Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу нысандары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I. Қылмысқа сыбайлас қатысу туралы түсінік және оның белгілері

1. 1. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы . . . 4

1. 2. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері . . 8

II. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың жауаптылығы

2. 1. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу нысандары . . . 16

2. 2. Қатысушылардың қылмыстық жауаптылығының негізі мен шектері . . . 17

2. 3. Қылмыстық құқық бұзушылыққа жанасушылық . . . 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 26

КІРІСПЕ

Бұл, тақырып бүгiнгi таңдағы құқықтық тәжiрибеде жиi кездесетін өзекті мәселелердің бiрi -қылмыс жасауға сыбайлас қатысу туралы айтылады. Онда соттардың қылмыс жасауға сыбайлас қатысуға қатысты қылмыстық істерді қарау және үкім шығару барысында туындайтын мәселелері және оларды шешу жолдары қарастырылады.

Қатысып жасалатын қылмыскерлік мемлекет пен қоғам үшін анағұрлым талқандаушы қылмыс түрі. Ол өзінің басқа құрылымды элементтеріне басқарушы ықпал етеді. Қоғамдағы тек экономикалық ғана емес, әлеуметтік, моральдық- психологиялық, әлеуметтік-мәдени процестерге де айтарлықтай әсер етеді. Қатысып жасалатын қылмыскерлікке қоғамның түрлі әлеуметтік жіктері араластырылған. Қатысып жасалатын қылмыскерліктің мемлекетпен де, қоғаммен де бақыланбайтын қаржылай және экономикалық зор мүмкіндіктері бар. Оның мемлекет пен қоғамға ірі көлемдегі табыс табу мақсатында түрлі қылмыстар жасау арқылы әсер ететін құрылымы және ішкі басқару жүйесі бар.

Сыбайлас қатысу институты қылмыстық заңнама институтының және нормалар жүйесінің ажырамас, оргинакалық бөлігі болып табылады, сондықтан оның мақсаттары және міндеттері жалпы қылмыстық заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес анықталады. Бірақ оның өзіне сәйкес міндеті бар, ол келесі сипатқа ие, біріншіден, оның заңда бекітілуі тікелей қылымыстық құқық бұзушылық жасамаған, бірақ белгілі бір дәрежеде оның жүзеге асырылуына себептес болған адамдардың жауаптылығын заңмен негіздеуге мүмкіндік береді. Екіншіден сыбайлас қатысушылардың әрекетін саралаудың ережесін анықтауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, заңмен бекітілген сыбайлас қатысушылардың нысаналары, сыбайлас қатысушылардың жауаптылығын жіктеу үшін маңызды құрал болып табылады. Төртіншіден, олармен өңдірілген өлшемдер сыбайлас қатысушылардың жауаптылығын және жазасын жеке дараландыруға мүмкіндік береді.

I. Қылмысқа сыбайлас қатысу туралы түсінік және оның белгілері

1. 1. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы

«Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы», ҚР Қылмыстық кодексінің 27-бапында, қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы туралы айтылған. Ол, екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қасақана бірлесе қатысуы қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады. Қылмыстық құқық бұзушылық - бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыстық құқық бұзушылық істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстық мәні одан туындайтын зиянының мөлшері де жеке дара адам істеген қылмыстық құқық бұзушылыққа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыстық құқық бұзушылық істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ, бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың әрқайсысының бірлесіп қылмыстық құқық бұзушылық істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу институты гана осы мәселелерді анықтауға толық мумкіндік туғызады. Жаңа қылмыстық заңда қылмыстық құқық бұзушылыққа бірлесіп сыбайластықпен қатысудың 107 ұғымы, оған қатысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар мен көмектесушілер) жекелеген іс-әрекетін сипаттайтын белгілер және оларға жаза тағайындаудың негізгі қағидалары, сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының анықтамасы берілген (ҚК-нің 27, 28, 29, 31-баптары) . Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады. Өйткені жеке-дара қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға қарағанда, қылмыстық құқық бұзушылық осы нысанда істеудің қауіптілігі дәрежесі және келтіретін залалы да зор. Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты істеуі олардың - қатысушылардың өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыстық құқық бұзушылықты істеуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен қауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыстық құқық бұзушылық істеуді осылай жүзеге асыру қылмысты іс-әрекеттің өзін жоюға, қайсы бір жағдайларда ьір адамның қолынан келмейтін қылмыстық құқық бұзушылықты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көптеген ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтарды, атап айтқанда, бөтен біреудің мүлкін өте көп мөлшерде талан-таражға салу, валюталық операциялар жөніндегі ережелерді бұзу, парақорлық әйел зорлау, кісі өлтіру сияқты қылмыстық құқық бұзушылық бірлесіп істеу арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың ұғымы Қазақстан Республикасының 2014 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 27-бабында «екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қасақана бірлесе қатысуы қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады», -делінген. Қылмыстық құқық бұзушылық істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысудың өзіндік объективтік және субъективтік белгілері бар. Қылмыстық құқық бұзушлыққа қатысудың объективтік жағының бір белгісі бар қылмыстық құқық бұзушылыққа екі немесе одан да көп адамдардың сыбайластықпен қатысуы болып табылады. Бұл жерде қатысушылардың бәрінің есі дұрыс, қылмыстық заң бойынша жауап беретін жасқа толған болуы қажет. Есі дұрыс емес адамды немесе қылмыстық жауап беру жасына толмаған жасөспірімдерді қылмыс істеуге пайдалану қылмыс жасаудың құралдары болып саналады. Сол себептен ол қылмысқа сыбайластықпен қатысу болып саналмайды. Ондай адамдарды қылмыс істеуге падаланғандардың өздері қылмыстық құқық бұзушылықты тікелей орындаушы ретінде жауап береді. Ал, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылққа тарту кодексі 132-бап бойынша жеке қылмыс құрамы болып есептеледі. Қылмыстық құқық бұзушылықістеуге сыбайластықпен қатысуда екі немесе одан да көп адам қылмысты бірлесіп істейді. Объективтік жағынан алғанда қылмыстық құқық бұзушылық істеуге сыбайластықпен бірлесіп қатысу дегеніміз оны істеуге бірге қатысқан әрбір қатысушылардың белгілі бір қылмысты іс-әрекетті істеуге және соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы. Өзінің мәні жөнінен жекелеген адамдардың қылмысқа қатысуы әр түрлі болуы мүмкін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көрсетілген қылмыстарды тікелей орындаушымен бірге, сыбайластықпен қатысушылар санына қылмыс істеуге біреуді көндірген (айдап салушы), қылмыс істеуді ұйымдастырған немесе оған басшылық етуші (ұйымдастырушы) немес қылмыс жасауға жағдай туғызған (көмектесуші) адамдар да кіруі мүмкін. Қылмысты ұйымдастырушылардың, айдап салушылардың көмектесушілердің әр түрдегі және әр түрлі дәрежедегі сыбайластықпен қылмыстың істелуіне мүмкіндік туғызумен бірге уақыты жағынан істелген қылмысты орындаушының әрекетінің алдын алуы немесе сонымен тұспа-тұс келуі және олардың барлығының осы қылмысты әрекетті істеумен себепті байланысты болуы шарт. Әрбір қатысушының әрекеттерінің өзара себепті байланысы мен шарттарының болуы істелеген қылмыстық қатысушылардың сыбайластықпен бірлескен қылмыстық құқық бұзушылықты іс-әрекеттерінің салдары екендігін дәлелдейді, барлық қатысушылардың бірдей жағдайда жауаптылыққа жауаптылыққа 108 тартылуының алғы шарты екендігін көрсетеді. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстық құқық бұзушылықтың зардабының өзара байланысының жеке адамның істеген қылмыстық құқық бұзушылығына қарағанда өз ерекшелігі бар. Қылмыстық құқық бұзушылққа қатысуда қылмыстық құқық бұзушылықтың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады. Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Ол тек қана қылмыстық құқық бұзушылықтың зардабының тууына себепші болады. Мұндай себепші болу қылмыстық құқық бұзушылықты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субъективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді. Бұл жерде екі немесе одан да көп адамдардың қасақана қылмыс жасауға қасақана қатысуы ұйымдастырушының, азғырушының, көмектесушінің, орындаушының істейтін қылмысының мәнісінен хабардар болатындығы және олардың өз іс-әрекеттерімен орындаушыға қылмыс істеуге мүмкіндік туғызатыны немесе соған түрткі болатыны туралы сөз болып отыр. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластықпен қатысу тек қасақана істелетін қылмыстық құқық бұзушылық қана болады. Абайсыздықпен істелетін қылмыстық құқық бұзушылықтағы қылмысқа қатысушылық болмайды. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластықпен қатысуды барлық қатысушылар іс-әрекетті қасақана оның ішінде тек қана тікелей қасақаналықпен жасайды. Бұл жерде, бұл қылмыстық құқық бұзушылықты істеуді тілеу бірнеше адамдарды қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекетке біріктіреді. Кейбір жағдайлара қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу нақтыланбаған тікелей қасақанылқпен де болуы мүмкін. Л. Н. деген азаматтар төбелеске бірге қатысып, қарсыластарының біріне екеуі де пышақ салған. Нәтижесінде бір адам ауыр жарақаттанған. Бұлардың әрекетін аудандық сот нақтыланбаған тікелей қасақаналықпен істелген қылмысты әрекет деп бағалап, оларлы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша саралаған. Себебі, олар пышақ жұмсаудан кез келген ауыр зардаптың немесе кісі өлімінін болуы мүмкіндігіне саналы түрде жол берген.

Қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы, қылмыстық құқық бұзушылыққа көмектесуші немесе айдап салушы Қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушының істейтін қылмыстық құқық бұзушылығының мәнін, ниетін және өздерінің орындаушының қылмыстық құқық бұзушылықты істеуіне жағдай туғызатынын сезінуі қажет. Ал, Қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушы қылмыстық құқық бұзушылыққа басқа сыбайластықпен қатысушылардың өзіне қылмыстық құқық бұзушылыққа дайындалғанына немесе жасауына жәрдем жасағанынан әр уақытта да хабардар болады. Оның үстіне, қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушылардың арасында бірлесіп қылмыстық құқық бұзушылық жасауға деген өзара келісім болады, мұның өзі барлық қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың өз әрекеттерінің келісушілікпен жүзеге асырылатындыгын және мұнын қылмысты іс-әрекеттің тиімді түрде жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Қылмыстық құқық бұзушылық қатысу - барлық қатысушылардың бірыңғай қылмыстық құқық бұзушылықты нәтижеге жетуі үшін бағытталған, ортақ қылмыстық құқық бұзушылық ниетінің болуын білдіреді. Қатысушылардың мінез-құлқының ниетімен мақсатының бір-біріне сай келуі де, келмеуі де мүмкін. Мысалы: кісі өлтіруге қатысушылардың біреуі қызғаныштан, екіншісі кек алушылықпен, ал басқа біреуі пайдакүнемдік ниетпен әрекет жасауы мүмкін. Қылмыстық құқық бұзушылық қатысудағы басты шарт - барлық сыбайластықпен қатысушылар қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, әр түрлі ниетпен соның болуын тілеп, Қылмыстық құқық бұзушылықты жүзеге асыру үшін өздерінің қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттерін біріктіреді.

Қылмыстық кодексте қылмысқа қатысуды саралағанда 2 белгіні пайдаланады:

1. Қылмысқа қатысушылардың өзара тәсілі;

2. Өзара келісімнің деңгейі.

Қылмысқа қатысу қылмыстың ерекше түрі ретінде объективті және субъективті белгілерімен ерекшеленеді. Себебі, қылмысқа қатысушылар объективті, субъективті белгілерінде көрсетілген іс-әрекетті толық жүзеге асырады. Сонымен қатар, қылмысқа қылмысқа қатысушы объективтік белгісі ретінде:

1. Қылмысқа екі немесе одан да көп адамның қатысуы;

2. Белгілі бір нәтижеге жету үшін біріккен қылмыстық әрекеттің сипаты;

3. Әрбір қылмысқа қатысушылар әрекетіне қылмысты орындаушыдан келген қылмыстық нәтиже арасындағы себепті байланыс.

Сыбайлас қатысудың объективтік белгілері: ол, сандық және сапалық.

Сандық белгі - қылмыстық құқық бұзушылыққа ақыл-есі дұрыс, қылмыстық жауаптылық жасына толған екі немесе одан да көп адамның қатысуы.

Сапалық белгі - қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың әрекеттерінің бірлесіп жасалуы.

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың сапалық белгісінің мазмұны:

  • қатысушылардың әрекеті бірін-бірі толықтырып отырады және ортақ нәтижеге жетудің қажетті шарты болып табылады;
  • туындаған қылмысты нәтиже барлық қатысушыларға ортақ болады;
  • әрбір қатысушының әрекеті мен ортақ қылмысты нәтиже арасында себептілік байланыстың болуы.

Қатысушылардың қасақана кінәсінің ортақ болуы - адам өз әрекетінің қоғамдық қауіптілігін, оның өзге адамның қоғамдық қауіпті әрекеттерімен бірлікте жасалып жатқанын ұғынады, ортақ қылмысты нәтиже туындайтынын болжайды, бірлесуді және осы нәтиженің туындауын қалайды немесе саналы түрде жол береді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу мәселелерін құқықтық ретеу жолдары:

1. Қатысудың жалпы мәселелері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Жалпы бөлімімен реттеледі.

2. Қатысу нысандары Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінде саралаушы белгі ретінде ескеріледі.

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінде түрлі қылмыстық топтар құрғаны үшін жауаптылық орнататын арнайы нормалар көзделеді.

1. 2. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластықпен қатысушылардың түрлері және олардың әрқайсысына заңдылық сипаттама Қылмыстық кодексінің 28-бабында көрсетілген.

Жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың түрлері
Жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың түрлері: Орындаушы
Ұйымдастырушы
Айдап салушы
Көмектесуші
Жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың түрлері:

1. Қылмыстық құқық бұзушылықты тікелей орындаған адам.

2. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға басқа адамдармен бірге тікелей қатысқан адам (қоса орындаушы) .

3. Қылмыстық құқық бұзушылықты басқа адамдарды (есі дұрыс емес, қылмыстық жауаптылық жасына толмаған, абайсызда әрекет еткен) пайдалану арқылы жасаған адам.

1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған адам.

2. Қылмыстық құқық бұзушылықтың орындалуына басшылық жасаған адам.

3. Қылмыстық топты құрған адам.

4. Қылмыстық топқа басшылық жасаған адам.

Басқа адамды азғыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе басқа да тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көндірген адам.

Интеллектуалдық көмектесуші - кеңестермен, нұсқаулармен, ақпарат берумен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, сол сияқты осындай заттарды алуға немесе өткізуге уәде берген адам.

Әрекетпен көмектесуші -қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам.

Қылмыстық құқық бұзушылықты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады (28-бап, 2-бөлігі) . Қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушы қылмыстық құқық бұзушылықты жеке өзі немесе оны бірнеше басқа адамдармен қоса орындап, тікелей жүзеге асыруы мүмкін, мысалы: топ болып әйелді зорлау. Қайсыбір жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылықтың субьектісі болып танылатын жасқа толмаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей орындаушысы болады. Немесе есі дұрыс емес адамды кісі өлтіруге пайдаланса, онда оны пайдаланған адамның өзі қылмысты орындаушы, ал есі дұрыс емес адам қылмыстық құқық бұзушылық істеудің құралы болып табылады. Егер абайсыздықпен әрекеттенген адамды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасалса да, қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушы болып соңы пайдаланған адамның өзі танылады. Орындаушының арам ниетінің мазмұны мынандай болып табылады: а) адам қылмыстық құқық бұзушылықты басқалардың көмегімен (біреу болса да) істелгені сезеді; б) қылмыстық құқық бұзушылықтың нәтижесінің жалпы зардабын болжайды; в) соның болуын тілеп немесе соған саналы түрде жол береді. Қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушылардың әрекеті Қылмыстық Кодексінің 28-бабы, 2-бөлігіне сілтеме жасамастан Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бойынша тікелей сараланады.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты қылмыстық топты құрған не оларға басшылық еткен адам, сол сияқты қылмыстық топты құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады (28-бап 3-бөлігі) . Ұйымдастырушы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың ішіндегі ең қауіптісі болып табылады. Оның әрекеті Қылмыстық Кодекстің 29-бабына сілтеме жасала отырып сараланады. Қылмысты ұйымдастырушылардың әрекеті көбінесе тұрақты қымыстық топ құруға байланысты болады. Ұйымдастырушылар объективтік жағынан алғанда қызметі қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушыларды табу, оның дайындағаны жүзеге асырылуына жоспар жасау, қылмыстық құқық 121 бұзушылыққа қатысушылардың арасында берік тәртіп орнату, олардың өзара міндеттерін бөлу, сондай-ақ қылмысты істеу барысында оған тікелей басшылық жасау жағынан көрінеді. Барлық жағдайларда да ұйымдастырушы, қылмыстық құқық бұзушылықты істеуді дайындағанда немесе басқарғанда олардың қатысушыларын біріктіріп, басшылық жасайды, көп жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылықты істеудің бастамасы болады. Кейбір ретте қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы өзінің ұйымдастырушылық қызметін істелген қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей орындаушылық қызметімен алмастыруға болмайды. Өйткені қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушының зияндылығы орындаушыға қарағанда жоғары және қауіпті болып табылады. Ұйымдастырушы тек қана тікелей қасақаналықпен әрекет жасайды. Ол әрекетінің қоғамға қауіпті екенің біле тұра, содан туындайтын зардаптардың болуын болжай тұра, сол зардаптың болуын тілеп істейді, яғни басқаша айтқанда, ұйымдастырушы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың барлығының қылмыстық құқық бұзушылық әрекетінің біріктірушісі болады және сол үшін де өзі ұйымдастырған нақты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының санкциясына сәйкес жазаға тартылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас катысып жасалған кылмыстық кұкык бұзушылык үшін жаза тағайындау
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы
Қылмысқа қатысу түсінігі
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері
Қылмыстық құқық бұзушылыққа тағайындалатын жаза түрлері
Қылмысқа қатысудың объективті белгілері
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың жауаптылығы
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz