Академиялық жазу және мәтін


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Физика- математика факультеті

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

«Бекітемін»

Факультет деканы

Аймукатов А. Т.

« » 20__ ж.

SYLLABUS

Даярлау бағытының коды және атауы
Техника және технологиялар
Даярлау бағытының коды және атауы: Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры
Техника және технологиялар: 6B06103 - "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"
Даярлау бағытының коды және атауы: Пән циклы атауы және коды
Техника және технологиялар: AZh 2301 Академиялық жазу
Даярлау бағытының коды және атауы: Оқу формасы
Техника және технологиялар: күндізгі
Даярлау бағытының коды және атауы: Оқыту форматы
Техника және технологиялар: аралас
Даярлау бағытының коды және атауы: Академиялық кредит
Техника және технологиялар: 4
Даярлау бағытының коды және атауы: Академиялық сағат
Техника және технологиялар: 120
Даярлау бағытының коды және атауы: Оқыту тілі
Техника және технологиялар: қазақ
Даярлау бағытының коды және атауы: Оқу жылы / семестр
Техника және технологиялар: 2021-2022/3
Даярлау бағытының коды және атауы: Білім деңгейі
Техника және технологиялар: бакалавриат


Ақтөбе, 2021 ж.

Студентке арналған пән бағдарламасы (SYLLABUS) ( Типтік немесе оқу бағдарламасы* «___» 20 ж. ) негізінде құрастырылды.

Құрастырушылар:

1. Пән оқытушылары: Жайлыбаева А. O., Жумашев М. С.

(қолы ) (аты-жөні, қызметі)

2. Жұмыс берушілер:

(қолы ) (аты-жөні, қызметі)

Кафедра мәжілісінде қарастырылды

№ хаттама, «» 20___ж.

Кафеда меңгерушісі Шамишева Б. С.

(қолы ) ( аты-жөні)

Факультеттің Әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданды

№ хаттама, «» 20___ж.

Әдістемелік кеңес төрағасы Таскалиева Ж. А

(қолы ) (аты-жөні)

1. ПӘН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:

Пән оқытушылары: Жайлыбаева А. О., Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі, aidana_6143@mail. ru, конференцияның ID номері 273 834 68 86, пароль 6143

Жумашев М. С., Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі, marat. webdesing@gmail. com

Кабинет № 410

( Информатика және ақпараттық технологиялар)

1. 1 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ :

Жалпы академиялық жазу талаптары мен ерекшеліктері. Зерттеу жүргізу негіздері. Ғылыми еңбектерді оқу және талдау, конспектілеу. Цитаталар. Ғылыми жұмыстарды дайындау. Дереккөздер, сілтемелер, әдебиеттер. Жазба жұмысының жоспарын алдын ала жаза білу. Эссе және дайындау реті. Реферат және дайындау. Курстық жұмыс. Диплом жұмысы. Соңғы мәтін нұсқасын тексеру және түзету. Программалық өнім сипаттамасын дайындау.

1. 2 ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ: Кәсіби қазақ тілі және кәсіби шетел тілі

1. 3 ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: Ғылыми зерттеу жұмыстары, диплом жұмысы(жоба)

2. ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ

Курс
Семестр
Дәріс

Практика/

семинар

Зертханалық
ОСӨЖ
СӨЖ
Бақылау формасы
Курс: 2
Семестр: 3
Дәріс: 20
Практика/семинар: 20
Зертханалық:
ОСӨЖ: 20
СӨЖ: 60
Бақылау формасы: жазбаша

3. МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыптар атауы
Сағат саны
Аптаға сәйкес орындалу мерзімі
№: I
Тақырыптар атауы: 1-модуль Академиялық жазылым және оның ерекшелігі
№: Дәріс
Тақырыптар атауы:
Сағат саны:
№: 1. 1 Кіріспе. Пән мақсаты мен міндеті. Академиялық жазу және мәтін
Тақырыптар атауы: 2
Сағат саны: 1-ші апта
№: 1. 2. Дәріс және конспектілеу. Цитаталар.
Тақырыптар атауы: 2
Сағат саны: 2-ші апта
№: 1. 3. Ғылыми жұмыстарды дайындау. Дереккөздер, сілтемелер, әдебиеттер.
Тақырыптар атауы: 2
Сағат саны: 3-ші апта
№: 1. 4. Эссе және дайындау реті
Тақырыптар атауы: 2
Сағат саны: 4-ші апта
№: 1. 5. Реферат және дайындау
Тақырыптар атауы: 2
Сағат саны: 5-ші апта
№: 1. 6. Плагиаттық және одан сақтану жолдары
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 6-ші апта
№: 1. 7. Зерттеу жұмысының тақырыптарын анықтау.
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 7-ші апта
№: 1. 8. Зерттеу әдісі
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 8-ші апта
№: Практикалық (семинар) сабақтар
Тақырыптар атауы:
Сағат саны:
№:
  1. Академиялық мәтін құрылымы
Тақырыптар атауы: 2
Сағат саны: 1-ші апта
№:
  1. Мәтінді аяқтау және редакциялау
Тақырыптар атауы: 2
Сағат саны: 2-ші апта
№:
  1. Зерттеу тақырыптарын таңдау және мәселені анықтау.
Тақырыптар атауы: 2
Сағат саны: 3-ші апта
№:
  1. Тақырып бойынша ақпарат жинақтау.
Тақырыптар атауы: 2
Сағат саны: 4-ші апта
№:
  1. Ғылыми зерттеу жобасы жазу
Тақырыптар атауы: 2
Сағат саны: 5-ші апта
№:
  1. Ғылыми зерттеу әдістерін анықттау.
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 6-ші апта
№:
  1. Зерттеу тақырыбын баяндап, қорытындылау.
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 7-ші апта
№:
  1. Курстық, дипломдық жұмыстар - талаптары мен міндеттері.
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 8-шы апта
№: 1 модуль бойынша барлығы
Тақырыптар атауы: 26
Сағат саны:
№: 1 модуль бойынша бақылау түрі
Тақырыптар атауы: жазбаша
№:
Тақырыптар атауы: 1-модуль Зерттеу әдістері мен нәтижелері
№: Дәріс
Тақырыптар атауы:
Сағат саны:
№: 2. 1. Гипотеза және оны құру
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 9-шы апта
№: 2. 2. Мәліметтерге талдау жасау.
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 10-шы апта
№: 2. 3. Зерттеу жұмысы бойынша кіріспе бөлімін жазу.
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 11-ші апта
№: 2. 4. Параграф және оның құрылымы
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 12-ші апта
№: 2. 5. Зерттеу жұмысының негізгі бөлімі
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 13-ші апта
№: 2. 6. Зерттеу жұмысын қорытындылау
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 14-ші апта
№: 2. 7. Түйіндеме және оны жазу жолдары
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 15-ші апта
№: Практикалық (семинар) сабақтар
Тақырыптар атауы:
Сағат саны:
№: 2. 1 Ғылыми зерттеу жұмыстар стиліне қойылатын талаптар
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 9-шы апта
№: 2. 2. Эссе жазу және оның талаптары
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 10-шы апта
№: 2. 3. Эссенің негізгі бөлімі
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 11-ші апта
№: 2. 4. Ғылыми мақала
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 12-ші апта
№: 2. 5. Оқылым арқылы сыни ойлау
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 13-ші апта
№: 2. 6. Библиографиямен жұмыс
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 14-ші апта
№: 2. 7. Программалық өнім сипаттамасын дайындау
Тақырыптар атауы: 1
Сағат саны: 15-ші апта
№:
Тақырыптар атауы: 1Імодуль бойынша барлығы
Сағат саны: 14
Аптаға сәйкес орындалу мерзімі:
№:
Тақырыптар атауы: 1І модуль бойынша бақылау түрі
Сағат саны: жазбаша
№:
Тақырыптар атауы: БАРЛЫҒЫ
Сағат саны: 40
Аптаға сәйкес орындалу мерзімі:

4. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ: Жалпы академиялық жазу талаптарына сәйкес студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарының мәтінін дайындауды меңгерту.

5. ПӘН БОЙЫНША ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР: a) Жалпы академиялық жазу талаптары мен ерекшеліктерімен танысады, зерттеу жүргізу негіздерін және ғылыми жұмыстарды дайындауды, жазба жұмысының жоспарын алдын ала жазуды, соңғы мәтін нұсқасын тексеруді және түзетуді біледі.

b) Тақырыпқа сәйкес эссе, реферат, мақала жазуды және курстық, допломдық жұмыс мәтінін жазуды, түзетуді үйренеді.

c) Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жазба жұмыстарын дайындаудың негізгі әдістерін, библиографиямен жұмыс істеу, ғылыми мақала, аннотация жазу тәсілдерін меңгереді.

6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

(бакалавриат деңгейі бойынша)

Блум таксоно-миясы деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Талдау
Синтез
Бағалау
Блум таксоно-миясы деңгейлері:

Оқыту нәтижелері (ОН)

(МББ-ғы пәнге сәйкес ОН көрсетілуі керек)

Білу және түсіну: зерттеу жүргізу негіздерін және ғылыми жұмыстарды дайындауды, жазба жұмысының жоспарын жазуды, мәтін нұсқасын тексеруді және түзетуді біледі.
Қолдану: Кәсіби қызметінде ҒЗЖ дайындауда академиялық жазу тәсілдерін қолданады.
Талдау: Ғылыми еңбектерді талдайды және бағыттарына сәйкес жіктейді.
Синтез: Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жазба жұмыстарын дайындайды, аннотация, ғылыми мақала, жазады.
Бағалау: Ғылыми-зерттеу жұмыстарына рецензия, эксперттік қорытынды жазады.

7. ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:

Оқу сабақтарында (дәріс, семинар, зертханалық сабақтар) қолданылатын әдіс-тәсілдер (мысалы интерактивті дискуссия, тренинг, ақпараттық-білім беру ресурстары және т. б. ) және оқу процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеудің ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялары немесе бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған техникалық талаптар көрсетілуі тиіс, мысалы виртуалды зертханалар, ZOOM, YouTube және т. б. ) .

8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:

ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы
Тапсырма түрі
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты)
Берілген мерзімі
Қабылдау мерзімі
№: 1
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы: Аңдатпа.
Тапсырма түрі: Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты): 1 апта
2 апта
№: 2
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы: Ғылыми монография.
Тапсырма түрі: Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты): 3 апта
4 апта
№: 3
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы: Пікір.
Тапсырма түрі: Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты): 5 апта
6 апта
№: 4
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы: Конспект.
Тапсырма түрі: Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты): 7 апта
8апта
№: 5
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы: Реферат.
Тапсырма түрі: Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты): 9 апта
10 апта
№: 6
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы: Курстық жұмыс.
Тапсырма түрі: Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты): 11 апта
12 апта
№: 7
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы: Диплом жұмысы.
Тапсырма түрі: Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты): 13 апта
14-15 апта
№: СӨЖ тапсырмалары
№: 1
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы: Эссе жазуға қойылатын талаптар.
Тапсырма түрі: Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты): 1 апта
2 апта
№: 2
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы: Магистрлік диссертация.
Тапсырма түрі: Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты): 3 апта
4 апта
№: 3
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы: Докторлық диссертация.
Тапсырма түрі: Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты): 5 апта
6 апта
№: 4
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы: Ғылым анықтамалары.
Тапсырма түрі: Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты): 7 апта
8 апта
№: 5
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы: Зерттеу тақырыбын таңдау және мәселені анықтау.
Тапсырма түрі: Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты): 9 апта
10 апта
№: 6
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы: Зерттеу жұмысының жазылуы мен рәсімделу тәртібі.
Тапсырма түрі: Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты): 11 апта
12 апта
№: 7
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы: Ғылыми мәтіннің басты жанрлары.
Тапсырма түрі: Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты): 13 апта
14 апта
№: 8
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы: Картотекамен жұмыс.
Тапсырма түрі: Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты): 14 апта
15 апта

9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

9. 1 Дәрістер

9. 1. 1. Тақырыбы: Кіріспе. Пән мақсаты мен міндеті. Академиялық жазу және мәтін

Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Академиялық мәтін.
  2. Академиялық жазылым ерекшелігі.

Дәріс тезисі:

Кезкелген оқырман қалауына қарай әртүрлі жанрдағы мәтіндерді оқиды. Мәтіндердің түрлерін шартты түрде академиялық және академиялық емес деп екіге бөлуге болады. Бірінші түріне рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми пікірлер, авторефераттар, диссертациялар, ғылыми жобалар, және тт. б. жақызуға болады. Осы бағытта жазылған жұмысардың өз мақсатына және зертеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әр түрлі болады.

Академиялық мәтін белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағыталған күрделі құрылымда жазылады. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс ғылыми мәлімет беруге бағытталады. Академиялық бағытта жазба жұмысын жазу барысында ақпарат түсінікті және мағыналы болу үшін белгілі бір құрылымды сақтаған жөн. Академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынадай ерекшеліктері болады: күрделі, формалды, нақты объективті, шектеулі және жауапкершілікі. Мәтіннің жазылуының басты талабы - нақты және түсініктті тілмен жазылуы.

Күрделі. Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады.

Формалды. Академиялық жазылым барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және т. б. сияқты аузекі сөйлеу барысында кездесеін сөздерді қолдануға болмайды.

Нақты. Академиялық жазылымда ақпаратты қолдану барысында нақты мәлімет беруге тырысыңыз.

Объективті. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс субъекивті пікір ұстанбауы тиіс. Жұмыстың мақсаты тек ғылыми негіздерге ғана сүйену арқылы тұжырым жасау болып табылады.

Шектеулі. Академиялық мәттін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпараттарды беру немесе жазу оқырман қызығушылығының жоғалуы мен жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді.

Жауапкершілік. Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты.

Академиялық жазылымның ерекшелігі: 1. Объективті түрде жазылады. 2. Ғылыми стильде жазылады. 3. Жүйелі құрылыммен жазылады. Сілттемелерді жиі қолданады.

Академиялық жазылымының мақсаты ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдыландыру, демек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын және т. б. ғылыми бағытта жазылатын еңбектерді жазуға үйретеді.

Бекіту сұрақтары:

  1. Академиялық жазылымның ауызекі сөйлеуден ерекшелігі қандай?
  2. Академиялық мәтін дегеніміз не?
  3. Академиялық бағыттағы мәтіндерге не жатады?

Әдебиет:

1. Оспанов Е. Т. Академиялық жазылым. Алматы. Экономика, 2018 - 120бет Kazneb. kz

2. Оспанов Е. Т. Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. Алматы. Экономика, 2019 - 164бет Kazneb. kz.

3. Динаева Б. Б. Академиялық жазылым және оқылым. Алматы: Эпиграф, 2017ж. WebИРБИС

4. Мубараков А. М., Байғожанова А. М. Білім беру саласындағы педагогикалық зерттеулер жүргізудің әдіснамалық негіздері. Қарағанды: Ақнұр 2018ж https://aknurpress. kz/reader/web/1711

9. 1. 2 . Тақырыбы: Дәріс және конспектілеу. Цитаталар.

Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1. «Дәріс» түсінігі. Дәріс түрлері

2. Дәріс конспектілері

3. Дәйексөздер

4. Дәрісті жобалау

Дәріс тезисі

Енді кең таралған жанрлардың бірі дәріс. Студенттік өмірді дәріске қатыспай-ақ елестету мүмкін емес. Студент өзінің оқу уақытын дәріс сабағында өткізеді. Дәрісте жетекші қатысушы - оқытушы, ғылыми біліктілігі бар белгілі бір ғылым саласының маманы.

. Дәріс - логикалық тұрғыдан нақты құрылымдалған, ғылыми нақты тақырып бойынша оқу материалын ұсыну. Онда жетекші, алдын-ала ойластырылған жоспар бойынша тақырыптың толық бейнесін береді, студенттердің назарын негізгі ғылыми категорияларға бағыттайды (түйінді сөздер-ұғымдар), проблемаларды, талқылау нүктелерін оқшаулайды. Дәріс - бұл есте қаларлық ақпарат көзі, сондықтан оны қысқаша сипаттаған дұрыс.

  • Жоғары оқу орнындағы дәріс - оқытудың дидактикалық циклінің басты негізі. Оның мақсаты - студенттердің оқу материалын қабылдауларын қалыптастыру болып табылады. Заманауи жоғары мектептер үшін дәріс өте өзекті. «Дәріс» латынның «lection» - оқу сөзінен шыққан. Дәріс ежелгі Грецияда пайда болып, көне Римде және орта ғасырларда өз жалғасын тапты.

Дәріске қатысу және талқылау барысында оқытушы мен оның әріптестерінің арасында дәрістің сапасын бағалау қажеттілігі туындайды. Бұл сапаларға: мазмұн, әдіс, студенттердің жұмысына жетекшілік, дәрістің нәтижелігі кіреді. Аталмыш сапалардың әрқайсысына тоқталып өтейік:

  • Дәрістің мазмұныдегеніміз дәрістің ғылымилығы, ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкестігі, дүниетанушылық жағы, әдістемелік мәселелердің болуы, олардың дұрыс баяндалуы.
  • Дәріс оқу әдістемесібұл дәрістің нақты құрылымы және мазмұндау логикасы. Жоспардың болуы, оған сүйеніп отыру.
  • Дәріске қатысты әдебиеттерді беру. Жаңа терминдер мен ұғымдарды түсіндіру. Дәлелдік пен дәйектілік. Студенттердің жұмысына жетекшілік студенттерден конспектілеуді талап ету және оның орындалуын бақылау. Оларды жазу әдісіне үйрету.
  • Дәрістің нәтижелігідегеніміз дәрістің ақпараттық құндылығы, тәрбиелік аспектісі, ең бастысы дидактикалық мақсаттарға қол жеткізу. Білім беру жүйесінің дамуы, оны ізгілендіру (гуманизация), жеке адамға бағыттау үрдісі, студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру мәселелік дәріс, екеу аралық дәріс, визуалды дәріс, пресс-конференция дәрісі сияқты жаңа дәріс формаларының пайда болуына түрткі болды.
  • Мәселелік дәрісжөнінде оқытудың белсенді әдістерімен байланысты айтатын боламыз. Ал қазір оның мазмұндық және процессуалдық сипаттамасына тоқталамыз. Дайын ақпарат айтылып, түсіндірілетін ақпараттық дәріске қарағанда мәселелік дәрісте жаңа білім «ашуға» тиісті беймәлім ақпарат ретінде алға тартылады. Оқытушының міндеті - мәселелік жағдаят тудыра отырып, студенттерді мәселенің шешімін табуға жетелеу болып табылады. Бұл үшін жаңа теориялық материал мәселелік міндет түрінде беріледі. Мәселені оқытушымен бірлесе отырып шешу барысында студенттер жаңа қажетті білім алады.
  • Екеу ара дәрісбұл дәрістің түрі екі оқытушының диалогіндегі материалды мазмұндаудың жалғасы мен дамуы болып табылады. Бұл жерде теориялық және практикалық мәселелерді екі маман талқылайды. Мұндай дәрістің төмендегідей артықшылықтары бар:
  • студенттердің бойындағы білімді өзектендіреді;
  • мәселелік жағдаяттар туындатады, дәлелдемелік жүйелер ашады;
  • екі дереккөз қорының болуы әртүрлі көзқарастарды салыстыруға, таңдау жасауға, қандай да біреуіне қосылуға, өз көзқарасын айтуға мәжбүрлейді;
  • педагогтің кәсібилігі көрінеді, оның тұлғасы тереңірек ашыла түседі.
  • Пресс-конференция дәрісі. Бұл дәрісте оқытушы тақырыпты айтқаннан кейін студенттерден аталмыш тақырып жөнінде сұрақтарын қағазға түсіріп берулерін сұрайды. Екі-үш минуттың ішінде студенттер өздерін барынша қызықтырған сұрақтарын құрастырып, оқытушыға береді. Үш-бес минуттың ішінде сұрақтар іріктеліп, олардың мазмұны бойынша дәріс басталады. Дәріс сұрақтарға жауап ретінде емес, керісінше біртұтас мәтін ретінде баяндалады, мазмұндау кезінде сұрақтардың жауаптары да ашылып жатады.

Конспект - бұл тақырыптың қысқаша жазылған мазмұны, ол дайындық кезінде қажетті ақпаратты жадында қалпына келтіруге мүмкіндік береді, мысалы үйге тапсырма, тест және емтихан.

Дәйексөз:

  • Дұрыс әрекет - жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.
  • Ешкімге әділетсіз іс-әрекетпен немесе жақсылық жасау мүмкіндігін құр жіберіп залал келтірме, жақсылық жасау- сенің парызың. (Б. Франклин)
  • Егер біреу сенің қарсыласыңа тіл тигізуге немесе оған шабуыл жасауға тырысса, өз қарсыласыңды өз өміріңмен (қиянат жасамау) қорға. (М. Ганди)
  • Адамдар бүгін жасаған игі ісіңізді, ертең ұмытып кетеді - бәрібір игі іс жасауды жалғастырыңыз.

Бекіту сұрақтары:

  1. Оқылым әрекетін жүзеге асыру үшін қойлатын талаптар.
  2. Дәйексөз дегеніміз не?
  3. Конспект дегеніміз не?
  4. Әдебиет:

1. Оспанов Е. Т. Академиялық жазылым. Алматы. Экономика, 2018 - 120бет Kazneb. kz

2. Оспанов Е. Т. Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. Алматы. Экономика, 2019 - 164бет Kazneb. kz.

3. Динаева Б. Б. Академиялық жазылым және оқылым. Алматы: Эпиграф, 2017ж. WebИРБИС

4. Мубараков А. М., Байғожанова А. М. Білім беру саласындағы педагогикалық зерттеулер жүргізудің әдіснамалық негіздері. Қарағанды: Ақнұр 2018ж https://aknurpress. kz/reader/web/1711

9. 1. 3 . Тақырыбы: Ғылыми жұмыстарды дайындау. Дереккөздер, сілтемелер, әдебиеттер.

Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Ғылыми жұмыс құрылымы жән оған қойылатын талаптар
  2. Дереккөздерді анықтау
  3. Сілтемелерді рәсімдеу
  4. Электронды ресурстарды рәсімдеу
  5. Әдебиеттерді қолдану және рәсімдеу

Дәріс тезисі

Жоғары оқу орындарында студенттерді ғылыми-педагогикалық зерттеушілік қызметке даярлау, шын мәнінде әлеуметтік-педагогикалық мәселеге айналып отыр.

Ғылым обьективті ақиқатқа жетуге бағытталған:

  1. заңдылықтарды бейнелеуге бағытталған;
  1. алдын ала болжауға арналған;
  1. жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны;
  1. ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған білім негіздері;
  1. негізгі қағидалар мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер;
  1. табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми қағидаларға негізделген жүйесі;
  1. табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған.

Студенттердің ғылыми жұмыстарының негізгі нәтижелері ғылыми конференцияларда, бдаяндамалар, курстық және дипломдық жұмыстар, мерзімді басылымдарда, ғылыми еңбектер жинақтарында мақалалар түрінде беріледі.

Ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Академиялық жазу түсінігі
Жазба жұмысын жоспарлау
Академиялық дискурсты аударудың лингвомәдени мәселері
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Шрифт гарнитурасы
Алдыңғы, ағымдағы, кейінге қалдыру және қорытынды бақылау
Жұмысты жетекшіге қол қоюға ұсыну
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Әрбір тарау мен бөлім толық қарастырылған бір ақпаратты қамтиді
Қазақстан Республикасы халқының жұмыспен қамтылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz