Мутагенді факторлар


Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1 Мутация
2. 2 Мутагендік факторлар
2. 3 Мутагенез
2. 4 Мутацияның жіктелуі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Мутация дегеніміз − организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері − гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік. Мутация ұғымын нидерландық ғалым Г. Де Фриз қалыптастырды. Ол 1901 жылы «Мутация теориясы» деп аталатын еңбегін жариялады. Мутация тудыратын факторларды мутагендердейді. Олардың үш түрі бар: физикалық, химиялық және
биологиялық. Мутация екі түрлі жолмен пайда болады: табиғи жағдайда кенеттен болатын секірмелі мутация және арнайы әсер ету арқылы қолдан жасалатын индукциялық мутация. Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутацияның төрт түрін ажыратады: гендік, хромосомалық, геномдық және цитоплазмалық. Ол есекшөп (энотера) өсімдігінің кейбір белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитынын және олардың тұқым қуалайтындығын байқады. Мутация барлық тірі организмдерге тән қасиет. Мутация деген ұғымды ең алғаш голландиялық ботаник Г. Де Фриз қалыптастырды. Ол есекшөп (энотера) өсімдігінің кейбір белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитынын және олардың тұқым қуалайтындығын байқады. Осы зерттеулерінің негізінде 1901 жылы өзінің "Мутациялық теория" деп аталатын еңбегін жариялады. Г. де Фриздің теориясының кейбір мәселелері осы күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. . Олар:
1. Мутацияның кенеттен пайда болатындығы
2. Жаңадан пайда болған формалардың тұрақты келетіндігі
3. Мутациялардың сапалық өзгеріс болып саналатындығы
4. Мутацияның өзі әр түрлі бағытта - пайдалы да, зиянды да болатындығы
5. Бір рет болған мутацияның қайтадан қайталана алатындығы.
Мутация (латын тілінде mutatіo - өзгеру) - табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде организмнің белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 - 1935) енгізді.
Мутация (mutation) - жасушаның генетикалық материалының өзгеруі, бұл кейінгі ұрпаққа да беріледі. Бұл тосыннан, кейде сыртқы факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Генетикалық кодты анықтайтын жүйедегі бір азоттық негіздің орнын басқа біреу алмастырса немесе бір не одан да көп негіздер генге енгенде немесе геннен жоғалғанда гендік мутация пайда болады. Мутациялардың көбі зиянсыз оларды үнемі қалыпты доминанттық ген жауып тұрады.
Кейбір мутациялар айтарлықтай салдар туғызады; мысалы, ата-анасының екеуінен де тұқым қуалақшылықпен берілген белгілі бір мутация орақ-жасушалы анемияның пайда болуына әкеп соғады. Ұрпаққа жыныстық жасушаларда (аналық жасушасы немесе аталық ұрық) пайда болған мутациялар ғана беріледі. Әдетте, бұндай мутациялар ағзаға қауіпті.
Мутация ағза үшін тиімді өзгерістерге әкеп соғатын сирек кездесетін жағдайларда осы гені бар дербес ағзалардың саны мутацияға ұшыраған ген популяцияда қалпына келмейінше арта береді. Бұндай пайдалы мутациялар эволюцияның материалы болып табылады. Мутациялық өзгергіштік көп өзгергіштіктің бір түрі ғана болып табылады . Тірі организімдердің маңызды қасиеттерінің ең елеулісінің бірі ұрпақтан - ұрпаққа таралатын өзгергіштің пайда болуы . Мутация сонымен қатар көптеген апаттың себебі болып табылады : әртүрлі аурулардың қоздырғыштарының эпидемиясы, қатерлі ісіктер, тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуы . т. б. Сонымен қатар мутация өсімдіктер, жануарлар және микрорганизмдер селекциясында қолданылатын көптеген пайдалы өзгерістер береді. «Мутация» деген атауды, Мендел заңдарын қайта ашушылардың бірі голландиялық ботаник Гуго де Фриз ( 1848-1935) кенеттен пайда болған тұқым қуатын өзгерістерді сипаттау үшін қолданды. Негізінде бұл сөздің шығу тегі әріректе жатыр. Көне Рим империясында Август патшаның билік етуі заманында ( біздің жыл сануымызға дейінгі 63-64) сауда орталықтарымен қалалардың арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін пар атты көлік қолданылған . Жол бойында қалалармен енді пунктерінде (бекеттерде) жолаушыларға арналған демалатын «мансио» деп аталатын сарайлар болған. Бұл мансиолардың ерекше аттары болмағандықтан олардың орналасқан нүктелері мен бағыттары ғана көрсетілген . Осыдан барлық европалық тілдерде « почта » деген сөз шыққан. Осы мансиолардың араларында «мутацио» деп аталатын шаршаған аттарды ауыстыратын бекеттер болған. Міне «мутацио» деген сөздің шығу тегі осылай болған.
Мутагенді факторлар
Мутагенді факторлар немесе мутагендер - мутация санын арттыратын химиялық немесе физикалық әсер. Мысалы, электромагнитті сәуле шығарудың кейбір түрлері физикалық мутоген болатыны бүгінгі күні нақты белгілі. Ультракүлгін, рентген, сондай-ақ радиоактивті сәуле шығарудың барлығы да мәлім. Бұдан баска мутагенді әсер туғызатын химиялық заттар да, мысалы, азотты кышқыл бар. Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластану деңгейінің артуына байланысты адамда және ғаламшарымыздағы өзге ағзада мутагенездің (әсіресе ауру тудыратын ұсак ағзалардың) кездейсоқ бақытсыздыққа ұшырату қаупі туралы сөз өріс алуда. Тұтастай алғанда мутацияның рөлі өте зор. Теріс мутациялардың орасан жиі (шамамен 10 000 есе) кездесетініне қарамастан, олардың тірі ағзалардың жаңа сапалары мен қасиеттерінің пайда болуынa бірден-бір қайнар көз екенін атап айтқан жөн. Тірі жүйелер эволюциясының мутациялық үдеріссіз жүзеге асуы мүмкін емес. Бір кезде пайда болған тіршіліктің өзгермей қалуы мүмкін емес. Сондай-ақ тіпті егер мұндай ағзалар өзгеретін қоршаған ортада сақталып қалған күннің өзінде де олар өз көшірмесін ғана ұрпаққа қалдыратын жаңа формаларды ешқашан бере алмас еді. Сондықтан тұқым қуалау ақпаратының берілуі айтарлықтай дәлме-дәл болуы қажет, тіпті болмашы мүмкіндікте өзгеріс болуы тиіс. Тіршілік мутациялары арқасында жер бетіндегі өздерің көріп жүрген әр алуан ағзалар өмір сүруде.
Мутагендер - физикалық және химиялық факторлар. Олардық әсерінен организмде пайда болатын мутациялар саны табиғи мутациялар санынан көп жоғарылайды. Физикалық мутагендерге иондайтын сәулелердің барлық түрлері, УК-сәулесі, жоғары және төмен температура жатады. Химиялық мутагендерге көптеген алкилдейтін заттар, азот негіздерінін егіздері, кейбір биополимерлер (нуклеин қышқылдары), алкалоидтар т. б. жатады. Мутациялар санын жүздеген есе үлкейте алатын мутагендерді супермутагендер деп атайды. Көбіне М. концерогенді және тератогенді болады. Көп елдерде жаңадан түзілетін химиялық қосылыстардық мутагендік касиетін тексеретін арнайы орындар құрылған. Табиғи өзгерістер (гендегі және хромосомадагы) физикалық және химиялық әсер ету арқылы пайда болады. Мутагендер - мутацияның жүруіне әсер ететін заттар. Мутагендерге әсер етуші сыртқы әсерлер физикалық, химиялық және биологиялық (вирустар) факторлар тірі организмдерге әсер етіп мутация жиілігін (әжептәуір жоғарылатады) және спонтандық мутация деңгейін әжептәуір жоғарылатады.
Физикалық мутагендерге иондық сәулелердіқ барлық түрлері (гамма және рентген сәулесі, протон, нейтрон, т. б. ) ультракүлгін сәулелер, жоғарғы және төменгі температуралар жатады.
Химиялық мутагендер - көптеген алкилдеуші қосылыстар, нуклеин қышқылдарының азотты туындылары, алколоидтар және басқалар. Мутация жиілігін жүз есе ұлғайтушы мутагендер - супермутагендер деп аталады. Оларга N-нитрозоалкилмочевина, N-нитрозоалкиламин, N-нитрозоалкиламид, диалкилсульфат, этиленимин және басқада туындылар жатады. Мутагендердің әсері олардың табиғатына, мөлшеріне әсер ету жағдайына сондай - ақ организмнің генотипіне, даму сатысына және физиологиялық жағайына байланысты . .
Генетикалық тәжірибелерде химиялық мутагендерді микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар селекциясында, медицина салаларында пайдалануға мүмкіншілік туады. Сонда микроорганизмдердің биохимиялық мутанттарының генетикалық аппараттарын толық зерттеуде үлкен мәні бар. Химиялық мутагенсіз антибиотиктерді, витаминдерді, аминқышқылдарын, белоктар мен ферменттерді синтездейтін микробиологиялық өндірістерді алу мүмкін емес. Олардың көмегімен әртүрлі синтездерге қатысатын жүздеген өндірістік микроорганизмдер штамдары алынған.
Ауылшаруашылық селекциясында қазіргі кезге дейін, гибридизация әдісі қолданылып, көптеген жақсы сорттар алынған. Мутагендер организм өзгергіштігін кенет жеделдетеді, бұл селекция жұмысының нәтижелі өтуіне жағдай туғызады. Табиғи мутагендерді пайдаланып селекциядағы пайдалы түрлердің сапасын арттыруға болады. Химиялық мутагеннің әсерінен майының құрамындағы олеин қышқылының мөлшері жағынан оливк майынан кем түспейтін күнбағыс майы алынған. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде адамды қоршаган орта әжептәуір өзгеріске ұшырады. Адамнық ортасындагы физикалық және химиялық факторлардың едәуір бөлігі адамның тұқымқуалаушылығына және басқа органдарына әсерін тигізеді. Мұндай жағдайларды туғызбауға қарсы күрес жургізуі тиіс.
Мутагенез
Мутагенез (лат «мутацио» - өзгеруі, « генезес » - тегі) әртүрлі физикалық және химиялық факторлардың әсерінен организімде тұқым қуатын өзгерістің мутацианың пайда болу працесі . Мутация - клеткадағы геннің табиғи не жасанды жолмен өзгеруі . Тірі табиғаттағы вирустар микроорганизімдермен бастап жоғары сатыдағы өсімдік, жануар адам барлығы да мутацияға ұшырайды . Жыныс клеткаларымен спораларында пайда болған мутациялар тұқым қуады . Дене клеткаларында болатын (сомалық ) мутациялар тұқым қумайды . Дене клеткаларында мутанта ткані бар өкілдерді мозаиктер немесе химерлер деп атайды . Вегетативтік жолмен көбейетін организімге сомалық мутацианың үлкен маңызы бар. Организімнің табиғи не әртүрлі факторлар әсерінен тұқым қуатын өзгеріске бейімділігі мутабилдік деп аталады. Мутацияға бейім болу көптеген себептерге - организімнің жас мөлшеріне, даму сатысына температурасына генотиптік ерекшеліктеріне байланысты . Гендердің мутацияға бейімділігі бірдей болмайды, оларды стобильді және мутабилді деп бөледі . Жеке гамолгты храмасомаларда орналасқан аллель жұптары бір мезгілде ұшырамайды. Генотиптегі гендер мутацияға жиі ұшырайды. Жеміс шыбынының бір ұрпағында 100 гаметаға бір мутация сәйкес келеді. Тышқанның радиация әсеріне мутабилділігі дрозофиладан жоғары. Маймылдар рентген сәулесіне тышқаннан гөрі 2-3 есе сезімтал келеді. Генетикалық факторларға байланысты болғандықтан мутабилділікті қолдан сұрыптау арқылы арттырып не кемітіп отыруға болады. Қазіргі кезде селексиялық жолмен мутабилділігі жоғары жаңа линиялар шығарылуда . Мутагендер - деп мутацианың жүруіне әсер ететін заттарды атайды . Бұған физикалық әсерлер ( ультракүлгін сәуле, рентген сәулесі нейтрондар, химиялық заттар алколойдтар, нуклеин қышқылдарының аналогтары жатады мутагендердің әсері, олардың табиғатына, мөлшеріне әсер ету жағдайына сондай - ақ организмнің генотипіне, даму сатысына және физиологиялық жағайына байланысты . Мутагендер организм өзгеогіштігін к енет жеделдетеді, бұл селекция жұмысының нәтижелі өтуіне жағдай туғызады.
Мутацияның жіктелуі
1 . Гендік немесе нүктелік мутация - ген құрылымы шегіндегі өзгерістер. Бұл нәруыздың бір молекуласын өзгерте алады.
2. Хромосомалық мутация (аберрация ) - хромосома құрылымындағы өзгерістер. Бүтін хромосоманың мөлшері мен пішінін өзгерте алады.
Хромосомалық мутациялар - хромосошілік және хромосомалық болып бөлінеді. Клеткаларда хромосомалардың қайта құрылуы әдетте осы клеткалар қасиеттерінің немесе олардан пайда болған организімдердің өзгеруімен байланысты болады. Хромосошілік өзгерістерге хромосо бөліктерінің жетіспеушілігінін белгілі бір жерінің екі еселенуінін жеклеген бөлшегінің 180-қа аударылуы салдарынан. хромосомадағы гендердің алмасуын, сызықтық орналасуының өзгеруін жатқызады. Хромосома бөліктерінің жетіспеушілігі ұзындықтары әр түрлі хромосома учаскелерін және оның түрлі бөліктерін қамтуы мүмкін. Егер хромосома иіндерінің бірінің ұшы үзіліп центромералары жоқ боса бөлініп қалған үзінді ондағы гендермен бірге ядроның таяудағы бөлінуі кезінде жойылады. Мұндай жетіспеушілікті терминалдық немесе ұштық деп атайды. Егер хромосоманың негізгі түрін-12345678910 деп т. с. с. локустардан десек оданда 4-ші локустардың делекциясы 1235678910: 6-9 локустар жетіспеушілігін 123410 т. с. с. негізгі дупликацйяларды былай көрсетуге болады. Кейде хромосоманың иіні үзіледі осының салдарыцнан екі ұшыда жойылады. Бұл жағдайда оның алшақ ұштары митозда шеңбер тәрізді хромосома түзе отырып қосылуы мүмкін. Хромосоманың бір иіні бір мезгілде екі жерден үзілгенде хромосома бөліктерінің жетіспеушілігі байқалады . Үзілген жерлер қосылып, хромосома қысқарады, бұл кезде локустар жойылады. Егер бөлініп қалған үзінді айтарлықтай үлкен болса жойылар алдында оның ашық ұштары қосылуы мүмкін, ал метафазада ацептірлік шеңбер түзіледі . Хромосома бөліктерінің үлкен жетіспеушілігі әдетте гоммозиготалы күйде леталды болады, ал хромосоманың әрбір локусының клеткамен организім тіршілігі үшін зор маңызы бар екендігін дәлелдейді.
3. Геномдық мутация - Геномдық мутация - клеткадағы хромосомалар санының өзгеруі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz