Ақпараттық жүйенің өмірлік циклі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Үкіметі соңғы жылдары білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Елдің барлық жоғарғы басшылығы әлемдік қауымдастық басынан өткізіп отырған ғылыми техникалық революция (ҒТР) дәуіріндегі қоғамдық даму стратегиясының маңызды элементі - ғылымды игеру екендігі жөніңде өздеріне есеп беруде немесе жақсы түсінді. Тәуелсіз бәсекеге қабілетті экономиканы құру - (Қазақстанның бүгінгі бағыттары ) - жаңа жоғары нақты технологияның негізінде осы тапсырманы шешуге қабілетті - елдің ішкі интеллектуалды потенциалын дайындықсыз мүмкін емес. Білімнің бүгінгі күндегі мәселесі- бәсекеге қабілетті экономиканы жасаудың кеңейтілген контекстіне жазылады, ол олардың арасындағы топ ретінде - ғылым шығады. Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым жұмысшыларының съезінде - ғылыми - техникалық прогрестің даму саласында, экономиканың стратегиялық тапсырмаларын шешу үшін білім мен ғылымды интеграциялау қажеттігіне ерекше атап көрсетті.

Бұл диплом жобасының мақсаты- мәліметтерді бухгалтерлік есептерді сақтау үшін және программалық блоктардың өзара әсерінің алгоритмін, құрылымын өңдеу, оқу орындарының бухгалтерлік бөлімдері үшін есептік құжаттардың құрылымын жасау болып табылады.

Көрсетілген мақсаттарға жету үшін келесі тапсырмаларды шешу қажет:

  • Ақпаратты жүйенің жеке және жалпы блоктары шешетін негізгі тапсырмаларды жобалау: жүйе администраторы - автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО), АЖО-эксперті, шешім қабылдайтын АЖО- өкілі (басшысы), АЖО қатардағы оператор; - мәліметтер құрылымын жасау және есептелген автономды жұмыс орындары мен серверлік блоктың негізгі қызметің көрсету.

- Жүйенің барлық блоктарының өзара әрекетінің қатарын жасау.

- Мәліметтерді басқару блогы мен интеллектуалды жүйе білімінің

программалық жүзеге асырылуын орындау.

Бұл дипломдық жоба- колледжінің тәрбие ісі жөнінде директордың орынбасарының есептеуіш техниканың құралдарын пайдалана отырып ақпаратты жүйенің жобалау болып табылады.

Бірінші бөлімде - Қазақстандағы білім жүйесі, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру сұрақтары, еңбек ақыны төлеу жүйесі және бухгалтерлік есеп берудің түрлері қарастырылған.

Екінші бөлімде - жаңа ақпараттық жүйеге (АЖ) шолу жасалынады, мәліметтер қорын тиімді пайдалану үшін - ақпаратты жүйені жобалаудың әдістерінің сұрақтары, оның ішінде мәліметтер қорын ұсынудың кедергілеріне ереке мән беріледі.

Үшінші бөлімде- мәліметтер қорымен қажетті есептеулермен және жобаның экономикалық тиімділігінің есебі берілген.

Төртінші бөлімде - еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігінің сұрақтары берілген.

Қорытындыда-алынған нәтиже тиімділігі жөнінде негізгі қорытынды мен осы диплом жобасын дамытудың мүмкін болатын бағыттары қарастырылған.

І. Жалпы бөлім

1. Қазақстан Республикасында білім жүйесін жобалау

1. 1. Қазақстандағы білім жүйесінің құрылымы

Білім жүйесі 8 сатыдан тұрады:

  1. мектепке дейінгі білім беру;
  2. жалпы орта білім беру жүйесі;
  3. кәсіби - техникалық білім;
  4. орта арнаулы білім;
  5. жоғарғы кәсіби білім;
  6. жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім ;
  7. біліктілікті жоғарлату мен мамандарды қайта даярлау.
  8. қосымша бөлім.

Білімнің әр сатысын реформалаудың негізгі принциптеріне қысқаша тоқталайық.

Барлық оқу - мемлекеттің білімнің барлық сатылары үшін бекіткен жалпы ортақ стандарт шеңберінде жүргізіледі. Білім беру жүйесінің басқарудың орталық органы- Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.

Бірінші қосымшада- Қазақстан Республикасының білім берудің ұлттық жүйесінің моделінің құрылымы берілген және Қазақстан Республикасының “Білім туралы ” жаңа заңмен жобаланған.

Мектепке дейінгі білім негізінен өткен жылдарда жинақталған потенциалға сүйенсе; оның негізі ретінде - бала бақша, бөбектердің балабақшасы жатқызылады. Бірақ соңғы жылдары мектепке дейінгі білімге қатынас өзгерді. Осыған сәйкес мектепке дейінгі мекемелерге қатысатын балдардың саны қысқартылды, осыған сәйкес балабақшаларда және бөбек балабақшасында 100 орынға 80 қатысушыға сәйкес келеді, бұл дегеніміз балабақша орындары толық қанағаттандырылады.

Орта білім беру - мемлекеттік және жеке мектептер, гимназиялар, лицейлермен қамтамасыз етіледі. Бұл саланы реформалаудың негізгі бағыты- білім беру жүйесіне және түрлеріне - диорференциалды қатынас жасау болып табылады.

Бағдарлама қатысушылары, оқу нұсқауларын, мектеп түрлерін ерікті түрде таңдау- осы білім сатысына қатысты- басшыларының реформаларында қойылды. Мемлекет білім беру процесстерін бақылады, ал жеке алғанда- барлық мектептер 28 бекітілген оқу түрлерімен жұмыс жасайды. (1-ші түрі- көпсалалы, №5- нұсқа тілдік пәндерді тереңдеп оқыту, №6- нұсқа - туған тілді оқытады, №7 - нұсқа математиканы оқытты және т. б. )

Қазақстан - көп ұлтты республика, сондықтан орта білім беру реформасы бойынша қатысушылар өз тілінде білім беру процесі жүретін мектепті еркімен таңдайды алады. Жалпы Қазақстан Респуликасында білім беру республика территориясында өмір сүретін негізгі ұлттардың тілінде жүргізіледі.

Кәсіби - техникалық және орта арнаулы білім беру- жоғары блікті жұмысшыларды дайындайтын- кәсіби- техникалық мектептерде, техникумдарда, колледждерде қалыптасады. Білім берудің жоғарғы сатыларының дамуына бағытталған реформа- кәсіби - техникалық мектептердің ролінің төмендеуіне әкелді, себебі бұл білімнің қолдану саласы қысқарды.

Орта арнаулы білім беру - кең түрде дамиды, алайда инженерно - техникалық және шаруашылық мамандықтар өз бағыттарын экономикалық және гуманитарлық бағытқа өзгертті. Білім берудің осы сатысына қатысты барлық оқу мекемелерінің реформасы - колледждер жемісіне қатысты орындалып, бұрынғы оқу орындарын қалыптастырып мемлекеттік емес негізде жаңа мекемелерге қатысты қолданады.

Қазақстан Республикасының жоғарғы білім - беделді мәнге ие. Білім берудің осы түрі Қазақстанның - экономикалық мәселелеріне қатысты. Қазақстанда - жоғарғы білім берудің көп сатылы құрылымына көшкен. Әртүрлі кәсіби - білім беру бағдарламаның мақсаттарына сәйкес келесі деңгейлер орнатылды:

  • « Бакалавр» академиялық деңгейіни беретін - 4 жылдық оқу мерзімді қамтитын - жоғарғы негізгі білім (бакалавриат)
  • «Жоғарғы кәсіби білімді маман» біліктілігін беретін - 4 жылдық оқу мерзімді қамтитын - жоғарғы кәсіби білім.
  • Жоғарғы- ғылыми - педагогикалық білімде(магистратура) - 2 жылдық оқу мерзімді (негізгі жоғарғы білімнің негізінде) немесе 1 жылдық (жоғарғы кәсіби білімде) оқытылып, «магистр» - академиялық біліктілігін бекітті.

Қазіргі уақытта - республика басшылары - халықаралық деңгейде студенттерді алмастыруды қолдайды. Бүгінде Қазақстан Республикасында - 51 мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында - әлемнің 43 елінен келген 3, 6 мың шетелдік-студенттер оқытылуда. Қазақстандық көптеген студенттер - шет елде білім алуда, мысалы, Ресей мен Қазақстан арасындағы келісім бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасынан 50 студент Мәскеу Мемлекеттік Университетке (МГУ) - түсу қажет. Халықаралық байланыстар Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым салаларының әлемдік қауымдастыққа тереңірек бейімделуге мүмкіндік береді, ол бұл өз кезегінде «Жаһандану» жалаушасының астында дамып отырған ішкі экономикалық байланыста Қазақстанға мықты орынды иеленуге көмектеседі.

Республикадағы жоғарғы білім алу жөнінде қоғамдық сананың жоғарлағандығына дәлел- жоғарғы оқу орындының санымен, онда оқитын студенттер санының көбеюі болып табылады.

Жаңадан ашылған жоғарғы оқу орындар- мемлекеттік емес негізде ашылып, ондағы оқу - студенттердің оқу ақысының, демеушілердің есебінен, арнайы шәкірт ақы немесе ганттардың есебінен жүргізіледі. Жаңа оқу орындары мемлекеттік емес болғанмен, оны мемлекет қатаң түрде бақылауға алады.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 2000 жылы 25 тамызда қабылданған- жалпы ортақ білім беру стандартты барлық вуздар үшін- білім беру жүктемесінің шартты минимумға жоғарғы талаптар қояды. Қазақстан- ЮНЕСКО Европа Кеңесінің Конвенциясына қол қойып, жоғарғы білімге қатысты- біліктілікті мойындау жөнінде айтылды.

Қазақстан Республикасының білім беру саласын реформалаудың басты тапсырмасы- Нұрсұлтан Назарбаевтың пікіріне- мұғалім мен ғалымның материалдық және әлеуметтік дәрежесінің жоғарылату болып табылады. Бұл сұрақ, бірінші кезекте - білім және ғылымды қаржыландыру мәселесіне келіп тіреледі. Мемлекеттік емес білім беру түрінің дамуы - мемлекеттік және жергілікті бюджеттен шығатын бір бөлігін алғанмен, бірақ олар білім беруді қаржыландырудың негізгі көзі.

1-ші кестеде көрсетілген - білім беру мекемелері бойынша мемлекеттік бюджетті үлестірудің -статистикалық мәліметтері -бұл тенденцияның жоғарылағандығын көрсетті. Қаржыландырудың ұлғаюына байланысты - ол жалпы орта білім мен жоғары кәсіби білімге қатысты болды.

Кесте-1

Білім беру мекемелері бойынша мемлекеттік бюждеттің білімге жұмсалған шығындарының динамикасы
млн. теңге

Білім деңгейі: Білім деңгейі
2005 ж.(есебі):

2005 ж.

(есебі)

2006 ж.(есебі):

2006 ж.

(есебі)

2007 ж.(есебі):

2007 ж.

(есебі)

2008 ж. (жоспар): 2008 ж. (жоспар)
2009 ж.(болжау):

2009 ж.

(болжау)

Білім деңгейі: Мектепке дейінгі білім беру
2005 ж.(есебі): 4612
2006 ж.(есебі): 3424
2007 ж.(есебі): 2236
2008 ж. (жоспар): 2515
2009 ж.(болжау): 2688
Білім деңгейі: Жалпы отра білім беру
2005 ж.(есебі): 47028
2006 ж.(есебі): 44081
2007 ж.(есебі): 49433
2008 ж. (жоспар): 54671
2009 ж.(болжау): 64578
Білім деңгейі: Бастапқы кәсіби білім беру
2005 ж.(есебі): 2721
2006 ж.(есебі): 2167
2007 ж.(есебі): 2284
2008 ж. (жоспар): 2619
2009 ж.(болжау): 3519
Білім деңгейі: Орта кәсіби білім беру
2005 ж.(есебі): 3778
2006 ж.(есебі): 3750
2007 ж.(есебі): 2512
2008 ж. (жоспар): 2697
2009 ж.(болжау): 3183
Білім деңгейі: Жоғарғы кәсіби білім беру
2005 ж.(есебі): 6225
2006 ж.(есебі): 6802
2007 ж.(есебі): 7182
2008 ж. (жоспар): 8130
2009 ж.(болжау): 11849
Білім деңгейі: Білім алуды қамтамсыз ететін бағдарламалар (оқулықтар, компьютерлендіру, оқушылар олимпиадасы және т. б. )
2005 ж.(есебі): 4938
2006 ж.(есебі): 5871
2007 ж.(есебі): 5524
2008 ж. (жоспар): 3554
2009 ж.(болжау): 5771
Білім деңгейі: I. Барлығы
2005 ж.(есебі): 69302
2006 ж.(есебі): 66095
2007 ж.(есебі): 69171
2008 ж. (жоспар): 74186
2009 ж.(болжау): 91588
Білім деңгейі: Пайыздық көрсеткіші
2005 ж.(есебі): 4, 1
2006 ж.(есебі): 3, 3
2007 ж.(есебі): 3, 6
2008 ж. (жоспар): 3, 4
2009 ж.(болжау): 3, 8
Білім деңгейі: Республикалық бюджет
2005 ж.(есебі): 10546
2006 ж.(есебі): 12023
2007 ж.(есебі): 10279
2008 ж. (жоспар): 11771
2009 ж.(болжау): 16903

1. 2. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклі

Реляциялық деректер қорын жобалау үшін деректер құрылымының ең тиімдісі туралы сұрақты шешіп алуымыз қажет. Бұл жағдайда мына негізгі мақсаттар қарастырылады:

• кестедегі деректерді тез алуды қамтамасыз ету;

• сіздің компьютеріңіздің дискілік кеңістігін оңтайлы қолдану және енгізу кезіндегі қатенің себебі болуы мүмкін керек емес қайталанған деректерді шығару;

• бір объектінің өзгеруі кезінде автоматты түрде онымен байланысқан объектілерде де сәйкесті өзгерістер болатындықтан деректер тұтастығын қамтамасыз ету.

Ақпараттық жүйенің өмірлік циклі жалпы шекте 3 негізгі сатыға бөлуге болады:

  1. Жобалау;
  2. Программаны іске асыру;
  3. Пайдалану.

Жобалау сатысында олардың жұмысын дұрыстап орындауды талап ететін ақпараттық жүйенің келешек негізі жасалады (яғни, кесте, атрибуттар, алғашқы кілттері анықталады) .

Іске асыру сатысы компьютерде қосымшаны әзірлеумен байланысты формалар мен сұраныстар құрылады, сонымен қатар компьютерге енгізу, деректерді толтыру, тестіден өткізу, инструкциясын жасау және т. б.

Пайдалану сатысы нақты деректермен ақпараттық жүйені толтырудан басталады, одан кейін қажеттілік туған жағдайда оны тікелей пайдалануға болады. Ақпараттық жүйемен қатарласып жүру нақты өмірдің пәндік облысын өзгерту және өркендету (жетілдіру), әрқашан да ақпараттық жүйені жетілдіру және жаңа қосымшаны әзірлеуді талап ететіндіктен, бұл жерде роль ойнайды.

Деректер қорын жобалай отырып, біз бірнеше мақсаттарды алдыға қоямыз. Бірақ мынаны естен шығармауымыз керек, бірнеше жағдайларға байланысты бұл мақсаттар өзара айрықшалануы мүмкін. Жобалау этапы мынадай қызмет атқарады:

  1. Деректердің артықтығынан қашу;
  2. Бөлек жазбаларды тез әрі жылдам табуды қамтамасыз ету;
  3. Деректер қорының алдағы кеңейтілуін жоғарғы деңгейде ықшамдау;
  4. Деректер қорының жеңіл қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету.

Өзіне деректер қорын қосатын ақпараттық жүйелерді жобалау нақты және логикалық деңгейде жүзеге асырылады.

Жобалаудың нақты деңгейінде мәселені шешу көп жерде пайдаланушылардан жасырын және автоматтандырылған ДҚБЖ-ға тәуелді болады. Пайдаланушылардың қатарында үлкен қиындықтан тұрмайтын жүйенің бөлек параметрлерін өз еркімен реттеуге мүмкіндік береді.

Ал, жобалаудың логикалық деңгейі деректер қорында енгізу мен іске асыру үшін формалар құру, ақпаратты өңдеудегі алгоритмдерді әзірлеу, есептік құжаттардың типін анықтау, деректер қорындағы сұраныстарды қалыптастыру, кесте құрылымы, санын анықтаумен және басқа да тапсырмаларды шешу қатарымен тұжырымдалады.

“Жүйе” ұғымына “ақпараттық” сөзінің қосылуы оны құру және жұмыс істеу мақсатымен бейнеленеді. Ақпараттық жүйелер қандай да бір облыста тапсырма шешімін қабылдау процесінде қажетті ақпараттарды іздеу, беру, өңдеу, сақтау және жинауды қамтамасыз етеді. Олар жаңа өнімдерді құруға және мәселелерді талдауға көмектеседі.

Ақпараттық жүйелердің қазіргі уақыттағы түсіндірілуі дербес компьютер ақпараттарын қайта өңдеуде негізгі техникалық құралдар ретінде қолдануды болжайды. Үлкен мекемелерде дербес компьютерлердегі ақпараттық жүйелердің техникалық қоймасы құрамына супер ЭЕМ немесе мэйнфрейм кіруіне болады. Сонымен бірге, егер өндірілген ақпаратты тағайындау үшін және онсыз оны алуға немесе көруге мүмкіндік жоқ болғандықтан адамның рөлі есептелінбесе, онда ақпараттық жүйенің техникалық алмастырылуы өзінен өзі ештемені бермейді.

Ақпараттық жүйе нақты экономикалық объект үшін құрылады. Ақпараттық жүйе - алдыға қойылған мақсатқа жету мүддесінде ақпараттарды беру және өңдеу, сақтау үшін қолданылатын тәсілдер мен құралдардың өзара байланысқан жиынтығы.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйенің әр түрлі тағайындалуында ақпараттық жүйелердің үлкен көлемі жұмыс істейді. Олар бір-бірінен келесі факторлар бойынша ерекшеленедi: ақпараттық жүйені жинақталған тәжірибе бойынша құру және жұмыс істеу; қолданылған құралдарымен деректерді жинау, табыстау мен өңдеу және т. б.

  1. Ақпараттық жүйелер құрылымы және олардың түрлері

Кез келген мекеме үшін ақпараттық жүйесін құру және қолдану келесі тапсырмаларды шешуге бағытталған.

  1. Ақпараттық жүйенің құрылымы, оның атқарымдық тағайындалуы мекеменің алдына қойған мақсатымен сәйкес болуы керек. Мысалы, коммерциялық фирмада тиімді бизнес, ал мемлекеттік кәсіпорындарда экономикалық және әлеуметтік тапсырмаларды шешу.
  2. Ақпараттық жүйе негізгі әлеуметтік және әдептік принциптерге сәйкес қолданатын және түсінетін адамдармен бақыланып отыруы тиіс.
  3. Сенімді, қазіргі және жүйелендірілген ақпаратты өндіру.

Ақпараттық жүйені құру және қолдану үшін ең алдымен компьютерлік технологияның мүмкіндігін, қабылданған шешімі мен басқару мақсатын, мекеменің саясаты мен құрылымын түсініп алу керек. Ақпараттық жүйе мекеменің бөлігі болып табылады.

Ақпараттық жүйе құрылымы − бұл қосалқы жүйенің атқарымдылық тағайындалуы мен олардың ішкі ортадағы өзара әрекетін анықтайтын бөлек қосалқы жүйелері мен элементтері арасындағы ішкі кеңістіктік-уақытша байланыстары мен қатынастарының салыстырмалы орнықты тәртібі.

Кәсіпорынның күнделікті байланысқан және өзара әрекеттескен кешендерінің үлкен санын көрсететін коммерциялық құрылым қызметінің ақпаратты табыстауы берілген құрылымның тұрақты жұмыс істеуінің міндетті факторы болып табылады. Осыдан ақпараттың оралымдылығы мен сенімділігін қамтамасыз ететін ерекше мәнді қамтиды. Көптеген фирмалар үшін ақпараттың фирмаішілік жүйелері мекеменің технологиялық процестер тапсырмасын шешеді және өндірістік сипаттамасын алып жүреді. Осы жерде ақпарат басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпарат беруде маңызды орын алады және өндірістік шығынды төмендету мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін факторлардың бірі болып табылады.

Ақпарат термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан.

Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат − белгілер мен сигналдар түрінде берілетін зат немесе адам туралы мәлімет, есептеу техникасында ЭЕМ енгізіліп, оның жадында сақталатын, қажет кезінде өңделетін және сыртқы ортаға шығарылатын деректер.

Ақпарат ақпарат беру процесінен бөлінбейді, өйткені ақпаратты пайдаланушы мен оның шығу көзін қарастыру керек. Ақпараттағы пайдаланушының ролі осындай анықтауда ерекшеленеді. Ақпарат ақырғы тұтынушының кеңейтілген білім қоры туралы мәлімет болып табылады.

Ақпараттың болу фазалары мыналар:

  1. ассимиляцияланған ақпарат − адамның санасына, оның түсінігі мен бағалауына хабарды ендіру;
  2. құжатталған ақпарат − бұл бір жерде белгілі түрінде жазып алынған мәлімет;
  3. берілудегі ақпарат − бұл ақпарат көзінен пайдаланушыға өту кезінде қарастырылатын мәлімет.

Қазіргі уақытта үлкен мекемелерде деректер мен ақпараттарды өңдеу, зиялылық қызметті іске асыру тапсырмаларын шешетін және басқарушылық шешімді қабылдау мен дайындау процесінде қызмет көрсететін ақпараттық жүйелер құрылған және тиімді жұмыс істейді.

Ақпараттық жүйелер әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.

Көлемі бойынша жіктелуі.

• Жалғыз ақпараттық жүйе тәртіп бойынша дербес компьютерлермен (желі қолданылмайды) іске асырылады. Мұндай жүйе жалпы ақпараттық қорлардың байланысқан бірнеше қосымшаларынан тұрады және бір жұмыс орны бір пайдаланушының немесе пайдаланушы топтың жұмысына уақыт бойынша бөлінген.

• Топтық ақпараттық жүйе жұмысшы топтың мүшелеріне ақпаратты ұжымдық қолдану бағдарланған және ол жиі жергілікті желіде тұрғызылады. Мұндай қосымшаларды әзірлеу кезінде жұмысшы топ үшін деректер қоры серверлері (SQL сервері деп аталатын) қолданылады.

• Корпоративтік ақпараттық жүйе жұмысшы топ үшін жүйелердің дамуы болып табылады, олар үлкен компанияларда желілер арқылы іске асырылады.

Қолдану ортасы бойынша жіктелуі.

• Трансакцияны өңдеу жүйесі оперативтік және пакеттік ақпараттық жүйелер болып бөлінеді. Мекемелік басқарудық ақпараттық жүйесі кез келген уақытта пәндік облыстың актуальды жағдайын бейнелеу үшін OLTP- оперативтік трансакция режимін қамтиды, ал пакеттік өңдеу мұнда тек шектелген бөлігін ғана алады.

• Шешім қабылдау жүйелері әр түрлі бөліктерде, соның ішінде уақыттық, географиялық және басқа да көрсеткіштермен деректерді іріктеу және талдау күрделі сұраныстар көмегімен жүргізілетін ақпараттық жүйенің басқа типін көрсетеді.

• Ақпараттық-анықтамалық жүйелер. Ол гипертекстілік құжаттар мен мультимедиаға негізделген. Мұндай ақпараттық жүйелердің дамуы нәтижесінде Интернет желісін алды.

• Офистік-ақпараттық жүйелер. Офистік-ақпараттық жүйелер құжатайналымды басқару мен іскер өнеркәсіпті автоматтандыру мақсатында қағаздық құжаттарды электрондық түрге аударуға бағытталған.

Мекеме тәсілі бойынша топтық және корпоративтік ақпараттық жүйелер келесі кластарға бөлінеді:

─ файл-сервер архитектурасы негізіндегі жүйелер. Файл-сервер файлдағы деректерді тек алатындықтан, қосымша мен қосымша пайдаланушылар орталық процессорға тек салмақ қана қоса алады. Мұндағы ерекшелік сұхбаттық енгізу-шығару телекоммуникация арқылы алыстағы клиенттерден түседі.

─ клиент - сервер архитектурасы негізіндегі жүйелер. Клиент - сервер архитектурасы қосымша компоненттерін бөлу мен олар қай жерде тиімді жұмыс істесе, сол жерге орналастыру жолымен файл-серверлік қосымша мәселесін шешу үшін тағайындалған.

─ көпдеңгейлі архитектура негізіндегі жүйелер. Үлестірілген қосымшаның көп деңгейлі архитектурасы корпоративтік ақпараттық жүйелердің жұмысының тиімділігін көтеруге және оның программалық-ақпараттық ресурстары мен үлестірімін оптимальдауға жол береді.

Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін − дәлдігі мен толықтығын, бағалылығы мен қажеттілігі, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.

Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байланысты дұрыс емес шешімдер қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке әкелуі мүмкін.

Ақпараттың бағалылығы, оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады.

Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат − өзгерген жұмыс жағдайларында қажетті маңызын жоғалтпайтын ақпарат, яғни зерттелу аймағында объектінің қалып-күйін кез келген сәтте дәлме-дәл бейнелей алатын ақпарат.

Жүйелілік (системалық) ақпарат − компьютердің құрылғылары сипаттамалары туралы толық ақпарат. Ол процессордың жұмыс өнімділігі мен разрядтылығы, сыртқы және жедел көлемі, адаптер немесе пернелер тақтасының типі тағы сол сияқты параметрлермен жұмыс істейді.

Егер бағалы әрі өзекті ақпарат түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі. Егер ақпаратты оны пайдаланатын тілде жазса, ол түсінікті болады.

Сонымен қатар, ақпараттың тағы да басқа қасиеттері бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлулық салонының жұмысын автоматтандыру
ANGULAR ПЛАТФОРМАСЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОҚЫТУ ПОРТАЛЫН ӘЗІРЛЕУ
Диспетчерлік автоматтандырылған жүйелерде қолданылатын алгоритмдердің сипаттамасы
Жобаны басқару процестері
Электрондық басылым
Тауардың өмірлік цикл кезеңдері. Өндіріс. Өнімді сатып өткізу
Ақпараттық жүйелерді жобалау концепциясы
«инновация», «жаңа құбылыс», «жаңа енгізулер»
Ақпараттық жүйелер ұғымы туралы
Жобаны жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz