Ұйымның бәсекелестік стратегиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ұйымның бәсекелестік стратегиясы
Орындаған:
6B04102 Менеджмент: Есенгелді Мөлдір
Тексерген:
Балапанова Эльмира Салимовна
Алматы 2021
Ұйымның бәсекелестік стратегиясы
Өте тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталған жағдайында әр түрлі бизнес аясында тауар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін ұзақ мерзімді келешектерде кәсіпорындардың әрі қарай гүлденіп, өркен жаюының кепілдігін қамтамасыз ететін бәсекелестік стратегиясын қалыптастыру және оны тиімді іске асыру ең өзекті мәселеге айналып отыр.
Әдебиеттерде көп қарастыратын, тәжірбиеде өзін-өзі ақтай білген бизнес стратегияларының кең тараған түрін базистік немесе эталондық стратегиялар деп атайды. Олар мынандай элементердің біреуіне немесе бірнешеуінің жай - күйінің өзгеруіне байланысты болады: өнім, нарық, сала, ұйымның сала ішіндегі жағдай және технология. Бұл бес элемментердің әрқайсысы ағымдағы немесе жаңа жағдайда болады.
Эталондық стратегиялар ұйымның төрт түрлі тәсілдерімен өсіп келе жатқандағын білдіреді.
- Эталондық стратегияның бірінші тобын шоғырландырылған өсу стратегиялары құрайды. Бұл стратегияларды сала ерекшелігін, қызмет аясы мен өндірлетін өнімді өзгертпей-ақ жалпы көрсеткіштерді арттыру үшін қолданылады. Осы топтың нақты стратегиялары мынадай:
- нарықтағы позициясын күшейту. Мұнда кәсіпорын берілген нарықты белгілі бір өніммен жаулап алу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды;
- нарықты дамыту стратегиясы. Мұнда өндірілген өнімге жаңа нарық іздестіріледі;
- өнімді дамыту стратегиясы. Мұнда берілген нарыққа жаңа өнімді енгізу және оны өткізу көзделінеді.
- Бизнесті дамытудың эталондық стратегиясының екінші тобын әртараптандырылған өсу стратегиялар кәсіпорын берілген нарықта бұрынғы өнімімен ары қарай дами алмайтындай жағдай туғанда қолданылады.
Мұндай стратегиялардың негізгі түрлері мынадай:
- өндірісте жаңа өнім түрін өндіруге жаңа мүмкіндіктерді пайдалану негізінде орталықтандырылған әр-тараптандыру (диверсификация) . Бұл жерде жұмыс істеп тұрған өндіріс бизнестің ортасында қалып қояды да, жаңа өндіріс игеріледі нарықтағы мүмкіндіктерге орай немесе компания іс-әрекетіндегі басқадай күшті жақтарда пайда болады;
- көлденен әртараптандыру, нарықта жаңа техналогия мен өндірілген, қолданыстағы тауарға ұқсамайтын ерекше тауар көмегімен өсу мүмкіндігін қарастырады. Мұнда компания ең алдымен дара өнім өндіруге құзіретілігіне бағалау жүргізгені жөн;
- конгломеративті әртараптандыру стратегиясының мәні компанияның қолданыстағы тауарға техналогия жағынан байланысы жоқ жаңа өнім өндіруінде жатыр. Бұл жүзеге асыру жағынан ең қиын стратегия болып есептелінеді, себебі ол ойдағыдай жүзеге асырылуы көптеген факторларға, атап айтқанда, персоналдың құзіреттілігінен бастап, менеджердің өзіне тән ерекшелігі, нарық өмірінің маусымдылығы және қажетті нақты мүмкіндіктерге ие болса, көп шығынға ұшырайды немесе дағдарысқа ұшырайды.
Эталондық стратегияның үшінші тобы жаңа құрылымдарды қосу есебінен кәсіпорынды кеңейтуге байланысты біріктірілген өсу деп аталатын стратегияларды өз қатарына алады. Бұл топқа мыналарды жатқызуға болады.
- сатылап біріктіретін кері стратегиясы, жабдықтаушылардың үстенен қатаң қадағалау және жабдықтаушының еншілес компания құруы есебінен өсуге бағытталған. Стратегияның бұл түрін қолдау кәсіпорынның жабдықтаушылардың бағасы мен жабдықтар бағасының өзгеруіне тәуелді болмайтын жағдайын жасайды;
- алға ұмтылатын сатылас біріктіру стратегиясының мәні - компания мен түпкі тұтынушы арасындағы құрылым, яғни сату және бөлу жүйесінің үстінен қатаң бақылау жүргізуге немесе жаңа құрылымдар құру есебінен кәсіпорындарды кеңейтуден тұрады.
Эталондық стратегияның төртінші түрі қысқарту стратегиясы деп аталады. Кейбір жағдайларда бизнесті жаңартудың бұл стратегиясы ең соңғы мүмкіндік болуы мүмкін, өйткені жаңару және жаппай тездету көбіне кәсіпкерлікті дамыту жолындағы бір-біріне қайшы процестер. Бизнесті мақсатты қысқарту стратегиясының төрт түрін бөліп көрсетуге болады.
- кәсіпорын бизнесін ары қарай жүргізе алмайтын жағдайда қолданылатын жою стратегиясы. Кәсіпорын өзінің қызмет ету аясына ұзақ мерзімді өзгеріс енгізу үшін бизнесінің немесе бөлімшелерінің бірін сату немесе жабу арқылы қысқарту стратегиясы. Әдетте кәсіпорын мұндай стратегияны өндірістің өсуі басқалармен сәйкес келмегенде немесе кәсіпорын мақсатына орай қолданады;
- өндірістік шығындардың көлемін азайту бойынша іс-шаралар жүргізуге бағытталған стратегия. Бұл стратегияны жүзеге асыру шығындарды азайту, өнімділікті арттыру, персоналды қысқарту және тіпті жұмыстан шығару, пайдалы тауардың өндірісін тоқтатумен байланысты. Іс жүзінде ұйым бірнеше стратегияларды бірге қолдануы (әсіресе көп салалы компаниялар) және оларды белгілі бір жүйе бойынша жүзеге асыру мүмкін. Бұл жағдайларда құрамдастырылған стратегия ұғымын қолданамыз. Кәсіпорынның ерекше стратегияларын іске асыратын бірнеше амалдардың өз тәртіптері бар. Олардың ішінен мыналарды атап өтуге болады;
- стратегиялық жоспарлау жалпы бағадарлау мен белгілі шектеулермен сипатталады. Оның негізгі параметірлері қатаң сақталу керек, өйткені олардын көмегімен ықтимал өзгерістерді бағалауға болады.
- жоспарлауда сценарийлерді қолдану. Оптимистік тұрғыдан келешектегі оқиғаларды ең оңтайлы, ал пессемистік тұрғыдан ең қолайсыз даму барысын анықтау. Мұндай әдістеме барлық ықтимал нәтижелерді қамтуды талап етеді. Әдетте жоспарлау шеңберінің базасы ретінде аталған екі нұсқаның бірігуін ғана әзірлейді. Мұнда алдын-ала ескерту жүйесін әзірлеу өте манызды. Бірақ, бұл түзету енгізу процесі нақты жағдай мен шығындарды талдауды қажет етеді.
Кәсіпорын стратегиясы мен саясаты өзара байланысты болады. Бір жағынан, стратегия кәсіпорын саясатынын норма мен принциптеріне бағынышты болса, екінші жағынан, америкалық экономистердің зертеулерінде көрсеткендей, сол принциптер мен нормалар стратегиядан келіп шықты. Бұл жерде кәсіпорынның стратегия жүзінде анықталған саясаты туралы айтып өткен жөн. Стратегия компанияны тиімді басқаруға әсер ететін көптеген бәсекеге қабілетті амалдар мен жалпы тәсілдерге бөлінеді.
Стратегияны таңдау - бүкіл ұйым бойынша жинақталған өндірістік шешімдер мен бәсекеге қабілетті амалдарды бір арнаға келтіру. Амалдар мен тәсілдердің мұндай бірлігін кәсіпорынның ағымдағы стратегиясы білдіреді. Жақсы ойластырған стратегия кәсіпорынды келешекке дайындап, оның ұзақ мерзімді даму бағытын белгілейді және оның нақты іскерлік позицияға орналасу ниетін анықтайды.
Кәсіпорынның міндетін (миссиясын) анықтаған басқарушы кәсіпорынның атқарар қызмет аясын және тұтынушыларға ұсынатын қызмет түрін айқындайды. Басқарушы кәсіпорын қызмет аясын тандауды стратегиялық тұрғыдан орындау керек және ол кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасымен үйлесіп, қатар жүруі керек.
Нарықта мақсаттарды анықтау кәсіпорынға миссиясын жалпы тұжырымдаудан істің бөлек жоспарына көшуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның алға қойылған мақсаттарын оның қызметі мен прогресінің бағытын білдіруге қатысады және мақсаттар қысқа немесе ұзақ мерзімді мақсаттары келешекте кәсіпорын жағдайын жақсарту үшін не істеу керектігі туралы ойлануды талап етеді.
Ұйым стратегиясы - ойланып істелген мақсатты іс-әрекеттерден және күтілмеген оқиғалар мен күшейе түскен бәсекелестік күреске жауап қайтару. Кез келген кәсіпорында қай деңгейде болсын, келешекке тәуелді болады. Менеджерлер кәсіпорын жағдайы мен нарық ерекшелігі туралы анық және нақты мәліметке ие болғанда ғана дұрыс стратегияны таңдауға мүмкіншідік туады.
Кәсіпорын стратегиясы - ойланып істелген мақсаты іс-әрекеттерден және күтілмеген оқиғалармен күшейе түскен бәсекелестік күреске жауап қайтару. Кез-келген кәсіпорында қай деңгейде болсын, келешекке тәуелділік болады. Менеджерлер барлық стратегиялық әрекеттерді, жаңа техналогиялардың пайда болуы, мемлекетік регламинтация, сатып алушылардың ынтасы артуы және тағы басқа. Осы сияқты өзгерістерді алдын ала болжап, біле алмауына байланысты стратегияны іске асыру барысында оған өзгертулер мен түзетулер енгізіп отырады. Осыдан келіп, ұйымның стратегиясы алдын - ала жоспарланған әрекеттер мен күтілмеген оқиғаларға байланысты енгізілген түзетулерден тұрады деп айта аламыз. Ағымдағы стратегия кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, әзірленеді.
Бәсекелестік стратегия аумағы және оның негізгі түрлері
Бәсекелік күрестің төрт негізгі стратегиясы бар, олардың әрқайсысы экономикалық ортаның әртүрлі шарттарына және кәсіпорын қарамағындағы әртүрлі шарттарына және олардың барлығы да экономиканың дұрыс қызмет етуіне бағытталады.
Виолентті стратегия ірі, стандартты тауарлар мен қызмет өндірісінде кездеседі. Виолент фирмалардың өзге түрлерінің үш маңызды атаулары келесідей сипатқа ие болады: тәкаппар арыстан, құдіретті піл және ебедейсіз бегемот.
Оларды қоланып отырған фирмалардың фундаментальдық көзі бұндай өндіріс әдетте аз шығындарымен тиімділігі артуына қорытындыланады.
Сонымен қоса виоленттер көп қарқынды ғылыми зерттеулер жасау артықшылықтарын қолданады. Виоленттер стратегиясы қарапайым: өзінің алып күшіне сене отырып, фирма кеңбайтақ нарықта билік етуге тырысады және бәсекелестерді асырады.
Патиентті стратегия тар мамандыққа үйрету жолына түскен фирмаларға тән. Ол белгілі бір тұтынушылар ортасына ерекше, әдеттен өзгеше өнім өндіруді қарастырады.
Түлкі компаниялар нарыққа әртүрлілік әкеледі. Алыптармен айқастан құтылуға тырыса отырып, олар экономиканы жансыз стандарттан сақтай отырып, белсенді түрде арнайы сұраныс іздейді. сол үшін олар алғашқы жаман емес позицияны қолданады:іріктелген жұмыс күші, жақсы жабдықтар, ұсақсериялы өндіріс тәжірибесі, кейде өте сирек өніммен.
Коммутантты стратегия жай бизнесте жергілікті қарқында қолданылатын ұсақ маманандырылған кәсіпорын күші оның көлем бойынша үлкен еместігін қанағаттандыруға бейімделген.
Стратегияны қалыптастыру тек жоғары басшылықтың ғана міндеті емес. Ірі кәсіпорындарда стратегияны қалыптастыру жөнінде шешім қабылдауға жоғарғы буын басшылары мен қатар коммерциялық және өндірістік бөлімшелердің, кәсіпорын бөлімшелері ішіндегі атқарушы (өндіріс, маркетинг және өткізу, қаржы, кадрлар және тағы басқалар) басшылары, өнімнің шығарылуына жауапты өндірістік кәсіпорын басшылары мен жетекшілері де қатысады. Ал, әр тараптандарылған кәсіпорын стратегиясы жеке ұйымда төрт деңгейде қалыптасады.
Бірінші деңгейде - корпаративтік стратегия әзірленсе,
Екінші деңгейде - компанияны әртараптандыруға себеп болған бизнес бірліктеріннің стратегиялары әзірленеді.
Үшінші деңгейде - бизнес ішіндегі әрбір атқару қызметтерінің стратегиясы (атқару стратегиясы) әзірленеді бұған өндірістік, маркетинг қаржылық және тағы басқа стратегия түрлерін жатқызуға болады.
Төртінші деңгейде - негізгі жұмыс бөлімшелеріне бағытталған оперативті стратегиялар әзірленеді.
Стратегиялық жоспарлау үдерісі басқару шешімдерін қабылдауға көмектесетін құрал болып табылады. Онын міндеті-ұйымға жаңартулар мен өзгерістерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау барысында басқарушылық қызметтің төрт түрін көрсетуге болады: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдастырылған стратегиялық болжау.
Ресурстарды бөлу - қор, басқарушылық қабілет пен техналогиялық тәжірбие сияқты шектеулі ұйымдық ресурстарды бөлуді құрайды.
Стратегиялық сипаттағы барлық әрекеттерді қамтитын сыртқы ортаға бейімделу кәсіпорынның сыртқы орта мен қатынасын жақсартады. Кәсіпорын сыртқы қолайлы мүмкіндіктерге де, қауіп-қатерлерге де икемделіп стратегияның қоршаған ортаға жақсы бейімделуін қамтамасыз етуі қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz