Жануарлардың қоныс аудару



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Семестрлік жұмыс

Тақырып: 1930 жылдардағы қазақтардың шет елге қоныс аударуы, олардың трагедиялық тағдыры

Мамандық: Ғарыштық техника және технологиялар
Тобы: КТТк 211
Орындаған: Тулеутаев Нұргелді
Тексерген:Раджапов А.
2021ж
(бағасы) (қолы)

Алматы 2021ж

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.
Қазақтардың Қазақстан аумағынан тыс жерлерге қоныс аудару себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4-6
2.
Ресейдің ішкі губернияларындағы қазақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7-8
3.
Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу ерекшеліктері ... ...
8-12
4.
Түркменстан, Өзбекстан, Ауғанстандағы қазақтар ... ... ... ... ... ...
12-13

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
14

ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ...
15

КІРІСПЕ

Қоныс аудару, миграция (латынша mіgratіo - қоныс аудару, орын ауыстыру) - 1. демографияда - халықтың тұрғылықты мекенін, қонысын ауыстыруына байланысты көшіп-қонуы. Қоныс аудару халық өсуінің аса маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, ол халықтың жай ғана мекен ауыстыруы емес, әлеуметтік-экономикалық тұрмыстың сан алуан қырларын қозғайтын күрделі қоғамдық мәселе ретінде қаралады. Жерге қоныстану, жерді шаруашылық мақсатта игеру, өндіргіш күштерді дамыту, нәсілдердің, тілдердің, халықтардың құралуы, араласып-құраласуы сияқты мәселелер осы қоныс аударумен тығыз байланысты. Сыртқы (құрылық аралық және мемлекет аралық) және ішкі (мемлекет ішіндегі) қоныс аудару: аудан аралық қоныс аудару, халықтың ауылдық жерлерден қалаға көшіп-қонуы түрлеріне бөлінеді. Тұрақты (тұрақты не ұзақ мерзімге мекендеу үшін көшіп-қонуы) және уақытша, маусымдық (біршама қысқа мерзімге көшіп-қону) қоныс аударуы да мүмкін; қоныс Көші-қон; 2. биологияда - тіршілік ету ортасының өзгеруі немесе даму кезеңінің өзгерістеріне байланысты жануарлардың бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы. Балықтардың қоныс аударуын өрістеу деп атайды. Уылдырық шашу, қоректену және қыстап шығу үшін балықтардың белгілі маусымда, теңізден өзенге қарай, судың ағынына қарсы және теңіздердің ішкі жағынан жағалауға қарай жаппай жүзуін - анадромды қоныс аудару, ал кейбір балық түрлерінің уылдырық шашу үшін өзендерден теңізге қарай және теңіздердің жағалауынан ішкі жағына қарай өрістеуін - катадромды қоныс аудару деп атайды; Жануарлардың қоныс аудару; Құстардың қоныс аударуы.
Жаңа заманда қазақ халқының қалыптасу үрдісі Ресей, Қытай, Моңғолия мен Ауғанстанның және Орта Азия мемлекеттерінің аумақтарында одан әрі жалғаса берді. Егер олардың бір бөлігі ол жерлерде ежелгі замандардан тұрып келген болса, енді бір бөлігі жерін күштеп тартып алу, ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшырау және басқа саяси, әлеуметтік-экономикалық себептердің салдарынан сол елдерге барып қоныстануға мәжбүр болды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақтардың Қазақстан аумағынан тыс жерлерге қоныс аудару себептері

Жаңа заманда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатты. Олар бір бөлігі ирредента, ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредента деп өздерінің ежелгі атамекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады. Алайда өкінішке қарай, қазақтардың бірқатар жерлері шекаралардың өзгеруі, отаршыл басқыншылық сияқты оқиғалардың салдарынан басқа мемлекеттің құрамында болып шықты. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы болып табылады.
Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс аударуы ХІХ-XX ғасырлар шебінде жиі орын алды. Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүріп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді. Міне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің ежелден отырған, дәстүрлі көшіп-қонып жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.
Көптеген ұлт-азаттық көтерілістері аяусыз басып-жанышталғаннан кейін қазақтар басқа мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды. Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап Қытайға көшіп кетті.
Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер
18 ғ-дағы жоңғар-қазақ соғыстары, қазақтардың Ресей үстемдігіне қарсы 18 - 19 ғ-лардағы ұлт-азаттық көтерілістері мен соғыстары, патшалық билік барысында Қазақстанда Столыпиннің агр. саясаты, Орт. Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, елде кеңес өкіметінің орнауы және азамат соғысы, ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қатысты жүргізілген геноцидтік саясат. Шығыс Түркістандағы (Шыңжаңдағы) қазақтардың қытай өкімет орындарына қарсы ұлт-азаттық күресі, 2-дүниежүз. соғыс; экон. себептер: Ресейге қосылғаннан кейін және кеңестік ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанда шаруашылық жүргізудің дәстүрлі көшпелі жүйесінің күйреуі, 1960 - 1990 ж. Батыс Еуропа мен Америка елдеріне еңбек көші-қоны, кеңестік жүйе күйрегеннен кейін нарықтық қатынастарға көшу жағдайындағы өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасында орын алған уақытша тұрақсыздық; діни себептер: патшалық және кеңестік билік кезеңдерінде мұсылмандардың тауап ететін қасиетті жерлері болып саналатын Мекке мен Мединеғе діндарлардың хажылық сапармен баруының қиындауы, әсіресе, кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңдерінде дін басыларының: имам, қожа, молда, ишандардың, тақуа діндарлардың қуғынға ұшыратылуы, дін жолын ұстаушылардың, тіпті дінге сенушілердің қыспаққа алынуы.
Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны "ақтабан шұбырынды" кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. 1723 ж. солт.-шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңт.-батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру-тайпалары Ташкент маңында жасанды құрамалар түрінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған. Бүгінде құрамалар қазақ-өзбек арасында қалған ирредент-маргиналдар болып саналады. Олардың өмір тіршілігі аз зерттелген. Тамды аймағында, Мырзашөлде, Шыршық бойында қазақтар ежелден-ақ тұрып келген. Қ. д-ның әрі қарай кең жайылуына отаршылдық тікелей әсер етті. Алдымен, Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, сарытабан сүргін болған көшпенді қазақ тайпалары солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай жөңкіле көшкен. Отаршылдық тудырған үркіншілік кезеңі шамамен 1650 жылдан 1916 жылға дейін жалғасып келді. Қытай мен Моңғолияға қарай қазақ жұртының үркіншілігі, әсіресе, азамат соғысы жылдары кең өріс алды. Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай ақ гвардия шылар келгенде бір ығысса, қызыл әскерлер келгенде тағы жөңкілді. Алты жылға созылған (1916 - 21) ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында ата мекенінен 200 мың адам көшіп кеткен. Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары (1930 - 1934) 1,9 млн. қазақ шет жұртқа үдере көшті. Ирандағы қазақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші Сібірге барып паналағандар. Қазақстанның солт-нде қызылтабан болған қазақ жұрты екінші рет бас сауғалап Қытайға бет алған. Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып барған. Қазақстан дүниежүз. қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып отырған қазіргі жағдайда Қазақ диаспорасының, ҚР-мен біздің отандастарымыз мекендейтін елдердің өзара қатынастары мен байланыс мәселелері мемлекетаралық деңгейде өткір қойылып отыр. Қазақ диаспорасы біздің мемлекетіміздің қазақтар тұратын елдермен сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналды. Қазақстанда "Халықтың көші-қоны туралы заң" (1999) қабылданып, шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына - тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу ісі қолға алынды.
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы.Жаңа заманда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатты. Олар бір бөлігі ирредента, ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредента деп өздерінің ежелгі атамекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады. Алайда өкінішке қарай, қазақтардың бірқатар жерлері шекаралардың өзгеруі, отаршыл басқыншылық сияқты оқиғалардың салдарынан басқа мемлекеттің құрамында болып шықты. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы болып табылады.
Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс аударуы ХІХ-XX ғасырлар шебінде жиі орын алды. Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүріп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді. Міне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің ежелден отырған, дәстүрлі көшіп-қонып жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.
Көптеген ұлт-азаттық көтерілістері аяусыз басып-жанышталғаннан кейін қазақтар басқа мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды. Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап Қытайға көшіп кетті.
Көшудің басты бағыттары. Кеңес үкіметі қателіктерінің, Голощёкин геноциді салдарларының бірі -- қазақтардың республика аумағынан тыс жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болуы. Бұл қоныс аудару, негізінен, үш бағыт бойынша жүрді. Біріншісі -- Ресейге, екіншісі -- Қытайға, Үшіншісі -- Орталық Азия елдеріне. Ресей бағыты екі тармаққа бөлінеді:
а) солтүстік тармақ-Сібір өлкесі;
ә) батыс тармақ-Орынбор, Орта Еділ бойы. Бірінші бағыт бойынша, негізінен, Қазақстанның батыс, солтүстік аймақтарынан шыққандар; екінші бағыт бойынша шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарынан, ал Үшінші бағытқа оңтүстік облыстардан көшті. Ал орталық аймақтағылар шамаларының жеткенінше осы үш бағыттың қайсысы жақыңдау, қайсысына мүмкіндігі болса, соған қарай көшті. Өз жерін қасиет тұтып, өзгелерден қызғыштай көріп келген, ол үшін қанын да жанын да аямаған қазақтар енді тарыдай бытырап өзге елдерге көшті.
Жаппай аштық жылдары бір миллионнан астам қазақ республикадан тыс елдерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Олардың 616 мыңы қайтып оралған жоқ, ал 414 мыңы кейін өз еліне көшіп келді.
Бүгінгі таңда елі мен жері тәуелсіздік алған кезде шетелдерде жүрген қазақтардың атамекеніне қайта оралуға ұмтылуы заңды әрі аса маңызды құбылыс. Өйткені ұлан-байтақ жер шарыңда олардың тек бір-ақ Отаны бар, ол еркін өсіп-өнуге мүмкіндігі бар, рухани-мәдени даму ортасы қазақ жері, Қазақстан Республикасы. Олардың өз отанына көшіп келуіне мүмкіндік беріп, орналасуына жағдай жасау бүгінгі таңдағы ұрпақтың, Қазақстан халықтарының Голощёкиндік геноцидке берген жауабы, қадірлі борышы деп есептелгені жөн.

2. Ресейдің ішкі губернияларындағы қазақтар

Қазақтар Ресей империясымен шекаралас аймақтарда сонау ерте замандардан бері, Ресей отаршылдығы басталудан көп бұрын көшіп-қонып жүрген болатын. Кіші жүз қазақтары Еділ мен Жайық өзендерінің аралығын сонау XV -- XVII ғасырларда-ақ емін-еркін жайлап, көшіп-қонып жүрді. XVIII ғасырда қазақтардың едәуір бөлігінің Оңтүстік Оралда башқұрттармен аралас көшіп-қонып жүргені де белгілі. Башқұрттар мен қазақтар көп жағдайда ауылы аралас, қойы қоралас бірге көшіпқонып, жайылымды бірге пайдаланып келді. Қазақтар мен башқұрттардың төскейде малы, төсекте басы қосылып, құда-жекжат болып туысып кеткен тұстары да аз емес. Олар жиын-тойлар мен үлкен астарда ат жарысын, балуан күресін ұйымдастырып, талай қызықты күндерді бірге өткізген болатын.
XVIII ғасырдың 30 -- 40-жылдарында Орынбор өлкесіндегі шекара шебінде әскери бекіністер салу үрдісі қызу қарқын алғанын білеміз. Қазақ халқы өздерінің бұрыннан отырған ата қоныс жерлерінен кең-байтақ даланың ішкі жағына қарай бірте-бірте ығыстырыла түсті. XVIII ғасырдың 30 -- 80-жылдары арасында қазақтар Жайықтың оң жағалауындағы өздерінің дәстүрлі мал жайылымдарын қайтарып алу үшін талай рет әрекет жасап та көрді. Бірақ одан еш нәтиже шығара алған жоқ. Ұзақ жылдар бойы күш-жігер жұмсай отырып, 1782 жылы сенімді деген көшпелі Кіші жүз қазақтарының бір бөліп ғана қыс кезінде уақытша көшіп барып, бұрынғы жерлерін қыстап шығуға рұқсат алды.
1801 жылы Кіші жүз қазақтарының бір бөлігіне Жайықтың он жағалауында қайта көшіп баруға ресми түрде рұқсат берілді. Мұнын өзі Ішкі Орданың (Бөкей хандығының) құрылуына алып келді.
1810 -- 1822 және 1835 жылдары патша үкіметі Жаңаелек және Жаңашекара шебі аудандарын Кіші жүз қазақтарының пайдалануынан тартып алды. Сөйтіп қазақтар 4 миллион десятинаға жуық ен құнарлы жерінен айырылып қалды. Кейін ол аудандар Орынбор губерниясының құрамына өтіп кетті.
1897 жылғы Жалпыресейлік халық санағының деректері бойынша Астрахан губерниясында - 42,6 мың, Самара губерниясында - 7,4 мың, Орынбор губерниясында - 3,9 мың қазақ тұрған болатын. Астрахан губерниясына қарасты Ішкі Ордадағы қазақтардың саны 207,3 мыңға жетті. Қазақтардың аздаған бөлігі Пермь, Уфа, Саратов сияқты басқа бірқатар губернияларда қоныстанды.
Қазақтар Батыс Сібірдің оңтүстік аумағында ежелден көшіп-конып жүрді. XV ғасыр мен XVII ғасырдың бас кезінде бұл аймақты қазақтардың қыпшақ, жалайыр, арғын, керей және уақ сияқты тайпалық бірлестіктері мекендеді. Оларды Батыс Сібірдің оңтүстік жағындағы аймақтан XVII-XVIII ғасырларда көшпелі жоңғарлар (ойраттар) бірте-бірте ығыстырып шығарған болатын.
1752 -- 1755 жылдары Орта жүздің солтүстік аймақтарының жерлерінде Жаңашекара ауданы күрылды. Соның салдарынан қазақтардың солтүстіктегі шекарасы оңтүстікке қарай 200 шақырымдай жылжытылды. Ол жерлердегі қазақтар күшпен көшірілді. Қайта-қайта үздіксіз өтініш жасаудың нәтижесінде 1771 жылы Орта жүз қазақтары Тобыл және Томск губернияларымен шекаралас аймақтарға уақытша көшіп-қонуға рұқсат алды. Соның өзінде тек ерекше сенімді, шын пейілдерімен берілген қазақтар ғана аманат беру және жерге жалақы төлеу арқылы орналаса алды.
Патшаның 1788 және 1789 жылдары шыққан жарлықтары бойынша Ертіс бойындағы қазақтардың бір бөлігіне өзеннің оң жақ бетінде мәңгі көшіп-қонып жүруге рұқсат етілді. Сібір шекара шебінің ішкі жағындағы бос жатқан жерлерді пайдалану мүмкіндігі туды. Қазақтарға алдын ала бірнеше шарт қойылатыны ескертілді: біріншіден, қазақтардың көші-қоны қазыналық елді мекендерге 40 шақырымнан жақындамауы тиіс, екіншіден, олар шекара шебінен асып, 30 шақырым ұзап кетпеуі керек.
Томск және Тобыл губернияларының аумағында көшіп-қонып жүрген қазақтарға 1880 жылы Құлынды даласынан көлемі бір миллионға жуық десятина келетін қосымша жер бөлінді. Қазақтар ол үшін орыс шаруалары сияқты мемлекетке жылына 6 сомнан салық төлеп тұруға міндетті болды.
1911 жылғы есеп бойынша, Томск губерниясында 29 мың, Тобыл губерниясында 9 мың қазақ тұрған. Қазақтардың шағын бір бөлігі Иркутск, Забайкалье және Якут облыстарында да тұрды. Олардың едәуір басым бөлігі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысты. Бірқатары орыс шаруалары мен қазақтардың жалдамалы қызметкері және бақташысы болып жұмыс істеді.
Ресейде туып-өскен, белгілі қоғам қайраткерлері дәрежесіне дейін көтерілген қазақ азаматтарының қатарына Қошке (Қошмұхамбет) Кемеңгеров, Асылбек, Мұсылманбек және Мұратбек Сейітовтер, Әміре Исин, Мұқан Әйтпенов және басқалары болды.

3. Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу ерекшеліктері

Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасуы XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ-жоңғар соғысына тікелей байланысты болды. Жоңғарлардың басқыншылық шабуылы барысында қазақтар Жетісу, Тарбағатай аймақтарындағы шұрайлы жайылымдарының едәуір бөлігінен айырылып қалды. Мұның өзі ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының бұрыннан дәстүрлі қалыптасқан көші-қон бағыттарының бұзылуына соқтырды.
Қытай-жоңғар және қазақ-жоңғар соғыстарының барысында Жоңғар мемлекеті тарих сахнасынан кетті. Қазақтар өздерінің байырғы дәстүрлі мал жайылымы жерлерін қайтарып алуға тырысты. Бірақ жоңғарлардың көзін жойған негізгі жеңімпаз ретінде қытай үкіметі қазақтардың ондай талабын қабыл алмады. Жоңғар хандығының орнына Қытайда Синьцзянь атты аймақ құрылды. Онда бекініс-қамал түріндегі қалалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың кеңістіктегі тіршілік ету қабілеттілігі
Жануарлар әлемі
Конвенция туралы
Жануарлар әлеміне саяхат
Ырғыз - Торғай резерваты
Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру жайлы
Ырғыз - Торғай қорығының өсімдік жамылғысы
Броконьерлікке, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру
Мекен ортасына бейімділігі
Аңшылық жануарларды алқаптарда орналастыру
Пәндер