Жылқыны азықтандыру нормалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ВЕТЕРИНАРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ ГИГИЕНА КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Жылқы азығының қауіпсіздігі.
.

Орындаған: і

Тексерген:

АЛМАТЫ 2021

Жоспары:
І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1.Жылқыны азықтандыру нормалары.
2.2.Жылқы түрлеріне байланысты азықтандыру мөлшері.
ІІІ.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Мал шаруашылығы қазақ үшін жат шаруашылық емес. Ата-бабамыз ерте кезден бері отырықшы мал шаруашылығымен айналысқан. Мал өсіру күн-көрістің негізгі көзі болған, басқаша айтқанда, азық-түлігі мал өнімдерімен қамтамасыз етіліп отырған. Мал шаруашылығының даму тарихымен аграрлық сала, оның ішінде мал шаруашылығы, ел экономикасының локомотиві болуы үшін барлық мүмкіндіктер бар. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен жеңіл жəне тамақ өнеркəсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік жəне тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары, дəрідəрмектер мен биологиялық белсенді заттар алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы жəне түйе шаруашылықтары жатады. Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи жəне мəдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған.
Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау шығармай, ит-құсқа жегізбей қысы-жазы қорғайды. Бірнеше үйір қосылып қос құраған. Бір қоста 500-1000 жылқы болады.

Негізгі бөлім.
2.1.Жылқыны азықтандыру нормалары.
Жылқы шаруашылығы пайдалану бағытына қарай жұмыс жылқысы (жүк тасу, ерттеп міну), өнімдік жылқы (қымыз, ет) және спорттық жылқы болып бөлінеді. Жылқы өсірген кезде, жоғарыдағы мақсаттарға байланысты азықтандырудың екі түрі бар. Қорада ұстаған кезде басқа малға ұқсас және жайылымда бағу салалары қарастырылады.
Шаруашылықтарда жылқы малын азықтандырған кезде:
1. Өсіруге байланысты қорада ұстаған кезде пішен, сабан, сүрлем, пішендеме береді, мүмкіншілік болып жатса, тамыр-түйнекті азықтар және өндіріс қалдықтарын пайдаланады. Рационның негізін ірі азықтар құрайды. Олардың мөлшері тәуліктік рационда 35-45%, шырынды азықтар 5-15% болады. Жұмыс бағытында қолданған кезде шырынды азықтың мөлшерін 25-60% ұлғайтады. 2. Жайылымда өсіргенде малды бүкіл жыл бойы жайылымда ұстайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының академигі И.Н. Нечаевтың зерттеуі бойынша 75-80% азықтың қорын жайылым толықтырады. Өсірген малды жаз айларының соңында және қысқы айларда, әсіресе боранды қолайсыз уақытта ірі құнарлы азықпен қосымша рацион құрамына қосып толықтырады. Буаз биелерге, айғырларға қосымша жем беріледі. Жылқы денесінде қуат алмасу, қоректі заттарды қорытуы, азықты сіңіру үрдістерінде ерекшеліктер бар. Қоректік зат және қуат алмасуы көбінесе жылқыда, олардың тұқымына, жынысына, жасына байланысты.
Жылқы азықтандыруы оның атқаратын жұмысы мен беретін өніміне қарай ұйымдастырылады. Жылқы атқаратын қара жұмыс денеде зат алмасуын жеделдетіп, гликоген, май, ақзат сиякгы қоректік заттардың ыдырауын күшейтеді. Демек, атқаратын жұмысы ауырлаған сайын денеге азықпен бірге түсетін қоректік заттар мөлшері де көбірек болуға тиіс.
Атқарылатын жұмыстың ауыр-жеңілдігі тасылатын жүктің салмағы мен тасымалдау қашықтығына қарай анықталады. Дене энергиясы-ның әрбір килокалориясы 425 кгм механикалық жұмысқа тән. Соншама энергия шығынын қамтамасыз ету үшін жылқы азығы тез қорытылатын қант тектес заттарға (көмірсуларға) бай болуы керек. Бұл заттар жетіспесе, жылқы денесіндегі гликоген май энергия көзі ретінде айналымға түсіп, ыдырай бастайды.
Одан кейін ыдырайтыны ет ақзаты. Соның нәтижесінде жылқы тез арықтайды. Оған жол бермеу үшін нормалап азықтандыру қажет. Жылқының қарны кішкентай, көлемі тар, сондықтан жұмыстан бос уақытта үзбей ұдайы азықтанып отырады деуге болады. Демек, аттың жұмысқа пайдалануын реттестіріп, оның тынығуына, түбегейлі азықтануына жағдай туғызу қажет. ұрайды. Азық қажеттілігі орташа түрде есептелген. Сондықтан азықтандырған кезде малдың тұқымын, жынысын, мінезін, атқаратын жұмысын, салмақ қосу, жас малдың өнім ерекшелігіне көңіл бөледі. Азықтандырудың негізгі көрсеткіші - малдың тірілей салмағы. Сондықтан өсетін малдың 2; 6; 12;18; 24; 30 айлығына дейін және жасы толғандарға азық мөлшерін белгілейді. Азықтандырған кезде малдың құндылығы, биелердің сүттілігі, атқаратын жұмысы, төлдің өсімталдығы ескерілуі керек.

Жылқының ас қорыту жүйесінің ерекшелігі-қарынға келіп түскен азық кері қайтарылмайды, сондықтан оның жеген жемшөбі, ішетін суы таза, сапалы болуы тиіс. Бұл түліктің талғампаздығын қалыптастырады. Еті қызып, терле-ген жылқыны алдынала суару қажет. Демек оны азықтандыру тәртібіне қатаң талап қойылады. Туғаннан кейінгі алғашқы айдан бастап, құлынды қосымша азық жеуге дағдыландырады (үйретеді). Ол үшін жеке науаға қосымша азық ретінде минералды қоспалар ұнтағын (сүйек үны, бор, ас тұзын) араластырып салып, мыжылған сұлыға кебек, шөп ұны мен күнжара қосады. Қоспаның әрбір азық өлшемінде 110-120г қорытылатын протеин болуға тиіс. Оған біртіндеп үйретіп, екі айлығында 0,5-1кг, енесінен ажыратар 5-6 айлығында 4-5 кг жегізеді. Тұқымға қалдырылатын құлынға 7-8 айға дейін енесін еміздіреді. Тай, қүнан, дөнен өсіру бағытына сәйкес азықтандырылады. Әрбір 100 кг тірі салмағына 6-12 айлығында -- 3 кг, 12-18 айлығында -- 2,85 кг, 18-24 айлығында -- 2,6 кг құрғақ зат беріледі. Еркек құлынның азыққа деген мұқтаждығы ұрғашынікінен 10% жоғары болады. Дұрыс азықтандырылса құлынның салмағы ересек жылқы салмағының: 2 -- айлығында 20-25% -іне, 6-айлығында 40-45%-іне, 12-айлығында 55-60%-іне, 18-айлығында 70-75%-іне, 24-айлығында 75-85%-іне теңестіріледі.
Жылқы қарынының сыйымдылығы небәрі 14-16 л. Өңеш қарынға тура жалғасқандықтан, қарынға түскен азық, не жиналған газ кері қайтпайды -- қарын керілсе, өңештің түп жағы жабылып қалады. Сондықтан жылқыны азықтандырудың тәртібін сақтап, азықтарды белгілі бір ретпен беріп, суару ережелерін мұқият сақтаған дұрыс. Өйткені жылқы азықтандыру тәртібінің бұзылуына өте сезімтал келеді. Сонымен бірге микробиологиялық процестерді күшейтетін шырынды азықтарды шамадан тыс көп бергенде, ас қорыту мүшелерінің жұмысы бұзылып, жылқы -- Өлі тию ауруына шалдығады, себебі қарын-ішектердегі жын дұрыс жүрмей, ашу-шіру процестері басталады, соның салдарынан газдар, улы заттар жиналып, іші кеуіп, түйнек, шанышқақ жабысады. Бұл жылқыны дұрыс азықтандыру мен суарудың мәні зор екенін көрсетеді.

Жылқының басқа ауыл шаруашылық малынан ерекшелігі -- оларды жұмысқа қолданады. Сондықтан, бұл ерекшелік олардың ас қорыту және зат алмасу процестеріне әсер етеді. Жылқыны жұмысқа қолданғанда, олардың зат алмасу процесі артып, ағзада қорланған қоректік заттар (гликоген, май, ақуыз) пайдаланыла бастайды. Жұмысқа пайдаланылатын жылқы азықтың сіңірілетін көмірсуын жеткілікті мөлшерде алып тұрғаны жөн, себебі тәуліктік азық рационында крахмал мен қант жеткіліксіз болса, ауыр жұмыста олар өз денелерінің қорын жұмсайды, ең алдымен гликоген, сосын май қолданылады, егер олар энергия балансын теңестіруге жеткіліксіз болса, ақуыздары ыдырап пайдаланылады. Жылқы азықпен энергияны жеткілікті алмаса, тез арықтап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді.

2.2.Жылқы түрлеріне байланысты азықтандыру мөлшері.
Жұмыс атын азықтандыру мөлшерін жасағанда олардың жұмысқа қолданылуы ескеріледі, жалпы азық мөлщерін жүмыс істемейтін, жеңіл, орташа, ауыр жүмыс істейтін атқа жеке-жеке жасайды. Жұмыс атының істеген жұмысының жұмыс мөлшерін анықтау үшін жүк салмағына (кг) жүк тарту күшіне (күш), жүру қашықтығына (м) қарай (килограмм-күш-метр) (ккм) өлшеммен анықтайды. Жұмыс атының тірілей салмағына қарай бұл өлшем 900-200 ккм аралығында жеңіл, 1500-2000 ккм аралығында орташа, 2100-2800 ккм аралығында ауыр жұмысқа жатады. Олардың әрбір 100 кг тірі салмағына 75 г қорытылатын протеин болуы тиіс және олар үздіксіз ас тұзын алып отыру керек. Жұмыс істемейтін аттың тәулік рационына пішен, сабан қосады, аз мөлшерде оларға дәнді азық береді. Жұмыс аты бір азық өлшеміне 80 г қорытылатын протеин, 4-5 г кальций, 4-5г фосфор және 10-15 мг каротин алатын болса, олар салмағын жоғалтпай жақсы жұмыс істей алады. Қоңдылығы ортадан төмен аттың тәуліктік азық рационын 3-4 азық өлшеміне арттырады. Жүмыс аты 100 кг тірі салмағына 4 кг дейін сапалы пішен жей алады. Дегенмен, ірі азықты көп жегенде дем алуы қиындап, жұмыс істегенде кедергі жасайды, не ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Жылқы шаруашылығының дамуы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Құлынды азықтандыру
Кабардин тұқымы жылқыларын азықтандыру
Айғыр бағудың технологиялық жобалау нормалары мен зоогигиеналық талаптары
Жылқы — қарапайым қарынды мал
Жылқыларға арналған қоражайлардың зоогигиеналық негізделуі
Жылқыларды өсіру негіздері
Қазіргі кезде Қазақстанда өсірілетін негізгі жергілікті тұқымдар жабы мен қарабайыр жылқылары
Пәндер