Мұрын маңқасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
А)Маңқа ауруының қоздырушысы
Б) Аурудың шығу мен жұғу
В) Сауықтыру шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Адамзат ерте заманнан бері мал мен адам арасында жоғары өнім тудыратын жаппай аурулардың себебін анықтауға тырысты.
Жұқпалы ауруларды зерттеу адамзаттың өркендеуінде ұзақ мерзімді орын алады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін оның таралуын, қоздырғышын, клиникалық белгілерін, эпизоотологиялық мәліметтерін, аурудың дамуын, өлексенің патолого - анатомиялық өзгерістерін, диагностикалық және дифференциальды балауын, иммунитетін және емдеу әдістерін, алдын алу және күресу шараларын білу керек.
Жұқпалы аурулардың өзінің табиғатына қарай жұқпалы емес аурудан кәдімгідей айырмашылығы бар, сондықтан жануарлар патологиясында ерекше орын алады.
Малдың жұқпалы аурулары туралы ғылым ветеринарияда өзекті мәселе және арнаулы бағыт болып табылады.
Ет, сүт, жұмыртқа және басқа тамақ және шикізат өнімдерін өндіру мал шаруашылығы қызметкерлерінің алдына қойылған өзекті мәселенің бірі.
Мал басын көбейту, оның өнімділігін арттыру және интенсификациялау - мал шаруашылығында негізгі бағыт болып белгіленген.
Осыған байланысты, еліміздің ветеринарлық қызметінің міндеті - малдың және құстың өлімін және ауруын төмендету үшін, ветеринарлық - санитарлық шаралардың жүйесін іске асыру болып табылады.
Ветеринарлық мамандардың жұмысының үлкен экономикалық және социальды маңызы бар, өйткені олар адамдарды мал мен адамға ортақ аурулардан сақтайды.
Нақты жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде, оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи - географиялық, әлеуметтік - экономикалық жағдайлармен де байланысты екенін ескеру қажет.
Сондықтан да, жұқпалы ауруларды зерттегенде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады.
.

Негізгі бөлім

1.1Маңқа ауруы

Қоздырғышы-Streptococcus mallei.
Қоздырғышы - маллеин бактериясы. Сыртқы ортаға және дизенфекциялық заттарға төзімді. Бактерия сыртқы жағдай мен зарарсыздандырғыш заттарға онша төзімді емес, лас, шалшық суда 15 -- 30 күн, несепте 4 күн ішінде қырылып қалады. 70 градусқа дейін ысыған суда 5 -- 6 минут ішінде, ал қайнап тұрған суда сол бойда қырылады.
Маңқамен жылқы, есек, қашыр, кейде мысық ауырады, лабораториялық хайуандардан маңқаға теңіз шошқасы ғана шалдығады. Маңқа адамға да жұғады. [1].
Жіті маңқа клиникалық белгілері бойынша анықталады да, бактериологиялық зерттеу, сондай-ақ қан сары суын КБР (комплемент байлаланыстыру реакциясы) әдісімен зерттеу нәтижелеріне қарай тұжырымдалады. Маңқаның жасырын түрін анықтау үшін зерттеудің аллергиялық әдісі қолданылады, яғни маллеин көзге тамызылады немесе тері ішіне енгізіледі.
Маңқаның жіті түрін комплемент байланыстыру реакциясы бойынша анықтайды. Күдікті жағдайда Штраус реакциясын пайдалана отырып, теңіз шошқасының еркегін биологиялық сынаудан өткізеді; осы хайуанның құрсағын көмкерген көк шандырға маңқа бактериясын енгізгенде оның ені қабынып ісіп кетеді (орхит). [5].

1.2Аурудың шығуы мен жұғуы

Маңқа қоздырғышы ауру мал денесінен сыртқа танау суы, қақырық арқылы, сондай-ақ терідегі уытты жара арқылы шығады. Маңқа ауру малдан сау малға өзара жанасқан кезде жұғады, сондай-ақ ол микроб қонған азық арқылы, суат, қора, ат әбзелі және күтім құрал-саймандары арқылы да жұғады. Ауру мал сау мал бірге болғанда азық арқылы, жайылымдға, суда,(жүген, тоқымумал күтетін заттар арқылы жұғады. Малға қарап жүрген адам өзі ауырып және ауру таратуы мүмкін.
Жасырын кезең 2 -- 15 күнге созылады. Белгілеріне қарай маңқа -- етше маңқасы, кеңсірік маңқасы және тері маңқасы болып, ал барысына қарай жіті және созылмалы маңқа болып бөлінеді. Инкубациялық период 2-3 аптадан, 2-3 айға созылуы мүмкін.
Аурудың 3 түрі кездеседі өкпе маңқасы, тері маңқасы, мұрын маңқасы. Жіті түрдегі маңқа (бірнеше аптаға), ал созылмалы маңқа (бірнеше жылға) созылуы (ауруы) мүмкін өкпе маңқасы өте жай дамиды, білінбей ауырады, бірнеше ай немесе жыл бойы ауруы мүмкін, оның белгісі температурасы көтершіді, әсіресе кешке қарай көтеріледі жұмыс істеу қаблеті төмендейді ентігеді, арықтайды жөтеледі, өкпені тыңдағанда қырыл (хрип) естіледі. Осының бәрі малды нашарлатып, өлуге әкеледі. [4].
Ж і т і м а ң қ а. Мұнымен көбінесе құлын ауырады. Ауру малдың температурасы қауырт көтеріліп, жүрек соғуы күрт әлсірейді, азыққа тәбеті тартпай, жалпы күйі ете-мөте нашарлайды.
Танаудың кілегейлі қабығы қызарып кетеді, желбезектің бір не екі жағында айналасы қызыл шеңбермен көмкерілген сарғыш-сұрғылт түсті қатты түйнекшелер пайда болады. Келесі күндері бұл түйнекшелер ыдырап езіледі де, бүршікті ткань шала жетілгендіктен олардың орнында ернеулері опырылып ирелендеген, әрбіреуінің түпкі жағы ет майы тәрізді, түсі тоң майдың түсі тәріздес көптеген сопақша жара пайда болады.
Жаралар бірімен-бірі ұласып, тез ұлғаяды да, көбіне кеңсірікті тесіп өтеді, танау-маңдай қуысын закымдайды. Танаудың іші қан араласқан сасық іріңге толады, екі танаудан, аққан ірің танаудың айналасына жиналып кебеді де, қабыршаққа айналады. Тынысы тарылып мал пысылдайды. Алқым бездері ұлғайған, адыр-бұдырлы келеді, сипалағанда ығыспайды.
Өкпесі зақымданса, мал демігеді, жөтеледі. Тыңдаған кезде кейде дымқыл сырыл естіледі. Кеудесін нұқып қаққанда өкпенің кейбір жерлерінен әдеттегі дүңкілдеген ашық дыбыстың орнына тықылдаған күңгірт дыбыс естіледі.
Терісі зақымданған жағдайда, ол көбіне малдың аяқтарында кездеседі, сөл бездері мен қан тамырлары қабынады.
Алғашқы кезде сөл бездері қап-қатты нығыз келеді, ал кейін жұмсарып ыдырайды, мұның нәтижесінде ойылған терең жаралар пайда болады, олардан май тәрізді жабысқақ сары сұйық зат ағып тұрады. Көптеген жағдайда дәнекер тканьінің шектен тыс қаулап өсуіне байланысты малдың зақымданған аяқтары дүмпиіп жуандайды (ұра).
Клиникалық белгілері бірте-бірте жойылып, жіті маңқа созылмалы маңқаға айналады. Ауру асқынса, маңқаның зардабы бүкіл денеге тарайды, мұның салдарынан ауру мал әбден арып, өліп калады. [2].
С о з ы л м а л ы м а ң қ а. Желбезекте түйнекшелер мен ойық жаралар пайда болады, алқым бездері сәл зақымданады, олар ұлғайып, нығыздалады және жөнді қозғалмайтын болып қалады. Қайсыбір жаралар жазылып кетуі мүмкін, олардың орнын дәнекер ткань басып, жұлдыз тәрізді тыртыққа айналады.
Маңқа ұзаққа созылса, өкпедегі зақымдану белгілері білінбейді, оларды мал өлгеннен кейін ғана көруге болады. Терінің сөл тамырлары сәл ғана зақымданады. Ауру бірнеше айға, тіпті талай жылға созылады, әлсін-әлсін асқынып отырады. Ұзақ уақыт бойы улану салдарынан мал әбден арықтап өледі.

1.3Өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер

Желбезектің бір не екі жағынан маңқаға тән көптеген түйнекшелері мен ойық жаралар табылады. Алқым бездерінің көлемі ұлғайған, олар қабынған, олардың кей жерлерінде маңқа түйнекшелері байқалады.
Тері маңқасы болса, қабынған сөл тамырларын бойлай құрылысы өзгерген сөл түйіншелері орналасады. Оларды терең түп жағы ұшық жара басып кеткен. Ішкі органдардан және сөл бездерінен маңқа түйіндері мен одан да үлкен ошақтары табылады.
Ескі түйіндердің ортасынан әк шөгіндісі табылуы мүмкін. Өкпеден жалқаяқ жиналып қабыну, бронхоэктазия, каверна (қуыс), сондай-ақ көптеген маңқа түйіндері сияқты зақымдарды байқауға болады.
Осындай зақымдар бауырда, талақта, тіпті жүрек еттерінде де кездеседі, маңқа түйіндері мен паразит түйіндерін бір-бірінен ажырата білу керек. Соңғылар әдетте қос қабықты болып келеді, көбінесе олардың ішінен паразиттер табылады. [1].

1.4Аурудан арылу және одан сақтану шаралары

Емі. Жылқы маңқасы адам үшін өте қауіпті ауру. Дәрі - дәрмекпен емдегеннен ешқандай нәтиже шықпайды. Жылқы өздігінен жазылып кетпейді.
Маңқа шыққан шаруашылықтағы жылқылар тиісті ережеге сәйкес 4 топқа бөлінеді.
Бірінші топқа маңқаның клиникалық сипаты анық білінген жылқы жатқызылады. Оларды өлтіреді де, ішін жармастан өртеп жібереді.
Екінші топ -- ауру белгілері көмескі, маллеинге реакция берген жылқы; олардың қаны КБР әдісімен тексеріледі. Анық реакция берген жылқыны өлтіреді де, реакция бермеген жылқыларды маллеиншілер деп табады.
Үшінші топ -- ауру белгілері жоқ, бірақ маллеинге реакция берген жылқылар. Олардың қаны 1,6 және 15-ші күндері КБР әдісімен екінші рет тексеріледі. Айқын реакция берген мал маңқа деп табылады да, құртып жіберіледі.
Төртінші топ -- күдікті жылқылар. Оларды мезгіл-мезгіл клиникалық бақылаудан өткізіп тұрады, барлық зерттеуден теріс нәтиже шыққанша осы топтағы жылқыларды көздеріне маллеин тамызып тексеріп отырады, басқа жылқылармен жанастырмай, бөлек бағады, сол ауру шыққан шаруашылықта ғана жұмысқа пайдаланылады.
Ат қора құрамында 3 процент белсенді хлоры бар тұндырылған (мөлдір) хлор ерітіндісімен, күйдіргіш натрдың 4 проценттік ыстық ерітіндісімен немесе. күкірт-карбол қосындысының 5 проценттік ерітіндісімен дезинфекцияланады. Ауру малдың көңі өртеп жіберіледі, күдікті жылқының көңі биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады. Ауру жойылған соң 45 күн өтісімен ақырғы рет дезинфекция жасайды да, карантинді жояды.
Маңқадан сақтану үшін барлық жылқы клиникалық бақылаудан өткізіліп, көзге маллеин тамызу әдісімен зерттеліп отырады. [4].
Мұрын маңқасы. Мұрын кілегей қабықтары қызарады, мұрын тесіктерінен ақшыл, ақшыл-сары сұйық ағады, кейде қан араласып ағуы мүмкін, мұрын айналасы қатпаршықтап кетеді, жұтқыншақ қабынуы (ісік пайда) болады, тыныс алуды қиындатады мұрын пердесінде майда маңқа түйіндері (төмпешіктер пайда болады, оның түсті ақшыл сары. Маңқа түйіндері, жарага айналады, жара айналысы, жайылған емес, ортасы саргыш май түсті болып түрады.
Кейбір жаралар мұрын пердесін тесіп өтуі
мүмкін, жараның жазылуы, қиын, ұзаққа созылады. Жазылған жағдайда
дене тканьдер әсіп, тыртыққа (рубец) айналады.
Мұрын пердесін рефлектормен көру керек .
Лимфа түйіндері (жақ асты түйіні) үлкендігі, тауық жұмыртқасындай болып, қатты, бұдыр-бұдыр, сипағанда өте салқын, ауырмайды, іріңдемеген.
Тері маңқасында, лимфа (без) жүйесінде, теріде және тері астына маңқа түйіндері пайда болады. Олар тез жорылып, орнына ортасы сары майға ұқсас жараға айналады. Әсіресе артқы аяқтың терісі көп ауырады, Ауру ұзаққа созылғанда артқы аяқ жуандап кетеді (слоновость).
Маңқаны анықтау үшін;
1) клиникалық белгісіне
2)Маллейн пробасы (тексеру) жасайды.
3) Бактериялық (патологиялық) материалды тексереді. Лабароторияға жібереді.
Жылқының өлігін (адамға жұғатын болғандықтан) сойып қарамайды.
Көзге малленизация жасау (офтальмомалеинизация) үшін, 2-3 маллейн тамшысын, пипеткамен көзге тамызады.
Реакцияны оқу әр 3, 6, 9, 12 және 24 сағатта өткізеді.
Оң реакцияда, көздің айналасы қызарады, жас ағады және ірің (әрқанша түрде) көздің ішкі бұрышынан ағады.
Күдікті реакцияда көз қыздырады ісінеді, жас агу, іріңсіз болады.
Теріс реакцияда көздің клегей қабықтары өзгеріссіз болады. Күдікті реакция болғанда, көзбен тексеруді 5-6 күннен кейін, дәл сол көзді қайта тексеру керек.
Көзге малленизация жасайтын клетка стерильді болу керек. Малленизацияның таңертең ерте жасау қажет, себеб реакция оқуға ыңғайлы болуы үшін.
Тері астына (внутрикожная) малленизация жасау: Маллейңді мойынның орта бөлігіне егеді. Препараттың дозасы инструкцияда көрсетіледі. Маллейін еккен соң, еккен жерде, шекарасы жоқ кішкене ісік пайда болады, көлемі 100-120 мм ден реакцияны екі рет, (48 сағат, 72 сағаттан соң) оң реакция берген малды жояды, өлігін өртейді.
Күдік және теріс реакция бергендерді, қайтадан малленизация жасайды. Реакцияны 24 сағаттан соң оқиды.
Қабынған ісік пайда болса, 40-45 күннен кейін тағы да тексереді және екі рет көзге маллейн тамызып тексереді, одан соң барып қортынды жасайды.
Сап емделмейді, ауру жазылмайды. Аурудың алдын алу үшін мына шараларды іске асыру қажет:
Шаруашылыққа бөтен жылқыны әкелмейді. Әкелген жылқыны малленизациядан өткізу керек, 30 күн карантинде ұстау қажет.
Жылына екі рет, тұрақты түрде көз мелленизациясын . өткізу керек.
Маңқаға күдіктенген жылқының (клиникалық аурудың белгісі бар) көзін жою керек. Өлігін өртеп жібереді, малды соймайды, терісімен өртеу керек.
Тез арада СЭС-қа хабарлап, шаруашылыққа карантин салады.
Дезинфекция жасау үшін, хлорлы известтің 3 % ерітіндісін, едкии натрийдың 4 % ерітіндісімен ғана пайдалану қажет.
Карантинді соңғы маңқамен аурған жылқының көзін жойған соң, 45-күннен кейін ашады. Карантинді ашар алдында, қорытынды дизенфекция және ферманың мал тұрған жерді тазалайды. [1].

1.5Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою

Инфекциялық аурумен күресуде басты шаралар үш бөліктен тұрады-
1) аурудың көзін жою
2) ауруды тарату жолдарын, жағдайларын жою
3) Малдың ауруға қарсы туралататын каблетін көтеру.
Айтылған шаралар профилактикалық (аурудың алдын алу, сактандыру) және лажсыз (ауру шыққан соң) болатын шаралардан тұрады.
Профилактикалық шараларға, малды азықтандыру, суғару, күту, бағу жатады. Малды күтүшілердің жеке гигиенасын сактау (арнайы киіммен камтамасыз ету, дизенфекциялық және жуушы дәрі - дәрмектер бөлу т. б) кер

1.8 Жұқпалы ауруларды зертханалык жолмен аныктау әдістері

Жұқпалы ауруды зертханалык зерттеуге, бактерияялык, серологиялык, биологиялық тексерулер жатады.
Бактериологиялык тексеру. Жұқпалы аурудың қоздырғышын табу үшін,зертханаға ауру малдың өлігін, ішкі органдарын, немесе ауру малдан бөлінген зэр, ки, тыныс мүшелерін жыныс мүшелеріннен,асказан мүшелеріннен бөлінген заттарды жібереді.
Жіберілген материал өте жаңа (свежий) болу шарт. Материалдың ыдысы
кұрал-саймандар да таза стерильді болуы шарт.
Алынған материалды жіберерде жақсылап орау(целлофанға) керек. Ол микроб далаға түспеу керек.
Егер микроб далаға түссе ауру тарауға себепші болады. Ауыру тараудың көзі болуы мүмкін.
Бактериологиялык тексеруде микроскоп коданылады, микроскоппен микробтың іздейді және микроб тапса одан себін (посев) жасайды. Тағы да себінтен жалақ (мазок) жасап микроскоппен тексереді. Сонымен қатар, зертханалык малдарды қолдан ауыртады. Одан соң ол малдарды сойып, тағыда микроскоппен көреді. Микробтың формасын, көлемін, микробтың орналасуын т.б ажыратады. [2].
Сондай-ақ микробтың боялу қасиетін (граммотрицательный, граммположительный боялу касиеттерін) қасиеттерін анықтайды.
Жұқпалы ауруларды серологиялык жолмен тану әдісі
Серологиялық ауру тану әдісі деп ару малдың канындағы сарысудағы арнайы денешікті (антителаны) табуды, аныктауды айтады. Ол үшін дайын арнайы кан сарысуындагы антигенді пайдаланылады. Қазіргі кезде бұл әдіс кеңінен колдануда. Оның ішінде агглютинация реакциясы (РА), комплементті байланыстыру реакциясы (РСК) және преципитация реакциясы (РП) әдістері кеңінен колдануда. Ол үшін ауру малдан пробиркада кан алып лабораторияға жібереді.
Зертханада дайындалған нұскау (инструкция канды реакцияға қойып олардың кортындысын хабарлайды, осындай әдіспен бруцеллез, туберкуллез, Ауески т.т тексеріледі.
Ауру шыкса онда ауруды таратпау үшін іс шара жасалынады. Агглютинация реакциясы. -- бруцеллез, паратиф, құс пуллорозы т.б. аныктау үшін колданылады. Ол ауру малдың кан сары суындағы атителаны (агглютин)ді белгілі антиген (бұрынан дайындап койған қоздырғышпен) реакцияга аркылы аныктайды.
Егерде тексерілетін ауыру малдың кан сары суында антитела болса антигенмен агглютиннацияға түсіп (жабысып -- склеивания) болады. Оң реакция кезіде пробиркада тұнба (осадок) пайда болады. Оны сәл сілкісек тарап кетеді. [3].
Аллергиялық зерттеу. Аллергия дегеніміз организм сезімділігінің күшейуі. Мысалы, туберкулезбен ауырған малға туберкулин - (ол туберкулез микробын бульонда сорпада) өсіріп, оны сүзіп (фильтрден өткізіп) алынған сүйық (фильтратты)), парентерально ексе, организмде аллергиялық реакция пайда болады. Былайша айтканда, аурудың ерекше клиникалық белгілері - терінің қызаруы, бөртуі, күлдіреу, демігу, жүрек қызметінің нашарлауы, әр жерлерінде ісіну пайда болады.
Кей жағдайда аллергиялық реакция пайда болмай қалады - оны анергией дейді.
Анергия -- екі жағдайда болуы мүмкін. Бірінші организмде қорғаныс күштер күшті (антитела күшті болғанда), екінші, аурумал организмі өте нашарлап кеткенде, егілген аллергенге организм жағдайы жауап болады.
Аллергендер (туберкуллин, маллеин, бруцеллолизат) жэне басқада түрлері өндірісте жиі қолданылады.

Жұқпалы аурулардың емі. Жұқпалы аурумен ауырған жануарларды емдеу кешеңді түрде жүргізіледі. Бұл кешен этиотропты және Симптоматикалық емдеу шараларынан тұрады.
Этиотропты ем - аурудың себебіне этиологиялык факторына Яғни оның коздырушысына қарсы бағытталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқылардың маңқа ауруы
Маңқаны балау, дауалау шаралары
Маңқа ауруы
Маңқа ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Жұқпалы аурулардың емі
Жылқы маңқасы адам үшін өте қауіпті ауру
Маңқа қоздырушысы
Жылқы аурулары
Маңқа ауруының індеттік ерекшеліктері
Ауески және лептоспироз аурулары
Пәндер