Көк азық түрі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі
Өсімдік және мал шаруашылығы кафедрасы
Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру пәні
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Шырынды малазығы тобы
Орындаған: Шаухан Оразхан
Тобы: Ап-18-7к
Қабылдаған: Егемкулов Н.
Шымкент 2020 ж.
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Сүрлем дайындау технологиясы
2.Пішендеме дайындау технологиясы
3.Тамыр түйнек жемістер мен бақша дақылдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Шырынды малазығына көк шөп, сүрлем, пішендеме, тамыр түйнек жемістілер мен бақша дақылдары жатады.
Ірі малазығына -пішен, сабан жатады.Бұл топ малазығын аумақты малазығы деп айтады.
Аумақты жемшөп тобына 1 кг құрғақ затындағы қорытылатын қоректік заттар қосындысы 0,5 кг-нан аспайтын, энергетикалық қоректілігі 0,65 азық өлшемінен (7,3 МДж-ден) төмен көк азық, шырынды азық пен ірі азық кіреді.
Көк шөп. Ылғалды (шырынды) келетін аумақты жемшөптің ең үлкен тобын көк азыққа (зеленый корм) жататын көк шөп құрайды. Көк шөпке табиғи және қолдан еккен өсімдіктердің жер бетіндегі жапырағы мен әлі көк, өсуі тоқталмаған кезеңдегі сабағымен бірге желінетін гүлі мен дәні кіреді. Көк шөпті малға жайып (жайылым оты) немесе шауып, турап (зеленка) береді. Көк шөп құрамында мал тіршілігіне қажетті барлық қоректік заттар жеңіл қорытылып, жақсы сіңірілетін түрде болатындықтан, ол малдың сүйсініп жейтін жұғымды азығы болып табылады.
Табиғаттың өзі өндіретін осы азыққа эволюция барысында мал түлігі әбден бейімделіп, қоректік заттарын өте жоғары қорытып игеретіндіктен, мал азықтандыруда көк шөптің алатын орны ерекше. Жоғары құнарлылығы, жұғымдығымен қоса мал шаруашылығы азықтық қорының ең арзан азығы болғандықтан, оны жыл бойында мал қорегіне мейлінше мол пайдаланудың физиологиялық та, экологиялық та, экономикалық та маңызы зор.
Бұршақ тұқымдастардан еліміздің жайылымдарында ақ таспа шөп, ақ мия, жантақ, жоңышқа, сиыр жоңышқа, сары бас жоңышқа, беде, шытыр, ақ қурай, мия, мия тамыр, кеңінен тараған. Басқа азықтық жайылым өсімдіктерінен ақ жусан, томар жусан, ермен, көкшағыр, дөрмене, құмсағыз, қоянжын, қырықбуын, балықкөз (торғай оты), изен, теріскей, көкпек, жалман, шытыр, ебелек, сасыр, жүзгін, атқұлақ, сүттіген, жебір, жалбызды атауға болады.
Көк шөп құрамында, орта есеппен, 65 -- 85% су, 15-35% құрғақ зат болады. Құрғақ затының 20-25% шикі протеин, 4-5% шикі жасұнық, 35 -- 50% азотсыз экстрактивті заттар, 9-11% шикі күл үлесіне тиеді. Олардың қорытылымы мен қоректілік құндылығы өте жоғары келеді. Органикалық затының қорытылуы - 70%-ға, шикі протеинінің қорытылуы - 80%-ға жететін 1 кг көк шөп құрғақ затының энергетикалық қуаттылығы 0,7-0,8 азық өлшемін қурап, табиғи ылғалдылығындағы (натуральная влажность) жалпы қоректілігі 0,15 -- 0,25 азық өлшеміне теңеседі.
Көк шөп жоғары витаминді мал азығы. Барлық дерлік өсімдіктерде А витаминінің алғашқы түрі (провитамині) каротин көптеп жиналады. Түтікшеленіп масақтана бастаған кезеңіндегі астық тұқымдастарда каротин мөлшері -- 30 -- 50 мгкг болса, бүршіктеніп гүлдей бастаған бұршақ тұқымдастар көгіндегі оның мөлшері 45-60 мгкг болады.
Майда еритін витаминдерден көк шөпте Е мен К витамині жиналады. Малдың көбеюшілік қасиеттеріне әсер ететін токоферолдардың альфа-, бета-, гамма- және сигма-изомерлерінің биологиялық әсерлігі, көк шөптегі барлық токоферолдардың 25-35% құрайтын альфа-токоферолдікін 100%-ға балағанда бета-токоферолдікі - 27%, гамма-токоферолдікі -- 13%, сигма-токоферолдікі 1% шамасында болады.
Көк шөптегі К витамині 15-25 мгкг көлемінде жиналатын К витамині түрінде жеткізіледі. Астық түқымдастар көгінде 40-50 мгкг Е, 15 -- 20 мгкг К, бүршақ тұқымдастар көгінде, тиісінше, 50 -- 55 және 20 -- 25 мгкг Е және К витаминдері жиналады. Д витамині фито-стериндер- ден шөпті күн көзінде кептіргенде түзіледі. Суда еритін витаминдерден көк шөпте цианкобаламиннен басқа В витаминдерінің барлығы түзіліп, С витамині көптеп жиналады. Қоректілік құндылығы бойынша көк азықты келесі стандарт талаптарына сәйкес қоректілік кластарына бөледі (7-кесте).
1-кесте. Көк азық қоректілік кластарына стандарт талаптары
Көк азық түрі
Класы
Өсімдіктердің даму кезеңі
Жалпы үлесі, %
ҚЗ
ЗН
УӨ
Екпе бір же көпжыл-
дық астық түқымдастар
көгі (жүгеріден басқа)
I
Түтіктенгеніне дейін
12
1
_
II
Масақтана бастағанда
17
3
од
III
Масақтанғаңда
23
5
0,3
Екпе бір же көпжылдық бүршақ же астық
түқымдастар көгі
I
Бт бүршіктенгеніне, ат түтіктенгеніне дейін
11
1
-
II
Көпжылдық бт бүршіктеніп, біржылдықтары гүлдей, ал ат масақтана бастағанда
16
3
0,1
III
Көпжылдық бт гүлдеп, біржылдықтарында 2-3 бүршақ байланып, ат масақтанғанда
22
5
0,3
Жүгері
I
Собығы сүттеніп-балауызданып пісе бастағаньшда
17
3
-
II
Г үлденгенде
14
3
-
III
Түтіктеніп-масақтанғанда
10
3
-
Табиғи жайылым мен
шабындықтың ат көгі
I
Түтіктенгеніне дейін
12
3
од
II
Масақтана бастағанда
17
5
0,3
Айқас гүлділер
I
Бүршіктенгенде
8
1
_
II
Гүлдей бастағанда
11
3
0,1
III
Толық гүлдегенде
14
5
0,3
Қысқартулар. ҚЗ - құрғақ затының үлесі бұдан төмен болмауға, ЗН - зиянды және нашар желінетін өсімдіктер, УӨ - улы өсімдіктер үлесі бұдан аспауға тиіс; бт -- бұршақ тұқымдастар; ат -- астық тұқымдастар
Көк азықтың негізгі көзі табиғи жайылым мен шалғын көгі болып табылады. Жайылым отына жаюға болатын мал басының санын білу үшін олардың өнімділігін анықтап, азықтық сыйымдылығын, яғни 1 га-на жайылатын мал басы мен жаю мерзімін есептейді. Жайылым не шабындық өнімділігін анықтау үшін оты (шалғыны) біркелкі келетін алқаптың бірнеше жерінен (өдетте, төрт бұрышы мен ортасынан) 1 м2 аумағын шауып, шөбінің шығымын өлшейді де, жайылым көгінің өнімділігі (Ө, гакг), пайдалану коэффициенті (К), жаю мерзімі (Ү, төулік) мен онда жайылатын мал түлігінің тәуліктік азық мұқтаждығы (М, кг) бойынша 1 гектарына келетін мал басының сыйымдылығын (С) мына жолмен есептейді:
C = (К х Ө) : (М х Ү).
Осылайша есептелінген мал басын жайылымда белгіленген мерзім бойы жаяды. Көк азықтың осындай өзі құнарлы, өзі арзан түрімен шаруашылықтағы мал басын жыл бойы мүмкіндігінше ұзақ мерзім қамтамасыз еткен физиологиялық жағынан мал мен мал өнімдеріне жұғымды болса, экономикалық жағынан өте тиімді. Сондықтан осыны ескеріп шаруашылықта түрлі агротехникалық және зоотехникалық шараларды қолдану арқылы мал басын ерте көктемнен бастап күздің соңына дейін арзан көкшөппен қамтамасыз ету үшін жасыл конвейер (зеленый конвейер) ұйымдастырады.
Жасыл конвейер ұйымдастыру принципі мал басын жыл бойында мүмкіндігінше ұзақ мерзім құнарлы көк азықпен қамтамасыз етуге бағытталған. Жер және шаруашылық жағдайына байланысты жасыл конвейер ұйымдастырудың жолдары (варианттары) көп. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірінің ауа райына сәйкестендірілген жасыл конвейер үлгісі мынадай болуы мүмкін:
Ерте көктемде, қарери салып, малды осы мақсатпен күзде егілген қара бидай, арпа, т. б. күздік дақылдардың жетілген көгіне, содан кейін ерте жетілген эфемероидты жайылым мен екпе көпжылдық шөптердің бірінші жаюга жетілген көгіне жаяды;
Жаздың 1-ші жартысында көктеген табиғи жайылым мен көпжылдық шөптердің көгінде бірінші жаюды аяқтаганнан соң, жаздық астық тұқымдас- тар, райграс пен олардың бұршақ тұқымдастары мен қосындылары, могар мен алгашқы себілген тары, судан шөбі, сорго, жүгері және олардың алғашқы себілген бұршақ тұқымдастары мен қосындысының көгіне жаяды;
Жаздың 2-ші жартысында ерте шабылған табиғи және себілген шабындықтардың қайта өскен көгі, могар, тары және олардың бірінші және екінші кезеңде себілген бұршақ тұқымдастары мен қосындысы, олардың қайта жетілген көгі (алшыны), судан шөбі, жүгері, сорго, күнбағыс және олардың бұршақ тұқымдастарымен қосындысы, қайта жетілген алшыны (отавасы), жаздық астық тұқымдастар, райграс және олардың екінші және үшінші мерзімде себілген бұршақ тұқымдастары мен қосындысы, ерте піскен кәуелер, ерте салынған сүрлем көгімен азықтандырады;
Күзде 3-ші және 4-ші мерзімде себілген біржылдық шөптер және олардың қайта жетілген көгі, ерте себілген күздіктер, кәуе, асқабақ, қарбыз, тамыржемістілер мен олардың пәлегін (ботва), картоп, азықтық капуста, сүрлеммен азықтандырады.
Күзде тамыртүйнектер жиналғанда олардың мал азығына қолдануға болатын пәлегінің 1 кг-да 15-20% құрғақ зат жиналып, 0,1-0,16 азық өлшемін құрайтын жалпы қоректілігіне 18 -- 22 г қорытылатын протеин, 2,5 -- 4 г кальций, 0,6 -- 2 г фосфор, 30 -- 40 мг каротин кіреді. Осылай көк азықпен жыл бойының ерте көктемінен күздің соңына, тіпті қыстың басына дейінгі ұзақ мерзім малды құнарлы да арзан азықтандырудың арқасында мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттырып, арзан да сапалы өнім өндіруге мүмкіндік тудырылады.
Осылайша жазғы мал азығына пайдаланылатын көк азықты шауып дайындау арқылы қыста да мал азықтандыруға кеңінен жұмсайды. Ол үшін шабылған көкте өрістейтін түрлі микробиологиялық құбылыстарды тежеп, тоқтатуға, яғни сақталатын шикізатты (сырье) консервілеуге бағытталған түрлі әдіс-тәсілдері қолданады. Ол әдістерді үшке бөлуге болады:
Кептіру, қатыру, жоғары қысым жөне температурамен өндеу, иондық сәулелендіру секілді физикалық әдістер;
Малға зиянсыз қосындылар ерітіндісімен өндеу арқылы өтетін химиялық әдістер;
Консервілеуге салынған жемшөпте өтетін табиғи микробиологиялық өзгерістерге негізделген биологиялық әдістер.
Сүрлем дайындау технологиясы
Шырынды азық. Сүрлем. Ауа енбейтін герметикалық ортада сақтауға салынған шикізаттағы оттегі өсімдік жасушасының тыныстануына жұмсалады да, аэробтық шіріткін бактериялар тіршілігі тежеліп, орнына түрлі анаэробтық бактериялар тіршілігінен туындайтын ашытулар (брожение) өріс алады. Қант жеткілікті жағдайда олардың ішіндегі сүт қышқылды бактериялар жақсы дамып өсіп, сүт қышқылды ашыту (молочно-кислое брожение) басым жүреді. Осындай анаэробтық жағдайда өтетін табиғи микробиологиялық үрдіс арқылы консервіленіп дайындалатын мал азығына сүрлем жатады.
рН көрсеткіші бойынша 3,7 -- 4,2 аралығына дейін қышқылданған ортада барлық дерлік микробиологиялық өзгерістер тежеліп, тоқтатылады да, жемшөп шикізатының қоректік заттары ұзақ мерзім ыдырамай сақталады.
Сүрлем салуға арналған дақылды, бір жағынан, бойына қоректік заттарды толығырақ жинаған, екінші жағынан, балғындығын жоғалта қоймаған шырынды кезеңінде орады. Мұндай кезең астық тұқымдастардың масақтанып, ал бұршақ тұқымдастардың бүршіктеніп, гүлдене бастаған кезеңіне сәйкес келеді. Осы кезенде оларды шауып, ұсақтап турайды да, арнайы дайындалған ор, траншея немесе мұнараға мұқият тап тап, нығыздап жинайды (ор мен траншеяда -- шынжыр табанды ауыр трактормен). Жиналған шикізатты ауа кірмейтіндей етіп мұқият қымтап жабады.
Жиналған өсімдік ішінде соншалық таптағанмен де қалатын ауа оттегі шабылғаннан кейін бірден солып, өлмей, біршама уақыт тіршілік ететін өсімдік жасушаларының тыныстануына жұмсалады да, шикізатта анаэробтық, яғни оттегісіз жағдай туғызылады. Оттегі таусылып анаэробтық жағдай орнатылғанға дейінгі мерзімде шикізатта далада өсірілген өсімдіктерде кездесетін сан алуан микроорганизмдер түрлерінің бәрі жаппай өсіп дами бастайды.
Арнайы зерттеулер жаңа шабылған жүгері көгінің 1 тоннасында 170- 250 мың сүт қышқылды (молочно-кислые), 1 -- 10 мың майлы қышқылды (масляно-кислые) бактериялар, 140 -- 500 мың ашытқыш (дрожжи) микробтар, 13 -- 42 миллион шіріткіш (гнилостные) бактериялар болатын болса, шалғын шөбі мен беде көгінікінде, тиісінше, 8-10 мың сүт қышқылды, 1 -- 2 мың майлы қышқылды, 5 -- 8 мың ашытқыш, 8 -- 12 миллион шіріткіш микроорганизмдер болатынын көрсетті. Сүрлем салынғаннан бастап өсімдік жасушаларының тыныстануы тоқ- тап, ортаның сәл қышқылданғанынша өтетін бүл кезеңді аштық алмасу кезеңі (период голодного обмена) деп те атайды. Бұл кезеңдегі тотығу реакцияларынан салынған шикізат қоректік заттары ыдырап, жоғалтылатындықтан, оның өту мерзімін мейлінше қысқартқан жөн. Аштық алмасу нәтижесінде орнайтын оттегісіз, яғни анаэробтық ортада оттегімен тыныс алатын аэробтық микроорганизмдер, оның ішінде, саны басым шіріткіш микробтар да дами алмай, сүрлемге салынған шикізат қоректік заттарының бұзылмай (шірімей) сақталуына жағдай туғызылады.
Анаэробтық жағдайда шикізатта жеңіл ыдырайтын қант жеткілікті болса, онымен қоректенетін анаэробтық микроорганизмдерден алдымен өсіп көбейетін сүт қышқылды бактериялардың тіршілігінің арқасында өтетін сүт қышқылды ашытудан (молочно-кислое брожение) сүт қышқылы жиналады.
Осылай аэробтық және анаэробтық жолмен жүретін сүрлемдегі биохимиялық өзгерістердің өтуіне азықтың өз ферменттерімен қатар ондағы микроорганизмдер ферменттері пәрменді түрде қатысады.
Сүрлем салу технологиясы сақталмай, салынған масса жөндеп мұқият тапталмай, ауадан мықтап қымтылмаған жағдайда, сүрлем температурасы 80°С асуынан шикізатта орын алатын термогенезден біршама қоректік заттар ыдырап жоғалтылады, яғни жанып кетеді (сгорание силоса). Сүрлемдеу барысында өтетін биохимиялық өзгерістерді төрт сатыға бөлуге болады:
саты -- сүрлемге салынатын көкті шапқаннан, салынатын ор не мұнара толғанға дейін өтетін аэробтық үрдіс; сүрлемдеу технологиясы сақталғанда 3-5 тәуліктен аспауға тиіс;
саты -- сүрлемді жапқаннан кейін орын алатын аэробтық-анаэробтық өзгерістер; өсімдік түріне, микрофлорасына байланысты бірнеше сағаттан 7 -- 8 тәулікке дейін созылады;
саты -- анаэробтық жағдайдагы сүрлем қышқылдыгының рН=3,7 -- 4,2 ге дейін төмендеуі; созылу мерзімі сүрлем ылғалдылығы мен қантының көлеміне байланысты болады;
саты -- сүрлемді ашып алғандағы ауа енгендегі аэробтық жағдайда өтетін өзгерістер.
Анаэробтық ферментация (ашыту) барысында қанттан (глюкозадан) сүрлемде этил және бутил спирті, ацетон, қүмырсқа, сірке, сүт, пропион, майлы және янтарь қышқылдары, С02, Н2, СН4, т. б. қосындылар пайда болады. Бұл ашытуды сүрлемге салынған өсімдік бетіндегі эпитафтық микрофлора жүргізеді. Олар өсіп түрған өсімдіктің тек шығындылары (выделения) мен қоректеніп эпидермисінен ары өте алмайтын болса, шабылған өсімдіктің зақымдалған қабатынан өтіп, оның қоректік затымен қоректене бастайды. Эпитафтық микрофлора ішіндегі сүт қышқылды бактериялар әсерінен екі -- гомоферментативтік пен гетеро- ферментативтік түрде сүт қышқылды ашыту өтеді.
Гомоферментативтік сүт қышқылды ашытуда негізінен глюкоза сүт қышқылына айналдырылады: С6Н1206 2С3Н603. 1 г-Моль глюкозада - 686 ккал, ал сүт қышқылында - 326,5 ккал (2 г-Молінде - 653 ккал) энергия болатындықтан, ашыту барысында глюкозаның 686 - 653 = 33 ккал, яғни 5% энергиясы жоғалтылатынын көреміз.
Гетероферментативтік ашыту барысында сүт қышқылымен қатар сірке қышқылы, этил спирті, сутегі, метан, көмірқышқыл газы, екі ацетил, түрлі эфирлер мен иісті заттар пайда болады. Соның салдарынан салынған азық массасы -- 22%, ал энергиясы - 16%, яғни гомоферментативтік ашытумен салыстырғанда 3,2 есе көп көлемде азаяды. Гетеро-ферментативтік ашытуда сүт қышқылының мөлшерін кемітетін спирттік, майлы қышқылды, пропион қышқылды, т. б. ашытулар орын алады.
Орта есеппен, сүрлемге салынған өсімдік қантының 45 -- 55% -- сүт қышқылына, 10-15% - сірке қышқылына, 10-15% - этил спиртіне, 22- 25% -- көмірқышқылды газға айналады. Осылардың соңғысы қанттың пайдасыз шығынын көрсетеді. Сүрлемнің қышқылдануына ондағы қант мөлшерімен қоса дақылдың белок, аминқышқылдары, т. б. буферлік қосындылары ықпал етеді. Шикізаттың буферлік сыйымдылығы жоғарылаған сайын рН өзгеруі қиындап, оны қажетті деңгейге жеткізуге қажет қанттың ең аз мөлшері (қант минимумы) де өзгереді.
Осы айтылған биохимиялық өзгерістерден сүрлемге салынған шикізатта сүт қышқылының жиналуынан жаңа шабылған көктің 7-7,2, яғни бейтарапты реакциясы қышқылданып, рН көрсеткіші 4-4,2-ге жеткен қышқыл ортада микроорганизмдердің тіршілігі тежеліп, микробиологиялық үрдіс тоқтатылады. Микробиологиялық өзгерістерсіз сүрлемге салынған дақылдың қоректік заттары ыдырамай, қоректілігі ұзақ мерзім сақталады. Осыдан сапалы сүрлем дайындаудың келесі қағидалары ай- ғақталады:
біріншіден, сүрлемге салу технологиясы мен мерзімін мұқият сақтау (қысқарту) арқылы шикізаттағы алғашқы аштық алмасу кезеңін мейлінше қысқартып, жылдам анаэробтық орта орнату;
екіншіден, сүрлемге қанты мол дақылдар салу арқылы сүрлемдеудің екінші сүтқышқылды ашытудың жедел дамыған кезеңінің (период бурного развития молочнокислого брожения) басталуына оңтайлы жағдай туғызу.
Бұл екі жағдай сақталмаса...C6H12O6+ 60 2 = 6С02 + 6Н2 + 2822 кДж
жолымен өтетін термохимиялық реакция нәтижесінде сүрлем шикізатының ішкі жылуы көтеріліп, қызғандығынан сапасы төмендейді.
Өйткені 40°С жоғары температурада белок пен аминқышқылдары қант- тармен химиялық байланысқа түсіп, малдың ас қорыту жолдарында қорытылып, ыдырамайтын күрделі меланоидтарға айналады. Қызған кезде дақыл белогы мен қанттарының қатынасынан түрлі иісті заттар пайда болып сүрлемде алма, бал немесе қара бидай нанының иісі пайда болады.
Осы жағдайларды және де ашытқылау барысында біршама қанттың спиртке айналатындығын ескере отырып, жоғарыда келтірілген жолмен есептелінген сүт қышқылының минимумдық көлемін (С, %) 1,7 (100 : 60 = 1,7) коэффициентіне көбейтеді. Қүрамындағы нақтылы қант мөлшері мен сүрлемделуіне қажетті қанттық минимумы бойынша дақылдарды үш топқа бөледі:
а)нақтылы қант мөлшері қажетті қанттық минимумнан көп болатын жеңіл сурлемделетін дақылдарга сопақтағы дәні сүттеніп балауызданып піскен жүгері мен күнбағыс көгі, тамыртүйнектер жатады;
2-кесте. Сүрлем қышқылдылығы мен қышқылдарының көлемі, %
Сүрлем
сапасы
рН
Сүт қыш- қылы
Сірке қышқылы
Майлы қышқылы
Бос
Байлаулы
Бос
Байлаулы
Жақсы
Орташа
Нашар
4,0-4,2 4,6-4,8 5,5-6,0
1,2 -- 1,5 0,5-0,6 0,1-0,2
0,7-0,8 0,4-0,5 0,1-0,25
0,10-0,15
0,20-0,30
0,05-0,10
0,2-0,3
0,8-1,0
ә) нақтылы қант мөлшері қажетгі қанттық минимумына шамалас келетін қиын сүрлемделетін дақылдарға бүршақ түқымдастар көгі жатады;
б) нақтылы қант мөлшері қажетті қанттық минимумнан аз келетін сүрлемделмейтін азықтарга қамыс, сабан жатады.
Соңғыларын қанты мол азықтармен араластырып не қосымша қант көзін қосып сүрлемдеуге болады. Сүрлемдегі ашытқылау үрдісінің өрістеуі қант көлемімен қатар салынған дақылдың химиялық құрамына байланысты қалыптасатын буферлік, яғни реакциясының қалыптылығын сақтайтын сыйымдылық қасиетіне тәуелді өтеді. Буферлік қасиеттері жоғары протеин, минералды түздардың шоғырлануы сүрлемденетін шикізатгағы ашытуға ықпал етіп, органикалық қышқылдардың жиналуына әсерін тигізеді.
Салу технологиясы сақталып дүрыс дайындалған сапалы сүрлемде сүт қышқылының көлемі сірке қышқылынан 2-3 есе коп болып, пропион қышқылының көлемі аз, ал майлы қышқыл мүлдем болмауға тиіс (8-кесте).
Жоғары сапалы сүрлем дайындау үшін сүрлемдеу технологиясын қатаң сақтау қажет. Алдымен сүрлемге салынатын азықтың түрін, сортын белгілейді. Оларды дер кезінде шауып, ылғалдылығы 60-65% өсімдіктерді - 2-3 см, ылғалдылығы 70-75% - 4-5 см, ылғалдылығы 75-80% - 8-10 см көлемінде майдалап турап, алдын ала жан-жағы тегістеліп, нығайтылған ордың бүкіл ені мен ұзындығына табанынан бастап біртіндеп толты рады. Шынжыр табанды ауыр трактормен өбден нығыздала тапталып жиналатын шикізат биіктігі күніне 1 метрден кем болмауға тиіс.
Сүрлемге салынған массаның тапталып нығыздалуы оның туралу мөлшеріне (кесіндісінің үзындығына) байланысты болады. Шабылған көк неғүрлым қысқа туралса, соғүрлым нығызырақ тапталады. Бірақ тым қысқа туралған ылғалды көктің сөлі таптағанда көп сығылып шығады да, онымен қоса протеин мен басқа да сүт қышқылды бактериялардың әсерін өлсірететін заттар сүрлемге салынған
шикізатқа бөлініп, ондағы сүрлемдеуге қажетті микробиологиялық үрдіске кедергі туғызады. Оған жол бермеу үшін сөлі мол шырынды балауса көкті құрғақ азықпен, айталық, сабанмен араластыра салуға болады. Сонда сүрлемге салынған көктің сөлі мен нәрі толығырақ сақталатын 70% шамасындағы ылғалдылық қамтамасыз етіледі.
Малға жегізерде қатты қышқылданған сүрлемнің қышқылдығын азайтады. Қатты қышқылданбауы үшін жас, ерте шабылған сүрлемдік дақылды басқа қүрғақ азықпен, мысалы, сабанмен араластырып салуға болады. Сонда балауса көгінің сөлі сабанға сіңіп, сүрлемнің қоректік заттары жоғары сақталады. Сүрлемге салынатын дақыл көгімен араластырылатын сабан мөлшерін шаршы тәртібімен (метод квадрата) есептейді. Ол үшін сүрлемге салынатын дақыл когінің шабылғандағы ылғалдылығын анықтап, сабан ылғалдылығын 15 -- 17% деп алады. Содан соң сүрлемделетін дақыл мен сабан ылғалдылығын шаршының бүрыштары- на қойып, шаршы ортасына сүрлемдеуге оңтайлы ылғалдылықты (70%) жазады.
Сүрлемделетін дақылдың ылғалдылығы 80% болса, шаршыға жазу тәртібі мынадай болады:
Шаршы бүрыштарындағы дақыл мен сабан ылғалдылығынан ортадағы қажетті ылғалдылық көрсеткіштерінің көбінен азын алғанда, қарама- қарсы бұрышта азықтың қосылуға қажетгі бөлігі (кг) шығады. Ылғалдылығы 80% дақыл мен ылғалдылығы 15% сабанды араластырғанда сүрлемге салынған массаның ылғалдылығы 70% болуы үшін дақылдың 55 бөлігіне сабанның 10 бөлігін, яғни 5,5 бөлігіне 1 бөлігін араластыру қажет екені шығады. Араластырылатын азықтар бөлігін пайыздап есептеуге де болады.
Сүрлемге салынған дақыл сөлін толығырақ сақтау үшін онымен сабанды қабаттап та салады. Онда, айталық, жүгері не күнбағыстың 15~20 см тапталған қабатының үстіне 7 -- 10 см сабан қабатын таптап салады. Егер де сүрлем салынатын ор (траншея) табанына алдын ала 1,5-2 м сабан төселсе, қалған сабанды қабаттамай-ақ турап сүрлемдік дақылмен бірге араластырып салуға да болады. Салынған массаға ор қабырғалары- нан ауа кірмес үшін сабан қабатын оған 0,5 м жеткізбейді және үстіңгі 50 -- 70 см қабатқа сабан салмайды.
Шаруашылық жағдайында сүрлем сапасын А. Михин төсілімен бағалау ыңғайлы. Бұл тәсіл бойынша сүрлем үлгісі түсі мен иісі, құрылымы секілді органолептикалық көрсеткіштері жөне қышқылдығы (рН) бойынша баллмен бағаланады. Түсі (0 -- 3 балл), иісі (0-4 балл) және қышқылдығы (0-5 балл) бойынша 10-12 балл жинаған сүрлем сапасы өте жақсы, 7 -- 9 балл жинаған сүрлем сапасы - жақсы, 4-6 балл жинаған сүрлем сапасы -- орта, 2 -- 3 балл жинаған сүрлем сапасы нашар болып есептелініп, 2 балл да жинамағаны малға жегізуге жарамсыз болып табылады.
Сүрлем қоректілігі мен сапасын жан-жақты толығырақ бағалау үшін бүл көрсеткіштеріне қоса құрамындағы қоректік затгары, жиналған қышқылдары мен олардың арақатынасын есепке алады (9-кесте).
3-кесте. Сүрлем сапасын анықтау
Бағалау көрсеткіші
Сүрлем класы
I
II
111
1
2
3
4
Қүрғақ заты, %
- І-ші аймақтағы жүгері сүрлемі үшін
32
30
25
- ІІ-ші аймақтағы жүгері сүрлемі үшін
15
23
21
- ІІІ-ші аймақтағы жүгері сүрлемі үшін
18
15
12
- күнбағыс сүрлемі үшін
18
15
12
- шабындық шөп сүрлемі үшін
25
20
15
Қүрғақ затындағы каротин, мгкг
- І-ші аймақтағы жүгері сүрлемі үшін
20
20
10
- II-ші аймақтағы жүгері сүрлемі үшін
40
30
20
- ІІІ-ші аймақтағы жүгері сүрлемі үшін
40
40
40
- басқа дақыл сүрлемі үшін
60
40
30
рН көрсеткіші
- І-ші аймақтағы жүгері сүрлемі үшін
4,0 -- 4,3
3,9-4,3
3,8-4,5
- ІІ-ші аймақтағы жүгері сүрлемі үшін
3,9-4,3
3,8-4,3
3,8-4,5
- ІІІ-ші аймақтағы жүгері сүрлемі үшін
3,8-4,3
3,7-4,3
3,6-4,4
- басқа дақыл сүрлемі үшін
3,9-4,3
3,9-4,3
3,8-4,5
Қүрғақ затындағы протеин, %
- бүршақ түқымдастар сүрлемінде
14
12
10
- бүршақ-астық түқымдастар сүрлемінде
12
10
8
- астық түқымдастар, күнбағыс сүрлемінде
10
8
8
Сүт қышқылының үлесі, %
-- І-ші аймақтағы жүгері сүрлемі үшін
55
50
40
-- ІІ-ші аймақтағы жүгері сүрлемі үшін
55
50
40
- ІІІ-ші аймақтағы жүгері сүрлемі үшін
50
50
40
-- басқа дақыл сүрлемі үшін
50
40
20
Майлы қышқылы, %
-- жүгері сүрлемінде
0,1
0,2
0,3
-- басқа дақылдар сүрлемінде
0,1
0,2
0,3
Қүрғақ заттағы шикі күлі, %
-- жүгері сүрлемінде
10
12
15
- күнбағыс сүрлемінде
13
15
17
-- басқа дақылдар сүрлемінде
11
13
15
Ескерту. 1) І-ІІ-ші класс сүрлемі жағымды, жұпар жеміс иісті, ІІІ-ші класс сүрлемі жаңа піскен қара бидай наны, сәл сірке қышқылды иісті;
І-ші аймаққа - Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстары; ІІ-ші аймаққа - Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары; ІІІ-ші аймаққа қалған облыстар жатады;
Сүрлемдегі қүрғақ зат, шикі протеин, каротин, сүт қышқылы көлемі кестеде келтірілген көрсеткіштерден кем болмауға, ал шикі күл, майлы қышқылының көлемі аспауға тиіс.
Сүрлемнің алынған орташа үлгісін осы көрсеткіштері бойынша бағалап, қоректілік кластарына жатқызады. III класс талаптарына сай келмейтін сүрлемді кластан тыс санап, азыққа пайдалану алдында өңдеуден өткізеді. І-класс сүрлемнің 1 кг-да - 0,18 а.ө., ІІ-класс сүрлемнің 1 кг-да -- 0,16 а.ө., ІІІ-класс сүрлемнің 1 кг-да
0,13 а.ө., кластан тыс сүрлемнің 1 кг-да -- 0,09 а.ө. болатындықтан, малға жегізілгін сүрлемнің класына қарай қымбат құнарлы жем жұмсалуы үнемделеді.
Жеңіл сүрленетін дақылдардан дайындалган сүрлем 2-3 аптада, ал қиын сүрленетін дақылдардан дайындалған сүрлем 2-3 айда пісіп дайын болады да, мүйізді ірі қара малдың негізгі қысқы азығы ретінде жұмсалады. Сүтті сиырдың әр 100 кг тірілей салмағына қүрғақ затқа шаққандағы сүрлемді тәулігіне 2 -- 2,2 кг жегізуге болады. Буаздық кезінде сапасыз сүрлеммен азықтандырылған сиырдың бұзауы диспепсияға, яғни тышқаққа шалдыққыш болатындықтан, буаздығының соңына қарай суалтылған буаз сиырға берілетін сүрлем мөлшерін шектеп, сапалылығын қатаң қадағалайды.
Қатты ашып, қышқылданган сүрлемді мал азығына көп жүмсағанда малдың тәбеті нашарлап, месқарындағы микробиологиялық үрдіс тежеліп, ас қорыту барысының ферментациясы бұзылуынан мал гипогликемия, ацидоз, кетоз секілді зат алмасуының бұзылушылығына шалдығады. Ондай сүрлем қышқылдығын кеміту үшін малдың сілекейі құрамдас келетін натрий қос карбонатының ұнтағы немесе ерітіндісімен, жасанды сілекей қосындысымен өндеуге болады. Қышқылдығын кемітумен қоса сүрлемді азот көзімен байыту үшін бүл мақсатта аммиак суын қолдануға болады. Тіпті қатты қышқылданған сүрлемде азықтық ашытқы өсіреді.
Химиялық жолмен консервіленген жемшөп. Сүрлемге салынған жемшөптегі микробиологиялық өзгерістерді тежеп, қоректік заттарын сақтайтын қажетгі деңгейдегі қышқылдылықты ашытусыз-ақ жасанды түрде қолдан орнатуға болады. Ол үшін сақталатын шикізатқа салыну барысында алдын ала есептеліп да- йындалған қышқыл ерітіндісін қабаттарына біркелкі енетіндей етіп бүркеді де, қажетті қышқылдықтағы ортаны орнатады. Мұны жемшөпті химиялық тәсіл мен қышқылдандырып консервілеу деп атайды.
Жемшөпті химиялық жолмен консервілеу үшін түз, күкірт, фосфор секілді минералды және сірке, пропион, бензой, сүт, құмырсқа, т. б. секілді органикалық қышқылдар ерітінділерін, натрий пиросульфаты, бисульфаты, күкірт қышқылды натрий секілді түрлі түздар мен сілтілік қосындыларды қолданады.
Олардың ішінде тұз қышқылы, күкірт қышқылы, т. б. секілді анорганикалық және формальдегид, құмырсқа қышқылы, сірке қышқылы, пропион қышқылы, т. б. секілді органикалық қышқылдары сүйық болса, натрий пиросульфиті, сорбин қышқылы, т. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz