Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың адам ағзасына әсерін салыстыру


\
Тақырыбы: «Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың адам ағзасына әсерін салыстыру»
Кіріспе
Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік факторлар ол адамның денсаулық жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар. Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса. Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
Зиянды өндірістік фактор - жұмыскерге әсері ауруға немесе жұмыс жарамдылығының төмендеуіне және ұрпағының денсаулығына теріс әсеріне алып келуі мүмкін өндірістік фактор, белгілі бір жағдайларда (қарқындылық, ұзақтық және т. б. ) жұмыс істеушіге әсері кәсіптік ауру, жұмыс қабілетінің уақытша немесе тұрақты төмендеуін тудыруы, соматикалық және инфекциялық аурулардың жиілігін арттыруы, ұрпағының денсаулығының бұзылуына алып келуі мүмкін орта және еңбек процесінің факторлары. Сандық сипаттамасына (концентрация және т. б. деңгейне) және әсер ету ұзақтығына байланысты зиянды өндірістік қауіпті болуы мүмкін.
Қауіпті өндірістік фактор - жұмыс істеушіге әсері жұмыс қабілетінің уақытша немесе тұрақты төмендеуіне (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлім-жітімге алып келуі мүмкін өндірістік фактор, әрекет ету табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизикалық болып бөлінеді.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар төрт топқа бөлінеді : биологиялық, психофизиологиялық, физикалық, химиялық.
1. Физикалық факторлар - жылжымалы машиналар мен механизмдер, электр тоғы, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т. б
2. Химиялық факторлар - улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.
3. Биологиялық факторлар - ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т. б.
4. Психофизиологиялық факторлар - физикалық, нервпсихиялық және эмоциялық қажу т. б.
Темекінің зияны
- Ас қорытуға
- Асқа деген тәбетті қайтарады.
- Ас қорытуды қиындатады.
- Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
- Асқазанда жара пайда болады.
- Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.
- Тыныс алуға
- Жөтел және қақырық пайда болады.
Зиянды, қауіпті заттар және қолайсыз факторлар арқылы атқарылатын жұмысқа жіберуге болмайтын жалпы медициналық көрсеткіштер төмендегідей:
1) ағзалардың туа болатын аномалиясы салдарынан, олардың атқаратын қызметінің жетіспеушілігі орын алғанда.
2) орталық және шеткергі жүйке жүйесінің органикалық ауруларының салдарынан олардың қызметінің тұрақты түрде бұзылуы орын алғанда.
3) созылмалы психикалық аурулар және психоневрологиялық диспансерлерде міндетті түрде диспансерлік бақылауға жататын түрлері және соларға тең боп келетін жағдайларды; жиі ұстайтын қояншық ауруын.
Психикалық ауруларға жақын, ес өзгерулері анық түрде болған жағдайда тиісті жұмыстарға жарайтыны туралы мәселені психоневрологиялық ұйымның комиссиясымен жеке түрде, арнайы шешіледі.
4) нашақорлық, уытты заттарға әуестену, созылмалы маскүнемдік.
5) Эндокринді жүйелердің ауруы (қант диабеті, тиреотоксикоз және басқалары), жұмысқа жіберу жеке түрде, арнайы шешіледі.
6) Қатерлі ісіктер (емдеу өткізілгеннен кейін абсолютті қарсы көрсеткіштердің болмаған жағдайда мәселе жеке түрде, арнайы шешілуі керек) .
7) Қан жүйесінің барлық қатерлі ісік түріндегі аурулары.
8) ІІ-дәрежедегі қан қысымының жоғарылауы, өрши беретін, күрт асқынатын, жиі қайталанатын түрлері (жұмысқа жіберілуі туралы шешім жеке түрде, арнайы шешіледі) .
9) ІІІ- дәрежедегі қан қысымының жоғарылауы.
10) Қан айналымының жетіспеушілігімен сипатталатын жүрек аурулары (декомпенсация-қалпына қайтіп келмейтін түрі) .
2. Екінші кезеңде қол ауыруы өрши түседі, сезімталдық төмендейді, дене қызуы төмендейді, қол терісі көгеріп кетеді, артериялық қысым ауытқиды.
3. Үшінші кезеңде екінші кезеңдегі белгілер күшейеді. Жұдырық түйген кезде, саусақтардың ағаруы, ұйуы.
4. Төртінші кезеңде дене қызуы тым төмендейді. Дене бұлшықеттері түгелімен ауырады. Жүйке жүйе және эндокринді жүйе қызметтері бұзылады, бас айналады, бас, кеуде бөліктерінің ауыруы.
Шаң және газдар
Шаң тек қана адамға қолайсыз жағдай туғызады. Оның қауіптілігі шаңдағы материал түріне материал түріне, оның бөлшектерінің көлеміне байланысты болып келеді. Фосген адмаға оның иісін сезіп, танып білгенге дейін қауіпті болып келеді. Бұны орташа қауіпті лі топтарына жатқызамыз. Бұл топтын қосылыстарына цианофенфос, циперметрин, сульфаллат кіреді.
Ал, әлсіз қауіпті топтың қосылыстарына аллетрин, келтан, малатион жатады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz