Арабтар құрастырған Каспий теңізінің картасы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы «География, жерге орналастыру және кадастр»
СӨЖ
Тақырыбы: «Масштабы 1:1 000 000 Халықаралық топографиялық карта, пайда болу тарихы, оның қажеттілігі және маңыздылығы»
Орындаған: Талғатұлы С.
Тексерген: Куттыбаев А. Е.
Алматы, 2021ж
МазмұныМазмұны2
Кіріспе3
Негізгі бөлім4
Даму тарихы5
Қажеттілігі және маңыздылығы7
Қорытынды9
Қолданылған әдебиеттер10
КіріспеТопография және геодезия - түсіріс жұмыстары негізінде (жер үсті, ауадан және ғарыштан) жергілікті жердің географиялық және геометриялық элементтерін бейнелеу әдістерін, түсіріс жұмыстарын жүргізуге арналған геодезиялық аспатар мен құрал-жабдықтарын пайдалану әдістерін, және де осының негізінде топографиялық карта жасау әдістерін зерттейтін ғылым.
«Топография» аумақты карталастыру мәселелерін зерттейтін картографияның өзбетінше тарауы ретінде, сонымен қатар жер бетіндегі нысандардың геометриялық сипаттамаларын анықтау үшін өлшеулерді жүргізу мәселелерін зерттейтін геодезияның бір тарауы ретінде қарастыруға болады. Пән географияның өзін зерттеу мақсаттарымен сәйкес келе отырып, географиялық ойлауды қалыптастырады. Ойлаудың өлшемі карта болып табылады - ол болмыстың моделі және сонымен қатар ақпарат көзі. «Топография» көптеген ғылымдармен және ғылыми бағыттарымен тығыз байланыста, сонымен қатар өнеркәсіппен, ауыл шаруашылықпен, құрылыспен байланысты қолданбалы сипатқа ие болып табылады.
Топография мен геодезияның даму тарихы ауыл шаруашылық пайда болуымен тікелей байланысты. Мысыр, Вавилон, Қытай, Ассирия сияқты ежелгі антикалық мемлекеттерде ауыл шаруашылық жерлердің ауданын өлшеу қажетілігі осы ғылыми салалар пайда болуының алғы шарттары болды. Топография мен геодезияның ғылыми негіздері ежелгі Грекияда қалыптасты. Орта ғасырлардың аяғында және Жаңа заманда дәл геодезиялық аспаптар мен құрал-жабдықтардың пайда болуы топография мен геодезияның қарқынды дамуына алып келді. Сол кездегі топография мен геодезияның дамуы планетамыздың барлық құрлық жеріне топографиялық карталар пайда болуына алып келді.
Топография мен геодезияның бүгінгі таңда дамуы қазіргі технологиялық жетістіктермен тікелей байланысты. Аэрофототүсіріс, ғарыштық геодезия, жаңа электрондық геодезиялық аспаптар мен құрал-жабдықтардың пайда болуы геодезиялық түсіріс жұмыстарының дәльдігін өте жоғары деңгейге жеткізді.
1962 жылы Біріккен ұлттар ұйымының миллиондық масштабты картаны құру жөніндегі техникалық комиссиясы аумақты жалпы оқыпүйренуді; экономикалық даму жоспарын құру кезінде; əртүрлі тақырыптық карталарды құруға негіз болатын; 1:1 000 000 топографиялық карталардың масштабтық қатарын құруға негізге алу мəселелерін шешуді көздейтін жаңа бағдарлама қабылдады.
Негізгі бөлім
Топографиялық карта - шартты белгілермен, барлық сызықтарын белгілі бір мөлшерде бірнеше есе кішірейту арқылы жергілікті жерді қағаз бетінде дәлме-дәл әрі жан-жакты бейнелеу. Топографиялық картада арнаулы шартты белгілермен жердің барлық бөлшектерінің (бедері мен заттардың) орналасуы мен өзара байланысы көрсетіледі. Топографиялық картаны командирлер мен барлық дөрежедегі штабтар ұрысты дайындау, ұйымдастыру, әр түрлі міндеттерді орындау барысында, сондай-ақ қарсыластар мен өз әскерлері туралық, кабылданған шешімдер мен жауынгерлік бүйрықтар туралы мәліметтер бейнеленген құжат ретінде кеңінен қолданады. Карта бойынша жергілікті жерді бағалауға, қозғалыс бағытын зерттеуге, қашықтықты, бұрышты, алаңдарды, биіктікті, кеңістікті анықтауға байланысты міндеттер орындалады, ұрыстағы нысаналар мен ракеталардың, артиллерияның, т. б. ұрыс тәртібі анықталады. Топографиялық карталар жалпы мемлекеттің, елдің қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін де, халық шаруашылығы үшін де қажет. Топографиялық карта көмегімен орындалатын міндеттердің сан алуандығы өр түрлі масштабтағы карталардың болуын керек етеді.
Масштабына қарай жіктеу масштабы картаның мазмұны мен аумақты қамтуына, картографиялық торына əсеріне негізделіп анықталады. Барлық географиялық карталар масштабына қарай ірі масштабты (1:200 000 жəне оданда ірі), орта масштабты (1:200 000 нан 1:1 000 000 дейін) жəне ұсақ масштабты (1:1 000 000 ұсақ) болып бөлінеді. Ірі масштабты жалпы географиялық шолу карталары топографиялық карталар, ал ұсақмасштабтылары шолу карталары деп аталады. Картографиялық өні мдерге географиялық карталардан басқа географиялық атластар, глобустар, жер бедерінің карталары, көлденең қима-сызбалар, блок-диаграммалар жатады.
Топографиялық карта мазмұнының негізгі элементтеріне су нысандары, жер бетінің бедері, өсімдіктер жа мыл ғысы, қатынас жолдары, байланыс жəне электр желілері, өнер кəсіп пен ауыл шаруашылық, мəдени-ағарту тағы да басқа нысан дар жатады. Мазмұнының элементтер кешені əр түрлі карталарда бірдей болмайды. Атап айтсақ, тақырыптық карталарда мазмұнының басты құрамдас бөлігі пайдалы қазбалар, топырақ жамылғысы, жануарлар дүниесі, өнеркəсіп кəсіпорындары болуы мүмкін.
Топографиялық карталар олардың мазмұнын жердің қазіргі жағдайына және қабылданған координаттар мен биіктіктер жүйесінде және қолданыстағы шартты белгілерге сәйкестендіріп карталарды қайта басып шығару мақсатында жаңартылады.
Даму тарихыАдамзат қоғамы мен мəдениеттің даму тарихымен байланысты картография тарихының зерттейтін пəні картографияның қалыптасу кезеңдері мен дамуындағы заңдылықтарын жəне оның ең жоғарғы сатысы КСРО кезеңі мен Қазқстандық картографияны оқып-үйрену болып табылады. География мен картография ежелгі өркениет орталықтары Ассирияда, Вавилонда, Ежелгі Мысырда, Ежелгі Қытай мен Үндістанда біздің жыл санауымыздан бірнеше мың жыл бұрын пайда бола бастады. Сол кезеңдегі картографиялқ шығарма саз тақтайша мен папирусқа бейне түрінде салынған. Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ ғасырда Египетте география мен халықтану жəне геометрия жақсы дамыды. Қазіргі Мексикада мекендеген ежелгі үндістерде топографиялық карталар, теңіз жəне кадастрлық сұлбалар (пландар) болды. Қытайлықтар түсбағдармен таныс болып, нивелирлей білді. Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ ғасырда Қытайда картографиялық жұмыстарды орталықтан басқаруды жүзеге асыратын картографиялық бюро болған.
Ежелгі Грекиядағы картографияның негізгі даму кезеңдерін сол замандағы əдебиеттерден оқып білуге болады. Гомердің «Илиадасында» (б. ж. с. д. IX-VIII ғасырлар) Гефест құдайы түсті метал лдан жасалған тақта Ахилесте сызылған картографиялық сурет туралы жазылады. Тақтада қазіргі топографиялық сұлбаны (планды) еске түсіретін өзен мен екі қала, сонымен қатар оның маңын дағы бақ пен шалғын кескінделген. Б. ж. с. д. IV ғасырдан бастап Милеттік Анаксимандрдың «географиялық тақтасы» белгілі. Грекияның бірінші картасын құрушы ретінде Эротосфенді атап өтеді.
Б. ж. с. д. ІІ ғасырда астрономияның дамуы карталарды, соның ішінде Эротосфенніңде картасын нақтылауға мүмкіндік бер ді. Гипарх аспан денелерінің картасы үшін жаңа проекцияны қолданып шеңберді 360 бөлікке (градусқа) бөледі. Б. ж. с. д. ІІ ғасырда глобус пайда болды Алғаш рет құрылған Картестің глобусы шар тəріздес болып, онда бірі экваторды, екіншісі меридианды бойлай орналасқан екі мұхит жəне олардың аралығында төрт құрылық бейнеленді. Картографиялық жəне географиялық ғылыми деректер ІІ ғасырда өмір сүрген Александрияның математик, астроном жəне картограф ғалымы Клавдий Птоломейдің (90-168 жж) еңбектерінде жан-жақты берілген. Ғалымның «Географияға басшылық» атты еңбегі мен онда берілген 27 карта он төрт ғасыр бойы қолданылды.
ІІ ғасырда Клавдий Птоломей құрған градус торлары бар карта
Рим империясының құлауына байланысты Батыс Еуропада жаңа мемлекеттердің пайда болып, құлиеленушілік құрылысты феодалдық формация ауыстырды. Феодализм тұсындағы оқшауланған шаруашылық географияның дамуын шектеді. Сол кезеңде Батыс Еуропада інжіл білімнің басты көзі болды. Сауат тек монастрлерде ғана ашылды. Жердің шар тəрізді екені туралы ұғым ұмытылып, оның төртбұрышты пішіні насихатталды. Діни қолжазбалардың ішінде Византия саудагері Козым Индикополовтың (ІVғ) «Христиан топографиясы» болды. Монас тырлардағы географиялық жəне картографиялық суреттер шындықтан алшақ қарапайым төртбұрышты жұмақ бағының кескіні бейнеленген болды. Венецияда 1459 жылы Фра-Мауро орындаған диаметрі 1, 9 болатын пішіні дөңгелек карта сақталған. Бұл картада жаңа географиялық ашылулар көрсетілген. Птоломейдің картасынан айырмашылығы тұйықталған жəне онда Үнді мұхиты, Ресейдің оңтүстігінде Қара жəне Азов теңіздері, Татарстан, Қазақстан, Орта Азия, Сібір тағы басқа аймақтар кескінделген.
Егер Еуропада шіркеулік-феодалдық мəдениет басым болса Қытай, Үндістан, Иран, Армения сияқты Азия елдерінде картография мен география қарқынды дамыды. Византия мен Иранның аралығындағы сауда жолында орналасуы Арменияда география мен картографияның дамуына қолайлы əсер етті. VІІ ғасырда 227 Птоломей еңбектерінің ықпалы болған «Армян географиясы» пайда болды. Арабтарда картографияның дамуы сауда мен жаулап алу жорықтарымен тығыз байланысты болды. Бірнеше ғасыр араб халифаты өлшемі жағынан ауданы Рим империясынан бірнеше есе артық болатын аумаққа иелік етті. Оның құрамына Александриядай ғылым орталығы бар Египет сияқты ежелгі өркениет орталықтары енді. Арабтар əртүрлі елдер ғалымдарының, сонымен қатар, Птоломейдің еңбектерін аударып, эллин астрономиясының, география мен картографияның жетістіктерімен танысты.

Арабтар құрастырған Каспий теңізінің картасы
Топографиялық карта бейтаныс жерде жолбасшы болатын маңызды құрал болып табылады. Одан өзің тұрған орынды жылдам тауып, белгіленген бағытпен сенімді əрі алаңсыз қозғалуға болады. Картаның қазіргі кезеңде бағдарлау құралы ретіндегі қызметі күннен-күнге артуда. Жергілікті жерде бағдарлау мақсатында туристік саяхат кезінде жолбасшылар, маман геологтар мен əскери құрамалардың басшылары көбінесе 1:50 000, 1:100 000 масштабты топографиялық карталарды қолданады.
Картаның көмегімен бағдарлау жақын орналасқан бағдарларды пайдалана отырып, жергілікті жермен беттестіруді, өзің тұрған орынды анықтауды жəне карта арқылы бағдарлап қозғалуды қамтиды. Əртүрлі уақытта құрылған топографиялық карталарды бір-бірлерімен беттестіру арқылы елдімекендер жиілігі мен халықтың қоныстану тығыздығының, жол торларының, жер бедерінің, өсімдіктер жамылғысының тағы басқалардың өзгеру сипатының қарқынын анықтауға болады. Мысалы, жерді ауыл шаруашылығына пайдалану картасын оқып-үйрену жердің өзгеру жағдайын, себептерін, бағытын, қарқынын, қолайлы жəне кері əсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған кері əсерлердің салдарына ауыл шаруашылығы жерлеріне бұталардың, арамшөптердің өсуін, топырақтың сортаңдануын жатқызуға болады. Орман шаруашылығының картасы орман алқаптары ауданының динамикасын ғана емес, оның түр құрамын, жиілену дəрежесін, аурулармен зақымдануын, отырғызылған ағаштардың экологиялық жағдайыларында анықтауға көмектеседі.
Топографиялық карталар ғылыми-зерттеу, əскери, өндірістік жəне оқу мақсатында қолданылатын жергілікті жердің ерекшелік тері жөніндегі маңызды ақпараттар сақталатын дерек көзі болып табылады. Олар жергілікті жерде бағдарлауға мүмкіндік беретін сенімді жолбасшы қызыметін атқарумен қатар, қатынас жолдары мен ірі өндіріс орындарының құрылыстарын жобалағанда, ауылшаруашылық жерлері мен орман алқаптарын пайдалану жəне тағы басқа мақсаттарда қолданылады.
1:500 000-1:1 000 000 масштабтылар топографиялық шолу карталары деп аталады. Соңғыларының дəлдігі мен нақтылығы нағыз топографиялық карталарға қарағанда төмен болғанымен жеке беттері кең көлемді аумақты қамтиды. Аталған карталар жергілікті жермен жалпы танысып бағдарлау мақсатында қолданылады. Топографиялық карталарда жергілікті жердегі барлық нысандар шартты белгілермен кескінделеді. Олардың сыртқы көрінісі мен бояулары кескінделетін құбылыстардың сипаты мен ерекшеліктерін айқындайды. Біртекті нысандардың топтары бірбіріне ұқсас шартты белгілермен көрсетіледі. Олардың сандық 330 жəне сапалық айырмашылықтары негізгі шартты белгілерге аздаған өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы құрылады. Мысалы, жолдар еске түсіруге оңай сызық түрінде беріледі.
Топографиялық жəне ұсақ масштабты карталарда географиялық нысандардың ерекшеліктері жөнін де ақпараттық деректер беретін шартты белгілер түсіндірмелі шартты белгілер деп аталады. Олар топографиялық карталарды қолданып, тəжірибелік есептер шығару мақсатында пайдаланылады. Түсіндірмелі шартты белгілер табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық нысандардың сандық жəне сапалық сипаты жөнінде маңызды ақпараттар береді. Сол ақпараттарға негізде отырып ірі масштабты карталарға талдау жасап, білім көзі ретінде қолдануға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz