Ғылыми техникалық ақпараттың негіздері


М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
Реферат
Тақырыбы: Ғылыми техникалық ақпараттың негіздері
Орындаған:
Тобы:Ап-18-7к
Қабылдаған:
Шымкент 2021
Ғылыми-техникалық ақпарат. ҒТА - ғылыми, ғылыми-техникалық, өндірістік және коғамдық қызметгің барысында алынған құжаттар мен фактілер туралы мәліметтер. Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы (ҰҒТАО) - республикалық мемлекеттік кәсіпорын. 1957 жылы Ғылыми-техникалық ақпараттардың орталық институты болып құрылған. 2005 жылы Қазақ мемлекеттік ғылыми-техника ақпараттың ғылыми-зертеу институтының негізінде Республикалық ғылыми-техникалық кітапханамен бірігіп, қазіргі атауымен қайта құрылды. Орталық Қазақстанның ғылыми-техникалық саласында ғылыми-техника ақпараттың мемлекеттік қорын құру мәселелерімен айналысады, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, ғылыми-техникалық бағдарламалар жасау, қазақстандық ғалымдардың жыл сайынғы жарияланымдары (жалпы саны 10 мыңнан астам) туралы есеп беру, республикада қорғалған докторлық және кандидаттық дисс-ларды талдап, жинап, өңдеуді жүзеге асырады, ұжымдық және жеке абоненттердің, соның ішінде ҚР Мемлекеттік басқару органдарының отандық және әлемдік ақпараттық қорларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді және осының негізінде ақпараттық қызметтер көрсетуді ұсынады. ҰҒТАО - «ҚР-ның ғылыми-техникалық ақпараты мемлекеттік жүйесінің дамуы» атты республикалық, мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның бас ұйымы, сонымен бірге Найроби қаласындағы UNER/ІNFOTERA қоршаған орта жөніндегі халықаралық ақпараттық жүйенің ұлттық белгіленген орталық, AGRІS/CARІS-FAO халықаралық ақпараттық жүйесінің мүшесі (Рим қалысы), ІNІS ядролық энергетика жөніндегі халықаралық жүйенің Қазақстандағы ақпараттық ортанысының мүшесі (Вена қаласы) және Мәскеу қаласындағы ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық орталығының бірлескен мүшесі болып табылады. Орталықтан 4 серия бойынша реферативтік журналдар, 5 сериялы электрондық реферативтік журналдар, «Қазақстан ғылымы цифрларда» анықтамалығы, «Қазақстан ғылымының жаңалықтары» атты мерзімді журналы, сондай-ақ «Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі» газеті шығады. Кеңестік дәуірдегі ғылыми-техникалық ақпараттың республикалық жүйесінің негізгі элементтерін сақтап қалу ҰҒТАО бағдарламасының барысында атқарылған жұмыстардың басты жетістіктерінің бірі болып табылады. Қазіргі кездегі орталықтың негізгі міндеттері: қорғалған докторлық және кандидатуралық дисс-лардың, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың мемлекеттік қорын қалыптастыру; қазақстандық ғалымдар мен мамандардың жарияланымдарын ғылыми тұрғыда өңдеу; республиканың ғылыми-техникалық дамуының басым бағыттары бойынша автоматтандырылған мәліметтер базасын жинақтау; ғылыми мен техникалық бойынша талдамалы-шолу, анықтамалық және басқа да ғылыми-ақпараттық деректердің, реферативтік және библ. Мерзімді журналдардың басылған және электронды түрлерін дайындап, жарыққа шығару; қашықтағы телекоммуникациялық режим бойынша республиканың ақпараттық қорына кіруді қамтамасыз ету және ғылыми-техникалық ақпарат тарату; ақпараттанудың теориясы мен тәжірибесі бойынша зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; республикадағы ғылыми-ақпараттық қызметті үйлестіру.
Ғылыми-техникалық прогресс - ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16-18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл. -теор. Таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.
16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. Және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. Және тех. Қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл - ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. Процестерді теор. Тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. Және тех. Нышандарын дамытып, Г. Галилей, И. Ньютон, . Торричелли, кейін Д. Бернулли, Э. Мариотт, Ж. Л. Д’Аламбер, Р. А. Реомюр, Л. Эйлер, т. б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл. -тех. Жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. Ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. Тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл. -зерт. Қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды.
Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғыл. -тех. Революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. Пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. Міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры - тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т. б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогрестің негізі болып табылады.
Мамандар диссертациямен аспирантурадан тыс ізденуші ретінде де жұмыс жасай алады. Диссертация жұмысымен мамандығы бойынша педагогикалық, ғылыми немесе ӛндірістік жұмыс жасайтын және жоғары білімі бар мамандар ізденуші ретінде кандидаттық дәрежені ала алады.
Ізденушілер кандидаттық емтиханды тапсыру және таңдалған тақырып бойынша консультация үшін, белігілі бір ЖОО-да немесе ғылыми мекемелерде ғылыми жетекшілер бекітілінеді. Диссертация тақырыбын ЖОО Кеңесі бекітеді.
Диссертациялық тақырып игеріліп біткеннен кейін диссертация тақырыбы реттеліп, арнайы кеңес қорғанысына кіреді. Мұндай кеңестер сәйкес профилді жоғарыквалификациялы кадрлардан тұратын ғылыми мекемелерде және оқу орындарында ҚР Министрлер Кеңесіндегі Жоғарғы аттестациялық комиссия (ҚР ЖАК) арқылы ұйымдастырылады. Арнайы кеңестің құрамына ЖОО-ның немесе басқа да ғылыми мекемелерден ғылым мамандарын шақыруға болады. Әр арнайы кеңесте кандидат немесе ғылым докторлығының дәрежесін ізденуде диссертацияны қорғауды ұйымдастыруда ғылыми қызметкерлердің мамандығының номері бекітелінеді,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz