Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   


7. Оқу-әдістемелік жағынан жабдықталуы 7. 1. Дәріс конспектісі

1-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі - жеке ғылым саласы

Дәрістің мақсаты:

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысанымен таныстыру. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері, қалыптасу және даму жолдарын баяндау

Сұрақтар:

1 Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні.

2 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері.

3 Қалыптасу және даму жолдары.

4 Қазақ тілі - мектепте оқылатын негізгі пән.

5 Әдістеме саласының зерттелуі

Қазақ тілі әдістемесі - тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?) ; 2) мазмұны (нені оқыту керек?) ; 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?) ; 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?) ; 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл мәселелерді шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны не?.

2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері қандай?

3. Қалыптасу және даму жолдары туралы айтыңыз

4. Қазақ тілі пәнінің мектепте алатын орны қандай?

5. Әдістеме саласын зерттеген ғалымдар кімдер?

Әдебиет: [1, 2, 3, 20, 21, 38. ]

2-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізі

Дәрістің мақсаты: Әдістеме - қоғамдық ғылым. Әдістеменің психологиямен байланысымен, «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізімен таныстыру.

Сұрақтар:

  1. Әдістеме - қоғамдық ғылым.
  2. Әдістеменің психологиямен байланысы.
  3. «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізі.
  4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тіл білімдік негізі
  5. Қазақ тілін оқытудың психологиялық негізі
  6. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негізі

Қазақ тілін оқытудың психологиялық негізі

Тілді үйренуде оқушының қабылдау үдерісінің қызметі ерекше. Психологтер қабылдаудың төмендегі түрлерін белгілейді: көру, сезу, есту. Тілді үйренуде есту және сөйлеуді қабылдаудың орны бөлек. Өйткені тіл үйренуде оқушылар алдымен ауызекі сөйлесуге үйренеді. Онда дыбыстарды, сөздерді есту, сөйлеуді қабылдау арқылы үйренеді.

Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негізі

Қазақ тілін орыс мектебінде оқыту әдістемесі жалпы дидактиканың ұстанымдарына сүйене отырып, тілді оқыту әдістері мен тәсілдерін, амалдарын белгілейді, қазақ тілі сабағының негізін салады.

Дидактика - педагогика ғылымының білім беру және оны оқыту теориясын қарастыратын саласы. Ол білімнің мазмұнын, ғылыми негізін, оқыту әдістерін зерттейді. Нені оқыту керек, қалай оқыту қажет деген сұрақтарды шешіп отырады. Осы мәселелер женінде өзінің ұстанымдарын белгілейді.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

  1. Әдістеме - қоғамдық ғылым екенін дәлелдеңіз.
  2. Әдістеменің психологиямен байланысы қандай?
  3. «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізі деген не?

Әдебиет: [1, 2, 3, 20, 29, 30, 40. ]

3-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары

Дәрістің мақсаты: Қазақ тілін оқытудың негізгі әдістемелік ұстанымдары: ғылыми, жүйелі, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымдарымен таныстыру

Сұрақтар:

1 Қазақ тілін оқытудың негізгі әдістемелік ұстанымдары.

2 Ғылыми, жүйелі, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымдары

Қазақ тілі әдістемесі - ана тілін ұғынудың заңдылықтарын, тілдің қыры мен сырын балаға үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы. Педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту; ұстанымдарын, оқуды ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін, білімді игертудің ең тиімді, ұтымды жолдарын, іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың амалдарын зерттейді. Сабақ үстінде, тақырыпты меңгерту барысында мұғалім дидактиканың оқыту, білім беру жөніндегі теориялық қағидаларына сүйенеді.

Қазақ тілін оқыту жөніндегі әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде дидактикалық ұстанымдардың бірнеше түрлері қамтылған. Б. Құлмағанбетова дидактикалық ұстанымдардын сегіз түрін, атап айтқанда, оқытудың ғылыми ұстанымын, жүйелілік ұстанымын, материалды дұрыс орналастыру ұстанымын, алдын-ала болжау ұстанымын, саналылық ұстанымын, оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымын; теория мен практиканы өмірмен байланыстыру ұстанымын, оқытудың көрнекілік ұстанымын ұсынады.

С. Қазыбаев балаларды тәрбиелеу әрі дамыту, оқу материалын саналы меңгерту, ғылыми дұрыс білім беру, білім, білік, дағды беріктігі, түсініктілік, көрнекілік, оқушылардың оқу еңбегінде көрсеткен белсенділігі мен өздік жұмысы, білімнің жүйелілік және бірізділігі, оқытудың сабақтастығы ұстанымдарын - барлығы тоғыз ұстанымның қажеттігін айтады.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары

1Қазақ тілін оқытудың негізгі әдістемелік ұстанымдары деген не?

2 Ғылыми, жүйелі, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымдарына сипаттама беріңіз

Әдебиет: [1, 2, 3, 16, 20, 40, 31. ]

4-тақырып. «Қазақ тілі» пәні арқылы меңгертілетін құзыреттіліктер

Дәріс мақсаты: Тілдік, кәсіби, проблемалардың шешімін табу, ақпараттық, қатысымдық, танымдық, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттіліктерімен таныстыру

Сұрақтар:

1. Тілдік құзыреттілік

2. Кәсіби құзыреттілік

3. Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі

4. Ақпараттық құзыреттілік

5. Қатысымдық құзыреттілік

6. Танымдық құзыреттілік

7. Әлеуметтік- тұлғалық құзыреттілік

Құзыреттілік - адамның әрекетке, оның пәніне деген жеке қатынасын қамтитын сәйкес құрауыштарды меңгеруі. «Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) -оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Тілдік, лингвистикалық құзыреттілік: сөздерді фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормаларға сай қолдана білуі, сөздің дұрыс айтылу, жазылу ережелерін білуі; мәтін түрлерін құрастыра білу дағдылары қалыптастырылады.

Əлеуметті-құқықтық құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзнің жəне қоғам мүшелерінің əлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту.

Ақпараттық құзыреттілік - айрықша назар аударуды қажет етеді. Себебі ақпараттық қарым-қатынас технологиясын игеру әр маманнан талап етіледі. Ақпараттық ресурс - ақпарат көзін алу мультимедиялық, электрондық, жалпы ақпараттық технологияларды меңгеруі тиіс.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары

1. Тілдік құзыреттілік деген не?

2. Кәсіби құзыреттілік деген не?

3. Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі деген не?

4. Ақпараттық құзыреттілік деген не?

5. Қатысымдық құзыреттілік деген не?

6. Танымдық құзыреттілік деген не?

7. Әлеуметтік- тұлғалық құзыреттілік деген не?

Әдебиет: [4, 7, 20, 15, 39. ]

5-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі

Дәрістің мақсаты: Әдіс туралы түсінің беру, әдіс және тәсілдің аражігі, қазақ тілін оқыту әдістерін жіктеу мәселесімен таныстыру.

Сұрақтар:

  1. Әдіс - көпсатылы құбылыс.
  2. Әдіс және тәсіл туралы түсінік.
  3. Қазақ тілін оқыту әдістерін жіктеу мәселесі

Әдіс - белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу тәсілі немесе мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы, ал тәсіл - әдісті құрайтын әлементтер. Оқыту әдісі - оқытудың мақсатын, міндеттерін, шет тілін оқытудың мазмұнын тудыратын және оларға жетудің оқыту кезеңдері мен шарттарына сәйкес тәсілдерін айқындайтын оқытудың бағыты.

С. Рахметова қазақ тілін оқыту әдістерін жинақтап, жүйелей келіп, оқу-таным әрекетінің басынан бастап соңғы нәтижесіне жеткенге дейінгі аралықты толық қамтитын негізгі үш топқа бөліп қарастырды:

«1) Оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері;

2) Оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері;

3) Оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері».

Профессор Е. Я. Голант оқыту әдісінің 8 түрін береді:

  1. Ауызша мазмұндау; 2. Әңгіме; 3. Кітапты пайдалану; 4. Көрсету; 5. Экскурсия; 6. Лаборатория жұмыстары; 7. Жазу-сызу жұмыстары; 8. Практикалық жұмыс.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары

  1. Әдіс - көпсатылы құбылыс екенін дәлелдеңіз
  2. Әдіс және тәсіл туралы түсінік беріңіз
  1. Қазақ тілін оқыту әдістерін жіктеу мәселесіне тоқталыңыз

Әдебиет: [4, 5, 6, 14, 20, 15, 22, 30, 34. ]

6-тақырып. Білім беру технологиялары

Дәрістің мақсаты: Білім беру технологиялары, олардың жіктелуімен, тұлғалық- бағдарлы білім беру, дамыта оқыту, ұжымдық өзара оқыту, проблемалық оқыту т. б. технологиялармен таныстыру.

Сұрақтар:

  1. Білім беру технологиялары. Олардың жіктелуі.
  2. Тұлғалық-бағдарлы білім беру, дамыта оқыту, ұжымдық өзара оқыту, проблемалық оқыту технологиялары т. б.

Технология идеясы жаңа ұғым емес. Оқыту үдерісін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я. А. Коменский айтқан, яғни оның пікірінше оқыту “технологиялық” болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу үдерісі табыссыз болмауы керек. Мұндай оқыту механизмін Я. А. Коменский “дидактикалық машина” деп атады. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды. Соған байланысты, мақсат - құрал оның қолдану ережелері нәтиже модулі шықты. Бұның өзі білім берудегі кез келген технологияның өзегі.

АҚШ-та ХХі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда “білім берудегі технология” термині пайда болды. Бұл көбіне оқу үдерісінде техниканы пайдалануға байланысты да болды.

Педагогикалық технология мәселесіне арналған П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, В. М. Кларин, Ж. А. Қараев, Т. Т. Галиев т. б. ғылымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары

  1. Білім беру технологиялары, олардың жіктелуіне тоқталыңыз
  2. Тұлғалық-бағдарлы білім беру, дамыта оқыту, ұжымдық өзара оқыту, проблемалық оқыту технологияларына тоқталыңыз

Әдебиет: [5, 6, 20, 14, 34, 36. ]

7-тақырып. Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері, оқу-әдістемелік кешені

Дәрістің мақсаты: Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар, қазақ тілі сабақтары, оның түрлерімен таныстыру. Қазақ тілін тереңдете оқыту, мақсаты мен міндеттері, қазақ тілі сабақтарына дайындалу, өткізу жолдарымн сипаттау. Қазақ тілі сабағының құрылымы, оқу-әдістемелік кешенмен таныстыру.

Сұрақтар:

1 Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар.

2 Қазақ тілі сабақтары, оның түрлері.

3 Қазақ тілін тереңдете оқыту, мақсаты мен міндеттері.

4 Қазақ тілі сабақтарына дайындалу, өткізу жолдары.

5 Қазақ тілі сабағының құрылымы.

6 Қазақ тілі сабағының оқу-әдістемелік кешені

Қазақ тілі пәніне арналған оқу-әдістемелік кешенге мыналар жатады: бағдарлама, оқулық, мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау, оқу кітабы, жаттығулар жинағы, лексика-грамматикалық минимум, диктанттар мен мазмұндамалар жинағы, оқушылардың тілін дамытуға арналған хрестоматиялар, сынақ, емтихан сұрақтары, тест жинағы, деңгейлік тапсырмалар жинағы, сөздік, суреттер, тірек-сызбалар, кеспе қағаздар жинағы, қызықты грамматика материалдары т. б.

Білім беру мазмұны арнайы түрде, білім беру министрлігінде бекітілген, төмендегідей құжаттарда нақтыланады:

Қазақстан Республикасының «Білім беру турал» Заңы 1999 жылы 7 маусымда қабылданған. «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік білім беру саясатын анықтайды.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері:

- үздіксіз білім беру;

- барлық адамдардың білім алуға тең құқықтығы;

- жалпы орта білімнің тегіндігі;

- орта білім нің міндеттілігі.

Standart (ағылшын) - норма, үлгі, мөлшер дегенді білдіреді.

Мемлекеттік білім беру стандарты - мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.

Оқу жоспары - оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1 Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар қандай?

2 Қазақ тілі сабақтары, оның түрлері қандай?

3 Қазақ тілін тереңдете оқыту, мақсаты мен міндеттеріне нелер жатады?

4 Қазақ тілі сабақтарына дайындалу, өткізу жолдарына нелер жатады?

5 Қазақ тілі сабағының құрылымы қандай?

Әдебиет: [6, 7, 8, 20, 31, 32, 36. ]

8-тақырып. Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі

Дәріс мақсаты: Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері, фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі, фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері, фонетикалық талдау, фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлерімен таныстыру.

Сұрақтар:

1 Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.

2 Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі.

3 Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері.

4 Фонетикалық талдау.

5 Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері.

6 Орфоэпиялық және орфографиялық сөздіктермен жұмыс

Мектеп оқушылары фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің жазылу және айтылу нормасын игереді. Дыбыс тілінің түрлі заңдылықтарын түсіне бастайды.

Мұғалім дыбыстардың ерекшелігін, маңызын көрсете білуі тиіс. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық ерекшеліктерін жете түсіндіруі қажет. Оқушы тіл дыбыстарының белгілі бір сөйлеу мүшелерінің жұмысқа кірісуімен байланысты екендігін, олардың бірімен-бірі актив екенін білгені дұрыс. Сөйлеу мүшелерінің қатысуы арқылы жасалатынын оқулықта берілген түрлі суреттер, схемаларды орынды пайдалана отырып, саналы түрде оқытады.

Қазақ тілін үйренуде тілдің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айта білу -түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты. Демек, тілді үйретуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары

1 Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері деген не?

2 Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі.

3 Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері.

4 Фонетикалық талдау.

5 Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері.

6 Орфоэпиялық және орфографиялық сөздіктермен жұмыс

Әдебиет: [8, 9, 20, 19, 36. ]

9-тақырып. Қазақ тілі лексикологиясын оқыту әдістемесі

Дәрістің мақсаты: Лексика мен фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері, лексикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері, лексикалық норма, түсіндірме, фразеологиялық, синонимдік және антонимдер т. б. сөздікпен жұмыс, лексиканы оқыту ұстанымдары, фраезологияны оқыту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту.

Сұрақтар:

1 Лексика мен фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері.

2 Лексикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері.

3 Лексикалық норма.

4 Түсіндірме, фразеологиялық, синонимдік және антонимдер т. б. сөздікпен жұмыс.

5 Лексиканы оқыту ұстанымдары.

6 Фразеологияны оқыту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту.

Әдіскер А. Айғабылов лексиканы оқытудың маңызын былайша дәйектейді: "Ана тілінде сөйлей білген адамның барлығы да сол тілдің заңдылықтарын, қыр-сырын, сыр-сипатын толық біле береді деуге болмайды. Сондықтан лексиканы оқытудың практикалық маңызы зор. Оқушы сөз жүйесін түсіну арқылы оның айтылу (орфоэпиялық), жазылу (орфографиялық) нормасын саналы түсінуге, әр сөздің орынды қолданылуы арқылы ойды толық және дәл жеткізуге, қызмет ететін сан алуан мағыналы сөздерді түсініп, талдап, таңдап қолдана білуге, мәнерлі сөйлеуге, көркем әдеби тілдің бейнелі әуезділігін, әсерлілігін түсінуге дағды алады. Лексиканы оқытудағы мұндай талаптар жастарды дұрыс сөйлеу, ойын жеткізіп айта білуге тәрбиелеу мақсатын қояды. Өйткені тіл заңдылықтарын, ережелер мен анықтамаларды үйрете отырып, тілдік фактіні меңгерту бар. Сондай-ақ, оның күнделікті қатынас құралы ретінде қажет болатын қыр-сырын түсіндіру керек".

Лексикалық ұғымарды меңгертіп, оқушының білім дағдысын қалыптастыруда лексикалық талдаудың рөлі зор. Бұл жұмыс түрі арқылы оқушы жеке сөздердің мағыналарын жете, жақсы түсініп мәтінде олардың орынды қолданылып тұрғандығын байайды.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары

1 Лексика мен фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері не?

2 Лексикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесінің ерекшеліктеріне нелер жатады?

3 Лексикалық нормаға нелер жатады?

4 Түсіндірме, фразеологиялық, синонимдік және антонимдер т. б. сөздікпен жұмыстың түрлерін атаңыз

5 Лексиканы оқыту ұстанымдары қандай?

6 Фраезологияны оқыту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін қалай танытуға болады?

Әдебиет: [8, 9, 5, 7, 20, 19, 36. ]

10-тақырып. Сөзжасамды оқыту әдістемесі

Дәрістің мақсаты: Тілдің сөзжасам жүйесі, сөзжасам саласының тілдің басқа салаларымен байланысы және зерттелуі жайлы білім жүйесін қалыптастыру.

Сұрақтар:

1 Сөзжасамды оқытудың мақсаты мен міндеттері.

2 Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту.

3 Сөзжасамдық талдау.

1992 жылы қазақ тілі бағдарламасына «Сөздердің жасалуы» атты жаңа бөлім енгізілді. Бұл бөлімнің 4-сынып бағдарламасында: «Сөз тұлғасы туралы түсінік, түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымшалы жұрнақ, жалғау, көптік, тәуелдік, септік жалғаулары, туынды түбір, түбірлес сөз» деген тақырыптар қамтылса, 5-сынып бағдарламасында: «Дара, күрделі сөздер. Біріккен сөз және оның емлесі. Қос сөздер және оның түрлері. Қос сөздердің емлесі. Қысқарған сөздер және олардың емлесі» сияқты тақырыптар қамтылды. Бұл аталған тақырыптар бұрынғы бағдарламалар мен оқулықтарда «Сөз құрамы», «Сөз тұлғалары» деген жалпы тақырыппен морфология бөлімінде қарастырылып келген болатын. Соңғы кезде сөздердің жасалуын өз алдына бөлім етіп дербес қарастырылу процесі - тек грамматикалық құбылыс қана емес, сонымен қатар тіліміздің сөз байлығын молайтатын, сайып келгенде лексикалық та құбылыс болып табылатындығынан. Басқаша айтқанда, сөздердің жасалуы лексика-грамматикалық категория.

Демек, сөздердің жасалуы барлық сыныптарда қайталанып отырады, бұл оқушылардың сөздік қорын молайтуға көп септігін тигізеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Сөзжасамның зерттеу нысанасын айтыңыз.

2. Сөзжасамды оқытудың мақсаты мен міндеттері қандай?

3 Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен қалай байланыстыра оқытуға болады№

4 Сөзжасамдық талдауға не жатады?

Әдебиет: [8, 9, 16, 17, 20, 36. ]

11-тақырып. Грамматиканы (морфология, синтаксис) оқыту әдістемесі

Дәрістің мақсаты: Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттерімен, грамматикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі, морфологияны оқытудың ұстанымдары, негізгі морфологиялық ұғымдармен, қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесімен таныстыру.

Қарастырылатын мәселелер:

1 Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.

2 Мектепте оқытылатын грамматикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі.

3 Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы.

4 Морфологияны оқытудың ұстанымдары.

5 Негізгі морфологиялық ұғымдар.

6 Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі.

7 Синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі. Оқушыда қалыптасуға тиіс дағдылар мен іскерлік жүйесі.

8 Синтаксистік талдау түрлері. Сөз тіркесіне байланысты жаттығулар және оның түрлері.

9 Жай сөйлемді оқыту әдістемесі. Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі. Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі

Морфологияны өткен кезде ең бірінші сөз құрамы, сонымен байланысты түбір, түбірлес сөздерге ерекше назар аударылады. Сөз құрамын схема арқылы меңгерткен ыңғайлы. "Сөз құрамындағы бөлшектерін: негізін, түбірін, жалғауын, жұрнағын ажыратып үйренбейінше - оқушылар сөз таптарын, орфографиялық ережелерді, көп сөздердің мағыналарын түсіне алмайды. Онсыз морфологияны оқыту да мүмкін емес. Оқушыларға сөздердің құрамындағы негізгі түбір, туынды түбір, жұрнақ (сөз тудырушы) және жалғауларын тапқызып, дағдыландыру үшін, мұғалім арнайы сөйлемдер дайындап келіп, тапсырмалар беріп отырады".

Мектеп бағдарламасында қазақ тілінің синтаксис саласын өткенде алдымен, сөз тіркесін, оның зерттеу нысанасын, ішкі құрылысын, ерекшеліктерін талдап, онан соң байланысу тәсілдері мен формаларын қарастыру керек. Сөз тіркесі саласында қарастырылатын әрбір тақырып бірінен-бірі туындап, бірінен-бірі өрбіп жатуы қажет. Әр тақырып өзара тығыз байланыста түсіндірілсе, оқушыларға синтаксис саласын толық меңгеру, дұрыс түсіну, ұғыну оңайға соғады.

Бақылау сұрақтары:

1 Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері қандай?

2 Мектепте оқытылатын грамматикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесіне нелер жатады?

3 Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы не?

4 Морфологияны оқытудың ұстанымдары қандай?

5 Негізгі морфологиялық ұғымдарға нелер жатады?

6 Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі қандай?

Әдебиет: [8, 9, 16, 20, 36. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы
Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту
Шет тілін оқу әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Шет тілін оқытуда дағдысын қалыптастыру
Жалпы қазақ мектебінің бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқыту
Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың теориялық негіздері
Компьтерлік окыту технологиясы
Жоғары оқу орнында студенттер тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
«Қосымша білім беру жүйесінде ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру» (өзгетілді ересектерге қазақ тілін оқытып-үйрету материалдары негізінде)
Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz