Бауыржан Момышұлының өмірбаяны


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

C:\Users\Админ\Desktop\bm.png

Реферат

Тақырыбы: Б. Момышұлы жауынгер-жазушы.

Орындаған: Нурмагамбетова А

МНО 21-114-10

1. Бауыржан Момышұлының өмірбаяны

2. Әскери өмірі мен соғыс жылдары.

3. Бауыржан Момышұлының шендері мен марапаттары.

4. Соғыстан кейінгі жылдардағы Бауыржан Момышұлы.

5. Бауыржан Момышұлының әдебиетке араласуы.

Бауыржан Момышұлы - Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ (Көлбастау) ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келді. Балалық шағының он үш жылын өзінің кіндік қаны тамған ауылында өткізіп, одан кейін кеңестік дәуіріндегі интернатта тәрбие алады. 1929 жылы «Әулие Ата» тоғыз жылдық мектебін бітіреді. Мектепті тәмамдаған соң шалғай аудандардың біріндегі ауылға (Бетпақдала) мұғалім болып барады. Коллективтендіру кезеңінде кеңестік мекемелерде қызмет етеді. 1932 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында мансапты қызмет атқарады. Кейін әскерге шақырту алады.

1932 жылы әскерге шақырылғаннан кейін Отан алдындағы борышын өтейді. Әскери дайындық кезінде білім алып, мергендік өнерге машықтанады. 1933 жылы полктық мектепті бітіреді. 1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады. Одан кейінгі уақыттарында білімін жетілдіріп (Ленинградтың қаржы академиясында қысқа мерзімдік курстан өтеді), банк саласында қызмет етеді.

1936 жылы Қызыл Армия қатарына командир ретінде қайта шақырылып әскери қызметтер атқарады. Ол ортаазиялық әскери округтың 315-ші атқыштар полкына командир болып тағайындалады. Бір жылдан кейін оның полкы ерекше Қызылтулы Қиыр Шығыс Армиясының бөліміне қосылады. Ал Бауыржан жарты ротаның командирі болады.

Ұлы Отан Соғысының басталмай тұрғаны кезінде Бауыржан Момышұлы 105-ші атқыштар дивизиясының қарамағындағы артиллериялық атқыштар бөлімшесінің командирі қызметінде болады. Алайда, 1941 жылдың қаңтарында тәжірибелі сардар Алматыға қайтарылады. Сол жылдың жаз айларынан бастап жаңадан құрылған 316-шы атқыштар дивизиясының штабына Қазақстан мен Қырғызстан елінен сарбаздары жинай бастайды. Бауыржан қайта жасақталған дивизияның 1073-ші атқыштар полкының атқыштар батальонына командир болып тағайындалды. Ары қарай қайнаған соғыс майданы басталып кетеді.

Ержүрек сардардың батырлығын танытқан майдандар аз емес. Солардың ең ерекшесі 1941 жылдың күзінен басталған Мәскеуді қорғау шайқасы болатын. Ол кезде ол 19-шы гвардиялық атқыштар полкына командир болады. Оның полкы жұдырықтай жұмылып, фашистерді Мәскеуге қарай жібермейді. Жасаған ерлігі мен батырлығы үшін, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарғаны үшін, шешуші кездерде жылдам түрде нақты шешім қабылдай білгені үшін ол Ленин Орденімен марапатталады. Мәскеуді қорғау майданының Крюкова шайқастарында жарақат алып, біраз уақыт госпитальда жатады.

1945 жылдың ақпаны мен наурызында Латвия жеріндегі Приекуле станциясы маңында болған шайқаста ол басқарған дивизияның солдаттары қарсыластарының қорғаныс шебін тасталқан етеді. Сондай-ақ, ұрыстың нәтижесінде 15 елді-мекен жаудан азат етіліп, жаудың әскеріне солдаттар жағынан және әскери техника жағынан үлкен шығын келтіреді.

1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады. Ал сегіз айдан соң полковник шеніне көтеріледі.

1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы фронтының 6-шы гвардиялық әскерінің 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады.

Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту ордені мен (2 рет) », «Ленин», «Отан Соғысы» ордендерімен, «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» орден және медальдарымен марапатталған. 1990 жылы 11-желтоқсанда Кеңес Одағы құламай тұрып ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен «Бауыржан Момышұлына Ұлы Отан Соғысындағы ерліктері үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағын беру туралы» жарлық шықты. Негізінде, Бауыржан Момышұлына бұл атақты беру жайлы 1942 жылы Мәскеу түбіндегі ұрыстардан кейін ұсыныс жасалынған болатын. Алайда, ол ұсыныс ол кезде көздеген мақсатына жете алмады.

Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады.

Бауыржан Момышұлы әдебиетке ерекшелікпен келген екен. Оқырман қауым батырды алдымен шығармалардың авторы ретінде емес, шығармадағы ержүрек кейіпкер ретінде таныды. Дәлірек айтар болсақ, Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» («Волоколамское шоссе») повесті арқылы танылған болатын. Повестің басты кейіпкері панфиловшы офицер, мәскеуді қорғауға қатысқан батыр - Бауыржан Момышұлы. А. Бек бұл еңбегін батырдың әңгімелері мен еске түсірулерінің желісімен жазған болатын.

Бауыржан Момышұлы - «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Москва үшін шайқас» әңгімелерінің, генерал И. В. Панфилов туралы «Біздің генерал» өмірбаяндық повестер мен әңгімелер жинағы кітабының авторы. «Біздің отбасы» туындысы үшін 1976 жылы «Кубалық кездесулер» атты очерктік шығармасын жазды. «Москва үшін шайқас» шығармасы А. Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасының жалғасы болып табылады.

Ел аузындағы әңгімелер Б. Момышұлының мінезінің тік болғандығын айтады. Ол кісі өте қайсар болған. Шындықты жаны сүйетін, өтірікшілер мен қорқақтарды жек көретін ержүрек адам болды. Оның бойындағы қазақы қасиеттер молынан болды. «Момышұлы» деген тегінің өзі үлкен бір қайсарлықтың арқасында солай аталды. Кеңес заманында қазақтың тегіне шектеу қойып, -ев немесе -ева деген жалғауларды жалғатып қойған шақта Бауыржан Момышұлының қайсарлығы ғана өзінің қалаған тегін алып жүруге мүмкіндік берді.

Бауыржан батыр шындықты жақсы көретін адам болған. Онымен бірге болған әріптестері Бауыржанның шындықты сүйгіштігін аңыз қылып айтады.

Б. Момышұлы А. Бектің «Волоколамск тас жолы» повесті жазылған кезде басты кейіпкер болады. Оның әңгімедері мен еске түсірген оқиғаларын қағазға түсірген Бек болған шайқастар мен оқиғаларды қатты әсерлеп, тіпті, Кеңес әскерінің жеңіліске ұшыраған кездерін жазбай қойса керек. Сөйтіп қолжазбасын Б. Момышұлына оқытады. Оқып болған соң, А. Бекпен болған келесі бір әңгімесінде оның жазғандарының кей жері шындыққа жанаспайтындығын және шындықты шындық етіп жазу керек екендігін айтады.

Отан соғысының ардагері Алексей Абрамов Момышұлы жайлы былай дейді: Тарихқа Клочковтың «Ресей ұлан - ғайыр, артымызда Мәскеу, шегінерге жер жоқ» деген сөзі кірген. Осындай ұлы сөзді Бауыржан Момышұлы айтқан. Ол алдында жатқан картаны өртеп жіберіп, «Бізге Мәскеуден ары батысқа қарай карта керек емес, не жаудың бетін қайтарамыз, не осы жерде өлеміз» деген. Бұл Ұлы жауынгерлердің қасиетті сөзі.

Батырдың нақыл сөздері:

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

Таяқтан тайсалмасаң,

Семсерден сескенбесең,

Жеңдім дей бер . . .

Қарабет болып қашқанша,

Қайрат көрсетіп өлген артық.

Ептілік те - ерлік.

Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.

Қой бастаған арыстан тобынан арыстан бастаған қой тобы артық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлы шығармашылығы және қазақ әдебиетімен байланысы
Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері
Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында
Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетіндегі балаларға арналған шығармалары
Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға
Бауыржан Момышұлының өмIрI мен шығармашылық жолы
Бауыржан Момышұлы - халық қаһарманы
Бауыржан Момышұлының әдеби мұралары
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982)
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz