Теориялық зерттеудің бағыты және әдістері
ДәрісТЕР
№ 1 дәріс.
Дәрістің тақырыбы: Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар
Дәріс жоспары:
1 Кіріспе.
2 Негізгі түсініктер мен анықтамалар.
Бүгінгі таңда өндірістің тікелей итеруші күшіне айналған ғылымда ғылыми - техникалық ревлюцияның мәні күннен - күнге артуда.
Ғылым -- жаңа білім алып, оны қолдануға бағытталған интеллектуалдық қызыметкер:
- технологиялық, экономикалық, қоғамдық, гуманитарлық проблемаларды шешу;
- ғылым, техника және өндірісті бір жүйе ретінде қамтамассыз ету.
Үлкен машина өндірісінің пайда болуы ғылымды өндірістің өзінің белсенді факторына айналдырады. Ғылыми - техникалық революция жағдайында ғылымның түп тамырымен өзгеруі болды. Мұнда ғылым тек техниканы меңгеріп, соның деңгейіне жетуді ғана мақсат еткен жоқ, ол одан асып кетті.
Саясаттануда, басқаруда, білім жүйесінде және материалдық өндірісте ғылымың қажеттілігі, басқа қызыметтерден қарағанда ғылымның даму жылдамдығын арттырды.
Ғылымның жіктелуі. Маркс бойынша келесідей жіктейді: техникалық, табиғи, қоғамдық және философия болып бөлінеді. Бұл жіктелудің негізіне материалдық әлемнің негізін зерттейтін барлық ғылымдар жатыр.
Ғылымды жіктеу проблемалары - барлық ғылыми білімің құрылымының проблемалары. Қазіргі заманғы ғылымның жіктелуі дифференциалдық және интегралдық болып бөлінеді.
Техикалық ғылымдарда табиғи денелердің мақсатты түрленуі деген жүйелік білім бар. Ғылыми техникалық білімді қосуға бағытталған алғашқы қадамдар Энгельсте көрінген жүйелеу және жіктеуден көрінеді. Одан әрі аталған жіктелу даму мен бірігуге алып келінді.
Ғылымның даму кескінін тереңірек қарастырмай жатып, біз таза түрде ғылыми білімнің жүйесі ретінде ғылымның дамуының басты тенденциясын анықтамақ боламыз. Әрине, шынайы келгенде барлық тенденциялар бір - бірімен бірігуі мүмкін. Қазіргі заманғы негізгі тенденцияға дифференциалдық дамудан интегралдық дамуға айалуы жатады. Ғылым даму классификациясына фукционалдылықтан субстраттыққа айналуы тән. XVI...XVII ғғ бастап ғылымның дамуы затпен емес, қозғалыс формасымен немесе зерттелетін заттың жеке жақтарынан ерекшеленді.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Ғылым пәні дегеніміз не?
2 Ғылым қалай жіктеледі?
№ 2 дәріс.
Дәрістің тақырыбы: Ғылыми зерттеу (ҒЗ) негіздері.
Дәріс жоспары:
1. Ғылыми зерттеу бағыттарын таңдау.
2. Ғылыми тақырыптарды таңдау көзі.
3. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері.
Ғылыми зерттеу бағыттарын таңдау.
Ғылыми зерттеудің мақсаты - жанжақтылық, объектісі, үрдісті және құбылысты тыңғылықты зерттеу; оның құрылымын, байланысын және қатынасын ғылымда жетілдірілген принциптер мен меңгеру тәсілдері негізінде, сонымен қатар адам үшін қажетті нәтижелерді алу және өндіріске (тәжірибеге) енгізу.
Кез-келген ғылыми зерттеу өзінің объектісі мен пәніне ие. Ғылыми зерттеу объектісі - материалды немесе өзіндік жүйесі болып табылады. ҒЗ пәні бұл жүйенің құрылымы, жүйе ішіндегі және одан тыс элементтердің бір-біріне әсерінің заңдылықтыры, дамуы әртүрлі қасиеті, сапа және тағы басқа заңдылықтар.
ҒЗ қоғамдық өндіріспен байланыс түрі бойынша және халық шаруашылығы үшін маңыздылық дәрежесімен, тұтас мақсатта белгіленуімен; қаржыландыру көзімен және зерттеу ұзақтылығымен жіктеледі.
Тұтас мақсатты белгілеу бойынша ғылыми зерттеудің үш түрін ажыратады: іргелі (фундаменталды), қолданбалы және жетілдіру.
Іргелі зерттеу жаңа құбылысты зерттеуге және алуға, табиғаттың заңдылықтарын, зерттеудің жаңа үрдістерін жасауға бағытталған. Бұның мақсаты болып, қоғамның ғылыми білімін кеңейту табылады.
Қолданбалы зерттеулер табиғаттың заңдарын жаңа құралдар мен әдістер жасау үшін және бар құралдарды одан ары жетілдіру үшін бағытталады. Мақсаты болып - іргелі зерттеу нәтижеснде алынған ғылыми білімді адамның тәжірибелік шығармашылығында қалай қолдану керектігі жайында.
Қолданбалы зерттеу нәтижесінде ғылыми түсінік негізінде техникалық түсінік қалыптасады. Қолданбалы зерттеу ізденіс ғылыми-зерттеу және тәжірибелі- құрастыру болып үшке бөлінеді. Іргелі және қолданбалы зерттеу нәтижесінде жаңа ғылыми және ғылыми техникалық ақпарат қалыптасады.
Әр ғылыми зерттеу жұмысын нақты бір бағытқа жатқызуға болады. Ғылыми бағыт ғылым немесе ғылыми кешені негізінде түсіндіріледі, яғни зерттеу жүргізілетін төңірігіне байланысты. Осыған байланысты: техникалық, биологиялық, әлеуметтік, физика-құрылымдық, тарихи және тағы басқа ажыратылады.
Техникалық бағытқа - техникалық-жылудинамика төңірігіндегі зерттеуді; биологиялық бағытқа - биохимиялық немесе гендік инженерия төңірегіндегі зерттеуді жатқызуға болады. Сонымен ғылыми бағыттың негізгі арнайы ғылым немесе арнайы ғылымдар қатары саналады.
Ғылыми зерттеудің құрылымдық бірлігі болып кешенді мәселелер табылады: мәселелер, тақырыптар және ғылыми міндеттер. Кешенді мәселе өз алды мәселенің өзіндік құнын көрсетеді, бір мақсатта біріккен; мәселе бұл күрделі теориялық және тәжірибелік тапсырманың өзіндік ұйлесімділігі, олардың шешімі қоғамда жетілдірілген мәселе әлеуметтік аумақта, ұлттық, салалы, салааралық болуы мүмкін. Бұл пайда болған тапсырманың аумағына байланысты. Сонымен ғылым - табиғат туралы, қоғам туралы және ойлау қабылеті туралы жаңа білім алуға бағытталған зерттеу жұмыстарының аймағы. Қазіргі қоғамда ғылым мен техниканың әсері өте жоғары. Ғылым нарықтық экономика жағдайында қоғамдағы өндіргіш күшке айналды. Ғылыми-техникалық прогресс өнеркәсіптің бар саласында - медицинада, транспортта, байланыста, тұрмыста-үлкен өзгертуші күшке айналды. Ғылымды жіктеу - олардың өзара байланысын белгілі принциптер негізінде көрсету, олар зерттейтін материалдық өмірдің объектілерін анықтау. Мысалы, техникалық, табиғаттану, қоғамдық және философиялық ғылымдар.
Ғылыми тақырыптарды таңдау көзі.
Ғылыми зерттеудің тақырыбы мәселенің құрама бөлігі болып табылады. Тақырып бойынша зерттеу нәтижесінде мәселенің бір бөлігін қамтитын ғылыми сұрақтың нақты шеңберінде жауап алады.
Ғылыми міндеттер әдетте ғылыми зерттеудің нақты тақырыбына қатысты ғылыми тапсырмалар түсіндіріледі.
Ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдау кезінде бағытталған мәселені талдау негізінде қалыптасады, және жалпылама түрде күтілетін нәтиже анықталады. Содан кейін мәселенің құрылымы жетілдіріліп тақырыптар, міндеттер, өндіріске енгізулер мен әксперименттік бағыттары тұрақтандырылады.
Мәселенің негізін қалағаннан кейін және құрылысын тұрақтағаннан кейін ғылыми зерттеу тақырыбын анықтайды. Яғни ол өзектілігін (маңызды, тез арада шешуді талап ету), ғылымға пайдалы жаңалық енгізу, халық шаруашылығы үшін экономикалық тиімді болуы керек. Сондықтан тақырыпты таңдау арнайы техника-экономикалық есептеулер жүргізілуі қажет.
Тақырыптың маңызды сипаттамасы болып алынған нәтижелерді өндіріске жылдам енгізу мүмкіндігі табылады.
Тақырыпты таңдауға белгілі мамандық бойынша отандық және шет елдің әдебиет көздерімен түпкілікті танысуымен жүргізілуі қажет.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері.
Ғылыми-зерттеу жұмысы белгілі тәртіппен орындалады. Алғашқыда мәселемен толық танысу нәтижесінде тақырыптың өзі қалыптасады. Яғни осының шеңберінде зерттеуді және жоба алдындағы негізгі құжат техника-экономикалық негіздемені (ТЭН) жетілдіруді орындау күтіледі. Тек осындай негіздеменің негізінде тақырыпты тапсырушы тарапынан ары қарай жобалау және қаржыландыру мүмкін болып табылады.
ТЭН тақырыбының бірінші тарауында жетілдірудің себебі, қысқаша әдеби шолу, яғни онда зерттеудің жеткен деңгейі және бастапқы алынған нәтижелер жазылады. Ерекше көзқарас әлі де шешілмеген сұрақтарға, негіздемеге, елдің халық шаруашылығы мен саласы үшін жұмыстың өзектітілігі мен маңыздылығына бөлінбейді. Мұндай шолу зерттеудің кезеңдері мен тапсырмаларын шешу тәсілдерін белгілеуге, тақырыптың соңғы мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
ТЭН-ді құрау сатысында күтілетін ҒЗЖ нәтижелерін қолдану төңірегі. Оларды белгілі салада тәжірибеде қолдану мүмкіндігі, жаңа техниканы қолдану кезіндегі күтілетін экономикалық тиімділік анықталады.
ТЭН-ді құрау нәтижесінде мақсатқа жету және ҒЗЖ орындау қажеттілігі туралы қорытынды жасалады. Техника-экономикалық негіздеме салалық министерствомен бекітіледі. ТЭН-ді бекіткеннен кейін зерттеудің мақсаты мен міндеттері нақтыланады. Отандық және шет елдік әдебиеттердің библиографиялық тізімі, әртүрлі ұйымдардың саласына сәйкес тақырып бойынша ғылыми-техникалық есеп беру құрайды және қажет болған жағдайда тақырып бойынша рефераттар, процестер, пәндер, құбылыстар нақтыланып, бұлар нақты зерттеулерді, сонымен қатар зерттеу тәсілдерін қамтуы қажет.
Теориялық зерттеудің мақсаты - пәннің физикалық болмысын танып білу болады. Нәтижесінде физикалық модель қаланып, математикалық моделдер жетілдіріліп және осындай жағдайда алынған бастапқы нәтижелер талданады.
Ұйым алдында эксперименттік зерттеулердің тапсырмалары жетілдіріліп, эксперименттің әдістемесі (методикасы) мен бағдарламасы таңдалып алынады.
Қабылданған әдістемелік шешімдер, эксперименттер жүргізу үшін әдістемелік көрсетулер түрінде жасалады. Зерттеудің әдістемесі жетілдірілгеннен кейін жұмыс жоспары жасалады, онда эксперименталды жұмыстың көлемі, әдістері, техникасы, жұмыс сыйымдылығы және мерзімі көрсетіледі.
Теориялық және эксперименттік зерттеуді аяқтағаннан кейін алынған нәтижелерге жалпы талдау жасалады, гипотезалар эксперимент нәтижелерімен жүзеге асырылады.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Ғылыми тақырыптар қалай таңдалады?
2. Теориялық зерттеулер дегеніміз не?
3. Ғылыми-зерттеу бағыттары
№ 3 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдістемелік негіздері.
Дәріс жоспары:
1. Ғылыми зерттеудің жалпы схемасы
2. Ғылыми-зерттеу сатылары
Қазіргі заманғы ғылыми-техиникалық ойлау қарастырылатын құбылыс пен процессті толық түсінуге бағытталған. Осылайша қарастыру меңгерілетін тыңғылықты қарым - қатына жасау, ол заттың пайда болу кезеңін, дамуын және оның тарихи қолдануын қарастыра отырып мүмкін болды.
Белгілісі сол жаңа ғылыми нәтижелер мен бұрыннан бар білім диалектикалық қарым - қатынаста болады.
Ғылыми зерттеуде барлығы маңызды. Барлық назарды негізгі немесе басты проблемаларға аудара отырып, бір қарағанда маңыздылығы аз көрінетін жанама фактілерді де ұмытпау керек. Жиі байқалатыны мұндай фактілер маңызды жаңалықтың ашылуының көзі болып табылады.
Ғылымда қандай да бір ғылыми фактіні орнату жеткіліксіз, сонымен қатар оны қазіргі ғылым тұрғыдан түсіндіріп, жәнеде оның қоғамдық, теориялық және практикалық маңызын көрсету керек.
Практикадан, қоршаған әлемді бақылаудан жәнеде өмір қажеттілігінен идея туады. Идея негізіне нақты фактілер мен оқиғалар жатады. Өмір нақты тапсырмаларды жүктейді, бірақта өнімді идея мен шешім бірден пайда болмайды. Сол кезде зерттеушінің таңсық дүиеге жаңа шешім беру қасиеті келеді.
Ғылыми зерттеудің жалпы схемасы
Ғылыми зерттеудің барлық сатысын келесі логикалық схема түрінде қарастыруға болады:
1 Таңдалған тақырыптың өзектілігі.
2 Нақты мақсат пен тапсырмалар жүктеу.
3 Затты анықтау және зерттеу заты.
4 Зерттеу жүргізудің әдісін таңдау.
5 Зерттеу процесін суреттеу.
6 Зерттеу қортындысын талқылау.
7 Қортындыны дайындау және алынған нәтижені бағалау.
Зерттеу процесін суреттеу -- логикалық заңдар мен ережелерді қолдана отырып зерттеудің әдісі мен техникасы жақсы байқалатын диссертациялық жұмыстың негізгі бөлігі.
Ғылыми зерттеудің ең маңызды сатысына - арнайы отырыстарда, ғылыми кеңесте алдын - ала диссертацияның практикалық және теориялық құндылығы бағаланатын нәтижені талқылау жатады.
Ғылыми зерттеудің соңғы сатысына өткізілген диссертациялық жұмыстың ғылыми және практикалық нәтижесінен тұратын қорытындылау жатады.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар
1 Ғылымың мағынасы қандай?
2 Ғылыми зерттеудің жалпы схемасына қандай талаптар қойылады?
3 Тақырыптың өзектілігін негіздеу дегеніміз не?
№ 4 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау және ғылыми-ізденіс жұмыстарының кезеңдері.
Дәріс жоспары:
1. Ғылыми-зерттеу бағытын таңдау
2. Ғылыми-ізденіс жұмыстарының кезеңдері
Ғылыми зерттеу бағытын таңдау мақсаты зерттеу әдісін анықтау және берілген тапсырмаларды шешу қабілеті арқылы анықталады. Осы сатыда ғылыми - техникалық әдебиетті жинау және таңдау нормотивті - техникалық құжат, аналог жайында ақпарат және тақырыпқа қатысты басқа да материалдар іске асады.
Ғылыми зерттеу бағытын таңдау сатысында тапсырманы шешу мүмкіншілігі қалыптасады; жаңа өнімді енгізудің экономикалық эффективтілігі анықталады.
Нәтижені бағалау жұмыстың жалпыланға нәтижесі жазылған есеп жасау мен оны безендірумен сипатталады.
Ғылыми - техникалық жұмыстардың орындалу тізбегі, саты сапасы мен олардыдың орындалу тізбегі, саты сапасы мен олардың мазмұны зерттеу бағытымен байланысты, ҒТЖ сипаты мен қиындылығы, тақырыптың дайындалу дәрежесіне байланысты. ҒТЖ - ға келесі сатылар тән:
oo Техникалық тапсырманы орындау;
oo Зерттеу бағытан таңдау;
oo Теоретикалық және эксперименттік зерттеулер;
oo Зерттеу нәтижесін жалпылау мен бағалау;
oo ҒТЖ қабылдауы.
Қолданбалы ҒТЖ - да зерттеу бағыты жеке сатыда ерекшеленбейді.
Соңғы саты ҒТЖ қабылдауы. Бұл сатыда ҒТЖ қабылдау комиссиясының қарауына дайындалады. ҒТЖ қабылдау түрі техникалық тапсырмада орындалады және зерттеу маңызы мен құнына байланысты. Комиссия ҒТЖ - ны ол берген бағдарламаға сәйкес қабылдайды. Жұмыс техникалық тапсырмада орнатылған нәтиженің талаппен сәйкес келуімен бағаланады
Ғылыми зерттеу жұмысының есебі бекітілсе, ғылыми - техникалық кеңесте жұмыс жоспары оң болса жәнеде комиссия бекіткен акт бекітілсе Ғылыми зерттеу жұмысы орындалған және қабылданған деп есептеледі.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Ғылыми - зерттеу жұмысыың сатыларын атаңдар.
2 Соңғы саты дегеіміз не?
№ 5 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Ғылыми зерттеудегі ақпараттар.
Дәріс жоспары:
1. Ғылыми зерттеудегі ақпардың ролі.
2. Ғылыми ақпарларды іздеу, жинау және өңдеу.
Ақпараттық жүйелерді жасау және оларды қолдану ғылым мен техниканың жетістіктерін көпшілікке жеткізу үшін өте қажет. Ғылыми ақпарат көздері ретінде әдебиеттер, мерзімді басылымдар, кітапхана қорлары, ЭЕМ, байланыс құралдары т.б.жатады. Ақпараттық өнімдерді жинақтау, олардың базасын жасау қағазсыз информатикаға көшумен байланысты.
ЭЕМ қолдану ақпараттардың көп мөлшерін сақтау, оларды дер кезінде тұтынушыға жеткізуді қамтамасыз етті.
Ақпараттар қорын библиографиялық және фактографиялық деп екіге бөледі. Библиографиялық қор жарияланған еңбектер туралы ақпараттарды жинайды. Ал фактографиялық қорда осы жарияланған еңбектердің өздері сақталады. Ақпараттық қорлар салалық, политақырыптық, құжаттардың түрлеріне байланысты - патент, диссертация т.б. болуы мүмкін. Мұндай қорлар әр саладығы ғылыми зерттеу институтарында, ақпараттық органдарда жасалады.
Ақпараттық өнімдерді жасау үшін оларды алатын технология қажет. Технологиялардың негізін қолданбалы бағдарламалардың пакеттері - ППП- құрайды.
Информациялық өнімдерді жасау үшін техникалық жабдықтар, ақпарат базасы және ППП қажет. Тұтынушылар ақпарат қорын пайдалану үшін ақпараттар жүйесін пайдаланады. Байланыс құралдары мен ЭЕМ жетілдіру арқылы оларды тұтас бір ақпарат инфрақұрылымына айналдыруға болады- интернет.
Ақпарат ресурстарының құрылымдық бірлігі ретінде ғылыми құжат есептеледі, ол ғылыми-техникалық ақпаратты сақтайтын материалдық объект.
Ақпаратты беру тәсілі бойынша құжаттар - мәтіндік - кітап,журнал, графикалық - сызба, диаграммалар, аудиобейнелік - дыбыс, кино-бейнежазбалар, машинаоқитын - микрофотожазғыштар. Құжаттар бірінші және екінші деп бөлінеді.
ҒЗА - ғылыми-зерттеу ақпараттары - тез жету үшін периодты түрде шығатын басылымдар бар. Газет, журналдар, рефераттық басылымдар, ҒЗ жинақтар, стандарттар, патенттік құжаттар.
Бірінші жарияланбаған құжаттар керек мөлшерде көбейтіле алады. Оларға ҒЗ есептері, диссертациялар, депоненттегі қолжазбалар, ғылыми аудармалар, конструкторлық құжаттар, конференциялар туралы хабарламалар жатады.
Екінші құжаттармен басылымдарға анықтамалар, шолулар, реферативтік және библиографиялық жатады.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Ақпараттық қорлар дегеніміз не?
2. Ғылыми-зерттеу ақпараттары
Модуль 2. Ғылыми мәліметтер мен құжаттар
№ 6 дәріс.
Дәрістің тақырыбы: Ғылыми мәліметтерді іздеу, жинақтау және өңдеу.
Дәріс жоспары:
1. Ғылыми мәліметтерді іздеу
2. Ғылыми мәліметтерді өңдеу
Ғылыми зерттеуді қамтамассыз ететін тапсырманың маңызы зор. Ең озық әдіспен ақпараттарды жинау, іздеу, сақтау, өңдеу және беру маңызды.
Бірнеше қатарды ерекшелеуге болады:
Техникалық (инженерлік), есептеуіш техника мен автоматтандырылған ақпараттық - іздеу жүйесі, программалау, есептеуіш техниканы программамен қамтамассыз етумен байланыстысырманы шешумен байланысты.
Ақпараттық жүйелер. Халықты ақпаратпен қамтамассыз ету үшін ақпараттық жүйені жасау, қолдану және өңдеу. Осыған айланысты информатика термині пайда болды.
Ақпаратты пайдаланушылар.
Әр тұтынушының ақпараттық жүйеге, өз сұранысы бар. Жәнеде оның талабы жеке адамдық пікір. Бірақта рацианалдық түсінік бойынша ақпараттық жүйені пайдаланушы тұтынушылар келесі топтарға бөлінеді:
1. Ғылыми зерттеуді өткізумен байланысты;
2. Жаңа техниканы жасау мен өңдеумен байланысты;
3. Басқару шешімін қабылдаумен байланысты;
4. Жаңа техниканы жасаумен байланысты.
Ақпаратты беру тәсіліне байланысты құжаттар:
oo тексттік (кітаптар, журналдар, есептер және басқалар);
oo графикалық (сызбалар, схемалар, диаграммалар);
oo аудиовизуальдық (дыбысжазу, кино, және бейнефильмдер);
oo машинаоқитын (мысалы, анықтама базасын құрайды);
oo бастапқы (ғылыми зерттеудің тікелей нәтижесін алушы);
oo қосымша (аналитикалық - синтетикалық және логикалық өңдеуден тұратын).
Библиографиялық көрсеткіш - нұсқаулық және журналдық типтегі баспаға жатады. Библиографиялық суреттеудің орналасу жүйесіне байланысты көрсеткіштер системалық және пәндік болып бөлінеді.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Ғылыми - зерттеу ақпаратты іздеу қалай іске асады?
2 Бастапқы құжаттар мен баспаға не жатады?
№ 7 дәріс.
Дәрістің тақырыбы: Ғылыми құжаттар және басылымдар.
Дәріс жоспары:
1. Мемлекеттік жүйедегі ғылыми техникалық ақпараттар.
2. Халықаралық жүйедегі ғылыми техникалық ақпараттар.
3. Патенттік ақпараттар.
Құжаттардың қорларын тәртіпке келтіру үшін кітапханалық-библиографиялық классификация қолданылады. Әлемде ең көп тараған ӘОК (УДК) - әмбебап ондық классификация, көп елдерде қолданылады. ӘОК арқылы ақпаратты тез тауып алуға болады. Негізгі таблица 10 кластан тұрады - оларға ғылымның әр салалары бекітілген. Әр класс ары қарай 10 бөлімге, ол бөлімдер ары қарай 10 бөлімшелерге бөлінеді.
Шет елдерден келетін ақпарат РПТНБ - республикалық патенттік-техникалық ғылыми кітапхана арқылы таралады. КазГОСИНТИ - мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттар институты ақпараттарды көп таратады, оның аймақтарда бөлімдері бар.
Ғылыми ақпарат көздерімен танысу үшін анықтамалық басылымдардан бастау керек. Керек мәліметтерді кітапхана каталогтарынан табуға да болады. Алфавиттік каталог, жүйелік каталог ғылым салалары бойынша кітаптарды табуға көмектеседі.
Патенттік ақпараттар құқықтық және ғылыми-техникалық негізге ие. Патенттану жаңалықтар мен өнертапқыштықтықты қорғау үшін қажет. Авторлық құқық заңмен қорғалады. Өнеркәсіптегі қолданылатын ой еңбегінің нәтижесі өнеркәсіп жекеменшігі деп аталады. Олар жаңалық, өнертапқыштық, пайдалы үлгілер, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер және фирмалық атаулар деп бөлінеді. Өнеркәсіп жекеменшігін қорғау үшін Ұлттық патенттік орталыққа өтініш береді.
Патенттік құжаттарда әртүрлі елдердің ресми органдары жаңалықтар мен өнертабыстар туралы мәліметтер жариялайды. Патенттік қорларда ақпараттарды іздеу үшін өнертапқыштықты жіктеу жүйесін білу қажет. Халықаралық жіктеу жүйесі 1954 ж. жасалды.
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу үшін орынды дайындау маңызды. Оқу, оқығанды есте сақтау, белгілеу, конспектілеу, реферат жазу, ғылыми шолу жазу әдістері маңызды.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Ғылыми ақпарат көздері
2. Патенттік ақпараттар дегеніміз не?
№ 8 дәріс.
Дәрістің тақырыбы: Теориялық зерттеулер
Дәріс жоспары:
1. Теориялық зерттеудің бағыты және әдістері.
2. Теориялық әдістерді зерттеуде қолдану.
3. Математикалық, аналитикалық және ықтимал-статистикалық әдістер.
Теориялық зерттеулердің мақсаты - зерттеу объектісімен қоршаған ортаның арасындағы байланысты көрсету және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін талдау мен түсіндіру, жалпы заңдылықтарды тауып, оларды қалыптау.
Теориялық зерттеулердің бағыттары - зерттеу әдістерінің нәтижелерін қорытындылау, оларды өңдеу арқылы жалпы заңдарды табу, зерттеу нәтижелерін ұқсас объектілер үшін қолдану, тәжірибелік зерттеулердің сенімділігін арттыру.
Теориялық зерттеу диссертацияны жазудың міндетті бөлігі болып табылады. Аталған маңызды бөлімдегі зерттеу көлемі мен тереңдігі сәйкесінше ғылыми мамандықпен анықталады, сонымен қатар ізденушінің мүмкіндігі мен оның қабілетіне байланысты. Теоретикалық зерттеу аксиомаларға, заңдарға, принциптерге, теоремаларға жәнеде логикалық құрылымға негізделеді. Олардың мәне жаңа бір зерттеу нәтижесін алмас бұрын сол тақырыптағы өткен білімдерге талдау жасай келе логикалық үйлесімді жаңа нәтиже алу.
Теоретикалық зерттеудің басты мақсаты келесі тапырмаларды шешу болып табылады:
oo зерттелетін заттың физикалық табиғатын, құбылысты және процесстерді оқу;
oo жалпы және жеке сипаттамасына негіздей принциптік моделін орнату;
oo зерттелетін заттың мүмкін болатын эквивалентті моделін салыстыру;
oo функционерлеген заттың мүмкін болатын эквивалентін салыстыру;
oo зерттелетін заттың внвлиз, синтез және оптимизация параметрін шешу.
Теоретикалық зерттеуде жалпы қабылданған, барлығына ортақ әдістермен қатар, арнайы әдістер де қолданады. Жалпыға қабылданған әдістер келесілер:
oo салыстыру - берілген заттың біртекті қасиетін басқалармен сәйкестендіру (сапалық және сандық);
oo талдау - жалпы затты ойша немесе физикалық тұрғыдан жеке оны құрап тұрған элементтерге бөлу;
oo синтез - жеке құрап тұрған элементтерді ойша немесе физикалық тұрғыдан қосу;
oo жалпылау - бірнеше топтағы обьектілерге олардың сыны мен қасиетін орналастыру;
oo индукция - жеке жағдайдан жалпы қортынды жасау;
oo дедукция - жалпы жағдайдан жеке сипатты қортынды жасау;
oo ой эксперименті - материалдық іске асуы мүмкін емес үлгілердің комбинациясы;
oo идеализация - затты, оның шын іске асу шартын есепке алмай ойша іске астыру.
oo формализация - операция арқылы заттың құрылымы мен өтетін процесстердің заңдылығын анықтауға көмектесетін жалпыланған белгілі моделдерді құру.
oo моделдеу - зерттелетін заттың орнын ауыстыратын моделді құру және меңгеру жәнеде соңынан алынған ақпаратты түпнұсқаға көшіру.
Бүгінгі таңда осындай тапсырмаларды орындауға қолданылып жүрген идентификациялық әдіс келесі сатылардан кезектен өтеді:
oo зерттеудің затын мазмұнды суреттеу, жүйе ретінде;
oo жалпыланған априорлық ақпарат;
oo мақсатты талдау және жасау және зерттеу тапсырмаларын анықтау;
oo жүйенің декомпозициясы;
oo зерттелетін заттың схемасын жасау;
oo математикалық моделді жасау;
oo математикалық моделді моделдеуші алгоритмге түрлендіру.
Тәжірибеде кезігетін есептерді математикалық тәсілдермен шешу үшін мақсатты математикалық жолмен өрнектеу, яғни оның математикалық үлгісін жасау қажет. Есепті математикалық өрнектеу сандар, геометриялық өрнектер, функциялар, теңдеулер жүйесі түрінде болады. Математикалық үлгілеудің бірінші сатысында есептің бағытын анықтау, зерттеудің мақсаты мен объектісін және критерийлерін белгілеу жасалады.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Физикалық модель дегеніміз не?
2. Жүйені зерттеу процедурасы қандай сатылардан тұрады?
№ 9 дәріс.
Дәрістің тақырыбы: Ғылыми-техникалық тұрғыда моделдеу.
Дәріс жоспары:
1. Моделдеудің түрлері.
2. Физикалық түрде моделдеу.
Моделдеу - зерттеудің творчествасының ғылыми - техникалық негізі.
Моделдеу заттың жанама опирациясының практикалық және теоретикалық әдісі ретінде анықтауға болады. Сонымен қатар заттың өзі зерттелмейді, тек сол зерттелетін затпен белгілі - бір сәйкестікте болатын аралық көмекші зерттеледі.
Моделдеуде физикалық табиғаты әр - түрлі, біртекті физикалық табиғат пен құбылыстың сапалық және сандық қасиетін анықтайтын көмек маңызды. Табиғатта материалдық бірлігінің нәтижесінде жалпы келтірілген мен қарапайым форма кеңейтілген практикалық жалпылау жасауға мүмкіндік береді.
Осылайша моделдеуде кейбір сәйкестік болуы керек. Ол сәйкестік моделден зерттелетін үлгіге ауысуды орындайды. Мұндай сәйкестік масштаб деп аталады. Моделдеу жалпы философиялық және жалпығылыми проблемаларды шешуге бағытталған (бірінші ас - пект) жәнеде нақты ғылыми - техникалық тапсырмаларды (екінші аспект) шешуге бағытталған. Мұнда моделдеу зерттеу құралына айналады. Талдауды қабылдау мен шешу аппараты сонымен қатар әр - түрлі.
Үйлестік құбылысы модел мен түп нұсқаға қатысатын, құбылысты меңгергенде қатысатын шамалардың сәйкестігімен сипатталады (жеке жағдайда пропорционалдық).
Абсолюттік үйлестік, кеңістік пен уақытта күйлер мен құбылыстың толық бірігуін талап етеді.
Толық үйлестік - уақыт пен кеңістікте өтетін процесстердің үйлесімділігі. Мысалы, синхрондық генератор басқа генераторға қарағанда толық электромеханикалық үйлесімді.
Толық емес үйлесіміділік уақыт пен кеңістіктегі процесстерді оқумен байланысты. Синхрондық генераторда электромеханикалық процесстер уақытқа үйлесімді сияқты.
Физикалық табиғаттың моделі мен түп нұсқасы адекваттық жағынан:
oo физикалық - меңгерілетін құбылыстың бірдей физикалық табиғатында іске асады;
oo аналогты - салыстырмалы процесстердің параметрлерімен осы және басқа мағынасында сәйкестікті талап етеді.
Мысалы, физикалық табиғаты әр - түрлі құбылысты сипаттайтын теңдеудің бірдей формасы.
Ұқсастық теоремасы. Жоғарыда айтылған ұқсастықтар жалпы заңдылықтарға бағынады. Осы бағынатын заңдылықты ұқсастық теоремасы деп атау келісілген. Болжамнан барлығы үш теореманың екеуі алынған. Мұнда ұқсастығы алдын - ала белгілі құбылыс алынған. Олар параметрлер арасындағы ұқсастықты орнатады. Ал үшінші теорема болса, құбылыс ұқсас немесе үйлесімді болуы үшін шартты ғана орнатады.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Моделдеу дегеніміз не?
2 Моделдеу неден тұрады?
№ 10 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Эксперименттік зерттеу. Эксперименттік зерттеулер нәтижесін өңдеу.
1. Эксперименттің жіктелуі.
2. Эксперименттің түрлері
3. Эксперименттің бағыттары.
Ғылыми зерттеулердің негізгі бөлігі эксперимент болып табылады, оның негізін ғылыми түрде қойылған тәжірибе құрайды. Эксперименттің мақсаты зерттелетін объектілердің қасиеттерін анықтау, болжамдардың дұрыстығын тексеру, сол арқылы ғылыми зерттеудің тақырыбын тереңдету. Экспериментті бағыттау мен ұйымдастыру оның қажеттілігіне байланысты. Әртүрлі ғылым саласында өткізілетін эксперименттер химиялық, биологиялық, физикалық, т.б. деп аталады. Шарттарына байланысты олар табиғи және жасанды деп бөлінеді. Зертханалық эксперименттер типтік приборлар, қондырғылар және стендтер қолдану арқылы өткізіледі.
Әдетте Зертханалық экспериментте объектінің өзі емес оның үлгісі зерттеледі. Шынайы эксперимент табиғи ортада шынайы денемен өткізіледі. Олар өндірістік, далалық, полигондық және жартылай шынайы деп бөлінеді.Мұндай эксперименттің негізгі проблемасы - жағдайдың шынайы жағдайға мейлінше сай болуы. Педагогика, психология және социологияда ашық не жабық эксперименттер өткізіледі. Жабық эксперимент кезінде оның мақсаты қатысушыларға айтылмайды.
Қарапайым эксперимент құрылымы күрделі емес объектілерге өткізіледі. Күрделі экспериментте элементтері көп, құрылымы күрделі, күрделі функцияларды орындайтын объектілер мен құбылыстар зерттеледі.
Ақпараттық эксперимент ақпараттың белгілі объектілерге тигізетін әсерін анықтау үшін қолданылады.
Заттық эксперимент әртүрлі заттық факторлардың зерттеу объектісіне әсерін анықтайды. Мысалы, қоспалардың болаттың сапасына әсері. Үлгілік эксперимент зерттеу объектісінің үлгісімен жүргізіледі.
Модуль 3. Ғылыми зерттеу тәсілдері
№ 11 дәріс
Дәріс тақырыбы: Эксперименттік зерттеу.
Дәріс жоспары:
1. Эксперимент нәтижелерін статистикалық әдістермен өңдеу.
2. Эксперимент нәтижелерін графикалық әдістермен өңдеу.
3. Экспериментті жобалау теориясы.
Негізі ғылым болып табылатын ғылыми зерттеудің маңызды құрама бөлігі болып эксперимент (көбіне биологиялық, қоғамдық, педагогикалық және психологиялық ғылымдарда қолданады) табылады. Түрлендіруші эксперимент зерттелетін үлгінің функциясы мен структурасына белсенді өзгертеді. Зерттеуші үлгінің дамуына сәйкес жасырын тенденцияға сәйкес алдын - ала сәйкес болатын шарт қояды. Эксперимент процесі кезінде затқа әсер ету мен оның нәтижесі арасындағы байланыс орнатылады.
Теорияның математикалық теориясы зерттеу жүргізудің үйлесімді шартын анықтайды. Эксперименттің математикалық теориясы зерттеу жүргізудің үйлесімді шартын анықтайды жәнеде ол шарт зерттелетін заттың физикалық табиғатын толық анықтамағанда да анықталады. Ол үшін тәжірибені дайындағанда және өткізгенде математикалық әдіс қолданады. Аталған әдіс эксперименттің өтуінің жоғарғы эффективтілігін және зерттелетін факторлардың анықтамасының дәлдігін анықтайды. Сонымен қатар құбылыстың механизімін толық білмегенде экспериментті басқаруға мүмкіндік береді.
Эксперименттер алдын-ала келісілген алгоритммен аздаған сериямен өткізіледі. Әр сериядан кейін нәтижелерді өңдей жәнеде одан ары не істеу керек екендігі шешіледі.
Математикалық жоспарлау әдісін пайдаланғанда: қиын процесстерді шешумен байланысты әр - түрлі сұрақтарды шешу, эксперименттің жоғары сапамен өтуін қадағалау шешіледі.
Әрбір эксперимент алдында оның жоспары жасалады, оған эксперименттің мақсаты, есептері, өзгеретін факторлар, оның көлемін негіздеу, тәжірибелердің саны, факторларды өзгерту тәртібі, зерттеу құралдары, т.б. кіреді. Эксперименттің математикалық теориясын қолдану жоспарлау кезінде оның көлемін оңтайландыруды болдырады, оның дәлдігін арттырады. Өлшеу құралдарын дәл таңдап алу да өте маңызды, ол үшін өлшеу аппараттарын жете білу қажет. Кейбір жағдайларда сирек кездесетін приборларды жасау қажет.
Эксперименттік зерттеулер кезінде өлшеулер жүргізу өте маңызды болып саналады. МЕСТ бойынша өлшеу дегеніміз физикалық шамаларды тәжірибе кезінде арнаулы техникалық құралдар арқылы табу. Өлшеудің теориясы мен практикасын метрология анықтайды. Өлшеу тәсілдері тура немесе жанама, абсолютті, салыстырмалы деп бөлінеді.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Ғылыми зерттеудің маңызды құрамы дегеніміз не?
2 Эксперименттің математикалық теориясы нені анықтайды?
№ 12 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Эксперименттік зерттеу нәтижелерін өңдеу.
Дәріс жоспары:
Эксперименттерді жүргізу үшін жұмыс орыны және жұмыс аумағы қажет. Зертхана (лаборатория) - арнаулы жабдықталған бөлме, онда эксперименттік зерттеулер жүргізіледі. Олар тұрақты, қозғалмалы және жүргізілетін деп бөлінеді. Барлық зерттелген, анықталған шамалар арнаулы журналдарға жазылады. Зертханалық журналдар мен дәптерлер өте маңызды құжаттар деп есептеледі. Олар белгілі тәртіппен сақталып, жеңіл тексеруге дайын болу керек. Эксперимент кезінде әртүрлі көрсеткіштерді өлшеу дәл болмайды, өйткені приборлардың өздерінің қателіктері бар. Олар жүйелі және кездейсоқ деп бөлінеді. Жүйелі қателер қайталанған эксперименттер кезінде тұрақты болып қалады. Кездейсоқ қателер қайта өлшеу кезінде кенеттен пайда болады.
Кездейсоқ олқылықты талдау кездейсоқ қателіктерге негізделген. Ол дегеніміз белгілі бір кепілдікпен нақты мәнін алуға жәнеде мүмкін болатын қателікті бағалауға мүмкіндік береді.
Кездейсоқ қателік теориясының негізіне бірден шамалардың көп санының кездейсоқ қателігі, сол шаманың теріс таңбамен алғандағы кездейсоқ қателігі тең екенін көрсетеді. Көп қателік аз қателіктен қарағанда аз (шаманың артуымен қателіктің пайда болу ықтималдылығы азаяды); өлшенетін шамалардың шексіз көп санының өлшенуінде нақты мәні барлық өлшеу нәтижесінің орташаарифметикалық санына тең. Кездейсоқ оқиға ретінде осы және басқа нәтижелердің пайда болуы таралу заңымен суреттеледі.
Өлшеудің басты және терілмелі қосындысы ажыратылады. Басты қосындығы барлық х пен, оның мүмкін болатын қателігі ∆х жатады.терілмелі қосынды үшін өзгеру саны n шектеулі, жәнеде әр нақты кезде нақты анықталады. Егер n30 болса, онда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz