Бөгелектердің жіктелуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс №3

Тақырыбы: Бөгелектер қоздыратын аурулардың қысқаша мінездемесі және жіктелуі. Бөгелек балаңқұрттары тудыратын ауруларға қарсы емдік-профилактикалық шаралар.

Кілтті сөздер: бөгелек, гиподерма, оэструс, гастрофилюс, ларвалды, энтомоз т. б.

Мақсаты: Ларвалды энтомоздардың балау, емдеу әдістерін меңгеру.

Дәріс жоспары:

1. Бөгелектердің жіктелуі.

2. Ларвалды энтомоздардың негізгі топтары, олардың сипаттамасы.

3. Ларвалды энтомоздардың емі және күресу шаралары.

Бөгелектер - бұл Diptera тегіне жататын қос қанатты шыбындардың биологиялық тобы. Олар балаң құрттарының мекен - жайына қарай әртүрлі ауруларды қоздырады. Әртүрлі ағзаларды зақымдайды да үш үлкен топқа, тұқымдасқа бөлінеді.

  1. Hypodermatidae тұқымдасына жататын бөгелектер, олардың балаңдары терінің астында мекендейді, мынандай ауруларды қоздырады.

а) H bovis, H linetum - ірі қара гиподерматозы

б) Oedemagena tarundi - бұғылар эдамагенозы

в) Crivellia silenus - ешкілердің кривелиозы 11 туысы, 33 түрі бар.

  1. Oestridae тұқымдасына жататын бөгелектер. Олардың балаңдары кеңсірік танауында, маңдай қуысында мекендеп, осындай ауруларды қоздырады.

а) Oestrus ovis - эстроз (қой пысқырығы)

б) Rh. purpureus, Rh. Lаtitrons, Rh. usbekistieus - жылқылар ринэстрозы

в) Cephaloрina titillator - түйелердің цефалопинозы (құмыр)

г) Cephenomyia trompe - бұғылар цефенолиозы 9 туысы, 35 түрі белгілі.

  1. Gastrophyllidae тұқымдасына кіретін бөгелектердің балаң кұрттары жылқылардың т. б тақ тұяқтылардың асқорыту жүйесін зақымдап, мал гастрофилез деген ауруға шалдығады. Екі туысы, 11 түрі бар. Олар: Gastrophylus intestinalis, G. haemorrhoidalis, G. pecorum, G. veterinus, G. inermis, G. nigricornis.

БӨГЕ ЛЕК БАЛАҢ-ҚҰРТТАРЫ ҚОЗДЫРАТЫН АУРУЛАР - тобына ірі қара гиподерматозы, яғни оқыра, жылқы-гастрофилезі (қарын бөгелегі), ринэстрозы (пысқырық бөгелегі), қой эстрозы (кеңсірік бөгелегі) және түйе цефалопинозы (құмыр) жатады. Бұл аурулар еліміздің барлық түкпірлерінде кездеседі, сол себептен де мал шаруашылығына орасан зиян келтіреді.

Гиподерматоз (сәйгел, оқыра) - Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Бір ұрғашы бөгелек 2-3 аптада 800 дейін жұмыртқа шашып, 30-40 малды ауруға шалдықтырады.

Бір малдың арқасында орта есеппен 50-150 балаң -құрттар болуы мүмкін.

Қой эстрозы (жалған айналма, қойдың кеңсірік құрт ауруы) - жер жүзінің көптеген елдерінде кездеседі. Әсіресе қой шаруашылығы дамыған далалы және шөлейт аудандарда байқалады. Әдетте қой арасына экстенсивті түрде (ауруға шалдыққан малдың пайыз саны) тарап, кейбір алқаптарда 70-90 %, ал кейде тіпті 100 % дейін жетеді.

Ұрғашы бөгелек ұшып жүріп не жерде отырып, 40 см-дей қашықтықтан қойдың танауына балаң құрттарын бүркіп жібереді. Бір ретте ұрғашы бөгелек 8-12, ал кейде 20-29 балаң құрт шашады. Олар қойға 2-4 күндей шабуыл жасайды.

Кейбір зерттеулерге қарағанда (Э. Ган, 1953) маңдай қуысындағы балаң құрттардың әсерінен қан тамырлары қанға толып, алдыңғы ми қабаты аздап ісінеді. Осылардың әсерінен де қойда айналма (тентек) ауруының белгілері байқалады. Аурудың клиникалық белгілері қозыларда айқын болады. Ауру қозы басын көтеріп алып, шыр айналады.

Г. И. Алексеева (1956) эстрозбен ауырған әрбір қой 20%-тей салмағын жоғалтатынын анықтаған. Сондай-ақ эстрозбен ауырған саулықтардың қозысы әлсіз туылады.

Жылқы ринэстрозы - кеңсірік-көмей бөгелектерінің балаң құрттары қоздыратын жылқының энтомоз ауруы.

Қазақстанда жылқының ринэстроз ауруын танау бөгелектерінің екі түрі қоздырады: Rhіnoestrus purpureus және Rh latіfrons.

Қазақстанның далалы, шөлейтті, шөлді алқаптарында және тау етектеріндегі жылқы өсірілетін шаруашылықтарда кездеседі. Жылқыдан басқа қашыр, құлан, есек те зақымданады. Ауру энзоотия түрінде байқалады.

Түйенің цефалопинозы (құмыр) - ауру Орта Азия республикаларында, Қазақстанның Оңтүстігі және Оңтүстік батыс аймақтарының түйе шаруашылығы дамыған аудандарында кездеседі. Қазақстанның Оңтүстігінде ІІІ сатыдағы балаң құрттардың түйе танауынан түсуі наурыз айында басталып, күз айларына дейін жалғасады. Түйе бөгелегінің ұшуы мамыр айының екінші жартысынан қыркүйек айына дейін созылады. Сондықтан, бұл ауру жыл бойы кездесуі мүмкін. 1 аналық бір шашқанда 20-30 балаңқұрттан барлығы 800-900 балаңқұрт шашады.

Жылқы гастрофилезі - тақ тұяқтылардың асқазан жолдарын, таз қарнын мекендейтін Gastrophіlіdae тұқымдасының Gastrophylus туысына жататын бөгелек балаң құрттары қоздыратын энтомоз ауруы.

Қазақстанда тақ тұяқтылардың гастрофилезін тудыратын бөгелектердің түрлері: Gastrophylus іntestіnalіs - қарынның үлкен бөгелегі.

G. haemorroіdalіs- қызыл құйрық бөгелек

G. pecorum- шөп

Gastrophіlus іntestіnalіs- қарынның үлкен бөгелегі және G. haemorroіdalіs қызыл құйрық бөгелек Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ал G. pecorum шөп бөгелегі еліміздің Оңтүстік пен Оңтүстік шығыс аймақтарында мекендейді.

Ларвалды энтомоздардың емі және күресу шаралары.

Оқыраға қарсы күресті оның балаң-құрттарының І сатысына қарсы бағыттау тиімді. Ол үшін жүйелік әсер ететін фосфорорганикалық инсектицидтер: гиподермин-хлорофос, хлорофос, амидофос, сульфидофос, гиподермацид, гиподектин және т. б. қолданылады. Сондай ақ, шет елдік дәрілер - ивомек, цидектин, фасковерм және аверсект . Негізгі емді күз айларында бөгелектің ұшуы тоқтаған кезде жүргізеді. Гиподермин хлорофостың (хлорофостың 11, 6 % майлы спиртті ерітіндісі) мөлшері 16 мл/200 кг дейінгі малға, 24 мл/200 кг асқан малға; 4 % хлорофос/200-250 мл бір басқа; амидофос 40мг/кг; сульфидофос-20 5 мл/200кг; 10мл/400кг; 12 мл/400 кг асқан малға; ивомек тобындағы дәрмектерді тері астына 1 мл/50кг;

Алдын алу және күресу шаралары. Жаздың ыстық күндерінде ірі қараны оқырадан қорғау үшін күндіз малды қорада ұстап, түнде жайған жөн. Бөгелек ұшатын маусымда сауын сиырлардан басқа малды 1 % хлорофос ерітіндісімен немесе үшхлорметафос-3-тің 1% эмульсиясымен әрбір 20-25 тәулік сайын бүркіп отыру шарт. Ол үшін ДУК машинасын, ЛСД және бүріккіші бар машиналар қолданылады.

Қой бөгелегімен күресу үшін оның биологиялық дамуын жақсы білу шарт. Эстроз кездесетін шаруашылықтарда қой мен ешкіні күзде химиялықтерапия әдісін қолданып, ДДВФ(дихлофос-диметил-дихлор-винилфосфат) фосфорорганикалық қосылыс (инсектицид ширококго спектра действия) және хлорофос аэрозольдері-мен дауалайды. Инсектицид аэрозольдері жабық қора ішінде, 16-25 0 жылылықта, 1 м 2 аумаққа тығыздығы 1-2 жануар келетіндей етіп жүргізіледі.

Тиімділігі жоғары аэрозольдардан сульфидофос-20- 2г/м 3 , 1% неоцидол 120мг/ м 3 , 5%-ті колорцид 100мг/м 3 , 16, 7% циодрин 3, 0г/м 3 мөлшерінде бір сағат аралығында (экспозиция) қолданылады. Бұдан басқа ивомек, фасковерм, перметрин, циперметрин және дельтаметриндер деген дәрілер пайдаланылады.

Жылқы ринэстрозында кеңсірік ішін шаю үшін 2 % хлорофос ертіндісі қолданылады. Әр малға 50-100 мл мөлшерінде ерітінді жұмсалады. ДДВФ дәрісін де қолдануға болады. Әрбір жылқының танауына ДДВФ-ның 2 % вазелин майындағы сүртпесін 3-5 тәулік сайын қайталап жағып отыру (2-3 рет) қажет.

Жылқыны топтап емдеу үшін ДДВФ, хлорофос аэрозолі жақсы нәтиже береді. Емдеу уақыты-бір сағат. Бұл дәрілердің 40-60 мг әр 1 м 3 жерге шашады.

Дауа шаралары. Бөгелектің ұшу кезеңінде жайылымда әр жерден еліктіргіш қалқаншалар қойылып, оларды 10% гексахлоран ұнтағымен ақтайды. Жылқы жайылымын ай сайын ауыстырып отырады. Жаңа жайылым ескісінен 8 км қашықтықта болуы керек. Әрбір жылқыны бөгелектен қорғау үшін жүгеннің маңдай қайысына шашақталған жұмсақ тері тігіледі.

Шаруашылыққа тыстан әкелінген жылқыны карантинде ұстап, ринэстрозға қарсы дауа шараларын жүргізіп, сонан соң ғана табынға қосуға болады.

Цефалопинозбен күрестің негізгі әдісі түйе бөгелегінің І сатыдағы балаң құрттарын жою. Ол үшін күзде түйе бөгелегінің ұшуы тоқталған соң, қазан және қараша айларында хлорофос, эстразоль, сульфидофос -20, диоксофос және этацид дәрілерінің біреуімен емдеу шараларын жүргізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биттер, бүргелер және қосқанаттылар отряды:. практикалық маңызы
Бөгелектер тудыратын аурулар
Мал дәрігелік энтомология
Бұзауларға арналған қора – жайларға қойылатын ветеринариялық – санитарлық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Жылқы гастрофилезі
Инвазиялық аурулар
Барлық ірі қара мал
Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Гиподерматоз ауруы және қоздырғышы
Мал шикізат өнімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz