Қазақстан Республикасының Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңы


Ф. 7. 14-02
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ » кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні «Мал өсіру және селекция»
Жұмыс тақырыбы: Қаракөл шаруашылығында қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау
Мамандығы 5В080200- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
(мамандықтың аталуы мен шифрі)
Орындаған: Әбдімүтәліп Жансая
(қолы, студенттің аты-жөні, тобы)
Жетекші
(қолы, оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«» 20__ ж.
Комиссия:
қолы, аты-жөні
қолы, аты-жөні
Норма бақылау
қолы, аты-жөні
Шымкент, 2020ж.
Ф. 7. 14-03
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
УНИВЕРСИТЕТІ
«ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
Есенгелдиева. Л. Қ.
«» 20_ ж.
№ ТАПСЫРМАСЫ
«Мал өсіру және селекция» пәні бойынша курстық жұмыс
Студент_ Әбдімүтәліп Жансая топ __АП-18-7к
(тегі, аты-жөні) Жұмыс тақырыбы
Берілген мәліметтер:
Әдебиеттер: 1.
2.
3.
Мазмұны
бет
Аннотац 2
Нормативті сілтемеле 3
Анықтама 4
Белгілер мен қысқартылған сөздер 5
Кіріспе 6
1Негізгі бөлім 8
1. 1 Әдебиетке шолу 8
1. 1. 1 Түрлі - түсті қаракөл қойларын шаруашылықтарда өсірудің маңыздылығы 10
1. 1. 2 Республикамызда өсірілетін түрлі-түсті қаракөл қойларының негізгі түрлері 12
1. 1. 3 Түрлі-түсті қаракөл қойларын шаруашылықтарда
өсіру ерекшеліктері 14
1. 2. 1 Янтарь реңді қошқар будандарынан алынған ұрпақтардың елтірілік типтері 18
1. 2. 2 Янтарь реңді қошқарлардың ұрпақтарынан алынған бұйра ұзындығының өзгергіштігі 19
2 Тіршілік қауіпсіздігі 21
2. 1 Жедел және кезек күттірмейтін жәрде 21
2. 2 Шаруашылықта пайда болатын жарақаттар 22
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізім 26
Аннотация
Қаракөл қойы бірнеше түр-түстерге бөлінеді, оның ішінде соңғы жылдары ерекше сұранысқа ие болып келетіні жаңа янтар реңді сұр түсті сұрхандария тұқымішілік типіндегі қаракөл қойы болып отыр. Мұнда, жаңа сұрхандария типіндегі сұр түсті қаракөл қойлары өзінің қайталанбас түсімен және селекциялық белгілердің көптілігімен, осыған орай жүргізілетін асылдандыру жұмысының күрделілігімен сипатталады. Аталмыш сұр түсті сұрхандария типіндегі қаракөл қойын өсірудің келешегін айқындаудың мәні орасан зор және оның ерекшеліктерін ескере отырып, осы бағытты дамыту мамандардың алдындағы бірден-бір өзекті мәселе болып отыр.
Осыған орай, қаракөл шаруашылықтарында өсірілетін түрлі-түсті, оның ішінде жаңа янтар реңді сұрхандария типіндегі сұр қаракөл қойларының будандарындағы ұрпақтарының өнім сапасын бағалау және тиімді түрін өсіруді мақсат етіп ұсынған болатынбыз.
Бұл зерттеу жобаны жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жұмыс аналитикалық шолу, технологиялық бөлім, қорытындыдан тұрады. Курстық жұмыс компютерде Times New Roman, 14 пт шриптімен бетке А-4 парағына терілген.
Нормативті сілтемелер
Зерттеу жобада төмендегідей стандартты сілтемелер пайдаланылды:
МЕМСТ 7. 32-2001 Стандарт жүйесінің мәліметі, кітапханалық және ғылыми-зерттеу баспа жұмыстары есебінде. Құрылымы мен ережесі.
ССРО-ның мемлекеттік стандарты 11124-65 стандарттар басылымы
ССРО-ның мемлекеттік стандарты 8748-70 стандарттар басылымы
ССРО-ның мемлекеттік стандарты 6070-78 стандарттар басылымы, 1982
ССРО-ның мемлекеттік стандарты 7939-79 стандарттар басылымы, 1982
Республиканың қой шаруашылығын өркендетудің жағдайы мен келешегі 2001-2005 жылдар, Астана, 2001.
Қазақстан Республикасының «Селекциялық көрсеткіштердің дамуы туралы»заңы. 1999.
Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңы. - Астана, 2001.
Анықтамалар
Бұл зерттеу жобада келесі анықтамалар берілген:
Селекция - сұрыптау мен жұптау қызметінің бірлігіне негізделген тұқымды жетілдіру үрдісі.
Сұрыптау - белгілі бір тіршілік ортасына, не өндіріс технологиясына бейімделген немесе адамдардың өзінің қажеттілігін өтей алатын жануарларды алып қалуп, өсіруді атайды.
Сұр түс - қаракөл қозыларының жүн талшықтарының жоғары бөлігінің ағарып, төменгі деңгейінің қара-қоңыр немесе қара болып келуі.
Қола реңді - жүн ұзындығының төменгі бөлігі қоңыр, ұшы - ашық қола түсті болып келетін сұрхандария сұр түсіндегі қаракөл қойы.
Платина реңді - жүн ұзындығының төменгі бөлігі қалампыр түстес, не қараға жақын, ұшы-ашық ақ сары, не ақ болып келетін сұрхандария сұр түсіндегі қаракөл қойы.
Янтар реңді - жүн ұзындығының төменгі бөлігі қоңыр, ұшы янтар түсті, сары-алтын түстен немесе сары-қызғылтқа болып келетін сұрхандария сұр түсіндегі қаракөл қойы.
Қаракөл бұйрасы - тұқымның басты белгісі және тері өнімінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Рең айқындылығы - жүн ұшының ақшыл тартуы (бозару) дәрежесін, жүннің астыңғы бөлігінің қоңыр тартып, ақшыл жүн ұшына ауысуымен сипатталуы.
Генотип - филогенез кезінде қалыптасқан малдың нәсілдік факторлар кешені.
Генофонд - табын ішіндегі бір түрдің ұқсастықтарының белгілі бір жиілікпен топтасқан гендерінің жиынтығы
Фенотип - жануарлардың сыртқы көрінісі мен дене мүшелерінің дамуы мен белгілері.
Жұп таңдау - ата-енесі бір-біріне үйлескен, лайықты мал жұбын дұрыс құру
Гомогендік - біртекті малдардың жұбын құру
Гетерогендік - әртекті малдардың жұбын құру
Белгіленулер мен қысқартылған сөздер
Бұл зерттеу жобада келесі белгілер мен қысқартылған сөздер берілген:
ҚР - Қазақстан Республикасы
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
ОБМжӨҒЗИ - Оңтүстік Батыс мал және өсімдік ғылыми-зерттеу институты
п - мал саны
% - пайыз
гр - грамм
кг - килограмм
мм - миллиметр
см - сантиметр
ш. см - шаршы сантиметр
М - орташа арифметикалық шама
m - орташа арифметикалық шаманың қатесі
δ - орташа квадраттық ауытқу
С V - вариациялық коэффициент
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қой шаруашылығы басқа мал шаруашылықтарының ішінде ерекше орын алады. Оған басты себептердің бірі, бұл республикада табиғи жайылымдардың кеңдігі және басқа да азық-түлік қорының молдығы болып есептеледі. Айталық, 223 млн. гектар ауыл-шаруашылығына бөлінген 180 млн. гектары таулы, шөлейтті, табиғи мал жайылатын жайылым болып келеді. Онымен қоса қой шаруашылығынан халықтың мұқтажына керекті ең құнды заттар алады, олар: жүн, тері, ет, сүт, елтірі, май, тағы басқалар.
Қазақстанда қой басынан, жүн және ет өндіру көрсеткішінен бұрынғы Кеңес Одағында екінші орын алады. Бірінші орында - Ресей. Ерте кезде Қазақстанда қылшық жүнді етті-майлы қой тұқымдары өссе, кейін біздің республикада жаңадан биязы, биязылау жүнді, етті биязылау жүнді қой тұқымдары пайда болды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың [1] жолдауында . . . “Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды. Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс. Ол ең алдымен жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы қажет. Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек. Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуге тиіс. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет.
Қазақстанда қаракөл өсірушілердің көп жылғы еңбегінің арқасында күрделі будандастырудың түрлі нұсқаларын қолдану арқылы қаракөл, ет, жүн, елтірі алу үшін селекцияда тиімді қолданылатын қаракөл тұқымының қара, көк, сұр, қоңыр және ақ түсті отарларын қалыптастыратын үлкен тәжірибе жинақталды. Қаракөл қойынан алынатын өнім сапасы және түрі, түсі бойынша алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Көптеген жылдар бойы отандық және шетелдік ғалымдардың басшылығымен жүргізілген жүйелі іріктеудің, сұрыптаудың, азықтандыру, бағып - күтудің нәтижесінде өнімділік қасиеті қалыптасқан қойдың бұл ғажап тұқымы дүние жүзілік маңызға ие болып отыр.
Қазіргі таңда қаракөл шаруашылығы республикамыздағы мал шаруашылығының маңызды саласының бірі болып табылады. Өйткені басқа мал тұқымдары жеткілікті түрде сапалы өнім бере алмайтын еліміздің шөл және шөлейт аймақтарының биологиялық ерекшеліктеріне қаракөл қойларының тиімді өсуі, көбеюі сияқты бейімділігін қалыптастыруға себеп болып отыр. Қаракөл қойы - тaбиғат ғажaйыбы мен адамзат дaнышпандығының жемісі, шөл падишасы.
Біздің курстық жұмысымыздың мақсаты:
- Қаракөл шаруашылығында қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау;
-түрлі-түсті қаракөл қойларын шаруашылықтарда өсірудің маңыздылығы;
- республикамызда өсірілетін түрлі-түсті қаракөл қойларының негізгі түрлері;
- түрлі-түсті қаракөл қойларын шаруашылықтарда өсіру ерекшеліктері;
- янтарь реңді қошқар будандарынан алынған ұрпақтардың елтірік типтері.
1. 1 Әдебиетке шолу
1. 1. 1 Түрлі - түсті қаракөл қойларын шаруашылықтарда өсірудің маңыздылығы
Қаракөл қойы тұқымының құрамы басқа қойлар тұқымында кездеспейтін түстер мен реңдердің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Қаракөл қойы тұқымында қара, көк, сұр, ақ, қоңыр, қызғылт және сирек кездесетін түстер бар. Сұр түстің басты ерекшелігі талшықтың ұзына бойында пигменттің біркелкі орналаспауында. Сұр қозылардың жүн талшығын көзбен бағалағанда, оның негізгі бөлігі меланиннің тығыз орналасқандықтан көзге қоңыр немесе қара түсті болып байқалса, ал талшықтың меланин жоқ ұшы көзге ақ түсті болып көрінеді.
Осы қойлардан алынатын сұр түсті елтірілер өзінің әдемі және әр түрлі реңдерімен ерекшеленеді.
Табиғаттағы жануар мен құстарда жүнінде, қауырсынында кездесетін бірнеше түстің қатар араласып келгендерді сұр түсті деп атайды.
Халық арасында «сұр» терминнің -қызғылт түс, немесе «сурет» - бейне деген ұғымдардан таралған деген болжам қалыптасқан. В. И. Стояновскаяда [2] «Cұр» сөзі қызыл деген мағынаны білдіреді деп тұжырымдайды.
Қазіргі кезде қаракөл қойының құрамында тұқымішіндік үш типтер кең тараған, олардың әрқайсыларының өздеріне тән реңдері бар: бұхаралық, сұрхандариялық және қарақалпақтық.
19 ғасырда Өзбекстанның Бұхара өңірінде малшылар сұр қойлардың «күміс» және «тіллә» реңдерін өсіріліп, олар өз беттерінше асылдандыру жұмыстарын жүргізіп, малдарды реңдері бойынша бірыңғай жұпталған және сұр түстің қанықтылығы бойынша үнемі сұрыптау жұмыстарын жүргізген.
Бұхар сұры қойының өзіне тән сипаты, талшықтың негізгі бөлігінде пигмент тығыз орналасқан, ал талшықтың ұшында пигменттің болмауы.
Қаракөл қойын зерттеген ғалымдар арасында сұр түстің пайда болуы жөнінде бірыңғай тұжырым жоқ. В. И. Стояновская [2] пікірі бойынша, қаракөл қойындағы сұр түстің пайда болуы, оның көршілес жайдары қой тұқымымен шағылысу кезінде «агути» түсі ретінде енгенін атайды.
Көптеген ғалымдар Хорезм аймағында оныншы ғасырларда қаракөл қойы болған деген пікірді ұстанады. Өйткені, араб саяхатшы Ибн-Хаукаль 978 жылы Хорезм жерінде қою-қызыл елтірілердің сатылғандығы туралы дерек жазады.
Ал, бұл өлкеде сұр қаракөлдің пайда болуы осындағы әр түрлі түсті құйрықты қойлардың бейберекет шағылысуы нәтижесінде болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. .
Н. С. Гигинейшвили [3], В. М. Юдин, М. И. Котов [4], көршілес қой тұқымдарының арасында сұр түсті қойдың жоқ екенін атап, сондықтан бұл түстің сырттан келуі мүмкін еместігін айтты.
Б. Н. Васин [5] басты тұжырымы қаракөл қойының тұқымына тек қара түс тән, ал популяцияда басқа түрлі-түстердің пайда болуын автор мынандай себептермен түсіндіреді: түсті қойлардың алғашқы кезден бастап қаракөл қой тұқымында сақталып келе жатуы; әр түрлі түстердің қаракөл қойына етті- құйрықты қойлармен шағылыстыру нәтижесінде кіруі; түрлі- түстер қаракөл қойларының популяциясында жинақталған мутациялық өзгерістер нәтижесінде.
Б. Н. Васин [5] өзінің үшінші пікірін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге талпынды, мұнда қаракөл қойының популяциясындағы сұр түстің рецессивті мутацияны сұрыптау нәтижесінде келіп шыққандығы туралы болжам айтты. Бұл пікірді В. Н. Погодин [6] жақтады.
Н. С. Гигинейшвили [7] жоғарыдағы ғалымдардың тұжырымын сабақтап, сұр түстің шығуына селекциялық жұмыстың әсері болғанын, ал осы түстің мал арасында сақталуына қаракөл елтірісінің шаруашылыққа пайдалануында деп атады.
Ол Б. Н. Васин және т. б. [5], қаракөл қойы популяциясында сұр түстің спонтанды мутация нәтижесінде пайда болғаны туралы тұжырымын қоштады.
Жалпы алғанда кез келген популяция құрамында мутациялар гетерозиготты күйде сақталып, қор жасақтайды, майда мутациялар жекелеген аллелдерде пайда болса, ал ауқымды мутациялар кроссинговер кезінде байқалады. Мутациялардың фенотипте пайда болуына сыртқы ортаның өзгеруі ықпал етеді.
Қаракөл қойларының арасында сұр түстің мутация нәтижесінде пайда болуы мүмкіндігін, түстердің тұқым қуалау теориясында сұр түстің қара түске рецессивті болуы дәлелдейді.
М. Ф. Ивановтың [8] пікірінше, қаракөл малының тегі ерте заманда шығыс Түркістан өңірінде өсірілген ұзын құйрықты болған, оларда қара мен көк түстілер болған, ал басқа түсті малдар осы ұзын құйрықты қойлармен шағылыстыру нәтижесінде алынған дейді.
А. П. Воробьевский, И. Н. Дьячков [9] М. Ф. Ивановтың пікірін қостап былай дейді - сұрыптау жұмыстарының бастапқы кезеңдерде қара түсті малдардың сапасын жақсарту болған. Ал қоңырқай немесе басқа түстер мутациялық жолмен гетерезиготальді малдарды пайдалану нәтижесінде пайда болған және солармен қазіргі сұр қойларының типтерінің болуы да мүмкін деген пікірді ұстанады.
В. М. Юдин, М. И. Котов және басқалар [10] рең қанықтылығы әркелкі қара, сұр және қоңыр түсті қозылардың жүн талшығындағы меланин түрлері мен мөлшерін зерттеп, авторлар түстердің қанықтылығы олардағы меланин мөлшеріне тікелей байланысты екенін дәлелдеді. Мұнда сұр және қара түсті қойлардағы жүндерде пигмент түрлері бірдей болатынын, оларда сұр қойда пигмент мөлшері 7%, ал қарада 12% құрайтынын анықтады.
Авторлар зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, сұр түсті қойлардың ешқандай басқа тұқымды қойлардан ауыспай қара түсті қаракөл қойларынан шыққанын және қоңыр түсті пигменттің мұнда жоқ екенін атады.
Жалпы, қаракөл қойында сұр түстің шығуы жөніндегі барлық ғалымдарға ортақ пікір XIV-XVII ғғ. орта азиялық шаруалар өздерінің жинақталған сұрыптау жұмыстарының сырларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, сұр түсті қаракөл қойларының сапасын жетілдіруге зор үлес қосқан [11] .
XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында нарықтық қатынастардың дамуы және сол кездегі қалыптасқан экономикалық-әлеуметтік жағдайда елтіріге сұраныстың артуы, осы қойлардың дамуына қолайлы кезең болды [14] .
А. А. Рахимов, Ю. Д. Джуманиязов [15], Е. М. Белоброва, Ю. Д. Джуманиязов [16], М. Д. Закиров [17] қарақалпақ сұры қойлары ерте заманнан келе жатқанын және жергілікті халықтың жеке меншігіндегі осы қой тұқымын аса құнды дүние есебінде сақтайтынын атады. Шаруалар сұр қойлармен жүргізілетін сұрыптау, жұптау жұмыстарының ерекшеліктері өте құпия түрде сақтап, оны тек қана жақын туыстар арасында ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын болған.
Н. С. Гигинейшвили [3] сұр түстің генетикасы туралы өзінің көп жылдық тәжірибелік жұмыстарын сараптап, сұр түстің генетикасы туралы тұжырым жасады: қаракөл қойындағы сұр түстің бұхаралық, сұрхандариялық, қарақалпақ вариацияларында қара түске доминантты типтері жоқ; ал сұр түстің қара түске рецессивті болуы, олардың барлық вариацияларының генетикалық тұрғыдан жақын екендігін көрсетеді.
Жабайы аңдар арасында сұр түс кең тараған, оларды агути деп атайды. Осы күнге дейін ғалымдар арасында сұр мен агути түстерінің генетикалық ара қатынасы туралы бірыңғай түсінік қалыптаспаған.
1. 2 Республикамызда өсірілетін түрлі-түсті қаракөл қойларының негізгі түрлері
Б. Н. Васин [5] қаракөл қойлары мен жабайы қой жүн талшықтарын зерттеп, олардың айырмашылықтарын тапты. Сұр қойларда талшықтың түссіз бөлігі ұшында орналасқан, ал жабайы қойда жүн талшықтарының ұшы пигменттелген, оның түссіз бөлігі төмен жағында орналасқан.
Автор агути түсінде талшықта пигменттің орналасуы бойынша екі түрі болатынын атады: бір малдың денесінің топографиялық бөліктерінде әртүрлі түстердің орналасуы. Муфлонның басы, арқасы, бүйірінің түсі бурыл, сауырының түсі ақ ал арқасында ұзын қара жолақ болады. Агутидің екінші түрінде талшықтың ұзына бойында пигмент әркелкі орналасқан. Сондықтан, жүннің негізгі бөлігі қанық түсті, оның ұшына жақын сақина тәрізді белгі, ал талшықтың ең ұшы пигментті болуында.
В. С. Жилякова [18] анықтауы бойынша сұр қошқарларды және сұр түсті бірыңғай жұптаудан алынған қошқарларды гомозиготты қара түсті саулықтарға, немесе сұр түске гетерозиготты қара қойларға жұптағанда кезкелген ұрпақтан алынған төл елтірілік сапасына бірдей ықпал етеді.
Біраз ғалымдар жоғарыда аталған түстердің генетикалық шығу тегі бір екенін, сондықтан қазіргі сұр қаракөл қойларының жабайы агути түстен тарағандығы туралы болжам айтады.
Жабайы малдардағы агути түсі тұқым қуалауы бойынша гомологиялық аллелді гендермен басқарылады және ол басқа локустағы ген аллелдеріне доминантты.
Р. Г. Валиев [19] сұр түсі қаракөл қойына жергілікті құйрықты қойлармен будандастыру кезінде “агути” гендерінің берілуінен пайда болған. П. Арапов, В. К. Петров [20] алғаш рет сұр түстің қаракөл қойына құйрықты қойлардан агути түсі ретінде еніп, кейіннен селекциялық жұмыстардың нәтижесінде сұр түсіне айналған. Авторлардың пікірінше агути түсі жүн талшығының негізгі бөлігінде пигментті, ал талшықтың ұшына таман сақина, жүннің ұшы әрқашан пигментті болады.
Агути түсі көптеген жергілікті жайдары құйрықты қой тұқымдарында кездеседі. Агути түсі басқа қой тұқымдарының жүн жамылғысында бүкіл өмір бойына сақталса, ал сұр түсі тек қана қозы кезінде байқалады. Ол үлкен қойларда тек қана бастары мен аяқтарының жүндерінде сақталады.
А. С. Ахметшиев [21] қарақалпақ сұр қойларына жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде аталған сұр қой түрін генетикалық тұрғыдан жеке нәсілдік топ екенін атап, оны S k - символымен, оның үш реңін- болат реңді S k m S k m , шамшырақ реңді S k i S k m , өрік гүл реңді S k i S k i белгіледі.
Жалпы алғанда, ғалымның тұжырымы бойынша қарақалпақ сұры A, E, S k гендерінің аллелдерінің комплексті өзара әсерлесуі негізінде тұқым қуалайды.
1930 жылдары сұр қойлар қаракөл қойының арасында басы аз болды, олардың өзі кездейсоқ жұптау негізінде шыққандар. Мұның басты себебі, ол кезде сұр қойын көбейтудың ғылыми негізделген әдістемесі болған жоқ.
В. М. Юдин мен М. И. Котов [22] алғаш рет сұр қойлар қаракөл қойының шығарудың ғылыми әдістемесін жасады, онда сұр қошқарларды қара түсті саулыққа гетерогенді жұптауды
Шығарылған әдістеме бойынша сұр және қара түсті малдарды гетерогенді жұптау сұр қойлардың басының көбеюіне мүмкіндік береді. Қажетті сұр түсті мал басының көбеюі, осы сұр түсті қойларды бірыңғай жұптауға мүмкіндік беріп, селекциялық жұмыстарды ғылыми негізде жоспарлы жүргізуге жол ашты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz