Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің танылуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС тақырыбы: «Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің танылуы» РЕФЕРАТ Дипломдық жұмыстың көлемі: 75 бет, 47 дереккөз қолданылған. ҰЛТТЫҚ ТІЛ БІЛІМІ ҚАЛЫПТАСА БАСТАҒАН КЕЗЕҢДЕГІ СЫН ЕСІМНІҢ ТАНЫЛУЫ Мақсаты: - ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезеңдегі сын есімнің зерттелу ерекшелігін көрсету; - сын есімнің жеке сөз табы ретінде танылуының ерекшелігін айқындау; - сын есім туралы зерттеулер жүргізген ғалымдардың еңбектерін, ұстанымдарды талдау; - ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезеңдегі сын есімнің зерттелуін ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі зерттеушілердің ұстанымдарымен салыстыра талдау; - ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезеңдегі сын есімнің зерттелуін бүгінгі таңдағы зерттеулермен салыстырып, ұстанымдарын нақтылау; - ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезеңдегі сын есімнің зерттелуінің ерекшеліктерін, ұстанымдарын, бағыттарды көрсету. Объект - сын есім. Пән - морфология. Нәтижелері: - ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған және қазіргі кезеңдегі сын есімнің зерттелуіндегі ерекшеліктерге назар аударылды; - Мағыналары, мән-маңызы, функциясы айқындалып, тіл біліміндегі орнына талдау жасалды; - Сын есім мен оның шырай категориясының қазақ тілінің грамматикасының айтарлықтай бөлігін құрайтындығы анықталды. - Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің танылуы айқындалды.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . 3

1 СЫН ЕСІМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ . . . 6

1. 1. Сын есімнің дүниетанымдық және лингвистикалық сипаты . . . 6

1. 2. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде сын есімді зерттеген ғалымдар, ұстанымдары, ерекшелігі . . . 21

2 ҰЛТТЫҚ ТІЛ БІЛІМІ ҚАЛЫПТАСА БАСТАҒАН КЕЗЕҢДЕГІ СЫН ЕСІМНІҢ ТАНЫЛУЫ . . . 34

2. 1. Сын есімді танып-танытудағы кейінгі ұстанымдармен сабақтастығы . . . 34

2. 2. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған зерттеушілердің ұстанымдарының инновациялық парадигмалармен сәйкестігі . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ . . . 71

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ тіл біліміндегі сын есім арнайы сөз табы ретінде өткен ғасырдың ХХ жылдарынан бастап зерттеліп, танытыла бастады. Оған дейін көбінесе орыс, татар ұлтынан шыққан түркітанушы ғалымдар түркі тілдеріндегі сын есім категориясын түркі тілдері грамматикасына қатысты еңбектерінің арасына қосып, зерделеп, оның жеке сөз табы бола алатын мүмкіндігі мен бұған қатысты түйткілдерді де ашық айтып көрсеткен болатын. Мәселен, М. Казем-бек түркі-татар тілдерінің грамматикасына арналған еңбегінде сын есімге қатысты көптеген мысалдар келтіріп, олардың грамматика саласында алатын орнына қатысты ғылыми тұжырымдарын жеткізді. Казем-бек өзінің еңбегінде сын есімнің шырайларына да тоқталып, оларды жай шырай, салыстырмалы шырай мен күшейтпелі шырай деп көрсетті. Казем-бектен кейін түркі тілдеріндегі сөз таптары мәселесі А. Н. Кононов, Н. К. Дмитриев, И. А. Батманов т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды. И. А. Батманов сын есімнің кейде заттанып, зат есімнің функциясын да атқара алатынын ескерте отырып, оның дербес сөз табы бола алатындығын көрсетті. Ал профессор А. Н. Кононов болса, түркі тілдес халықтардың көбісінде кездесетін «-рақ» жұрнағының қазіргі Түркияда тіршілік ететін түрік халқының тілдік жүйесінде кездеспейтіндігін тілге тиек ете отырып, түркі тілдерінде сын есім жоқ деген көзқарас білдірген еді. Сын есімнің «-рақ», «-рек» жұрнағы М. Казем-бектің еңбегінде де басым түрде қозғалған. Дегенмен бұған қарап, түркі тілдерінде оның ішінде қазақ, өзбек, қырғыз тілдерінде сын есім категориясы жеке сөз табы бола алмайды деу қисынға келмейтін еді.

ХХ ғасырдың басында қазақ халқының арасынан тілдің дыбыс жүйесін, грамматикасын зерттеп, арнайы зерттеу тақырыбына айналдырған ғалымдар шыға бастады. Олардың басында ұлт ұстазы атанған, қазақ тілтану саласы мен әдебиеттану ғылымының негізін салған Ахмет Байтұрсынұлы тұратыны сөзсіз. А. Байтұрсынұлы өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары сан мәрте басылып, қазақ халқының сауатын ашу мақсатына қызмет еткен «Тіл-құрал» деген маңызды еңбегінде сын есім мәселесін арнайы зерделеген. Ол сын есімнің екіге, тек сыны, сыр сыны деп бөлінетіндігін көрсетеді. Бұл қазіргі қазақ тіліндегі сапалық сын есім, қатыстық сын есім деп жүйелеуге жақын келеді. Ғалым сын есім жайлы мәліметтерді бергеннен кейін оқушылардың оны ұғынып, меңгеруіне жол ашу үшін арнайы тапсырмалар береді. Сонымен қатар А. Байтұрсынұлы сын есім тудыратын жұрнақтардың қызметіне арнайы тоқталып, оларды мысалдармен жазып көрсетеді. Оның еңбегінде көрсетілген кейбір мәселелер ескіргеніне қарамастан, бұл кітап ХХ ғасырдың басындағы қазақ тілінің зерттелу, таныстырылу деңгейін көрсетуде үлкен маңызға ие. Сонымен қатар А. Байтұрсынұлы қалыптастырып орнықтырған тіл біліміне қатысты терминдердің әлі күнге дейін қолданыста болуы оның еңбегінің өлшеусіз екендігіне айғақ бола алады. А. Байтұрсынұлымен қатар бұл салада Қ. Жұбанұлы да барынша қызмет етті. Қ. Жұбанұлының «Қазақ тілінің грамматикасы» деген кітабында сын есім туралы да кеңінен сөз болған. Қ. Жұбанұлы сын есімнің заттану құбылысына да назар аударады. Оған сәйкес, көптеген есім сөздер жіктелу, септелу, тәуелдену мен көптелу барысында заттанып кетеді. Бұл тұрғыдан Қ. Жұбанұлының да, А. Байтұрсынұлының да ойлары бір жерден шыққан. Қ. Жұбанұлы сын есімнің заттану үдерісінің көбінесе ауызекі стильге, жыраулар поэзиясына, мақал-мәтелдерге, яғни поэтикалық тілге тән болып келетіндігін алға тартады. Әрине, ғалым кейбір мәселеде А. Байтұрсынұлының сын есімді классификациялануына қатысты сындарын айтады, бірақ бұл сынның қазақ тілінің дамуын көздеген шынайы жанашырдың сыны екендігі байқалады. Қ. Жұбанұлы сын есім мен зат есімді айыру мәселесінде тек А. Байтұрсынұлын ғана емес, Т. Шонанұлын да сынаған болатын. Т. Шонанұлы өткен ғасырдың басында Алаш қайраткерлерімен қосылып, жаппай сауат ашу ісіне белсенді қатысқан ағартушы. Ол негізінен қазақ тілін үйретудің, оқытудың әдістемесіне қатысты еңбектер жазған. Бұлар, атап айтқанда, «Үлкендер үшін қазақ тілінің оқулығы», «Қазақ тілі. Грамматика мен емле», «Жаңалық (әліппе) », «Жаңалыққа жетекші», «Емле мен оқу» және «Үлкендер үшін қазақ тілінің оқұулығы» әдістемелік оқу құралдарынан тұрады. Әсіресе оның қазақ тілінің емлесіне байланысты іргелі ойларын айта отырып, сын есімнің мәселесін де қозғауы бүгінгі қазақ тілінің стилистикасы үшін де қажетті. Мәселен, оның «-лық», «-лік», «-дық», «-дік» қосымшаларының көбінесе басы артық екендігін ескерте келіп, оны тезірек шешіп алу керектігін ескертуі қазіргі кезде баспасөз бен іс-қағаздары стиліндегі осыған қатысты қателіктерді сараптауға оң әсерін тигізетіндігі даусыз. Өкінішке орай, Кеңес өкіметінің қанқұйлы саясатының кесірінен осы ең маңызды үш тілтанушы ғалым құрбан болып кеткендіктен, олардың көтерген өзекті мәселелері әрі қарай жалғасын таппай қалды. Бірақ 1930-1980 жылдардағы қазақ тіл білімі саласында еңбек еткен Ғ. Мұсабаев, С. Исаев, А. Ысқақов сияқты ғалымдар сын есімнің жеке сөз табы ретінде қалыптасуына, олардың сөйлем мүшесі ретінде атқаратын қызметіне, өзара жіктелуіне назар аударып, көлемді монографиялар мен диссертациялардың арқауына айналдырды. Ғ. Мұсабаевтың «сын есімді негізгі сөз табы» деп көрсетіп, оны ең бастауынан бастап зерделеуі сын есім саласында ғылыми тұжырымдардың қалыптасуына ықпал етті. Ғалым сын есім мен оның шырайлары мәселесінде тұшымды ойлар айта білді. Дәл сол сияқты С. Исаев та «Қазақ тілі» деген еңбегінде сын есімді басқа сөз таптарынан ерекшелеп тұрған алты түрлі қасиетін көрсетеді. Оның құрамы жағынан негізгі және туынды болып екіге бөлінетіндігін келтіреді. Профессор А. Ысқақов өзінің зерттеуінде сын есімнің шырайларына назар аудара отырып, олардың жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай түрінде төртке бөлінетіндігін айтқан болатын. Ол шырай жұрнақтарының бірінің үстіне бірінің жалғанып келе беретіндігін дағдылы құбылыс деп есептейді.

Аталмыш ғалымдардан басқа Кеңес кезеңінде Ж. Шәкенов, Ә. Төлеуов, М. Томановтар қазақ тілінің тарихи грамматикасы құрамындағы сын есімнің орны мен маңызын көрсетуге айрықша еңбек сіңірді. Ж. Шәкенов «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім» категориясы деген еңбегінде сын есімнің синтаксистік, яғни сөйлем мүшесі ретіндегі функциясын талдап көрсетеді, шырайларын жіктейді. Ал М. Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» атты екі томдық зерттеуінде көне түркі тілдерінің құрамындағы сын есім категориясының көрінісін пайымдайды.

Ұлттық тіл білімі қалыптасқаннан кейін қазақ тіліндегі сын есім жаңа биікке көтеріліп, бұл салада бірқатар зерттеулер жасалды. Осының өзі қазақ тілінде сөз таптарын зерттеу, оның ішінде сын есімді зерделеу және таныту мәселесінің маңызды орын алатындығын дәлелдейді.

Жұмыстың өзектілігі. Кез келген тілдің грамматикалық категорияларының ішінде сөз таптары айрықша мәнге ие. Олардың бір-бірінен ажыратылуы, функциясы, қосымшалар жалғанған кездегі өзгеріске ұшырауы, сөзжасам үдерісіне қатысуы көптеген зерттеулер нысанына айналған. Ал сөз таптарының ішінде сын есімнің үлесі үлкен екендігін ешкім де жоққа шығара алмайды. Сын есімнің негізгі және туынды түрлерін, сапалық және қатыстық сын есімді анықтап, сөз тудыратын қосымшаларын айқындау тіл байлығын арттыра түсетін айғақ бола алады. Қазақ тіл білімінде сын есім ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейін зерделеніп, бағаланып, танытылып қойған еді. ХХ ғасыр басындағы қазақ тілтанушы ғалымдары сын есімді оқу-ағарту саласымен байланыстыра отырып зерттесе, бұл үрдіс Кеңестік кезеңде ғылыми сипат алды. Ғ. Мұсабаев, Ж. Шәкенов сын есімді дербес сөз табы тұрғысынан бірінші рет толық зерттесе, А. Ысқақов, Ә. Төлеуов сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтарын арнайы қарастырып, оның түрлі жасалу үлгілерін көрсеткен. Түркітанымнан А. Казем-бек, Н. К. Дмитриев сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтарын арнайы қарастырып, оның түрлі жасалу үлгілерін көрсеткен. Біздің жұмысымыз олардың сын есімге қатысты көзқарастарына, ғылыми тұжырымдарына назар аударатындықтан, өзекті сипатқа ие.

Зерттеу жұмысының мақсаты - ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі сын есімнің зерттелу ерекшелігін көрсету.

Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер көзделді:

  • сын есімнің жеке сөз табы ретінде танылуының ерекшелігін айқындау
  • сын есім туралы зерттеулер жүргізген ғалымдардың еңбектерін, ұстанымдарды талдау
  • ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің зерттелуін ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі зерттеушілердің ұстанымдарымен салыстыра талдау.
  • ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің зерттелуін бүгінгі таңдағы зерттеулермен салыстырып, ұстанымдарын нақтылау
  • ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің зерттелуінің ерекшеліктерін, ұстанымдарын, бағыттарды көрсету

Зерттеу нысаны. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің грамматикалық категория ретінде орнығуы, зерттелуі-зерделенуі және танытылуы. Сын есімді жеке сөз табы ретінде қарастырған ғалымдардың көзқарастары мен пікірлері.

Зерттеу дереккөздері. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің танытылуы мәселесінде зерттеулер жүргізген М. Казем-Бек, А. Н. Кононов, Н. К. Дмитриев, И. А. Батманов, П. М. Мелиоранский, Н. И. Ильминский, Н. П. Дыренкованың т. б. түркологтар мен Ғ. Мұсабаев, С. Исаев, А. Ысқақов, Қ. Өмірәлиев, М. Томанов, Ә. Төлеуов, Ә. Болғанбаев, Ж. Шәкенов сынды қазақ тілінің грамматикасы саласында өнімді еңбек еткен ғалымдардың еңбектері, мақалалары, зерттеулері, монографиялары.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

  • Қазақ тіл білімі саласындағы сын есімге қатысты А. Байтұрсынұлы, Е. Омаров, Қ. Кемеңгерұлы, Қ. Жұбанұлы, Т. Шонанұлы сынды ғалымдардың сын есімге қатысты ұстанымдары айқындалды.
  • Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі зерттеушілердің сын есімді тануға қатысты ұстанымдары өздеріне дейінгі және кейінгі ғалымдардың еңбектерімен салыстырылып, өзіндік ерекшеліктері көрсетілді.
  • ХХ ғасыр басындағы зерттеушілердің сын есімді танып-танытудағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары көрсетілді.
  • Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімді зерттеген ғалымдардың ғылыми тұжырымдары ұлттық танымға негізделгені айқындалды.
  • Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі зерттеушілердің ұстанымдары мен қазіргі қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен салыстырылып, сабақтастығы көрсетілді.
  • Қазақ тіл білімінде сын есімді танып-танытуға байланысты түрлі ұстаным, бағыттар қалыптасқаны айқындалды.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздері. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі тілтанушы ғалымдардың еңбектеріндегі ой-пікірлер мен тұжырымдар құрайды. Зерттеудің теориялық қағидаттары мен түйіндерін беруде қазақ ғалымдары А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанұлы, Т. Шонанұлы, Ғ. Мұсабаев, С. Исаев, А. Ысқақов, Ж. Шәкенов т. б. қазақ ғалымдарының теориялық пікірлері басшылыққа алынды. Бұл жұмыстың методологиялық негізіне келсек, «Қазақ тілінің грамматикасы», «Қазақ тіліндегі сөз таптары» арнайы курстарында оқытуға болады.

Зерттеу әдісі. Дипломдық зерттеудің әдіснамалық негізін анализ, синтез, құжат талдау, шолу, әдебиеттер бойынша зерделеу, салыстыру, жинақтау сияқты әдіс-тәсілдер құрайды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі 75 бетті құрайды.

1 СЫН ЕСІМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

1. 1. Сын есімнің дүниетанымдық және лингвистикалық сипаты

Қазақ тілінде сапа - іргелі, негізгі концептілердің бірі, заттар әлемін танудағы негізгі ұғым болып табылады. Бұл сапа концептінің грамматикалық объективтенуінен де байқалады. Сапалық белгіні білдіретін сөздердің грамматикалық топтарын сын есім категориясының түзілуіне негіз болады.

Сын есімдер арқылы адам бейнесін сипаттауда адамның өзін қалай танитынын көрінеді. Сын есімдер заттың, болмыстың сапасын білдірумен қатар сапаның түрлі белгілерін нақтылай түседі. Сын есімдерде халықтың белгілі бір қауымдастықтың көп ғасырлық тәжірибесі болып табылады. Қазақ тілінде сын есімдер грамматикалық көрсеткіші бар, ерекше парадигма түзген дербес грамматикалық топ ретінде қалыптасты. Қазақ тілінде сын есімдер ертеден қалыптасқан грамматикалық қатарына жатады, заттардың белгілерін (сапалық, қатыстық сын есімдер арқылы) көрсете отырып, зат есімдерді айқындайтын сөздер тобы ерекше категория ретінде қалыптасады. Ол зат есімдерді айқындай отырып, жиі қолданылумен және көптілігімен ерекшеленеді.

Сын есімдер арқылы адам бейнесі айқын көрінеді. Тілдің антропоөзектік ұстанымы сын есімдердің лексика-семантикалық жүйесінде айқын көрініс тапқан. Адамның тілдік бейнесі сыртқы (анатомиялық) және ішкі (интеллектуалды, адамгершілік, ментальді, эмоционалды) параметрлері бойынша айқындалады. Адам бейнесі көбінесе ішкі (ментальді) сипатына негізделеді. Қазақ ғаламының тілдік бейнесінде адам сыртқы және ішкі қырларымен тұтастықта (ұлты, жасы, әдеті, мінезі) сипатталады. Ғаламның тілдік бейнесінің көрсеткіші ретінде сын есімнің ерекшелігін зерттеу арқылы адамның ақиқат болмысты тану ерекшеліктері көрінеді, тілдік таңбада көрініс тапқан ғалам бейнесінің санадағы көрінісі байқалады. Сын есімдер адамдардың когнитивті тәжірибесінде ерекше мәнге ие, себебі ол тілдік санада шынайы болмыстың атрибутивті «портретін» қалыптастырады. Сын есім семантикасы «сапа» концептінде көрініс табатын белгілер жиынтығы ретінде әлем туралы білімдердің көрінісі болып табылады; онсыз адам затты тани алмайды, яғни заттың белгілерін, ерекшелігін анықтай алмайды. Сын есімдер сөйлесімнің мәні ғана емес, сонымен қатар әлемді танып-түсінудің де негізі болып табылады. Заттың белгісін білдіретін сөз табы ретінде сын есімді когнитивті тұрғыдан сипаттап, семантикалық және ерекшеліктерін айқындау арқылы «сапа» концептінің өзіндік сипаты айқындалады.

Әлем этномәдени ерекшеліктерге байланысты түрліше танылып, түрліше сипатталады. Қазақ ғаламының тілдік бейнесінің өзіндік ерекшелігін түзіп, осы категория арқылы берілетін болмыс қазақ дүниетанымындағы орнын көрсетеді. Сол себепті сын есімдердің тілдің грамматикалық құрылымдағы орны ерекше. Қазақ тіліндегі сын есімдер ғаламның тілдік бейнесінде «сапа» белгісін білдіреді. Сын есімдерде белгілі бір зат туралы ақпарат берілумен қатар оның өзіндік белгісін, ерекшелігін де көрсетеді. Қ. Жұбанов сын есімді былайша сипаттайды: «Сын есім деген заттың не істің сыпат белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуіштерін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын, анықтауыш болғанда анықталушысы мен өзінің арасына зат есім анықтауышты амалсыз салатын, сан есім анықтауышты еркін салатын түбір . . . » [2] .

«Сапа» концепті қазақ ғаламының тілдік бейнесінде түрлі тәсілдермен беріледі. «Сапа» концептінде қоршаған әлем туралы ақпарат көрініс табады. Қоршаған ортаны адам сезім мүшелері арқылы қабылдап, түйсінеді. Ғаламның сапалық белгісі сенсорлық жүйе арқылы байқалады (иіс, дәм, көру, есту, сезіну) . Адамның сенсорлық қабылдауы А. Байтұрсынұлы еңбектерінде толық қамтылған: «Зат тегінде екі түрлі: біреулері - көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіскелетін, тілге татылатын, денеге сезілетін деректі заттар, екіншілері - көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иіс келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін дерексіз заттар. Сол деректі һәм дерексіз заттардың атын көрсететін сөздерді зат есім дейміз». Ғалым тұжырымдары Н. Уәли еңбектерінде де сабақтастық тапқан, зерттеуші сенсорлық қабылдау дәмбейне, иісбейне, көзбейне, тәнбейне (ыстық, суық, қатты, жұмсақ т. б. ), естілімбейне арқылы жүзеге асатынын айтады [7, 49-б. ] . А. Байтұрсынұлы, Н. Уәли, Қ. Рысберген еңбектеріндегі адамның сенсорлық қабылдауына қатысты жіктеулерін оқулық авторлары ескеріп, деректі және дерексіз зат есімдерді топтастыруда сезім мүшелері түгел қамтылуы керек деп ойлаймыз.

«Сапа» концептінің қазақ ғаламының тілдік бейнесінде «орталық - шет ұстанымы бойынша сараланған өріс құрылымы бар. Қазақ тілінде көзбен көруге болатын, сезуге болатын (түрі), эмоционалды-ментальді сын есімдер жиі кездеседі, естілетін, дәмді білдіретін, иіс мүшелері арқылы байқалатын белгілерді сипаттайтын сын есімдер әлдеқайда аз. Басқа сезім мүшелері арқылы сипатталатын, сын есімдермен салыстырғанда, иісті білдіретін сын есімдер біршама нақты. Мысалы: Бұлардың қызметтері: пәтер ісін, азық-түлік иісін басқару, босқындардың санын, атын-жөнін жазу, киіндіру, балаларын оқыту, қызмет тауып беру, керек орнында жөн көрсету, ауруларын емдету һәм жәрдем ақ шараларға не болып, тиісті орнына беріп тұру (М. Дулатов, Шығ. ) . Дәні ащы, иісі бас айналдырады (М. Қажымұратов, Пайдалы өсімдік. ) . Жоңышқа, жусан, тарлауыт, бетеге сияқты жақсы шөптер бұл жақта кенжелеп пісіп, жаздың орта шенінде ғана бас жарып, хош иісін таратады (Ж. Жұмақанов, Үш бәйтерек) .

Көп жағдайда иістің белгісі заттың өзімен бірге сипатталады: гүл иісі, түтіннің иісі, хош иіс, жұпар иіс . . . Сондықтан аңқыған, мүңкіген, сасық, бықсық, бұрқыраған сияқты сын есімдер тіркескен сөзімен жанаса, қабыса байланысса, зат есім матаса байланысқанмен, анықтауыштық қатынаста жұмсалады ( гүл иісі, түтін иісі, жусан иісі ) . Дәмді білдіретін сын есімдер көбінесе жалпы мәнде келеді. Бұл - «сапа» концептінің берілу ерекшеліктері.

Сын есімдерден когнитивтік үдеріс ретіндегі тілдік концептуалдану және категориялану ерекшелігі айқындалады. Сапа категориясы танымның маңызды категориясы болып табылады. Сөздердің адъективті тобы қазақтың дүниетанымын, әлемді тану ерекшелігін көрсетеді. Сын есімдердің этномәдени сипатын айқындаудың маңызы ерекше. Этномәдени семантика, атрибутивті лексиканың грамматикалық тобын талдау арқылы ғаламның тілдік бейнесі айқындалады. Сол сияқты қазақты құраған ру-тайпалардың өте әріде болған тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығының жақсы дамып отырғандығына қарай қазақ тілінде малға қатысты сөз қазынасы өте мол.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңдегі ғалымдардың қазақ тілі морфологиясына қатысты ұстанымдары
XYIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің сөзжасамы, аналитикалық тәсіл
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны
Орыс түркологтарының еңбектеріндегі қазақ тілі сөздерінің тапқа жіктелуі
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ СӨЗЖАСАМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІК НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫ»
Қазақ тілі грамматикалық категорияларының антропоөзектілігі
А.Ысқақовтың жалпылингвистикалық тұжырымдамалары
Сын есім компонентті фразеологизмдер
«Қазақ тілі сөз жасамындағы лексика-семантикалық тәсілдің көрінісі»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz