Кедендік ережелердің бұзылуы туралы мәліметтер


Мазмұны
Кіріспе
1. Кеден саласындағы қылмыстардың кейбір мәселелері
2. Кеден ісі саласындағы құқықбұзушылықтың теориялық негіздері
2. 1Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді жүргізу түсінігі
2. 2 Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді жүргізудің құқықтық тәртібі
3 Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықты қарастыру мәселелері
3. 1 Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау тәртібі
3. 2 Кедендік бақылау комитеті лауазымды адамдарының өз құзіретінің шегінде кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу бойынша тексерулер жүргізуі
3. 3 Кеден органдарының қызметкерлерінің, лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдану
3. 4 Әкімшілік қүдық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті кеден органдарының (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Кеден ережелерінің бұзылуы туралы істерді Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары жүрізеді, оларды қарауды Қазақстан Республикасының кеден органдарының - уәкілетті лауазымды адамдары мен ҚР сот органдары осы жарлыққа сәйкес жүргізеді, ал онымен реттелмеген бөлігінде - ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Кеден ережелерін бұзу туралы іс кеден ережелерін бұзғаны немесе кеден ережерелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған жеке тұлғаның немесе лаузымды адамның әкімшілік жолмен ұсталғаны туралы хаттама жасалған сәттен бастап ашылады, ол бойынша іс жүргізу басталады деп есептелінеді. ҚР кеден органдарының уәкілетті лауазымды адамдары Жарлықта көзделген кеден ережелері туралы істерді қарайды.
Кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі ҚР кеден органының уәкілетті лауазымды адамдары ҚР орталық кеден органының актілеріне сәйкес жүргізеді.
Кеден ережелері туралы істі жүргізу оның ашылған сәтінен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.
Егер қажет болған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімді Қазақстан Республикасы кеденінің бастығы немесе оның орнындағы адам сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары тұрған кеден органдарының бастықтары немесе олардың орнындағы адамдар кеден ережелерін бұзғаны үшін осы жарлықтың 258- бабында көзделген жаза қолдану мерзімдері шегінде ұзартуы мүмкін. Кеден ережелерін бұзғаны үшін іс жүргізу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайды.
Кеден ережелерін бұзылғаны туралы істі ашудың себептері мен негіздемесі Кеден ережелерінің бұзылғаны туралы істі ашудың себептері мыналар:
Қазақстан Республикасының кеден органы лауазымды адамдарының кеден ережелерін бұзу белгілерін тікелей анықтауы;
Қазақыстандық және шетелдік тұлғалардың хабарлары мен сәлемдемелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар;
Басқа да құқық қорғау, бақылау және өзге де мемлекеттік органдардың түскен материялдар;
Шетелдік кеден және басқа да құқық қорғау қызыметтерінен, халықаралық ұйымдардан түскен ақпарат;
Қазақстан Республикасының басқа да кеден органдарынан түскен хабарлар.
Істі ашу үшін кеден ережелерін бұзу белгілерін көрсететін жеткілікті деректер негіздеме болып табылады.
Кеден ережелерін дайындалып жатқан, жасалынатын немесе жасалған бұзылуы туралы хабарды, мәлімдемені немесе өзге де ақпаратты тексеретін Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы кеден ережелерін бұзылуы туралы істі ашпастан бұрын тауарлар мен көлік құралдарына кеден бақылауын жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізетін адамдардан, кеден делдалдары мен өзге де адамдардан құжаттарды тексеру үшін қажетті мағлұматтар мен түсініктемелер алуға құқылы.
Кеден ережелерінің бұзылуы туралы іс осы құқық бұзушылық өз қызметі аймағында анықталған Қазақстан Республикасының кеден органына жүргізіледі.
Қажеттілік туғызған жағдайларда, кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі жүргізу өз қызметі аймағында осы құқық бұзушылық жасалған Қазақстан Республикасының кеден органында жүргізілуі мүмкін.
Кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі бір кеден органынан екінші бір органға тапсыру мәселелерін олардан жоғары тұрған Қазақстан Республикасының кеден органы шешеді.
Қазақстан Республикасының жоғары тұрған кеден органы кеден ережелерінің бұзылуы туралы кез-келген істі өзінің жүргізуіне қабылдай да немесе оны осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының кез келген кеден органына тапсыра да алады.
Осы Жарлықтың 369-бабында көзделген басқа жағдайларда, кеден ережелерінің бұзылуы анықталған және кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі жүргізген кезде Қазақстан Республикасы кеден органының тиісті лауазымды адамы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгілейтін нысан бойынша хаттама жасайды.
Хаттама кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі қарауға уәкілдігі бар органға (лауазымды адамға) дереу жіберіледі.
Хаттама көшірмесі кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатын адамға қолхат алу арқылы тапсырылады немесе жіберіледі.
Кеден ережелерінің бүзылуы туралы істі жүргізуге мыналар қатысады:
- жауапкершілікке тартылатын адам;
- заңды өкіл;
- адвокат немесе жауапкершілікке тартылатын адамның заң көмегін жүзеге асырушы өкілі;
- сарапшы;
- маман;
- аудармашы;
- куә;
- бөгде куәгерлер.
Кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі жүргізуге және оны қарауға қатысу осы бапта көрсетілген адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде және соларға сәйкес жүргізіледі.
Кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған адамның құқықтары.
Кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкерішлікке таратылған адам:
- қандай кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатындығын білуге;
- іс жүргізу аяқталғаннан кейін және оны қарау кезінде іс материалдарымен танысуға, олардан көшірмелер жасауға;
- түсініктеме беруге;
- айғақтар ұсынуға;
- қарсылық білдіруге;
- өтініш мәлімдеуге;
- істі қараған кезде және істі жүргізген кезде адвокат қызметін немесе өзге адамның, заңдық көмегін пайдалануға;
- ана тілінде сөйлеуге, егер іс жүргізілетін тілді білмесе аудармашы қызіметін пайдалануға;
- іс жөніндегі қаулыға шағым жасауға;
- осы Жарлықпен және Қазақстан Республикасы заңдарымен өзіне берілген басқа құқықтарды пайдалануға құқылы.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық жағдай макро және микроэкономикалық көрсеткiштердiң жақсаруымен, индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының iске асыру шегiнде сапалы жаңа кезеңге өтуiмен, әлеуметтiк мұқтаж-дықтарға, кәсiпкерлiктi дамытуға арналған мемлекеттік шығыстардың өсуiмен, халықтың тұрмыс деңгейiнiң артуымен, әлемдік экономикалық қоғамдастыққа одан әрi бiрiктiрумен сипатталады. Бұл факторлар экономикалық қылмыстың сапалы сипаттамасының өзгеруіне ықпалын тигiзедi. Қылмыстық әрекеттердің жаңа нысандары пайда болып, оның бұрынғы нысандары күрделене түсуде [1, 288 б. ] .
Кеден саласында жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа байланысты теориялық және тәжірибелік мәселелер бұрынғы КСРО елінде де, Қазақстан Республикасында да ешқашан арнайы және жан-жақты зерттелмеген. Демек, кеден саласында жасалатын қылмыстарға қарсы күресу қазіргі таңда өткір тұрған мәселе, яғни жан-жақты зерттеуді, әсіресе теориялық тұрғыдан іргелі зерттеуді талап етеді.
Қазақстандағы кеден қызметінің қалыптасу тарихына тоқталып кететін болсақ, қазақ даласы арқылы Ресей мен Қытайдан Орта Азияға және одан кейін қарай тауар жылжитын бірнеше маңызды керуен жолдары өтті. Сыртқы сауда әрдайым халықаралық қатынастардың жылжытушы күші болды. Жергілікті қазақ феодалдары керуендерден өз қарауындағы жерлер арқылы өткені үшін өз еркімен белгіленген баж талап етті.
XIX ғасырдың ортасында Кенесары хан құрған хандық Ресей империясының отаршылдық билігі үстем еткен Ертіс, Есіл, Орал бойы аудандарынан басқа Қазақстанның барлық территориясына өз билігін жүргізді. Ол салық жинауды тәртіпке келтірді: зекет - мал өсірушілерден, ұшыр - нан өсірушілерден жиналды.
Көпестік керуендерден алынатын кедендік алымдар елеулі табыстар алып келетінін көрген Кенесары хан, батырлар мен билерден керуендерді тонамауды талап етті. Өзіне қарайтын аумақ арқылы өзге керуендердің өтуін ынталандыру үшін хан кейде өзі керуенбасыларын қабылдады. Тауарларды тасығаны үшін алымдарды төлеуден жалтарғандарға хан қосымша салықтар салды.
Қазақ-қытай шекарасында кедендік шаралардың күшеюімен кедендік шараларды айналып өтуден пайда болған контрабанда өрістеді. Ел басшылығы шекаралық бекеттерден азиялық көпестердің өтуіне қолдау көрсете отырып, шекаралық биліктер тыйым салған тауарларды сату үшін өтіп кетпеуін тұрақты түрде бағып отырды.
Кеңес билігінің алғашқы жылдарында, (1917-1921 жж. ) кеден баждарының рөлі мардымсыз болды. Ел ішіндегі құн механизмі айырбастың толығымен болмағандығы және сыртқы сауда айналымның ретсіздігі кедендік тарифті Кеңестік Ресейдің басқа мемлекеттермен сыртқы сауда құралы ретінде пайдалануын біршама қиындатты. Сол 1921 жылы заң шығарушы алғаш рет контрабанда түсінігін енгізді. Өте ауыр жағдайда кәсіпшілік секілді контрабанда түрін жасағандарға ең жоғарғы өлім жазасы қолданылды. Кейін контрабанда жасау бірен-саран болып, қоғамдық қауіптілігі аса жоғары болмағандықтан, 1958 жылы қылмыстық заңда контрабанда үшін өлім жазасы жойылды.
1920-1930 жылдары аралығында кеден ісі басқармасының күрделі, көп сатылы жүйесі қалыптасып, сыртқы сауда саясаты мемлекеттік монополия кағидасына негізделді, ал кеден органы өзінің мәнді қызметінен айырылып, фискальді мекеме ретіндегі рөлін атқаруды қойды. 1930-жылдары қалыптасып, кейінірек 1964 жылғы КСРО Кеден кодексінде заңды түрде бекітілген кеден органдары жүйесі аз ғана өзгерістермен 80-жылдардың ортасына дейін сақталды. 1985-1991 жылдары өткізілген сыртқы экономикалық реформалар тұсында кеден жүйесі дамуының жаңа кезеңі басталды, оның ерекшелігі монополистік мемлекеттің кеден органдарының басқармасын қайта құрып, оның қызметін еркін нарық және демократиялық режим жағдайына бағыттау болды. Бұл кезеңнің аяғы болып 1991 жылы қабылданған кеден кодексімен КСРО-ның «Кеден тарифі туралы» заңы болып табылады. Дегенмен КСРО тәжірибесінде қағидалы жаңа кеден жүйесі құрылмады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып әлем деңгейіне шыққаны жаңа кеден заңнамасының қалыптасуын талап етті. 1991 жылғы 12 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Кеден комитетінің құрылуы туралы» Елбасы Жарлығы болды. Алғашқы уақытта 1995 жылға дейін кедендік заңнама, кедендік реттеу механизмінде бірталай кемшіліктер болды. Мемлекеттің кеден саласындағы құқықтық қамсыздандыру талабы 1995 жылғы 20 шілде де қабылданған «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заң күші бар елбасының Жарлығында өз орнын алды. по состоянию на 27. 11. 2007 г. ) .
Жалпы тәуелсіздік алғаннан бергі оншақты жылдар ішінде кеден органдары күрделі ұйымдастырушылық құрылым ретінде қалыптасу дәуірін бастан өткерді.
Бүгінгі таңда еліміздің кедендік қызметінің қарқынды дамуы жаңа деңгейге түсуде. Қазақстанның сыртқы сауда айналымының өсуі, инвестициялық жағдайының жақсаруы, сондай-ақ Кеден кодексінің халықаралық стандарттарға сәйкестендіруі де осыған дәлел. Осыған орай, 2007 жылғы 26 маусымынан (жария еткен күннен бастап 10 күннен кейін заңды күшіне енеді) Заңмен Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеден процедураларын оңайлатуға көзделген. Жаңа өзгерістерге байланысты, яғни кодекстің 17 бабына сәйкес кеден органдарына тән міндеттер мен функцияларды уәкілетті органның құзыретіне берілген. Уәкілетті орган ретінде Қаржы министрлігін қарастыруымыз қажет. Енді кодексте жаңа 17-1 бабы пайда болды. Бұл бапқа сәйкес Қаржы министрлігінің құзырына кеден органдарын басқару, оның құрамына кіретін ведомстволардың өкілеттіктерін анықтау, кеден бақылауының техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпарат жүйелерін өңдеу және құру, лицензиялауды жүзеге асыру және лицензия міндеттемелерін қамтамасыз ететін лицензиаттардың қызметін бақылау, кедендік әкімшілік басқаруды жүзеге асыру, шешімдерді беру туралы шешімдерді қабылдау, кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге кедендік бақылау жасау және т. б.
Қазақстан Республикасында ұлттық кауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері ерекше маңызға ие. Демек, экономикалық контрабанда, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару, шетелдік валютадағы каражатты шетелден кайтармау, айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы, жаппай зақымдау қаруын, каружарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттау құрамы секілді кедендік бақылау аясында жасалатын қылмыс құрамдарымен күрестің маңызы өте зор.
Экономикалық қызмет саласындағы мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуде кеден қызметі аса маңызды рольге ие, ол аталған саладағы негізгі құқық қорғаушы институттардың бірі болып табылады. Сыртқы сауда айналымын, жалпы алғанда, сыртқы экономикалық қызметті реттеуге қатыса отырып және фискалды қызмет атқара отырып, кеден қызметі мемлекеттік бюджетті толтыруға, ол арқылы экономикалық мәселелерді шешуге ықпал етеді. Ал, кеден ісі аясында орын алатын қылмыс құрамдары сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың бір тобын құрай отырып, кеден органдарының қалыпты қызмет етуіне қарсы бағытталады.
Кедендік қылмыстардың қылмыстық заңға енгізіліп, оларды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бекітілуін келесі факторлармен байланыстырамыз:
- кеден ісі саласының дербес құқық саласы ретінде қалыптасуы;
- аталған қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың кеңінен таралуы және олардың өсу тенденциясының байқалуы;
- аталған қылмыс құрамдары келтіретін зардаптардың аса үлкен мөлшерде болатындығы;
- кеден ісі саласын, басқа да құқық салаларының жеткілікті дәрежеде қорғай алмауы, аталған саланы қылмыстық-құқықтық қорғаудың тиімділігі.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы шекарасымен шектесіп жатқан мемлекеттер арасында кедендік шекараны қорғау, ол арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарын толық декларациялауды қамтамасыз ету мақсатында кедендік бақылау мекемелері құрылған. Әрбір кедендік бақылау бекеттерінің ара қашықтығы 150-200 шакырымды құраса, орта есеппен әрбір кедендік бақылау кызметтері бақылауына 7 шақырым кеден шекарасы келеді. Демек осы аталған кедендік шекараның ұзақтығы кедендік қылмыстарының латентті сипат алуының бірден бір себебі болып отыр [2, б. 42] .
Демек, бүгінгі күні елімізде кедендік қылмыстар мәселелеріне, жаңаша көзқарас қажет. Жасыратыны жоқ бүгінгі күні кедендік қылмыстардың жаңа себептері мен жағдайлары туындап, олардың кейбір түрлері азаймай керісінше көбейіп отыр. Мәселен, 2000 жылмен салыстырғанда 2006 жылы экономикалық контрабанда 4, 2%-ға (2000 жылы - 499; 2006 жылы - 478), ал шетел валютасындағы күражатты шетелден қайтармау 15, 78%-ға (2000 жылы -38; 2006 жылы - 32) кемісе, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару 33, 7%-ға (2000 жылы - 83; 2006 жылы - 111), айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы 25, 49%-ға (2000 жылы -357: 2006 жылы - 448) өсті [3, б. 7] .
Сонымен қатар кеден аясындағы қылмыстар осымен шектелмейді. Кедендік қылмыстар деп Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы аркылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының белгіленген тәртібіне, олардың кедендік бақылау және кедендік ресімдеу тәртібіне, және де кедендік төлемдер мен салықтарды алудың және төлеудің тәртібіне, яғни кеден саласына қол сұғатын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекеттерді (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктерді) айтамыз [4, б. 156] .
Кедендік қылмыстардың құрамдарының шеңберіне қатысты шиеленіскен көзқарастар көп екенін, әлі күнге дейін біздің елде және көршілес мемлекеттегі ғалымдардың арасында да кедендік қылмыстарға қандай қылмыстарды жатқызу туралы қалыптасқан бір пікірлердің жоқтығын атап өткен жөн.
Қазіргі уақытта үлкен дабыл қағатын радиациялық заттардың контрабандасы мәселесі тек Қазақстанды ғана емес, сонымен қатар бүкіл дүние жүзін де алаңдатып отыр. Себебі аталмыш жағдай тек жеке адамдардың ғана денсаулығына тікелей және нақты қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен бірге қай мемлекетті алып қарасақ та, сонда тұрып жатқан халықтың болашағына қауіп төндіретіні бәрімізге белгілі.
Бұрынғы кеңес заманында адамдар үшін азғантай радиациялық дозаның айтарлықтай зияны жоқ деген теріс түсінік кеңінен етек жайған болатын. Оның зиянды құпиясы кейінгі уақытта ашылып отыр. Алайда, осындай бір жалған тұжырым жасау талай адамдардың тағдырын тәлкекке түсірді. Себебі сол кездері қабылданған ереже бойынша радиация көңіл аударуға тұрмайтын болмашы ғана дүние еді. Сөйтіп, халық оның қауіптілігіне онша көңіл аудармай жүре берді. Қазіргі уақытта жаңағы болмашы деген радиацияға көзқарас мүлдем өзгерген. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, дәл осындай доза алған клетканың қайтадан қалпына келуі мүмкін емес көрінеді. яғни, ол біржолата жойылады. Мұның үстіне ағзаның мутацияға ұшырауы әлгіндей орташа дозада 200 есе жылдам жүреді.
Радиациялық заттардың контрабандасының таралуының ең бастысы болып радиоактивті заттарды сатудан түсетін едәуір көлемдегі материалдық пайда болып табылады. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сүйенетін болсақ, әлемдегі дәл осы радиоактивті заттарды (тории, уран, актинии және олардың қоспалары) заңсыз жолмен сатудан сомалық кірісі, соңғы ресми бағасы бойынша жылына 300 млрд. АҚШ доллары шамасын құрайды екен, яғни бұл дегеніміз қаружаракты заңсыз сатумен тең түседі [5, б. 608. ] .
Сонымен қатар, кеден бекеттері мен шекара қызметінің әлсіз техникалық жабдықтануы осы қылмыстың жасалуына бірден-бір себеп болып отыр. Мәселен, оның айқындылығын біздің елден Қытайға темір жол арқылы барған темірді бірнеше уақыттан соң біздің жаққа радиоактивті жүк жібердіңдер деп хабарлай отырып жүкті қайтарып жіберуінен көруге болады. Өкінішке орай, Казакстан экологиялық таза темірді өз елімізден жібере отырып, өзімізге қайтіп радиоактивті қокысты алып отыр. Әрине осыдан келетін зиян зардаптардың көлемі едәуір екеніне ешкімнің күмәні тумайды. Соңғы уақытта осы жағдайдың алдын алуға қатысты шекарада радиациялық бақылау жүйесінің орнатылуы осындай қылмысты мақсат еткен қылмыскерлердің әрекеттерін қиындатып отыр.
Радиациялық материалдардың Контрабандасымен күресті жетілдіру үшін төмендегідей шараларды жүзеге асыруымыз керек:
- Қазақстан Республикасының радиациялық кауіпсіздік концепциясын жасау;
- заң мен нормативті-құкықты реттеуді жетілдіру, сонып ішінде химиялық элементтердің және олардың қоспаларының тізімін жасау;
- радиациялық материалдарды табуға байланысты кеден және шекара кызметінің техникалық жабдықтануын күшейту, сондай-ақ осындай құрылғылармен
мемлекеттік органдардың, банктердің ғимаратын, байланыс және ірі компания мекемелерін қамсыздандыру;
- осы саладағы шетел мамандарын тарту арқылы қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейін көтеру;
- радиациялық бақылауды жүзеге асыруға байланысты арнайы орган құрудағы шетелдің тәжірибесін оқу мен қолдану;
- кеден мен шекара қызметкерлерінің штаттық санын көбейту;
- шетелдік және еліміздің құқық қорғау органдары арасындағы өзара тығыз байланысты әрі қарай жақсарту;
- осы мәселелерге қатысты терең ғылыми зерттеу жүргізу және олардың нәтижелерін тәжірибеге енгізу [6, б. 98] .
Біздің көзқарасымызша, осындай радиоактивті материалдарды шекарадан тауып ұстаған кездерде кеден органдарының қызметкерлеріне қатысты кауіпсіздік шараларын қабылдау қажет. Ол үшін арнайы құралдар мен құрылғылар қолдану қажет.
Кедендік қылмыстардың құрылымы қазіргі таңда толығымен өзгеріске ұшыраған. Мәселен, контрабандалық жолмен тауарларды тасымалдау үлкен жүк автокөліктерімен, теміржол вагондарьшен, транспорттық ұшақтармен кедендік бақылаудан жасырудың жетілген жолдарын қолданумен, кедендік теңдестірудің жалған қ-жаттарын пайдалану арқылы, кедендік құжаттарда декларацияланатын тауарлардың атаулар өзгерту арқылы, заңсыз өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының жүк кедендік декларацияларда көрсетілгеннен артық жөнелту сияқты әдістермен жүзеге асырылады.
Кеден аясындағы қылмыстар осымен шектеліп қалмайды. Олардың қатарына сыртқы экономикалық қызметтің қалыпты жүзеге асырылуын, кедендік бақылау мен кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі, кеден органдарының қалыпты қызметін, мемлекеттік бюджетке салықтар мен өзге де төлемдердің түсуі нысанындағы бюджетті қалыптастыруға байланысты құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың бірнеше құқық салаларына, дәлірек айтсақ, түрлі нормативтік құқықтық актілермен реттелетін құқықтық қатынастарға қол сұғатындығына, жанасатындығынан байланысты құқық теориясында оның объектісін анықтау барысында қиындықтар туындап отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz