Тырнақшаға алынатын төл сөздер
Кіріспе
Төл сөз - сөйлеушінің я жазушының өз сөзі ішінде өзгеріссіз, бұлжытпай қолданылған біреудің сөзі. Автор сөзі - төл сөзді жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің я жазушының сөзі. Төл сөз құрамы жағынан әр түрлі болып келеді, оның жеке сөз не сөйлем болуы да, сондай-ақ бірнеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір мәтін болуы да мүмкін. Төл сөз қандай құрамда, қай мағынада айтылса да, автор сөзімен байланыста болады. Екеуара байланыс төл сөздің бастапқы құрылымына ешқандай өзгеріс енгізбей, өз дербестігін толық сақтаған жағдайда, де көмекші етістігі арқылы жүзеге асады. Төл сөз автор сөзінен өзіндік интонация арқылы ерекшеленеді, сөздердің орын тәртібі еркін болады.[1] Төл сөз бен автор сөзі өзара тығыз байланыста қаралады. Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері олардың орналасу тәртібіне, синтаксистік ерекшеліктеріне, интонациялық және мағыналық айырмашылықтарына байланысты қойылады.[2]
Төл сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгілер және оларға бұқаралық ақпарат құралдарынан мысалдар
Төл сөз екі түрлі қолданылады: бірі - төл сөзді мәтін ішінен бөлмей, жаңа жолсыз қолдану, екіншісі - төл сөзді жаңа жолмен бөліп тастау.
Бірінші жағдайда төл сөз тырнақшаға алынады, екіншісінде сызықша арқылы жазылады:
Інісін: Бала ғой, бүйтіп қашанғы жүрер дейсің? Кезінде ақылға келер, - деп шығарып салды. (Қасым журналы)
- Темекі де таусылыпты, - деді ұсынып жатып. (Қасым журналы)
Төл сөз бен автор сөзінің орналасу тәртібіне қарай тыныс белгілері былайша қойылады:
1. Әуелі төл сөз, одан кейін автор сөзі келгенде, төл сөз екі жағынан тырнақшаға алынады да автор сөзінен бұрын, төл сөз болып тұрған сөйлем хабарлы болса, үтір мен сызықша; лепті болса, леп белгісі мен сызықша; сұраулы болса, сұрау белгісі мен сызықша қойылады. Сондай-ақ көп нүкте мен сызықша да қойылады. Мұндай да үтір тырнақшаның сыртына қойылады, ал сұрау, леп белгілері және көп нүкте тырнақшаның ішіне қойылады:
Әй, шәуім бас қазақ, кәллаңды құзғынға мұжытармын, - деп Көкбөрі қалшылдайды. (Қасым журналы)
Қимылдап қалар кезің осы! - деген соң, ол атына мінгенше асығады ғой. (Қасым журналы)
Босқа қаңғығанмен, қашып жүрген қарақұйрықты белгілемесең, картаның бетіне не түсіресің? - деп күледі. (Қасым журналы)
Сызықшаға алынып жазылуға тиісті төл сөздердің тыныс белгілері де дәл осындай. Тек олар екі жағынан тырнақшаға алынбайды. Оның орнына төл сөздің орнына сызықша қойылады да, жаңа жолдан басталып жазылады:
- Ата, ата! Қайдасың? - деді әлсіз ғана. (Қасым журналы)
- Апа! - деді айқайлап қара бала. (Қасым журналы)
2. Сөйлем тырнақшаға алынған төл сөзбен аяқталып тұрса, нүкте тырнақшаның сыртынан, ал леп, сұрау белгілері мен көп нүкте тырнақшаның ішінен қойылады:
Патша айтады: Жоқ, балам, олай емес, мен Асан мен Үсенді өте қатерлі қиын жолға жұмсадым. Ал сені ол қиын сапарға жұмауға қимадым! (Қасым журналы)
3. Автор сөзі төл сөздің ортасында келгенде, тыныс белгілері төрт түрлі қойылады:
а) Автор сөзі төл сөз болып тұрған тұтас сөйлемді екіге бөліп тұрса, автор сөзінің алды-артынан үтір мен сызықша қойылады. Төл сөздің екінші жартысы кіші әріптен басталып жазылады. Мысалы:
- Жарайды, - деді күзетші, - билетіңді көрсет. (Қасым журналы)
- Әке, - дейді Хасан, - Асан мен Үсенді жұмсаған жаққа мені неге жұмсамадыңыз, маған сенбедіңіз бе? (Қасым журналы)
ә) Екіге бөлінген төл сөздің бірінші жартысы өз алдына хабарлы сөйлем болса, автор сөзінен бұрын үтір мен сызықша, автор сөзінен кейін нүкте мен сызықша қойылады. Төл сөздің екінші жартысы бас әріптен басталып жазылады. Мысалы:
- Ғафу етіңіз, - деді жас адам. - Шұғыл шаруамен жүрмін. (Қасым журналы)
- Жарайды,жарайды, - деді күзетші. - Жүре бер. (Қасым журналы)
б) Екіге бөлінген төл сөздің бірінші жартысы лепті не сұраулы сөйлем болса, немесе леп белгісі қойылуға тиісті қаратпа, одағай сөздер болса, автор сөзінің алдынан тиісті леп белгісі не сұрау белгісі мен сызықша қойылады да, соңынан нүкте мен сызықша қойылады. Төл сөздің екінші жартысы бас әріптен басталып жазылады, ал автордың сөзі кіші әріптен басталып жазылады. Мысалы:
- Бұныңыз не? - деп сұрады жігіт. - Жібере салыңызшы. (Қасым журналы)
- Саған айттым емес пе? - деп айқайлады жігіт тағы да. - Малғұн! (Қасым журналы)
в) Төл сөздің бірінші жартысынан кейін көп нүкте қойылуға тиіс болса, автор сөзінің алдынан көп нүкте мен сызықша, автор сөзінен кейін алдыңғы бөлікке қарай не үтір мен сызықша (егер төл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz