Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:№ 6 дәріс Жоғары жүйке әрекеті және оның баланың өсіп-дамуы барысында қалыптасуы тақырыбы бойынша дәріс сұрақтары 1. Жоғары жүйке әрекетінің негізгі топтары 2. Бірінші және екінші сигналдық жүйелер дегеніміз не? 3. Балалардың тілі қалай дамиды? 4. Ес, балалардың есінің дамуы.
2-тапсырма
Бірінші және екінші сигналдық жүйелер дегеніміз не?
Орындаған: Дандибаева БО
Қабылдаған: Отарова Назгуль Илиясовна
Мамандық: Дефектология логопедия
Курс: 1
2.
Жоспар:
I. Кіріспе
Бірінші және екінші сигналдық жүйелер дегеніміз не?
II. Негізгі бөлім.
1. И.П. Павлов еңбектерінің жоғары жүйке қызметтері.
2. Бірінші және екінші сигнал жүйелері мен олардың дамуы.
3. И.П. Павловтың адамның жоғары жүйке әрекетінің арнайы топтарын ұсынуы
мен қағидасы.
4. Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы.
5. Н.Н. Красногорскийдің жоғары жүйке әрекеттерінің топтарын ұсынуы.
III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Адам баласының ми қыртысының жануарлардың ми қыртысынан
айырмашылығы бар. Дегенмен, жануарлар мен адамдар үшін нақтылы әсерді және көз, құлақ т.б. организмнің сезгіш рецепторлары арқылы келетін сыртқы ортаның көріністерін талдау
(анализ) мен талқылау (синтез) екеуінде де бар ортақ қасиет. И.П. Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерлерін сигналдар деп атады.
Павлов адамда бірінші сигнал жүйесімен (бұл жануарларда да болады) қатар, екінші сигнал жүйесі (сөйлей, жаза алатын қабілет) болатынын дәлелдеп берді. Павлов ашқан жаңалықтардың физиология , медицина, педагогика және психологияның дамуы үшін маңызы зор болды.
4.
Павлов өз еңбектерінде алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қызметін
жоғары жүйке қызметі деп атады. Жоғары жүйке қызметі аркылы ағза үнемі
өзгеріп тұратын сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. Орталық жүйке
жүйесінің басқа бөлімдерінің қызметі тек ағзаның өзінде ғана жүретін
қызметтерді реттеуге бағытталады. Адам алдына белгілі бір мақсат қойған кезде,
оны жүзеге асырудың жолдарын саналы түрде ойластырады. Соған сәйкес әрекет
жасайды.
Адамның жоғары жүйке жүйесіне тән қасиеттерге сана, ойлау, сөз, еңбек ету
қабілеті, қоғамдық өмірге бейімделуі жатады.
5.
Айналада болып жатқан ақпараттарды қабылдау, талдау, жауап
қайтару сигналдық жүйелер аркылы жүзеге асады. Ағза мен
қоршаған орта арасында сигналдық жүйелер аркылы байланыс
түзіледі. Сигналдық жүйелер бірінші сигналдық жүйе және
екінші сигналдық жүйе деп 2 түрге бөледі.
Бірінші сигналдық жүйе - жануарларға да
және адамға да тән қасиет. Оның орталығы
ми кыртысында орналасады. Бірінші
сигналдық жүйе аркылы ағза сырткы
ортаның нақты тітіркендіргіштеріне
қайтарады. Бүл кезде сыртқы ортада
болатын заттар және құбылыстар шартты
рефлекстің түзілуіне әсер етеді. Оған
мысал ретінде, сәбидің тамаққа,
ойыншыққа катысты рефлекстерін атауға
болады
Екінші сигналдық жүйе — тек адамға
ғана тән касиет. Бұл жүйедегі негізгі
шаррты тітіркендіргіш - сөз. Сөздің
әсерінен пайда болған қозуды ми қыртысы
қабылдап, талдап, жауап кайтарады. Сөз
бірінші сигналдық жүйенің жұмысына
түрткі болады. И. П. Павловтың пікірі
бойынша, сөз сигналдардың сигналы
болып есептелінеді.
6.
Сол сигналдарды және оларды
қабылдауға қатысатын мүшелер
жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп, ал
сол сигналдардың сөзбен белгісін
сигналдың сигналы деп атады.
Еңбектің және әлеуметтік дамудың
нәтижесінд адамда сөз
сигналдарына, сөйлеуге байланысты
жай сигналдарды сөзбен белгілеу
және оны қабылдау қабілеті
дамыған. И.П. Павлов сигналдың
сигналын қабылдауға қатысатын
мүшелер жүйесін және сөйлеу, сөзге
байланысты ойлау қабілеттерін
2-ші сигнал жүйесі деп атады.
7.
1-ші сигнал жүйесі жаңа туған
нәрестеде бірнеше күннен кейін
қалыптасады. 7-10 күндері алғашқы
шартты рефлекстері қалыптаса
бастайды. Ал 2-ші сигнал жүйесінің
даму белгілері 6 айдан пайда бола
бастайды.
Сөздің мағынасын нәресте ерте
түсіне бастайды, сондықтан оны
дамыту үшін нәрестемен сөйлесу
қажет. Жаңа туған баланы емізгенде,
киімін ауыстырғанда, қасына
келгенде сүйіспеншілікті көрсетіп,
алғашқы күндерінен бастап,
сөйлесуге болады. Бұл 2-ші сигнал
жүйесінің дамуына жақсы
қозғаушы әсер.
8.
Екі сигналды жүйе бір-біріне әсер етеді. Олардың ерекшелігіне
байланысты Павлов 3 типке бөлді:
1. Көркем, I сигналды жүйе басым
2. Ойшыл, II сигналды жүйе басым
3. Орташа, екі сигналды жүйе теңдесті
9.
4. 2-ші сигнал жүйеден 1-ге мәлімет бөгеліп өтеді.
3. 1-ші сигнал жүйеден 2-ге мәлімет бөгеліп өтеді.
Екі сигнал жүйесінің арасындағы мәліметтердің берілуі бойынша И.П.Павлов адамдардың 4 тобын ажыратты
2. Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2ге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге қиын өтеді.
1. Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2-ге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге жеңіл өтеді.
10.
Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы.
Баланың мінез құлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі,
жоғары жүйке әрекетінің топтары әсер етеді.
Баланың темпераменті мен мінез-құлықтарының қалыптасуы екі түрлі әсерге
байланысты:
1. Ата-анасынан тұқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми
қыртысындағы генотиптік қасиеті.
2. Сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі, дос-жолдастарының ықпалы,
әлеуметтік қоғам орындарының ықпалы) болатын фенотиптік қасиеттер.
11.
Н.Н.Красногорский балалардың ми қыртысындағы қозуы мен тежелуін зерттей келе,
олардың жоғары жүйке әрекетін 4 топқа бөлді:
1. Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы жылдам топтың шартты рефлекстері
тез пайда болып оңай тежеледі, пайда болған рефлекстері ұзақ, жақсы
сақталады. Бұл топтағы балалардың тілі жатық, сөз қоры мол, мінезі ұстамды.
2. Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы баяу топтың шартты рефлекстері
бірнеше рет қайталағанда пайда болады, бірақ пайда болған рефлекстері ұзақ,
жақсы сақталады. Бұл топтағы балалар ерте бірақ баяу сөйлейді. Мінезі - өте
шыдамды.
3. Күшті қозғыш ұстамсыз топтағы балалардың шартты рефлекстері өте жылдам
пайда болғанымен тез жойылып отырады. Мінезі - ұстамсыз, шыдамсыз.
4. Әлсіз топтағы балалардың шартты рефлекстері ұзақ көп қайталағаннан кейін өте
баяу туады. Ондай балалар жаңа жағдайға ұзақ бейімделеді. Мінезі жасқаншақтау,
тез шаршағыш келеді.
12.
Қорытындылай келе, адам- қоғами жаратылыс, сондықтан,
баланың жоғары жүйке әрекетінің топтары тұрақсыз, сыртқы
ортаның жағдайларына өте тәуелді болады. Бірінші және екінші
сигнал жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласында
барлық түсініктер, көріністер, құбылыстар мен сезімдер сөзбен
белгіленеді. Бұл 1-ші сигнал жүйесі 2-ші сигнал жүйесіне
ауысатынын білдіреді.Баланың өміріндегі оқыту мен үйретудің
және
оның өзінің творчествовалық әрекеттері 2-ші сигнал
жүйесінің дамуымен кемелденуіне байланысты. Ол өзінің ең
жоғары дәрежесіне табиғат пен қоғамды тану арқылы жетеді. Бала
нақтылы сезім арқылы абстрактылы жалпылама ойлау дәрежесіне
өседі.
Қозу мен тежелудің ішкі заңдылықтарының бірі - өзара индукция заңы. Бұл заң бойынша: егер мидың бір алабында қозу процесі туса, басқа бір алабында міндетті түрде тежелу процесі туады, керісінше, тежелу процесі болған жерде оған қарама – қарсы процесс – қозу пайда болады.

Сонымен бірге ми қыртысында қозуға қарсы тежелу процесі болып отырады. Ол қозуды бір жерге шоғырландырып тежейді. Қозу мен тежелу бір – бірімен тығыз байланысты.

Мидың бір алабында қозу тежелу процесімен қоршалатын болса, бұл құбылысты теріс индукция дейді. Мысалы, адам бір нәрсе туралы барлық ынтасын салып ойланған кезде өзінің айналасында не болып жатқанын байқаймайды. Бұл біздің миымызда теріс индукция, яғни күшті қозу процесінің болып отыратындығын көрсетеді.

Екінші бір жағдайда ми қабығының бір алабында пайда болған тежелу айналасындағы алаптарда қозу процесін тудырады. Бұл құбылыс оң индукция деп аталынады. Оң және теріс индукциялар бір мезгілде пайда болса, бір мезгілдік индукция, бірінен кейін бірі пайда болса, бір ізділік индукциясы деп аталынады,

Қозу мен тежелу процестерінің заңды байланысының арқасында біздің барлық іс - әрекетіміз, саналы тіршілігіміз бірқалыпта жүзеге асып отырады да, ми сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын дұрыс бейнелейтін болады.
МИДЫҢ АНАЛИЗДІК ЖӘНЕ СИНТЕЗДІК ҚЫЗМЕТІ. ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП.
Мидың анализдік және синтездік қызметі.
И.П. Павлов ми қабығының негізгі жұмысы анализдік (талдау) және синтездік (біріктіру) қызметтен тұратындығын және бұл миды зерттеудің басты принциптерінің бірі екендігін көрсетіп берді. Талдау мен біріктіру – организмнің үнемі өзгеріп отыратын ортаға бейімделіп шартты рефлекс жасалуы үшін қажетті жүйелі процестер. Сондай әрекеттері арқылы организм өзінің мінез–құлқын тіршілік ортасымен сәйкестендіріп отырады. Сондықтан, мидың талдау мен біріктіру қызметі организм үшін негізгі шарт.
Мидың анализдік қызметі түрлі тітіркендіргіштердің жеке бөліктерін айыруда, осы жеке тітіркендіргіштерге шартты рефлекс жасауда көрініп отырады. Ал мидың синтездік қызметі жеке тітіркендіргіштерді біріктіруден, яғни ми қабығында уақытша байланыстардың жасалуынан көрінеді. Мысалы, иттің аяғын электр тоғымен тітіркендіргенде (шартсыз тітіркендіргіш), мұны даусы әлсіз қоңыраумен нығайтатын болсақ (шартты тітіркендіргіш), ит одан аяғын көтеріп қорғанатын болады. Электр тоғымен тітіркендіруді даусы күші қоңыраумен нығайтсақ та осындай реакцияны байқаймыз. Бұл жерде ми қабығында екі ұқсас тітіркендіргіштерге (әлсіз және күшті қоңырау) бір жауап беріліп отыр. Бұдан біз мидың синтездік қызметін көреміз.
Мидың анализдік, синтездік қызметі организмнің өмір сүруінің басты шарты болып табылады. Мысалы, жануарлар үшін әрбір сыбдыр, әрбір көлеңке, болмашы иіс, ауадағы болмашы қозғалыстар т.б. тамақтың не қауіптің алыс – жақын екендігін білдіретін сигналдар болып табылады. Жануарлар сыртқы дүниенің тітіркендіргіштерін өте нәзік айыра және біріктіре алуы нәтижесінде ғана өзіне төнген қауіпті не тіршілігіне қажетті нәрсені дер кезінде сезіп, өмір сүретін ортасына дұрыс бейімделе алады.Анализ бен синтез мидың бірімен – бірі тығыз байланысты, біртұтас қызметі болып саналады. Мидың бұл қызметі невр жүйесінің структуралық дәрежесіне қарай әр түрлі сипатта көрініп отырады. Мысалы, ми қабығының құрылысы ерекше дамып, жетілгендіктен адам миының анализдік, синтездік қызметі өте күшті дамып жетілген. Тіпті кішкентай баланың миының осындай қызметіне де жануарлар дүиниесіндегі дамудың ең жоғарғы сатысында тұрған маймыл миының анализдік, синтездік қызметі ешбір тең келе алмайды.
Динамикалық стереотип
Бұл ғылыми физиологиялық терминнің мәнісі “динамикос” – қазақша – қозғалыс жағдайында болу, “стресс тупос” – қазақша – қатты таңба деген грек сөздерінен шыққан. Динамикалық стереотип белгілі бір тітіркендіргіштерді бір қалыппен ұзақ уақыт бойы қайталап отыратын болса, ми қабығында қозу мен тежелудің тұрақты, біз ізге түскен жүйелері қалыптасады. Соның салдарынан рефлекстердің бекіген жүйесін қайта жаңғыртып отыру көп күш жұмсауды талап етпейді. Мысалы, итке күрделі тітіркендіргіштердің жиынтығы ретінде бірнеше тітіркендіргіштер туғызылса (қоңырау, жарық, метроном т.б.) және олар жеткілікті түрде белгілі ретпен қайталанатын болса, кейін осы тітіркендіргіштердің біреуімен ғана әсер етсе болды, ит бұрынғы жауап реакциясын түгелдей қайта жаңғыртады. Осы секілді үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмдердің төселуін және соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу процесінің жасалуын динамикалық стереотип деп атаймыз. Қозу мен тежелудің осындай бірқалыпты стереотиптері сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіштердің бірсыдырғы тұрақталған жағдайында ғана жасалады. Динамикалық стереотиптер сыртқы ортаның өзгеруіне қарай жаңадан жасалып, ал сол ортаға сәйкес келмеген жағдйларда қайтадан жаңғырып тұрады. Адамның әр алуан дағдылары мен әдеттері, мінез – құлқы бітістерінің бірқалыпты көріністері осы динамикалық стереотиптерден тұрады және адамның бірсыпыра психологиялық ерекшеліктерінің табиғи – ғылыми негізін құрайды. Динамикалық стереотипті тауып, зерттеген – И.П. Павлов.
ҚОРЫТЫНДЫ
И.П. Павловтың жоғарғы жүйке қызметі туралы зерттеуінде екі сигналдық жүйе туралы ілімінің зор маңызы бар. Атақты физиолог И.П. Павловтың айтуы бойынша мидың қызметінде екі түрлі сигналдық жүйе болады.
“Сигнал” – латын тілінде – “сигнум” – қазақша – белгі, таңба деген сөз. И.П. Павлов осы сигналдарды жүйке жүйесінің қызметіндегі ерекшеліктерді білдіретін шартты белгі ретінде алып қолданады да, оның табиғи мән – жайын тәжірибелік зерттеулер арқылы түсіндіреді.
Осы мәселе жөнінде И.П. Павлов былай деп жазды: “... жануарлар үшін болмыс тек бірыңғай тітіркендіргіштер арқылы және олар көретін, еститін және басқа рецепторларының арнаулы клеткаларына тікелей баратын үлкен жарты шарлардағы іздер арқылы ғана хабарланады. Бұл сыртқы ортадан, жалпы табиғаттық және әлеуметтік ортамыздан естіген, көрген және түсінгеніміз сияқтылардың дәл өзі. Бұл шындықтың бірінші сигнал жүйесі мұның өзі адамға да, жануарларға да ортақ болады...”.
Оның бірі – заттармен бетпе – бет кездескенде тері, көз, құлақ мүшелер арқылы түйсіну, қабылдау, елестету.
Бұл жануарларда да, адамда да бірдей – бірінші сигналдық жүйе. Жануарлар мен жәндіктер үшін айналадағы дыбыс, жарық толқындары, қысым, заттың химиялық құрамы, табиғи ортадағы физикалық, химиялық сипаттар сигнал болады. Бірінші сигнал жүйесі еңбек процесінің түрлерінде де маңызды орын алады. Сондай–ақ, ол – суретшінің, сазгер мен жазушының, ақын мен әртістің шығармашылық қиялының сыртқа шығуы үшін қажетті шарт. Тағылым мен тәрбие істерінде, оқыту процесінде көрнекілікті кеңінен пайдаланып отырудың психологиялық негізі – осы бірінші сигналдық жүйе болып табылады. Айналадағы болмыс пен шындық жайында дұрыс елес тудыру да бірінші сигнал жүйесінің қызметіне байланысты.
Екінші сигнал жүйесі жануарлар дүниесінде болмайды, жануарларда бірен – саран дыбыс реакциялары бар, бірақ бұл дыбыстарда ешқандай мкғына жоқ, ол жай биологиялық қажеттің хабары ретінде шығып отырады. Сөйтіп, жануарлар тіршілігі үшін бірінші сигнал жүйесі, бірден – бір жүйе болып табылады. Екінші сигнал жүйесі, тек адамдарға ғана тән.
Адамның әлеуметтік ортада тіршілік етіп, өзін қоршаған ортадан қажетті мәліметтер алып, елестерін, танымдық әрекеттерін неғұрлым тереңдете түсуіне мүмкіншілік тудыратын тағы бір жағдай бар, - ол екінші сигналдық жүйе. Сөз, сөйлеу, және солардың негізінде театын уақытша байланыстар екінші жүйеге жатады. Сигналдың бұл түрі адамға ғана тән. Бұл – бірінші сигналдың сигналы. Мектеп жағдайында оқу мәселесі, тәрбие жұмысына байланысты сөздің қатынаспайтын жері жоқ. Сабақ беру әдістерінің көпшілігі лекция оқуды, әңгімелесуді, түсіндіруді, көрнекі құралдарды қолданғанда оларды сипаттауды тілейді. Сондықтан сигналдық жүйедегі шартты рефлекстің алатын орны зор. Оқушылардың білімін кеңейтіп, ойын тереңдетуге екінші сигналдық жүйе шексіз мүмкіншіліктер туғызады. Мұның мәнісі мынада: адам өз сезім мүшелері арқылы танып білгендерінің мазмұны мен түр – сипатын қабылдап қана қоймай, дыбысты тіл мен сөйлеу әрекеті нәтижесінде оларды айнытпай бейнелейді. Ол шартсыз тітіркендіргіштерге сүйенбей – ақ, дыбысты сөйлеу мен сөз арқылы уақытша жүйкелік байланыстар жасауға қабілетті. Мұндай ерекшеліктің болуы адамның жоғары жүйкелік әрекетінің жәндіктер мен жануарлар әрекетінен сапалық айырмасының бар екендігін дәлелдейді. Дыбысты сөз бен сөйлеу әрекетіне сәйкес заттар мен құбылыстарды белгілеп қана қоймай, оның сипат – қасиеттерін ажыратуға да, абстракциялауға да, дерексіздендіруге де адамның күші жетеді. Сөйтіп, сөз шартты тітіркендіргіштердің рөлін атқарады. Ал жануарлар дүниесінде шартты рефлекс биологиялық мәні зор бұрынғы бейтарап тітіркендіргіштермен байланысуы қажет. Бірақ адамдар мен жануарлардың сигнал жүйелерінің арасында сапалық айырмашылық бар.
Егер адамдардың бірінші сигнал жүйесінің невртік байланыстары қоғамдық қатынастарды бейнелейтін болса, жануарлар дүниесінде бұл биологиялық сипатта болады. Мұны қарапайым мысалмен түсіндірейік. Үзіліс біткен соң қоңырау соғылады, балалал сыныптарына кіреді. Қоңыраудың дауысы балалар үшін – бірінші сигнал жүйесі. Ал үлкен үзілісте балалар мектеп маңында қоңырау дауысы естілмейтін жерде ойнауы мүмкін. Бір оқушы жүгіріп келіп: “Қоңырау соғылып жатыр!” – дейді.
Екінші сигналдық жүйені бірінші сигналдық жүйеден бөліп алуға болмайды. Олар бірімен – бірі тығыз байланысты. Екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйеге сүйеніп қызмет атқарады. Өйткені, адамның екінші сигналдық жүйе арқылы алынған білімі шындықты дұрыс бейнелемеуі мүмкін. И.П. Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы ілімі психология пәнін, адамның психикалық әрекетінін диалектика тұрғысынан дұрыс түсінуде ең қажетті құралға айналды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қ. Дүйсембин, З. Алиакбарова. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы.
Алматы, 2003.
Қ. Дүйсембин, З. Алиакбарова. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы,
физиологиясы және гигиенасының негіздері. Оқу және әдістемелік әдебиеттер
жөніндегі республикалық баспа кабинеті. Алматы, 1993.

1- тапсырма
Тақырыбы: Жоғары жүйке әрекетінің негізгі топтары.
Орындаған: Дандибаева БО
Қабылдаған: Отарова Назгуль Илиясовна
Мамандық: Дефектология логопедия
Курс: 1
2.
Жоспар:
I. Кіріспе
Қозу мен тежелудің күші
II. Негізгі бөлім.
1. Гипократ адамның темпераментін 4 топқа бөлген.
2. И.П.Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 тобын ажыратуы.
3. 1-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы
4. Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы
5. Н.Н.Красногорский балалардың ми қыртысындағы қозуы мен тежелуін 4 топқа бөлуі.
III. Қорытынды.
Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын, мінез-құлықтарын жүйке әрекетінің топтары деп жинақтайды.

И.П.Павлов жануарлардың жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі, алмасуы.

Қозу мен тежелудің күші деп ми қыртысындағы олардың өту дәрежесін айтады. Қозу мен тежелудің теңдігі деп олардың бір-біріне қатынасын айтады. Қозу мен тежелудің алмасуы деп олардың бір-біріне алмасу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ширақ немесе баяу болуы мүмкін.

Қозу мен тежелудің осы қасиеттеріне қарай И.П.Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 тобын ажыратады:

1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ.

2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ.

3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.

4. Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті төмен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым.

Гиппократ денедегі 4 түрлі сұйықтықтың өзара қатынасына байланысты адамның темпераментін 4 топқа бөлген. Олар холерик (грек. холе- сары өт), сангвиник (сангвине - қан), флегматик (флегма – кілегей, шырын), меланхолик (мелайне холе – қара өт).

И.П.Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекеттерінің 4 тобын дәрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген:

1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ – холерик.

2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ – сангвиник.

3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ – флегматик.

4. Әлсіз топ – меланхолик.

Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі.

1-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы. Адам баласының ми қыртысының жануарлардың ми қыртысынан айырмашылығы бар. Жануарлар мен адамдар үшін нақтылы әсерді және көз, құлақ т.б. организмнің сезгіш рецепторлары арқылы келетін сыртқы ортаның көріністерін талдау мен талқылау екеуінде де бар ортақ қасиет. И.П. Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерін сигналдар деп атады. Сол сигналдарды қабылдайтын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп атады. Ал сол сигналдардың сөзбен белгісін сигналдың сигналы деп атады. Сигналдың сигналын қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін және сөйлеуге, сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші сигнал жүйесі деп атады. 2-ші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән.

1-ші сигнал жүйесі жаңа туған нәрестеде бірнеше күннен кейін қалыптасады. 7-10 күндері алғашқы шартты рефлекстері қалыптаса бастайды. Ал 2-ші сигнал жүйесінің даму белгілері 6 айдан пайда бола бастайды.

И.П.Павлов сигнал жүйесіне байланысты адамдардың жоғары жүйке әрекетін 3 топқа бөлді:

1. Көркем суретті топқа жататын адамдарда 1-ші сигнал жүйесі 2-ші сигнал жүйесінен басым.

2. Ойлы немесе саналы топтағы адамдардың 2-ші сигнал жүйесі 1-ші сигнал жүйесінен басым.

3. Орташа немесе аралас топтағы адамдарда екі сигнал жүйесі де бірдей шамада дамыған.

Екі сиганл жүйесінің арасындағы мәліметтердің берілуі бойынша И.П.Павлов адамдардың 4 тобын ажыратты:

1. Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2-ге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге жеңіл өтеді.

2. Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2-ге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге қиын өтеді.

3. 1-ші сигнал жүйеден 2-ге мәлімет бөгеліп өтеді.

4. 2-ші сигнал жүйеден 1-ге мәлімет бөгеліп өтеді.

Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы. Баланың мінез құлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі, жоғары жүйке әрекетінің топтары әсер етеді.

Баланың темпераменті мен мінез-құлықтарының қалыптасуы екі түрлі әсерге байланысты:

1. Ата-анасынан тұқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми қыртысындағы генотиптік қасиеті.

2. Сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі, дос-жолдастарының ықпалы, әлеуметтік қоғам орындарының ықпалы) болатын фентоиптік қасиеттер.

Н.Н.Красногорский балалардың ми қыртысындағы қозуы мен тежелуін зерттей келе, олардың жоғары жүйке әрекетін 4 топқа бөлді:

1. Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы жылдам топтың шартты рефлекстері тез пайда болып оңай тежеледі, пайда болған рефлекстері ұзақ, жақсы сақталады. Бұл топтағы балалардың тілі жатық, сөз қоры мол, мінезі ұстамды.

2. Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы баяу топтың шартты рефлекстері бірнеше рет қайталағанда пайда болады, бірақ пайда болған рефлекстері ұзақ, жақсы сақталады. Бұл топтағы балалар ерте бірақ баяу сөйлейді. Мінезі - өте шыдамды.

3. Күшті қозғыш ұстамсыз топтағы балалардың шартты рефлекстері өте жылдам пайда болғанымен тез жойылып отырады. Мінезі - ұстамсыз, шыдамсыз.

4. Әлсіз топтағы балалардың шартты рефлекстері ұзақ көп қайталағаннан кейін өте баяу туады. Ондай балалар жаңа жағдайға ұзақ бейімделеді. Мінезі жасқаншақтау, тез шаршағыш келеді.

Қорытынды.
1-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы. Адам баласының ми қыртысының жануарлардың ми қыртысынан айырмашылығы бар. Жануарлар мен адамдар үшін нақтылы әсерді және көз, құлақ т.б. организмнің сезгіш рецепторлары арқылы келетін сыртқы ортаның көріністерін талдау мен талқылау екеуінде де бар ортақ қасиет. И.П. Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерін сигналдар деп атады. Сол сигналдарды қабылдайтын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп атады. Ал сол сигналдардың сөзбен белгісін сигналдың сигналы деп атады. Сигналдың сигналын қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін және сөйлеуге, сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші сигнал жүйесі деп атады. 2-ші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән.

3- тапсырма
Тақырыбы: Балалардың тілі қалай дамиды?
Орындаған: Дандибаева Бактигул
Қабылдаған: Отарова Назгуль Илиясовна
Мамандық: Дефектология логопедия
Курс: 1
2.
Жоспар:
I. Кіріспе
А.В.Петровский бала өмірінің жеті кезеңін көрсеткен
II. Негізгі бөлім.
1. Бала 1-3 жас аралығында тілі шығуы
2. 1-3 жас аралығында бала тілінде кездесетін көптеген жаңа атаулар
3. голофраза туралы
4. 2 жас шамасындағы бала біртіндеп екісөзді сөйлем құрастыра бастауы.
III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Бала шыр етіп жерге түскенде дыбыспен бірге туады деп Ж.Аймауытұлы айтқандай, дыбыспен өмірге келген бала өмірінің барлық кезеңін әртүрлі дыбыстардың арасында өткізеді. Сол дыбыстар арқылы баланың ойы, тілі, өрісі, танымы дами бастайды. Ғалым А.В.Петровский бала өмірінің жеті кезеңін көрсеткен: 1) Туғаннан 1-2 айға дейін – жаңа туған бала; 2) 1-2 айдан 1 жасқа дейін – нәресте; 3) 1-ден 3-ке дейін – ерте сәбилік шақ; 4) 3-тен 7 жасқа дейін – мектепке дейінгі балалық шақ; 5) 7-ден 11-125 жасқа дейін – бастауыш мектеп шағы; 6) 12-ден 14-15 жас аралығы – жеткіншектік кезең; 7) 14,5-17 жас аралығы – балаң жасөспірімдік. Ғалым баланың 1-3 жас аралығын ерте сәбилік кезең деп атаса, Ж.Қоянбаев бұл кезеңді сәбилік шақ деген. М.Қ.Бапаева Даму психологиясы атты еңбегінде балалық шақтың өзі төртке бөлінетіндігін айтқан: нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін), ерте балалық шақ кезеңі ( 1 жастан 3 жасқа дейін), мектепке дейінгі балалық шақ (3 жастан 6 жасқа дейін), бастауыш мектеп жасы (6 жастан 11-12 жасқа дейін) [1,124]. Ғалымдар жіктемесіне сүйене отырып, осы ғылыми зерттеу жұмысында аталған кезеңдегі баланың сөйлеу тілінің дамуын, оның сөздік қорын, сөйлеу үдерісінде кездесетін қателіктер, дыбыстық ерекшеліктер жайында тұжырымдар мен тілдік деректер көрсетіледі.

Бала 1-3 жас аралығында тілі шығып, тілдік қоры молайып, даму үстінде болады. Алғашқы кезде бала айналасындағы жақын адамдарына сұрақ қою арқылы өзіне ақпарат жинайды. Соның негізінде бала тілі дамып, сыртқа шыға бастайды. Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес (автономиялық) сөз деп атайды. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады [2,104] дейді Ж.Қ.Дүйсенова мен Қ.Н.Нығметова. Расымен бала тілі негізінде сөйлеу, есту мүшелеріне, ойлау, түйсіну қабілеттеріне тікелей байланысты. Артикуляциялық мүшелері сөйлеу үдерісіне дайын болуына дейін бірнеше кезеңнен өтеді. Сол себепті бала бірден естіген сөзін қайталай алмайды. Мысалы: баланың сәбилік кезеңнің алғашқы кезінде тамақ сөзін намақ деп т дауыссыз дыбыстың орнына н дыбысын қойып немесе алма сөзін ама деп қысқартып айтуы қателік болып саналмайды. Дегенмен, баланың психологиялық және физиологиялық даму қарқынына да назар аудару керек. Себебі көбіне ата-әжесімен коммуникацияға түсетін балалардың тілі тез дамиды, ал балабақшадағы өзі сияқты тілі енді шығып келе жатқан балалардың арасында жүрген сәбилердің тілі баяу шыға бастайды. Баланың ойлау қабілетін дамыту арқылы танымы кеңейе түседі. Таным деңгейі жоғары баланың тілі тез дамиды. Баланың танымы дамыса, онда тілі де дамиды [3,48] дейді ғалым С.Н.Цейтлин.

Бала үлкеннің сөзін қайталап айта бастаған кезінде көбіне фонетикалық қателіктерді жасайды. Сәби сабын сөзін шабын деп немесе шар сөзін сар деуі мүмкін. Баланың тіліндегі ауысып отыратын дыбыстар өте көп кездесіп жатады: р мен л (радио – ладио), р мен и (Айбатыр – Айбатыи), ж мен д (жоқ – доқ), т мен н (тамақ – намақ), б мен п(банан – панан), в мен б (автобус – абтобус) және т.б. Бұл қателіктердің негізінде артикуляция мәселесі жатыр.

Бала 1-3 жас аралығында әрбір естіген сөзін түйсініп, сыртқа шығарады. Яғни, бала белгілі бір негіздемеге сүйене отырып, сөзін ой жүйесінен шығарады. А.Леонтьевтің пікірінше, бала сөйлегенде алдын ала оны ой жиегінен өткізеді, сол ой дыбыс не сөз болып үдеріске айналады [4,165]. Мысалы: 2 жасар Бекболат есімді бала допты теп-теп деп атайды. Баланың допты теп-теп деп атауына тебу сөзі түрткі болып тұр. Бір жағынан бала қандай бір грамматикалық заңдылыққа немесе лексикалық уәжге сүйеніп айтып тұрған жоқ, себебі оның жасы небәрі екіде. Бірақ бала допты тебетінін түсініп тұр. К.И.Чукотский Ересектерде барлығы сатылымға дайын көйлектері бар дүкен сияқты. Ал балаларда енді өңделіп, тігіліп жатқан шеберхана секілді деген. Әрбір бала көптеген жаңа сөздерді, қолданыста бар сөздердің жаңа формасын құрастырып жатады. Әрине, ондай мысалдар күнделікті тұрмыста өте көп кездеседі. Бұндай құрылымды сөздердің негізінде уәж жатыр. Ж.Аймауытовтың Психология атты еңбегінде осы мәселе жайында айтылған. Жүре-жүре бала ішкі тілегін сыртқа шығару үшін дыбысқа еліктейді. Сиырды мө-ө, қойды – ма, мысықты – мияу, итті – ау-ау дейтін болады дейді ғалым [5,171]. Бұл тұста уәж мәселесіне тоқталмау мүмкін емес. Уәждеме - тіл арқылы аталған заттың немесе құбылыстың бір белгісінің көрінісі екені белгілі. Демек, бала естігенін дәл сол күйінде шығарады. Мысықтың мияулайтыны, сиырдың мөңірейтіні, қойдың маңырайтыны - бәріне белгілі әрекет. Бала құлағымен естігенін дыбыс не сөз күйінде сөйлеу әрекетінде қолданады.

1-3 жас аралығында бала тілінде кездесетін көптеген жаңа атаулар бар: доп – теп-теп (1,5 жас), шалбар – бұттық (3 жас), футбол – гол (2 жас), телефон – але (1,5 жас), теледидар – мутик (2 жас), мысық – нау (мияу) (1,5 жас), көкірек – тісте (3 жас), су – шай(1,5 жас), тамақ – ням-ням (1,5 жас), нан – ням-ням (1,5 жас). Келтірілген тілдік деректерге қарап, баланың қалыптастырған жаңа атауларының негіздемесі бар екендігіне көз жеткізуге болады. Әрбір ересек адам допты тебетінін, судың шай сияқты сұйықтық екендігін, мультфильмді теледидардан көретінін, мысықтың мияулайтынын, гол деген футбол ойының термині екендігін, телефонға келген қоңырауға алло деп жауап беретіндігін, шалбарды бұтқа (диалект сөз) киетіндігін біледі. Демек, бала уәжі бар, мағынасы мен қызметі сақталған, бірақ нормадан ауытқыған сөздерді қалыптастырады.

Сондай-ақ бала бір атаумен бірнеше нәрсені айтуы мүмкін. Мысалы, шайды да, шырынды да, суды да су деп атайды. Оның уәжі ішу екендігі белгілі.

Бала 1 жас пен 2 жас аралығында бірсөзді сөйлемді жиі қолданады. С.Н.Цейтлиннің пікірінше, баланың алғашқы сөздері – оның алғашқы ойы болады. Бұл – голофраза деп аталады [3,209]. Бұл сөз белгілі бір ойды беретін, жағдайды түсіндіретін құрылым. Ғалымның пікірін тілдік деректермен дәлелдеуге болады. Мысалы, бала автобусты көрсетіп абтобус дейді. Бұл сөздің негізінде әне, автобус немесе автобус келе жатыр (өтіп бара жатыр, тұр) сөйлемдері жатыр. Баланың сөздік қорынын аздығынан сөйлемді толық айта алмайды, бір сөзбен жеткізеді. Осылайша бала бір сөзбен бір сөйлемнің мағынасын түсіндіреді.

2 жас шамасындағы бала біртіндеп екісөзді сөйлем құрастыра бастайды. Ғалым С.Н.Цейтлин Язык и ребенок: Лингвистика детской речи атты ғылыми еңбегінде баланың сөйлеу үдерісінде қолданған сөйлемдерді бірсөзді, екісөзді, үшсөзді сөйлемдер деп қарастырған [3,210]. Бұл сөйлемдер - көбінесе субьект пен оның әрекеті (мамам келе жатыр), әрекет және обьект әрекеті (мама, берші) немесе әрекет және әрекет орны (кітап анда) [2,105] дейді Ж.Қ.Дүйсенова мен Қ.Н.Нығметовалар. Тіл білімінде бұндай сөйлемдерді екісөзді сөйлем деп атайды. Бұндай құрылымды сөйлемдерге қарап, бала тіліндегі алғашқы морфологиялық бірліктерді көруге болады. Кейіннен бала жасына сәйкес инсан мен предикат, нысан мен предикат арасындағы байланыс (септік, жіктік, тәуелдік жалғауларын) айқындала түседі.
Қорытынды.
Қорыта келе, 1-3 жас аралығындағы бала тілі нормаланған, жүйеленген әдеби тіл қатарында болмаса да, уәжі мен толық мағынасы бар құрылым екені тілдік фактілер арқылы дәлелденді. Жоғарыда айтылған тұжырымдардан бала тілі лингвистикасын зерттеудің өзектілігі көрінеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. М.Қ.Бапаева. Даму психологиясы. – Алматы, 2014.

2. Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова. Балалар психологиясы. – Алматы, 2012.

3. С.Н.Цейтлин. Язык и ребенок: Лингвистика детской речи. – Москва, 2000.

4. А.А. Леонтьев. Слово ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары жүйке әрекетінің топтары
Орта мектеп жасындағы дене дамуының ерекшеліктері
Жүйке жүйесінің анатомиясы
Мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық қасиеттерін дамыту ерекшеліктері
Балалар мүсінінің бұзылуы. Сколиоз
Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын нығайту
Үлгермейтін оқушылардың өзіндік типтері
Көру қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларының оқыту жағдайлары
Үлгермеуші балалардың педагогикалық - психологиялық аспектілері
Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері
Пәндер