Әлеуметтік-экономикалық дамудағы тоқыраулар;


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе;

Тақырып: Әлеуметтік-экономикалық дамудағы тоқыраулар;

  1. Әлеуметтік экономикалық дамудағы тоқырау;

1, 2) Экономикалық тоқыраудың пайда болу себептері;

1, 3) Тоқыраудың типалогиясы;

1, 4) Әлеуметтік тоқыраулар;

Қортынды;

Қолданылған әдебиеттер;

Кіріспе:

Әлеуметтік - экономикалық дамудағы тоқырау түсінігі және оның пайда болу себептері. «Тоқырау» түсінігі кез келген басқарушылық шешімі жұмысының әдістемесіне қандай тұрғыдан болсын әсер ететін «тәуекел» түсінігімен де тығыз байланысты. Әлеуметтік - экономикалық жүйе өз дамуында екі тенденцияға ие: қалыптасу және даму. Қалыптасу бұл өзінің тұтастығын, сапалы нақтылығын, мәнді сипатын анықтайтын қызмет сақтай отырып, өмір сүру қабілетін ұстап тұруы. Даму бұл өзгермелі орта жағадайында өмір сүру қабілетін күшейтетін жаңа сапаға ие болу. Даму бұл адамның және еңбек құралдары мен нысанадағы өзгерістерді сипаттайды. Бұл өзгерістедің алғышаттары болып әлеуметтік экономикалық жүйенің қалвыптасуының тепе теңдігін және тұрақтылығын қатайтатын жаңа сапаның пайда болуы немесе ол үшін жаңа жағдайлар жасау болып табылады. .

1) Әлеуметтік - экономикалық дамудағы тоқырау

Даму бұл өзгермелі орта жағдайында өмір сүру қабілетін күшейтетін жаңа сапаға ие болу қалыптасу және даму өзара байланысты, ол әлеуметтік - экономикалық жүйенің тенденцияларының диалектикалық бірлігінен кқрініс береді. Мұндай байланысты оның сипатынан және көрсеткіштерінен көруге болады. Мысалы, әлеуметтік - экономикалық жүйенің қалыптасуы еңбек әрекетін іске асырушы адам және еңбек нысанының міндетті түрде болуын сипаттайды. Соның ішінде әлуметтік экономикалық жүйенің қалыптасуы тек төмендегідей белгілердің белгілі бір сәйкестіктерінде ғана мүмкін: еңбек құралын оның нысанын өзгертуі мүмкін, адам еңбек құралдарына ие болуы керек, алынған нәтиже адамның қызығушылығы мен қажеттіліктеріне сәйкес келуі керек. Мұның бәрі қалыптасудың шарттары.

Қалыптасу мен даму байланысы тоқыраудың болуы мен шешілуі мүмкіндіктері мен заңдылықтарынан көрініс беретін диалектикалық сипатқа ие. Қалыптасу дамуды ұстап тұрады да және оның қоректендіруші ортасы болып табылады, даму қалыптасудың көптеген процестерін бұза отырып, алайда оның анағұрлым тұрақты өмір сүруі үшін жағдайлар жасайды.

Осылайша, тоқыраудың кезеңдік басталуынан көрініс беретін циклдік тенденциялары пайда болады. Тоқыраулар міндетті түрде бұзбалы болып келмейді, олар белгілі бір деңгейдегі өткір қалпымен өтеді, бірақ олардың басталуы тек субъективті ғана емес, сондай ақ әлеуметтік экономикалық жүе табиғатымен болатын объективті себептермен пайда болады. Тоқырау қоршаған ортаның өмір тұрақтылығына қатер төндіретін әлуметтік экономикалық жүйедегі қарама қайшылықтың шектен тыс асқынуы.

1, 2) Экономикалық тоқыраудың пайда болу себептері;

Тоқырау себептері әртүрлі болуы мүмкін. Олар төмендегідей түрде бөлінеді:

  1. Объективті жүйелік пен модернизация циклдік қажеттілігімен байланысты.
  2. Субективті басқарудағы волюнтаризм мен қателіктерден, сондай-ақ табиғи, жер сілкінісі, климат құбылыстары сипаттайды.

Тоқырау себептері екіге бөлінеді: 1. Сыртқы 2. Ішкі.

Сыртқы себептер макроэкономикалық дамудың стратегиялары мен тенденцияларымен немесе тіпті әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекеқабілеттілікпен, елдегі саяси жағдайлармен байланысты. Ішкі себептермен маркетингтің тәуекелділік стратегиясымен, ішкі қақтығыстармен, өндірістегі ұйымдастырудағы жетіспеушіліктермен, басқарудың инновациялық және инвеститциялық саясаттың байланысты. Тоқырау нәтижесі. Күрт өзгерістерге немесе жұмсақ жалғасын тапқан және кезекті одан шығудың жолдарына әкеп соғуы мүмкін, ұйым дамуындағы тоқыраудан кейінгі өзгерістер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы жіне санды, шешілмелі және шешілмейтін болып келмеді. Тоқыраудың әрқилы нәтижелері тек қана оның сипатымен ғана емес, сонымен қатар оны жұмсартатын немесе керсінші күшейте түсетін тоқырауға

қарсы басқарумен де анықталады. Мұндай қатынастағы басқару мүмкіндігі алға қойған мақсатқа кәсібилікке, басқару өнеріне, мотивация сипатына, себептер мен салдарларды түсінуге, жауапкершілікке байланысты болады.

1, 3) Тоқыраулардың типалогиясы;

Тоқыраулар тек өздерінің себептері мен артқы салдарына байланысты әртүрлі болып келмейді, сондай ақ мәнімен де ажыратылады. Тоқыраулардың жіктелу қажеттілігі олардың құрал жабдықтарының дифференциялаумен және оларды басқару әдістерімен байланысты. Егер тоқыраудың сипатын анықтау әрекеті мен типалогиясы болған жағдайда оның өткірлігін, уақытын қысқартуға және өту процесінің ауыр болмауын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Жалпы және локальді тоқыраулар бар. Жалпы тоқыраулар барлық әлеуметтік экономикалық жүйені қамтыса, локальді оның тек бөлігін ғана қамтиды. Мұндай сипаттағы бөлініс оның көрінуі масштабыменбайланысты. Тоқырау жағдайына нақты талдау жасайтын болсақ, әлуметтік экономикадық жүйенің шекарасын, оның құрлымын және қалыптастыру ортасын есепке алу маңызды. Қалыптасқан мәселелері бойынша тоқырауды былайша бөлуге болады: Микро және микро тоқыраулар. Микротоқырауларға қалыптасқан мәселелердің үлкен көлемі мен аумағы тән. Микротоқырау тек жеке проблема немсе мәселелердің белгілі бір жиынтығын қамтиды.

Тоқыраудың ерекшелігі мейлі ол жалпы немесе локальді болсада ол жалғамалы реакция сияқты барлық жүйеге немесе даму міселелеріне таралуы мүмкін, өйткені жүйеде барлық элементтрдің органикалық өзара әрекеті қалыптасқан және олар жеке жеке шешілі қоймайды. Бірақ мұндай жағдай тоқырау жағдайына басқару, оның алдын алу шаралары жоқ кезде, және оның өткір қалпын томендету немесе тоқырау дамуының мотивациясы іске асқанда болуы мүмкін болатын нәрсе.

1, 4) Әлеуметтік тоқыраулар

Әлеуметтік - экономикалық жүйедегі қатынастық құрлым бойынша, оның даму мәселені проблематикасы бойнша мындай жеке топтарды бөліп қарастыруға болады: экономикалық, әлуметтік, ұйымдық, психологиялық, технологиялық тоқыраулар. Экономикалық тоқырауларда ел экономикасындағы немесе жеке өнеркәсіптің, фирманың экономикалық жағдайндағы өткір қарама - қарсы көрініс табады. Бұл тоқыраулар - өндірістің және тауарды іске асырудың, экономикалық агенттердің өзара қарым қатынасының, төлемдер тоқырауының, бәсекеқабілетті иеліктердің жоғалуы, банкрот. Экономикалық тоқыраулар тобынан қаржы тоқырауларының жеке бөліп қарастыруға болады. Олар қаржы жүйесінің немесе фирманың қаржылай мүмкіндіктерінің қарама қайшылығын сипаттайды. Әлеуметтік тоқыраулар әртүрлі әлуметтік топтар пікірлерінің қақтығысуы немесе олардың өзара қарама қайшылығының асқына түсуі, ол жұмыс беруші мен жұмысшы арасында, жұмыс күші мен менеджерлер арасында. Әлеуметтік тоқыраулар өздігінен пайда болса да экономикалық тоқыраулардың толықтырылуы немесе жалғасы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық және экологиялық жағдайдың тұрақты дамудағы маңызы
Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық тоқыраулар және экологиялық дағдарыстар
Тарихи демографиялық болжамдар
Өмір сүру деңгейі мен сапалы өмір сүру әлеуметтік – экономикалық талдаудың негізгі категориялары
Қайта құру себебінен қызығушылықтардың келіспеушілігі
Инвестициялық жоба туралы
Экономикалық өсу стратегиясын қалыптастыру негіздері
Педагогикалық жүйелерді басқарудың принциптері
Адам құқығы теориясы
Өнімнің бәсекелестік қабілетін арттырудың теориялық мәселері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz