Қоршаған ортаны геокеңістіктік басқару


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ “Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық” университеті
Реферат
Пәні: Қоршаған ортаны геокеңістіктік басқару
Тақырыбы: Тұрғылыұты жердің экологиялық жағдайын бағалау
Орындаған«7М01515География»
мамандығының 1 курс студенті
Серік Айғаным
Тексергенг. ғ. д., профессор
Абдиманапов Бахадурхан Шарипович
Алматы, 2021
Қазақстан кең байтақ жері бар - табиғи байлығы мол мемлекеттердің бірі. Дегенмен, елімізде ғаламдық проблемалардың қатарына еніп отырған қоршаған ортаны қорғау мәселесі аса өзекті, кезек күтпейтін мәселелердің бірі болып саналады.
Қоғамды атмосфералық ауаны ластау бөлігінде қоршаған ортаның жағдайы және оны қорғау туралы ақпараттандыру мен үнемі жариялап отыру ұсынылады:
- атмосфералық ауаға ластайтын заттардың шығарылуы;
- қалалық елді мекендеріндегі атмосфералық ауаның сапасы;
- озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну.
Осы көрсеткіш қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларының бар және болуы мүмкін (күтілетін) антропогендік ықпалының дәрежесін айғақтайды, сондай-ақ мақсатты мәндердің жетістіктерінің дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұтастай атмосфералық ауаға антропогендік салмақтың дәрежесін анықтауға, стационарлық тұрақты және жылжымалы көздердің, соның ішінде экономикалық қызмет түрлері (энергетика, транспорт, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қалдықтармен жұмыс жасауға қатысты қызметтер (қарекеттер) ) бойынша, сондай-ақ үй шаруашылықтарының қоршаған табиғи ортаға ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда 2012 жылы атмосфералық ауаға тұрақты көздерден ластайтын заттардың шығарындылары 2384, 3 мың тоннаны құрады және олардың деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1, 6%-ға ұлғайды. Атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларының жалпы көлемі стационарлы тұрақты және жылжымалы ластау көздерінен төгінділердің сомасы ретінде анықталады.
Ластайтын заттардың негізгі көлемі Павлодар (675, 9 мың тонна), Қарағанды (641, 4 мың тонна), Шығыс Қазақстан (140, 0 мың тонна), Атырау (133, 1 мың тонна) және Ақмола (105, 7 мың тонна) облыстарында қалыптасқан.
Атмосфералық ауаның негізгі ластаушылары электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау кәсіпорындары болып табылды, жалпы шығарынды көлемінде олардың үлесі 39, 1%-ды құрады, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары - 30, 4%, металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары - 23, 4%.
Атмосфераға шығарылған ластайтын заттардың жалпы көлемінің 86, 1% газ тәрізді және сұйық, 13, 9%-ын қатты заттар құрады.
2012 жылы республика кәсіпорындары барлық тұрақты ластаушы көздерден шыққан ластайтын заттардың жалпы көлемінен 92, 8% зиянды заттар ұстап, залалсыздандырылды.
2012 жылы республиканың ауа бассейніне қорғасын және оның қосындылары - 542, 0 тонна, марганец және оның қосылыстары - 123, 2 тонна, мыс оксиді - 248, 8 тонна, күкірт қышқылы - 270, 3 тонн, күшән - 101, 3 тонна, хлор - 53, 7 тонна, сынап - 277 килограмм сияқты ерекше ластағыш заттар түсті. Осы заттардың нақты шығарылуы белгіленген жол берілген шекті шығарындыларды (ЖШШ) асқан жоқ.
Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік- аумақтық бөлік. Облыс әр түрлі пайдалы қазбаларға фосфорға, темірге, алтынға, минералды шикізат көздеріне - гипс, күміс, кремний, квартцитке т. б. өте бай.
Жамбыл облысының Тараз қаласы бірнеше жыл бойы Қазақстандағы барынша ластанған қаланың қатарына еніп келеді. Кей жылдары қала ауасы сәл жақсарғанымен, жағдай әлі де күрделі күйде қалуда.
Жамбыл облысы бойынша экология Департаменті жоспарлы тексерістерін жүргізіп отырады.
Жалпы облысы бойынша ластағыш заттардың шығарындылары бар кәсіпорындар және олардың бөлімшелерінің саны 807 бірлік. Оның ішінде ластағыш заттар шығарындылары көздерінің саны 9878 болса, ұйымдастырылған 6164, тазалау ғимараттары мен жабдықталғаны 665. Атмосфераға тасталатын ластаушы заттардың шығарындылары өнеркәсіп мекемелерінен алынған деректер бойынша 2014 жылдың 1 жартыжылдығында 15, 388 мың. тоннаны құраған (2013 ж. - 15, 202 мың. тонна) . Ластаушы заттардың аздап өсуі, кейбір өндіріс мекемелерінің өнімділігі артуымен және жаңа өндіріс орындарының ашылуымен байланыстырылады. 2013 шығарындылардың ластаушы заттары 27, 545 тонна болды.
Жамбыл облыстық гидрометеорология орталығының дерегі бойынша 2014 жылдың 1 жартыжылдығында Тараз қаласы бойынша атмосфераның ластану деңгейі өткен жылмен салыстырғанда артқаны байқалып 6, 2 бірліктен 7, 62 бірлікті құрады.
Бұл ең ірі мәселеге себеп болып отырған автомобиль көлігі. Олардың үлесіне шығарындылардың жалпы жиынтық көлемінің 70 пайыздан аса мөлшері тиесілі.
Жылжымалы көздер үшін көміртегі оксиді (СО), азот оксидтері NО x (диоксид азотына қайта есптегенде), көмірсутектер (СН), күйе, күкірт диоксиді (SO 2 ), қорғасын қосылыстары, тұтастай транспорт құралдарының түрлері (автокөліктік, теміржолдық, әуе, су, жол-құрылысы транспорты) бойынша формальдегид және бензапирен шығарындыларын қадағалау қажет.
Соған орай 2014 жылға 2 кезеңді (мамыр, қыркүйек) айларында «Таза ауа» операциясын жүргізуге арналған бірлескен жоспар бар. Өтпелі жылы департаменттің инспекциялық тексерісіне сәйкес, көлік құралдарын пайдалануда улылық мөлшерін артқанына байланысты 378 әкімшілік іс қозғалып, оның ішінде соммасы 996376 теңгеге 269 айыппұл салынып және 109 ескерту берілді. Сонымен бірге автокөлік құралдарының улылығын тексермей жолға шығуына рұқсат бергені үшін соммасы 574120 теңгеге 14 заңды және лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, улы газдармен ластағаны анықталғаны бойынша соммасы 178663 теңгеге 8 дауталап беріліп, 5 қуыным материалы 18 көлік құралының пайдалануын бақылау өлшемін жүргізіп, бұзылымдарын жойғанға дейін тоқтатуға матералдар сотқа жолданды. Қазіргі уақытта барлық дауталаптар, қуынымдар сот шешімімен қанағаттандырылып өндірілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz