Асық ойынының бүгіні
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
Мәдениет және спорт факультеті
Театр және эстрада шығармашылық кафедрасы
"Студенттік ғылыми- практикалық жұмысы"
СҒЗЖ тақырыбы:Қазақ халқының ұлттықт ойыны- асық ойыны.
Орындаған- Серік Майра
Тобы: Мс-19-15-6к2
Жетекшісі: Жандарбеков Әбілқайыр
Аннотация.
Асық - қазақтың ұлттық ойыны атты ғылыми жоба жұмысы кіріспе, зерттеу бөлімі,қорытынды бөлімнен тұрады. Ғылыми жоба жұмысының кіріспе бөлімінде жұмыстың мақсаттары мен сол мақсатқа жету жолындағы алға қойған міндеттері және ғылыми жоба жұмысының жаңалығы, қолданған әдіс - тәсілдері баяндалған.
Студенттің негізгі мақсаты асық ойынының түрлерін және олардың ойналу ережесін танытып, асық ойыны арқылы тұлғаның өз бетінше дамуына қол жеткіуге болатынына көз жеткізу.
Ғылыми жоба жұмысының негізгі бөлімінде мынадай мәселелер сөз болады:
а)Асық ойыны-ұлттық қазынамыз екендігі;
ә)Асық ойынының түрлері және оның бала дамуына қосар үлесі;
б)Алдыңғы буын ағалар ойнаған асық ойындары;
Қорытынды бөлімде асық ойынын ойнау арқылы тұлғада қандай даму өзгешеліктері болатынын және асық ойыны жас ерекшелігіне сай құрылған ойын екендігін пайымдай келе, асық ойынының бүгініне ой жүгіртіп, ұлттық құндылығымызды жоғалтып алмайық деген жан айқайын білдіреді
Мазмұны
Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-бет
Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3- бет
І . Кіріспе:
1.1 Ұлағатты ұлттық ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4-5- бет
ІІ.Негізгі бөлімі:
2.1 Асық ойыны - ұлттық қазынамыз ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .. 6-7- бет
2.2 Асық ойнының түрлері және бала дамуына қосар үлесі ... . 8-12 бет
2.3 Алдыңғы буын ағалар ойнаған асық түрлері ... ... ... ... ... 13-бет
ІІІ. Қорытынды
3.1 Асық ойыны-баланың өз бетінше даму әрекеті ... ... ... ... ... 14-бет
3.2 Асық ойынының бүгіні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15- бет
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16 - бет
І.Кіріспе
Асығың алшысынан түссін! (Халық даналығы.)
1.1 Ұлағатты ұлттық ойындар
Қазақ -- ойын-сауықшыл халық. Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ "баланы жастан" дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Асық - қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен. Асық ойынының тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме.
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарының халқымен қайта табысуына жағдай жасау.Асық ойынының қалыптасу кезеңі мен шығу тарихы туралы зерттеп, бүгінгі ұрпаққа таныту. Сондықтан мен осы тақырыпты зерттеуге бел буа отырып мыналарды зерттедім.
Зерттеу жұмысының мақсаттарын айқындадым:
Қазақтың ұлттық ойындарының қалыптасу тарихын зерттеу; Қазақтың қозғалмалы ойындары неше топқа бөлінгенін білу; Асық ойынының түрлерімен және олардың ойналу ережесімен танысу; Асық ойынын ойнаудың бала психикасын және өмірге бейімділігін дамытудағы маңыздылығын түсіну.Айталық, тас дәуiрiнде қалыптасқан - таяқ жүгiрту, асық, ақсүйек, темiр дәуiрiнде тараған -- қарағие, садақ, бергi феодалдық дәуiрдегi, яғни үйсiн, қаңлы хандығы кезiндегi -- ақбайпақ, алтыбақан, арқан тартыс, белбеу тастау, жасырынбақ, көршi бұғынай, айдапсал т.б. ойындарды бүгiнде бiлетiндер де, бiлмейтiндер де аз емес. Жануарлардың қозғалысына елiктеп жасалынған қозғалыстар да бертiн келе ойын бидiң арқауына айналған. "Аң аулау" билерiнiң түрлерi бiр iзге келтiрiлмеген. Дегенмен олар барлық қауымдастық мүшелерiн қызықтырғанын ескерсек, оның тартымды түрлерiнiң көп және жаттығуға икемдi болғанына күмәнданбаймыз.
Қыпшақтардың тайпалық одақтары түрiк қағанатына қосылғанда хан жақсы ма, ханды қара басты, шалма, қарамырза, сайыс, ат үстiндегi тартыс, аударыспақ, балтам тап, аударыспақ, "көк бөрi тарту" сияқты ойын түрлерi таралған. Ұлттық ойынымыздың тарихы туралы Рашид-ад дин, Низами әл-Мулк, Мосуди, Махмұд Қашқари сынды ғұламалар пiкiрлерiн қалдырған. Батыстың XIII ғасырдағы саяхатшысы Марко Поло Жетiсу жерiндегi үлкен жиында "Қыз қуу" ойыны мен "Қыз бөрi" ойынын көргенiн естелiктерiнде тамашалап баяндайды.Көшпендiлер табиғи күш атасы атанған. Малмен жүрген көшпелi халықтың алдымен далада, ашық алаңда, түнде ай жарығында сауық құратын ойындары қалыптасты. Жарыста адам да, оған қатысқан төрт түлiк түрлерi де сынға түстi. Солардың iшiнде бiзге мәлiмi ақсүйек, алтыбақан, айгөлек, арқантартыс, көксиыр, соқыртеке, түйе-түйе, белбеу тастау, қасқұлақ, моңданақ, ақбайпақ, түйiлген шыт, тиын салу, ақшамшық, ақсерек-көксерек,көршi, шалма, шымбике, инемдi тап, айдапсал, қарамырза, қарт-қарт, жылман т.б., сондай-ақ ат жарысы, түйе жарысы кеңiнен таралған. Жарысқа астында көлiгi бар, бiлегiнiң қарымы мықты адамдардың бәрi де қатыса алған. Өйткенi көшпендiлердiң кiшiсiнен үлкенiне дейiнгiлер әлгi аталған түрлi ойындардың тәсiлдерiн шебер меңгере бiлген. Ойынның түрлерi күнделiктi тiршiлiкте, маусымдық жиындарда тартымды орын алды. Ойын адамның жаны мен тәнiн сергiттi, өз бетiнше еңбектенуiне баулыды, топ таңдауды үйреттi.Шаруашылық пен еңбек процесi ойынның түрлерiн көбейттi, ойынға қойылатын талапты күшейттi. Ойында қолданатын әдiстерге арнайы жаттығу керек болды. Ойын заттары мен бұйымдарына деген ұқыптылық жалғасын тапты. Ойынды өткiзу туралы келiсiм жұмыстары жанданды. Ойынды өткiзетiн арнайы кеңiстiк алаңдар таңдалды. Бiртiндеп атамекенiне және атажұрт салтына деген құрмет көзқарастар қалыптасты. Әр ойынның белбасарлары анықталды, олар көптiң құрмет-сыйына бөлендi. Ойын өнердiң түрiне, топты ұйымдастыру тетiгiне айналды. Содан ойын өнерi ұлттық әдеп-ғұрыптың қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал етті.Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрi кең таралған. Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледi:
1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақай пiстi, жылмаң т.б.;
2. Жануарлар бейнесiн елестетiп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т.б.;
3. Мүлiктiк бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрiк жасырмақ, түйiлген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.
4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.
Асық ойыны қозғалмалы ойындардың табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар тобына жататынын білгеннен кейін , зерттеу жұмысының мақсаттарына жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым
- Ұлттық ойындардың ұрпақ тәрбиесінде алар орны қандай дәрежеде екенін білу;
-Асық ойыны туралы газет-журналдарда қандай ақпараттар жазылғанын зерттеу;
- Асық ойынының қандай түрлері ел арасында танымал екенін білу;
- Ұмытылып қалған түрлерін анықтау;
- Асық ойынын ойнаудың маңыздылығы неде екенін түсіну;
- Асық ойының өткені мен бүгіні туралы салыстырып , саралау;
Зерттеу жұмысының жаңалығы:
- Асықтан есепшот жасап,математика сабақтарында мектепалды топтарында пайдалануға болады , сонымен қатар кіші жастағы балалар асықтың пішінімен таныс болады.
-Асық ойынының ұмытылып кеткен түрлері туралы зерттеп,олардың бүгінгі күнде балалар арасында таралуын қолға алдым.
-"Асық ату" ойынын матеметикалық ойын ретінде де пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының әдістері: Жинақтау , талдау , ішінара ізденушілік, тәжірибе.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Асық ойыны - ұлттық қазынамыз
Егемен Қазақстан газетінің 2006 жылғы 22 наурызы күні жарияланған Нұртөре Жүсіптің Тутанхамонның асығы атты мақаласын оқи бастадым. Автор:2001 жылы Мысыр қаласындағы мұражайда тұрған Тутанхамонның ойыншығы салынған қорапшаны көрген сәтте Тутанхамон кім?,Біз кімбіз? Асықпен ол да ойнаған ,біз де ойнағанбыз.-деп таңданады. Мұражай гиді ойыншықтардың аты белгісіз,қалай аталатынын білмейміз деп,Қазақстандықтардың асықты көріп қуанғанынан,ол ойыншықтардың асық деп аталатынын жазып алғанын әңгімелейді.Бірақ , Тутанхамонның кім болғаны туралы жазылмаған екен. Содан Тутанхамон деген кім екен ,ол қай заманда өмір сүрді екен? - деп ойладым да,мектеп кітапханасынан Ежелгі дүние тарихы кітабын алып,қарадым. Тутанхамон біздің заманымыздан бұрынғы 1500 жылдар шамасында Ежелгі Египетті басқарған перғауын екен. Тутанхамон да асықпен ойнаған екен. Осы мақаланы оқи отырып,халық арасында бүгінгі таңда ойналуы сиреп кеткен асық ойыны туралы не білеміз ?Асық ойыны - қазақ халқының ұлттық ойыны емес пе?Ертеңгі күні тоғызқұмалақ ойыны секілді , басқа мемлекет асық ойынын да меншіктеп алмайды ма екен ?- деген ой келді.
Асық дегенді исі қазақ түгел білетіндей...Бірақ күн санап, сағат санап көшпелі өмірден алыстап бара жатқан,заман ыңғайымен мал шаруашылығына байланысты ұғым - түсініктерден алыстай түсіп, неше ғасырлық тіл байлығынан , бабалар мұрасынан , әдет - ғұрып , салт - дәстүр жиынтығынан жерініп, әлемдік жаһандану саясатына ден қойған мына заманда асық ойыны туралы бүгінгі ұрпақ біле ме?Асық ойыны туралы қандай мағлұматтар бар? - деп тоқталар болсам, Қазақ совет энциклопедиясының 1-томының 538 - бетінде мынадай жолдар бар екен:Асық ойыны- балалардың ежелгі спорттық ойыны. Тақыр алаңға көлденеңінен түзу сызық сызады да, соны бойлай тігілген кенейді кезектесіп, сақамен ату арқылы мергендік сынасады. Асық ойынының түрі: үш табан, бір табан, шығу, шеңбер, т.б Қыз - бозбалалар кешкісін үйде отырып ойнайтын асық ойындары - қора, хан, құмар, т.б. Ал 2008 жылы Алматы баспасынан шыққан Балалар энциклопедиясы 1-томының 127-бетінде Асық ойыны-қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны.Асық ойыны күндіз де,түнде де ойналады.Күндізгісі-мергендікке,түн гісі-ептілікке баулиды.Иіргенде түскен қалпына қарай асық - алшы,тәйке,бүк,шік деп,ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны-сақа,жақсылары - оңқай аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.Аюбай Құралұлының Ұлттық дүниетаным атты оқу құралында асық түрлері мен атаулары былайша түзілген:
1.Кеней,кентай-асық ойынында ұпайға тігілетін асық. Кішкентай сөзі кіші және кентай сөздерінен шыққан.
2.Сақа - асықтың ең үлкені,ірісі.
3.Ешкіемер - ешкінің асығы.
4.Қойлақ - қойдың асығы.
5.Құлжаз- құлжаның асығы.
6.Топай,сомпай-сиырдың асығы.
7.Шүкейт-киіктің асығы.
8. Пүш-тәйке түспесін деп алшы жағы жонылған асық. Пұшайман болу деген осыдан шыққан.
Балдәурен газетінің 2008 жылғы 5 қараша күнгі санының Балаларға базарлық айдарында белгілі ақын , ардагер ұстаз Сәнімкүл Желдербаева апамыздың Асықтың алты атауы атты өлеңі жарияланған.
Өлең жолдарына назар аударсақ:
Мен Алшымын!
Алтын сапты қамшымын ,
Асықтардың ұранымын ,
Беташары құралымын - деп , ақын асық пішімдерінің ішіндегі алшы түскен асықтың рөлінің мықтылығын айтса ,
Мен Тәйкемін!
Мақтанып көп қайтемін.
Тайғанақтау болсам да,
Алшыменен тату доспыз, әйтеуір...
деген жолдарынан екінші орында тәйке асығы тұратынын айтады.Содан кейінгі кезекте бүк, шік , омпы , аша тұратынын айта келіп,ақын апамыз оңқай және солақай асықтардың да болатынына назар аударады.Сонымен қатар ақын қыз балаларға арналған асық ойыныБес асық ойыны туралы былай деп баяндайды.Асық ойыны арқылы қыздар саусақтарына , қолына жаттығу жасайды.Шеберлікке, икемділікке , ұқыптылық пен ойлылыққа үйренеді.Ойын шарты:
1) Ойынға2-3-4 қыз бала қатыса алады.
2) Сақаларын жеребе етіп,сақасы алшы түскені бастайды.
3) Ұпай саны қағып алған асықтың санымен есептеледі.Оннан жүзге дейін болуы мүмкін.
4) Айыпты өздері келісіп , алдын-ала белгілейді.Ән айту,би билеу , жұмбақ,жаңылтпаш айту т.б.
Асық ойыны балаларды дәлдікке,намысқойлыққа ,сөзінде тұруға,берген уәдені орындауға,ерлікке тәрбиелейді.
2.2 Асық ойынының түрлері және бала дамуына қосар үлесі.
Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясының 1-ші томының 500-ші бетінде Б.Төтенайтегі сипаттап берген асық ойындарының түрлеріне тоқталар болсақ, олар мыналар :
Құмар. Ойынға 2-4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болу керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да, кезек - кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт тәйке түсірсе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді.Омпы. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Оны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде ойнай береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, соғұрлым қызықты болады. Мақсат - көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да,көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді.Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек - кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп,асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бұрын тигізсе, онда тігілген бар асықт сол алады, егер омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біріне тигізсе тек сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді.Біз пәлен ғасырдан бері мал шаруашылығымен айналысып, малға қатысты мәселенің бәрінің майын ішкен халықпыз. Өмір салтымыз, әдет - ғұрпымыз төрт түлік малға мейлінше байланысты; қаншама атау, ұғым - түсінік, таным мен пайым соған қатысты; одан өрбитін сөз де, мақал - мәтел де жеткілікті. Исі қазақ баласының қой асығын көрмегені жоқ шығар, сірә.
Ақылы асса - аға қой,
Жасы кіші демеңіз.
Қолыңа жақса - сақа қой,
Қой асығы демеңіз, - деген қазақпыз ғой.
Асық атаулары мен түрлері асықтың төрт жағындағы 4 түрлі пішімнен шыққанын білдік. Оның әрқайсысының өз дәрежесі болады. Бірінші пішім - Алшы , ол бірінші дәрежеде, екінші пішім - Тәйке, бұл екінші дәрежеде. Үшінші пішім - Шік , бұл үшінші дәрежеде. Төртінші пішім - Бүк (бүге), ол төртінші дәрежеде. Асық ойындарының түрлері көп. Соның көбісі бұл күнде ұмытылған. Қазіргі ауыл және қала балаларының ойнап жүргені асық ату ойыны. Бұл - көбіне далада, тегіс жерде ойналатын ойын. Негізі асық ойындары жылдың төрт мезгіліне орай шыққан. Асық атыс немесе асық ату ойыны жылдың кез келген мезгілінде ойнала береді. Бұл ойын балалардың тез қимылдауын қалайды. Мергендігін арттырады. Дәлдікке, есепке үйретеді.Асық ойнау - балалардың дүниетанымын кеңейтетін ойын. Ойынға бірнеше бала араласқанда әркім өз асығын қателеспей тауып алу үшін апа - әжелеріміз кілем және киіз жүндерін бояп жатқан қазанға асықтарды салып алатын. Сонда әр асықтың түр - түсі әртүрлі болып шыға келер еді. Қызыл, жасыл, қара, көк, сары, қоңыр бояу түрлерін балалар екі - үш жасында - ақ еркін ажыратады. Өзім дегенде өгіз қара күшім бар дегендей, әр бала өз асығының санын тез - ақ біліп алады. Бұл санауға жақсы, балалардың есепке жүйріктігі бала кезден қалыптаса бастайды. Асық - кәдімгі санағыштың ролін қоса атқарады. Асықтарды қаз қатар тізу кезінде олардың санын алу, кейін ұтысты есептеп, ұпай бөліскенде жапырлап асық санау кез келген баланың математикаға бейімін арттырады. Қазақ баласының есепке жүйріктігі, міне, осындай ойындарды ойнаудан - ақ қалыптасқан.Бала көп қимылдайтыны, тез шаршай қоймайтыны анық. Асық ойындары - қимыл - қозғалысқа құрылған ойындар. Асық ойындарының әліппесі саналатын Төрт асық ойыны - балалардың жас кезінде, енді - енді қимыл - қозғалысы көбейіп келе жатқанда ойналады. Әсіресе, ыстық кезде, бала аздау қимылдасын деген ниетте дүниеге келген ойын. Бір жағы баланың танымдық қабілетін арттырады.Төрт асық. Бұл ойынды балаларға жас кезінде үйретеді. Төрт - бес жасар балалардың ойнауына жақсы. Ойын мақсаты белгілі: бала бір асықта төрт түрлі пішім бар екенін және әр пішімнің әр қыры бар екенін зердесіне тез түйеді. Ойынға қосылған балалардың әрқайсысы бір асықтан иіреді. Кімнің асығы алшы түседі, сол бала ойынды бастайды. Қолға алған төрт асықты ақырын шашып жібереді. Сонда төрт асық төрт түрлі болып түссе, ойынға қатысып отырған балалардан бір - бір асық алады да, ойынды әрі қарай жалғастырады. Тағы да төрт асықты жерге ақырын шашып жібереді. Сонда төрт асықтың төртеуі де не алшы, не тәйке, не шік, не бүк болып түссе, соның әрқайсысында да ойынға қатысушы балалар ойынды бастаған балаға бір - бір асықтан береді. Ал алда - жалда төрт асықтың пішімі төрт түрлі немесе әртүрлі болып түссе, онда ойынды бастаған бала 4 асықты екінші балаға береді. Ол ойынды бірінші бала секілді қайтадан бастап жүргізе береді. Осылайша ойынға қатысып отырған балалар асықтарынан ұтылып біткенде ғана ойын тоқтатылады. Ұтыс есептеледі. Ұпай саналады. Ұтқан баланың асықтары көп болса, ол қалған балаларды қатарластыра сапқа тұрғызады. Бір - біріңді қуыңдар, кім ұстатпай кетсе, сол ойынды бастайды, - дейді. сөйтіп ойын ары қарай жалғаса береді.Асық ату. Көбіне жаз және күз айларында ойналады.Ойынға екі бала қатысады.Ойынға қатысатын әр баланың өз сақасы болуы шарт.Сақа қойдың ең ірі асығынан таңдап алынады.Ойынды ойнау үшін тегіс жерге белгі салынады.Сызық сызылады.Ол шеңбер түрінде үш түрлі сызығы болады.Бірі- өріс сызығы,бірі-табан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz