Қан қысымының өзгеруі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жүрек ауруларын алдын алу

Орындаған: Абдуллаева Г. РСЭ-21 топ
Тексерген: Адаева Р.

Ақтау 2021
Мазмұны
Жүрек аурулары
Қан қысымының өзгеруі
Вена қантамырларының кеңеюі
Жүрек кемістігі
Қаназдық
Ақ қандылық
Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем
Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері
Жүрек ауруларының алдын алудың табиғи көзқарасы
Дереккөздер

Жүрек аурулары
Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфаркты, гипотония, т.б. Жүрек ақауы - жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді.
Жүрек және қан тамыр неврозы - жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы - жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы - гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады. Бұған Меньер, Рейно аурулары, Вольф -- Паркинсон -- Уайт синдромы, бас сақинасы, стенокардия, жүрек аритмиялары, жүрек тосқауылдары, т.б. жатады. Бұлардан басқа да жүрек Аурулары бар. Мысалы, жүрек демікпесі, демікпе.
Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі жағдайларға байланысты:
Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.
Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың бөлетін уы қанмен жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды.
Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды бұзады.
Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрек жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек - қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.

Қан қысымының өзгеруі
Адам қартайған сайын артерия қантамырлары қабырғаларының серпінділігі төмендеп, қатайып, тығыздалып, қуысы тарылады. Мүшелерге қан аз келеді, артерия қантамырларында қан қысымы жоғарылайды. Қан қысымының көтерілуі бүйрек ауруына, жүйке жүйесінің күйзелісіне, дененің аз қозғалуына байланысты. Қан қысымы қатты көтерілсе, қантамырлардың жарылуы мүмкін. Миға қан қүйылу өте қауіпті. Себебі ми жасушалары зақымданып, бұлшықеттер жансызданады. Қол-аяқ әлсізденіп сал болады. Бұл кезде артерия қантамырларындағы қан қысымы сынап бағанасымен 200 мм-ден асады. Егер қан қысымы төмендесе, сынап бағанасының көрсеткіші 70-80 мм төмен болады. Мұндай аурулардың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсендейді.
Ең жоғары қысым ( с.б.б 110-120мм ) систоликалық ол қарыншалардың систоласы жиырылуы кезінде байқалады. Ең төменгі қысым (с.б.б 60-80) диастоликалық ол қарыншалардың диастоласы босаңсуы кезінде байқалады. Лүпілдік қысымы деп систоликалық және диастоликалық қан қысымының айырмашылығын айтамыз. Ол сынап бағанасы бойынша 40 мм - ге тең. Лүпіл сол жақ қарынша жиырылған сайын қан қолқаның қабырғасына күшпен соғылып, оны кереді. Осы кезде пайда болған тербелістер толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады. Дене бетіне жақын орналасқан ірі артериялардан мысалы, білезіктің ішкі жағы, самай, мойынның екі жағынан басқа жерлерден тамырлар қабырғасының ырғақты тербелісін тамырдың соғуын сипап сезуге болады. Тамыр соққан сайын жүрек бір рет жиырылады. Жүректің бір минутта жиырылу мөлшері, тамырдың соғуын санау арқылы анықталады. Қан қысымының жоғарылауы гипертония ал төмендеуі гипотония деп аталатын ауруды тудырады.
Адамда қан қысымы көтерілсе не төмендесе, нәруызы бар тағамды аз пайдалану керек. Күніне 8-9 сағат ұйықтау, ашуланбау, таза ауада көбірек жүру жүрек-қантамырлар жүйесіне өте қолайлы.

Вена қан тамырларының кеңеюі
Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істеген адамдарда вена қантамырлары кеңейеді. Кеңейген жерлерінде қанқатпа пайда болады. Сыртынан түйін-түйін болып көзге айқын білінеді. Вена қантамырларында қан қысымын жоғарылатады. Аяқ көп қимылдамаған соң оның бұлшықеттері де жиырыла алмайды. Қанқатпа ауруы асқынбау үшін көбірек қозғалу керек.
Жүрек кемістігі
Жүрек кемістігі жүрек қақпакшаларының зақымдануынан болады. Жүрек кемістігі туа пайда болған және жүре пайда болған деп 2-ге бөлінеді. Туа пайда болған кемістік іште жатқанда ұрық жүрегінің дұрыс қалыптаспауынан туындайды. Ондай ақаулық жүректің жүрекшелерінде байқалады. Жүре пайда болған кемістік жұқпалы аурулардың әсерінен де болады. Жүрек қақпақшаларының жармаларының жиегі тегіс болмай кедір-бұдырлы тыртық болып қалады. Қақпақшалар жабық тұрса да, қанға тосқауыл бола алмай жүректе қан іркіліп тоқтап қалады. Барлық жүрек ауруларының ішінде бұл аурулар 1-2% шамасында. Барлық туған балалардың 0,3-0,4% жүректің және магистралды қан тамырларының кемістігімен туады. Жүрек кемістігінің жіктелуі өте күрделі болып келеді. Ертедегі жіктелулерде клиникалық белгілері бойынша жүрек кемістігін екіге бөлген: І.цианозбен (синие пороки) 2.цианозсыз Ал қазіргі жіктелу бойынша кіші қан айналым шеңберінің гемодинамикалық бұзылуларына байланысты жүрек кемістіктерін үш топқа бөледі:
1. Толу кемістігі (гиперволемиямен)
2. Кедейленген кемістік (гиповолемиямен)
3. Қан айналымы өзгермеген немесе өзгерген кемістік

Қаназдық
Қаназдық (анемия) - қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру. Қаназдықтың болу себептері: денеден көп қан кету; химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы; кемік майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы; эритроциттердің түзілуіне қатысатын заттардың (темір, В12 витамині) жетіспеуі және т. б. Қан оттегіне қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Зат алмасу бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда қанның тұтқырлығы төмендеп, жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.
Анемияны қалай емдеу керек? Қандай тағамдарды тұтыну қажет? Алдымен анемияның өзін емес, оның пайда болуына әсер еткен ауруды емдеу қажет. Егер пациент аурудан айығатын болса, ағзадағы қан құрамы өздігінен дұрысталады. Анемия кезінде темір тапшы болатынын жоғарыда атап өттік. Дәрігер оны қалыпқа келтіру үшін пациентке құрамында темірі бар дәрі-дәрмектерді тағайындап береді. Олардың құрамында В12 дәрумені, фолий қышқылы да болады.
Дәріханаларда әдетте құрамында темірі бар мына дәрілерді ұсынады:
Сорбифер;
Феррум Лек;
Тотема;
Мальтофер;
Тардиферон.
Сонымен қатар дәрігер құрамында А, D, E дәрумендерін де тағайындауы мүмкін. Көп қан жоғалтқан жағдайда донор қанын құю қажет болып та жатады. Қаназдықты ертеректе диета көмегімен де емдеген. Онда көбіне құрамында темірі мол өнімдерді тағайындаған. Олар:
ет:
балық,
жұмыртқа сарысы.
Өсімдіктерде де, әсіресе, бұршақ, жаңғақта темір көп болады. Дегенмен, көкөніс пен жемістерден алынған темір нашар (ет өнімдерінен 10 есе төмен) сіңіріледі. Бұны ескеру керек. Кальций, алкоголі бар өнімдер темірдің сіңуін тежейді. Шай, дәлірек айтқанда, құрамында танин бар шайлар да темірді сіңіруге кедергі келтіреді. Сондықтан шайды тамақтан бірнеше сағаттан кейін ішу қажет. Бал мен қант керісінше темірдің сіңуін жақсартады.
Фолий қышқылы аз кезде көк шөп, көкөністер пайдалы. Құрамында мына заттары бар минарал суды ішкен де жөн:
темір,
сульфат,
магний гидрокарбонаты.

Аққандылық
Ақ қандылық (лейкемия) лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болады (гр. leukas - ақ, гр. haima - қан). Лейкоциттер кеміктегі жілік майын ығыстырып, эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды.
Лейкемияның жалпы белгілері:
Кейбір жағдайларда лейкоздың белгілері анық және кейбіреулерде негізінен жоқ, біз білеміз, бұл жайландырмайды. Олар бірте-бірте немесе кенеттен пайда болуы мүмкін. Кейде бастапқы белгілер мен симптомдар тұмауға ұқсайтын симптомдар мен шаршау сияқты жиі болмауы мүмкін немесе жиі жұқпалар болуы мүмкін. Дегенмен, лейкемия, сондай-ақ, айқын ескерту белгілері бар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрек циклы
Гипертония ауруы
Гипертониялық аурудың сипаттамасы
Тамыр тонусын реттеу
Мидың қан кетуінің негізгі себебі - жоғары қан қысымы
Артериялық қысым - артерияда қан тудыратын қысым
Жүрек - қан тамыр аурулардың себептері
Зиянды әдеттер және олардың алдын алу туралы
Бүйрек артериясы - қолқаның құрсақ бөлігінен шығатын үлкен калибрлі тамыр
Осмостық және онкотикалық қысым
Пәндер