Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Нархоз университетінің экономикалық колледжі

Реферат

Пәні : Экономикалық теория негіздері

Тақырыбы : Еңбектің халықаралық бөлінуі және халықаралық экономиканың негізгі формалары

Орындаған : Айткулова Альбина

Тексерген : Айжан Кемпишова

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Халықаралық еңбек бөлінісі деген не?
  2. ХЕБ-тің қалыптасуы мен дамуына әсер еткен жағдайлар
  3. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формаларыХалықаралық саудаКапитал қозғалысыЖұмысшы күшінің миграциясыВалюта-несие айырбасыҒылыми-технологиялық айырбасӨндірісті халықаралық кооперациялау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Халықаралық еңбек бөлінісі- өндіріс тиімділігін асыру мақсатындағы, қоғамдық еңбектің шығынын үнемдеуде өндірістік күшті тиімді пайдаланудың негізгі құралы . Халықаралық еңбек елдер арасындағы қоғамдық аймақтық еңбек бөлінісінің дамуының жоғары көрінісі. Ол мемлекеттер арасында тұрақты да тиiмдi экономикалық байланыс негізінде өндірістің мамандануына және де жекелеген өнім шығаруда сан және сапа жағынан нәтижеге жетуге ықпалын тигізеді . Еңбектің халықаралық бөлінуі - бүкіл әлемдік нарықтың және бүкіл әлемдік шаруашылықтардың қалыптасуы мен дамуының шешуші факторы болып табылады . И. П. Фаминскийдің анықтауы бойынша ; Халықаралық еңбектiң бөлінуін, еңбектің қоғамдық территориялық мемлекеттер арасында бөлiнуiнiң жоғары сатысы деп тұжырымдауға болады . Ол бөліну - тұрақты, экономикалық жағынан тиімді мамандандырылған өндіріске ( жекелеген өнім түрлеріне негізделген өндіріс нәтижелерімен өзара айырбастап отыруға арқа сүйейді . Халықаралық еңбек бөлінісі туралы қазіргі концепцияларды талдап, оны модернизациялауға ( жаңғырту ) жөніндегі жоспарларды және іс тәжiребиеде ж. зеге асыру практикасын қарастырсақ, қазіргі кақыт деңгейіндегі өндіргіш күшдердің дамуына халықаралық мамандану мен кооперациялаудың әсерінің ерекше артқанын көреміз .

Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалықнегізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде.

Негізгі бөлім

  1. Халықаралық еңбек бөлінісі деген не?

Халықаралық еңбек бөлінісі - қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысы; әлемдік өндірістің даму сатысы.

Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге, яғни жекелеген елдер өнімнің осы елдер айырбастайтын белгілі бір түрлерін өндіруге маманданады. Халықаралық еңбек бөлінісі халықарлық сауда мен әлемдік нарықтың белсенді түрі және тұрақты дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму дәрежесі әлемдік қоғамдастықтың жекелеген елдерінің өндіргіш күштерінің дамуымен айқындалады. Жекелеген елдердің табиғат және климат жағдайларындағы айырмашылық, олардың аумақтарында түрлі пайдалы қазбалардың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің болуы, тауарлардың белгілі бір түрлерін жергілікті шикізатты пайдалану негізінде өндіру Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы үшін объективті негіз болып табылады. Халықаралық капитал еңбек бөлінісі халықаралық нарықтың және елдер арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарының негізіне алынады, олардың ұлттық шаруашылықтарын дүниежүзілік шаруашылыққа біріктіру факторы ретінде пайдалынылады. Фирмааралық кооперация, осы елдердің біріктірілген топтарының құрылуы да елдер арасындағы еңбек бөлінісінің тереңдеуіне септігін тигізеді. Қазіргі елдердің, әдетте толып жатқан халықаралық мамандану бағыттары болады, олар осы бағыттар үшін бір-бірімен жиі бәсекеге түседі. Мыс., дамыған бірқатар елдер радио, бейне, аудиотехниканы өткізу нарығы үшін өзара күресуде (АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, т. б. ) . Кейбір шағын елдер өз тауарларын барынша жетілдіріп, халықар. нарықтардан өзіне кішкене саңылау табады. Мәселен, кішкентай елге жататын Люксембург жоғары сапалы жасанды тіс өндіруге маманданған, Швейцария ұзақ уақыт бойына сағат өндіруге маманданды. Нарық үшін, әсіресе, өтімді немесе қымбат тауарлар нарығы үшін күрес барысында халықар. монополиялар мен ұлтаралық корпорациялар құрылады, олар нарыққа ықпал ету аясын бір-бірімен бөліседі, өз талаптарын әлсіздеу елдерге және елдер тобына күштеп таңып, олардың дамуын тежейді. [1] [2]

  1. ХЕБ-тің қалыптасуы мен дамуына әсер еткен жағдайлар:
  • табиғи - географиялық
  • экономикалық-географиялық
  • ғылыми-техникалық
  • әлеуметтік-экономикалық
  • саяси-әлеуметтік жағдайлар

ХГЕБ мануфактуралық капитализм кезеңінде пайда болды (XVII-XVIII ғғ. ) . Өнеркәсіптік революцияға дейін (ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. бірінші жартысы) еңбек бөлінісі табиғи-климаттық және географиялық жағдайларға негізделген болатын, жекелеген елдер шикізат қоры, энергия көздері және басқа да географиялық факторлармен айырмашылық жасайды.

Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі туралы ұғымға академик Н. Н. Баранский анықтама берген. Н. Н. Баранский ХГЕБ-ті дүниежүзілік шаруашылықтың қозғалыс күші деп атаған. Осы немесе басқа бір ел қарабидай, зығыр, күріш немесе мақта өндіруі мүмкін, бұл тек алуантүрлілікті көрсетеді, бірақ халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысы бар екендігін білдірмейді, ол әртүрлі елдер бірі-бірі үшін жұмыс істегенде және еңбектің нәтижесі бір елден басқа елге тасымалданғанда ғана пайда болады. Бұл өз кезегінде халықаралық сауданың өсуіне, жүк айналымдарының көбеюіне алып келеді. ХГЕБ-тің негізі халықаралық мамандану болып табылады.

  1. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары

Нарықтық эконмикаға көшуге орай шаруашылық практикада, яғни экономика негізінде халықаралық экономикалық қатынастарды тиімді жүзеге асыру, экономикалық байланысты ұстап тұру негізінде қажеттілік туады. Сондықтан, экономика саласында қатынастарды шынайы болдыру мақсатында халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі факторлары мен нақты білуі өте зор маңызды.

Халықаралық экономикалық қатынастар дегеніміз - жекелеген аймақтар шеңберіндегі жекеленген еуропалық мемлекеттер арасындағы қатынастар.

ХЭҚ-ң негізгі формалары:

1. Халықаралық сауда.

2. Капитал қозғалысы.

3. Жұмысшы күші миграциясы.

4. Валюта-несие айырбасы.

5. Ғылыми-техникалық айырбас.

6. Халықаралық өндірісті кооперациялау.

3. 1. Халықаралық сауда.

Дүниежүзілік шаруашылық байланыстырудың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алады.

Осы уақытқа дейін тауарларды шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формасы болып есептелген еді, ал қазіргі кезде шетелдік инвестициялау халықаралық экономикалық қатынастардың жетекші формасы боп табылады. Ол ХЭҚ-ң жалпы көлемінің 80% үлесін алып отыр.

Халықаралық сауда әр түрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы боп табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділікпен көрсетеді.

  1. Капитал қозғалысы

Халықаралық капитал қозғалысы -нақты экономикалық құбылыс, капитал өз елінен басқа елге ауысқан кезде, басқа елден үлкен табыс алу мақсатын қояды.

Негізгі артықшылықтары
  • 1. Халықаралық экономикалық өсуіне;
  • 2. Халықаралық бірлестіктің терең тамырын бекітеді;
  • 3. Елдер арасындағы зат айналым көлемін өсіреді, халықаралық сауданы дамытуға үлкен үлес қосады. Жұмысшы күшінің миграциясы

Дүниежүзінде белсенді түрде жүріп жатқан өндірістін интернационализвциясы жұмысшы күшінің қатар жүруде.

Халық миграциясы дегеніміз -тұрғылықты жерін өзгерту немесе оған қайта орлалу мақсатында адамдардың белгілі бір территория шекаралары арқылы қозғалуы, аусуы.

Ол түрлі формада болады: еңбектік, отбасылық, рекрациялық, турситік.

Жұмысшы күшінің халықаралық нарығы ұлттық шекаралары кесіп өтетін еңбек ресурстарыныңәр түрлі бағыттарын қамтиды. Жұмысшы күшінің халықаралық нарығы - жұмысшы күшінің ұлттық және аймақтық нарықтарының жиынтығы.

Жұмысшы күші миграциясының 2 түрлі себебі бар.

1. экономикалық сипаты.

2. экономикалық емес сипаты.

Экономикалық емес сипаттағы себептерге: саяси, ұлттық, діндік, нәсілдік, отдасыл-ық және тағы басқалары жатады. Экономикалық сипаттағы себептерге:жекеленген елджердің дамуының әр түрлі экономикалық деңгейіне сәйкес туындайды.

Жұмысшы күші өмір деңгейі төмен елдерде өмір деңгейі жоғары елдерге ауысады. Обьективті түрде миграция еңбекақы шартындағы ұлттық ерекшеліктерге байланысты туындайды.

Жұмысшы күші миграциясын анықтайтынмаңызды экономикалық факторлардың бірі кейбір елдерде, ең алдымен әлсіз дамыған елдерде жұмыссыздықтың орын алуы. Халықаралық еңбек миграциясының маңызды факторының бірі капиталдың шетке шығарылуы және халықаралық корпорациялардың қызмет етуі.

  1. Валюта-несие айырбасы

Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы, елдер арасындағы экономикалық байланыстардың интеграционалдануы -ұлттық шаруашылықтар қызметінің интенсивтенуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты аталған процесте қызмет көрсетуші құрал ретіндегі халықаралық валюталық - қаржылық қатынастар қалыптасады. Оның дамуына әсер ететің жағдайлар:

1. Өндіргіш күштерінің дамуы

2. Дүниежүзілік нарықтың құрылуы

3. Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі

4. Шаруашылықтың дүниежүзіліки нрнацианалдануы.

Яғни, халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарда алуан түрлі формаларын қалыптпстыратын механизім боп табылады.

Халықаралық валюта қатынасы- әлемдік шаруашылықта валюталардың жұмыс істеуі кезінде қалыптасатын және қатынастар нәтижелерімен өзара алмасуға қызмет көрсете отырып - векселдік және айырбас ісі түрінде антика әлемінде - Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде пайда болған қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

  1. Ғылыми-технологиялық айырбас

Ғылыми-технологиялық айырбас деп түрлі мемлекет аралық технология жетістігінің берілуі. Мысалы ретінде, Еуропа еліндерінде 90-шы жылдардың басында машина, өндірістік құрал жабдықтар өте жақсы дамыды. Бізге оның бәрі 2-3жылдан кейін жетіп отыр.

Ғылыми-техникалық айырбас ғылыми - техникалық ревалюция арқылы дамуда.

Ғылыми-техникалық революция деп технологияның жаңа дәрежесінің өмірге келуі. Мысал ретінде, компьютердің, одан кейін ноутбуктың дамуы, ұялы телефондардың, оның ішінде фотокамерасымен бейне камерасымен- осының бәрі ХХI ғасырдың басындағы ғылыми - техникалық төңкеріс, яғни революция.

Бұл сала экономикалық категорияның бір бөлігі боп саналады. Неліктен, өйткені:

1. Бұның дамуы экономиканың дамуы

2. Мемлекет аралық берілуі сыртқы сауда байланысына әкеледі.

3. Әр мемлекеттің, кәсіпорынның пайдасын молайтады.

Осындай себептердің негізінде ғылыми-техникалық айырбас-экономикалық теорияның басты маңызды, жаңарып отырушы фактордың бірі болып саналады.

  1. Өндірісті халықаралық кооперациялау

Өндірісті халықаралық кооперациялау - социалистік елдерде сала аралық және ішкі салалық халықаралық социалистік еңбек бөлінісін дамытудың аса маңызды формалары.

Мақсаты

Бір тектес өнім (дайын бұйымдар, машиналар, тетіктер, детальдар, шала өнімдер, шикізаттар мен отындар жүйелері) бойынша өзара алыс-беріс жасау жөніндегі ұзақ мерзімді өндірістік-сауда байланысын орнату. Әрбір елде өндірістің экономикалық тиімділігін арттырып, техникалық дәрежесін көтеруге көмектеседі.

Қызметі

Өндірісті халықаралық мамандандыру және кооперациялау барысында халықаралық шаруашылық шарттары мен келісімдері жасалынады. Ірі социалистік өндірістің артықшылығын пайдаланудың қосымша мүмкіндіктерін аша отырып, өндірісті халықаралық мамандандыру және кооперациялау еңбекті социалистік кооперациялаудың территориялық шекарасын кеңейтеді, бірін-бірі толықтыратын өндірістік құрылымды жасайды.

Қорытынды

Өндіргіш күштер дами келе бұл бөлініс қоғмдық еңбек бөлінісіне айналды. Бұл ұғым - анағұрлым ауқымды ұғым. Ол қоғам ішіндегі болсын, сондай -ақ экономиканың салалары арасындағы, жекелеген кәсіпорындар және тіпті жекелеген адамдар арасындағы болсын еңбек бөлінісін қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономикалық қатынас
Халықаралық экономикалық қатынастың теориялық негізі
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Халықаралық несиенің формалары
Несие жүйесі түсінігі, оның қызмет ету жағдайы, негізгі құрылымдық элементтері
Халықаралық сауда жайында
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы қатынастарының теориялық мәні
Сауда балансы
Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz