Барлық зерттелген шаруашылық
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып : XIX ғ. соңы және XX ғ. басындағы Қазақстандағы ғылыми экспедициялар: бағыты және қорытындысы (Ф.Шербина, П.Скрыплева, П.Хворостанский т.б)
Мамандығы: 6В07111- Ғарыштық техника және технологиялар
Орындаған: Жұмағали Рахым Тобы: КТтк21-1
Тексерген:
Алматы,2021
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
XIX ғ. соңы және XX ғ. басындағы Қазақстандағы ғылыми экспедициялар және бағыты 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 5
Ф.А. Щербина экспедициясы нәтижесінде жинақталған мәліметтер 15
П.А. Скрыплев экспедициясы нәтижесінде жинақталған мәліметтер 20
П.Хворостанский экспедициясы нәтижесінде жинақталған мәліметтер 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 22
КІРІСПЕ
XIX ғ. соңы және XX ғ. басындағы Қазақстандағы ғылыми экспедициялар және бағыты. ХIХ ғ. II жартысы мен ХХ ғ. басында патшалық Ресей империясының тарапынан көптеген санақтар мен статистикалық зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттнулердің нәтижесінде сол кезеңдегі қоғамдық өмірдің сан қырына байланысты көлемді статистикалық мәліметтер жинақталды. Олар арнайы өңделіп, біразы жинақ ретінде басылып шығарылды. Мәселен, Жер және мемлекеттік мүлік министрлігі тарапынан 1896-1903 ж. Қазақстанның Далалық 3 облысына Ф.А. Щербина бастаған. 1907-1909 ж. Ақмола облысына В. Кузнецов бастаған. 1906-1913 жж. Сыр-Дария болыстарына В. С. Скрыплев бастаған. 1904 жылы Торғай-Орал облыстарына П. Хворостанский бастаған зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың ортақ мақсаты келімсектерді қазақ жерінен артық деп табылған жерлеріне қоныстандыру арқылы патша үкіметінің отарлау саясатын жүзеге асыру болатын.
Бұл зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қазақтардың жер пайдалануы, шаруашылығы, мал саны, адам саны, егіндік-шабындық жерлері туралы бай статистикалық материалдар жинақталып, олар кітап ретінде жарық көрді.
Ф.А.Щербина, В.Скрыплев, В.Кузнецов, П. Хворостенский басшылығымен жүргізілген экспедициясының алғысөзінде олардың ортақ мақсаты переселендерге қазақ жерін бөліп беру екені айқын көрсетілген.
Қазақтың кең байтақ жерін табиғи-географиялық, шаруашылық, ру-тайпалық құрылымын зерттеу арқылы қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығына, көшіп қонуына қажетті жер мөлшерін анықтап, қалған жерлерді қоныс аудару қолдарына аудару болды. Сондықтан бұл экспедициялардың мақсаттары ортақ болды, яғни, Патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау еді.
Экспедиция бағдарламасындағы сұрақтар статистикалық формуляр деп аталатын құжаттарға көшіріледі. Формулярлардың өзі карточка, анкета, есеп беру жіне т.б. әр түрлі болды. Ол бағдарламаның мазмұнын және бақылау нәтижесін білдіретін құжат болып табылады.
ХIХ ғ-дың соңындағы қазақ жерлерін зерттеу экспедициясы өз бағдарламасын көптеген пікірталастар мен арнайы екі облысқа байқау жұмыстарын жүргізгеннен кейін ғана нақтыланады.
Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеуде Орыс географиялық қоғамы елеулі рөл атқарды. Қоғамның Қазақстанда, онымен шекаралас аумақтарда: Орынборда, Омбыда, Семейде және Ташкентте бөлімдері мен бөлімшелері ашылды. XIX ғасырдың 70-жылдары Қазақстан аумағында облыстар құрылғаннан кейін олардың барлығында да статистикалық комитеттер пайда болды. Олар Қазақстан халқының тарихы, мәдениеті және шаруашылығы жөнінде құнды деректермен мәліметтер жинастырды. Ол материалдар облыстарда жыл сайын мұқият шығып тұратын Шолуларда және Естелік кітапшаларда жарияланып тұрды.
Батыс Қазақстанның тарихын зерттеуде Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы көп жұмыс атқарды. Ол 1887 жылы құрылған болатын. Комиссия мәжілістерінде мұрағаттык дерек көздері негізінде әзірленген ғылыми баяндамалар талқыланды. Ол материалдар Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының еңбектері деген атпен жарияланып тұрды.
1895 жылдан бастап Қазақстанның оңтүстік аумағын археологиялық тұрғыдан Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі зерттеуге кірісті. Үйірме мүшелері археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, оның нәтижелерін ғылыми басылым беттерінде жариялап тұрды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанның далалық уездерін Ф. Щербина бастаған экспедициялық топ зерттеді. Экспедицияға қатысушылар Қырғыздардың (қазақтардың. - авт.) жер пайдалануы туралы материалдар деген атпен 12 томдық еңбек әзірледі. Бұл топтың жұмысына Қазақстанның әр түрлі уездеріндегі білімді қазақтар да белсене қатысты. Атап айтқанда, экспедицияның жұмысына Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә. Бөкейханов, Омбы мал дәрігерлік мектебін бітірген А. Исин, сондай-ақ О. Базанов, Р. Мәрсеков, Е. Итбаев, М. Шомбалов, Д. Сатыбалдин сияқты окыған жастар қатысты.
Бұл материалдар XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы қазақ шаруашылығының жай-күйі жөніндегі теңдесі жоқ деректеме болып табылады. Сонымен катар қазақ халқы туралы құнды деректер Ресей империясының 1897 жылы өткізілген Алғашқы жалпыға бірдей халық санағы кезінде жиналды. Онда Қазақстанның шаруашылық қызметі, мәдениеті, тарихы, сондай-ақ халқының саны жөнінде аса қажетті мәліметтер мол болды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ф.А. Щербина экспедициясы нәтижесінде жинақталған мәліметтердің тарихи дерек ретіндегі маңыздылығы.
Жалпы алғанда қандай да болмасын статистикалық зерттеулер алдын-ала ұйымдастырылады. Оның ең алдымен арнайы нұсқауы, бағдарламасы қабылданады. Бұл бағдарламада зерттеудің мақсаты мен міндеті, зерттеу қажет объектілер нақты мәселе ретінде қойылады. Осы бағдарламаларға негізделіп арнайы сауалнамалар, анкеталар, карточкалар жасалады. Байқаудың бағдарламасын жасау-жауапты және күрделі іс. Ол байқаудың алдына қойған міндеттің бәріне жауап бере алатындай болуы керек. Мысалы, халық санағының бағдарламасы, халық шаруашылығын дамытудың келешегіне керек деректер жиналуын қамтамасыз етуі керек .
Әлеуметтік-экономикалық тарих саласында бюджеттік зерттеулердің нұсқаулары құнды материал болып табылады. Бюджеттік статистика тарихи зерттеулерде кеңінен қолданылады. Далалық өлкедегі қазақ шаруашылығының бір бөлігінің бюджеттік зерттеуге ие болғандығы бізге белгілі. Қазақ шаруашылығының бюджетін құру 1896-1903 жылдар аралығындағы белгілі статист Ф.А. Щербина басқаруымен далалық облыстарды зерттеуге байланысты жүргізілген экспедиция жұмысында көрініс алған. Экспедиция қызметкерлерінің тұжырымдарының барлығы 13-томдық Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей басылымына енген. Соңғы том Свод материалов по киргизскому землепользованию, собранных и разработанных экспедицией по исследованию степных областей бюджет мәселесіне арналды. 1906 жылы Петербургте жарық көрді. Бұл том негізінен кестелерден және Ф.А. Щербина жазған кішігірім кіріспе мен қаржы кестелеріне арналған қосымша мәліметтерден тұрған. Бюджеттік кестелер және оларға анализ басылымының жекелеген томдарында бар, дегенмен Ф.А. Щербина пікірі бойынша көбінесе бір типтегі бюджет алынған. Мұндай бюджеттік көрсеткіштің құндылығының қанша шамада екені әрине түсінікті. Ал арнайы томда қазақ шаруашылығына қатысты барлық бюджеттік зерттеуді анализдауға мүмкіндік беретін әр типті бюджет берілген.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы біз қарастырып отырған экспедицияның бағдарламасына тоқталар болсақ, 1896-1903 ж. Ф.А. Щербина экспедициясының бағдарламасы жалпы 17 тараудан, 93 кішігірім қарастырылатын мәселелерден тұрады. Негізгі 17 тарауында: рулық бастама, шаруашылық ауылдардың тарихы, жерді пайдалану формасы, мал шаруашылығы, пішен шабу, жер өңдеу, бақташылық және бау егіп өсіру, орман және тоғайлы жерлер, жерді жалға беру (аренда), өнеркәсіп және жалақы, алым салық және борышы, қырғыз отбасының ерекшелігі, ортақ шаруашылық істер, сауда, несие (кредит), халықтың қажеттілігі, табиғи-жаратылыс жағдайы қарастырылуы қажет етеді.
Қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары... негізінде зерттеу жұмысы 1896 ж. мамыр айында басталды деп тұжырымдауға болады. Деректің алғы сөзінде ...экспедиция толығымен 1896 жылдың мамырында құрылды. Мамыр мен маусымның басында Омбы оязында алдын-ала зерттеу жұмыстары жүргізіліп, осы жұмыстарда жинақталған тәжірибе мен материалдардың негізінде бағдарлама жасалынып, Көкшетау оязындағы қырғыздардың (қазақтардың) шаруашылығын зерттеуге кірістік -делінген. Байқау сұрағы толтырма парақ (қағаз) немесе толтырма тізбек түрінде болады. Мәселен ХХ ғасырдың басындағы экспедицияның сауалнамалары мұрағаттағы сақталған үлгісінде былайша жасалынған:
Опросная карточка
О количестве населения, скота, площадях некоторых угодий, потребного количества мануфактуры, железа и сельского-хозяйственных орудий:
Ояз ... ... ... ... ... ... ... воло сть ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... аул
1. Число дворов или кибиток ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Взрослых ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Детей до 5-лет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4. Лошадей ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Коров ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6. Овец ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7. Свиней ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8. Вервлюдов ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9. Под лесом десятин ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10. Огородами ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11. Выгоном ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12. Сенокосам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
13. Садами ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
14. Постройками ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15. Общая площадь земли принадлежащая селению или аулу в десятинах
16. Площадь арендуемой земли ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Осыдан кейін ғана, зерттеу жұмысына қатысатын топтың құрамы анықталып, смета бойынша бұлардың жалақылары бекітіледі. Осы жұмыстардан кейін арнайы топ, статистикалық мәліметтерді жинақтап, оларды өңдеп, жариялап, бұл мәліметтерді қажетінше пайдаланып отырады. Міне, осы статистикалық зерттеулердің негізінде статистикалық деректер пайда болады. Әрине, бұл деректердің мазмұны, белгіленген мақсат-мүддесі, міндеті әр түрлі болатыны хақ.
Осы мәселелердің басы ашылғаннан кейін тікелей алдын-ала зерттеп көру жұмыстары басталды.
Бұл зерттеулер 1896 ж. маусым-шілде айларында Омбы оязын алдын-ала зерттеп көруден басталды. Осы жерлердегі қазақ тұрғындарының жер пайдалану нормасын анықтады, алдын-ала зерттелген материалдардың негізінде Ф.А. Щербина басқарған экспедицияның бағдарламасы жасалды және соның негізінде кейінгі В.Кузнецов, П.П. Румянцев, В.Скрыплев, П.Хворостанскийлер басқарған экспедициялардың зерттеу бағдарламасы мен әдістемесі жасалды.
Экспедицияның құрамына байланысты А.Кауфман:Зерттеу экспедициясының құрамында статистиктер, тіркеушілер және аудармашылармен қоса 40 адам болды-дейді. Ал зерттеуші Т.П. Петрова мұрағат деректерінің негізінде зерттеуге аудармашыларды қоспағанда 200 адамдай қатысты деген пікірді білдіреді. Бүгінгі күндегі осы мәселемен айналысып жүрген авторлардың бірі Н. Тасилованың пікірі бойынша Т.П. Петрованың көзқарасымен толық келісуге болады, өйткені, бұл зерттеу өте ауыр және 40 адамның жұмысы емес еді-деп қорытындылайды.
Ф.Щербина зерттеуінен кейін жүргізілген қайта зерттеулерге қатысты Әлихан Бөкейханов Қазақгазетінде Бұрынғы қазаққа Щербина нормасымен қалған жерді мінеп, неше қайтара кішірейтіп, шұнтитып, көшпелі қазаққа деп жаңа норма шығарды...- деп патша үкіметіне нала болған пікірін білдіреді.
Белгілі статист А.А. Кауфман Ә.Н. Бөкейханның экспедициядағы еңбегін ерекше атап өткен болатын және зерттеудің әдістемесіне қатысты: ...уақытша комиссияның жергілікті қазақтарға қажетті жер нормасын, олардың шаруашылығына қажетті жер мөлшерін анықтамақ тұрмақ, ол туралы жалпы түсініктері де болған жоқ, деп комиссия мүшелерінің көшпелі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен ешбір хабарсыз екендігін тілге тиек етті.
Экспедиция өзінің зерттеу жұмысын осы Далалық өлке туралы аныктамалық, энциклопедиялық әдебиеттермен танысып, генерал- губернаторлардың есептері мен жергілікті статистикалық комитеттердің басылымдарын, басқа да заңдық құжаттарды пайдалана отырып зерттеудің алғашқы схемалық бағдарламасын құрудан бастады. Жалпы зерттеу бағдарламасы алдын-ала бақылаудан кейін іс-тәжірибеде жинақталған әдістеме негізінде қайта өңделді. Бағдарламаны Ф.Щербина құрастырды.
Зерттеушілер әскери-топографиялық бөлімнің осы өңірлерді екі, бес верстік масштабта түсірген карталарына сүйеніп және қажетті аудандарды топографтар арқылы схемалық карталарға түсіріп отырды. Бұл материалдар статистерге ояздарды тарихи суреттеу үшін қажет болды.
Бюджеттік бақылау бойынша экспедиция 12 ояздың 281 қазақ шаруашылығын қамтыды. Бұдан басқа 13-інші томда экспедиция қызметі ауданына енбеген Перовск оязы бойынша 1 қосымша бюджет мәліметтері енгізілген. Бюджетті құрастырушы Н.Ф. Дмитриев бұл Перовск оязындағы шаруашылық иесі Ақмола облысының тұрғынына жатпаса да оның шаруашылығы Атбасар оязы қырғыздарындағыдай үнемі көшіп-қону жүйесіндегі шаруашылыққа тән екендігін көрсетеді. Барлық зерттелген шаруашылыққа тән бюджеттік көрсеткіштер арақатынасын көрсететін кесте құрылған.
Кесте №1. 12 оязды бюджеттік зертеудің нәтижесі.
Ояздар
Барлық зерттелген шаруашылық
Құрылған бюджет
Сандық
%
Ақмола
18392
12
0,07
Омбы
6593
13
0,2
Атбасар
12837
7
0,05
Көкшетау
12498
14
0,11
Петропавл
1399
22
1,57
Қарқаралы
19016
14
0,07
Семей
21512
19
0,09
Павлодар
21837
32
0,15
Өскемен
15100
19
0,13
Зайсан
17812
29
0,16
Ақтөбе
17689
51
0,29
Қостанай
19474
49
0,25
Барлығы
184159
281
0,15
Бюджетті сипаттауға қарағанда зерттеуге экономикалық жағдайы әр қилы шаруашылықтар енген. Мұндай жағдаймен Воронеж губерниясының шаруа қожалықтары да зерттелген болатын. Бюджетті құрастырушылар сұрақ картасында сипатталып отырған шаруашылықтың шаруашылықтың қай типіне жататындығын белгілеген. Мұндай жағдайда шаруашылық иесі мен ауылдастарының пікірі есепке алынған. Жазбаларда бай шаруашылық, ортадан жоғары, ауқатты, дамушы, орта, кедейленген, кедей деген сияқты сипаттаулар кездескен. Әр жазбаға аргумент, белгілер болмағандықтан шаруашылықты бағалауда шатасушылықтар статистиктер жұмысында кездесті. Кейбір шаруашылық иелері өзін кедейлер қатарына қоспады, ал ауылдық старшина оны жоғарыдағыдай көрсетті. Келесі бір шаруа қожасын ауылдастары ортадан төмен деп бағалаған, дегенмен бұл шаруа қожасы өз шаруашылығында 3-ке жуық жалдамалы жұмыскерді иеленген. Сондықтан бюджеттік сипаттаудағы мұндай тұстарға абайлықпен қарау қажет. Экспедиция 300-ге жуық қазақ шаруашылығын суреттеген.
Статистиканың белгілі қайраткері П.П. Румянцев Материалдардағы... мәліметтерді саралай келе қазақ қоғамындағы шаруашылық топтарының арақатынасын былай суреттеді: Шаруашылықтың негізгі массасы (78,2 % кедей, орта шаруашылық саны көп емес-14,6 %, көп емес ауқатты 17,8 %) және бай шаруашылық айқындалды.
Бюджетті пайдалану әдістемесі экспедицияның арнаулы мақсатына тәуелді болды. Мысалы, Зайсан оязында 29 бюджет құралды, дегенмен тек оның 14-і ғана салыстыруға және қорытынды бақылауға алында. 15 бюджет төмендегі себептерге байланысты қарастыруға алынбады: 10 бюджет тұрғылықты халықтың айтуы бойынша ортадан жоғары шаруашылыққа жатады деп есептелінгендіктен алынып тасталды, ал басқа 5-еуі кедей шаруашылығына жатады, себебі өмір сүрудің көзі бұл шаруашылықта балық аулаумен, батырақтық т.б. кәсіптермен байланысты. Осындай жолмен ояз бойынша бюджеттік анализге тек орта шаруашылыққа қатысты мәліметтер алынған.
Ояз бойынша массалық мәліметтер мен бюджеттік мәліметтерді салыстыра отырып, статистиктер соңғы алынған мәліметтердің шындыққа жақын екендігіне көз жеткізуге талпыныс жасады. Ф.А. Щербина өз жазбаларында Қостанай оязы бойынша экспедицияның негізгі бақылау мәліметтерін алғандығын, ондағы негізгі мақсат бюджеттік мәліметтердің бұл жалпы мәліметтерге жақындығын көрсету екендігін жазады. Егер де шаруашылық саны бюджетпен репрезентативті болған жағдайда бақылаушы соңғы әдіс анықталған болар еді. Қостанай оязы үшін, мысалы, 19474 зерттелген шаруашылықтың 49 шаруашылығы бюджетпен бірге. Мұндай сандық көрсеткішке қарап біртұтастық бірлестік жөнінде айту қиын. Мұнымен қоса негізінен алғанда бюджетті орта шаруашылық құрады. Дегенмен, Ф.А. Щербина 49 бюджет нақтылы жағдайда тіптен жеткілікті деп есептеді. Орыс статистиктерінің тәжірибесінде ғана емес, шет ел статистиктерінде мұндай сандық көрсеткіш жеткілікті, бюджетті құрау өте күрделі еңбек, қиын жұмыс болып табылады,-деп өз пікірін тұжырымдады.
Осы тұжырымға қарамастан Ф.А. Щербина пайдаланған әдіс, яғни бюджеттік көрсеткіштерді массалық мәліметтермен салыстыру нақтылы жағдайда дәлелді болды деп толық айтуға болмайды. Экспедиция жұмысының нәтижесінде алынған бюджетке қатысты мәліметтер арнайы кестелерге енгізілді және Материалдардың... 13-томында келтірілген. Бұл жалпы алғанда бюджеттік және қисындастырылған кестелер.
Осылайша,1896-1903 жж. Ф.Щербина басқарған зерттеу экспедициясының нәтижесінде 13 томнан тұратын-Қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары... деп аталатын дерек көзі пайда болды.Бұл Ресей империясының Қазақстан жерін отарлау мақсатында жүргізілген зерттеудің нәтижесінде пайда болған деректен тек қана қазақтардың жерді пайдалануы туралы мәліметтерді ғана емес, басқа да жанама фактілерді де алуға болады. Жалпы-Қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары...XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы бүкіл қазақ қоғамын жан-жақты сипаттауға, нақты сол кезеңдегі тарихи жағдайларды талдауға қомақты үлес қоса алатыны анық.
Ф.Щербина бағдарламаға сəйкес өндірісте мынандай іс-шараларды атқарды:
1. Қырғыз (казақ) халқын жалпы шаруашылық санаққа алды, бұл жаппай тұрғындар мен малды, шаруашылықты есепке алып, соның негізінде қырғыз қауымының əр түрлі жайылымдарының көлемі мен олардың бұл жерлерді қай уақыттан бері пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік берді.
2. Бюджеттік есеп жасалынды, ол орташа қырғыз (қазақ) отбасына қажетті азық-түлік жəне басқа да керектерін анықтауға жəне оларды қанағаттандыратын тəсілді айқындауға мүмкіндік берді.
3. Табиғи-тарихи жағдайларын зерттеу: өлкенің рельефін, топырақтың ерекшелігін, су көздері мен орман мен тоғай өсімдіктерін зерттеді.
Бұл шараларды атқаруда:
зерттелген əр ояздың жер көлемін бөлек аудандарға бөлді, олар қыстық (қыстау), көктемдік жəне күздік жайылымдар (күзеу) жəне жаздық жайлауды құрады;
аудандарды жалпы сапалық белгілеріне қарай бірнеше топтарға бөлді;
əрбір топқа бір жылда бір бірлік (единица) мал басын (жылқы) асырауға қажетті жер мөлшерін анықтады;
ояз бойынша қырғыз (қазақ) шаруашылығындағы орташа мал бірлігінің санын бекітті; г) ояздағы орташа шаруашылыққа қажетті жер нормасын бекітті;
аудандардың əрбір тобы мен қауымына қажетті жер мөлшерін санаққа алды;
қырғыздардың (қазақтардың) экспедиция жұмыстарына дейінгі жəне кейінгі жер мөлшерлерін салыстыру арқылы, нəтижесінде əрбір аудандағы артық жəне қажетті жерлерді анықтап шығарды.
Ф.А.Щербина бұл зерттеуде воронеждік іс-тəжірибесін негізге ала отырып, орташа көрсеткіштер базасын жасады. Онда ол малды жылқымен есептейді. Мəселен, Ф.Щербина қазақ шаруашылығына қажетті жер нормасын былайша есептеп шығарды. Ол қазақтардың орташа отбасына, біріншіден, қажетті мал басын 6 қой =1 жылқыға теңестіріледі, екіншіден, əрбір мал басына қажетті əр түрлі жайылымдардағы десятина жердің көлемін анықтап алуды, содан кейін екеуін көбейту арқылы əрбір орташа қазақ отбасына қажетті жер мөлшерін шығаруды ұйғарды.
Жалпы Ф.Щербина басқарған 7 жылдық зерттеу жұмыстары Ақмола облысының -- Көкшетау, Атбасар, Омбы, Ақмола, Петропавл ояздары, Семей облысының, Павлодар, Қарқаралы, Зайсан, Өскемен, Семей ояздары жəне Торғай облысының -- Қостанай, Ақтөбе ояздарын қамтыды. Бұл материалдар əр жылдары (1898 - 1909) (Воронеж, Омск, Чернигов, С.Петербург) 13 том болып жарық көрді.
Деректің пайда болуына əсер еткен сырткы факторлар мен туындаған қиындықтар деректің объективтілігі мен шынайылығына əсер ететіні хақ. Өз кезегінде Ф.Щербина зерттеу жұмыстары кезіндегі туындаған қиыншылықтар мен кемшіліктерді де атап өтті. Оның ішінде:
* жердің кеңдігі, көшіп-қонуға көп уақыт пен күш қажет етті;
* зерттеушілердің қазақ тілін білмеуі, ортада үшінші (аудармашы) адам арқылы сұрау жүргізуді талап етті;
* зерттелетін өңірдің белгісіздігі.
Бұл мəселелердің əрқайсысы жəне барлығы қосылғанда шын мəнінде жұмыстың тез аяқталуын тежеді, -- деп көрсеткен болатын.
Ф.А.Щербина өзінің бюджеттік статистикаға қосқан үлесімен танымал. 1884 жылдан бергі Воронеж земствосындағы қызметінде Воронеж губерниясындағы шаруа отбасыларына бюджеттік зерттеу жүргізген. Арнайы бағдарлама бойынша бюджеттік сұраулар дайындалып, практикада нақтыланып жүзеге асырылған. Воронеждік бағдарлама басқа да бюджеттік бағдарламалардан өзіндік мақсатына нақтылы бағытталуымен ерекшеленеді.
Ақмола, Семей, Торғай облыстарын бюджеттік зерттеу Ф.А.Щербина жұмысында Воронеж губерниясының үлгісіндегідей жүргізілді. Далалық өлкені зерттеуге байланысты барлық жұмыс, жалпы алғанда, Ф.А.Щербинаның бұрынғы іс-тəжірибесіне негізделіп жүргізілді. Оның өзінің дəлелі бойынша, мəліметтер алу үшін Воронеж земствосының шаруа бюджеттік бағдарламасы біршама өзгерістерге ие болып, көшпелі жұмыстың ерекшелігіне теңестірілген. Бұл бағдарламаға да Воронеж земствосының статистикалық бөлімі тағайындаған бөлімдер мен рубрикалар енген, тек қырғыз тұрмысының өзіндік ерекшелігін есепке ала отырып, мал шаруашылығының əр жайылымдық стадиядағы дамуы, жылдық айналымына қатысты сұрақтар пункті кеңейтілген.
Қазақ шаруашылығының бюджеттік құрылымын анықтауға негіз болған Воронеждік бюджеттік бағдарлама 5 бөлімнен құрылған: отбасы жөніндегі мəлімет; жер саны; жылжымайтын мүлік, киім, аспап; жылдық кіріс пен шығыстың баланстық жинағы; жалпы сипаттау сұрақтары. Қазақ шаруашылығын зерттеудің өзіндік ерекшелігіне байланысты Воронеж бағдарламасының екінші бөлімі біршама өзгерістерге ие болды. Бюджеттік кестелердегі қосымшаларға қарағанда жерге иелік ету, жерді пайдалану сұрақтары алынып, əсіресе малға, оның өніміне, өнімді пайдалану, сату сұрақтары кеңейтіліп, тереңдетілген. Статистер шаруашылықтың жемшөп дайындау саласындағы жұмысын нақтылы анықтауға талпынған. Бұл үшін қазақ шаруашылығына Воронеждік бағдарламадағы жем-шөп дайындау сұрағы үйлестірілген. Бюджеттік кестелерге, толықтырылған қосымшаларға қарағанда, бағдарлама өз алдына қазақ даласындағы шөп шабудың таралу дəрежесін анықтау, оның мал шаруашылығын дамытудағы рөлі, шабылған жəне пайдаланылған жем-шөп саны, оны пайдалану əдісі, сату, сатып алу сұрақтарын анықтауды мақсат еткендігін көреміз. Бұған қоса қазақ жұмысының ерекшелігіне байланысты үй, киім-кешек, көлік сұрақтары үйлестірілген. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер 1896 жылы мамыр айында Ф.А.Щербина белсенділігімен жасалған алғашқы бюджеттік бағдарламаға енгізілген, яғни барлық статистикалық зерттеу жоспарына жəне бағдарламаны саралау барысына сай айғақталған, орындалған.
Зерттеу жұмысының негізінде таңдау əдісі басым болды. Сол кездегі көптеген бюджеттік зерттеулер секілді экспедицияның таңдау əдісі де субъективтілікке ұшырады, себебі Ф.А.Щербина да орташа сандық əдісті кеңінен қолданды. Нақтылы жағдайда Ф.А.Щербинаның өз пікірі бойынша, барлық параметрі жағынан орташа шаруашылықты бюджеттік зерттеуді дұрыс деп есептеді. Мұндай шаруашылыққа ол негізгі көрсеткіші бойынша (жан басына шаққандағы мал саны; шаруашылық өзге малын пайдаланатын шаруашылық үлесі; жалдамалы еңбекті пайдалану; шаруашылықтың кəсіптік үлесі; отбасы құрамы) ояздық орта шаруашылыққа жақын шаруашылықты жатқызды. Мұндай орта шаруашылықты табу əдісі қарапайым болды.
Дегенмен, экспедиция жұмысында нақтылы мəліметтер болмағандықтан, бюджетті құру үшін сол жергілікті жерге тəн шаруашылықтар ғана алынды. Статистиктер пікірі бойынша, оларды анықтау сандық көрсеткіштерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz