі кеңінен қолданылады.
Малды байлаусыз ұстауда қолданылатын скреперлі қи алғыштар : а) тербелетін скрепер; б) енін бақылап отыратын скрепер; в) дельта-скрепер (жиналатын); г) кешенді скрепер; д) қи жинайтын робот.

1-сурет Байсерке-Агро кешеніндегі қора-жайдың қи шығару әдістері

2.4 Ірі қара шаруашылығы

Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара-сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка материктерінде кең тараған.Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті.Сиырдың жынысы мен жасына байланысты жас төлін-бұзау, алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын)-баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын)-тайынша, бір жастағы ұрғашысын-қашар, бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын-құнажын, екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын)-дөнежін, еркегін-бұқа, піштірілген еркегін-өгіз деп атайды.

4-сурет. Швейцария, Альп тауларында жайылатын сиыр

Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетін тұқымдары 6-7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20-35 жыл, бұқасы 15-20 жыл тіршілік етеді.Сүт бағытындағы Сиырдан 9-12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді.Сиырды етке 1,5-2 жасында бордақылап немесе жайып семіртіп өткізген жөн.Асыл тұқымды сиырларды тұқым алу үшін 5-10 жыл пайдаланады.Ұрғашы тайыншалардың жыныстық қабілеті 7-10 айлығында, бұқаларда 8-10 айлығында жетіледі.Алайда шағылысқа қашарды 18-22, бұқаны 14-18 айлығында қосады.Бұзаулағаннан алғашқы күйлеуіне дейінгі мерзім шамамен үш аптаға созылады, күйті 19-22 күнге, буаздығы орта есеппен 285 күнге созылады. Ұрғашысы әдетте бір бұзау табады, егіз бұзау табатыны сирек (2%-ға жуық). Егіздің ұрғашы сыңарлары көбіне төл беруге қабілетсіз.Тұқымына байланысты жаңа туған бұзаудың салм. 18-45 кг, кейде 60 кг; ұрғашысына қарағанда еркек бұзаудың салм. 1-3 кг артық болады. Олардың еті мен майы салыстырмалы түрде аз, ал сүйектері тірі салмағының 30%-ын құрайды.Ересек Сиырдың салм. 250-600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300-900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады.Сиырды ет және сүт алу мақсатында өсіреді. Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты. Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500-400 кг, сүтінің майл. 3,6-4%. Бір сауын маусымында 20000 кг сүт беретін (голланд тұқымы) сиырлар бар. Ең жоғары тәуліктік сауым мөлшері 82,2 кг (ярослав тұқымы). Сауылым мерзімі 280-320 күнге созылады, суалу кезеңі 1,5-2 ай. Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін кезеңі 4-тумасында.Сиырдың етті тұқымдарының ет өнімділігі жоғары, сүт бағытындағы Сиырларға қарағанда тез семіреді және шығымы жоғары сапалы ет береді. Бордақыланған Сиырлар майды ішкі органдарына, тері астына ғана емес, жұқа қабаттар түрінде ет талшықтарының арасына да (мәрмәр түстес ет) қалыптастырады. Бордақыланған жас малдардың еті өте құнды, дене тіндері және олардың хим. құрамы жасына байланысты өзгеріп отырады.Сойыс шығымы тұқымына байланысты 48-70% аралығында.Сиырдың қыстағы басты азығы пішен, сүрлем және құрама жем, ал жазда жайылым шөбі және қосымша азық (сүрлем, құрама жем).Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а.ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т.б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады. Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т.б.; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т.б. өсіріледі. Осы ақпараттар толығымен 1-кестеде көрсетілген.

2.1-кесте. Сиырлардың тірілей салмағы мен сүт беруінің жылдық көрсеткіштері
Сиырдың жылына сүт беруі, кг
Сиырлардың тірілей салмағы, кг
Демалатын бокстар

Ені
Ұзындығы
3000-3500
400-450
100
200
3500-4000
450-500
105
205
4000-4500
500-550
110
210
4500-5000
550-600
115
215
5000-5500
600-650
120
220

2.5 Ірі қара гигиенасы

Қай заманда болмасын адам тіршілігінде ірі қара малының орны өте зор. Сол себепті дұрыс күтіп-бағу жолдары мен малдың денсаулығын сақтап, оның өнімділігін арттыру-қай шаруашылық болмасын олардың мақсаты.
Қазақстан Республикасында мал шаруашылығының жетекші салаларының бірі-ірі қара шаруашылығы. Халықты азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлерімен қамтамасыз ету осы саланың өркендеуіне тікелей байланысты. Сондықтан малды күтіп-бағу және ұдайы өсіру жүйелерін жақсарту, микроклиматты ыңғайлы ету, азықтандырудың гигиеналық жағын жақсарту, селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жетілдіру, шымыр да шыныққан төл өсіру, малдың сан-салалы ауруларымен күрес, сауу гигиенасы, яғни тазалығы мен сүт сапасын арттыру басты міндет болып табылады.
Сонымен, сауын малын қолда-жайылымда, қолда-лагерьде және қолда күтіп-бағу жүйелері ұсынылады. Сиырды байлап және байламай ұстау әдістері пайдаланылады.
Сиырды күтіп-бағу әдістері. Дүние жүзі тәжірибесінде барлық жерде сауын сиырларды күтіп-бағуды байлап және байламай бағу деген екі әдісі қолданылады.
Сиырларды байлап бағу кезінде еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл технологиялық операциялар механикаландырылады, жартылай автоматты бас жіптер, сүт түтіктері қолданылады, сиыр сауын алаңында сауылады, азық үлестіру мен қи шығаруға механикаландырылған құралдар пайдаланылады. Малды күтіп-бағудың бұл әдісі кезінде шаруашылық мамандары мен мал күтушілерге олардың денсеулығы мен өнімділігін бақылау жеңіл. Тұрақты азықтандыру және суару, тынығу және сауу орнының болуы, жылы да құрғақ төсеніш құрылғы, кең де жарық, жақсы желдетілген қора-жай, жеке-жеке азықтандырып, сауу та,ы басқа операциялар күтіп-бағудың бұл әдісі кезінде сиырлардың өнімділігін тиімді түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Малды байлаусыз күтіп-бағудың әдісі еңбек шығынын аздап кемітеді, еңбекті көп қажет ететін процестерді өте жақсы механикаландыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде бұл әдіс өте көп қолданылады. Бірақ байлаусыз бағып-күтуге қыстыкүні микроклимат реттеуге келетін жақсы қора-жай, жеткілікті түрде төсеніш, қатты еденді серуендету қорасы, механикаландыру құралдары керек. Сонымен бірге малды топтарға бөлу қажет.Қазіргі кезде малды байлаусыз бағып-күтудің екі түрі қолданылады. Олар-қалың төсеніш үстінде байлаусыз бағып-күту және бокстарда төсенішсіз бағып-күту. Сиырларды қалың төсеніш үстінде байлаусыз бағып-күту шетелдерде өте кең тараған. Бірақ бізде ол онша қолдау таба қойған жоқ. Басты себебі-төсеніштің (сабан) жеткіліксіздігі, қора-жайға микроклимат қалыптастырып, жақсы санитариялық жағдайда ұстап тұрудың қиындығы. Көбінесе, бокстарда байлаусыз бағу әдісі қолданылады. Азық ленталы транспортермен таратылса, сауу қондырғыларымен сауылса, қи тор еденнен дельта-ысырғышпен шығарылса, негізінен сүт өндірудің өнеркәсіптік технологиясын қанағаттандырады.

5-сурет. Сиырларға арналған қора-жай

2.6 Ірі қараны азықтандыру

Қолдағы сиырдың сүттілігі алдымен оның дұрыс азықтандырылуына байланысты. Әрбір литр сүт түзу үшін желін тамырлары арқылы 500 литрден астам қан өтеді екен. Ал тәулігіне оншақты литр сүт шығатын сиырларды алсақ, олардың желін тамырлары арқылы 5-6 мың литрдөн астам қан өтетінін өсептеу қиын өмес. Осы қан құрамында сүтті түзуге қажетті бүкіл қоректік заттар мен қосындылар жеткізілуге тиіс қой. Ал олар қайдан алынбақ? Қан құрамына малдың ас қорыту жолдарындағы қорытылған азықтық қоректік заттары сіңіріледі. Сондықтан қан мен қажетті қосындылар сүт түзу үшін, малды жан-жаңты толықтырылған азықтық, рациондармен жеткілікті дәрежеде азықтандыруқажет. Сиырды дұрыс азықтандыру үшін олардың негізгі ас қорыту ерөкшеліктерін білген жөн. Басқа да күйіс қайыратьш мал сияқты сиыр жеген азық та алдымен төрт камерадан тұратын асқазанының алдыңғы камералары-үлкен қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдынала өңдеуден өтеді. Бұл алдыңіғы қарындарда көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. Осы қарындар олардың өсіп-өнуіне әбден қолайлы. Алдыңғы қарындарда ұлтабардағыдай өте қышқыл реакциялы қарын сөлі немесе тұз қышқылы болмайды, ал күйіс қайыру кезінде сиырдың сілекей бездері шығаратын сілекейі көп мөлшерде үлкен қарынга құйылъш, ондағы ортаға микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы сілтілік реакция береді. Содан барып алдыңғы қарындарда әбден күйселіп, шайналып, ұсақталмаған азық бөлшөктері біршама уақыт кідіретіндіктен олардың қоректік заттарын пайдаланьш,көптеген микроорганизмдер өсіп-өнеді. Олар бір клеткалы жануар тектес (микрофауна) және қарапайым өсімдік тектес (микрофлора) ор-ганизмдерден тұрады. Өздерінің тіршілік процестеріне үлкен қа-рынға түскен азықтық заттарды пайдаланып, өз денесінің қо-сындыларына енгізед,і.
Мысалы, азықтық азоттың заттарды игеріп, өз денесі белогының амин қышқылдарын түзеді. Олар белоктық азот пен белок емес заттардың (амидтердің), сонымен қатар тіпті анорганикалық азотты (карбамид сияқты химиялық қосындыларды) да игере алатындығын ескерсек, осы микробиологиялық түзу арқылы сиырларға құнсыз азоттық, қосындылардан ауыспайтьш амин қышқылдарына байытылған құнды белоктар жеткізіледі. Міне, осыдан эволюция барысында макроорганизм (сиыр) мен микроорганизмдер (үлкен қарын микрофлорасы мен микро-фаунасы) бір-біріне қажетті жағдай туғызып, өзара тіршілік етеді.
Алмастыруға келмейтін аминқышқылдарымен қатар алдыңғы орындардағы микроорганизмдер маңызды витаминдерді (В12 цианкобаламин, К витамині) де түзетінін ескерсек, олардың азықты биологиялық өңдеуден өткізуінің малға қаншалықты маңызды екенін ағару қиын емес.
Сондықтан ірі қараның азық рационын олардың алдыңғы қата-рындарында өтетін микробиологиялық процестерді ескере отырып жасау қажет. Азық рационы арқылы алдыңғы қарындардағы микробиологиялық түзуді неғұрлым ұлғайта алсақ, малды жоғары сапалы белоктың заттармен, қажетті витаминдермен солғұрлым қамтамасыз ете аламыз. Оның алғашқы шарты-сиыр рационы-ның бірыңғай сақтап, тез бұзбай, ал қолданылатын жаңа азықтарды біртіндеп, азаздап енгізеді. Сондай-ақ қысқы азықтандырудан жазғы жайылымға ауыстырғанда да осы қағиданы ұмытпай, қысқы азықтарды жайылым отымен біртіндеп қана ауыстыру қажет. Сонда ғана сиырды іш өту індетінен сақтандырьш, қысқы рациондарға бейімделіп қалған микроорганизмдер ассоциациясын сақтап қалуға болады.
Сиыр азықтандыруды дұрыс ұ.йымдастыру үшін оның жасына, тірілей салмағына, физиологиялық жағдайына, өніміне қарап оларға қажетті қоректік заттар мөлшерін (азықтық нормасын) анықтауға болады. Қазіргі кезде сиырларга 80-нен астам қоректік және биологиялық активті заттардың қажет екендігі белгілі больш отыр. Әрине азыңтандыру барысында олардың бәрінің деңгейін бақылау мүмкін емес. Сондыңтан сиыр организмінің қоректік заттарға деген мұқтаждығын көрсететін нормалық көрсеткіштер ретінде ең маңызды алты көрсеткіш алынады. Олардың ішіндөгі негізгісі-организмнің жалпы энергиялың мүқтаждырын көрсететін Советтік азық өлшемі. Қазіргі уақытта бұл өлшем ретінде құнарлылығы өгіз денесіне 150 грамм май байлайтын 1 кг сұлы алынған. Советтік азықөлшемімен қатар құндылығы алмасу энергиясының 2500 килокалориясына тең энергиясының
2500 килокалориясына тең энергиялың азық өлшемі де қолданылады.
Белоктық қажеттіліктің көрсеткіші ретінде қорытылатъш про-теин,, минералдық көрсеткіштер ретінде-ас тұзы, калций жәнө фосфор, витаминдік көрсеткіш ретінде-каротин алынған. Міне, осы алты көрсеткіш малдың азық нормасын белгілейді. Әсіресе организм қажеттігін энергиядан кейін белоктық заттармен қамта-масыз етудің маңызы өте зор. Өйткені олар организмдегі пласти-калық, құрылымдық түзу процестерін қамтамасыз етеді.
Әр түрлі физиологиялық жағдайларына байланысты сиыр ор-ганизміне қажетті азық өлшемі мен қорытылатын протеин көлемін жаттап алған жөн. Буаз сиырлар 3000 литрдей сүт өндіретін болса 300 килограмнан 500 кидограмга дейінгі салмагына 5-8 советтік азық өлшемі, 600-900 грамм қорытылатын протеин қажет. Сауын сиырлардың әр 100 килограмм тірілей салмағына ша-мамен 1 азық өлшемі, ал өндірілетін сүттің әрбір килограмына 0,5 азық өлшемі жұмсалады, Рациондағы әр азық өлшөмінде 110-120 грамм қорытылатын протеин, 7-10 грамм ас тұзы, 9-10 грамм кальций, 5-6 грамм фосфор, 40-60 миллиграмм каротин болуға тиіс. Тұмса сиырлар мен арық сиырлар үшін осы көрсеткіштерді 1-2 азық өлшеміне ұлғайтады. Сонда қоректік заттар мөлшөрі де өседі.
Тана-торпақтың нормасын қосылатын салмағына қарай белгі-лөйді. Бір жасқа дейін әрбір кг қосқан қосымша салмағына 6-7 азық өлшемі, 660-840 грамм қорытылатын протеин керек болса, 1-2 жас аралығында 8-9 азық өлшемі мен 800-900 грамм қо-рытылатын протөин қажет. Бордақылаудағы сақа малдың әрбір килограмм қосқан қосымша салмағына 10-12 азық өлшемі, 700-960 грамм қорытылатын протеин керек.
Сауын сиырларына қажетті нормалар 3-таблицада келтірілген.
Азықтандыру нормасын анықтап алғаннан кейін соның негі-зінде, қоректілігі нормалық көрсеткіштерге дәл келетіндей етіп азық рационын жасайды. Азык, рационын малдың сүйсініп жейтін азықтарынан белгілі зоотехникалық ережелер бойынша жасаған дұрыс. Ол ережелерден бұрын сиыр азықтарына тоқталып өтейік. Бұл азықтар шығу тегі жағынан өсімдік төктес және жануар тектес болып екіге бөлінеді. Жануар тектес азықтарға сүт және сүт өнімдері, ет және балың комбинаттарының қалдықтары жатады (ет, ет-сүйек, қан және балықұны). Олар рационда қосымша азықтар ретінде к,олданылады, ал рацион негізін өсімдік тектес азықтар құрады.
Өсімдік тектес азықтар құрамы және құнарлылығы жағынан көк, шырынды, ірі азықтар мен жемнен тұрады. Көк азықтарға өсіп тұрған немесе орыльш `берілетін табиғи және қолдан егілген жайылым оты, шырынды азықтарға сүрлем, тамыр-түйнек жемістілер бақшалық дақылдар ,ірі азықтарға пішен, пішендеме,сабан топан, жемге қүрама жем, астық және бұршақ тұқымдастар дәні, кебек, күнжара, шроттар жатады.
Көк азықтар-ірі қараның жазғы уақыттағы негізгі азығы. Жақсы жайылымда сауын сиырлар тәулігіне 70 килограмға дейін көк балауса жей алады. Жас көк балаусаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан жалпы құндылығы 0,18-0,29 азық өлшемі аралығында болады. Орташа химиялық құрамын алғанда түрлі жайылым отында 60-80% су, ал құрғақ затында 20-25% протеин, 10-18% клөтчатка, 4-5% май, 35-50% азотсыз экстравтік заттар, 9-11% минералды (күлді) заттар болады. Құрамында мал организмінің тіршілігіне қажетті барлық дерлік қоректік және биологиялық белсенді заттар, ең алдымен витаминдер, өте жақсы сіңірілетін болғандықтан көк азықтардың қоректілігі мен құндылығы өте жоғары бағаланады. Жалпы қоректілігі жағынан көк азықтардың құрғақ заты құнарлы жемдермен тең түссе, биологиялық және витаминдік бағалылығы жағынан олардан анағұрлым басым. Жазғы уақытта сиырларды күн ұзағына (тәулігіне 14-16 сағат), әсіресе ертеңгі және кешкі салқынды пайдаданып өріске шығарған жөн. Жайылымда сиыр жақсы серуендейді. Оның үстіне күн сәулесін қабылдап, ширайды, денесіне белок, май, минералды заттар және витаминдер қоры жиналады. Олардың өнімділігі артып, өнімінің сапасы жақсарады. Мысалы, сүт құрамында каротин көбейгендіктен одан шайқалған май сары түсті, мол витаминді келеді. Сиырлардың күйті жақсы келіп, ұрықтанғыш қабілеті артады. Көктемгі уақытта көк шыға сиырларды бірден жайылым отына шығаруға болмайды. Қысқы ірі азықтарды бірден шырынды көк балаусамен алмастырса, алдыңғы карындардағы микробиологиялық, процестер күрт өзгеріп, көптеген ішкі газдар пайда болады. Сөйтіп сиырдың іші кеуіп (тимпания) кетеді. Тіпті іші де өтеді. Оның алдын алу үшін малды жаңа шыққан көк балаусаға біртіндеп, өріске шығар алдында ірі азықтар беріп алып жайған жөн. Өріс те, суат та онша алыс болмауы тиіс. Жайылымды алдын-ала тастардан, былтырығы өсімдік қалдықтарынан бөгде заттардан тазартып, сиырларды әрқайсысына бірнеше күннен жаятын өріс-терге бөлген жөн. Сонда бір жағынан жайылым отын сақтап, ал екінші жағынан оларды қажетті мөлшерде көк азықпен қамтамасыз етіп тұруға болады. Бір килограмның орташа қоректілігі 0,22 азық өлшемі, 25 грамм Қорытылатын протеині, 3,0 грамм кальцийі 0,7 грамм фосфоры, 40-60 миллиграмм каротині бар шалғында тірілей салмағы 450-500 килограмдық сауын сиырлар тәулігіне 8 литр сүт өндіргенде 40-45 кг, 10-12 литр өндіргенде -55-65 кг, 18-20 литр өндіргенде -65-75 кг көк азық жеуге тиіс. Сүттілігі өте жоғары болса немесе жайылым оты мардымсыз болып, соған орай сиыр күні бойы көк азықты мұндай мөлшерде жұлып жей алмаса, оларды орылған балаусамен қосымша азықтандырады.
Көк азықтардың қоректілігі жайылым отының құрамындагы шөп түрлеріне байланысты. Бұршақ тұқымдастардың (бөде, жоңышқа түрлері) құрамында протеин көп болғанымен, олар ыстық тұқымдастарына қарағанда қантқа кедей. Ал ірі қараның алдыңғы қарындарындағы микробиологиялық процостерге ең қолайлысы қант-протеин ара қатынасының 1:1 екенін ескерсек, онда сиыр-ларды ең жақсысы бұршақ және астық тұқымдастар қатар өсетін жайылым отымен азықтандырған тиімді.
Жазғы уақытта сауын сиырларды тәулігіне 3-4 рет суарып, қажетті мөлшерде жалайтын ас тұзымен қамтамасыз еткен дұрыс.
Шырынды азықтар. Ірі қара, әсіресе сауын сиырлары рацион-дарында олардың сүтін көтөретін тамыр-түйнек жемістілер (қант және қызылша, сәбіз, картоп) және бақша дақылдары (асқабақ, қарбыз, қауын) кеңінен қолданылады. Олар өте жеңіл қорытылып, малды қантпен, ал сәбіз, асқабақ А витаминінің алғашқы түрі каротинмен қамтамасыз етеді. Оларды сиыр сүйсініп жейді. Құрамындағы қант сиыр рационындағы қант-протеин ара қаты-насын жақсартып, қоректік заттардың қорытылуын жоғарылатады.
Сауын сиырларға қызылшаны тәулігіне 30 кг, ал картопты 15 килограмға дейін беруге болады. Яғни олардың жылдық қоры сиыр басына-қызылшаныкі 10-15 ц, ал картоптікі 5-10 ц. Тек қант қызылшасын қолданғанда ескеретін жайт-оның тәуліктік мөлшерін сиырдың сүттілігіне орай бірнеше рет бөліп беру керек. Өйткені сиыр организмінде лактаза ферменті азығынан қанттың көптеген мөлшері ыдырап үлгермей, ашьш, көптеген іш газы пайда болады. Қызылшаны арнаулы қорада (температурасы-1-2°С) немесе әдөйі қазылған орда сақтайды. Тамыр-түйнек жемістілер құрамында су көп болғандықтан (70-90%) олар жоғары температурада нашар сақталып, ал -2-3°С суықта үсікке шалдығады. Әсіресе ұрылып-соғылған, қабығы түскен тамыр-түйнек жемістілер тез бұзыла бастайды. Сондықтан сақтауға тек дұрыс қазылып алынған, қабығы бүтін, жаншылмаған тамыр-түйнектілерді құмнан, батпақтан тазартып, сыртын кептіріп барып салады. Малға берер алдында оларды тазартьш, турап, ал жас малға ыстың суға, буға бөрттіріп береді. Көк азықтардың қоректік қасиеттерін қыста сақтап қалудың тиімді жолы-сүрлем салу. Сүрлем-микробиологиялық процес-тер (сүт қышқылды ашыту) арқылы анаэробтық (оттегінсіз) жағдайда консервіленген азық. Шаруашылықта оңай және көп қаржысыз дайындауға болатындықтан сүрлем қолдағы ірі қараың қысқы уақытта негізгі азығы бола алады. Сүрлемге бақшалық дақылдардың көк жапырағын, капустаны, бұршақ және астық тұқымдастар қосындысын, шалғын көгін, жас құрақты, көк жүгері мен күнбағысты салуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиырларға арналған қора - жай
Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері
Қара ала тұқымдас сиырлардың қоршаған орта факторларының тигізетін әсерін зерттеу
ҚАРА-АЛА ЖӘНЕ ГОЛШТИН ТҰҚЫМ СИЫРЛАРЫ СҮТІНІҢ САПАСЫ МЕН ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ МАУСЫМҒА БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРІСІ
Қара ала тұқымдас сиырлардың өнімділігіне экологиялық факторлар
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері
Шаруашылықтағы голштино - фриз тұқымды сиырларының сүт өнімділік көрсеткіштері
Сиыр жасының сүт өнімділігіне әсері
ОХ Заречное шарттарында аналық ұядан алынған қара–ала тұқымдарының өнімділік сапасының салыстырмалы көрсеткіштері
Голштин және жергілікті қара ала тұқымы сиырлары
Пәндер