Инфляцияның әлеуметтің экономикалық зардаптары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Инфляция туралы жалпы түсінік

1.1 Инфляция түсінігі және экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2 Инфляция түрлері және оларға сипаттма ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Инфляция мен жұмыссыздық қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ІІ Қазақстан Республикасының инфляциялық мәселелерін талдау
2.1 Қазақстан республикасындағы инфляциялың қалыптасуы және оның даму қарқыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Қазақстан республикасының инфляциялық зардаптарын талдау..21
2.3 Қазақстан Республикасының инфляция зардаптарын шешу мәселелерін дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ІІІ. Инфляцияның шешу мәселелерін жетілдіру жолдары
3.1 Инфляцияға қарсы саясаттың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

Қосымшалар

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Экономикалық теория кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары

Орындаған: Далиева Ж.Б.

Ф-21К тобы
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы, Досмағанбетов Н. С.

Астана,2011

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Инфляция туралы жалпы түсінік

1.1 Инфляция түсінігі және экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.2 Инфляция түрлері және оларға сипаттма ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Инфляция мен жұмыссыздық
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ІІ Қазақстан Республикасының инфляциялық мәселелерін талдау
2.1 Қазақстан республикасындағы инфляциялың қалыптасуы және оның
даму қарқыны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..14
2.2 Қазақстан республикасының инфляциялық зардаптарын талдау..21
2.3 Қазақстан Республикасының инфляция зардаптарын шешу
мәселелерін дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ІІІ. Инфляцияның шешу мәселелерін жетілдіру жолдары
3.1 Инфляцияға қарсы саясаттың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..31

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Қосымшалар

Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
"Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді бағдарламасына және он жылдық стратегиялық
жоспарға сәйкес Қазақстан ілгері дамып келеді, көзделген шаралардың барлығы
дерлік рет - ретімен жүзеге асырылып жатыр. Қай салада болмасын нарықтық
қатынастардың алғышарттары қалыптасып, оның даму жолы айқындалуда.
Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуімен қатар елде экономиканың күйреуі,
шаруашылықтың кері дамуы, кедейшілік, жұмыссыздық және инфляцияның орын
алғаны белгілі. Осындай қиын жылдары халқымызға жігер беріп, болашаққа
дұрыс бағыт – бағдарды нұсқап, жөн сілтеген, шығатын биіктерін, асатын
асуларын көрсеткен Елбасымыздың "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді жолдауы еді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 ж
жолдауында Инфляцияға байланысты төртінші тарауында “Инфляцияға қарсы
күресті күшейту қажет. Инфляцияның жаһандық экономикалық үрдістер тарпынан
болатын қысымының күшейе түсуінен де ұлғайып отырғанын ескеріп,Үкімет
тарапынан ойластырылған іс – шаралар қабылдануы қажет’’ деп төртінші
тарауында көрсетті.1, 13б.
Экономиканы дамытудың көптеген өзекті мәселелерін шешуге
бағытталған тағы да бір құжат бұл – 2003 ж. 17 маусымда Елбасының №1096
жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған
индустриалды – инновациялық дамуының стратегиясы". Бұл стратегияның мақсаты
– шикізаттық бағыттан кетуге жағдай тудыратын экономика салаларын
диверсификациялау жолымен елдің орнықты дамуына жету, ұзақ мерзімді тұрғыда
сервистік - технологиялық экономикаға көшу үшін жағдай дайындау.
Стратегияда алға қойылған басты міндеттердің бірі – еңбек өнімділігін жыл
сайын 3 есе арттыру, ал бұл өз кезегінде инфляцияның 2-4%-ға дейін
төмендеуіне алып келеді. 2
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы әкімшіл - әміршілдік
экономикадан нарықтық экономикаға өту барысында алғашқы қадамдарының
әлеуметтік - экономикалық салдарлары ауыр болғаны белгілі. Әсіресе инфляция
ел экономикасын қиын жағдайға соқтырды. Инфляция ақша жүйесінің дағдарыстық
жағдайымен сипатталады. Инфляция кезінде тауарлар мен қызметтер бағалары
өседі де, ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Бүгінде
инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының
құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы
қолайсыз ахуалымен байланысты. Өсіп келе жатқан инфляция – бұл үкіметтің
экономикаға бақылауын жоғалтуының белгісі. Сондықтан ҚР Ұлттық банкі мен
Үкіметі инфляциямен күрес шараларын жүзеге асырады. Инфляциямен күресу және
инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың
қажетті элементі болып табылады. Сондықтан зерттеу жұмысының өзектілігі
Қазақстан Республикасының өтпелі экономика кезеңіндегі инфляциялық
жағдаймен және онымен күресу мақсатында инфляцияға қарсы тиімді саясатты
құрумен байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық
процестерді, жағдайды, жалпы инфляцияны талдау және оның мәнін ашып, оның
себептері мен салдарын экономикалық тұрғыда қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Инфляция туралы жалпы түсінікті ашу;
- Қазақстан Республикасындаңы инфляциялық мәселелерді талдау;
- Инфляцияғны шешу мәселелерін жетілдіру жолдары.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні. Қазақстан Республикасының
экономикасының жағдайын талдау, атап айтсақ, инфляциялық мәнін ашып,оған
қарсы қолданылатын шараларды көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының
бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы, шаралар топтамасы, инфляциялық
процестердің көрсеткіштері алынған.
Жұмыстың ақпараттық негізі. Курстық жұмысты жазу барысында ҚР
заңдары, шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер,
статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпарат,
нормативті докладтар қолданылды.

І. Инфляция туралы жалпы түсінік

1.1 Инфляцияның түсінігі және оның экономикалық мәні

Экономикалық құбылыс ретінде әлем экономикасында инфляция ұзақ уақыт
бойы тарихи негізді қалыптасып дамуда. Жоғарыда айтылып кеткендей, оның
пайда болуын негізінен, ақшаның пайда болуымен, қызметімен байланыстырады.
Инфляция термині латын сөзі – inflatio – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік
Америкады 1861-1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы
қағаз долларының (гринбектердің) тым көбейіп кету процесін білдірген. ХІХ
ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық
әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін
кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы
жылдары жазыла бастады. 3, 6 б.
Инфляцияның мәні мен мағынасы медальдің екі жағы сияқты, ақша
мен инфляция өзара тығыз байланысқан ұғымдар. Инфляция кредиттік ақшаның
сырқаты деп айтуға болады.Ерте заманда инфляция өте сирек кездесетін
құбылыс болған ( тосын жағдайларда, мысалға, соғыс кезінде немесе жоғарыда
айтылғандай құндылығы төмен ақша айналымға түскен жағдайда ), яғни бағалар
ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтаған.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының
қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қығаз ақша массасымен
лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауар мен
қызметтер көрсетугебағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының
төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына
және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы
бұзылады.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі
факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық
факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаркашылық
сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдік дамуы, өндірістің
монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси
сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша
эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңейуі, ақша айналысы жылдамдығының
артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады. Сөйтіп, көпфакторлы процесс
ретінде инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын
қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі. 4, 496 б.
Инфляцияның көріну нысаны – ақшаның құнсыздануы мен өнімге,
тауарларға және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып
алуға жарамдылығының тиісінше төмендеуі.
Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар
ауқымының оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде.

Қорыта келе, инфляция ол күрделі экономикалық құбылыс. Қазіргі
таңда ол көптеген мемлекеттердің үкіметі мен басты орталық банкілерінің
экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу
қарқынын бәсеңдетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік
және саяси шиеленістер туғызады.Сонымен инфляция күрделі құбылыс
болғандықтан, оның мәнін түсіну маңызды рөл атқарады.

1.2. Инфляцияның негізгі түрлері және оларға сипатама

Экономикалық әдебиеттерде инфляцияның мынадай түрлері анықталады:
экономиканы мемлекетік реттеудің “тереңдігіне”, инфляцияға қарсы саясаттың
құралдарына байланысты, инфляция айқын немесе басылған бүркемелі түрде
жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің айқын немесе ашық формада болып
отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта бағамының төмендеуі арқылы көрінеді.
Басылған инфляция бүркеме, жасырын формада жүреді және ол өнім сапасының
төмендеуі, ассортимент құрылымының өзгеруі, экономикалық тапшылықтың өсуі
арқылы көрінеді.
1. Зерттеу объектісіне байланысты инфляция: ұлттық, аймақтық және
әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабына талдау объетісін
көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер
бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы
құрайды. 5, 308 б.
2. Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы
мүмкін, бұл – импортталатын және экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда
ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың
жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық
банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сана алады; банк
пассивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және несиелік
экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді. Экспортталатын инфляция тауарлар
мен көрсетілетін қызметтерге экспортық бағаның көтерілуінен туады, бұл
тұтынушы елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне
соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың – нарықтағы үстемдік
жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады.
Корпорациялардың валюталық опреациялары олар болған елдерде несие
капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп, шетелдік валютаның қосымша
ауқымы айналысқа түседі және орталық және коммерциялық банктердің қызметі
арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады. 6, 504 б.

Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш – тұтыну бағаларының индексі
тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қаржыны негізінде
анықталады. Тұтыну бағаларының индіексін есептеу үшін ағымдағы жылдағы
тұтыну қаржының бағасын базалық жылдағы қаржының бағасына бөліп, 100%-ға
көбейтеміз. Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін:
• баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;
• баға индексі 100%-дан жоғары, мысалға 140%-ға тең. Демек, ағымдағы
жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша
инфляциялық құнсызданады;
• баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, яғни ағымдағы жылдағы
баға базалыққа қарағанда 20%-ға төмендеген. Бұл дегеніміз дефляцияның
болғаны, яғни баға деңгейінің төмендеуін білдіреді. 7, 30б.
3. 4.Экономиканың бағаның өсу қарынына ұтымды бейімделуіне
байланысты, инфляция балансталған және баланстандырылмаған болып бөлінеді.
Біріншіде бағалар орташа және тұрақты өсіп отырады. Екіншіде тауарлардың
бағасы секіріп өседі және бұл бір мезгілде жүрмейді, ал экономика өзгермелі
жағдайға бейімделуге үлгере алмайды.
4. Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне
байланысты, инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көбейтін болып
бөлінеді.
5. ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада
сұраныстың өскен жағдайында ақиқат және жалған инфляция орын алады. 6,
309 б.
6. Бағаның болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу
дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты, болжауға
болатын және болжауға келмейтін инфляция болады. Болжауға болатын
инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны жоспарлайды. Болжауға
келмейтін инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ал ақша
айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Бағаның күрт өсуі қысқа
мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар нарыққа сатып
алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, оны көбірек сақтап
жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне, оны
төмендету мақсатында қысым жасалады.
7. Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға
байланысты “сұраныс” инфляциясы және “шығындар” инфляциясы болады:
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы
сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептері: мемлекеттік тапсырыстардың
ұлғаюы, толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарына
сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар
әркетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы және
т.б. Осының салдарынан айналымға тауар көлімінен артық ақша түсіп, бағалар
өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен,
өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауарлар ұсынысымен жауап бере алмай қалады.
Басқаша айтқанда, айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар
ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.
Шығындар инфляциясы. Бағалардың өсуін өндіріс шығындарының ұлғаюымен
түсіндіріледі. Шығындардың көбеюі: баға белгілеудің олигополиялық
тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және фискалдық саясатынан, шикізат
бағасының өсуінен, кәсіподақтың жалақыны көтеру талабынан және т.б. болады.
Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-
бірімен тығыз байланысты, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс
инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін.
ХХ ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдердің бәрінде
дерлік ұзақ уақыт бойы толық жұмыспен қамту, еркін нарық немесе бағаның
тұрақтылығы болғанын атап өту керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы
кезеңдерінде де, өндіріс өз қуаттарын толық бағалардың бір мезгілде өсуі
ХІХ – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы циклдық өзгерістердің алапат
құбылысы кезінде орын алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп аталады және ол
экономикалық дағдарыс пен стагнация жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі.
5, 5 б.
Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып,
уақытша конъюнктураны жандандырады. Процестің ұшығуы барысында инфляция
ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік
шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция, аттың текіректеп шауып, бой бермеген
кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп,
экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі
экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын
қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушылардың ақшадан тауарға ауысуын
күшейтіп, бұл процесті “таудан аққан тасқынға” айналдырып, тауарға тапшылық
тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін
бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады., банктер, несие
мекемелері зиян шегеді. Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық
табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып машиналды және нақты
жалақының өсу қарқынының қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен
кейін құлдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп
иелері, зейнеткерлер және жалпы бүкіл халық басынан өткізеді.
Инфляцияның мынадай әлеуметтік – экономикалық салдарларын көрсетуге
болады:
1. Инфляция ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі
топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса
солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.
2. Инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт
өзгеруі фирмалар мен үй шаруашуалықтарының жоспарлауын қиындата түседі.
Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер өседі. Осының
төлемі ретінде пайыз мөлшерлемесі пен пайда өседі. Инвестициялар қысқа
мерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде құрылыстың
үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе түседі.
Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл-ауқатын және жұмыспен қамтылуын
төмендетуі мүмкін.
3. Қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс
өседі.
4. Экономикалық “ашық” секторындағы бағаның өсуінің шамамен
жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қабілетін төмендетеді.
Бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді
және тауар өндірушілер ойсырайды.
5. Тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі.
Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі.
Осылар бағаның өсуін жылдамдатады.
6. Ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді,
нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы,
бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның
жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан
“қамуға”жол ашады. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу
қосымша шығындар жасауға мүжбүр болады.
7. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы өзгереді және де оның нақты
табыстары төмендейді. Мемлекеттің экспансионистік фискалдық және монетарлық
саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік
борыш өседі.
8. Жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет ететін
экономикадағы орташа инфляция халықтың нақты тобысын шамалы төмендетіп,
оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде
жылжымалы инфляция бір мезгілде экономикалық өсудің “төлемі” және оның
стимулы болып табылады.
9. Әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың
өндірісінің көлемі ұқсас емес бағытта жылжиды.
10. Стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен
жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өсіруге мүмкіндік
береді десек дұрыс болмас. Бірақ, инфляциямен, бір жақтан, өндіріс көлемі
және жұмыссыздықтың, екінші жақтан, арасында тікелей өзара байланыс
болмайды. 6, 312 б.

1.3. Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы

Ағылшын экономисі А. Филлипс ХХғ. 50-ші жылдары жұмыссыздықтың нормасы
мен жалақының өсімі арасында тәуелділік бар екеніне назар аударды. Оның
қорынтыдысы бойынша, жұмыссыздықтың кейбір дәрежесінде жалақының дәрежесі
тұрақты және оның өсімі нөлге тең болған. Жұмыссыздық осы табиғи дәрежеден
төмен болса, онда жалақының өсімі шапшаңдайды және керісінше. Соңынан
жалақы мен бағаның өсуінінің өзара қатал байланысы бар тезис пайдаланып,
осы заңдылық жұмыссыздық және бағаның өсу қарқынының (инфляцияның) өзара
байланысы болып қайта өзгертілді.

Филлипстің қисық сызығының тыс бейнесі 1 – суретте көрсетілген .

1-сурет.
Филлипс қисық сызығы.

W,P

U

Мұңда, W – номиналдық жалақының өсу қарқыны;
P – инфляция дәрежесі;
U – жұмыссыздық дәрежесі, %.
5, 315 б.

Филлипстің қисық сызығы жұмыссыздық пен инфляцияның арасында тұрақты
және болжауға болатын керісінше байланыс бар екенін көрсетеді. Осыны
кейнсшілердің, инфляция тек жұмыссыздықтың шамалы ғана дәрежесінде жоғары
болуы мүмкін және керісінше деген тезисі де дәлелдейді. Экономикада
практика жүзінде бағаларды өзгермейтін жұмыспен қамту дәрежесі болады. ХХғ.
50-60-шы жылдардағы дамыған елдердің статистикалық көрсеткіштерін
зерттеудің қорытындысы Филлипс қисық сызығын толық растады. Сол жылдары
көптеген елдердің экономикасында жұмыспен қамту толық жүзеге асырылды.
Өндірісті әрі қарай өндіруге және жұмыссыздықты қысқартуға бағытталған
шаралардың орындалуы бағаның өсуін шапшаңдатты және керісінше – инфляцияның
қарғыны төмендеген сайын жұмыссыздық өсе түсті. 7, 9 б.
Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы керісінше байланыс әр түрлі
дәлелденіп отыр. Жартылай бұл жағдай еңбек нарығының бейімділігімен
дәлелденеді. Еңбек нарығы жұмыспен қамтудың құрылымы, классификациялары,
орналасқан орны және т.б. бойынша сегменттелген сипаты бар, көптеген
индивидуалданған нарық болып табылады. Осы жағдай мынаған әкеледі: еңбек
нарығының кейбір сегментінде экономика бірте-бірте жұмыспен толық қамтуға
жылжып отырғанда, жұмыссыздық практика жүзінде сақталады, сонымен қатар
еңбек нарығының басқа сегменттерінде қанағаттандырылмаған сұраныс
сақталады. Бұларда шығындардың көбеюіне және бағаның өсуіне әкелетін
жалақының өсуі жалғаса түседі. Осы процестің макроэкономикалық нәтижесі –
инфляцияның қарқынының өсуі.
Филлипс қисық сығының басқа дәлелі бойынша, өндірушілер мен
еңбекшілерге экономиканың өсу кезеңдерінде баға мен жалақының өсуін талап
ету жеңіл түседі. Жоғары дәрежедегі жұмыссыздық жалданып жұмыс істеушілерді
төмен жалақыға келісуге мәжбүр етеді, бұл инфляцияның “жалақы – баға”
спиралін бұзады. Бұдан басқа, экономикалық жаман конъюнктура өндірушілердің
бағаны көтеруге бағытталған әрекетіне кедергі келтіреді. Керісінше
жағдайда, толық қамтуға таянған сайын өндірістің қосымша факторларына
сұраныс өсе түседі. Осының нәтижесінде жалақы өседі және бұның өсуі еңбек
өнімділігінің өсуімен артық болады. “Жалақы – баға” инфляциялық спиралі
жандана түседі. Осыдан басқа, экономикалық өрлеу кезінде монополияларға
олардың өнімдеріне бағаны көтеру жеңілге түседі. Осы процестердің
нәтижесінде инфляцияның қарқыны шапшаңдайды.
Филлипс қисық сызығын жиынтық сұраныс пен ұсыныстың қисық
сызықтарының талдауы айқын дәлелдейді. Экономикада жиынтық сұраныстың өсуі
ондағы диспропорцияларды шиеленістерді және жаңа диспропорциялар тудырады,
психологиялық тұрғыдан ресурстардың шектелуін арттыра түседі. Мұның
нәтижесінде сұраныстың өсімі көбейген сайын және экономика толық жұмыспен
қамту дәрежесіне жеткен сайын бағаның өсуі күшейе түседі. Филлипс қисық
сызығына көзқарастың екі бағыты бар деуге болады. Бірінші бағытта
Филлипстің қисық сызығы экономикалық заң деп қаралады. Бұл күшті инфляция
мен жоғары жұмыссыздық бір мерзімде болмайды деген тұжырымды сипаттайды.
Мемлекеттік реттеудің құралдарының әр түрлі қолданудың көмегімен қисық
сызықтың әр қилы нүетелеріне сай келетін инфляция мен жұмыссыздықтың
ұштасуының қандайына болмасын жетуге болады. Сөйтіп, қисық сызықтың бойымен
жоғары және төмен жылжуға болады. Нүктенің қандайын таңдап алу керектігі
болып тұрған экономикалық жағдаймен және үкіметтің әлеуметтік-саяси
бағдарларымен белгіленеді. Филлипстің қисық сызығы туралы екінші бағыт
инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстарының тұрақтылығын және
үзілмейтідігін жоққа шығарады. Экономикада орынды қарқыны берілген инфляция
жағдайында жұмыспен қамтудың ең жоғары деңгейіне жетуге болады.
ХХ ғ. 70-80-ші жылдардағы инфляция мен жұмыссыздықтың динамикасын
талаудың бұлардың арасындағы байланыстың өте тұрақты еместігін айқындады.
Экономикалық дағдарыстар кездерінде баға және жұмыссыздық бірдей қосарласып
өсті. Осындай экономикалық жағдай стагфляция, яғни инфляциямен бір мезгілде
келген экономикалық тоқырау, деп немесе сламфляция, яғни инфляциямен
кенеттен келген экономикалық құлдыраудың ұштасуы, деп аталады. Осы
кезеңдегі инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстары туралы деректер
екі қорытынды жасауға мүмкіндік береді: Филлипстің қисық сызығы оңға қарай
жоғары жылжиды да, енді инфляция дәрежесінің әрқайсысына жұмыссызқтың өскен
дәрежесі сәйкес келеді немесе осы құбылыстардың арасында байланыс болмайды.
Стагфляцияның пайда болуын Кейнстік мектептің экономистері бірінен соң бірі
келіп отырған ұсыныстың болмай қалуымен, үзілуімен дәлелдейді. Бағалар мен
жұмысты балудың өзара байланыстарының бұдан бұрынғы талдауды, өзгермейтін
тұрақты ұсыныс жағдайында, жиынтық сұраныстың дәрежесі өзгеріп
тұратындығына негізделген болатын. Жиынтық ұсыныстың төмендеуі инфляция мен
жұмыссыздық дәрежесінің бірдей бір мезгілде өсуіне әкелетін. Нәтижесінде
стагфляция пайда болады және Филлипстің қисық сызығы жылжиды.
Неоклассикалық мектептің өкілдері стагфляцияны басқаша, адаптивтік және
рационалдық күтімдер теорияларын дәлелдейді. Осы екі концепция экономикада
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі болады деп есептейді. Осыған жетіп ол
тұрақтылыққа ие болады. Осыдан қандай болмасын ауытқу пайда болса, ол
инфляция немесе дефляция әкеледі. Адаптивтік күтімдер теориясы бойынша,
шаруашылық субъектері күтіліп отырған инфляция туралы пікірлерін, бұдан
бұрын болған оның алдындағы кезеңде орын алған қателіктегі түзетілген,
бағаның өсу қарқынына сүйене отырып қалыптастырады. Осы күтімдердің
тұрақтылығы жетімді деуге болады.
Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасының себебін былай түсіндіруге
болады: өндірістер тоқтайды, сол себептен баға өседі, баға өсуімен
байланысты ақша құнсызданады да, жұмыссыздар саны көбейеді. Нарықтық
жағдайда міндетті түрде жұмыссыздық туады. Инфляцияның қарқыны мен
жұмыссыздық дәрежесінің өзар тәуелділігін мына теңдеу арқылы көрсетуге
болады:
P-Pe-b (U+U*) + AS

Мұнда, Р – инфляцияның қарқыны;
Ре – инфляцияның күтілетін қарқыны;
U – нақты жұмыссыздықтың дәрежесі;
U* - табиғи жұмыссыздықтың дәрежесі;
b – 0- ден 2,5 дейінгі шамадағы коэффицент, Оукен заңы
бойынша;
AS – ұсыныстың күрт өзгерістері.
5, 316б.
Қорыта келгенде, жұмыссыздық пен инфляция арасында тікелей байланыс
бар: жұмыссыздық бар болғанда және кәсіпорындар бар күш - қуатын салып
жұмыс істемегенде, бағалардың өсуі жүреді, ал бұл
өз кезегінде инфляцияға алып келеді. Толық жұмыспен қамтылуға жеткенде,
жұмыссыздық жойылады, ал кәсіпорындар бар күш – қуатын жұмысқа салса, онда
инфляция тумайды.

ІІ Қазақстан Республикасындағы инфляциялық мәселелерді талдау

2.1 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қалыптасуы және оның даму
қарқыны

Қазақстан Республикасы үшін инфляцияның классикалық көзі – мемлекеттік
бюджет тапшылығы тән. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып
табылады, себебі ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты
мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның
егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде
20,4%, 1992ж – 8,6%, құрады.1992 ж қаңтарда бағаларды ырықтандырғаннан
кейін өндірістің құлдырауы экономиканың нағыз қасіретті мәселесіне
айналды.Бұл процесс жұмыссыздықтың көбеюімен, көптеген өндірістердің
банкротқа ұшырап, таратылуымен және өндіріс көлемінің күрт төмендеп
қысқаруымен сипатталды.4, 506 б.
1993 – 1996 жылдарда Қазақстан өндірісідегі өнеркәсіп өнімдерінің
серпіні (1990 ж - 100 % ).

1 - кесте
Көрсеткіштер 1990 1993 1994 1995 1996
Көмір өндіру, мың т 100 85 79 63 58
Темір өндіру, мың т 100 55 44 6 5
Қорғасын өндіру, мың т 100 87 47 28 23
Болат өндіру, мың т 100 67 43 44 47
Тамақ өнеркәсібі:
Қант өндіру мың т 100 51 30 30 37
Ет өндіру мың т 100 68 46 30 19
Өсімдік майын өндіру, 100 20 47 41 43
мың т
Мал майын өндіру, мың т 100 82 54 36 18
Сүт өндіру (кг) 100 51 37 19 17

Дерек көзі: Б.Н Жаналинов, Инфляция және Қазақстанда инфляцияға
қарсы саясат, Алматы Экономика 2007 ж,52 .б

Мұндай құлдырау барлық экономика саласында болды. Өндірістің құлдырауы
1995 жылдың соңына дейін жалғасып, барлық дағдарыс жылдарындағы ең төменгі
деңгейге жетті. Тек 1996 және 1997 жылдары экономиканың тұрақтануының
бірінші белгілері байқала бастады, оны ЖІӨ - нің 1996 ж – 0,5%, 1997 ж –
1,7% - ға өскенінен көруге болады.
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені
тудырған жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құнға
салынатын салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын
енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын
экономиканы жаңғырту қорына, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды
бірдей көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды шығыс жүргізу
мүмкіндігін туғызды. Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын
несиелер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; несие үшін
төлемақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізінен
бағаның да өсуіне соқтырады. 4, 506 б.
1999 – 2000 жж. бастап Қазақстан экономикасы тұрақты өсу
траекториясына шықты. ЖІӨ жылдық өсімі 2001 – 2004 жж. орта есеппен 10,5%
- ды құрады; инфляция 6,4 – 6,8% - дың шегінде болды. Жалпы ішкі өнім
өндіру көлемі жағынан Қазақстан 1990 ж деңгейіне, яғни дағдарыс
басталған жылдың өнім өндіру көлеміне жетті. 2001 – 2004 жж. жалпы ішкі
өнімнің көлемі - 42% - ға өсті. 3,104 б.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бастап 2003 жылға
дейінгі инфляциясы туралы мәліметтерді 2 – кестеде көрсетілген.

2-кесте.
Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар бағалары индексінің және өнеркәсіп
бағаларының динамикасы (%)

Тұтыну бағалары Өнеркәсіптегі бағалардың
индексі
1991ж. Желтоқсан 247,1 312,3
1992ж. Желтоқсан 3060,8 3916,9
1993ж. Желтоқсан 2265,0 1423,8
1994ж. Желтоқсан 1258,3 2023,8
1995ж. Желтоқсан 160,3 140,2
1996ж. Желтоқсан 128,7 118,5
1997ж. Желтоқсан 111,2 111,7
1998ж. Желтоқсан 101,9 94,5
1999ж. Желтоқсан 117,8 157,2
2000ж. Желтоқсан 109,8 119,4
2001ж. Желтоқсан 106,4 85,9
2002ж. Желтоқсан 106,6 111,9
2003ж. Желтоқсан 102,1 104,7

8, 33 б.
Осы кестеге сүйенсек, инфляцияның ең жоғарғы деңгейі еліміздің
нарықтық экономикаға өту кезеңінің басталуына сәйкес келеді. Сонымен, 1992
жылдың желтоқсан айынан бастап 1993 жылдың желтоқсан айына дейін баға
либерализациясының және инфляцияны шектеудің нәтижелі іс-әрекеттерінің
болмауына сәйкес инфляцияның көрсеткіші ең жоғары деңгейге жетті, яғни
сәйкесінше 3060,8% - 2265,0%. Посткеңестік кеңістікте жалғасып жатқан
дезинтеграциялау процестері Қазақстан Республикасында ұлттық валюта –
теңгені енгізуге мәжбүр етті. Теңгені айналысқа енгізе отырып және ұлттық
экономикаға автоматты түрде бүкіл бақылауды иелене отырып, Қазақстан
Республикасында инфляцияға қарсы саясаттың жаңа кезеңі басталды. Алайда
Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық валюта бірлігін енгізгенімен,
республикада инфляцияның өршуі проблемасы әрі қарай жалғаса берді және 1994
жылдың соңында инфляция 1258,3%-ды құрады. Бұл жағдай экономиканы
реструктуризациялауға жұмсалған шығындардың аз болуымен, жақсы банк
жүйесінің болмауымен түсіндірілді. Сонымен қатар бұл жағдай негізгі
капиталға салынатын инвестицияларға теріс әсер етті. Қазақстан
Республикасының Статистика Агенттігінің көрсеткіштері бойынша, бұл
инвестициялар 1992 жылдан бастап 1996 жылға дейін жыл сайын 50%-ына азайып
отырды, бұл әрине өндіріс көлемінің қысқаруына алып келді. Сөйтіп, 1992-
1995 жылдар аралығында ЖІӨ-нің төмендеуі байқалды, ол тек 1996 жылы
тоқтады. 1996 жылы Банк жүйесінің сенімділігі жөнінде халық арасында күдік
туды. Ірі банктердің бірі Крамдс Банк жабылды және тағы да екі ірі банк
Тұранбанк және Алембанк бірігуге мәжбүр болды. Халықтың банк секторына
сенімділігінің жоғалғаны олардың банктік депозиттерге, әсіресе шетел
валютасындағы депозиттерге, халық сұранысының азайғанынан көрініс тапты.
1996 жылы табыс айналымының жылдамдығы 5%-ға артты. Жеке секторға банктік
несиелер азайды. Банк секторындағы қиыншылытар экономиканы реттеудің
монетарлық шараларының мүмкіндіктерін шектеді. Қазақстанда 1996 жылдан
бастап жүргізілген қатаң қаржылық қадағалау инфляцияның біршама төмендеуіне
алып келді. Осы жылы алғаш рет ТБИ жылдың соңында 28,7%-ды құрады. Әрі
қарай монетарлық экспансияны шектеу саясаты 1997ж. соңында ТБИ – дің 11,2%-
ға төмендеуіне, ал 1998 жыл соңында инфляцияның ең төмен көрсеткішіне 1,9%-
ға жетуіне әсер етті. Негізгі капиталға салынған инвестицияның 1997ж. 11,6%-
ға, ал 1997ж. 41,9%-ға көбейгенін атап өткен жөн.
Әр түрлі факторлар әсерімен 2005 жылы инфляцияның мақсаттық бағыттары
өсті. 2005ж. маусым айынан бастап қарқынды өсу тенденциясында инфляция жыл
бойында 7,5%-ды құрады. Бұл соңғы бес жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш
болып табылады. Инфляцияның жоғары болуының себебі сату және ақылы қызмет
көрсету бағаларының өсуі және бюджеттің әлеуметтік шығындарының өсуін қайта
қарастырумен байланысты инфляциялық күтудің өсуі.
Бұны Қазақстан Республикасында инфляция факторларының арасында жалпы
сұраныстың өсуі мен оның жалпы ұсынысқа қарағанда артуын атап өтуге болады.
Тағы да бір факторы болып халық табысының өсуі қала береді. Сонымен қатар
ақшалай табыс ЖІӨ-нен артып отыр. Табыстың өсуі тұтыну көлеміне әсер етеді
және оның өсуіне әкеледі, бұл бағаға қысым көрсетеді. Табыстың өсуі
жалақының артуымен байланысты. Соңғы үш жыл ішінде оның өсуі 11-14% құрады,
бұл көрсеткіш экономикалық өсу мен еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан
жоғары болып отыр. Қазақстан инфляциясына әсер етуші тағы да бір фактор –
бұл инфляция импорты. 2005ж. ол валюта бағамының динамикасы, өндіріс және
бағаға тәуелді сыртқы экономикалық конъюнктураның әсер етуімен қалыптасты.
Инфляцияның қосымша көзі өндірістегі бағалар болды; 2005 жылы ақпаннан
қыркүйекке дейін олардың өсу қарқыны тұтыну нарығының бағаларының өсу
қарқынынан асып түсті. Бұл мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді;
экономикадағы сақтау үшін сыртқы және ішкі жағдайлардың әсерінен
қалыптасатын тұрақты инфляциялық процестер жеткілікті. 2004 жылдың
инфляциялық жағдайын былай сипаттаймыз: тұтынушылар бағаларының индексіне
кіретін көптеген бөлшектердің салыстырмалы тұрақтылығы және кейбір тауарлар
мен қызметтер бағаларының қарқынды өсуі байқалды.
Өнеркәсіптік өндірістің келесі кезеңдерінде қолданылатын өнімдер
бағалары 2002-2005 жылдарда екі есе қымбаттады, өндіріс құралдарының
бағалары - 18%-ға. Тұтыну тауарларына осы кездегі баалар 8%-ға өсті, яғни
олардың өсімі 2003ж. 1,3%-дан 2005ж. 6,3%-ға артты. Өндірушілер бағалары
экономикалық жағдайлардың өзгерісіне тез бейімделеді. Оларға тұтыну
тауарларының динамикасымен тығыз және формальді байланыс тән. 2003ж.
кәсіпорын - өндірушінің бағаларының өсуі 0,9%-ға инфляциядан қалысты,
2004ж. одан 17,1%-ға асты, ал 2005ж. 12,8-ға артты. Бұл көрсеткіштерді 6-
кестеден көруге болады. 9, 5 б.

6-кесте.
2001-2005 жж. өнеркәсіп өнімін өндіруші-кәсіпорындар бағаларының индексі.

Өнім 2001 2002 2003 2004 2005
Өнеркәсіп – барлығы 85,9 111,9 105,9 123,8 120,3
Өндіріс құралдары 102,7 98,7 102,3 104,7 112,0
Аралық тұтыну өнімдері 81,8 114,5 107,3 129,6 124,0
Тұтыну тауарлары 99,6 96,6 101,3 103,9 106,3

Дерек көзі: Кривко Н., Инфляционная ситуация в Республике Казахстан.
АльПари, №4(44)-2005ж.

Қазақстан Республикасының шикізат секторын экономикалық өсу, халық
табысының, инфляциялық процестердің өсуі және оның қызып кетуінің басты
көзіне жатқызамыз. Қазақстанда мұнай секторы сұраныс инфляциясын тудырады.
Бұны 4-суреттен байқауға болады.

4-сурет.

2001-2005 жж. мұнай-газ өндірісі мен инфляция деңгейі.

-------- мұнай-газ өндірісі, инфляция

Қазіргі уақытта мұнай-газ өнімдерініне бағалардың өсуі инфляцияның
дамуына әсер етіп отыр. 10, 41б.
Cонымен, үкімет пен Ұлттық Банктің жүргізіп отырған белсенді
шараларына қарамастан инфляция елдің әлеуметтік – экономикалық дамуының
өткір проблемасы болып қалып отыр. Өткен жылы 20% - ға жуықтаған инфляция
көрсеткіші бойынша Қазақстан осыдан оншақты жыл бұрынғы деңгейіне жеткен.
Еске түсіре кетсек, 1996 жылы ба 28,7% - ды, 1999 жылы 17,8% - ды құраған
болатын.2000 жылдан басталған уақыт аралығында баға саласындағы неғұрлым
жағымды кезең 2001 жыл еді. Ол кезде баға 6,4% - ға төмендеген еді.Ал,
2005 жылы инфляция 7,5% - ды, 2006 8,4% - ды көрсетті. 2007 жылы Қазақстан
Республикасы статистика Агенттігінің ресми мәліметтері бойынша инфляция
18,8% , болған. Бұл деңгей жылына орташа мәні 5 – 7% болуы тиіс деп
болжанылған көрсеткіштен едәуір жоғары болд. Премьер Министр Кәрім
Мәсімовтың жеке сұхбатында соңғы 11 айдың көрсеткішінде инфляция 25% құрады
деп айтты. Ағымдағы жылдағы инфляция көлемін 7-8% деңгейінде ұстап тұру
басты міндет болып отыр.
2007-2008 жылдардағы инфляцияның орташа жылдық деңгейі,
өткен жылдың тиісті кезеңіне %-бен

Қазақстан Республикасында инфляцияның қалыптасуының негізгі себептері
бюджет тапшылығы және тұтыну тауарларының индексі. 1 – ші диаграммада
байқағанымыздай, 2001 – 2007 жылдар аралығындағы бағаның жоғары қарқынмен
өсуі, негізінен, азық – түлік тауарлары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздықпен күрес
Ғылым туралы пікірталастар: сциентизм және антисциентизм
Инфляция туралы
Макроэкономикалық тұрақсыздандыру және инфляция
Инфляцияға қарсы күрес
Инфляция және инфляцияға қарсы саясат. Инфляцияның себептері
Инфляцияның экономикалық мәні және пайда болу себептері
Инфляция және инфляцияға қарсы саясат
Инфляция жайлы ақпарат
Инфляция түсінігі
Пәндер