Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ойлау

Қабылдаған: Әшен Б
Тобы: 1504_11
Орындаған:Бердиярова.С

Ойлау

Психология тарихының бас кезінде, әсіресе ол XIX ғысырдың аяғында, Еуропада пайда болған кезде ойлауға деген қызығушылық басым болды. Бақылау ғылыми әдіс болғандықтан ертедегі зерттеушілер (мысалыц, Кюлпе) сынаушыларға ойлануды және өз ойларын суреттеуді ұсыну арқылы дұрыс ойлауды зерттеген деп санады. Бұл инстроспективті ықпал көп нәтижелер берді, олар өз кезегінде тиімді ойлаудың кейбір факторларын анықтауға үлес қосты.
XX ғасыр бойынша арасында В. Вундт, Джеймс, Торндайк, Дьюи, Дж. Уотсон және Вертгеймер бар көптеген атақты психологтар өздері таңдап алған теориялық модель негізінде ойлау тақырыбына көңіл бөлді.
Соңғы жиырма жыл бойы психикалық зерттеудің заңды тақырыбы ретінде ойлау тағы да бір кезеңдік қайта жаңғыруды басынан өткізді (Bourne and Dominowsky, 1972; Erickson and Jones, 1978; Mayer, 1983). Бұл қайта жаңғыруды логикалық ойлау мен ой пікірлер бойынша жасалған экспериментке жатқызуға болады.
Біздің қоршаған дүние туралы білімдеріміз түйсік пен қабылдаудан басталады. Бірақ таным олармен ғана шектелмейді. Түйсіктер мен қабылдау арқылы алынған мәліметтер сезімдік шектен шығып, ойлау арқылы біздің таным шекарасын кеңейтеді. Себебі ойлауда қабылдауда берілмеген нәрсені ой қорытындылары арқылы жанама түрде ашуға мүмкінідік беретін қасиет болады. Ойлау негізінде адамның қоршаған дүние жөніндегі танымы тереңдей түседі.
Ойлау дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс - қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау - жаңа ой репрезентациясы қалыптасатын процесс; ол міндеттерді шешу және қиялдау, пайымдау, дерексіздену, пікір айту тәрізді ой атрибуттарының күрделі өзара әрекетінде қол жеткізілеген ақпараттарды қайта эасау жолымен жасалады. Ойлау - ақыл - ой процесінен үш құрамдас бөлігінен құралған айтарлықтай мазмұнды элемент және ерекшелігінен гөрі бәрін қамти алатындығымен сипатталады. Біз кітап оқығанда ақпараттар сенсорлық сақтау қорынан ес сақтау қорына жүйелі түрде беріледі. Содан кейін, бұл жаңа ақпарат қайта өзгереді, "қорытылады", нәтижесінде қайталанбайтын ерекше нәтиже алынады.
Егерде сіз, Германиямен соғыс кезінде II Николай патша Ресей азаматтарының негізгі мұқтаждықтарын елемеді деп оқысаңыз, онда ұзақ мерзімді естен Николайдың әйелі Александра тегі бойынша неміс болған деген мәлімет жайлы ақпаратты алып шығуы мүмкін, ал бұл екі жағдай бірігіп Ресей тарихына әсер етті деген ұйғарымға итермелейді. Әрине бұл мысал осы жерде көрсетілгеннен де гөрі күрделірек, себебі жоғарыда келтірілген қарапайым ойлардың дамыту үшін міндетті шешу және қиялдау, пайымдау, дерексіздену мен пікір айтуға сүйенуге тура келеді.
Түйсіктер мен қабылдау ақиқат дүние құбылыстарының жеке қасиеттерін, көбіре ретсіз кездейсоқ түрде бейнелендіреді. Ал ойлау адамға заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен олардың өзара қатынастарын салыстырып, ажыратуға, олардың сезімдік түрде берілмеген қасиеттерін, жаңа қатынастары мен қырларын ашады. Сөйтіп, ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді.
Сонымен, жекеден жалпыға және жалпыдан қайта жекеге көпсатылы ауысу ерекше психикалық процесс ойлау негізінде жүзеге асады.
Ойлау процесі елестермен де тығыз байланысты.
Ойлау проблемасын қарастырған А.А. Смирнов ойлау және интеллектуалдық процестердің ассоциативті ағымын ажырату қажеттілігін атап көрсеткен. Мұның себебі, ойлау іс-әрекетінде біз ассоциацияларды өте кең қолданамыз олар ойлау есептерін шығаруға елеулі септігін тигізеді. Мысалы, біз қазір тап болған жағдайға ұқсаса, оқиғаларды жиі, арнайы еске түсіреміз. Мұнда пайда болған ассоциациялар біздің ой мәселесін шешуімізде пайдаланылады. Олар бізді одан алыстатпай, оның жауабына, шешіміне жақындатады.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде, өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеуді бірдей деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрыл болып табылады.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым - қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық. Адамға мақсат қойып, оған жетуге ұмтылдыратын - оның қажеттіліктері.
Ойлау-өзіндік ішкі қарама - қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады, яғни ойлау осы қарама - қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбиді.
Ойлау "ішкі" процесс пе немесе ол мінез - құлықта көрінгендіктен бар болып санала ма, міне осы даулы мәселелер әлі күнге дейін жалғасып келеді. Шахмат ойнаушы өзінің келесі жүрісін орындамас бұрын ең алдымен бірнеше минут алдын ала ойланып алуы мүмкін. Ол өзінің әрекеттерін таразылап тұрған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойлау. Ойлау қабілеті туралы жалпы ұғым
Адамның рухани дүниесі
Ойлау туралы жалпы ұғымдар
Ойлау: тәсілдері, формалары
Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары
Ойлау туралы жалпы ұғым
Әрбір жас кезіндегі балалардың ойлау мен сөйлеудің теориялық талдамасы
Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара айырмашылықтар
Ойлау және оның адам дүниетанымындағы маңызы
Ойлаудың адам өміріндегі маңызы
Пәндер