Қаракөл қойының қара түсті қабырғагүлді тасты зауыттық сүлесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Ауылшаруашылық малдарын жұптастыру және оның маңызы ... ... .7
1.2 Қазақстандағы елтірілік тұқым қойларының гендік қоры ... ... ... ... ...8
1.3 Қаракөл қойының қара түсті жартылай шеңберлі бұйрагүлді
задария зауыттық сүлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.4 Қаракөл қойының қара түсті қабырғагүлді тасты зауыттық сүлесі ... 12
1.5 Қара қаракөл қойының жартылай шеңберлі бұйрагүлді тоғыскен
зауыттық сүлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.6 Қара түсті қаракөл қойының қожатоғай тұқымішілік өсімтал сүлесі..16
2 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Қаракөл қой тұқымының шыққан тегі мен биологиялық ерекшелігі...17
2.2 Қаракөл қойын біртекті жұптастырудың маңызы мен ерекшелігі ... ...19
2.3 Қаракөл қой шаруашылығының асылдандыру жұмыстарының
деңгейімен мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.4 Біртекті жұптау нәижесіндегі реңдердің анықтылығы
мен біркелкілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі
Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі жағдайында, ауыл шаруашылық өндірісінің барлық салаларын реформалау отандық мал тұқымдарының генетикалық ресурстарын толықтай пайдалану үшін ұтымды әдіс тәсілдерді қолдану маңызды роль атқарады. Осы орайда каракөл қойын өсірушілердің алдында тұрған ең маңызды мәселелердің бірі - елтірі өндірісін ұлғайту және оның сапасын арттырумен қатар олардың тірілей салмағын, тәуліктік салмақ қосуын, тез жетілгіштік қабілетін жогарылату екені белгілі. Сондықтан жакеттік елтірілік типті қара түсті қаракөл қойларының шаруашылыққа пайдалы белгілерін жетілдірудің тиімді әдістерін қолдана отырып, мал өнімділігін арттыру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі.
Жаңа XXI ғасырдың басында Қазақстан Республикасындағы қаракөл шаруашылығының құрылғанына 70 жыл толды. Осы уақыттын ішінде қыруар жұмыстар атқарылып, республикамыз қаракөл қойының саны мен өндірілетін елтірісінің сапасы жағынан, дүние жүзінде алдыңғы қатарлы мемлекеттердің құрамына қосылды.Бұл әрине қаракөл қойларын жұптастыру әдістерінің сапалы және дұрыс қолдануының нәтижесі..Себебі қойларды бағалы қасиетіне қарай іріктеп ұрықтандырған соң, алынатын тұқымына сол қасиетті мейлінше дұрыс бекіту арқылы біз көп жетістіктерге жетеміз!
Н.Ә. ННазарбаевтың [1] ...мемлекеттің, бизнестің және ғылымның өзара әрекетінің инновациялық әлеуетін арттыру қажет, - деп көрсеткен Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының негізгі бағытыжәне Қазақстан - 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты халыққа жолдауларында агроөнеркәсіп кешені алдына - Экологиялық таза өндіріс саласында ғаламдық ойыншы болуға және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуымызға міндетті қойылды.
Мал тұқымын асылдандыру жұмысының негізі маңызы жағынан сұрыптаумен тең жүргізілетін зоотехниялық жұмыс - жұп таңдау. Жұп таңдау деп, сұрыпталған мал ішінен өздерінен артық ұрпақ беретін аталық және аналық жұбын құруды айтады. Яғни, жұп таңдау, мысалы, таңдап алған бір қойдан жақсы қозы алу үшін, оны қандай қошқардың ұрығымен ұрықтан-дыруды немесе нақтылы бір таңдап алған биені қандай айғырмен шығылыстыруды шешу.

Зерттеу жүмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмыстарьшың мақсаты - қара түсті қаракөл қойларын біртекті жұптау.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- ауыл шаруашылық малдарын жұптастыру және оның маңызы
- қазақстандағы елтірілік тұқым қойларының гендік қоры
қаракөл қойының қара түсті жартылай шеңберлі бұйрагүлді задария зауыттық сүлесі
қаракөл қойының қара түсті қабырғагүлді тасты зауыттық сүлесі
қара қаракөл қойының жартылай шеңберлі бұйрагүлді тоғыскен зауыттық сүлесі
қара түсті қаракөл қойының қожатоғай тұқымішілік өсімтал сүлесі
қаракөл қой тұқымының шыққан тегі мен биологиялық ерекшелігі
қаракөл қойын біртекті жұптастырудың маңызы мен ерекшелігі
қаракөл қой шаруашылығының асылдандыру жұмыстарының деңгейі мен міндеті
біртекті жұптау нәтижесіндегі реңдердің анықтылығы мен бір келкілігі

1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Ауылшаруашылық малдарын жұптастыру және оның маңызы
Сұрыптау мен жұп таңдау селекция ғылымында тең ұғым. Мал тұқымын асылдандыруда бұл екі әдісті бөліп қарауға болмайды. Оларды бірінен соң бірін үзіліссіз жыл сайын қатар жүргізу мал тұқымын (табынды) асылдандыруда ойдағыдай нәтижеге жетудің басты шарты.
Жұп таңдау қажеттігі ұрпақтың өнімділік қасиетінің, ата-енесінің нәсілдік қасиеттерінің үйлесімділігіне, олардың туыстық жақындығына, жас ерекшеліктеріне және өнімділік ұқсастығына байланысты. Яғни, өнімділігі мен асыл тұқымдық қасиеті жоғары ұрпақ алу ата-ене жұбын дұрыс таңдауға тікелей байланысты.
Жұп таңдаудың негізгі максаты - ата тегінде (ата-анасында) бар бағалы тұкымқуалаушылык қасиеттерін ұрпақтарына бере отырып, олардың әрбір кейінгі ұрпактарынан көбірек жоғары өнімді, асыл тұқымды малдар алу болып табылады. Тек бір ғана асыл тұқымды малды сұрыптап, кейіннен аталық қошкарлармен аналықтарды дұрыс жұптау - ол аткарылып жатқан селекциялық жұмыстың жартысы болып табылады.
Жұп таңдаудың бір шарты шағылысқа жіберілетін белгілі аналықтарға, әрбір жеке аталық кошқарлар есептеп ойластырылып бекітіліп, одан алынатын төлдер белгіленген максаттағы малдың ұнамды түріне толық сәйкес болуы кажет. Элита саулыктарынан тұратын отарлардағы әр саулыққа жоғары өнімді асыл тұкымды аталық қошқарлар іріктеліп, жұптастырып бекітіледі, ал басқа отарларда топтап жұптау әдісі қолданылады. Алғашқыда болашақ ұрпақтың өнімділігін және ата-енесінің шаруашылыққа пайдалы белгілерін (тірілей салмағы, жүн өнімділігі т.б.) бекіту үшін негізінен біртекті жұптау жүргізіледі.
Бір-біріне лайықты ата-ене жұбын құруға мал өсірудің барлық әдістерінде де (таза тұқым өсіру, будандастыру ) үлкен мән беріледі.
Белгілі ғалым-селекционер П. Н. Кулешовтың [2] ...табынды жұп таңдау арқылы жақсарту көп білім мен шыдамдылықты және де мақсаттылықты қажет етеді. Кездейсоқ нәрседен немесе табандылықтан табынның кенеттен жақсаруын күтуге болмайды деген пікірі осы уақытқа дейін маңызын жойған жоқ.Шағылыстырылатын мал жұбын анықтағанда, жұп таңдауда алға қойылатын мына төмендегі негізгі мақсаттарды басшылыққа алады. Біріншіден, табын малына тән ұнамды қасиеттерді, өнімділік белгілерді ұрпақтан- ұрпаққа бекіту; екіншіден - келесі ұрпақта ата-енесінен ерекше, жаңа өнімділік қасиеті бар төл алу; үшіншіден - ата-енесіне тән кейбір кемшіліктерді келесі ұрпақта жою немесе жөндеу.

1.2 Қазақстандағы елтірілік тұқым қойларының гендік қоры
Популяциялық генетиканың және жетілу ( эволюция теориясының бірден - бір негізі ол - әрбір популяция белгілі бір тектік қорымен сипатталып, және мынадай себептерден озгеруі мүмкін : 1 ) мутация ; 2 ) будандастыру , яғни гендердің басқа бір популяцияға қосылуы ; 3 ) табиғи сұрыптау . Гендік ( тектік ) қор - бүл салалық құрам жоне белгілі бір немесе басқа мал тұқымы түрі популяциясындағы әртүрлі гендердің түрлі формасының салыстырмалы сань Одинцова Е.В. [3]) . Адамзаттың әлемдік жетілу проблемасында өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің тектік қорын сақтау ерекше орын ала ды. Қазақстан өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әртүрлі формадағы генетикалық нормаларына бай . Республиканың ұланғайыр қуаңшылық жайылымы ( 100 млн.га ) осы аумақта қаракол қойлары мен түйе тұқымдарын өсіру үшін едәуір тиімді аймақ . Бұл өңірде үйлесімді шикізат қорлары бар , оның құрылымдық түйіні біршама дәрежеде шөл жайылымы болып саналады. Республика қой шаруашылығында қаракөл шаруашылығы басқа салалармен салыстырғанда бір шама жас сала . Қазақстанда қаракөл қой тұқымы осы сала табиғи қалыптасқан аймақтардан Өзбекстан мен Түркмениядан әкелінген таза тұқымды қаракөл қойларын жергілікті қылшық жүнді қойлармен айқас будандастыру арқылы шығарылған . Салада ғалым селекционерлер 50 жылдан астам еңбек етіп , тұқымның онжетіден астам бағалы түр - түсі мен жаңа реңдерін шығарды . Қазақстанның мүлде жаңа экологиялық жағдайында шығарылып , басқаша бағытта селекциялық - генетикалық зерттеулер жүргізгенде анықталғаны , жаңа экологиялық және экономикалық өңірде түрлі реңдегі әр түрлі - түстегі , елтiрiлiк титтегі , жоғары тауарлық , эстетикалық сапасы бар мал құруға , әрі ойдағыдай өсіруге болатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденіп , өндіріске енгізілді . " Зерттелетін популяцияның қалыптасуына басқа түқымдардың қатысу үлесін анықтау мақсатына иммуногенетикалық факторлар пайдаланылды . Арапов П.В [4] республиканың бір экологиялық аймағында өсірілетін әртүрлі түстегі қаракөл қой тұқымының , eділбай және биязы жүнді ( оңтүстік - қазақ мериносы ) тұқымдарының тектік қорын салыстырмалы түрде зерттегенде , осы тұқым малының қанында А , В , С және Д транспериннің 4 аллелін байқаған . Автордың деректері бойынша ең кең таралғаны В аллель болды , қаракөл койында оның кездесу жиілігі жоғары, ал еділбай және биязы жүнді тұқымдарда А , және саллельдер шамамен біркелкі жиілікте болған Аталған тұқым қойларының қанын зерттегенде трансперин , гемоглобин және сарысу арилэстеразы бойынша аллельдердің бірдей болатындығы айқындалды .

Автордың пікірінше , генетикалық ұқсастықты анықтау әр түрлі реңдегі қаракөл қойлары арасында біркелкі құрылымды және оның еділбай құйрықты қойларына едәуір жуықтау болатындығын көрсетті . Республикада қаракөл қойларының генетикалық әлуеті ( потенциалы ) өте жоғары . Өйткені қырық жылда оны жақсарту үшін селекциялық - генетикалық әдістер кеңінен қолданылды , әр түрлі реңдегі және түр - түсті , мол өнімді түқымдық қотқарлар пайдаланылды . Қазіргі кезде әр түрлі өнімділік типіндегі қаракөл қойларының он төрт зауыттық сүлесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде селекциялық жетістік ретінде мақұлданып бекітілді . Селекционерлер қаракол қойы түқымының осы зауыттық сүлелерінің асыл тұқымды қойларымен тұрақты жұмыс жүргізуде . Қазақстанда қаракөл қойларының тектік қоры расында бірегей . Қара түсі бойынша жоғары өнімді қаракөл түқымы қойларының төрт зауыттық сүлесі - жакеттік және қабырғагүлді елтiрiлiк тигггері , біреуі өсімтал тиі ; көк түсті көгілдір және күміс реңді 4 зауыттық сүлесі және сұр түстін 4 зауыттык сүлесі құрылды . Сирек кездесетін қызғылт , Қызылқоңыр , қоңыр , сарғыні , күлгін , сұрғылт т.б. түсті қойларды алу әдістемесі озірленуде . Әсіресе ақ түсті қойларды шығару әдісі ерекше , оған түстері қарама - қарсы келетін 4 тұқым қатысты , қаракөлшіе елтiрiлiк қойының жаңа тобы құрылып , қой тұқымының бесінші елтiрiлiк тилі ретінде қабылданды . Ұзақ уақыт селекциялық жұмыстардың нәтижесінде 1974 1998 жылдары елтірілік - етті - майлы өнімділіктегі әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ атыраулық қой тұқымы шығарылды . Осы қой ұрпағының елтірісі қаракөл елтірісінің тауарлык сапасына сай , тез жетілетін және құйрығының пішімі құйрықты қойлар секілді. Осылайша қаракөл қойларының популяциясы жаңа тектік қорымен байытылып , ұрпақтарына селекциялық белгілерді беру бойынша жоғары генетикалық әлуетке ие болды . Қазақстан ғалымдары қаракөл қойының жаңа зауыттық сүлелері үлгісінде туыстық жүттарды будандастыру нұсқасын теориялық тұрғыда негіздеп , іс жүзінде дәлелдеді , онда ұрпағында ұнамды селекцияланатын түс - реңдегі қозылар санын неғұрлым көбейтуге болатындығы белгілі болды .

1.3 Қаракөл қойының қара түсті жартылай шеңберлі бұйрагүлді задария зауыттық сүлесі
Қазақстан Республикасында қаракөл шаруашылығын асылдандыру ісін дамыту және асыл тұқымды шаруашылық жүйесін құру , негізінен алғанда жартылай шеңберлі бүйрагүлді қара қаракөл қойының задариялық зауыттық сүлесі қой тобына байланысты . Васин Б.Н. [5], Иванов М.Ф. [6] Бірінші кезеңде ( 1941-1958 жылдар ) шаруашылық отарлары ұнамды типтегі қозыларды сұрыпттау , тиісті отарларды құрылымдау , асыл тұқымды топгы бөле отырып , қой тобының негізгі бөлігін біртекті және жақсартып жүіптау арқылы жетілдірілген . Саулықтарға қошқарлар пайдалану әрі қарай ойластырылған ұрпақ сапасын жоспарлы түрде тексеру арқылы ұйымдастырылды. Екінші кезеңде ( 1958-1962 жылдар ) қойлардың түқымдық жоне өнімділік сапасын жетілдіруге , қаракөлдің қалың шелділігінің жойылуына , бұл орайда басқа да тауарлык сапасын нашарлатпауға арналған түбегейлі селекциялық жұмыстар жүргізілген . Осы мақсатта туылған кезінде терісі жүқа тығыз , түгі қысқа және басқадай ұнамды белгілері болған Қошқарларды саулықтармен шағылыстыруға пайдаланылған , Үшінші кезең ( 1963 жылдан басталды ) селекциялық асылдандыру жұмыстарының деңгейін одан әрі арттырумен басқа шаруашылықтағы қой тобынан өзгешеленетін мал тобының қолайлы сапасын бағалаумен сипатталады . Құлжабаев А. [8] деректерінде арнайы бағыттағы зауыттық , түқымдық және тауарлары мал бөлімшелері құрылды . Негізгі елтірілік белгілері бойынша қалыптасқан зауыттық қой тобын шоғырландыруды қамтамасыз ету үшін саулықтарды ұрпақ сапасы бойынша тексеру қолданылды . Мемлекеттік асыл тұқымды зауыт өндірілген қаракөлдің жоғары сапалығы үшін 1968 жылы Лейпцигтегі Халықаралық жәрмеңкеде Үлкен Алтын медальмен , ал 1971 жылы Бүкілодақтық . Халық шаруашылығы Жетістіктері Көрмесінің Құрметті дипломымен марапатталды . Қаракөл қойының задариялық сүлесі төлiнiң ірілігімен сипатталады : жаңадан туылған еркек қозыларының салмағы 4,5-5,5 кг . , ұрғашылары -- 4,0-4,5 кг . Терісінің көлемі 1600 ден 2000 см ? дейін , онда ұзын және орташа , тығыз , біркелкі білікшелі бүйрагүл басым болады , 33 мөлшердегі бұйрагүлдің сымбаты ( фигуралығы ) орташа , тері сорты - жакет I. Осы тиктегі қойлардың өзіне тән ерекшеліктері : денесінің ірілігі , конституциясының мығымдығы , экстерьерінің дұрыстығы , тіршілік қабілеттілігінің жоғарылығы , қазақ станның оңтүстік жағдайына бейімделгіштігі , өсімталдығы , қырқылатын жүні , сүттілік көрсеткіштерінің жоғарылығы .

Юдин В.М. [7], Гигинейшвили Н.С.. [8]
Задария зауыттық сүлесінде мол өнімді қойлардың 5 аталық тізбесі құрылған:
І - 2750-1751 қошқар тізбесі . Аталық тізбені жалғас тыратын ұрпағы үзын жартылай шеңберлі бұйрагүлінің айқындығымен , тамаша жібектей жүмсақтығымен және түк жамылғысының жылтырлығымен сипатталады.
ІІ - 8489-8991 қошқар тізбесі . Осы аталық тізбедегі қозылар жүнінің жақсы өскелендігімен , терісінің жүқа Тығыздығымен , тамаша жібектей жүмсақтығымен және тук жамылғысының жылтырлығымен сиктатталады ,
ІІІ - 396-386 қошқар тізбесі . Осы аталық тізбедегі төлдер бүкіл денесі бойынша әдемі орналасқан жартылай шеңберлі білікшелерінің болуымен ерекшеленеді .
ІV - 3930-9101 қошқар тізбесі . Бұл аталық тізбедегі қозылар әдемі өрнекті жакеттік елтірілік типі айқын көрінетін бүйрагүлімен сипатталады .
V -- 0324-0324 қошқар тізбесі . Бұл аталық тізбедегі қозылардың конституциясы мығым , елтірісінде ұзын , тығыз білікшелі бұйрагүлі , қою жібектей жұмсақ қылшығы болады және өрнегі әдемі .
Жакеттік типтегі қара қаракөл қойының задариялық зауыттық сүлесі КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1972 жылдың 18 қаңтарындағы №14 бұйрығымен бекітілген

1.4. Қаракөл қойының қара түсті қабырғагүлді тасты зауыттық сүлесі
" Тасты " мемлекеттік асыл тұқымды зауыты 1946 жылы үйымдастырылған . Елемесов К.Е. [9] қара қаракөл қойының қабырғагүлді елтiрiлiк типін өсіруге 1968 жылы мамандандырылды . Бастапқыда Оңтүстік Қазақстанның жергілікті ауа райына және табиғи азық жағдайына жақсы ( Мойынқұм және шөлді Бетпақдала аймақтарына бейімделген қаракөл қойының қабырғагүлді білікшелі бұйрагүлінің қажетті типі белгіленді . Қойдың қажетті ( ұнамды ) типін жинақтау және селек белгілерді орнықтыру үшін гомогенді ( қабырғагүлді қабырғагүлді ) және гетерогенді ( қабырғагүлді х жакетті , қабырғагүлді х кавказдық ) жүптау қолданылған . Қабырға гүлді типтегі қойлардың саны өскенде гомогенді бір типті ) жуптау ұлғайтылды. Жұмыстағы негізгі назар аударылғаны түқымдық , қош қарлардың жоғары өнімді тобы қабырға гүлі типі бойынша бір текті жұптаудан алынған төл есебінен қүрылды . Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде , өнімділігі бойынша өзгешеленетін екі туыстас емес аталық тізбе қүрылған , 1 тізбе . Бастапқы тегі 7443-7444 қошқары . 1973 жылы туылған , класы элита , бүйрагүлі орташа мөлшерде , қабырғагүлді елтірілік типте . Аталық тізбеде 10 бірінші , 12 екінші , 14 үшінші ұрпақтары бар , жалпы соларды 28 жалғастырушысы қолдан ұрықтандыруға пайдаланылды . Осы аталық тізбедегі қозылардың өзіне тән ерекшелігі қысқа түктер ( 5-6 мм ) , бір өнді жалы ені бойынша теріде ұзын ( 80 мм - ден астам ) , келте және орташа , түк жамылғысы жібектей жүмсақ , ерекше жылтыр , терісі жұқа , әрі тығыз . Котов М.И. [10], Джуманиязов Ю.Д. [11] мәліметтері бойынша осы аталық тізбеде екі тарам болады : Бірінші тарам . Бастапқы тегі - 5053-5054 қошқар , класы элита , 1975 жылы туылған , қабырғагүлді типінде . Тарамда 9 жақсартқыш қошқар бар . Осы тарамдағы қозылардың ерекшелігі - теріде бүйрагүлі паралелль - тік орналасқан , түгі жібектей жұмсақ , ерекше жылтыр, терісі жұқа . Екінші тарам . Бастапқы тегі 1726-1727 қошқар , класы элита , 1978 жылы туылған , қабырғагүлді типінде . Тарамда 7 жақсартқыш тұқымдық қошқар бар . Бұл тармақтағы қозылар түк жамылғысының жібектей жүмсақтығымен және жылтырлығымен ерекшеленеді ( 80 % -дан астамы ) . ІІ тізбе . Бастапқы тегі - 1165-1160 қошқар , класы элита , қабырғагүлі типінде 1977 жылы туылған . Аталық тізбеде 6 бірінші , 19 екінші ұрпағы болды . Осы аталық тізбенің өзіне тән ерекшелігі - теріде қабырғагүлді білікшелері басым , жамбасына параллель шоғырланып орналасқан , арқасындағы орнегі параллель - тік . Түк жамылғысы жібектей жүмсақ және шамалы жылтыр . Аталық тізбе үзын бүйрагүлді деп аталады . Ұзын бүйрагүлді белгісі ұрпағына тұрақты беріледі . Осы аталық тізбенің екі тарамы Бірінші тарам . Бастапқы тегі - 121-1122 қошқар , класы элита қабырғагүл типінде , 1980 жылы туылған.

Бұл тарамдағы қозылардың терісі едәуір жүқа , білікшелері тығыз қабырғагүлді , бүйрагүлінің өрнегі параллель - тік . Екінші тарам . Бастапқы тегі - 2120-2121 қошкар , 1980 Жылы туылған , класы элита , қабырғагүл типінде . Қозы терісінің шелi қалыңдау қара түсті . Рахимов А.А. [12] Қаракөл қойының осы зауыттық сүлесінің түкымдық және өнімдік сапасын жетілдіруді орындау былайша жүзеге қабырғалы бұйрагүлді қойларды тек бір текті жұптауда алынған қабырғагүл типіндегі элиталы тұқымдық қошқарларды пайдалану арқылы барлық қойдың сапасын жақсарту бойынша селекциялық - асылдандыру жұмыстарын асырылды : жүргізу ; қаракөлше титті аталық тізбесінде құрылған қабырғагүл елтірілік тиімен неғұрлым түбегейлі жұмыс істеу және аталған типтегі саулықтарды жинақтау ; - түқымға қалдырылған барлық тоқты қошқарларды сапалы суретке түсіруді қамтамасыз ету . Көп жылғы селекциялық - асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде қаракөл қойларының қара түсті қабырғагүлді тасты зауыттық сүлесі құрылып , КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1985 жылғы 12 шілдедегі бұйрығымен бекітілген .

1.5 Қара қаракөл қойының жартылай шеңберлі бұйрагүлді тоғыскен зауыттық сүлесі
" Тоғыс кен " қаракөл шаруашылығы асыл тұқымды зауыты жартылай шеңберлі қара қаракөл қойларын өсіруге мамандандырылған . Шаруашылық Жамбыл облысының Мойынқұм өңіріне орналасқан . Тұқымдық қошқарлар Өзбекстанның " Мүбарек " , " Нишан " , " Қарақұм " секілді таңдаулы шаруашылықта рынан , сондай - ақ Қазақстанның " Задария " және " Талас " мемлекеттік асыл тұқымды зауыттарынан әкелінген . Закиров М.Д. [13] шаруашылықта селекциялық - асылдандыру жұмыстары үш кезеңге бөлінеді ;
I кезең - 1948 - ден 1958 жылға дейін ; ІІ кезең 1958 - ден 1970 жылға дейін ; ІІ кезең - 1970 - ден 1988 жылға дейін . Бірінші кезеңде асылдандыру жұмыстары тауарлы шаруашылық бағытында жүргізу деңгейіне сәйкес келеді , нақты бағытынан өзгешелігі болмайды ; екінші кезеңде асыл тұқымды кеңшарда және үшінші кезеңде түқымды зауытта селекциялық - асылдандыру жұмыстары жүргізілді . Олардың міндеті түқымдық және өнімділік сапасы бойынша шоғырланған , жоспарланған ассортиментте мол өнімді асыл тұқымды ұрпақтар мен қаракөл елтірісімен қамтамасыз ететін қаракөл қойларының типтендірілген отарын құру . Жайылымды тиімді пайдалану , қоздау мерзімін реттеу және арнайы мақсатта асылдандыру жұмыстарын жүргізу осының барлығы селекциялық - асылдандыру жүмыстарының тиімділігін арттыруға ықпал жасады , отарды жетілдіруді қамтамасыз етті және елтірілік өнім сапасы бойынша тұрақты жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Белоброва Н.Ф. [14] деректерінде отардың түқымдық және өнімдік сапасы бойынша селекциялық жүмыстар жүйесінде ойластырылғаны - өсіруге қалдырылған қойлардың ұнамдыларын нақтылау және оларды жинақтау, елтірілік типі және бұйрагүл молшері бойынша біртекті жүптауды қолдану , қошқарлар мен саулықтарды үрпағының сапасы бойынша бағалауды тұрақты жүргізу және аталық тізбелері бойынша өсіру болды . Ұнамды типке жататындары элиталық және бірінші класты қойлар , олар туылған кезде қаракөлі жакеттік елтірілік типте , өрнегі жақсы көрінеді , ұзын және орташа жартылай шеңберлі білікшелері болады . Терінің көлемі кемінде 1400 см ?, онда бұйрагүлі енділігі бойынша орташа теңгерімде , қарасы басым , ерекше жылтыр , жібектей жүмсақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаракөл қойының тұқымы
Сұр түсті қаракөл қойларының жүн жамылғысының депигментациялануы
Қаракөл қойының биологиялық ерекшеліктері
Асыл тұқымды еділбай қой тұқымының өнімділік және биологиялық ерекшеліктері
Құйрықты және майлы құйрықты қой тұқымдары
Қаракөл терілері - қаракөл қойларының негізгі өнімі
Елтірілік қой - елтірісі үшін қозысы сатылатын қой тұқымы
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
«Асыл тұқымды көк түсті қаракөл қой шаруашылығында жұптау түріне байланысты селекциялық белгілерінің көрсеткіші»
Қаракөл қозыларын бонитировкалау
Пәндер