Халыққа әлеуметтік көмек көрсету түрлері


Жоспар
I. Кіріспе . . . 3-4
II. Негізгі бөлім
2. 1. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету түрлері . . . 5-7
2. 2. Халықтың анағұрлым «осал» топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету . . . 8-18
2. 3. Жәрдемақылар нысанындағы әлеуметтік көмек . . . 19-22
III. Қорытынды . . . 23
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 24
Кіріспе
Елімізде экономикалық реформаларды іске асыру кезінде экономика мен әлеуметтік саясаттың өзара байланысты күшейту қажеттігін туындап отыр.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған әлеуметтік жүйеге бағытталып, әлеуметтік дамыту бірінші кезекте адам факторын есепке алу, адамның хал-ахуалын, денсеулық жақсарту жанұяға қамқорлық көрсету.
Осының бәрі мемлекеттің конституциясында бекітілген. «Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, құқықтық, мемлекет деп жариялайды. Оның жоғарғы құндылыққа жататын адам, оның өмірі, құқығы және еркіндіктері.
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету экономикалық категорияның дәрежесіне көтерді. Бұл Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының, нығайтудың негізгі мақсаттары мен міндеттерді бейнелейді. Қазіргі кезде елімізде жеке адам әлеуметтік қорғаудың жүйесін құруға толық мүмкіндік бар. Сонымен қатар адамның құқықтың сақталуы халықтың аз табыс табылатын бөлігі-нақты қолдау көрсету денсаулық қорғау, білім беру, қылмыспен және әлеуметтік шиеленістің алдын алу мәселелері іске асырылып отыр.
Нарыққа өту әлеуметтік құқықтық және әлеуметтік кепілдіктің айырықша жаңа жүйесін қалыптастыруды талап етеді. Ол әрбір адамға өмір сүру деңгейді төмендеу мүмкіндіктерін әлеуметтік қорғаудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз ету тиіс.
Сондықтан әлеуметтік саясат дегеніміз- бұл мемлекет және халықтың әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға байланысты болып келетін қызмет бөлісі.
Әлеуметтік қамтамасыз ету әр түрлі ұйымдастыру- құқықтық түрлерде жүзеге асырылады. Бұлардың негізгі мемлекет әлеуметтік қамсыздандыру болып табылады. Сондай-ақ Республикалық бюджет есебінен тікелей қаржыланып отырады.
Әлеуметтік көмек көрсету ең тиімді механизмі және нарықтық экономиканың көптеген әлеуметтік өзекті мәселелері шешуге мүмкіншілік жасайды. Сонымен қатар ол әлеуметтік еңбектік қатынастарын көптеген негізгі субъект ең жетілдірілген түрі болып есептелінеді.
2. 1. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету түрлері
Кедейлерге, аз табысыбар отбасыларына көмек ең кем дегенде оларға өмір сүру денгейінің төменгі дәрежесін қамтамасыз ету. Көмек- халықтың өте аз табысы бар белгілі топтарына арнаулы түрде көрсетілуі тиіс.
Халықтың мұдай топтарына аз табысы балалары бар отбасылар жатады:
- Жалғыз басты тұратын зейнеткерлер;
- Мүгедектер;
Аз қамтылғандардың, табысы аздарының критерийі болып жылдық жиынтық табыстардың мөлшері есептелінеді. Оның мөлшері өткен кварталдағы орташа айлықпен анықталатын есептік көрсеткіш 2 есе мәніне тең. Қазақстан Республикасының президенттің жолдауында көрсетілгендей біз стратегиямыздың маңызды мәселесін - қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелері
-балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету.
Биылғыжылдан бастап іс-жүзінде әр отбасының үлесіне игі қпалын тигізетін 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды тереңдету бағдарламасы іске асырыла бастады. 2006 жылдан бастап диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық деңгейде жеңілдік шарттар қолданылатын балалар мен жасөспірімдер дәрі-дәрмек тегін қамтамасыз етуге көшетін боламыз.
2006 жылдан бастап аз қамтылған отбасыларына (табысы аз отбасыларға, 18 жасқа дейінгі балаларға, ай сайынғы жәрдемақылар төленді 4 және одан көп бірге туратын кәмелетке толмаған балалары бар, көп балалы аналарға «алтын алқа», «Күміс алқа», немесе I, II -дәрежелі «ана даңқы» белгілерімен марапатталатын аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 4000 тг. дейін көбейтуге тиіс.
2006 ж. 1 шілдеден бастап 1 жасқа дейінгі сәби күту жөніндегі мемлекеттік жәрдемақы төлеу енгізілді.
Қазақстанда отбасылардың орташа мөлшері 4 адамды құрайды. Соңғы жылдарда көп балалы отбасылар саны азайып бара жатыр.
Балалары бар отбасыларға арналған қолданылып жүрген мемлекеттік жәрдемақылар жүйесін жетілдіру өзекті мәселеге айналып отыр.
Бұл проблемалардың әлеуметтік мәні ол халықтың ең бір әлсіз қорғалатын топтардың мүдделерін есепке алу. Бұларға жататындар:
- Еңбекке жарамсыз адамдар, бірінші кезекте-балалар.
- Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар. Олар белгілі бір әлеуметтік фактордың болуынан байланысты жоғарғы дәрежедегі әлеуметтік қалыптастыруға мұқтаж болып отыр.
- Көпбалалы отбасылар;
- 2-ші асыраушысының жоқтығы;
- Балалы аз қамқорлығына алу;
- мүгедек баланы тәрбиеленушілер.
Өзгеше сипаттағы шаралардың қатарына баланың тууы мен тәрбиеленуіне берілген әлеуметтік төлемдер жатады. Жәрдемақылардың әрбір түрі бөтен бір жәрдемақыларды алуына тағайындалады және беріледі. Отбасы жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібінің ережелер арқылы белгіленеді.
Әлеуметтік төлемдердің ішінде жәрдемақылардың үлес салмағы басымды болып келеді. Бала туған кезде бір жолғы жәрдем алу үшін жұмыс істеп жүрген анасы жұмыс орны бойынша комиссияға жәрдемақы жөнінде өтініш жасайды және туу куәлігән тапсырады.
Егер ата-ананы жұмыс істемейтін болса, онда тұратын мекен жайы бойынша әлеуметтік қорғау жөніндегі жәрдемақы алу жөнінде өтініш білдіреді.
Жәрдемақы мөлшері-есептік көрсеткіштің 4 еселенген көлемі бойынша мемлекеттік әлеуметтік қасыздандырудың қорларының есебінен бөлінеді.
Балалары бар отбасыларына төленетін біртұтас жәрдемақылар әкесінің не анаының жұмыс істейтін орны бойынша тағайындалған төленеді және істемейтін ата-анасы тұратын мекен-жайы бойынша халықтың әлеуметтік қорғау бөлімінде төленеді.
Балалары бар отбасыларына бір жолғы берілетін жәрдемақылар, егер отбасыларда еңбекке жарамды әкесі жұмыс істемеген жағдайда тағайындалады және төленбейді.
Табыстар жөніндегі анықтама комиссияға әр квартал сайын тапсырып отырады. Бір жолғы төленетін жәрдемақыларың мөлшері 3 жасқа дейінгі балаларға есептік көрсеткіштің 125% құрайды.
Жәрдемақы бала 18-ге толғанша төленіп отырады.
Мерзімді қызмет әскери балаларына жәрдемақы мекен-жайы бойынша әлеуметтік қорғау бөлімі тағайындайды және төлейді. Жәрдемақы мөлшері есептік көрсеткіштің 130% есебінен төленеді.
Қазақстан Республикасындағы балаларға төленетін жәрдемақы мөлшері
Кәмілетке жетпеген балалар бар отбасыларына ай сайын берілетін 1 жолғы
-3жасқа дейінгі
-3-18 жасқа дейінгі
125
130
Жалғыз басты аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы
3 жасқа дейінгі
З-18 жасқа дейінгі
100
130
Кәмелетке толмаған ата-анасы жағынан алимент төленетін балаларға уақытша ай сайынғы жәрдемақы
3 жасқа дейінгі
18 жасқа дейін төленбейді
100
200
2. 2. Халықтың анағұрлым «осал» топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету
Халықтың анағұрлым «осал» топтарына таулы әлеуметтік көмек дамыту үшін Үкімет мыналарды жоспарлап отыр.
Атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында қорғау мен даму үйлесімділігіне бағытталған атаулы әлеуметтік көмекі көрсету және аз қамтылағ отбасыларға балалрға арналған жәрдемақы төлеу шарттары нақтыланатын болады.
Мемлекеттік атаулы көмек тетегіндегі негізгі күш-жіге қоғамдық жұмыстарға тарту, оқыту және қайта оқыту, жұмысқа орналастыру, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын құру сияқты әлеуметтік қорғаудың белсенді әдістерін қолдану есебінен кедейлікті азайтуға бағытталатын болады.
Ана мен баланы қолдау әлеуметтік қорғау жүйесінде ерекше орын алады. Балалы отбасыларды қорғау жүйесін одан әрі дамыту, бала тууды ынталандыру, республикадағы демографиялық ахуалды жақсарту мақсатында 2006 жылдан бастап жаңа екі жәрдемақы түрі қосымша енгізілген: 3-тен 4, 5-ке дейінгі АЕК мөлшерінде бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі әмбебап жәрдемақы және аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақы (1 АЕК мөлшерінде) .
Сонымен бір уақытта халықтың әлеуметтік осал топтарының білім берудің, денсаулық сақтаудың және әлеуметтік қызмет көрсетудің кепілді әлеуметтік қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету алда тұр.
Әлеуметтік қызмет көрсету саласын, әлеуметтік қызметтер құрамын кеңейту және олардың бекіту және оларды ұсыну тәртібіне өзгерістер енгізу қажет.
Әлеуметтік көмек жүйесін нарықтың шарттарына сәйкес келтіруді ескере отырып, мемлекет кепілдік берген қызметтер мемлекеттік емес бірлестіктер тегін ұсынатын болады. Қосымша қызметтер жеке сектор субъектілерін белсенді тарту есебінен ақылы негізде ұсынылатын болады. Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу, әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын ұйымдардың қызметін міндетті лицензиялауды және олардың қызметкерлерін аккредиттеуді енгізу алда тұр.
Мүгедектерге оңалту қызметтерін көрсетуге өзгерістер енгізілетін болады. Осы қызметтердің нысандары мен көлемі мүгедектіктің туындауы салдарынан адамның жағдайы сипатталатын әлеуметтік қолайыздыққа барабар болуға тиіс.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және өмірде қиын жағдайы душар болған кәмелетке толмағандардың белгілі бір бөлігін әлеуметтік оңалту мәселелері тұрақты көңіл аударуды талап етеді.
Жұмыспен жәрдемдесуді қамтуға әлеуметтік кепілдіктің, еңбек қатынастарының тұрақтылығы мен икемділігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай шаралар қолданылатын болады:
- жұмыспен қамтуға бағдарланған, лайықты еңбекке қол жеткізуді кеңейтетін тұрақты экономикалық жылжыту;
- бәсекеге қабілеттілікті арттыру және әрбір өңірде кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;
- кәсіптік даярлықты, үздіксіз оқытуды, білім беруді және еңбек ресурстарын, бірінші кезекте жастардың сапасын арттырудың басқа құралдарын дамыту;
- үкіметтің, бизнестің, кәсіптікдақтардың және де басқа да азаматтық қоғам өкілдерінің кедейлікті азайту мен жаңа жұмыс орындарын құрудағы күш-жігерін біріктіретін әлеуметтік серіктестіктің тиімділігін арттыру.
Үкімет жұмыстың ақырғы нәтижелеріне бағдарлануын күшейту мақсатында бюджет қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне белгілі бір өзгерістер енгізеді. Бұл ретте творчестволық және инновациялық көқарас, ұйым жұмысының тиімділігіне әрбір қызметкердің үлесінің деңгейі көтермеленетін болады.
Атаулы әлеуметік көмекті(АӘК) көрсету жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын жетілдіру мақсатында аз қамтылған азаматтар санатының мәліметтер қоры құрылды, сондай-ақ өңірлердегі халықты әлеуметтік қорғау органдарына АӘК тағайындауға және төлеуге және оны алушыларға мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі орнатылды.
Әлеуметтік картаның отбасы құрамы, отбасы мүшелерінің дербес есебін отбасының мүліктік жағдайы, оның табысы, шығындары және көрсетілген (ұсынылған) көмектің түрлері, қосалқы шаруашылығының болуы көрсетілетін нысаны әзірленді. Қазіргі сәтте әлеуметтік карта республиканың өңірлерінде сынақтан өткізілуде.
Аумақтық халықты әлеуметтік қорғау органдарының мәліметтері бойынша 2004 жылдың қаңар қыркүйек айларында атаулы әлеуметік көмек табысы кедейлік шегінен төмен 592, 2 мың аз қамтылған азаматқа тағайындалған, ол болса 2003 жылдан осындай кезеңімен салыстырғанда 228, 6 мыңға кем. Сондай-ақ АӘК көрсетуге жұмысалатын шығындар да азайып, олар өткен жылдың осындай кезеңдегі 5, 8 млрд. теңгесімен салыстырғанда 4, 5 млрд. теңгені құрады.
АӘК алушылар ішінен ең үлкен үлес балаларға -62, 4% (369, 2 мың адам) түседі және бұл үлес ұлғаю үрдісіне ие болып отыр (2003 жылы 60, 5%) .
АӘК алушылар арасындағы жұмыссыз азаматтардың және жұмыс істейтіндердің үлесі тиісінше 14, 4% -тен (118 мың адам) және 4, 7% -тен (40, 2 мың адам) 12, 2%-ке дейін (72, 1 мың адам) және 4, 2% ке дейін (24, 4 мың адам ) төмендеді. Сонымен қатар АӘК алушылар ішіндегі зейнеткерлер мен мүгедектердің үлесі де төмендеді. 2003 жылдың 1 қазанына олардың саны 2, 8% (22, 7 мың адам), ағымдағы жылдың 1 қазанына -2, 2% (13, 2 мың адам) құрады.
Балаларды бағып отырған тұлғаар 81, 6 мың адам немесе 13, 8% құрайды, ал 31, 7 мың адамнан тұратын өзге азаматтар санаттары-5, 4% құрайды.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері ойынша 2004 жылдың III тоқсанында күнкөріс деңгейі республика бойынша 5376 теңгені құрады.
Жалпы республикалық орташа деңгейінен төмен күнкөрсі деңгейі Алматы (5115 теңге), Жамбыл (4662 теңге), Батыс Қазақстан (5102 теңге), Қарағанды (5132 теңге), Қостанай (4959теңге), Қызылорда (5157 теңге) Павлодар (5049), Солтүстік Қазақстан (5116 теңге ), Оңтүсік Қазақстан (4645 теңге) облыстарында қалыптасып отыр.
4 тоқсанға кедейлік шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 немесе 2150 теңге мөлешерінде белгіленді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Ұлы Отан соғысы қатысушыларын әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөнінде өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді. Аталмыш заң жобасына сәйкес 2005 жылы соғыс мүгедектері мен ардагерлеріне берілетін арнаулы мемекеттік жәрдемақылардың мөлшелерін 15 АЕК немесе 14475 теңгеге дейін арттыру, оларға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60-жылдығына орай 30 мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсету көзделуде.
Ана мен баланы әлеуметтік қорғау мақсатында есепті кезеңде республикалық бюджет қаражаты есебінен отбасының табысына қарамастан 15 АЕК мөлшеріндегі бала туу байланысты жәрдемақылардың төленуі жалғастырылады.
2003 жыл ішінде мұндай жәрдемақы 165 мың отбасыға бөлінді. 2004 жылдың 1 жарты жылдығында 80 мыңнан астам отбасыға 1, 5 млрд. теңге сомасында жәрдемақы төленді.
Бұл шаралар бала туу ауқымын ынталандыруға, балаларды отбасыда әрбиелеуге мүмкіндік беруге, аз қамтылған балалы отбасылар санын азйтуға септігін тигізеді.
Жұмыссыздарға көмек көрсету. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау жүйесінде белсенді және енжар шараларды даралайды. Белсенді шараларға кәсіптік даярлау мен жұмыссыздарды қайта оқыту, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу жатады. Енжар шаралар жұмысқа орналастыруды, жәрдемақылар төлеу мен жұмыссыздарға материалдық көмек көрсетуді қамтиды.
Дамыған елдерде де жұмыспен қамту саясатына белсенді және енжар компоненттер кіреді. Белсенді іс-шараларға жаңа жұмыс орындарын ашуға, қайта мамандануға, мүгедектерді еңбек қатарына қосуға және т. б. барлық шығындардың 25-30% жұмсалады. Қалған қаражаттар жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар төлеуге пайдаланылады. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық кезінде (1-2 жыл) жұмыссыздар аз қамсыздандырылған азаматтар санатына көшеді де, кедейшілік бойынша жәрдемақылар ала бастайды.
Қазақстанда 1991-1999 жылдары халықты әлеуметтік қорғаудың енжар нысандарына екпін берілді. 1991 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры құрылды, қорға бюджеттен тыс саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар, ал 1997 жылдан бері бюджеттік саладағылар да жалақы қорынан 1-2% ақша аудара басталады.
ҚР «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» (1991ж) бірінші Заңына сәйкес жұмыссыздардың бұрынғы жұмыс стажына, асыраудағы жандарына, жұмыстағы үзілістердің ұзақтығы мен өзге факторларға қарай жұмыссыздарға сараланған жәрдемақылар белгіленеді. Әлеуметтік қолдау көрсетудің анағұрлым жоғары деңгейі штаттың қысқаруына немесе кәсіпорындарды таратқан жағдайға байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге кепілденді. Сондай-ақ мамандыққа оқыту мерзімінде жұмыссыздарға стипендиялар төлеу қарастырылды.
1999 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» жаңа Заңы күшіне енді, ол жұмыспен қамту саласында белсенді саясат жүргізуге, азаматтарды жұмыс іздеуге уәждеуге, халықтың ең осал санаттарына әлеуметтік қорғау көрсетуге бағдарланды. Осы заңға сәйкес жұмыссыздық бойынша жәрдемақы едәуір азайтылды және ол айлық есептік көрсеткіштің 3, 5 еселік мөлшерінде есептеле бастады. Бұрын жұмыс істемегендерге төленетін жәрдемақы жойылды. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау (қайта даярлау) кезінде төленетін стипендиялар айлық есептік көрсеткіштің 3 еселік шамасында сақталды. Қазақстанда жұмыспен қамтудың белсенді саясаты мен еңбек рыногының жаңа парадигмасына көшудің амалсыздан және қаржылық пайымдардың мәжбүр етуінен болғанын атап кеткен жөн. Бюджет жағдайының одан әрі нашарлауы небәрі 3 ай өтпей жатып-ақ жаңа Заңға түзетулер енгізуді талап етті.
ҚР 1999 жылғы 5 сәуірдегі « Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Републикасының Заңына өзгертулер енгізу туралы» Заңына сәйкес белгіленген тәртіпте жұмыссыздар болып танылған азаматтарға жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төленбейтін болды. Оның орнына жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен атаулы көмек көрсету қарастырылды, оны аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету (халыққа әлеуметтік көмек көрсету орталықтары) бөлімдері жүзеге асырады.
Жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар санын бөлу
(еркектер және әйелдерге, мың адам)
Жұмыссыздар (барлығы)
Соның ішінде:
Жылдың аяғына қарай жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар (барлығы)
967, 8
257, 2
925, 0
251, 9
950, 0
251, 4
906, 4
231, 4
Материалдық көмек- біздің жағдайларымызда өте «бұлыңғыр» (көмекті) санат ( категория) . Ол кедей азаматтарға (соның ішінде жұмыстан айырылғындарға да) жергілікті бюджеттердің қаржы жағдайын ескеру арқылы беріледі (тұрғын үйді пайдаланғанда дотация, азық-түлікпен, отынмен, киім-кешекпен заттай көмек көрсету және т. б. ) . Қазақстанда шағын несиелендіру бағдарламасы 1998 жылы біраз дамуын тапты (жұмыссыздар мен кедей азаматтарға 400 АҚШ долларына баламалы мөлшерде шағын несиелер бөлу), оларды жұмыспен қамтудың жаңа салаларын (жұмыс орындарын) ашу және әлеуметтік көмек ретінде қарауға болады.
Алайда қаржылай қаражаттардың жеткіліксіздігіне байланысты бұл бағдарлама 2000 жылы қысқартылды. Сонымен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатына көшу мән жағынан жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды жоюды білдіреді, ал жұмысқа орналастыру мен кадрларды даярлау жөнінде нақты қадамдар жасалған жоқ.
Жоғарыда мазмұндаған мәселенің аспектінде «Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы» әбден уақтылы және керек болып табылды, ол Үкіметтің 2001 27 маусымдағы Қаулысымен мақұлданды, қаулыда жұмыстан айырылған жағдайда әлеуметтік қорғауға арналған арнайы бөлім бар, бөлімде әлеуметтік қорғаудың екі деңгейлік құрылымын енгізу қарастырылған: жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға, кәсіптік қайта даярлауға, жергілікті бюджеттердің есебінен ақылы қоғамдық жұмыстар беруге жәрдемдесу жолымен әлеуметтік қорғау.
Екінші деңгей: белгілі бір уақыт аралығында әлеуметтік сақтандыру жүйесінен ресми сектордың қызметкерлеріне төлемдер беру. Әлеуметтік сақандыру жүйесінен төлемдер алуға азаматтардың құқығы, егер азамат заңнамада белгіленген тәртіп бойныша жұмыссыз болып танылса және жұмыс іздеумен белсенді түрде шұғылданса, сондай-ақ жүйеге нақты салым ақша салған жағдайда пайда болады. Төлемнің мөлшері жалақының деңгейі мен сақтандыру аударымдарының ұзақтығына байланысты болады.
Жеке құқық бұзулар үшін түрлі дәрежедегі мамандықтан айыру жүйесі қолданылады, ол төлемнің мерзімін созуға, азайтуға немесе оны бұзуға құқылы, мәселен, егер мамандағы мен біліктілігі бойынша жұмыс сәйкес келіп, ол осы жұмыстан бас тартқаны, өз еркімен жұмыстан босатылуы және т. б. үшін. Міндетті сақтандыру жүйесін енгізу жұмыссыздарды қамтамасыздандыру жүйесін едәуір жақсарту мен кеңейтуге жағдай жасайды, ал жәрдемақы төлеу мерзімін шектеу белсенді түрде жұмыс іздеуді ынталандыратын болады.
Осы құжаттың мазмұндық жағына тоқталмастан, мынаны айтып өтеміз, міндетті әлеуметтік сақтандырудың есебінен сыйақы беруге жататын әлеуметтік қауіптердің тізбесіне жұмыстан айырылу қаупін кіргізу 2003-2005жж. жоспарланған отыр. Бұл -өте үлкен мерзім. Сонымен бірге жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың бас стратегиясы негізгі 3 мақсатқа қол жеткізуді көздеуі тиіс: экономиканың нақты секторын дамыту, жаңа жұмыс орындарын жасау үшін әсіресе шағын және орта бизнесті дамыту; кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырвулары мен қызметкерлерді жұмыстан босатуға жол бермейтін жұмыс істеп тұрған өнідірістерге бар мүмкіндігінше қолдау көрсету; жұмыспен қамту орындарын жекешелендіру, мұндай шараның қолданыстағы жүйеден айырмашылығы, жекешелендіру, мұндай шараның қолданыстағы жүйеден айырмашылығы, жекешелендіру жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру мен қайта оқытуды шұғыл және икемді түрде жүзеге асыруға септігін тигізген болар еді.
Медициналық сақтандыру . Қажетті медициналық қызметтерді алудың кепілдіктері әлемнің көптеген елдерінде медициналық сақтандыру негізінде іске асырылады. Ол халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, қоғамдық өндірістің аса маңызды факторы-адам капиталын ұдайы өндірудің экономикалық -әлеуметтік үдерістеріндегі ролі біршама қомақты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz