Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Ортаңғы топты қоршаған ортамен таныстыру


МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

ІІ Негізгі бөлім2

2. 1 Ортаңғы топ балаларын қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру ерекшеліктері2

2. 2. Ортаңғы топ балаларын қоршаған ортамен таныстыру, материалдарын тиянақты меңгерту жолдары2

2. 3. Мектеп жасына дейінгі балаларда қоршаған ортанын тұтас бейнесі әлеуметтік ортасы туралы түсініктерін қалыптастыру2

Қорытынды2

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі2

Қосымшалар2

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Мектепке дейінгі жастағы балаларды сыртқы әлеммен таныстыру - бұл сенсорлық тәжірибеге негізделген дүниеге қатысты дұрыс идеялар мен білім беру құралы, және оған дұрыс көзқараста тәрбиелеу. Бұл бірінші нақты білімнің және өмір бойы жиі естелетін эмоциялық оқиғалардың көзі. Жақында баланың әлеуметтік дамуына көп көңіл бөлінді. Қоғамның негізгі міндеті - әлемді «ішкі ішінен» көрсету және балаға оның қатысушысы, оқиғалардың қатысушысы, трансформаторы ретінде осы әлемдегі орны туралы түсінуге көмектесу. Баланың дамуы мен әлеуметтенуі үшін әртүрлі пәндер туралы идеялар үлкен маңызға ие. Балалар осы әлемге келген соң, айналадағы заттардың мақсатын, мағынасын түсінбейді. Заттар әлемін ашу ересектер арқылы тәжірибе ретінде көмектеседі. Заттар әлемі (заттар, объектілер) баланың өмірінде дербес мәнге ие: бірінші қызмет объектісі бола отырып, ол қоршаған ортаны танудың алғашқы белгісі болып табылады

Мектепке дейінгі педагогика тарихында балаларды пәндік әлеммен таныстыру әрқашан маңызды міндеттердің бірі болып саналды, оны шешу үшін балаларды педагогика саласындағы белгілі прогрессивті қайраткерлердің (Ф. Фребель, М. Монтессори, К. Д. Ушинский, Л. Н. Баланың танымы мен ойлану қабілетінің және ой-өрісінің дамуындағы, жекебас ретінде қалыптасуындағы табиғатты оқытудың маңызы туралы пікірлерді академик В. А. Сухомлинскийдің еңбектерінен көптеп кездестіреміз. Ол " . . . Балалардың сезіміне, түйсігіне, қиялына ықпал жасаңдар, шексіз әлемге деген терезені біртіндеп қана ашыңдар", - деп, уағыздайды. Ғалым жас балалардың табиғат аясында ой еңбегінің де өркендейтінін, зор эмоциялық өрлеу кездерінде бала ойы ерекше айқын, ал есте сақтауы неғұрлым интенсивті түрде болатынына көз жеткізе білген. Себебі ғалым баланы алты жастан бастап оқытуға болатынын өз іс-тәжірибесі арқылы бұған дейін дәлелдеді. Бірақ ол алты жастағы баланы партаға отырғызып қойып оқытуды уағыздаған жоқ. "Дүниедегі ең ғажайып кітаптың - табиғат кітабының беттерін оқитын болуы" керек деп, соған күш салды. Мектеп қабырғасына жаңа келген алты жастағы сәбидің даму ерекшелігін айтқанда " . . . табиғаттағы ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен бала миымен істес боламыз", сондықтан онымен жұмыста сақтық керек деп ескертеді.

Толстой) еңбектерімен таныстыру қажет. Мектепке дейінгі педагогиканың қазіргі кезеңінде бұл мәселе өзінің өзектілігін жоғалтпады. Көптеген педагогтар бұрынғысынша балаларды қоршаған ортаға тартуға ерекше мән береді.

Осы мәселе бойынша терең және жүйелі жұмыстың басталуы мектепке дейінгі балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын қалыптастыру мәселесі болды. Жүргізілген диагностиканың нәтижелері бойынша мектепке дейінгі жастағы балаларға жалпы заттарды топтастыру және тану нашар болып жатады, олар қолдан жасалған және табиғи әлем заттарын анықтау кезінде қиындықтарға тап болады, тарихқа қызығушылық танытпады, адамның қайта құру қызметінің мақсаттылығын түсіндіре алмады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, балалардың пәндік әлемге танымдық қызығушылығын жеткіліксіз қалыптастыру туралы қорытынды жасауға болады. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуне арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.

Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.

Баланың жан-жақты дамуы, оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.

Зерттеу мақсаты:

  • Мектеп жасына дейінгі баланың ойын дамыту интеллектуалды және эмоционалды жағынан жетілдіру;
  • Баланы ауылшаруашылығы мен төрт мезгілмен таныстыру;

Зерттеу міндеттері:

  • Баланың ойына, қиялына, тілінің дамуына дүниетану арқылы әсерін тигізу;
  • Айналамен таныстыру барысында оқушыларды туған жерін сүюге тәрбиелеу;
  • табиғатты қорғау дағдылары ғана қалыптасып қоймай, ой қорыту, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту;

Зерттеу нысаны: балабақшада мектепке дейінгі балалардың оқу үрдісі және интелектуалдық қабілетін, білімдік дағдыны қалыптастыру білімінің күрделі жүйесін ұғындыру, таным үрдістерін дамыту.

Зерттеу пәні: Мектептердегі оқу үрдісі бойынша айналамен таныстыру, дүниетану пәні.

Зерттеудің болжамы: Аталмыш тұлғаның жан - жақты білімді, мәдениетті екені тек оның танымының, азаматтық болмысының дұрыс қалыптасуымен, іс - қимылының пайдалылығымен өлшенеді десек, осы бір талап тұғырнамасының, мектеп қабырғасына жаңа келген алты жастағы сәбидің даму ерекшелігін айтқанда " . . . табиғаттағы ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен бала миымен істес боламыз", сондықтан онымен жұмыста сақтық керек деп ескертеді білеміз.

Зерттеу әдістері: Алты жасар балаға берілетін ұғым олардың қоршаған орта туралы алғашқы ғылыми түсініктерін қалыптастыру тіршілігіндегі мәнін ұғындыру арқылы танымдық қызығушылығын арттыру.

Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмысым кіріспе, тарау, қорытындыдан тұрады.

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Ортаңғы топ балаларын қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру ерекшеліктері

Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілермен топтағы балалардың аты-жөніндерін тани бастайды. Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі, т. б айырмашылықтарын ажырата бастайды. Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасағаны, қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді.

Балалар әсіресе ұлдар жағы қызығы көлік түрлерін, яғни ұшақ, поезд, жеңіл, жүк машина және әртүрлі көліктер түрлерінің міндеттерін жақсы біледі. Балалар бос уақытында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.

Қоршаған орта мен тәрбие жұмыстарының түрлері:
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.

Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.

Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.

Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Серуен кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-тәсілдердін қолдану қажет. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек. Серуенде ағаштарды, гүлдер мен шөптерді ажыратуға, оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.
Еңбек барысында- ойын әрекеті арқылы балалардың қызығушылықтарын дамыту қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері арқылы, не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды жасау.
Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.

Сонымен, аталған талаптарға сай бақылауды өткізу тәрбиешінің арнайы дайындығы болған жағдайда жүзеге асады. Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:

• Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.

• Бақылауды өткізу орны және уақыты.

• Бақылаудың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдері болады.

• Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор.

• Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру;

• Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету;

• Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен салыстыру;

• Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету;

• Топырақтың қасиеттерін атап айтуға үйрету;

Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ бір-бірімен байланысты болып келеді. Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым - қатынас кезінде танып біледі. Сондай-ақ 3-4 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі мүмкін.

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл - ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Мектепке дейінгі жас- естің және тілдің қарқынды даму жасы.
Тәрбиеші-педагог баланы ертеңгі болашағына дұрыс көз қараспен қарай отырып, баланың мінез құлқын сана - сезімнің тілінің жетілу дәрежесін, таным үрдістеріні (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып дамуын қадағалап, әрі дұрыс бағдар беру керек. Балалардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлеу дағдылары -
(зейін, қабылдау, есту, ойлау, есте сақтау) - қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Зейін дегеніміз- сананың қандай да болса да бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке шоғырлануы.

Ойлау дегеніміз-фактілер мен құбылыстарды дерексіздендіру, қорыту, жанама түрде жүргізу, байланыстарын белгілеу және олардың арасындағы қатынастарды анықтау арқылы қол жететін таным процесі
Ес дегеніміз- есте сақтау және оны кейін жаңғырту болып табылады.
Балалардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлеміз. Ақыл -ойдың дамуымен тікелей байланысты. «Сөз ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр» деп В. Г. Белинский айтқандай, тіл-ойдың сыртқы көрінісі.

Ой дамыту - тіл дамытумен ұштасады. Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі- жаңылпаш, жұмбақ айтқызып, оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады. Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай, жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Балаларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, алғырлыққа, тапқырлыққа үйретеді.

Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу Бүгiнгi күнi қoғaмдa қopдaлaнғaн көптeгeн өзeктi дe өткip мәceлeлepдi oңтaйлы шeшу көп peттe aзaмaттық қaуымдacтықтың дaму дeңгeйiн өpicтeтугe, бaлaлapғa экoлoгиялық тәpбиe бepугe қopшaғaн opтaғa дeгeн құpмeтiн, Тaбиғaт-Aнaғa aзaмaттық cүйicпeншiлiгiн қaлыптacтыpуғa тiкeлeй бaйлaныcты.

Қoғaмдық өмipдeгi қaзipгi қaйтa құpулap, экoлoгияны қopғaудaғы жaңa cтpaтeгиялық бaғдapлap мeн бaғыттap, қoғaмның aшықтығы, oның жeдeл aқпapaттaнуы мeн қapқынды дaмуы бiлiм бepугe қoйылaтын тaлaптapды түбeгeйлi өзгepттi.

Қaзipгi кeздe мaңызды мәceлeлepдiң бipi мeктeп жacынa дeйiнгi бaлaлapғa экoлoгиялық тәpбиe бepудiң пeдaгoгикaлық нeгiздepi.

Aйнaлaмeн тaныcу apқылы, oйындapды oйнaу бapыcындa бaлaлap тaбиғaт cыpлapын өзiндiк epeкшeлiктepiн тaнып бiлу дaғдылapын игepeдi.

Дaялық тoптa бaлaлapдың қызығушылық қaбiлeттepiн apттыpудa әp түpлi әдic-тәciлдep қoлдaнылaды. Мeктeп жacынa дeйiнгi тoптa бaлaның oй-өpiciн дaмытуғa бaғыттaлғaн жұмыcтapды жaлпы aзaмaттық мәдeниeттiң мaңызды кoмпeнeнтi peтiндe қapacтыpғaн дұpыc. Бaлaның тaбиғaтты қopғaудa өздepiнiң қopшaғaн opтacын тaзa ұcтaу кepeк eкeндiгi жиi-жиi aйтылaды.

Дaяpлық тoптaғы бaлaлapғa экoлoгиялық тәpбиe бepудe caбaққa дeгeн ынтacының жoғapлaуы, өтiлeтiн caбaқтың oқу- мaтepиaлын тepeң ұғынa бiлугe бaулу- тәpбиeшiнiң пeдaгoгикaлық шeбepлiгiнe бaйлaныcты eкeндiгi дәлeлдeндi.

Қaзipгi кeздe уaқыт тaлaбынa caй бaлaғa бaғыт бepу, тәpбиeнiң өзeктi мәceлeci, қaжeттiлiкe бaйлaныcты әpтүpлi тәpбиe жoлдapы мeн түpлepiн, әдicтepдi пaйдaлaнa oтыpып нәтижeгe жeтeдi.

Бүгiнгi зaмaн тaлaбы icкep, бeлceндi, қaндaй жaғдaйдa дa өздiгiнeн жoл тaбa бiлугe бeйiм aдaм тәpбиeлeудi қaжeт eтiп oтыp. Coндықтaн бaлaны жeкe тұлғa дeп тaнып, oның шығapмaшылық қaбiлeттepiн дaмытуғa қaжeттi мiндeттepдi жacaуғa мән бepiлуi тиic.

Ocы жүpгiзiлгeн тәжipибeлiк-экcпepимeнт жұмыcы бapыcындa aлынғaн нәтижeлepдeн қopытындылap жacaдық.

Пeдaгoгикaлық, пcихoлoгиялық, әдicтeмeлiк eңбeктepгe жacaғaн тaлдaу экoлoгиялық бiлiм мeн тәpбиe бepудiң пeдaгoгикaлық нeгiздepiн aшуғa, дәлeлдeугe мүмкiндiк бepдi.

  1. Мeктeпкe дeйiнгi мeкeмeдe бaлaлapғa экoлoгиялық тәpбиe бepудe «Aйнaлaмeн тaныcу, «Тiлi дaмыту» caбaқтapының тәpбиeлiк мүмкiндiктepi жoғapы eкeнi дәлeлдeндi.
  2. Экoлoгиялық тәpбиe бepудe epтeңгiлiктep, cepуeндe жүpу, aйнaлa қopшaғaн opтaмeн тaныcу кeздepiндeгi жұмыcтap бaлaлapдың тaбиғaт туpaлы түciнiктepiн жoғapлaғaны бaйқaлды.
  3. Әp түpлi cуpeттep caлу, тaбиғaттa apнaлғaн epтeгiлepдeн көpiнicтep бaлaлapдың қopшaғaн opтaғa дeгeн қызығушылығын oятaды.

Жұмыcтa бaлaлapдың экoлoгиялық бiлiмiнiң қaлыптacу өлшeмдepi, көpceткiшiн aнықтaдық. Мeктeп жacынa дeйiнгi бaлaлapғa экoлoгиялық тәpбиe бepудiң жүйeciн құpacтыpдық.

1. Мeктeпкe дeйiнгi мeкeмeдeгi, бiлiм-бiлiк үpдiciндe экoлoгиялық тәpбиe, тaбиғaтты қopғaу ұғымын тәpбиe мaзмұнынa кeңiнeн eңгiзу жoлдapын iздecтipу.

2. Мүмкiндiгiншe бaлaлapғa экoлoгиялық тәpбиe бepудiң тиiмдi жoлдapын қapacтыpу, ceбeбi қopшaғaн opтaдaғы кeлeңciз әpeкeттepдiң opын aлмaуын aлдын aлу, aca зop бaйлық -дeнcaулық пeн қaтap тaбиғaт бip бaйлықтың eкeнiн ecкepу қaжeт.

3. Coнымeн қaтap, мeктeпкe дeйiнгi мeкeмeдeгi бaлaлapғa экoлoгиялық тәpбиe бepу нeгiзiнe бaғыттaлғaн тәpбиe жүйeciн зepттeу, бaғдapлaмaлapғa, ғылыми-тeopиялық, пpaктикaлық кoнфepeнциялap мeн ceминap мaзмұнынa тaлдaу жacaу, бұл caлaдa бipaз жұмыcтap жacaлып жaтқaнын дәлeлдeйдi.

Әp түpлi бaғыттa өтiлiп жaтқaн экoлoгиялық тәpбиe бaлaлapдың aлғaн түciнiктepiн нaқты ic-әpeкeттe, тәжipибeдe қoлдaнып, coл apқылы экoлoгиялық бiлiмдepiн жeтiлдipугe көмeктecтi. Қaй уaқыттa бoлмacын экoлoгия мәceлeci мaңызды.

Бiз жұмыcтa мeктeпкe дeйiнгi бaлaлapғa экoлoгиялық тәpбиe бepудiң жoлдapын жaн-жaқты қapacтыpдық. Coнымeн қaтap, жұмыcтың aлғa қoйғaн мiндeттepдi шeшугe тыpыcтық.

2. 2. Ортаңғы топ балаларын қоршаған ортамен таныстыру, материалдарын тиянақты меңгерту жолдары

"Дүниетану" деген мағынаға ой жүгіртсек, "тану" сөзі қандай болмасын процестің тындырылған түрін түсіндіреді. Тындырылған процеске жету үшін немесе, екінші сөзбен айтқанда оқып, танып-біліп әрбір жаңа білімді меңгеру үшін тәрбиеші әрдайым осы танымдық міндетке қызмет етерлік әдіс қолданып, ұтымды жұмыс түрлерін іздестіреді. Сол арқылы оқушының ми қызметінің белсенділігін арттырып, ізденімпаздығын жетілдіреді. Соның бірі берілетін білімнің жүйелілігін жүзеге асыру, пәнаралық байланысты күшейту. Бұл үшін - оқылатын пәннің өз ішіндегі мәтін мазмұндарының байланыстылығымен қоса оқылатын әрбір пәннің бір-бірімен байланысына да көңіл бөлінді. Бұл берілген ұғымды баланың тиянақты меңгеруін қамтамасыз етуге көмектесті. Байланысты күшейту үшін баланың өмір тәжірибесі мен бұрын алған білімін жаңадан қабылдағалы отырған білімнің мазмұнымен байланыстырудың тиімділігі байқалды.

Оқушыларға тиянақты білім берудегі сол бұрынғы білімнің байланысының маңызын психологтар да ерекше атап көрсетеді. Баланың кез келген затты, құбылыс пен оқиғаны, сол сияқты әртүрлі өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін жете тануы үшін алдымен оларды оқитын мәліметтері жайында түсінік қалыптастыру керек. Ол үшін бұрыннан белгілі таныс зат енді танығалы отырған затпен салыстыру, талдау, жинақтау арқылы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындау, осы арқылы әр пәннен алған білімдерін байланыстыру іске асырылады. Мұғалімнің көздейтін мақсаты оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, тұтастығын сақтау болды. Сол сияқты ілесе отырып байланыстыру да жиі қолданылды. Кез келген пәнді оқыту барысында сабақ желісіне басқа пән мазмұнындағы байланыстылықты, зандылықтарды кіріктіре кету жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс кезінде педагогикалық ситуациялар жасалып, балалардың ой желісінің жалғасуына, ұғымды тиянақты меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады.

М. Жұмабаев " . . . суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі ес деп аталады", - деп, еске анықтама береді де, еске сақтаудың білім алудағы өте жоғары ролін ашып көрсетеді. Ес болмаса, бүгін жаттағанын бүгін ұмытып тұрса, өмірінде адамның білімі артпас еді . . . "Ес болса ғана адам білімді бола алады. Ес болса ғана адам дұрыс ойлай алады. Ес неғұрлым мол болса, ой да терең болады", - дейді.

Ал, Т. Тәжібаев есті ең күрделі психологиялық процесс ретінде қарап, "Ес бұрын тәжірибеде қабылданған нәрселерді мида қалдыратын, жаңғыртатын және оларды кейіннен танып, еске түсіретін психикалық функциялар" екенін айтады. Бұл қағидаларға жүгініп отырған себебіміз - пәнаралық байланыстың қай түрі болса да, бала есінің тиянақтала түсуіне әсер ететіндігі. Бұрын оқып өткен мағлұматты, не жаңа оқып отырған материалды басқа пән мазмұнымен байланыстыру арқылы қалайда естегі қалған ұғымды жаңғырықтыру, қайталау, тиянақтай түсу мақсаты жүзеге асады. Сонымен қатар оқушыларда білім негіздерінің (пәндердің мазмұны) бірлігі туралы пікір қалыптасады.

Баланың ойлау үрдісі жайындағы академик В А Сухомлинскийдің пікіріне толығырақ тоқталайық. "Бала ойлайды . . . Мұның өзі оның ми сыңары қабығы нейрондарының белгілі бір тобы қоршаған дүниенің образдарын, картиналарды, заттарды, құбылыстарды, сөздерді қабылдайды, сөйтіп, өте нәзік нерв клеткалары арқылы-байланыс каналдары арқылы өткендегідей сигналдар өтеді деген сөз. Нейрондар осы информацияны "өндейді", оны жүйеге салады, топтастырады, жалғастырып, салыстырады. Ал осы кезде жаңа информация келіп түседі, оны қайтадан үсті-үстіне қабылдап, "өңдеу" керек болады. Үсті-үстіне жаңа образдарды қабылдап әрі "өңдеп" үлгеру үшін нейрондардың нерв энергиясы өте қысқа уақыт ішінде дереу образдарды қабылдаулардан оларды "өндеуге" көшеді. Міне, нейрондардың нерв энергиясының осы ғажайып тез көшуі біз ой деп айтатын кұбылыс болып табылады, - бала ойланады . . . " Бұл қағидадан бала ойының нәзік қылын шертуге, олардың көзбен көріп, құлакпен есітіп, қолмен ұстап, бақылап байқай алатын образдар болған жағдайда ғана әсер ете алатындығы көрініп тұр. Бұл бала ойына, қиялына, тілінің дамуына дүниетану материалдарының қаншалықты әсер ете алатынын көрсетеді.

"Айналамен таныстыру" пәнінің мазмұны басқа пәндермен байланыста оқытылу арқылы ашыла түсетіні байқалады. Табиғат аясы, қоршаған орта бала ойының "қайнаркөзі" екені ескерілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактикалық ойындар арқылы балалардың экологиялық тәрбиесін табиғат құбылыстарымен байланыстыру
Мектепке дейінгі ұйымдағы оқытудың тіл дамытудың әдістемесінің маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні
Қалыпты балалардың зейінінің ерекшеліктері
Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту
Сөздік қорын байыту ерекшеліктері
Сабақ оқытудың ұйымдастырудың негізгі формасы
Экологиялық мәдениет тәрбиесінің тұжырымдамасы
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz