Желілік тақта - компьютерді желіге қосатын құрылғы
Мазмұны:
Кіріспе
I Негізгі бөлім
1.1 Компьютерлік желі
1.2 Компьютерлік желінің құрылу принциптері мен эволюциясы
1.3 Жергілікті желі
1.4 Компьютерлік желілер ұғымы, түрлері
II Есептеу бөлімі
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Компьютерлік желі - бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Жалпы айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем және есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді. Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі - Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады. Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыс атқарады: желімен қатынас құруды ұйымдастыру; олардың арасында мәлімет алмасуды басқару; желі тұтынкшыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп,оларға әртүрлі қызмет көрсету. Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі. Желі топологиясы негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу кұрылымын анықтайды. Желілік техникалық құралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны. Желілік программалық құралдар - компьютерлік желіә жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді. Интерфейстер - желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралы.
Протоколдар - желінің функционалдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады. Компьютерлік желілер және ақпаратты өңдеудің желілік технологиялары қазіргі ақпараттық жүйелерді құрастырудың негізі болды. Компьютерлік желілердің негізінде құрастырылған ақпараттық жүйелер:
- мәліметтерді сақтау;
- мәліметтерді ӛңдеу;
- мәліметтерге қолданушылардың рұқсатын ұйымдастыру. Компьютерлік желілерінің сапасының негізгі көрсеткіштері:
- орындалатын функциялардың толықтығы. Желі барлық қарастырылған функцияларды және барлық ресурстарға рұқсат етуін, және түйіндердің бірлескен жұмыстарында, және барлық протоколдардың және жұмыс стандарттарының орындалуын қамтамасыз етуі керек;
I Негізгі бөлім
0.1 Компьютерлік желі
Компьютерлік желі - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.
Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі -- Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.
Компьютерлік желілері оларды қамтитын территорияға байланысты, келесідей бөлінеді: локальды (LAN -- Local Area Network), глобальды (WAN - World Area Network) және бірлескен желілер. Локальды есептеу желі (ЛЕЖ) мәліметтерді жіберу үшін арнайы құрылғыларды талап етпейтін есептеу жүйесінің территориясына бөлінгенін ұсынады (желілік карталарды және көптеген күрделі конфигурациялар-концентраторларды қоспағанда). Барлық жүйенің ұзақтығы жақын орналасқан тапсырмалардың жайылуына шектеуінің бірнеше километрінен аспауы керек. Глобальды компьютерлік желі (ГКЖ) - кез келген қашықтау орналасқан компьютерлердің ақпараттық ресурстарын байланыстырады, мәліметтерді жіберу үшін жоғары жылдамдықты және сенімді түрлі мамандандырылған құрылғыларды және желілер каналын қолданады. Қол жетімді глобальды желілер кез келген қолданушылар үшін қызмет көрсетуге негізделген. Мұндай желінің абоненттер арасында өзара байланысы телефондық байланыс желі базасында, радиобайланыс жүйелерінде және тіпті, спутниктік байланыстарда жүзеге асады. Корпоративті компьютерлік желі (ККЖ) - аумақтық қашықтау бөлімшелері бар түрлі корпоративті құрылымдардың қызметін қамтамасыз ету үшін құрылады, (мысалы, банктер өзінің филиалдарымен бірге). Жалпы жағдайда корпоративті желі желілер қатарының бірігуі болып табылады, әрқайсысында түрлі техникалық шешімдер қолданылуы мүмкін. Функционалдық тағайындалуы бойынша корпоративті желі локальды желілерге жақын, ерекшелігі бойынша мәліметтерді жіберу үшін техникалық шешімдер және ақпараттық ресурстарды орналастыру мінезі - глобальды желілер. Локалды сияқты глобальды желілер, сонымен қатар корпоративті желілер ереже бойынша жабық типті желіоер болып табылады, рұқсат саясаты олардың иесімен анықталады (ереже бойынша,еркін рұқсат үшін желілердің кейбір сегменттері ашық, жарнамаға бағытталған, клиенттермен өзара байланысқан және басқалары). Жоғарыда айтылғанды қорыта келе біз тәжірибе негізінде компьютерлік желі құрастырдық. Компьютерлерді өзара желі арқылы байланыстырып, ақпаратт алмастық. Компьютерлік желіні құру кезінде бірінші кабель дайындаймыз.
UTP (ағылшын тілінде: unshielded twisted pair, орыс тілінде: неэкранированная витая пара, қазақ тілінде: экрандалмаған есілген қосым) кабелді қысқышпен дайындаудың екі түрлі нұсқасы бар: - тіке жалғанатын кабелді жасауда - желілік картаның портын комутатор(switch) немесе концентратормен (hub) жалғау үшін; - айқасқан кабелді (кросс жасалынған MDI пайдаланатын, ағылш. MDI-X) жасауда - компьютерде орналасқан екі желілік тақтаны тікелей қосуда, түрлендірілген байланысты таратуды реттейді, сонымен қатар концентратор немесе коммутатордың (uplink-порт) кейбір ескі үлгілеріне біріктіру үшін қолданылады. 8P8C (8 Position 8 Contact) қысу барысында реттейді (RJ45 көбiнесе қате аталатыны). Тікелей жалғанатын кабель (ағылш. straight through cable , орыс. прямой кабель). Егер кездейсоқ жағдайда, сыртқы айқастырумен MDI кабелі қажет болса, онда компьютерлерді концентратор немесе комутаторға тіке жалғанатын кабель арқылы қосу үшін келесі түстер қолданылады: 1 ақ-жасыл, 2 жасыл, 3 ақ-сары, 4 көк, 5 ақ-көк, 6 сары, 7 ақ-қоңыр, 8 қоңыр
TIAEIA-568A стандарт бойынша нұсқасы 1-суретте көрсетілген.
.
Сурет 1 -- TIAEIA-568A стандарты
TIAEIA-568B(жиі қолданылады) стандарт бойынша нұсқасы. 2-суретте көрсетілген.
Сурет 2 -- TIAEIA-568B стандарты
Айқасқан кабель (crossover cable). Бір типті құрылғыларды байланыстыру үшін қолданылады(мысалы, компьютермен компьютерді). Дегенмен көптеген желілік құрылғылар кабельді қысу әдісін автоматты түрде анықтайды (Auto MDIMDI-X).
Мысалға, компьютермен компьютерді (100 Мбитс жылдамдығында) байланыстыру үшін MDI-X ішкі айқасқан кабелі керек болса, онда кабельдің бір жағынан EIATIA-568B сызбасы, ал екінші жағынан EIATIA-568А сызбасы қолданылады. 3-суретте көрсетілген
Сурет 3 -- 100 Мбитс жылдамдығына арналған нұсқасы
1000 Мбитс жылдамдықпен байланыстыру үшін crossover кабельін дайындауда бір жағын EIATIA-568B стандартына сәйкес, ал екінші жағын: 1: Ақ -- жасыл 2: Жасыл 3: Ақ -- сары 4: Ақ -- қоңыр 5: Қоңыр 6: Сары 7: Көк 8: Ақ- көк түстеріне сәйкес қысу қажет. 4-суретте көрсетілген.
Сурет 4- 1000 Мбитс жылдамдық бойынша байланысу нұсқасы
Есілген қосымды дайындау үшін көбінесе RJ-45 (RJ45) деп аталатын 8P8C(8 Position 8 Contact) коннекторы қолданылады. 5-суретте RJ-45 коннекторы көрсетілген(сол жағында есілген қосым үшін экрандалған корпуспен FTPSTPSSTP, оң жағында- UTP).
.
Сурет 5 -- RJ-45 коннекторы
Желілік тақта - компьютерді желіге қосатын құрылғы. Бұл құрылғы сондай-ақ желілік карта, желілік бейімдеуіш, желілік адаптер, Ethernet-адаптер, желілік тілдесу тақтасы (NIC) деген атаулармен белгілі. Компьютерге орнатылған желілік тақта желіге қосылым орнатуға мүмкіндік береді. Басқа желілік тақталардың көмегімен басқа компьютерлермен арада бөлек, тұрақты жұмыс істейтін қосылым қамтамасыз етіледі. Желілік тақталардың көпшілігі желінің белгілі бір тұрпатына арналған, бірақ олардың кейбіреулері бірнеше желіге қызмет көрсете алады. Желінің ең кең тараған тұрпаты - Ethernet; бұл компьютерлердің өзара әрекеттесуінің желілік стандарты, онда коаксиалды сым немесе өрілген қос сым пайдаланылады. TCPIP хаттамасы. TCP хаттамасы Transfer Control Protocol, яғни хаттамасына сәйкес жөнелтілетін мәліметтер шағын пакеттерге бөлінеді де, олардың әрқайсысы белгілі бір тәртіппен таңбаланады. Бұлай таңбалану тәсілі мәліметтерді керекті компьютерге жеткізгеннен кейін, қайтадан біріктіруге мүмкіндік береді. IP хаттамасы Internet адрестік протокол хаттамасы болып табылады. Оған сәйкес дүниежүзілік желіге қосылған әрбір компьютердің өзіндік ерекше адресі IP-адресі болуы тиіс. TCPIP протоколы бойынша ақпараттарды жіберу схемасы мынадай: TCP протоколы ақпараттарды пакеттерге бөліп, оларды нөмірлейді, одан соң IP протоколының көмегімен барлық пакеттер қабылдаушыға тапсырылады, сол жерде барлық пакеттердің қабылданғаны жайында TCP протоколының көмегімен тексеріледі. Барлық пакеттер қабылданып болған соң TCP протоколы оларды қажетті тәртіп бойынша орналастырады және біртұтас етіп жинайды. Әрбір интернетке қосылған компьютердің бағалары бірдей, өте сирек кездесетін екі мекен-жайы: сандық IP-мекен-жайы (цифровой IP-адрес) және символдық домналық мекен-жайы(символический доменный адрес) бар. Мекен-жайды тағайындау мынадай схема бойынша жүргізіледі. Жүйелі ақпараттық орталық халықаралық ұйым локальды жүйелердің қожалары(иелері) мекен-жайлардың топтамасын береді, ал қалғандары нақты мекен-жайларды өз еріктеріне бөледі. IP-компьютердің адресі, оның ұзындығы 4 байт. Әдетте бірінші және екінші байттар жиі адресін, ал үшінші байт жүйе бөлімшесінің мекен-жайы, ал төртіншісі - бөлімше жүйенің тармағының адресін анықтайды. IP адреске ыңғайлы болу үшін адрес нүктелерімен бөлініп 0-ден 255-ке дейінгі төрт таңбалы сандармен жазылады: мысалы:145.37.5.150. Жүйе адресі - 145.37; адрес жүйе бөлімшесі - 5; компьтердің жүйедегі адресі - 150. Сандық мекен-жаймен домналық (ағыл. domain - аумақ, област) мекен-жайдың айырмашылығы оның символикалығында және оны адам есте жақсы сақтайды. Ping дегеніміз - TCPIP негізінде желілердегі қосылуларды тексеруге арналған утилита: желінің көрсетілген торабына ICMP хаттамасының сауалдарын (ICMP Echo-Request) жолдайды және келіп түсетін жауаптарды тіркейді (ICMP Echo-Reply). Сауалды жолдау мен жауап алудың аралығындағы уақыт бағдар бойынша екіжақты кідірістерді (RTT) және пакеттердің жоғалу жиіліктерін анықтауға мүмкіндік береді, яғни жанама түрде мәліметтер жөнелту арналары мен аралық құрылғылардың жүктелімін анықтайды. Жоғары айтылғанды қолдана отырып компьютерлік желі құруды тәжірибе жүзінде көрейік. Ол үшін біз компьютерлік желінің макетін Cisco Packet Tracer бағдарламасы арқылы құрып, тексеруге болады. Cisco Packet Tracer - бұл модельдеудің мықты желілік программасы, желінің жұмысымен тәжірибелеуді рұқсат етеді, құрылғылардың тәжірибелік жағынан шексіз санымен желіні құра отырып, құрылғыны қолдануын табады және оны қойылған талаптарға сол немесе басқа ортаның күйіне келтіреді. Программа тапсырманы қабылдаудың жылдамдығының шығармашылық ықпалын және сыни ойлаудың даму сапасын мүмкіндік береді. Сырт пішінін күйге келтіру және желілердің виртуалды құрылғыларды қолдану және жалғыз өзін байланыстыру имитациясы арқылы ақаулығын жояды. Cisco Packet Tracer - түсініктер және протоколдармен оқытудың тиімді интерактивті ортасын ұсынады. Өз қолымен жеке виртуалды желі әлемін, тұжырымдама және желі технологиясын тәжірибе жасауға және түсіндіруге зерттеу үшін құруға болады.

Компьютерлік желі - бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға,пайдалануға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді. Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.
Енді оның тарихына қысқаша тоқталып кетейік. DARPA атты американ мекемесі 1966 жылы телекоммуникациялық желілердің жобасын ұсынды. Онда компьютерлерді бір-бірімен өте үлкен қашықтықтар арқылы біріктіріп, орналастырылды. Жүздеген мамандардың жұмыстарының нәтижесінде 1969 жылы алғашқы аймақтық ARPANet компьютерлік желісі пайда болды. Ол әскери мақсатта пайдаланылды және онда қашықтықта орналасқан компьютерлер түрлі программаларды жіберу, электрондық хабарламаларды жіберу және жүйеге ену құқықтарын қолданушы жүзеге асыра алады.
Ал, 70-жылдары ARPANet принципі басқа аймақтарда орналасқан компьютерлік желіліер енгізілді. Бұның жалғасы, яғни 80 - жылдары Интернеттің пайда болуына әкеліп соқты. Онда жұмыстың жалпы протоколдары қамтамасыз етілді. Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне байланысты жергілікті (ЖКЖ) және аумақты (АКЖ) компьютерлік желі болып бөлінеді.
Бүкіләлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз:Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді.Жергілікті желі құрудағы себеп -- өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу.
Егер жалпы желіге бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы компьютерлер немесе жергілікті желілер біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылған немесе аймақтық желі деп атайды. Қазіргі кезде ірі компьютерлік желілер саны жүздеген мыңдармен есептеледі. Бір немесе бірнеше желілерді бір - бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.
І кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деректерлерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары сапалы бағалы қымбат компьютерлермен жұмыс жасау кезінде қиындықтар келтірді.
ІІ кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір бойынша деректерді жіберу арналған телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді.
ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты бұл желі 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды. 90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.
ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модельVRML пайда болды.
Классификациясы:
Территориалды таралуы бойынша:
* PAN (Personal Area Network) -- персоналды желі, бір иегерге тиісілі түрлі құрылғылардың өзара әрекеттесуі үшін қажет.
* LAN (Local Area Network) -- жергілікті желі, қызмет көрсетушілеріне шығуына дейін тұйық инфрақұрылымы болады. LAN термині кішкене офистік желіні де, жүздеген гектар аймақты алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні анықтай алады. Шетелдік негіздерде тіпті жуықталған бағалау береді -- радиусы алты милге жуық (10 км) болатын желілер. Жергілікті желілер жабық типті желілер болып табылады, бұл желіде өздерінің кәсібіне байланысты жұмыс істейтін, тек қолданушылардың шектелген тобы ғана рұқсатты ала алады.
* CAN (Campus Area Network -- кампустық желі) -- жақын орналасқан ғимараттардың жергілікті желілерін біріктіреді.
* MAN (Metropolitan Area Network) -- бір немесе бірнеше қала шегіндегі мекемелер арасындағы қалалық желілер, көптеген жергілікті есептеуіш желілерді байланыстырады.
WAN (Wide Area Network) -- глобалды желі, үлкен географиялық аймақтарды алатын, ішіне жергілікті желілермен қоса, телекоммуникациондық желілер мен құрылғылар да кіреді. WAN мысалы -- пакеттер коммутациясы бар желілер (Frame relay), олар арқылы түрлі
1.3 Жергілікті желі
Жергілікті желі - салыстырмалы түрде шектеулі кеңістіктің (мысалы ғимараттың) шегінде компьютерлер, басып шығарғыштар мен басқа да құрылғылар тобын біріктіретін коммуникациялық желі. Жергілікті желі бір біріне қосылған құрылғылардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді.
Желі - мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы. Есептеу желісі - бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған программалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Аппараттық жабдықтар ішінде әртүрлі типті және класты компьютерлермен қатынастық жабдықтарды атауға болады. Программалық құрауыш операциялық жүйе мен желілік қолданбалардан тұрады. Желінің тиімді жұмыс істеуі үшін ОЖ-дің арнайы түрлері - желілік ОЖ қолданылады. Желілік ОЖ - есептеу желісін бір орталықтан басқаруға арналған программалар кешені (Windows NT, Novell NetWare, т.б.). Желілік қолданбалар - желілік ОЖ-нің мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалық кешендер (пошталық программалар, желілік мәліметтер қорлары, т.с.с.). Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:
- жұмыс станциялары;
- желі серверлері;
- қатынастық тораптар.
Жұмыс станциясы (ЖС) (workstation) - желіге қосылған дербес компьютер және ол арқылы пайдаланушы өз жұмысын атқарады және желінің ресурстарына қатынауды жүзеге асырады. Ол өзіндік операциялық жүйемен жабдықталған (MS DOS, Windows және т. б.) және пайдаланушыға қолданбалы есептерді шығаруда барлық қажет құралдармен қамтамассыз етілген. Жұмыс станцияларының үш типін ерекшелеуге болады, олар - жергілікті дискілі жұмыс станциясы, дискісіз жұмыс станциясы, қашықтағы жұмыс станциясы. Жергілікті дискілі жұмыс станциясында ОЖ осы дискіден, ал дискісіз жұмыс станциясында ОЖ файлдық серверден жүктеледі. Қашықтағы жұмыс станциясы - желіге телеқатынастық байланыс арнасы (мысалы, телефон желісі) арқылы қосылған станция.
Сервер (server) - желіге қосылған және оның пайдаланушыларына белгілі қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін компьютер. Серверлер желіні пайдаланушылардың қажеттілігінен туындайтын мәліметтерді сақтауды, мәліметтер қорына сұраныстарды өңдеуді, жойылған тапсырмаларды өңдеуді, тапсырмаларды басып шығаруды және басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Сервер - желі ресурстарының қайнар көзі. Атқаратын функцияларына байланысты серверлердің келесі типтерін анықтайды.
Ерекше көңілді сервер типтерінің ішіндегі - файлдық серверге (file server) (көбінесе файл-сервер атауы қолданылады) аудару қажет. Файл-сервер - желідегі пайдаланушылардың мәліметтерін сақтайды және осы мәліметтерге қатынауды қамтамассыз етеді. Бұл - үлкен сыйымдылықты оперативтік жады, қатты дискісі және магниттік таспадағы қосалқы жинағыштары (стример) бар компьютер. Файл-сервер өзінде орналасқан мәліметтерге желі пайдаланушыларының бір мезгілді қатынауын қамтамассыз ететін ерекше операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейді. Файл-сервер келесі функцияларды орындайды: мәліметтерді сақтау, мәліметтерді архивтеу, әртүрлі пайдаланушыларменорындалатын мәліметтер өзгертулерін үйлестіру, мәліметтерді жіберу. Көптеген есептер үшін бір файл-серверді қолдану қажетсіз болып табылады, онда желіге бірнеше серверлерді қосу мүмкін. Файл -сервер ретінде мини - ЭЕМ қолданылуы мүмкін.
Мәліметтер қоры сервері (database server) - мәліметтер қоры файлдарын сақтау, өңдеу және басқару функцияларын жүзеге асыратын компьютер. Мәліметтер қоры сервері
- мәліметтер қорын сақтау, олардың тұтастығын, толықтығын, өзектілігін қолдау;
- мәліметтер қорына сұраныстарды қабылдау және өңдеу, өңдеу нәтижелерін жұмыс станциясына қайтару;
- мәліметтер қорына авторланған қатынауды қамтамассыз ету, пайдаланушыларды есепке алу және сүйемелдеу жүйесін қолдау, пайдаланушылардың қатынас құру мүмкіндіктерін шектеу;
- үлестірілген мәліметтер қорын қолдау, басқа жерлерде орналасқан мәліметтер қоры серверлерімен әрекеттесу
функцияларын атқарады.
Қолданбалы программалар сервері (application server) - пайдаланушылардың қолданбалы программаларын орындауға қолданылатын компьютер.
Қатынастық сервер (communications server) - жергілікті желі пайдаланушыларының өз тізбектік енгізушығару порттарына айқын қатынас мүмкіндігін беретін құрылғы немесе компьютер.
Қатынау сервері (access server) - тапсырмаларды қашықтан өңдеуді орындауға бөлінген компьютер. Қашықтағы жұмыс станциясынан ынталандырылған программалар осы серверде орындалады. Қашықтағы жұмыс станциясынан пайдаланушының пернетақтадан енгізілген командалары қабылданады, оған орындалған тапсырма нәтижелері қайтарылады.
Факс-сервер (fax server) - жергілікті желінің пайдаланушылары үшін факсимильдік хабарларды қабылдау және таратуды орындайтын құрылғы немесе компьютер.
Мәліметтерді резервті көшірмелеу сервері (back up server)- файл-сервер және жұмыс станцияларында орналасқан мәліметтердің көшірмелерін құру, сақтау және қайта қалпына келтіру міндеттерін шешетін құрылғы немесе компьютер. Мұндай сервер ретінде желідегі файлдық серверлердің бірі болуы мүмкін.
Желінің қатынастық жабдықтарына (тораптарына) келесі құрылғылар жатады:
- қайталауыш;
- коммутаторлар (көпірлер);
- маршруттауыштар;
- көмейлер (шлюздер).
Желінің ұзындығы, станциялар арақашықтықтары ең алдымен беру ортасының (коаксиальды кабельдің, есулі қос өткізгіштің, т.б.) физикалық мінездемелерімен анықталады. Мәліметтерді кез келген ортада жіберуде сигналдың бәсеңсуі пайда болады, бұл арақашықтықтарды шектеуге әкеледі. Осы шектеулерді жеңіп, желіні кеңейту үшін арнайы құрылғылар - қайталауыштар, коммутаторлар мен көпірлер орнатылады. Мұндай кеңейту құрылғылары енбеген желі бөліктері желі сегменттері деп аталады.
Қайталауыш (repeater) - келген сигналды күшейткіш және қайта өндіретін құрылғы. Барлық қайталаушпен байланыстырылған сегменттерде әрбір уақыт мезетінде тек екі станция арасында мәліметтер алмасуы жүзеге асырылады.
Коммутатор (switch) немесе көпір (bridge) - бірнеше сегменттерді біріктіруге арналған құрылғы. Бұл жағдайда әртүрлі сегменттердің әрбір станция жұптары үшін біруақытта бірнеше мәліметтер алмасу үрдістерін қолдайды.
Маршруттауыш (router) - бір немесе әртүрлі типті желілерді бір мәліметтер алмасу хаттамалары бойынша біріктіретін құрылғы. Маршруттауыш берілу адресін талдап жане мәліметтерді тиімді таңдалған маршрутпен бағыттайды.
Көмей (gateway) (шлюз) -- әртүрлі мәліметтер алмасу хаттамаларын қолданатын әртүрлі желі объектілері арасында мәліметтер алмасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрылғы.
Қазіргі уақыттағы есептеу желілеріне қойылатын негізгі талаптар. Есептеу желілері кез келген желі пайдаланушысы үшін желінің кез келген ресурсына қатынауды қамтамассыз ету мақсатында құрылады. Желінің өмір сүруінің аумақты мінездемесі ретінде ресурсқа қатынау сапасы желінің алдына қойылған міндеттерге байланысты әртүрлі көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін. Мұндай көрсеткіштердің негізгілері:
- өнімділік;
- сенімділік;
- басқарылымдық;
- кеңейтілімдік;
- айқындық;
- жинақталымдық.
Есептеу желілерінің жіктелулері. Есептеу желілерін бірнеше белгілер бойынша жіктеуге болады. Аумақтық белгілеріне байланысты есептеу желілерінің түрлері:
- жергілікті желілер (LAN - Local Area Network) ;
- ауқымды желілер (WAN - Wide Area Network).
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz