Топырақ картасын құрастыру


Топырақ картасын құрастыру
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім:
- Топырақ картасы мазмұнының географиялық-генетикалық негізі
- Карталар құрастыру және безендіру ерекшеліктері
- Топырақ картасын картографиялаудағы жаңа әдістер
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Топырақ картасы- топырақ түрлерінің жер бетінде таралуын, олардың қасиеттері мен ерекшеліктерін бейнелейтін карталар. Топырақ картасының - жалпы, топырақ-мелиоративтік және топырақ-эрозиялық түрлері болады.
Топырақ-мелиорация картасы - топырақ картасы, топырақтың мелиорациялық ерекшеліктері (су өткізгіштігі, жер бетіндегі тастар, құм, құрамындағы тұздар және т. б. ) жөніндегі қосымша мағлұматтар түсірілген карта. Мелиорациялық шараларды жүргізудің ең негізгі құжаты болып табылатын бұл картаны топырақ зерттеуші мамандар жасайды.
Жер шарының топырақ жамылғысы алуан түрлі. Себебі, кеңістікте топырақ түзуші факторлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ түзуші тау жыныстары, жер бедері және олардың уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырауы әр мекенде, жер аумағында әр түрлі.
Жер бетінің топырақ жамылғасын топырақ географиясы салыстырмалы-географиялық әдіспен, яғни топырақтың кеңістікте таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра салыстыру арқылы зерттейді. Осы әдісті қолдану нәтижесінде Жер шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды.
Топырақ карталары - топырақтың жер бетінде таралуын, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін көрсететін карталар. P. to мазмұнына қарай. Топырақтардың классификациялық генетикалық топтарының географиялық таралуын бейнелейтін жалпыға бөлінеді; топырақ мелиорациясы - топырақтың мелиоративтік сипаттамаларын қосымша көрсету (тұз қоры, сүзу қабілеті, тас құрамы және т. б. ) ; топырақ эрозиясы-топырақ эрозиясының (немесе дефляциясының) дәрежесі, олардың эрозияға икемділігі, эрозияға қауіпті аймақтар және т. агрохимиялық картограмма) , олар бір немесе бірнеше топырақ қасиеттерінің әр түрлі мәндерінің аудандарын көрсетеді, мысалы қышқылдық, сортаңдық, тұздылық, гранулометриялық (механикалық) құрамы. Олар жер бетіндегі топырақтың орналасуын ерекшеліктері мен қасиеттерін көрсетеді.
Карталар, олардың негізгі мазмұны кез келген табиғи немесе әлеуметтік құбылыстардың көрсеткіштері болып табылады, олар аймақтың негізгі элементтеріне қатысты (географиялық негізде) көрсетілген.
Топырақ картасы деп белгілі бір аумақтың топырақ жамылғысын бейнелейтін арнаулы картаны айтады. Ол топырақтың кеңістікте таралу жайында мағлұмат береді. Картада топырақты немесе алқап ауданын кішірейтіп көрсетілуін картаның масштабы деп атайды.
Шартты түрде топырақ картасын жасау жұмыстарды және карталардың өзін ұсақ, орта және ірі масштабты деп бөледі. Сонымен қатар түбегейлі топырақ карталарын және арнаулы картограммаларды бөледі.
Ұсақ масштабты карталар (1:300 000 масштабтан үлкенірек, немесе 1 см-де 3 км және одан артық) облыс, республика және елдердің топырақ жамылғысын бейнелейді. Оларды табиғи және ауыл шаруашылық аудандастыру, жерлерді мемлекеттік тарапынан есептеу саласында пайдаланады.
Ортамасштабты карталар (1:300 000 ден 1:100 000 дейінгі масштаб, немесе 1 см-де 3 км-ден 1 км-ге дейін) жекеленген аудандардың топырақ жамылғысын бейнелейді. Оларды топырақты мелиорациялау жұмысында және тыңайтқыштарды аудан бойынша бөлуде және басқада жағдайларда пайдаланады.
Ірі масштабты карталар (1:5000-ден 1:10 000 масштаб, немесе 1 см-де 500-ден 100 м-ге дейін) . Ірі масштабты карталарды ішкі шаруашылық жерге орналастыру және топырақты бонитеттеу, тыңайтқыштарды пайдалану, топырақты тиімді пайдалану шараларын дайындау барысында қолданады.
Түбегейлі карталары (1:5000-ден 1:200 дейінгі масштаб, немесе 1 см-де 50-ден 2 м-ге дейін) тәжірибе станцияларының аумақтарын, бау-бақшалар және мелиоративті жұмыстарды жобалау кезінде қолданады.
Топырақ карталарына қосымша картограммалар жасалады. Картограммалар - агрономиялық, орманөсімдіктік немесе топырақ жамылғысының кейбір ерекшеліктерін бейнелейтін арнаулы немесе мамандырылған топырақ карталары. Картограммаларда топырақтың қышқылдығы, қоректік элементтердің жылжымалы формалары, топырақтың эроэиялану дәрежесі, кебірлігін немесе сортаңдығын, тұздануын және тағы басқалар жаңдайлар бейнеленеді.
Топырақ картасының міндетті бөлігі - легендасы, онда картадағы шартты белгілерге түсініктеме беріледі ( арнаулы индекстер, топырақ атауларының белгісі, олардың механикалық құрамы, топырақтың алып жатқан аумағы және т. б. ) .
- Топырақ картасы мазмұнының географиялық-генетикалық негізі
Топырақтық картографиялау ауыл шаруашылық және ғылыми географиялық қауымдастық үшін тағайындалуымен байланысты, сонымен қатар тақырыптық картографиялаудың жоғары дамыған саласы болып табылады. Топырақтық картографиялау В. В. Докучаев идеясында құрастырылған топырақтың генетикалық жіктелуі мен жүйеленуіне негізделеді. Топырақ жамылғысын зерттеу халықшаруашылық мәселелерін шешу мен тәжірибелік шараларды жүргізу үшін қажетті мәліметтер береді. Ауыл шаруашылығының қарқындалуымен жер ресурстарын тиімді пайдалану жер қорының сандық есебі мен сапалық бағалауын талап етеді.
Топырақ - климаттық және биологиялық факторлар әсерінен топырақ түзуші процестер негізінде аналық жыныстардан дамитын, белгілі бір генетикалық горизонттардың бірлігінен тұратын және жер бетін жауып тұратын табиғи дене. Әрбір топырақтың қасиеті заттардың айналуымен араласу заңдылығын көрсете отырып, тереңдеген сайын өзгереді. Бұл топырақтың бірінші ерекшелігі. Нәтижесінде генетикалық қиманың нақты құрлысымен ерекшеленетін топырақтың типі мен түрі пайда болады.
Топырақтың екінші ерекшелігі - олар горизонтальды бағытта өзгереді, біртіндеп бір белгісі жойылып екіншісі пайда болады. Олар әртүрлі топырақтардың қалыптасуына әкеледі. Топырақтардың біртіндеп өзгерілуі, бірнеше шақырымға жететін, ені әртүрлі жолақтардың қалыптасуын туғызады.
Топырақ жамылғысы - бұл аймақтарда дамитын топырақтардың бірлігі. Бұл горизонталды жағдай топырақтың созылуыменен, ал вертикальды жағдайы, оның қалындығыменен анықталатын үш өлшемді дене.
Топырақ картасы жер ресурстарын есептеу, топырақ жамылғысындағы заңдылықты анаықтау және топырақтың географиялық таралуын көрсету үшін құрастырылады. Олар агротехникалық және мелиоративті шаралар көмегімен жерді тиімді қолдану және оның құнарлығын көтеру үшін топырақ сапасына баға беру мүмкіндік береді.
Қазіргі топырақ карталарында топырақ жамылғысының құрамы және оның құрлымы көрсетіледі. Топырақ жамылғысының құрамы және оның құрлымы деген - бұл топырақ жамылғысы құрлымының белгілі типі, оған кіретін топырақтардың құрамы, сондай ақ, кеңістіктіктегі комбинациясы (горизонтальды құрлымы) .
Ірі масштабты топырақ карталарын құрастыру үшін негізгі мәліметтерге топырақтың генетикалық қима сипаттамасымен далалық зерттеулер және топографиялық карталарға немесе әуесуретке еңгізілген әрбір топырақтың таралған ареалдары жатады.
Ұсақ масштабты топырақ карталары ірі масштабты карталарды жалпылау негізінде құрастырылады, ал аз зерттелген аймақтардың карталары далалық және маршруттық зерттеулер мәліметтері бойынша.
Соңғы жылдары топырақ картасын құрастыру кезінде ара қашықтықтан зерттеу мәліметтері кеңінен пайдаланады. Сонымен бірге, табиғи ортада топырақ және басқа да компоненттер арасындағы байланыстарды қалыптастыратын, топырақ түзілудегі жергілікті физикалық-географиялық жағдайы туралы мәліметтер қолданылады.
Топырақтың жіктелуі - маңызды қасиеттері, пайда болуы және құнарлығы ерекшеліктері бойынша топырақтарды топарға бірігуі - генетикалық принциптер негізінде қалыптасады. Топырақ түзуші жағдай мен үрдістер, адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан топырақтың негізгі қасиеті мен құрамы есепке алынады. Қазіргі кездегі жіктелуінде топырақ жамылғысының морфологиясын есептеледі.
Дүние жүзінің топырақ жіктелуінің схемасында топырақтың тұқымдастық, генерациясы және геохимиялық ассоциациясы бөлінеді.
Тұқымдастық - топырақ кескінінің біртекті құрылымы бар, әртүрлі биоклиматтық зоналар мен белдеулердегі топырақ тобы. Мысалы, жартылай гидроморфты суббореальды, субтропиктік және тропиктік белдеулеріндегі сортаң топырақтары сортаң тұқымдасына бірігеді, ал күлгін және қоңыр күлгін топырақтар - элювийлі-күлгін сиаллитті топырақтарда бірігеді с. т. б.
Топырақ түзуші минералдық өнімдердің әртүрлі құрамы кезінде қалыптасуын сақтап қалатын топырақ тұқымдастығы бір топырақ генерациясында бірігеді. Дүниежүзінің топырақ жіктелуінде шамамен топырақтың 29 генерациясына біріккен 40 басты тұқымдастығы бар.
Топырақ генерациясы ассоциацияда бірігеді. Бір асссоцияға бірігетін топырақтар: а) барлық топырақ қабаттарында белгілі бір типтегі минералды заттардың балансы және б) қайта түзілу үрдісімен байланысты гравитациялық ылғал горизонтының болуы немесе болмауы. Топырақ ассоциациясы - бұл топырақ түзілудің негізгі бағыты. Дүние жүзінің барлық топырақтары 12 ассоциацияда бірігеді. Топырақтың бір ассоциациясы қышқылды-сілтілі және қышқылды-қалпына келу жағдайларымен ұқсас сонымен қатар, топырақтың органикалық бөлігі құрамының (қарашіріктің топтық құрамы, торф) ұқсастығына ие.
Осы деңгейден төмен негізгі картографияланатын категориялар бөлінеді: типтер, типшелер, тегі мен түрі. Төменгі таксономиялық категорияларға разрядтар және топырақтың түрлері және пішіндері жатады.
Топырақ типі қосымша қабаттарға байланысты типшелерге бөлінеді. Олар топырақтың берілген типінің басқалармен байланысатын көрсетеді
Мысалы, күлгін типі келесі типшелерге бөлінеді: нағыз күлгін, күлгін-күлгенше, шымды-күлгін, шымды топырақтар. Осылайша, қара топырақтарда бөлінеді: күлгін, сілтілі, жай қара топырақ және оңтүстік қара топырақтар.
Типшелер текке (род) бөлінеді - топырақ түзуші жыныстармен байланысты кескіннің сапалық ерекшеліктері бойынша, грунт суларының химиясы немесе тағы басқа көрсеткіштері пайдалынады.
Топырақ түрлері қабаттың қалындылығында, қарқындылығында пайда болатын негізгі процестің дамуы бойынша бөлінеді. Карбонаттар, тез еритін тұздардың кеңістіктік орналасуы мен құрылымымен анықталады. Мысалы, топырақтың келесі түрлері бөлінеді: гумусы аз қара топырақтар, орта гумусты қара топырақтар т. б. немесе әлсіз, орташа және қатты күлгін топырақтар.
Топырақ түрлері сондай -ақ, механикалық құрамы (құмды, сазды, саздақты), тілімденуі, игерілуі және т. б. көрсеткіштері бойынша бөлінеді.
Негізгі таксономиялық бөлімшелерден басқа топырақ бірлестік пен кешендерге бөлінеді. Бірлестік - бұл топырақ комбинациясы, олар өзіндік ерекше шаруашылық пайдалануға ие, бір-бірімен ажыратылатын топырақтың ірі ареалдары (мезорельеф) . Бірлестікті анықтайтын факторлар топырақ түзілуіне тәуелсіз.
Кешендер - бұл топырақтардың үнемі алмасып отыратын ұсақ дақтарымен топырақ комбинациясы.
Кешендердің пайда болуын анықтайтын факторлар топырақ түзілумен тығыз байланыста және топырақ кешенінің қалыптасуымен бірдей өзгеріп отырады. Жерді шаруашылықта пайдалануы топырақ кешеннің жалпы қасиетімен анықталады.
Бұрынғы КСРО аумағында топырақ жіктелуіне 100-ден астам топырақ типтеріне бөлінеді, әр қайсысы оншақты типшелерге, тектерге және түрлерге бөлінеді.
Соңғы жылдары топырақтанушылар органикалық және минералды заттардың шоғырлануының тілімделу деңгейі және пішінін, әртүрлі көлемдегі топырақ ареалдарының комбинациясы мен бірлестігінің арқасында қалыптасқан, топырақ жамылғысының құрылымын картографиялау мен зерттеуге үлкен көңіл бөліп отыр.
Шет елдерде топырақ карталары мазмұны бойынша әртүрлі. Оларда топырақ номенклатурасына және жүйесіне, бейнелеу әдісіне көзқарастар әртүрлі. Әсіресе ірі масштабтты карталар қатты ерекшеленеді.
- Карталар құрастыру және безендіру ерекшеліктері
Картаның мазмұны, олардың толықтылығы, нақтылығы және тәжірибелік бағыты легендада қамтылады. Картаның маңызы мен масштабына, аумақтың топырақ жамылғысы құрылымының ерекшелігіне байланысты топырақтың таксономиялық бірліктері 221 әртүрлі дәрежеге бөлінеді. Легенданы құрастыру кезінде топырақ топтастырудың белгілі жүйедегі таксономиялық категорияларының орналасуын қабылданған жіктеуге байланысты анықтайтын құрылымын таңдау үлкен мәнге ие.
Топырақ картографиясында легенда құрастырудың жалпы қабылданған келесі жүйесі бар: бірінші бөлімінің (қатардың) бөлінуі - жазық пен тау топырақтары, оларға типтер, типшелер және топырақ түрлері кіреді.
Жазықтың топырақтары сан алуан, жақсы зерттелген, үлкен шаруашылық маңызға ие және сондықтан да олардың бөлімшелері нақты.
Легенданың екінші бөлімінде топырақ кешендері көрсетіледі, ал үшінші бөлімінде - топырақтың механикалық құрамы және топырақ түзуші жыныстар сипатталады.
Легенданың бірінші бөліміндегі топырақты орналасу тәртібі келесі принципке бағынады: топырақтың генетикалық типі зональды, азональды және интрозональды болып бөлінеді. Зональды топырақтар тобына олардың генетикалық типі географиялық алмасу тәртібі негізінде солтүстіктен оңтүстікке қарай (таулар үшін жоғарыда төмен қарай) орналасады. Бір генетикалық типке жататын топырақтар легендада олардың таксономиялық рангсының төмендеуіне қарай орналасады, сонымен қатар бір генетикалық типтегі топырақ типшелері белдемшелер (подзоны) бойынша географиялық алмасуына байланысты оқылады, мысалы, күлгін қара топырақ, сілтілі, типтік, қарапайым, оңтүстік қара топырақтар.
Топырақтың түрін бейнелеуде, топырақтүзілу үрдістердің қарқындалу деңгейі бойынша орналастырады, мысалы, әлсіз, орташа және қатты күлгінген топырақтар.
Кешенге жататын топырақтар әдеттегідей екі-үш топырақ типтеріне жатады. Олар легенданың екінші бөлімінде зональды және интразональды топырақтардан кейін орналасады.
Топырақтардың бірлестігі ауданының көлемі бойынша аз аумақты алып жатқан сәйкес топырақтарды көрсету үшін масштабтан тыс белгілер пайдалынады. Карта легендасында белгілер топырақты белгілейтін төртбұрыштың төменгі оң жақ бұрышында орналасады. Картада берілген топырақ басым топырақтардың арасында жергілікті таралуын көрсетеді. Мұндай әдіс картаның ақпараттылығын ұлғайтады.
Механикалық құрамы бойынша топырақтың бөліну негізінде топырақта ылғалды ұстап тұратын және жоғарыға көтеретін қабілеті бар бөліктердің мөлшері бойынша механикалық элементтердің жіктелуі жатыр. Мысалы, топырақтың тасты бөлігі ылғал ұстап тұра алмайды, құмның ылғалды ұстап тұратын тек әлсіз қасиеті бар, ал баптақты құрам ылғалды жақсы ұстап тұрады және су көтергіштік қабілетке ие. Таулы жыныстармен төселген топырақтың механикалық құрамы ірісынықты -тасты (тасты шөлінділер (осыпь), опырылымдар, қой тастар т. б. ) және ұсақ топырақты (құмдар, құмдақтар, саздақтар) болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz