Иондаушы сәулелердің қан және қан түзу ағзаларына әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
І. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2.1.Жануарлардың иондаушы сәулелер әсеріне сезімталдығы.
2.2. Иондаушы сәулелердің ас қорыту ағзаларына әсері.
2.3. Иондаушы сәулелердің жүйке жүйесіне әсері.
2.4. Иондаушы сәулелердің қан және қан түзу ағзаларына әсері.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

I. Кіріспе.
Иондаушы сәулелер өндірістің көптеген салаларында, медицинада, биологияда кеңінен қолданады. Қоршаған ортаның адам организмiне терiс әсер ететін факторларының бiрi радиация болып табылады. Радиация адамның да жануарлардың да клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер етедi. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамының өзгеруi мумкiн. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға душар етуі мүмкін. Радиациялық зақымдануға душар болған малдар тек оның өнiмдерiн малдәрiгерлiк-санитарлық сараптаудан өткiзу үшін, радиациялық зақымдану кезiнде организмде қандай өзгерістер болатынын; ионизациялық сәулелердің түрін (Гамма- бета, альфа сәулелер мен нейтронды ағым: радиоактивті заттардың организмге өту жолдары: сәулену дозасын бiлу өте қажет. Горизонтовтың тұжырымы бойынша радиоактивті заттардың әсерінен организмде жүретін құбылыстарды 3 топқа бөледі: радиосегментiк, радиозақымдану және компнсаторлық (орнына келу) процесстері. Г.Г. Воккенiң тұжырымы бойынша, радиозақымдану дегенiмiз - органның не болмаса бүкіл организмнің қызметін бұзып, структуралық өзгерістер тудыратын радиацияның ең аз мөлшері (дозасы). Ауыл шаруашылығы малдарының радиозақымдану 150 р дан 400 Р ға (тауық,қоян) диапазонда болады. Бұдан радиосезгiштiк пен радиоактивтік зақымдануға мынандай факторлар әсер етедi: малдың жасы, салмағы және организмнің ерекшеліктері, сәулену санына, әсiресе сараптаудан өткiзу үшін сәуленудің түрі (сыртқы, ішкі,аралас). Сыртқы сәулену дегенiмiз организмге түсетін сәуленің көзi сырттан (басқа жақтан) ауадан келіп түседi. Бұлар ядролық жарылыстың радиациясы организмдi қоршаған топырақта, ауада, суда және мал терiсiнде болады. Бұндай сәулену кезiнде өте қауіпті деп гамма-сәулелер мен нейтрон есептелiнедi (бета- ыдырау альфа-сәулелер). Ішкі сәулелену Радиактивті заттардың ионизациялық сәулелері азық, су, ауа, тері арқылы организмге өту салдарынан iшкi сәулену болады. Бұл сәулену кезінде керісінше альфа- сәулелер өте улы деп есептелінедi, өйткенi салмағының ауырлығы мен энергиясын байланысты 1 см жолда 100-250 мың қос ионын түзедi, ал бета- сәулелер 50-100 кос ионын, ал гамма- квант барлығы 6 -10 кос ионын түзеді. Осыдан қорытынды шығарсақ, осылардың iшiнен өзiндiк өте жоғары ионизацияны альфа сәулелерде болғандықтан радиоулығы да өте жоғары деп есептелінеді. Ауыл шаруашылық малдарының радиозақымдануға шалдығу дозасы ( iшкi сәуленуде) 3-5 м кикг. Егер сыртқы болса, өнімнің сапасын анықтағанда тек органолептикалық, патологиялық, бактериологиялық, биохимиялық, гистологиялық, зерттеулер жүргізілсе, ал ішкі сәулену кезiнде ветеринариялық - санитариялық көрсеткіштерге қосымша радиометриялық зерттеулер жүргiзiлуi керек. Аурудың қысқаша барысы. Ионизацияның сәулелердiң адамдар мен жануарларда радиозақымдануға ұшыратып, өте күрделі патологиялық процесске - сәуле ауруына ұшыратады. Ионизцияның сәулелердің белсенділігі сәуле дозасына, сәуле дозасының сiңу күшіне, берілу энергиясына, сәуленің биологиялық тиiмдiлiгiне, сәулелердің органдарда таралуына, малдың физиологиялық жағдайына байланысты болады. Сәулелердің қорытынды биологиялық тиiмдiлiгiн зақымданған кейін 30 күн ішінде өлген малдың, процент мөлшеріне есептейдi. Оны ЛД 5030 ( 30 күн ішiнде зақымданған малдардың 50 процент) өлген, ЛД 10030. Радиациялық қауiпсiздiк мәселелерiн халықаралық деңгейде радиациядан сақталу туралы халықтық комиссия айналысады. 1950 жылы құрылған Радиациялық бірліктер туралы халықаралық комиссиямен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сонымен қатар атом энергиясы туралы халықаралық агенство да бар. Радиациядан сақтану туралы халықаралық комиссия ұсынысына сәйкес санитарлық ережелермен радиациялық қауiпсiздiк нормасы қабылданған. Мемелекеттік малдәрігерлік инспекция ocы нормаларға сәйкес өзінің нұсқауларын шығарады. Қазiргi кезде радиоактивті заттармен жұмыс істеу тәртібін радиациялық кауiпсiздiк нормалары (РКН) 76-87 негiзгi санитарлық ережелер НСЕ - 80-87 анықтайды. Сәулелену дозасының шегiне байланысты халықаралық III- категорияға бөлінеді. А категориясы радиоактивті заттармен, қондырғылармен жұмыс iстейтiн адамдар. Б категориясы бұл жұрт радиацияның көзiмен жұмыс істемейдi. Бiрақ белгiлi жағдайда сәулеленуi мүмкін. В категориясы Республика көлемiне жатады. Иондаушы сәулелермен жұмыс iстегенде қауiпсiздiк деңгейiн сақтау үшiн РКН шекті сәулелену доза деген ұғым негізделген. Ш.С.Д. деп әр жыл сайын бiркелкі доза ала отырып 50 жыл ішінде алынды. Доза қызметiнiң өзiне және оның тұқымына генетикалық, соматикалық өзгерістерге ұшыратпайтын дозаны айтады. Ал шекті доза деп халықаралық шектеулi бөлiгiнiң жылдык орта дозасын айтамыз. Радиосезiмдiлiктiң азаюына байланысты ағзалар III топқа бөлiнедi.
I- топ Жалпы дене, сүйек кызыл кемігі гонаттар. II - топ Ет, қалқанша безі, май ұлпасы, бауыр, бүйрек, көк бауыр, ішек - қарын көз хрусталигі. III-топ Тері, сүйек ұлпасы, білек, сирақ, табан жатады. Шекті сәулелену дозасы белгiленген. А - категориясы - 5, Б-категор -15, В-категориясы - 30. Радиация өлшем бiрлiктерi. Рентген және гамма сәулелерiнiң затқа әсерінің сандық мөлшерін есептеу үшiн экспозиционды доза ұғымы негізделген. Экспозиционды дозадан белгiлі коэфициенттердiң көмегiмен заттағы жұтылған дозаны анықтайды. Құрғақ ауадағы рентген немесе гамма сәулесiнiң әсерiнен пайда болатын бiр белгiдегi иондардың заряды болады.

II. Негізгі бөлім.
2.1.Жануарлардың иондаушы сәулелер әсеріне сезімталдығы.
Иондаушы сәулелердің жануарға әсері дозаға байланысты мына түрде байқалады: 1) иондаушы сәуле әсерінен ауру, екі түрге бөлінеді: а) өткір, ә) созылмалы; 2) радиация әсерінен терінің күюі; 3) радиацияның кейінгі әсері. Үлкен дозамен аз уақыт ішінде бір немесе қайталап әсер еткенде жануар бойында пайда болатын ауруды өткір сәуле әсер ауруы деп атайды. Ауырлық дәрежесіне байланысты ауруды төртке бөледі: 1) жеңіл түрі, доза 150-200 Р; 2) орташа түрі 200-400 Р; 3) ауыр 400-600 Р; 4) аса ауыр түрі 600 Р жоғары. Иондаушы сәуле әсерінен болтан ауру төрт кезең бойынша өтеді.
1. Жұтылған иондаушы сәуленің алғашқы әсері 2-3 күнге созылады. Бұл кезеңге тән бірінші жануардың жүйке жүйесін қатты қоздырып, біраз уақыттан кейін жануардың жалпы жағдайы төмендейді. Жүрек ритмі өзгеріп, алқыну пайда болады. Кейбір жануарлардың қызуы көтерілед. Сілекей қабаттарын қан кернейді де, кей кезде қан құйылады. Ішектің жиырылуы күшейіп жануардың іші өтеді. Жануарлардыңкейбірі лоқсып, құса бастайды. Сыртқы қан жолынан алынғанқан үйіршіктерін тексергенде нейтрофильдік лейкоцитоз екенін байқауға болады. Абсолюттік лимфопения ретикулоциттердің саны жоғарылап, мокроцитоз оның резистенттігі төмендейді. Алғашқы әсер тоқтала бастағанда екінші кезеңде басталады.
Екінші кезең латентті жасырын кезең деп аталады, Бұл кезең бірнеше күннен 2-3 аптаға созылады. Жануарлардын клиникалық көрсеткіштері қанағаттандырарлықтай болғанмен, ағзада көптеген өзгерістер болып жатады. Организмде қан түзу нашарлап, эритроциттердің саны төмендеп, тромбоцит-тердің мөлшері мүлдем азаяды. Периодтың соңында ішек-қарын жұмысы нашарлап, іш өте бастайды. Өңеш, екпе асқынып, ас қорыту, тыныс алу, кілегей қабаттарына қан құйылады. Кейбір малдардың жүні түсе бастайды. Бұл период аяқталғаннан кейін үшінші кезең - клиникалық белгілері толық айқындалған кезең басталады. Аурудың белгілері 3-і, 6-шы аптада байқалады. Үшінші кезеңге тән жалпы сипат, ол геморрагиялық синдром, қан түзейтін мүшелерде үлкен өзгерістер басталады. Ас қорыту, жүрек қан тамыр мүшелерінің қызметі бұзылады, малдың температурасы жоғарылайды.Сілекей қабықшаларға қан құйылады.Бұл кезеңде көзге ерекше түсетіні ол лейкоциттер санының күрт темендеп 1000-ға жетуі, бұл аса қауіпті жағдайды көрсетеді, ал тромбоциттер мүлдем жоғалады. Қызыл қан түйіршіктері біртіндеп азайып, қанда эритробласт, мегалоциттер шыға бастайды. Лейкоциттердің активтілігі төмендеп, қанның бактерияларға қарсы күресі нашарлап, жануар жұқпалы ауруға ұшырайды. Үшінші периодтың ұзақтығы дозаға байланысты болады. Доза үлкен болса, жануар бірінші кезеңде немесе үшінші кезеңде шығ-ынға ұшырайды. Үшінші кезеңде аман қалған жануар бойында төртінші кезең, қайтадан қалыпта кезеңі басталады.Егер жануар алған доза аз болса, онда сауығу толық және жылдам жүреді. Ал,дозаӨД 5030, Өд 10030 болғанда жануарлардың сауығуы ұзаққа 8-9 айға созылады, бірақ малдың жұқпалы емес ауруларға төзімділігі шаруашыллыққкерегі бар көрсеткіштер төмендеп, өмір сүру уақыты қыққарады. Жануар ауруы аса асқынған болса, онда өмір сүруі10-20 күннен аспайды. Доза аса жоғары болса, онда жануар сәуле астында немесе 2-3 күнде өледі, өйткені: оттегі жетіспейді, фермент ендіруі тоқталады, ағза уланады, өкпе ісінеді.
Жануар өлексесін ашып көргенде, әр мүшелердің қанталауынан геморрагиялық диатез болғанын көреміз. Бұл өзгерістермен қатар ішек-қарында морфологиялық өзгерістер, құрылым-құрылыстарда бұзылу басталғанын баяқауға болады. Қан тамырларының қабырғалары сынғыш болып ортаға қан құйылады. Бұл қанның сұйылуына әкеледі. Лимфа торап-тарындағы лимфоциттер ыдырайды. Көк бауыр бүрісіп көлемі азаяды, бауырда іріп-шіру, майлану басталғанын көруге болады. Ішкі секреция бездерінде бірсыпыра өзгерістер байқалады. Жүректің бұлшық еттері майланып, белоктар бұзылады, жүйке клеткаларының өсіп-өнуі тежеліп, іріп-шіру басталады. Радиацияның организмге әсеріне келсем сәулелену ауруларды иондаушы сәулелер қоздырады. Олар организмді сырттан әсерлегенде немесе радиобелсендi заттар түрiнде азықпен, сумен бiрге iшке енгенде белсендi радикалдар мен иондар пайда болады. Радикалдардын өзара және оттегiмен әсерлесулерi нәтижесiнде екiншi және үшiншi кезектi белсендi өнiмдер туындайды да олар өз кезегінде әртүрлі молекулалармен, ең алдымен нәруыздармен реакцияға түсіп оларды тотықтырады. Торшалар ферменттерiнің химиялық құрылысы өзгеріп, олар белсенділігінен айырылады тотыктандырады. реакцияга тусiп, өзгерiп, олар белсендiлiгiнен айырылады ДНҚ түзiлуi тежелiп, торшалардың көбеюi тұншығады. Сондай ақ белгілі бiр мөлшердегі сәулелену кейбiр ферменттердің белсенділігін арттырып, гликозамингликандардың, липопротейдтердiң ыдырауына әкеледі. ДНҚ жыртылады, торшалар жарғақтарының өткiзу қабiлетi өзгерiп иондарды жарғақтар арқылы тасымалдау бұзылады (натрийлік насостың тұншығуы). Мал организмінiң иондаушы сәулемен (радиациямен) зақымдануы заңдылығы екi факторға тәуелді: 1) организмнiң тiршiлiгiне өте маңызды өрмелердiң, мүшелер мен жүйелердің сәулеге сезімдік деңгейіне : 2) иондаушы сәуленің мөлшерiне және оның таратылу ретiне. Иондаушы сәуле әсер еткеннен кейінгі мүшелердегі морфологиялық өзгерістердi белгiсiне байланысты мына топтарға бөлінедi:
1.Радиацияға сезімтал мүшелер: лимфа тораптары, ішек қарын лимфатикалық көпіршік клеткалары, қызыл қан кемiктерi, көк бауыр, жыныс бездері бұл мүшелердегі морфологиялық өзгерістер радиацияның дозасы 25 Р жеткенде басталады; 2. Радиацияға сезiмталдығы орташа: терi, көз;
3.Радиацияға сезiмталдығы төмен:бауыр өкпе, бүйрек, ми, журек. Сүйек сiңiрлерiндегi алғашқы морфологиялық өзгерістер 100р басталады. Жануарларға, жалпы тіршілік иелерiне аса қауіпті иондаушы сәулелердің тұтас организмi бiркелкi түсуі. Егер осы жағдайда бiр мүшені экранмен қорғасақ жалпы жануарлардың радиацияға деген төзiмдiлiгi жоғарылайды Бұл факторлар жеке жеке және бiрiге сәулелік реакциялардың түрін (жергілікті және жалпы), ерекшелігі мен бiлiну уақытын (сәуле әсерiнен кейiн бiрден, көп ұзамай немесе біраздан кейiн) және олардың организмге маңыздылығын анықтайды. Организмді сәулемен сырттан әсерлегенде альфа-бөлшектер терең өтпей, эпидермисте кiдiредi, бета-бөлшектер терiге өтеді, ал гамма сәулелер дене арқылы өтіп кетедi. Ауыл шаруашылығы жануарлардың барлық түрлерiде радиацияға сезiмдi болғанымен, кейбіреулерi мысалы тауықтар төзiмдi келедi. Өте мол мөлшердегі сәуленің бiр дүркін әсерінен жiтi немесе жай түйіскендей шапшаң өтетін сәулелік ауру қозады. Мұндай ауру организмді тұтас иондаушы сәуленің мол мөлшерiмен сыртынан әсерлегенде, сондай ақ радиобелсенді заттар организмнiң iшiне азық пен сумен көп мөлшерде енгенде байқалады.Өрмелер мен мүшелердің радиацияға сезiмдiлiгi әртүрлі: торшаларының бөлiнiп көбею деңгейі жоғары сүйек кемiгiнiң, лемфоидтық өрменің, жыныс бездерi мен iшек және терi эпителийлерiнiң сезiмдiлiгi жоғары, керсінше торшаларының өсіп жетілу деңгейі төмен бұлшық еттер мен сүйектің, дәнекер өрме нейрондардың сезiмдiлiгi төмен.
2.2. Иондаушы сәулелердің ас қорыту ағзаларына әсері.
Ас қорыту мүшелеріне радиация аса күшті әсер етеді, сезімталдығы мына тәртіп бойынша орналасады: ащы ішек, сілекей бездері, қарын, тоқ ішек, асқазан асты безі және бауыр. Организмге үлкен дозамен жалпылай әсер еткенде ең алдымен ащы ішек зақымданып, артынан ішек- қарын ауруы өрбиді. Орташа өлім дозасымен, одан да жоғары дозамен әсер еткнеде ішек қабырғаларында морфологиялық өзгерістер пайда болады. Радиацияға аса сезімталдықты эпителия бездері білдіреді. Зақымдалған эпителий қабатында клеткалардың бөлінуі тоқталып, клеткалар өледі. Мұндай праоцестер сілекей қабаттың сыртын ашып, ішіндегі клеткаларды жалаңаштанғаннан кейін, қан плазмасы ішекке шығады. Ал, қан плазмасынанң азаюы жүректің жұмысын төмендетеді. Жоғарыда айтылғандармен қатар сәуле әсері ауруына шалдыққан жануарлар организмінде улану, бактериемия болады, өйткені ішектің қабырғаларының микроорганизмдерге кедергі әрекеті тоқталады. Ішек- қарын ауруының белгілері доза үлкен болғанда алғашқы 3-4 сағат ішінде іш өту, құсу, лоқсудан басталады да 1-3 күнде беті қайтады, біріқ ауру аса асқынған кезде қайта қайталанады. Сілекей бездері. Радиацияның әсерінен сілекей сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Өзгеріс интенсивтілігі толқынды түрде болады және сонымен қатар сілекейде жаңа зат пайда болады. Мысалы иондаушы сәуде түскен иттердің сілекейінде амилаза пайда болады.
Қарын. Қарын бездерінің секрециясы аз дозада жануарлардың бастапқы жағдайына байланысты: гиперсекрецияда төмендейді, гипосекрецияда жоғарылайды. Жоғары дозалар қарынның ас қорыту қызметін төмендетіп, үлкен морфологиялық өзгерістер туғызады. Дозасы 0,96 және 3,84 Грей иондаушы сәулемен ұлтабардың ащы ішекке жалғасқан жеріне әсер еткенде, алғашқы сағаттың өзінде-ақ қан сарысуында гастриннің 2-3 есе азайғанын байқауға болады. Бірақ алғашқы үш күн ішінде гастрин түзейтін мүшелерде ешқандай құрылым өзгерістері байқалмайды. Үлкен өзгерістер тек 7 күннен кейін байқалады. Ұлтабар, ұлтабар жіңішкерген жерден шығатын С-клеткалардағы секреторлық гранулдар азайып, сау малдардың организміндегі деңгейге 30 күнге дейін жетпейді. Радиация әсер еткенде гастрин түзейтін клеткалар қызметінің бұзылуы бірнеше кезеңге бөлінеді: 1) уақытша С клетканың қызметі тоқталады; 2) С клетканың қанға гастрин тасымалдау тоқталады; 3) ішек-қарын жолын-дағы гастрин түзейтін жүйелер қызметінің бұзылуымен қатар, құрылымдары да бұзылады; 4) түзеу процестері төмендегеннен С клетканың қызметі төмендеп жүдейді, гастрин түзеу нашарлайды.
Ішек. Ішектің секрет шығару, фермент түзеу қызметі, жалпы және жеке мүшелерге иондаушы сәуле түскенде организмдегі өзгерістер толқын түрінде байқалады. Алғашқы уақытта секрет, ферменттердің қызметі жоғарылап, соңынан төмендеп, қайтадан қалыптасып түзелгенше осы өзгерістер қайталана береді. Ал доза үлкен болған кезде жануар шығынға ұшырайды. Ауру аса ауыр болған кезде алғашқы күні ішектің жиырылуы, созылуы бұзылып, бездердің секрет бөлуі күшейіп, ферменттердің активтілігі жоғарылап, 5 күннен соңында секрет бөлуі нашарлап, ферменттің активтілігі төмендейді. Иондаушы сәуле әсерінен ішектің қабырғаларының зақымдалуы мына түрде болады: ішек қабырғасының шырышты қабатының қабыну, кілегей қабатына қан құйылу,жара, шіру, тыртықтар,тесіктер.Ал ішек-қарын жолының зақымдалғанының клиникалық белгісі жем- шөпті желудің төмендеуі, жануардың массасының азаюы. Ішек-қарынның кілегей қабаты қабынған кезде нәжіспен бірге шарана (сілекей) бөлініп шығып іші өтеді, ал ішек- қарында жара, қанау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иондаушы сәулелер
Сәуле ауруы
Лейкоз туралы түсінік
Судағы және құрлықтағы жануарлар ағзаларына радионуклидтердің түсуінің негізгі жолдары
УК сәулелердің жоғары дозасымен сәулелену кезіндегі теріге канцерогендік әсері
Электромагниттік иондаушы сәулелердің қасиеттері
Ксенобиотиктер туралы
Сәуле
Радиобиология және ветеринарлық радиобиология
Қазақстанның экологиялық мәселелері туралы ақпарат
Пәндер