Интернет алаяқтардан сақтану жолдары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Ғылыми жобаның тақырыбы:

Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу жолдары

Пәні: Ғылыми педагогикалық зерттеулер әдістемесі

Жоба авторлары: Жақыпбекова Динара Ерланқызы

Қабиева Кәмшат Рафхатқызы

Жоба жетекшісі: Даутова Мадина Тоқтаровна

2021-2022 оқу жылы

Ғылыми жобаның тақырыбы: Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу жолдары

Зерттеу мақсаты:

1. Интернеттегі алаяқтық түрлерін көрсету.

2. Интернеттегі алаяқтықтың алдын-алу жолдарын көрсету.

Зерттеу болжамы:

Интернеттегі алаяқтықты зерттеу, алаяқтардан күнделікті өмірде қорғануға үйрету.

Зерттеу жаңалығы:

1. Интернеттегі алаяқтардан қорғанудың түрлерін жинақтау.

2. Газет, журнал беттерінде, автобус аялдамаларында ескерпелер басылып шығарылса.

3. Ойынға киетін бас киіміне, футболкаларға кибер алаяқтардан сақтан сияқты жазулар жазылса.

4. Дәптер, күнделік, қойын дәптер сыртында насихатталса.

5. Шоколад қораптары сыртына көрсету.

6. Компьютер, ұялы телефон беттеріне алаяқтықтан сақтану жолдары шықса.

Зерттеу нәтижесі:

1. Зерттеу жаңалығын дәптер, күнделік шығаратын баспаханаларда қолдануға болады.

2. Пакеттер шығаратын шағын кәсіпорындар жүзеге асыруына болады.

АННОТАЦИЯ

Біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбы «Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу жолдары» деп аталады. Халқымызда «Қудың аяғына су жұқпас» деген сөз бар. Бұл нақыл бүгінде ғаламтор арқылы адамдарды алдап, қаражатын қағып алып жүрген алаяқтарға қатысты айтылғандай екен. Жалпы, алаяқтық бұрыннан бар қылмыстың түрі. Десе де, бүгінде ақпараттық-технологияның дамуына және оның қолданылу аясының кеңеюіне байланысты интернет алаяқтық қанат жая бастады. Қылмыскерлер компьютер, планшет, телефон секілді заманауи құралдарды пайдалана отырып, адамды алдап-арбап, ақшасына ие болуда.

Әлеуметтік желідегі сауда-саттықтың қыр-сырын меңгерген алаяқтар қара базардағы әккі алыпсатарлардан асып түсті. Арзан баға мен тегін жеткізу қызметін ұсынушылар күн сайын әлеуметтік желідегі жеке парақшамызға жазылып, түрлі науқан мен жеңілдіктер туралы жарнамасымен қызықтырып қояды. Әрине, ұтымды ұсыныс, қолжетімді баға көпшіліктің көңілінен шығады. Ондайда арзанның құны татымайтынын елей бермейміз. Сондықтан алаяқтарға арбалмас үшін интернеттегі алаяқтық түрлері білген жөн.

КІРІСПЕ

Алаяқтық дегеніміз - бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап келе жатқан қылмыстардың түрі. Ол қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Соған орай, алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты - ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді.

Интернет-алаяқтық деп - ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді жымысқы әрекеттерге барады.

Ғаламторды торуылдайтын алаяқтар дәстүрлі алдау қағидаларын ұстанғанымен, олардың ерекше сипаттары да бар. Мәселен, олар интернетті пайдаланатындықтан, халықаралық деңгейде таралуымен ерекшеленеді. Яғни, бір елде отырып, екінші елдегі адамдарды алдап-арбай беретін шекара талғамау сипаты бар. Екіншіден, интернет-алаяқтар жасырын болып келеді. Яғни, олар жалған жеке және заңды тұлғалардың атынан жиі әрекет етеді.

Елімізде интернеттегі алаяқтықтың саны күннен-күнге өсіп келеді. ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, биыл үш айдың өзінде осындай 6824 қылмысты тіркелген. Бүгінде бас қаладағы жағдай бас ауыртатын халге жеткізіп отыр. Нұр-Сұлтанда еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда интернет-алаяқтық ең көп тіркелген. Былтыр өсім 59% -ға жетіп, жартысынан көбі ашылмаған. Өйткені, қылмыскерлердің көпшілігі іс жүзінде өзге елдерде болғандықтан, оларды табу мен жазалау өте қиын.

Интернеттегі алаяқтықтың түрлері

1. Интернет-дүкен алаяғы. Ол үшін алаяқтар онлайн дүкендерді пайдаланады. Себебі бүгінде көпшілігіміз үйде отырып-ақ өзімізге керекті заттарға тапсырыс беруді әдетке айналдырғанбыз. Бұл бір жағынан тиімді болғанымен, екінші жағынан қауіпті. Себебі алаяқтар сіздің сеніміңізді пайдалана отырып, сан соқтырып кетуі бек мүмкін. Олар алдын ала төлем жасауды сұрайды. Ал ақшаңызды алып алғаннан соң зым-зия жоғалады. Сондай-ақ бастапқыда берілген мекен жайды анықтау мүмкін емес болып қалады.

2. Интернет-қайыршылық. Яғни мұнда қайырымдылық ұйымдары, құрылыс жұмыстарына ақша жинау секілді әдістерімен ұйымдастырылады. Компания болып құрылдық деп, жұмыс істеп тұрады. Салымшылардың сеніміне кіріп, ақшаны жымқырғаннан соң жабылып қалады. Кейіннен жаңадан және жаңа атаумен ашылып қайтадан алаяқтық әрекеттерін жүзеге асырады. Оның ғаламтордағы сайтының ақпары 2 беттен аспайды. Бұл жағдайда күмәнмен қараған жөн.

3. Фишинг. Алаяқтықтың бұл түрі құпия деректерді пайдаланушылардың «логин парольдеріне» қол жеткізу арқылы жүзеге асады. Кез-келген адамның аккаунтын бұзу арқылы оның қаражаттарын алып, құпия болған жеке мәліметтеріне қол жеткізеді.

4. Кликджекинг. Көбіне лүпіл жинап беру, жазылушылар санын арттыру секілді уәделерді беріп, ақшаңызды алғаннан соң оларды табу мүмкін болмай қалады.

5. Биржалардағы интернет-алаяқтық. Мұнда акцияларды арзанға сатып алып, қымбатқа өткізу. Сондай-ақ қызықты акцияларды көрсетіп жарнаманы жақсылап жариялайды да, соңында жасанды болып шығады. Кей жағдайларда адамдардан түрлі сылтаулармен қосымша төлем жасау керектігін алға тартып, ақшаларын алады.

6. Интернеттегі күтпеген ұтыс. Тосын сый секілді сіздің қатысуыңызсыз ұтыс ұттыңыз деп хабарлайды. Ұялы телефонға смс хабарлама немесе поштаңызға жүлде ұтысы туралы ақпар келеді. Оны алу үшін ақша аударуыңызды сұрайды.

7. Интернет-казино. Онлайн-казино ұтып алғысы келетін құмар ойынға жақын адамдарды құрыққа түсіреді. Сенімді сайттар сенімді ұтыстың әдістерін ұсынады, бірақ рулеткадағы математикалық схемалардың ешқандай түрлері әрекет етпейді.

8. Интернеттегі қаржы пирамидалары. Табысты ұлғайту үшін ақша салуды басқа да адамдарға таратуды айтады. Осылайша ақшаңызды қалталарына оңай басып отырады.

9. Танысу сайттарындағы және әлеуметтік желілердегі алаяқтық. Неке алдау- бәрі кез-келген сайтта немесе әлеуметтік желіде хабарландыру бойынша әдеттегі танысудан басталады. Адамның сеніміне 2-3 ай ішінде ие болып, өзінің қаржылық мәселелерін шешуге ақша сұрайды. Бірақ ақшаны алғаннан соң жоғалады. Онымен байланысу мүмкін болмай қалады.

10. Валюта айырбастаудағы табыс. Пайдаланушыларға валюта айырбастау үшін электрондық айырбастау пункттерін пайдалана отырып, ақша табу ұсынылады. Алаяқтар түрлі төлем жүйелерінде екі шот ашып, екі айырбастау пунктінің көмегімен валютаны өзгертіп, кері айырбастауды сұрайды. Айырбастау орындарының бірі жалған болып шығады.

11. Интернет-кредиттеу саласындағы алаяқтық. Жеке фирмалар мен жеке тұлғалардан алдын ала төлемнен кейін ғана қызмет көрсететін несие рәсімдеу кезінде несие беруге уәде береді. Ал ақша алғаннан кейін жоғалады. Кейде интернет сайттар сізге өтінім қалдыруды, сауалнама толтыруды ұсынады.

12. Жалған крипто-валюта алаяқтары адамдарды ақша аударуға, арзан бағада крипто валюталарды сатып алуға, сол арқылы көп табыс табуға болады деп сендіреді.

13. СМС арқылы алаяқтық. «Несиеде қарызым бар, нөмірмен қателестім, басқаның ақшасы аударылып кетті, кәртішкем блокқа түсіп қалды, туыстарым қайғылы жағдайға душар болды», - деген секілді түрлі хаттарды сізге жолдау арқылы ақшаңызды жымқырады.

14. Фрилансдағы интернет-алаяқтық. Яғни сіздің жеке мәліметтеріңізге қол жеткізіп, сіздің атыңыздан түрлі несиелерді рәсімдейді. Жеке мәліметіңізді пайдалана отырып, әрекет етеді. Сонымен қатар, күнделікті және үйден шықпай-ақ табыс табу секілді түрлі сылтаулармен ақша аудартады.

15. Киберсквоттинг - бұл компаниялардың атаулары мен жаңа тауарлардың брендтері арқылы ақша табу тәсілі. Осылайша сіздерге ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтықтың түрлерін жіктеп айтып өттік. Яғни, біздің мұндағы мақсатымыз - сіздерді алаяқтардың әдістерінен хабардар ете отырып, одан сақтандыру. Дегенмен алаяқтар ақшаны алудың басқа да жолдарын ойластырып, іске асырады. Сондықтан сақтанғыңыз келсе, қарапайым ғана қырағылығыңызды дамытып, кез-келген жанға артық сенім білдірмеңіз.

Интернет алаяқтардан сақтану жолдары

Осы орайда интернет алаяқтарынан сақтану үшін KZ-CERT қызметі келесі кеңестерді ұсынады:

  • Интернет жүйесі арқылы келген сілтеме бойынша өткен кезде мекенжай жолына, яғни, доменнің дұрыстығына, акция жүргізетін ұйымның не компанияның ресми атауындағы артық символдарға назар аудару керек.
  • Әлеуметтік желілердегі өз профиліңіздің дербестігін баптауларда байланыс деректерін (қызметтік және жеке телефон нөмірі) көпшілікке қолжетімді етпеген дұрыс. Мобильдік нөмірді (бизнес-аккаунт) көрсету қажет болған жағдайда, жеке және жұмыс нөмірлерін бөлу қажет, яғни, жеке нөмірді туыстармен және жақындармен байланысу үшін ғана пайдаланған дұрыс.
  • Есептік деректеріңізді үнемі тексеріп, көп факторлы аутентификация пайдаланылатын сенімді парольдерді қолданыңыз.
  • Браузерде, операциялық жүйеде және мобильдік құрылғыларда пайда болатын түрлі терезелер мен хабарламаларға қатысты абай болыңыздар.
  • Банк картаңыздың деректерін сақтап, картаның сыртқы жағындағы 3 санды CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз. Сондай-ақ, банктен келіп түсетін SMS-кодты ешбір жағдайда бейтаныс жандарға хабарламаңыз.
  • Интернетке қол жеткізудің ашық қоғамдық Wi-Fi-нүктелеріне сенбеңіз, сонымен қатар өз аутентификациялық деректеріңізді қорғалмаған сымсыз желілер арқылы енгізбеуге тырысыңыз.
  • Бопсалаушылардың телефон бойынша талаптарын орындамаңыз, ал егер Сіз интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз ең жақын полиция бөліміне немесе 102 телефоны арқылы дереу жүгініңіз.
  • Жеке деректерді, жеке куәлік деректерін, банк карталарының деректерін және тағы басқа мәліметтерді қамтитын құжаттарыңыздың көшірмелері бен банк картасының суретін ешкімге жібермеңіз.
  • Күдікті интернет-ресурстар немесе ақшалай пайдаға үміттендіретін сілтемелер айқындалған жағдайда KZ-CERT қызметіне (1400 (тәулік бойы) нөмірі, қызмет сайты, Telegram мессенджеріндегі "ҚР ақпараттық қауіпсіздігі" тобына не жеке хабарлама жіберу арқылы) хабарлаңыз.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет желісі, электрондық пошта туралы
Киберқылмыс - Ақпараттық технологиялар саласында жасалатын қылмыстар
Компьютерлік желілердегі видеоконференц байланысы
Қазақстандағы банк пластикалық карточкаларының айналысы жүйесін жетілдіру
КИБЕРҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТТЕГІ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС
Сатып алу - сату шартының ұғымы және мақсаты
Ғ. Мүсірепов. Кездеспей кеткен бір бейне
Интернет – құрттар. Жұмыс істеу принциптері және олардаң қорғану шаралары
Ақшаның шығу тарихы туралы
Е.Бөкетов атындағы Карағанды Мемлекеттік Университетінде кәсіптік тәжірибе өту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz