ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТАР



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Қазақстанның ТМД-елдерімен қарым-қатынасы

Орындаған: Салтанат Салауат
Қабылдаған: Иманбаева С.С
Тобы: ЛР-103

КІРІСПЕ
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
1 Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы
2 Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
1 Қазақстан - Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы
2 Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.
Жаһанданудың ықпалымен және исламдық дүниеге байланысты Орталық Азия мұхиттық-континентальдық байланыстар құруға тартылды. Бұл жағдай қазіргі зерттеушілердің пікірінше дәстүрліліктің локальды факторының көлемі мен тереңдігін өзгертуге қалай әсер етсе, артта қалушылық пен тәуелділік өлшемдерін айтпағанның өзінде жеке алғанда нақтылықты, жалпы алғанда діни фактордың рөлін өзгертуге де солай әсер етеді . Өз кезегінде мәдениет пен дін саласындағы Қазақстанның ТМД елдерңмен қарым-қатынасы бүгінде мүмкіндігінше күшейіп келетінін де айтып өтуіміз керек. Дамудың Қазақстандық моделі казіргі кезеңде барлық ТМД елдеріне үлгі болуда 1. Мұндай қорытындыны Гарвард университетінде өткен конференцияда дүниежүзінің ғылыми орталықтары мойындайтын танымал сарапшылар жасаған болатын. Осы жағдай халықаралық ғылыми және саяси-практикалық қатынастарда таңдап алған тақырыптың өзектілігін айқындайды.
ТМД-ның құрылуын және өмір сүруін тарихи көзқарас тұрғысынан қарастыру қажет. Достастық елдерінің экономикасы құрылымындағы және оны реформалау деңгейіндегі айырмашылықтар, әлеуметтік - экономикалық жағдайларындағы, геосаяси бағыттарындағы өзгешеліктер елдердің әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси өзара әрекеттерінің үлгісін анықтайды.
1990 жылдардың басында Достастық мемлекеттері арасында негізінен екі жақты экономикалық қарым-қатынастар орын алса, одан кейінгі уақыттарда да ТМД шеңберінде жеке мемлекеттердің әртүрлі бірлестіктері (одақтар, әріптестіктер, альянстар т. т): Белорусь пен Ресей Одағы-екілік, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Орта Азиялық Экономикалық Қауымдастығы - төрттік, Белорусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Кедендік Одағы - бестік, Грузия, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан және Молдова альянсы (ГУӘӨМ) т.т. байланыс қатынастар орын алуда.
Осы аталған әртүрлі өлшемдегі және әртүрлі қарқындағы қарым-қатынастық үдерістер бұрынғы КСРО республикаларындағы лидерлердің және қалыптасып келе жатқан ұлттық-саяси элитаның Орта Азиялық төрттікте біркелкі экономикалық кеңістік құрудан бастап, бестікте Кедендік одақ кұру, екілікте мемлекеттердің бірігуіне дейінгі мүдделерін бейнелейтін реальды жағдайдың көрінісін береді. Қайта құру жылдары осы тұрғыда жаһандану барысында түрлі жобалардағы Қазақстанның дүниежүзілік тарихи үдерістегі орны мен рөлін талдаушы көптеген еңбектер жарық көрді . Бұл еңбектердің авторлары Қазақстан - көптеген өркениеттер, этностар және діндер тоғысына орналасуы себепті де конструктивті интеграцияға айрықша мүдделі. Дәл ҚР-сы XX ғасырдың аяғында басталған қайта құрулардың объективті жағдайлары мен ішкі табыстарына байланысты өзара қарым-қатынастың басты күшіне айналып отыр деген пікірге сүйенеді .
Соңғы жылдары ғалымдар ТМД елдерінің кеңестік өткен кезеңді қайта қарастыруда, оған жаңаша баға беруде көптеген қосымша зерттеулер жүргізіп, КСРО кезіндегі қалыптасқан байланыстарды - қазіргі қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларындағы өзара қатынастарындағы қол жеткен табыстардьң объективті негізі деп алады. Мысалы, Н.Е. Бекмаханова қазақ және орыс халықтарының әлеуметтік құқьқтары үшін жүргізілген бірлескен күрестеріне, 1812 жылғы Отан соғысына бірге қатынасқандығына, екі халықтың да XIX ғасырдың көрнекті саяси және мәдени қайраткерлерінің шығармашылық байланыстарына тоқталып, одан әрі тереңірек зерттеуді қажет ететін жаңа тақырыптар мен проблемаларды ұсынады. Тақырыпты жазу барысында біз Қазақстанның интеграциялық үдерістер ауқымынан өзіндік орнын алып келе жатқанын да назардан тыс қалдырмай, осы сарында жазылған еңбектер қатарын қарыстырғанынымызды атап өткім келеді. Мысалы, Еуразия мемлекеттері мен халықтары арасындағы ынтымақтастық пен интеграция үдерісінің тарихи аспектілеріне арналған еңбектердің үлкен қоры жинақталған 4. Бұл еңбектердің біразында әр кезеңдердегі әртүрлі салалардағы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының екі жақты қарым-қатынастары мысалы, қазақ және өзбек, казак және армян, қазақ және қырғыз әсіресе қазақ және орыс халықтарының арасындағы ұлтаралық қатынастарының сипатты белгілері, сан түрлі экономикалық, мәдени-әлеуметтік өзара қатынастары көпұлтты қазақ өркениетінің қалыптасуы және дамуы мысалында қарастырылады. Сонымен қатар Батыс пен Шығыс катынастары негізінде қазақ өркениеті дүниежүзілік тарихи тұрғыда, Түркістан халықтарының рухани байланысына ислам дінінің әсері зерттелінеді 5. Қазақстан мен Ресей мемлекеттері қоғамдарының тарихи трансформациясы мен қазіргі үдерістеріне, соның ішінде эволюциясы мен ұлтаралық қатынастарына салыстырмалы талдау жасаудың бітіру жұмысын жазуымыз үшін көп көмегі болды. Еуразия халықтарының конструктивтік және комплиментарлық бірге өмір сүруінің тарихи қалыптасқан дәстүрлерін одан әрі дамыту қажеттілігі - жоғарыда аталған еңбектердің ортақ қорытындысы .

1 ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
1.1 Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері.
КСРО экономикасы жоғарғы интеграцияланған кешен ретінде дамып, Одақішілік еңбек бөлінісі өндіргіш күштердің дамуы тұрғысынан қарағанда тең дәрежеде болмаса да, жекелеген бөліктері бір-бірімен тығыз байланыста болды. КСРО құлағаннан кейін қалыптасқан қарым-қатынастардың үзілуі себебінен республикалар экономикасында дағдарыс басталды (мәлімет бойынша 1992-1995 жылдардағы ТМД елдеріндегі экономиканың құлдырауының үштен бірі осы байланыстардың үзілуі себебінен болды).
Бұрынғы Одақтас республикалардың арасындағы шаруашылық байланыстар әкімшілік-бұйрықтық негізде құрылып, мемлекеттен қолдау тауып отырды. Сондықтан да нарыққа өту кезеңіндегі тұтас мемлекеттің қирауы салдарынан күрделі құрылымдық деформацияның орын алуы түсінікті де еді. ТМД-ның әрбір еліндегі либералды-нарықтық және дәйекті-орталықтандырылған экономикалық реформалардың бағыттары және олардың жүзеге асырылу қарқындарының әр түрлілігі маңызды рөл атқарды. ТМД кеңістігіндегі көп жақты ынтымақтастықтың дамуын қай кезде де ұлттық ерекшеліктерді және олардың өзара байланысқа деген мүдделілігін ескере бермейтін халықаралық қаржылық ұйымдар да күрделендіре түсті .
Мұның өзі XX ғасырдың аяғында өзара сауда- саттық көлемінің тез төмендеуінен де көрініп, ТМД мүшелерінің ішкі сауда айналымының жиынтығы үштің бірінен төмен көрсеткішті көрсетті. Осылай Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы өзара байланысты және өзара тәуелді маңызды экономикалық саласы ажырай бастады. Мысалы, Қазақстан мен Ресейдің мұнай-газ саласы іс-жүзінде даму жоспарларымен келіспестен толықтай дербес жағдайда дами бастады. Даму сипаты да стратегиясы мен нақты нәтижелер де әр түрлі болды. Қара металлургия және энергетика экономиканың басқа да салалары дезинтеграцияланып, КСРО-ның құлауы жаңа тэуелсіз мемлекеттердің алдына кең-байтақ Еуразия кеңістігінде саяси және экономикалық қатынастарды кең масштабта түбегейлі қайта құру міндетін қойды. Көптеген бұрынғы кеңестік республикалар алдында (ЕО- кіруге бет алған Балтық елдерінен басқа) өзара интеграция қажеттілігі туды Басында олар бүрынғы БЭК-тің дизинтеграциялық үдерістерін әлсірету бағытындағы тәжірибеден көрінді. Әсіресе бұрынғы байланыстардың үзілген халық шаруашылығына кері әсерін тигізіп, (көлік, байланыс, энергетика т.б 1996-1997 жылдар шамасында ТМД елдерінің бір бөлігі жаңа бағдармен интеграцияға ұмтылды. Біріншіден, экономиканы синхронды түрде реформалау және жүргізіп жатқан қайта құруларды келісу міндеті тұрды. Сонымен қатар өндірістік, сауда-саттық басқа да байланыстар және ынтымақтастық үлгілерін қайта жасау қажет еді. 1990 жылдар ортасында маңызды ұсыныстар жасалынып, ТМД құру және оның аясын; экономикалық одақ құру туралы Келісім шарт (1993), Еркін сауда аймағын кұру туралы Келісім (1994), Төлем одағы (1994), сонымен қатар Белорус Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің Кеден одағы туралы келісімдер (1995), Ресей мен Белоруссияның білім беру туралы Келісім шарты (1996) жасалынды.
Бұл тұста экономикалық интеграция мамандар тарапынан бірлесудің басты және практикалық тұрғыдан жалғыз жолы ретінде қарастырылды.
Мемлекеттердің экономикадан басқа салаларында интеграция қабілетсіз екенін дәлелдеп, либералдық көзқарас тұрғысынан А.Загарский былай деді: "Мемллекеттер интеграцияланбайды тек біріге алады. Интеграцияланатын рыноктар ғана. Кеңестер Одағы тұсындағы жағдай - интеграция емес, ол үлкен мемлекеттердің экімшілік-экономикалық бірігуі болғандықтан ТМД елдерінің интеграциясының алғышарттарын элі қалыптастыру қажет. Олар осы елдердің ішкі рыногы пайда болған кезде ғана жүзеге асады . Дегенмен КСРО-да, тіпті Ресей империясы кезеңінде де пайда болған әр түрлі аймақтардың экономикалық салада тығыз байланысы бар болатын. Мұның өзі қайта құру жэне экономикалық өзара әрекет саласында одан әрі алға жылжу үшін зор мүмкіндігі бар объективті негіз болды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша ТМД елдерінде зерттелген табиғат байлықтарының әлемдік қорының % бөлігі және әлемдік өндіргіш күштердің 10% бар. Бірақ олар әр түрлі есеппен әлемдік ІЖӨ-нен 2 ден 3%-ға дейін, ЕО-тан шамамен 5 рет аз өндіріледі. Посткеңестік альянс елдері соңғы кездерде жылына 400 млн. т. мұнай өндіреді. Бұл оның әлемдік көлемдегі жылдық өндірісінің 12%-ын көрсетеді. ТМД елдері әлемдік электроэнер-гияньщ 11%-ын, алғашқы алюминнің 15%-ын, никелдің шамамен 30%-ын, жездің 10%-дан артығырағын, минералдық тыңайтқыштардың 11 %-ын өндіреді. Болаттың 11%-ын қорытып, әлемге болат экспортының 16%-ын шығарады. Қару-жарақ рыногының 20%-дайы ТМД елдеріне тиесілі, ал олардың зерттеу орталықтарында әлем ғалымдарының 12%-ы еңбек етеді.
Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесіндегі 110 элементтің 99түрі бар, оның 70-і зерттелді, 60-қа жуығы пайдаланылады. Елімізде жанғыштақта тастың, тас және сұр көмірдің 102 көзі және 155 кен орны,
бассейні, мұнай мен газдың мол қоры бар. Металдық руданың 60 түрі шығарылып, марганец, хром, титан, никель, вольфрам, молибден, жез және уран рудасы, алтын, қорғасын, боксит және басқа бағалы кендер зерттеліп, өндірілу үстінде 14-18б. Шетелдік сарапшылардың пікірінше ТМД елдері рыноғының көлемі шамамен 1600 млн. доллар құрайды.
Достастық елдерінің экономикалық өміріндегі мүлде жаңа құбылыс деп шағын бизнестің туындап және тез өрістеуін айтуға болады. Бұл мемлекеттік саясаттағы бірден-бір маңызды әрекет. 1997 жылы қаңтарда ТМД елдері үкіметі басшыларының Кеңесі (ҮБК) шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, салалық Консультативтік кеңес құру туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Ол 2001 жылға дейін шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекетаралық бағдарламасын жасады. Еркін сауда тәртібіне белсенді көшуге байланысты оны жүзеге асырудың маңызы арта түсті. Шағын бизнес өкілдерінің іскерлік ынтымақтастығын кеңейту ушін қажетті жағдайлар жасалды. Бағдарлама шеңберінде бұл секторды қолдау және дамыту шаралары қолданылып, кәсіпкерлердің эріптестік байланыстарын кеңейту жүзеге асырылды. ТМД елдерінде нарықтық инфрақұрылымның дамуы ірі кэсіпорындардан мамандандырылған жұмысшы күшін шағын бизнес саласына бөлуге ынталандырады. Ол Достастық мемлекеттерінің экономикасында тез дамып келе жатқан сектор бола бастады. Осындай кәсіпкерлікпен айналысатын қызметкерлердің санының күннен күнге артуы бұған анық дәлел. Қазіргі танда осы салада 20 млн. адам еңбек етуде. ҚР-нда шағын бизнес кәсіпорындары мен ұйымдары (350 мың шамасы) барлық тауарлардың 70% өндіріп, қызмет көрсетеді. Шағын бизнес саласын одан әрі дамыту мақсатында Н.Ә. Назарбаевтың "Азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке деген еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтарын қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" бұйрығы шықты. Шағын бизнесті колдау агенттігі көптеген заңнамалық актілердің толықтырылып өзгертілуін талап ету нәтижесінде 1999 жылдан 2000 жылға дейін ҚР шағын бизнес субъектілерінің саны 23% ал, ондағы қызметкерлердің саны 25%-ға көтерілді.
2. Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы

ЕурАзЭҚ - қүрамына Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей жэне Тэжікстанды енгізе отырып, Кедендік одақты дамыту үшін үлкен мақсатты - ортақ экономикалық кеңістік пен ортақ рынокты қалыптастыруды, саяси одақ құруды көздеді. Украина, Молдова және Армения бақылаушы мәртебесін алды. 2003 жылдың 19-20 ақпанында ЕурАзЭҚ-ның "Бірінші экономикалық форумында" ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қауымдастықты құрудың бастамашысы ретінде 2011 жылға арналған негізгі міндеттерді атап көрсетті. Соның бірі біріккен мемлекеттердің ортақ ақша бірлігін енгізу. Аз уақыттың ішінде дайындалып, 2003 жылдың 23-ақпанында Белоруссия, Қазақстан, Ресей жэне Украинаның Біртүтас экономикалық кеңістігін (БЭК) құру туралы Келісімге қол қойылып, бекітілді.. БЭК-тің мақсаты: суперұлттық экономикалық реттеуші ұйым арқылы аймақтық интеграцияға қол жеткізу, сэйкесті заңнамалар мен экономикалық саясатты үйлестіру, сауда және тариф бойынша бірыңғай жүйелеп отыратын мемлекетаралық тәуелсіз комиссия құру.
Қазақстан, Ресей, Украина және Түркіменстан президенттері газ саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы ұсынысқа қол қойды. БЭК-ке қатысушы елдердің экономикалық әлеуеті ТМД-ның барлық әлеуетінен 96%-ға жетеді. Қазақстан, Ресей, Украина мен Белоруссия экономикалық реформалар қарқыны, ортақ байланыс тілі т.б. факторлар бойынша ТМД елдерінің ішіндегі нақты әріптестерге айналып, ал мұндай құрылым құру БСҰ-ға мүше болуға қайшы келмейді [83. 2003. 15 маусым].
БЭК ТМД кеңістігінде интеграциялық үдерістердің "локомотиві" бола алады деген қорытындыға келгенімен әр елдің сарапшылары бұрынғы тәжірибелерге сүйене отырып, жаңа ұйымға үстамдылықпен қарады. РФ-ның Мемлекеттік думасы комитетінің ТМД істері және отандастармен байланыс бойынша төраға орынбасары А.Лебедов ТМД-ның 70 мемлекетаралық органының басты кемшілігі - бюджетке үлкен салмақ салу деп көрсетті. ТМД балама ретінде БЭК-тік шеңберінде интеграцияға кірісті. Ал Х.Тиммерман (ғылым және саясат Қоры институты, Берлин) ТМД-ны мықты интеграциялык фактор ретінде танып, БЭК-ке оң баға бермеді. Ресей ғылым академиясының халықаралақ экономика жэне қүқық институтының директоры Р.Гринберг БЭК-тің болашағын жоққа шығарды, ҚР-ньщ әлеуметтанушы жэне саясаттанушы Ассоциациасының сарапшысы М.Сәрсенов те БЭК-тің декларативті-саяси сипатын атап көрсетті. "Төрт елдің экономикасьшың эр түрлі бағытта өріс алуы себепті экономикалық тұрғыдан ... әзірше сенімсіз. Қазақстан экономикасының бағыты -шикізаттық, төрт елдің заңнамаларында да қарама-қайшы түстар көп.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

2.1 Қазақстан - Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасы төуелсіздікке ие болғаннан кейінгі жаңа кезеңде әлемнің көптеген елдерімен қарым-қатынастарын нығайта түсті. Соның ішінде көршілес Ресей мемлекетімен ынтымақтастықтың дамуына екі елде қоныстанған ұлттық диаспора арасындағы ежелден қалыптасқан байланыс та өзіндік ықпал етуде
Қазіргі таңда Ресей Федерациясының аумағында миллионнан аса қазақ тұрады. Олардың басым көпшілігі Ресейдің Қазақстанмен шектес аймақтарында, атап айтсақ Алтай Республикасында, Астрахан, Орынбор, Самара, Қорған, Челябі, Омбы, Саратов, Волгоград, Екатеринбург, Новосібір, Түмен және басқа облыстарында. Бүгінде Ресей қазақтары Қазақстан аумағында тұратын орыс ұлтының өкілдерімен қатар екі ел арасындағы мызғымас достық пен еріптестіктің кепілі болып отыр.
Қазақ диаспорасының пайда болуы және қалыптасуы негізінен екі жолмен түзілгендігі белгілі: оның біріншісі мемлекеттік шекараларды белгілеген кезде өзінің байырғы жүртында түрса да негізгі этникалық ортасынан бөлініп қалған қазақтар болса екіншісі, тарихи жағдайларға байланысты әр кезеңдерде көшіп барып орнығып қалғандар.

Ал, Ресейдегі қазақ диаспорасына келетін болсақ, әсіресе шекаралас аймақтарда түратын қазақтардың барлығы дерлік - осы өлкені ежелден мекен еткен қазақтардың үрпағы, XX ғасырдың басында Кеңес мемлекеті құрамындағы республикалардың шекаралары белгіленді. Соның салдарынан жүздеген қазақ ауылдары РКФСР (РСФСР) аумағында қалды. Ал Кеңес мемлекеті тарқағаннан кейін РКФСР аумағында тұрған қазақтар Ресей Федерациясының азаматтарына айналды.
Қазақстан тәуелсіздігі жарияланған 90 жылдардың басындағы әлеуметтік экономикалық жағдайлардың күрт төмендеуі (жүмыссыздық, ақылы оқу т.б.) адамдарды еріксіз қоныс аударуға мәжбүр етті. 1994-1997 жылдар аралығында Ресейге сегіз мыңнан он мыңға дейінгі қазақтар қоныс аударған, ал 1998-2001 жылдар аралығында бүл көрсеткіш ақырындап төмендеп қоныс аударушылар 4613 адамға азайды .
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі, Санкт-Петербург, Астрахань және Омбы қалаларындағы Консулдық мекемелері Ресей аймақтарындағы қазақ ұйымдарымен жүмыс істей отырып, әрі шекаралас облыс, елді-мекен әкІмшіліктерімен де тығыз ынтымақтастық орнатуда.
Аз үлтты халықтарға, оның ішінде қазақ диаспорасына қатысты Ресей Федерациясында атқарылып жатқан шаралар тікелей елдің конституциясы мен осы мәселе жөнінде қабылданған халықаралық қүжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, 1996 жылы 17 маусымда қабылданған "Үлттык мәдени автономиялар жөніндегі" Федералды заң аз ұлттарға қоғамдық ұйымдар құруға жол ашты. Бұл ұйымдар ұлттық ерекшеліктерін сақтау, өз тілін дамыту, білім беру, ұлттық мәдениетті сақтау сияқты мүраттарды көздейді.
Қазіргі таңда Ресей аумағында қазақтардың 20-ға тарта ұлттық ұйымдары тіркелген. Олар ұлттық салт-сананы жоғалтпау жолындағы әрекетпен өздері түрып жатқан елді-мекендердің ресми басшылығымен тиімді қатынас орнатуда. Қазақ қауымының түтас үлт бөлігі ретінде ұйымдасу дәрежесін арттыру мақсатында жергілікті ұлттық үйым жетекшілері түрақты түрде Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде бас қосып отырады. Әр аумақтан келген үйым өкілдері өзара тәжірибе алмасып, сонымен қатар Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси, өлеуметтік-экономикалық жағдайларды сараптап, талдау жасайды. Елбасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы мен Белорусь арасындағы қарымқатынас
ТМД-елдерінің өзара ынтымақтастық қарым- қатынастарының маңызы
Экономикалық және саяси қатынастар
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің саяси жүйесі
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттерімен экономикалық қарым–қатынастар орнатуы
Қазақстан - Ресей және ТМД мемлекеттерінің мәдени байланыстары
ТМД-НЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастығы
Тәуелсіз Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынасы
Қазақстан Республикасының ТМД мемлекетінің дипломатиялық қатынастары
Пәндер