Малдың жеке мүшелері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Түрлі бағыттағы ірі қара малдардың дене бітімін, сыртқы пішінін анықтау әдістері.
Орындаған: Тағаева М.
Тобы: Ап 20-8к3
Қабылдаған: Искакова А.
Шымкент 2021ж.
Жоспар:
Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1. Малдың сыртқы пішіні және оны бағалау әдістері
2. Ірі қара малдардың тірі салмағының көрсеткіштері
3. Малдың жеке мүшелері
II. Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі саласы болып табылатын мал шаруашылығы еліміздің халық шаруашылығында маңызды орын алады, халықты бағалы азық-түлік өнімдерімен (ет, сүт, май, жұмыртқа, т. б. ), ал өнеркәсіптік шикізатпен (жүн, тері, мүйіз, елтірі, қылшық, түбіт, мамық), күш-көлікпен (жылқы, түйе, есек, ит, т. б. ), маңызды органикалық тыңайтқышпен (көң, құс саңғырығы т. б. ) қамтамасыз етеді.
Мал тұқымын асылдандыру жұмысында, әсіресе сұрыптау және жұп таңдауда малдың дене бітіміне үлкен мән беріледі. Себебі, малдың дене бітімі мен өнім бағыты, қажырлығы, белгілі жер жағдайына бейімділігі, ауа райының, бағып-күтудің жағымсыз жағдайларына бейімділігі және денсаулығы арасында тығыз байланыс бар
Малдың экстерьері - малдың сыртқы дене құрылысы. Ол малдың биологиялық ерекшеліктеріне және шаруашылықтағы өнімділік бағытына байланысты.
Малдың экстерьерін зерттеу арқылы оның денсаулығы жөнінде және қандай тұқымға жататындығын білеміз. Асыл тұқымды мал өсіру жұмысымен айналысқан уақытта малдың өнімділігін зерттеумен қатар, сыртқы дене құрылысын да зерттейді, әсіресе сұрыптау және жұптау мезгілдерінде малдың экстерьерін ерекше ескереді. Малдың экстерьері оның тұқымына, жынысына, жасына және күтіп-бағуына байланысты. Малдарды экстерьері бойынша іріктегенде оның өнімділік бағытына, сүйегінің мықтылығына, дене етінің жетілуіне және дене құрылысының әрбір мүшесіне баға береді. Дене мүшелерінің кемістігін дұрыс анықтау қажет. Себебі, дене мүшесінің кемістігі оның денсаулығының нашар екендігін көрсетеді. Ал денсаулығы нашар мал өнімді аз беретіні белгілі.
Ірі қараның дұрыс дене бітімінің белгілеріне мыналар жатады:
- дене бітімінің жалпы үйлесімділігі ;
- кеудесінің кеңдігі мен тереңдігі;
- буын байланыстары айқын байқалатын, аяқтары дұрыс орналасқан, сүйектерінің мықты жақсы дамуы;
- тұрқының жақсы дамуы;
- денесін біркелкі жүн басуы, мүйізі сынғақ есес, жылтыр;
- жыныстық белгілерінің жақсы байқалуы;
- жануар денсаулығының жақсы екендігінің жалпы көрінісі.
1. Малдың сырт пішіні және оны бағалау әдістері
Жануардың сыртқы пішіні дегеніміз - малдың түр-тұлғасы, яғни дене бітімінің сыртқы көрінісі, экстерьері. «Экстерьер» атауын зоотехнияға алғаш рет 1768 жылы француз ғалымы К. Буржель енгізген. Оның пікірі бойынша, бастың көлемі мен пішіні арқылы жануардың дене бітімінің пропорционалдығы туралы қорытынды жасауға болады.
Экстерьеріне қарай жануарлардың дене бітімінің типін, тұқымын, жеке ерекшеліктерін және өнімділік бағытын анықтайды, өнеркәсіптік технологияға жарамдылығы туралы пікір айтуға болады. Мысалы, желіннің пішіні, оның шамасы, емшектерінің орналасуы - сиырлардың машинамен саууға жарамдылығын анықтайтын қте маңызды көрсеткіштер. Емшектерінің арасы кең, жеткілікті дәрежеде дамыған желін ең қажетті дұрыс белгілерге жатады. Емшектері кішкентай, алмұрт пішінді немесе ешкі желін сиырлар машинамен саууға жарамсыз.
Мал тұқымын асылдандыру жұмысында, әсіресе сұрыптауда, малдың сыртқы пішініне, яғни түр-тұлғасына үлкен мән беріледі. Себебі, малдың түр-тұлғасы оның жалпы дене бітімінің және белгілі бір өнім беруге бейімділігінің сыртқы көрінісі іспеттес. Сондықтанда малдың қай түрінің болмасын тұқымдық және өнімдік құндылығын анықтағанда сыртқы пішініне берген баға міндетті түрде есепке алынады.
Екінші жағынан малдың дене бітіміне баға беру де оның сыртқы пішінін жан-жақты тексеруден басталады.
Сонымен, малдың сыртқы пішініне қарап баға беру қажетті де жауапты зоотехниялық шаралардың бірі және мұны жетік меңгеру үшін маман оны іс жүзінде көп жүргізіп, машықтану керек.
Сұрыптау тәжірибесінде малдың сыртқы пішінін бағалау үшін төмендегі әдістер қолданылады: көз мөлшермен бағалау, балл жүйесі (сандық) бойынша бағалау және бой өлшемдері арқылы бағалау. Ерекше жануарларды, әдетте, суретке түсіру әдісімен де бағалайды.
Көз мөлшермен бағалау. Сыртқы дене мүшелерінің малдың жасына, жынысына және өнімділік бағытына байланысты қалыпты жағдайы мен ауытқу дәрежелерін, кемістіктерін анықтап сипаттаудың маңызы үлкен. Жануардың экстерьерін көз мөлшермен бағалау үшін оның тұқымын, дене мүшелерінің топографиясын, физиологиялық күйін жақсы білу керек. Алдымен жануардың жалпы дене бітіміне сипаттама беріп, оның үйлесімділігін, өнімділік бағытын атап көрсетеді. Одан соң дененің жеке мүшелерін бағалайды. Жануардың экстерьерін сипаттайтын ең маңызды дене мүшелері мыналар: басы, мойны, шоқтығы, кеудесі, арқасы, белі, сауыры, аяқтары, желін және сыртқы жыныс мүшелері. Сондай-ақ терінің, бұлшық еттердің, сүйектің дамуын да бағалайды. Дене мүшелерін сипаттауды, әдетте, жануардың басынан бастайды да, аяқтарымен аяқтайды. Дене бітіміндегі кемістіктерге аса назар аударады.
Балл жүйесі арқылы бағалау . Малдың сыртқы пішінін балл беру арқылы бағалау әдісінің мақсаты - малдың сыртқы пішініне көзбен берген жалпы бағанығ дәлдігін арттыру. Экстерьерді балл жүйесі бойынша бағалаған уақытта әуелі жекелеген немесе бір топ дене мүшелеріне нақтылы балл санымен баға беріледі де, кейін нәтижелерді қосу арқылы қорытынды баға шығарады. Селекция тәжірибесінде мал түлігінің түріне, тұқымына, жынысына, жасына байланысты әр түрлі балл жүйесі қолданылады. Мысалы, 5 балдық, 10 балдық, 100 балдық жүйелер қолданылады. Сондықтан әуелі нақтылы бағаланатын малға лайықты қабылданған балл жүйесімен танысып алу керек. Осы тұрғыдан кестеде берілген сүтті және сүтті-етті бағыттағы сиыр тұқымдары экстерьерін бағалайтын балл жүйесімен танысайық.
Мысалы сүтті бағыттағы сиыр экстерьерін балл жүйесімен бағалағанда дене мүшелері 3 топқа бөлінген де, барлық 10 балдың 5еуі желіннің еншісіне тиген. Бұл арада желін мен сүт өнімінің арасындағы байланыс ескеріліп отыр.
Мал экстерьерін балл жүйесімен бағалау, әдетте, мына төмендегі тәртіппен жүргізіледі. Әуелі малды алдынан, бүйірінен 1, 5-2 метр жерден қарау арқылы оның дене мүшелерінің үйлесімділігін, жалпы түр-тұлғасының жетілу дәрежесін анықтайды. Бұдан кейін әр дене мүшелерін, қажет болса қолмен ұстап бағалайды. Қорытынды баға берген уақытта мал өнімділігіне, тіршілікке бейімділігіне тікелей әсер ететін экстерьер кемшіліктеріне үлкен мән беріледі.
Малдың бойын өлшеу. А. Ә. Төреханов және Қ. Н. Бегімбековтың мәліметтеріне жүгінсек, малдың бойын өлшеу оның экстерьері туралы нақтылы, дәл деректер береді. Сондықтан малдың түр-тұлғасын дұрыс сипаттау үшін оның рөлі өте үлкен. Бірақ бұл әдіс көзбен бағалауға қосымша көмекші әдіс деп есептеледі. Себебі бой өлшемдері дене мүшелерінің сандық мөлшерін дұрыс көрсеткенімен, сапалық сипатын аша алмайды. Дегенмен, малдың бойы туралы өлшемдер мына төмендегі зоотехниялық маңызы бар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
1. Малдың жасына сәйкес өсіп-жетілуін, дене пішінінің өзгеруін талдауға болады;
2. Нақтылы бір малды немесе мал тобын түр-тұлғасы бойынша бір-бірімен немесе сол мал тұқымының стандартымен, әлде басқа мал тұқымымен салыстыруға болады; 3. Әр түрлі ұрпақ өкілдерін, яғни атасы мен баласын түр келбеті бойынша салыстыруға болады; 4. Малдың сыртқы пішінінің қалаған өнім бағытына сәйкестігін анықтайды; 5. Қажет болған уақытта бой өлшемдерін пайдаланып малдың тірілей салмағын анықтауға болады.
Әдетте, малдың бойын өлшеуге негізінен 3 құрал керек:
1. Өлшеуіш таяқ; 2. Өлшеуіш таспа(лента) ; 3. Өлшеуіш циркуль. Арнайы мақсатпен бұрыш өлшеуіш (гониометр) пайдаланылады. Алғашқы үш құрал сантиметрлік шамаларға бөлінген, әдетте өлшем көрсеткіші 0, 5см-ге дейін дәлдікпен есептелінеді.
Өлшеуіш таяқ - ағаштан немесе темірден жасалады. Ол арналған түліктің түрі, малдың жасына байланысты әртүрлі болады. Өлшеуіш таяқ негізгі тік діңгегінен және қосымша жылжымалы, көлденең бекітетін алмалы-салмалы таяқшалардан тұрады. Оларды бір-бірімен байланыстыру, жылжыту бой өлшемінің түрлеріне (биіктігі, ені, ұзындығы) байланысты әртүрлі болады.
Өлшеуіш таспа (лента) - ұзындығы 3-5метрлік, дәлдігі милиметр деңгейінде көрсетілген жіңішке таспа. Өлшеуіш таспа негізінен дене мүшелерінің орамын анықтауға арналған.
Өлшеуіш циркуль - темірден жасалады. Бір-бірімен жылжымалы қосылған, ұшы жұмыр, жарты шеңберлі екі аяқшадан және бір аяқшасы бойымен жылжитын жұқа, доға тәрізді иілген металл табақшадан тұрады. Доға тәрізді металл табақшасында аяқшалар ұшының ара қашықтығы милиметр дәлдігінде көрсетілген сантиметрлік бөліктерге бөлінген. Онда қашықтықты қай жақтан бастап есептеу керектігі көрсетілген. Бұл циркульмен шағын дене мүшелерінің ені мен ұзындығын өлшеу ыңғайлы.
Малдың бойын өлшеу мына тәртіппен жүргізіледі. Әуелі өлшеуіш құралдардың дұрыс-бұрыстығы тексеріліп, мал өлшейтін орын дайындалады. Ол орынның едені тегіс, мал еркін тұратындай біршама кең болуы шарт. Мал бойын таңертең аш қарында немесе азықтандырғаннан соң 3 сағаттан кейін өлшеген дұрыс. Малды өлшегенде ол керіліп созылмай табиғи қалыпта еркін тұруы тиіс. Бұл өлшеушіден көп шыдамдылықты қажет етеді.
Мал бойының өлшемдері өте көп, барлығы 70-ке жуық. Дегенмен, әр мал үшін дене өлшемдерінің қалыптасқан саны бар.
Өлшеуіш таяқпен:
- Бойының (шоқтығының) биіктігі - шоқтықтың ең жоғары нүктесінен жерге дейін;
- Арқасының биіктігі - соңғы көкірек омыртқасының арқа өсіндісінің үстінен жерге дейін;
- Беліні биіктігі - соңғы бел омыртқасының үстінен сербекке жанай жерге дейін;
- Құйымшағының биіктігі - құйымшақтың ең биігінен жерге дейін;
- Кеудесінің тереңдігі - шоқтығының ең биігінен жауырын сыртын жанай төс сүйегінің ең төменгі нүктесіне дейінгі қашықтық;
- Кеудесінің енділігі - жауырын сырты тұсындағы кеуденің енділіг;
- Тұрқының қиғаш ұзындығы - жауырын мен тоқпан (қол) жіліктің қосылысы буынының алдыңғы бұдырынан жамбастың шонданай сүйегінің артқы бұдырына дейін.
Өлшеуіш циркульмен:
- Басының ұзындығы - мүйіз аралығы ортасындағы нұктеден мұрын айнасына дейін;
- Маңдайының ені - көз сүйегі доғаларының ең алшақ нүктелерінің арақашықтығы;
- Сербекаралық енділігі - мықын сүйектерінің ең алшақ нүктелерінің арақашықтығы;
Өлшеуіш таспамен:
- Кеуде орамы - жауырын сыртынан орап өлшейді;
- Жіліншік орамы - сирақтың ең жіңішке жерінен орап өлшейді;
- Бөксесінің жартылай орамы - сол жақ тізе буынының бұдырынан оң жақ тізе буынының сыртқы бұдырына дейін құйрық астынан орап өлшегендегі қашықтық (Грегорий өлшемі) .
Суретке түсіру. Экстерьер бағалаудың бір әдісі. Жануарды оның денесін бойлай өтетін сызыққа перпендикуляр бағытта бүйірінен түсіреді. Мұны арнайы алаңда күннің ашық мезгілінде көрнекі жерде жасайды. Фотоаппаратты жануардан 6-7м қашықтыққа, жануар денесінің орта деңгейінде орналастырады. Оның үстіне жануардың бүкіл төрт аяғы, ал сиырдың бұған қоса желіні де көрініп тұруы тиіс.
Әсіресе, бағалы тұқымдардың ата-тегін суретке түсіріп алудың маңызы зор. Асыл тұқымды олардың әйгілі ата-тектерінің дене бітімімен салыстыра келе, көп нәрсені түсінуге және олардың артықшылықтары мен кемістіктерін бағалауға болады.
2. Ірі қара малдың тірі салмағының көрсеткіштері
Малдың тірі салмағы ет пен сүт өнімділігін бағалаудың маңызды көрсеткіші болып табылады. Ет түріндегі жануарлардың максималды массасы мен сүт түріндегі жануарлардың салыстырмалы түрде оңтайлы мөлшерін салыстырмалы түрде ұзақ сақтау арқылы салыстыруға болады. Биологиялық өсу қорларын тиімді пайдалану үшін жануарлар массасының жас ерекшелігіне байланысты өзгерістері мен өмір сүру жағдайларындағы нақты өзгерістерге генотиптің әсер ету жылдамдығын білу керек.
Жануарлардың тірі салмағын өлшеу арқылы анықтау дене салмағының көлемі бойынша пропорционалды екеніне негізделген. Арнайы өлшеу лентасы немесе таяқ - жануардың тірі салмағын анықтау әдісіне байланысты өлшеу үшін қажетті құралдар.
Ірі қара малдың салмағын анықтағанда, дененің қиғаштық ұзындығын өлшеңіз (гумердің шеткі алдыңғы нүктесінен исчиальді түйіршіктердің артынан шығуына дейін) және иық пышақтарының артындағы кеуде қуысы. Алынған өлшеу мәндерінің негізінде, арнайы кестеге сәйкес, сиырлардың тірі салмағы табылды (малдың салмағын өлшеу бойынша кестені қараңыз) .
Тірі салмақ жануарлардың барлық топтарында бағаланады: жас жануарлар, сиырлар және бұқа өндірушілер.
Малдың салмағы тұқымдық қасиеттерге негізделген айтарлықтай өзгереді. Сиырдың белгілі бір тұқымның стандартты құнына негізделген орташа салмағы қанша екенін анықтау.
Үш негізгі топ бар:
Ет тұқымдарының жануарлары қарқынды салмақ пен үлкен салмақпен ерекшеленеді. Сүтті ірі қара малдың тірі салмағы баяу өседі, бірақ өте тұрақты.
Жаңа туылған бұзаудың салмағы ананың салмағы 7-9% құрайды, бұл 35-45 кг-ға дейін, сүт тұқымдарының бұзылуы аз, салмағы 20 кг-нан басталады. Жаңа туылған сәбилердің орташа тәуліктік өсімі 700 г (сүт-ет үшін) және 600 г (сүт тұқымдастар үшін) құрайды.
Ай сайынғы бұзаулар бордақылау қарқындылығына байланысты 60 кг-ға дейін салмақ ала алады. Бір жастан асқан бұқалар массасы 250-400 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Сиырлар 500-600 кг-ға жетеді, ал бұқа бұқаларының тірі салмағы 700-1100 кг құрайды. Әлемдегі ең үлкен бұқа салмағы 1900 кг-нан асты. Әлемдегі ең ірі жабайы бұқалар Вьетнам мен Қытайда тұрады. Олардың орташа саны 1500 кг-нан асады. Үй малдары емес ең аз өкілдері - мускус бұқалары. Еркек мускус бұқаларының салмағы 250-ден 670 кг-ға дейін.
3. Малдың жеке мүшелері
Басы . Мал басының құрылысына және бітіміне қарай мал сүйегіне баға беруге болады. Жалпы бастың көлеміне, ұзындыгы мен еніне және басының пропорциялық құрылысына қарай мал тұратын және шаруашылық үшін маңызын анықтаймыз. Сүтті бағыттағы сиырлардың басы үлкен емес, жеңіл, ықшамды, ұзынырақ, ал ені кішкентай болады. Етті бағыттағы сиырлардың басы ауырлау, ені кең, үзындығы қысқа-лау. Маңдайы өте енді. Мүйізі жуан, басы ауыр, дөңкиген, конституциясы сөлекет типке жатады. Басы ұзын, мойын терісі қыртысты, сүйектері арбиған, конституциясы нәзік типті сүтті тұқымға жататын сиырлар.
Мойыны. Малдың жынысына байланысты, әрі тұқым бағытына қарай олардың мойындары да ерекше болып келеді. Сүтті тұқымға жататын сиырлардың жіңішке, терісі қыртысты, ал етті тұқымға жататын сиырлардың мойыны қысңқа, енді, мойын еті өте жақсы жетілген, әрі жуан. Бұқалардың мойыны қысқа, жуан, әрі мойыны басына тұтас жалғасып жатыр, сүтті сиырлардың кеуде ойымы нашар жетілген, ал етті сиырлардың шоқтығы жақсы жетілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz