Аутист баланың психикалық дамуының ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс № 6 Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Дәріс мақсаты: Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу жағдайларына жалпы шолу
Дәріс жоспары:
1. Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларға жалпы сипаттама
2. Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балалардың танымдық ерекшеліктері
3. Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Қазіргі заманда бүкіл әлемде аутистік бүзылыстары бар балалардың саны өсуде. Бұдан 10-20 жыл бұрын бала аутизмның 10000 баланың 3 пайызында байқалса, қазір оның саны 20 пайызға дейін көбейді.
Қазақстанда да аутизммен ауыратын балалар жиі кездеседі. 2002 жылғы мәліметтер бойынша олардың саны 93 болса, 2009 жылы ол 326 -ға жетті.
Психологиялық-медициналық-педагогик алық консультациялардың статистикалық мәліметтері бойынша Каннер синдромы бар балаларды жынысына қарай бөлгенде, ұл балалар қыз балаларға қарағанда 3-4 есе көп.
Аутизмі бар балалар санының өсуі оларға түзету көмегінің дұрыс және дер кезінде көрсетілуінің қажеттілігін білдіреді. Яғни олардың жанүясының қажеттілігіне, талабына деген қоғам мен әр түрлі қоғамдық орындар жағынан түсінушілікті қажет етеді.Қоғам жағынан осындай түсінушілікті қамтамасыз ету үшін аутист балаларды оқыту мен әлеуметтік дамыту саласында ағарту жұмысын жүргізу және оның құзіреттілігін арттыру өте маңызды. Бірақ Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік-қоғамдық институттар аутист балаларға сапалы көмек көрсете алмайды.
Педагогтардың аутист балалармен жұмыс жүргізулерінің мамадандырылған біліктіліктері болмағандықтан, олар аутист балаларда арнайы білім беру ұйымдарында оқытудан бас тартады. Көптеген аутист балалар үйде оқытылылады, ал бұл оларды құрдастарынан және әдеттегі қалыпты өмірден оқшаулайды.
Аутизмнің анықтамасы.
1943 жылы доктор Л.Каннер алғаш рет бала аутизмін психикалық дамудың жеке бұзылысы ретінде ерекшеленеді. Ол бала дамуындағы ауытқушылықтың ерекше түрін сипаттап, оны ерте жастағы бала аутизмі деп аталды. Қазір оны Каннер синдромы деп те атайДЫ.
Л.Каннер бұл бұзылыстар ерте жастан екі жарым жасқа дейін байқалады деп есептеді, бұл кейіннен аутизмнің балалардың психикалық дамуының туа біткен және ерекше бұзылыстары деп айтуға мүмкіндік туғызды.
Бала аутизмі - бұл сан қырлы бұзылыстарға жататын, психологиялық дамудың өзіндік бұзылысы. Аутизмдегі әр түрлі ауытқушылықтардың арасынан бала аутизмі синдромының негізгі және міндетті үш белгісін ерекшелейді:
1. Қарым-қатынастың сапалы бұзылыстары;
2. Әлеуметтік өзара әрекеттестіктің сапалы бұзылуы;
3. Тәртіптің стереотиптік түрлері.
Сәби жастағы немесе ерте жастағы бұзылыстарда биологиялық шығу тегіне және психикалық бұзылыстарға тән ремиссиясыз және асқынусыз тұрақты ағымы көрсетіледі.
Бала аутизмі психиканың барлық жақтарындағы: танымдық және эмоциялық аймақтағы, сенсорлық және моторлық дамудағы, сондай-ақ жоғары психикалық қызметтердің, еркін тәртіптің, сананың және тұлғалық қалыптасуындағы бұзылыстарда байқалады дизонтогенезді білдіреді.
Балалардағы аутизм бұрмаланған (асинхрондық) даму ретінде сипатталады, бұнда психикалық дамудың жеке жақтарының бірі уақытында, екіншісі алға кетіп, ал үшіншісі дөрекі тежеліспен даму мумкін , сонымен бірге олардың дамуы қалыптыларға да, тежелген онтогенезге де дәл келмейді.
Психолог О.С.Никольскаяның пікірі бойынша, аутистік дамудың бұрмалаушылығы қабылдаудың күрделі формалары, қимылдағы икемділік, сөйлей білу мен көп нәрсені түсіну қабілеті кездейсоқ байқалған кезде де, бала өзінің мүмкіндігін шынайы өмірде , қоршағандармен өзара іс-әрекетте пайдалануға тырыспайтындығынан да байқалады. Бала аутизмінде дамудың қалыпты даму жолы жәй ғана бұзылмайды, ол қатты бұрмаланып басқа жаққа кетеді. Аутист балалардың әр түрлі әлеуметтік қызметтен алынған ақпарат пен дағдыларын үйлесімді түрде пайдалана білмеулері олардың ең негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Сонымен бірге мұнда егер аутистік өзіндік бұзылыстар баланың жасы келе тегістеле бастаса, ал әлеуметтік іс-әрекет, оның икемсіздігі, жағдайды түсінбеуі, еркін тәртіппен қызметтің жоғары түрінің бұзылыстары айқын байқала бастайды.
Аутизмнің этиологиясы(туындаудың себептері) мен патогенезі.
Бала аутизмін қазіргі кезде зерттеу бала аутизмінің туындауының көптеген себептері мен оның әр түрлі патологиялыр аяасында пайда болу дәлелдейді. Аутистік бұзылыстар әр түрлі туындаудың себептерінен болуы мүмкін
1. Эндогендік-тұқым қуалаушылық.
2. Хромосомдық абберрация және зат алмасудың туа біткен аурулары.
3. Экзогенді- органикалық этиологиясы орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуы.
Аутизм классификациясы
Ауруларды халықаралық жіктеуде бала аутизмін және оған ұқсас бұзылыстарды жалпы психикалық бұзылыстарға жатқызады және олар төменде берілген үлгі бойынша жіктеледі:
Ғ84.0. Бала аутизмі(аутистік бұзылыстар, бала аутизмі, бала психозы, Каннер синдромы)
Ғ84.1.Атиптік аутизм(атиптік бала психозы, аутизм белгілері бар ақыл-ой дамуының кешеуілденуі енеді).
Ғ84.2. Ретта синдромы.
Ғ84.3. Бала жастағы басқа да дезинтегративтік бұзылыстар (бала деменциясы, дезинтеграциялық психоз,Геллер синдромы, симбиоткалық психоз).
Ғ84.4. Ақыл-ой дамуының кешеуілденуімен және стереотиптік қимылдармен үйлескен гипербелсенді бұзылыс.
Ғ84.5. Аспергер синдромы(аутистік психоапатия, бала жастағы шизоидтік бұзылыстары).
Ғ84.8. Дамудың басқа да бұзылыстары.
О.С.Никольскаяның бала аутизмін негізгі топтарға жіктейтін психологиялық классификациясы.
1-топ. Сыртқы дүниемен қатынастан толық бас тарту
Бұл топ балаларында жайсыздық пен белсенділіктің бұзылуы ерте жастан байқалады, бала кейіннен бұдан өзі үшін ең тиімді қорғаныс тәсілінің көмегімен өтеді(сыртқы дүниемен қатынастан толық бас тарту). Мұндай балалар өз есімін айтқанда бұрылмайды, басқалардың өтінішіне жауап бермейді, сонымен бірге өздері де ештеңе сұрамайды. Оларда, ереже бойынша мақсатты түрде бағытталған тәртіп қалыптаспайды, керісінше алаңдық бір объектіден екінші объектіге ауысуы, заттарға қол тигізу, оларды қолдарында ұстау, бір затқа өрмелеу, шеңбер бойымен жүгіру, объектілерді ұзақ уақыт енжар бақылау байқалады. Балаларда сөйлеу тілі болмайды, алайда олардың кейбіреулері кейде коммуникативті бағытталмаған жеке сөздерді немесе тіптен сөз тіркестерін де айтулары мүмкін. Балалар қоршаған ортамен қатынас үшін сөйлеу тілін, мимикамен ишаратты пайдаланбайды, жақын адамдарына деген бауыр басушылықты білдірмейді. Қоршағандарға енжарлық білдіре отырып, олар тактильді қатынасқа қарсылық білдірмейді, ол өзін тамақтандыруға, киіндіруге және басқа да іс - әрекеттерге енжар қатысады. Бұл аутизмнің ең терең түрі.
2-топ. Бұл топтың балалары ортамен қатынаста белсенділеу, тез ренжімейді, қоршаған ортамен таңдап қатынасқа түсе алады, бірақ оларға қоршаған әлемді тануға деген ұмтылыс пен қызығушылыққа қарағанда оны қабылдамау тән болады.Балалар қорғаныс тәсілі ретінде жайсыздық пен қорқыныш тудыратындардың бәрінен белсенді түрде бас тартуды пайдаланады. Сондықтан қоршаған ортамен қатынас баланың бекіткен және бұлжытпай орындайтын тәртібі бойынша ғана жүреді. Мұндай балалар үшін қалыптасқан өмірлік стереотиптерді, белгілі бір әдеттерді қатал сақтау өте маңызды.Олар таныс еместердің барлығын жаратпайды. Ұнату оларда өте тар және қатал қалыптасады, баланың тәртібін қалыптасқан әдеттің аясынан шығаруға ұмтылу, балада қарама-қарсылық реакциясын тудырады(айқайлау, жылау, агрессия). Бұл топ балаларда қолдарын сермеу, қол бастарын айналдыру, секіру, таяқшаларды және жіптерді сілкілеу сияқты қимыл-қозғалыс стереотиптері байқалады. Олар өзінің қажеттілігін білдіру үшін сөйлеу тілін пайдалана алады, бірақ олардың сөйлеу тілінің дамуы ерекше. Бұл топ балалары анасынан бир минут та ажырамайды себебі қатты қорқыныштарға беріліп кетеді.
3-топ: Балалар қатынасқа оның ішінде сөйлеу тілдік қатынасқа түсе және оны қолдай алады, бірақ оны орнату айрықша жан-жалдықпен ерекшеленеді. Олар қырсық, қыңыр болып, басқалардың пікірлерін есепке алмай, сөйлесіп тұрған адамның сөзіне және одан алған әсеріне мән бермей барлық жерде өздерінің айтқандарын істеткілері келеді.Олар үшін басқа адамдардың сезімін түсіну олардың басқалардың ісіне жауап беру,жол беріп, жаны ашу қиындық туғызады.
Бұл балалардың жоғарыдағы топтармен салыстырғандағы психикалық белсенділігінің жоғары болғандарына қарамастан, оларда басқа аутистер сияқты өте сезімтал, тез ренжігіш болып келеді.Олар жайсыздық пен қорқынышты жеңу үшін аутистік қызығушылықтары басым болып келетін
психологиялық қорғаныш тәсілін пайдаланады. Балалар қандай да бір интеллектуалды түрдегі сабақтармен және қызығушылықтармен айлап айналысуы мүмкін.
Бұл топ балалары іс-әрекеттерін жоспарға сәйкес қатал дәйектілікпен орындауға тырысады; егер оны іс жүзіне асыру бұрмаланса, онда ол тәртіптің бұзылуына : қырсықтыққа, агрессияға , керісінше істеуге ұмтылуға әкеліп соқтырады.
4 топ.Бұл балалардағы аутизм қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікті ұйымдастырудағы қиындық ретінде жеңіл түрде байқалады. Бұл балалар жоғары сезімталдығы мен және тез ренжігіштігімен,сын мен қолдамауды жаратпайтындығымен ерекшеленеді. Олар жақындарына бауыр басқан,олардан үнемі көңіл мен эмоциялық қолдауды талап етеді. Бұл топ балалары жасық, ұялшақ және қорқақ балалар сияқты әсер қалдырады. Оларда басқа адамдардың сезімдерін, тәртібін және олармен белсенді және икемді әрекеттес болу ұғымы, түсіну мүмкіндігі төмендеген; олар қарапайым әлеуметтік жағдайларда естері шығып кетуі мүмкін. Бұл топ балалары үшін тәртіп пен қызметтің стереотиптік формаларына ұмтылу тән. Әдеттегі стереотиптің сәл болса да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым - қатынастың сапалы бұзылыстары
Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Аутист баланың психологиялық дамуының ерекшеліктері
Аутизм мәселесінің тарихы
Аутизм дертіне шалдыққан балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзету
Қазіргі кезеңдегі аутизмі бар балалардың мінез - құлқындағы мәселеге теориялық көзқарастар
Ерте жастағы аутизм балалардың ерекшеліктері
Аутизм белгілері
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту
Мектеп жасына дейінгі аутистік спектрінің бұзылысы бар балаларды педагогикалық қолдау үдерісі
Пәндер