Конституциялық - құқықтық нормалар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Конституциялық құқық ұғымы
2. Құкықтық реттеудің негізгі әдістері
3. Конституциялық-құқықтық нормалар

Кіріспе
Конституциялық құқық -- адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді.
Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі -- конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда көрсетілген мәселелерді ғана реттеуде колданылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот жүйесі бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің кызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі. Жай заңдар -- қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді. Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді жаткызуға болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлықтары -- мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты президент кабылдайтын акті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары -- үкіметтің өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық мазмұндағы актісі. Халықаралық келісімшарт нормалары да конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады.

1. Конституциялық құқық ұғымы. Құкық жүйесінің басты саласы - конституциялық құқық болып табылады (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқык, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, каржы құқығы және т.б.
Конституциялык құқық маңызды мынадай мәселелерді:
* қоғам мен мемлекет кұрылысының негіздерін;
* мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
* адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.
Құқық дегеніміз - мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Құқық нормалары өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Осы мақсатта олар салаларға, салашықтарға және құқық институттарына бөлінеді. Мұндай құрылым құқық жүйесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқығының түсінігі, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау
Конституциялық-құқықтық нормалар, институттар мен принциптер
Қазақстан Республикасынаң құқығы негіздері
Конституциялық құқықтық нормалардың қызметтері
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Конституциялық – құқықтық нормалар, институттармен принциптер
Конституциялық-құқықтық нормалар, институттары мен қағидалары
Конституциялық құқық - құқық саласы ретінде
Конституциялық құқықтың ұлттық құқық жүйесіндегі рөлі, конституциялық құқық ғылымы
Конституциялық құқық. Құқықтық норма
Пәндер