Дарынды және талантты оқушылар


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы
«МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» пәні бойынша РЕФЕРАТ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Қуатты педагогикалық құралдар: талантты және дарынды балаларды оқыту
Орындаған: Серікбек Т. Б.
Тобы: М-19-3
Тексерген: Оразбекова Р. А.
Қарағанды 2021
Жоспар
Кіріспе
Дарындылық ұғымына жалпы түсінік
Негізгі бөлім
- Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу.
- Ұстаздардың көзіне тез түсетін дарындылық түрлері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жаңа дәуір табалдырығында тұрған адамзат баласы өзінің даму сатысында интеллектуалдық қабілетке барынша иек артуда. Интеллектуалдық ақыл-ой дегенде, сөз талантты адамдар жайлы өрбиді. Мұндай дарын иелері қоғамның үлкен байлығы және алға жылжытар күші. Сондықтан ғылымымыздың сан саласы дамып жаңа техналогиялардың жасалуы мен өндірістің өрге басуында қалыптан тыс, еркін ойлайтын талант иелеріне қоғамымыз мұқтаж болып отыр. Қазіргі таңда дарындылық өте өзекті мәселе болып табылады. Бұл ең алдымен қоғамның ерекше шығармашыл адамдарға деген сұранысының өсуіне байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына мемелекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр.
Дарындылық - адамның ой-өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің ерекше өрістеуіне себепкер болатын, жан - жақты дамудың нәтижесі болып табылады. Көбіне балалық шақта байқалатын табиғи нышандарды ойдағыдай үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктің түрі.
Қабілеттілік - адамның жеке басына тән белгілі - бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік. Дарындылық туа біткен ерекше қасиет болып табылады. Адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет ол - дарындылық болып саналады. Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық - педагогикалық сұрақтарын қарастырумен Қазақстанда ұзақ уақыт бойы өте аз айналысты, тіпті айналыспады десекте болады. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, оларды әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасалуы керек.
Дарындылық әрбір адамның ақыл - сана, оқу, шығармашылық, көркем өнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллект деңгейі анағұрлым жоғары. Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі - 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты. Басқа қатарларымен салыстырғанда дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.
Дарынды және талантты оқушылар: Өздерінің оқуларының нәтижелігін арттыру әдістерін іздеуге және өзін-өзі бақылау қабілетіне ие; Осындай балалар қарым-қатынас жасауға, оқуға және жазуға деген қабілеттерін ерте жастан бастап көрсетеді; Олар қызығушылықты арттыру мақсатында анағұрлым күрделі ойындар мен тапсырмаларды құрастыруға қабілетті болып келеді.
Негізгі бөлім
- Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу
Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан-жақты жағдайлар жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарын дегеніміз - адамның белгілі бір салада көрсеткен жоғары қабілеттілігі десек, оның мынадай түрлері бар, оны төмендегі кестеден көруге болады.
Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, қабілетті, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Мектептің мақсаты - жан-жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.
Дарындылықты зерттей бастасақ, көп сұрақтарға жауап беруге тура келеді: «Баланың дарындылығын қалай анықтауға болады?» Осы ретте дарынды баланы анықтау проблемасы туады. Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы: сынақтан өткізу) . Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Жалпы бала бойындағы дарындылықты анықтауда асығыстық жасауға болмайды. Ол үшін әуелі жас жеткіншектің бойындағы ерекшелік қасиетін анықтау үшін әуелі белгілі педагогикалық-психологиялық әдістер қолданамыз. Оқушыны зерттеу мен қабілетіне қарай даралауда құпиялық сақталады. Себебі: бала көңіліне қаяу түссе, оның бойындағы бар қабілет-қарымы өспейді, керісінше өшуі мүмкін.
Мұғалімнің дәстүрлі оқу үрдісінде негізінен шығармашылыққа уақыт жете бермейді. Сонымен бірге, дарынды бала өз ісінен ләззат алуға бейім болғандықтан, есте сақтау және қайталау әдісі оны біріншіден, тез жалықтырады, екіншіден, оның санасында «білімді толық игеру», яғни «сабақта өтілетін дидактикалық материалды толық білу» елесі пайда болады, үшіншіден, ол мұғалімге тәуелділікке төзе алмайды. Нәтижесінде дарын сөнеді. Дарындылық сөнбеуі үшін бала тұрақты түрде бақылауда болуы тиіс, тұрақты түрде шығармашыл деңгейде іс-әрекет жасау қажет, мұғалімге тәуелді екенін сезінбеу керек. Әр оқушы өздерінің мұғалімнің зерттеу обьектісінде тұрғанын сыныптастары бірін-бірі білмеу керек, бақылау табиғи түрде жүргізілу керек.
Мысалы: сыныпта тапсырманы орындаудағы белсенділігі; ұтқыр жауаптары, жаңа сабақты жылдам меңгеруі; үй тапсырмасын орындаудағы тиянақтылығы; қайталау сұрақтарына мүдірмеуі т. с. с бақылаулар жүйелі жүргізіліп отырылуы керек. Бұл - дарындылықты анықтаудың бастауыш сыныптағы алғы шарттарының бірі. Осылай әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін анықтап болған соң оларды дамыту жұмысы басталады.
Орта буынға келгенде дарынды балаларға арналған түрлі әдістерді қолдануға болады. Соның бірі - байқау әдісі. Ол баланың жеке бас ерекшелігіне, әрекеттеріне тікелей бақылау жүргізу арқылы анықталады.
Байқаудың әдіс-шарттары:
1. байқау үздіксіз жүргізілуі керек.
2. мақсатқа жету айқын көрсеткіштер жинақтайды.
(Мысалы: болашақта әдебиетші немесе тілші болам деген оқушы үнемі мақала, эссе, шығарма жазу сияқты жұмыстармен шұғылданып отыруы қажет, сонымен қатар мұғалім бұл оқушыны бақылап, байқап қол жеткен жетістіктеріне жүйелі қолдау көрсетіп отырса, оның бойындағы дарындылығы жүйелі дами береді) .
Келесі әдіс - әңгімелесу әдісі . Мұнда алдын ала жоспарланған сұрақтармен қатар жанама сұрақтар рөлі ерекше. Әңгіме желісі үнемі проблеманы шешуге әкеп соқтырып отыруы қажет. Балаға әсер ететін факторлар: ата-ана, мұғалім, мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары, жолдастары. Жұмыс істеу барысында осы орталармен байланысын жете бақылап отыру керек. Баланың қызығушылықтары мен икемділігін, ептілігін анықтау - кез келген психодиагностикалық анықтау сияқты өте күрделі мәселе. Мұғалім осы әдістемені қолдану арқылы оқушының дарындылық қабілетін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік алады.
1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:
-дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
-оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;
-дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығушылық таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;
-дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
-дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;
2. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
-өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
-қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;
-жеке тұлға теориясы, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;
-дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;
-қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;
-дарынды оқушыны оқытуы, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;
-дарынды балалардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі;
2. Ұстаздардың көзіне тез түсетін дарындылық түрлері.
1. Ұстаздың көзіне тез көрінетін «интеллектуалды» дарындылық. Ұстаздар әдетте осы балаларды «ақылды» деп атайды, сонымен қатар оларды «мектептің атағын шығарады» деп үміттенеді. Бұл оқушылар әдетте терең білім алуға тырысады, өз бетінше күрделі әдеби кітаптарды оқиды және өз бетімен оқылған кітаптарға сын көзімен де қарауы мүмкін. Бұндай оқушылар күнделікті алып жүрген білімін терең сұрыптайды және де әрбір мәселелерге философиялық көзқараспен қарайды. Жоғары және де өте жақсы дамыған интеллекті мен ақыл-ойы, әртүрлі мектеп пәндерін жеңіл меңгеруге өз үлесін қосады. Бірақ бұл балалар кейбір пәндерді өте жақсы меңгеретін болса, ал екіншілеріне меңгеру қиынға соғады.
Интеллектуалды дарындылықтың басты астарлы екі түрі, ол «жалпы интеллектуалдық қабілеттер» және «арнай бір аймақтағы білім». Бұл екі астарлы түрдің айырмашылығы көбіне арнайы бір уақытқа байланысты, басында әрине жоғары қабілеттер барлық салаларда болады, уақыт өткен қажеттілік дарныдылықтың басты мінездемесі болады және де осындай оқушыларда дарындылық өте анық көрінеді. Дарындылықтың осы түрі «вундеркиндтерде» өте жақсы дамыған.
2. «Академиялық» дарындылық. Бұнда интеллектуалды дарындылықпен қатар, бірінші орынға оқуға деген арнайы қабілеттер шығады. Бұл оқушылар өте жақсы оқуға қабілетті, олар оқуды рахаттанып және де оларға оқу өте жеңіл беріледі. Медалистер мектептің мақтанышы әдетте дарындылықтың осы түріне жатады. Әдетте осы оқушылардан өз жұмыстарының мамандар мен шеберлер пайда болады. Академиялық түрдің де астарлы түрлері бар: оқуда кең қабілеті бар оқушылар (олар қандайда болса салада сәттілікпен қауышады) және де бір немесе соған жақын салаларды меңгеру қабілеті.
Кейбір кездерде мұғалімдерге интеллектуалды және академиялық дарындылықтарды айыру қиынға соғады. Екеуінің айырмашылығы, интеллектуалды дарынды оқушының сындық ойлауы жоғары, өз бетімен глобалды және философиялық көзқарастардың мәселелерін шешуінде. Ал академиялық дарынды оқушы-ол оқудағы данышпандар және тағы сол сияқты.
3. Дарындылықтың тағы да бір түрі, мұғалім оны ешқандай диагноз қоймай көреді, ол шығармашылық дарындылық. Дарындылықтың бұл түрі қандайда бір шығармашылықта жоғарғы жетістікке жету, оларға - музыка, би, бейнелеу өнері, сәулет өнері, сахналық өнері жатады. Мұғалім баланың бұл қабілеттерін көруі керек және де ол осы балалардың өнерін одан әрі дамытуға үлесін қосуға тырысуы керек. Жоғарыда айтылған дарындылықтардың түрлерін мұғалім психологтың көмегінсіз анықтай алады. Бірақ, кейбір дарындылығы ашық көрінбейтін оқушыны мұғалім «әлсіз» «болашағы жоқ» деп санауы мүмкін. Бұл дарындылық креативті түріне жатуы мүмкін.
4. Креативті түр. Бұл дарындылық түрінің ең басты ерекшелігі ойлауда, әдетте олар басқалардан өзгеше ойлайды. Дарындылықтың бұл түрі мектеп практикасында өте қиын анықталады, мектептің стандартты бағдарламасы бұл балалардың өз-өзін ашуға мүмкіндік бермейді. Бұл балалардың кемшіліктерін өте оңай көруге болады, ал олардың мектептегі ерекше шығармашылық қабілетін көру өте қиын, кей кезде тіпті көруге болмайды. Көбінесе осындай дарындылығы бар оқушылар сабақты оқымайды және бұған өте көптеген себептер болады. Мысалға: олар біреудің дайын жасап қойған мәліметтерін оқығысы келмейді, одан гөрі олар өздерінің ойларын оқып, зерттегісі келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz